Өлең, жыр, ақындар

9 мамыр Жеңіс күніне арналған құттықтау, тілектер

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

*** *** *** ***

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.

1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі.

Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

*** *** *** ***

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.

Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

*** *** *** ***


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (17)

Нұрила

Маған бұл тілектер ұнады.Күшті айтылған.

Айко

Ен кушти создер екен рахмет

Ербосын

Маған қатты ұнады рахмет

Аягөз

Маған қатты ұнады. Ерекше сөздер айтылған екен. Спасибо!

Сабина

Сіздерге көп рахмеет, тамаша тілектер екен

Сабина

Мен өте қатты қуандым❤️

Myrza

Өте керемет

Ғалия

Тілектеріңіз маған катты ұнады.

Жансая

Кішкентайлар бұл тілекті айта алмайды

Абайқызы Баян

Рахмет маған қатты ұнады

Нұркелді

Рахмет маған ұнады

Аян Қуаныш

Өте керемет
Барлықтарыңызға рахмет

Нурила Елемес

Өте керемет. Расында Жеңіс оңайлықпен келмеді. Сол жеңістің қадіріне жете білейін.

Қарақат

Керемет сөздер.
Маған ұнады.
Жарайсыздар!

керемет өлең есте қаларлықтай өлең жүректі елжіре

Бұл керек өлең шумақтары екен

Ақерке

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз