Бұл туынды қытай әдебиетіндегі ежелгі «жұлдыздар», яғни аспандағы сиыршы жігіт жұлдызы мен тоқымашы қыз жұлдызы жайлы айтылған аңыз болып табылады. Бұл — Хан және Үй (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 206 жылдан жыл санауымыздың 265 жылдар арасы) патшалықтары кезінде халық арасында тараған аңыз. Бізге бүгінде оның бірнеше нұсқасы жеткен.
Ерте заманда аспанда ақ бұлтардың арасында ақ шағаладай ақ шаңқан үйлер бой түзеп тұрды, онда тек зыр-зыр еткен тоқыма машинасының даусы ғана естілетін, бұл дыбыс мүлде тоқтау дегенді білмейтін, онда бір топ қыздар тоқымамен айналысатын, олар қолдарына оймақтарын киіп алып, сыртылдатып киім тігетін де жататын, ондағы Аспан патшасының жиен қызы бұл тірліктен әбден мезі болып, жердегі адамдардың өзімен-өзі емін-еркін жүрген тірліктеріне қызыға қарайтын, улап-шулап асыр сала ойнап жүрген бала-шағаны көрген ол одан бетер қызығып, жерге түсіп, еркін өмір сүргісі келетін. Ал жер бетінде әкесі ерте өліп, ағасының қолында сиыр бағатын бір сиыршы жігіт болады, ол бір күні сиырын айдап, өрістен шаршап, үйге келсе, ағасы мен жеңгесі ұрысып жатады, екеуінің ұрысы осы сиыршы жігіт жөнінде болады.
— Аға, саған рақмет! Мен үшін ұрыспаңыздар. Мен кеттім, — деп, өзіне тиесілі жалғыз кәрі сиырын айдап, үйден кетеді. Жігіт сиырын
— Жеңгесі: Мына ініңнің кір киімін жумаймын, тамағын бермеймін, кетсін үйден, — дейді.
— Ағасы: Болмайды! Ол менің інім ғой! Кетпейді! — деп зәрезеп болып жатқанда үстінен түскен сиыршы жігіт:
бағып қатты қиналады, басында қамыстан қара лашық жасап, әбден шаршап жүреді, осы кезде кенеттен кәрі сиырға тіл бітеді:
— Жігітім, сен бұлай жүрме! Ертең анау жатқан көлге аспаннан қыздар келіп шомылады. Сен жасырынып тұр да, олар суға шомылып жатқанда өзің таңдаған біреуінің киімін ұрлап ал, қалғандары аспанға ұшып кетеді, сен соны өзіңе әйелдікке алып қал, — деп ақыл айтады. Жігіт кәрі сиырдың айтқаны бойынша ертесіне бір қыздың киімін алады, қалған қыздар ұшып кетіп, жалаңаш қалған қыз ағаш түбінде жасырынып отырған жігітті көріп, киімін сұрайды, ұялшақ жігіт қызға киімін қайтарып береді, қыз киімін киіп болып, киімін неге алғанын сұрайды.
— Жігіт: Маған үйленсең екен деп алып қалдым,— дейді. Аспан патшасының тоқымашы жиен қызы жігіттің айтқанына келісіп, жер бетінде қалады. Осылайша қарапайым сиыршы жігіт Аспан патшасының тоқымашы жиен қызына үйленеді. Жер бетінде бақытты ғұмыр кешіп жатқан сиыршы жігіт сиырын бағып, егін салып, дала тірлігімен отбасын асырау үшін күні-түні тынбай еңбектенсе, қыз үйде тоқыма тоқып, үй шаруасымен айланысады. Олардан егіз бір ұл мен бір қыз туылады. Кейіннен бұны білген Аспан патшасыныңәйелі шабармандарын жіберіп, қызын аспанға алдырады. Аяқастынан әйелінен айырылған жігіттің шиеттей екі баласы шырылдап жылап қалады, не істерін білмеген оның басы қатады. Осы кезде кәрі сиыр тағы тіл қатып:
— Cен мені сой да терімнен екі баланы салатын қалта жасап, мүйізіме мін де аспанға ұшып, әйеліңді тап, — дейді. Жігіттің сойғысы келмегеніне көнбеген сиыр өзі жерге басын төсеп жатып алады, амалсыз жігіт сиырын сояды. Аспанға жетіп, айқайлап жүріп әйелін тапқан жігіт ендіәйеліне қосылуға қолсозым қалғанда Аспан патшасыныңәйелі екеуініңортасына басындағы жаулығын лақтырады, ол жаулықәп-сәтте үлкен өзенге айналып, екеуін екіге бөледі. Аспан көлінің бірі шығысында, бірі батысында қалады.
Жыл сайын тоқымашы қыз жігітті сағынғаннан бұлттан киім тоқиды екен. Бір жылда бір күн ғана олардың кездесуіне мүмкіндік беріледі. Бұл мезгіл шілденің жетінші жұлдызына тура келеді. Бұл аңыз мыңдаған жылдар бойы халық арасында кеңінен тараған, оның бастау алар жері атақты «Жырнамадағы» кішкене, я үлкен шығыс деген жерінде көрініс тапса және ежелгі заманныңәйгіліөлеңі «Он тоғыз өлеңінде» айтылады. Демек, бұл аңыз халық арасында ұзақ жылдар ауыздан ауызға тарап, түрленіп кеткен.
Тағы бір нұсқасында:
Бір күні жігіт сиырын бағып, шаршап, қара лашығына келсе, үйі тап-таза, тамағы дайын тұрады, таңғалған жігіт аз тұрады да, қарны ашып, тамақты жейді. Бұл жайт күнде қайталанады, жігіт бір күні сиырын айдап кеткен болып қайта келіп, үй жанындағы шұңқыр жерде жатып, бұл жайтты аңдиды. Бір кезде ай мен күндей бір сұлу ару қыз келіп, үйге кіргенін көреді, шыдай алмаған жігіт артынан жүгіре үйге кіреді, қызға меніңүйімде неғып жүрсің десе, қыз сеніңқиналып жүргеніңді көріп аспаннан келіп, көмектесіп жүрмін дейді. Онда менің жанымда қал деп жігіт жата жабысады, осылай үйленеді делінеді, одан кейінгі бөлімі алғашқы айтылған нұсқасына аздаған ұқсастықтармен жалғасады. Жігіт аспанға шығып, әйелін айқайлап жүрген кезде Аспан патшасыныңәйелі жігіттің алдынан әйеліне ұқсайтын 40 қызды шығарып, әйеліңді танысаң ал дейді, олардыңқатты ұқсайтындығы соншалық, жігіт әрі қарап, бері қарап әйелін таба алмайды, осы кезде балалары жылап, анасын таниды, содан олардың бір жылда бір рет кездесуіне мүмкіндік берілді деседі.
Бұл аңыз бізге қытайдың феодалдық қоғамындағы отбасылық өмірін, онда ер адамның егін егетіні, әйел адамның киім тоқу тірлігімен айналысатынын көреміз, сонымен қатар аспанда екі жұлдыздың әр жылдың жетінші шілдесінде ғана бір рет кездесетінін біле аламыз.
Бұл күн Қытайда ғашықтар күні ретінде аталып өтіледі. Сонымен қатар бұл аңыз сол қараңғы замандағы діни көзқарастардың жетегімен үйленген отбасылардың көбінің тағдыры трагедиямен аяқталатынын да бүгінгі жастарға аңғартады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі