Құс жастықтың үстінде ауық-ауық ұйқысырай аунақ шып жатқан аққұбаша, сүйкімді әйелдің оң жақ көзінің астындағы қара меңі соңғы күндері көріне көзге үлкейін, айқындала түскендей; тіпті оның сынық өңінде ақ тақтайдың бетіне тамып кеткен қара сиядай баттиып тұр. Өмір қосағы — Құбайжан дүние салғалы да жылға жуықтап еді. Тірі тірлігін істер уақыт болған. Не дерің бар ма, Зейнеп соңғы екі ай ұйқы дегеннен мүлде айрылды. Көзі ілінді-ақ...
— Неге?.. Неге ренжідің, Құбайжан? — деп дауыстай оянады.
Осы қазір де ұялы қара көзінде үрей, секемдік бар. Басын жастықтан жұлып алған күйі отыр. Орнынан тұрып, терезенің Жапқышын ысырып ай сәулесінен көлеңкелеуге ерінді ме, әлде жаңағы бір көрген түсін рет ретімен ойына алып, ұмытпай тұрып жорығысы келді ме, жастыққа қайта қисайды.
— Құбайжан бетіме тура қарамай, сырт айналғаны несі?.. Тоқтамай... Қайырылмай кете барды-ау Құбайжан?!
Қара көлеңке кең бөлменің ішінде күңк еткен әйел үні күмілжіп, солғын шықты. Сол сәтін де ауыз үйде біреу жүргендей де болды. Ол тың-тыңдай селтие қалды. Мүмкін оған солай көрінген де: іргелес бөлмеден адамның жөткерінгенін, әрі-бері жүргенін естігендей; тіпті осында кіргенін де андаған тәрізді. «Қой... Есік бекітулі еді ғой. Қалайша?..» Бөлменің қара көлеңке үйірілген әр бұрышынан біреу андып тұрғандай. Қозғалса бас салып ұстайтын сияқты. Әйел кеудесінен төмен түсіңкіреп кеткен жамылғы көрпесін үрейлене, тамағына қарата қос қолы мен жұмарлай тартты.
Бойы жылына келе жесір әйелдің өрекпіген жүрек де басылған. «Оны ойламаған абзал... Иә, солай. Басқа... Басқа не бар? Иә... Ауыл қазір қандай екен? Талай болды көрмегелі. Өзгерген де шығар. Әрине өсті...» — Зейнеп терең күрсініп қойды.— «Ауыл, сәбилік шақ... Ұмытылмастай не деген тәтті еді». Ол енді әлгіндей емес, жүзін арайлы нұр жүгіріп күлімдеп жатыр. «Иә, ол кезге жетсін...»
Зейнеп мінезі жайсаң. Қандай ренжігенде де біреудің бетіне қарсы келіп, қабақ шыту де генді білген емес. Құбайжан тірі кезінде: «біздің Зейнештің осы тұрғаны тұрған. Өз алдына бір жұмбақ» деп алғаш қосылған жылдары, оның тұйықтығын құрбы-құрдас тарына әзілдей айтып отырушы еді. «Сәби шағымда ерке, өткір болыппын ғой. Тұйықтық қайдан жабысып жүр маған?»—дейтін сондайда Зейнеп; көзінде жылт етіп қуаныш ұшқыны ойнап өтетін де, терең күрсініп, ұзын кірпіктерін жиі-жиі қағып жіберетін.
Әрі-сәрі ойлар жанын қыдыртып, ұйқысы шайдай ашылды. Әйтсе де көз шырымын алудан күдер үзбей, оң қолымен жүзін ай сәулесінен көлегейлей түсіп жатыр. Сұғанақ ой жесір әйел жанының бір қалтарысынан орағыта соғып, тағы да елітіп барады. «Әже... Ақәжетай, бауырың қандай кең, ыстық еді. Сұраусыз, сауалсыз даладан егіл-тегіл жылап келгенімде, бір сенің бауырыңнан жұбаныш тауып,. бір үйлі жанның алдында мерейім үстемденіп жүре беретін шақты қайта сезінер ме ем, әжетайым менің... Тұлым шашты, сол «ерке қызыңыз» менмін бе?.. Иә, бір үйлі жан «Зейнеш» деп бәйек боп отыратын.
Ойбай, салқын тиіп қалмасын!
— Оны қой, анау сырма тонын кигізші...
— Мынаны сыртынан кигізейін, әже... Қызың қайбір тиыш жүрер дейсің. Қазір бара қарға аунайды ғой,— деп апасы қоярда-қоймай Зейнептің үстіне ұзын жең, атасының кең күпәйкесін мәлмитіп кигізіп, «ә» дегенше далаға да ирбитып шығарып үлгеретін. Қарға үркітуге қойған қарақшыдай Зейнеп шыңылтыр аязды далада, көзін аша алмай қалқиып тұратын.
Қысқы дала... Ауылдысына жетер не бар дейсің дүниеде? Қаздай тізілген ақ тақиялы үйлер. Әр жерден көтерілген көгілдір түтін де аспанға тырмысып бара жатар еді. Сәл жел тұрса сары қидың иісі мен сүрлем шөптің ашымақ жұпары аңқып, сергітеді. Сондайда Зейнеп апасы қойып кеткен жерден табжылмай, ұзағынан-ұзақ тұрып қалады; тіпті жанында шана теуіп ойнап жүрген балаларды да мүлде ұмытатын. Қызық көре ме:
— Аяз атаны қара!—деп балалардың бірі жанынан бере итеріп қалып, жалп еткізетін.
Ол егіл-тегіл жылап орнынан тұрғанда; нақ өзіндей, бірақ жеңіл киінген кішкентай қара баланың құлдыраңдай ұзап бара жатқанын көрер еді. «Сотқар Қайсен екенін танып, Зейнеп әрине тұра ұмтылады. Ұзын күпәйкенің шалғайына оратылып, тағы ұшып түседі. Әйтеуір соған жете алмай діңкесі құрып, қатты жәбірленуші еді. «Қазір ғой о да бір жерде жүр».— Зейнеп қозғалақтап, үстіндегі жамылғысын қымтана түсті.— «Иә, әбден ызаланатынмын». Булыға жылап үйге келген оны бәрі өбектейді. Айналады. Толғанады. Қайсеннің әкесіне айтатын болып олар да қызынады. Сонда ғана Зейнеп басылып, қант сұрайды. Әжесі күндегі дағдысынша аспай-саспай көк кәмзәлінің ішкі қалтасынан ең әуелі оймақ, түйме, мата қиындысы, бір сабақ қызыл, ақ жіпке дейін шығарып алады. Олардың ізін шала шаршы қол орамал көрінеді. Әлгіні екеулеп жазғанда арасынан екі шақпақ сатпақ-сатпақ қара бұрыш, не қызыл бұрыш тиген қант шығатын. Оның сыртын тазартқанша тұлым шашты Зейнештің ашуы да тарқап кететін...
Бой түзеп, қызыл ала гүлді көйлек кигісі келетінін, құрбыларынан кем қалғысы жоқтығын алғаш сездірген күннен бері әжесі: «Қызым, жүріс-тұрысынды бақ. Әртүрлі адам бар. Пәленшенің қызы шолжаң екен дегендей сөзге қалдырма» дейтін болды. Ақжарқын Зейнеп сол бір әже ескертпесінен аса алмай, «ибалы, үлкен алдынан көлденең өтпейтін әсем бала» атанды. Онжылдық бітірісімен сөз айтушы ағайын көбейді. Өзіне салса институтте оқы мас еді. Әжесінен бастап, ағайларына дейін «Зейнеш дәрігерлік оқуға барады» деп алдын орап өздері сырттай тон пішіп жүргенсін үндемеді. Әйтсе де олар бәрін ойлағанда бір-ақ жәйді ұмытқан; бойжеткенмен оның жан-дүниесінде әлі де сәбилік сезім жоқ емес-ті; айналса, толғанса, мәпелесе, бір кезек басымнан сипай еркелетсе деп іштей тілеп отыратынын білмейтін. Өзге туыстарды өгейсіп осыны әжесі мен апасынан үміттене күтетін. Кей-кейде шыдай алмай бойын билеген қызу күштің селбеуімен ауыз үйде ас жабдығымен жүрген апасын жүгіріп барып: «Жеңешетай»,— деп құшақтай, мойнына асылатын.
— Саған не болды, Еркежан. Қойшы... Ұят-тағы,— дейтін сондайда апасы. Зейнептің алып ұшқан көңілі су сепкендей басылып, жүдеушілік кіретін. Бір түрлі жүрек түкпірі сыздағандай да болатын-ды.
Көш кешікпей Құбайжанға кезікті...
Мұнар сағымды ми далада ерні кезеріп, бір жұтым суға зарығып, жете алмай келе жатқан адам мөлдір бұлаққа тап келсе қайтер еді; Зейнеп жаны елп етіп, мейірі бір қанғандай қатты қуанды. Қалампыр түсті костюмі мен ақ көйлегін киіп, күнде кешкісін ауыл сыртында күтіп тұратын жылы жүзді, сары жігіттің ерке үні, ізеттілігі, сәби көрмей қатар санағаны, құрметі қыз жүрегін баурап әкетті. Аз күнде «Құбайжан» аталды.
Қыз сол бойда-ақ батыл шешімге келді. Онысын да ұзаққа созбай:
— Әжеме айт, жеңеше... Қолымды бердім осы кісіге. Ренжімесін,— деп бір күнде бүкіл ауылды таңқалдырып, Құбайжанмен кете барсын. Сол жылдың күзінде әжесі дүние салды. Ағасы майданға кетіп, хабарсыз.
Талай жыл сарқылып, ағып өтті. Құбайжан майданға алынбай броньмен қалды. Жоғары лады... Қаладан астанаға келді. Енді, міне, бір баламен, қаңырайған үш бөлмеде ол... Зейнеп жатыр. Өмірі көптің арасында болмай, үйден ұзамаған оған жұмысқа орналасудың өзі тозақ көрінетін; әрі бір түрлі намыстанатын да тәрізді. Болатқа берілетін пенсия тамаққа жетерлік. Үй болса бар. Енді не керек? Ел қатарлы жиһазы да жоқ емес; тіпті көбін дүкенге өткізіп, жаңасын алды. Аздап қарызданып та қалғаны рас. Бір түсінбейтіні Болат... түнереді де жүреді. Үндемейді. Әрине Зейнеп оған ескі заттардың қымбаттығын, оның әрқайсысы асыл әке бейнесін елестететінін, сонысымен ыстық екенін білмейді. Баласына ренжитіні сонан.
Ол терезеге жақын төсекте, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан он бес жастың шамасындағы баласына бұрылды.
Үстіндегі жамылған көрпесін тепкілеп түсіріп тастапты. Қол-аяғын бауырына жинап, бүрісе қалған, пыс-пыс етеді. Зейнеп баласын қатты аяп кетті. Шыдай алмай орнынан ұшып тұрды. Аяғын ұшынан басып барып баласының жастығын түзеп, маңдайынан сүйді де, жамылғысын еппен жапты. Түнгі бөлменің салқын еденінде тұрғанын сезер емес. Манадан бері ояу жатқанда көзін салмай, кеш көргеніне өкініп барады. Тынысы тарыла алқынып, баласының маңдайынан тағы да бір иіскеп: «Құлыным» деді.
Ай батып, үйдің іші қара көлеңке тартты.
* * *
Есік қоңырауы үсті-үстіне шылдырлап қоя берді. «Біреу қуып келе жатқандай не болды сонша? Тынымсыз-ай... Болатжан шығар. Тентектің істемейтіні жоқ»,— деп Зейнеп күңкілдей сөйленіп жүр. Қоңырау тағы да безектеп кетті.
— Қазір... Қазір, ашам ғой. Шыдамсыз тентек-ай ,— деп ол алдындағы алжапқышына қолын сүрте-мүрте, илеп жатқан қамырын тастай жүгірді. Кіреберістегі айна алдына тоқтап, қобыраған шашын да, қызыл-ала халатының өңір ілгегін де шала-шарпы түзеген болды. «Әй, бұ бала ма... Бұ бала мені күнімнен бұрын өлтірер...» Зейнеп ас үйдің табалдырығында жатқан шарығына сүрініп, есік жақтауына тіпті мандайын соғып ала жаздады. «Қап... Сен баланы ма. Тұра жүр..»
Апыл-ғұпыл есікті аша беріп Зейнеп қалтиып тұрын қалды; тіпті күтпеген адамдары. Талдырмаш қара торы, келбетті келіншек пен ұзын бойлы сары жігіт. Күнде көріп жүрген Жәміш пен Бейтен. Иә, Бейтен аты... Өткен жұмада осы Жәміш көшеде кезігіп, Бейтен деп таныстырғаны бар. «Құдай-ау, қайда істейді деген?..»
—Зейнеш-ау, танымай қалдың ба? Үйге кір демейсің бе? —деді Жәміш үстіне тыртыстыра киген көк көйлегінің етегін қолының ұшымен түзей түсіп. «Осы қайдағыны тауып киеді. Құлағындағысын қарашы... Ай қасты алтын сырға. Көйлегі де қонымды екен. Тарлау ма, қалай?!. Қазір неғұрлым тар, етегі келтелеу болғаны сән ғой. Бексесін бұлтыңдатып тұры сын. Иә, Жәміш бақытты әйел. Күйеуі табыскер жігіт... Мына көйлегін қайда тіктірді екен? Ретін тауып сұрайыншы...»
— Ә... Иә, төрлетіңдер! Жазған басым сасқалақтап... Күтпеп едім. Бұлай қарсылағаныма ғафу етіңдер,— дей берді ол шегіншектей, есікті кең ашып.
Жәміш жігіттен бұрын кібіртіктей табалдырықты аттап өтті; тар етек тізеден қағып, тұсаулы аттай аяғын жаздырмай, бөксесін бұраңдатып барады. Оң иығынан өңіріне құлай түскен білектей бұрымын жауырынынан серпіп тастаған, ай қасты сырға жымыңдап қалады. Соңынан ілесе кірген ұзын сары мұның бірін де елеген жоқ; екі көзі үй иесінде. Именбай келіншектің бой-сойын қызықтап, тімтіне, жылымшы күлімдей қарады. Зейнеп сасқалақтай өңір ілгектерін түймелей бастағанын аңдамай қалды.
—Уақа емес, Зейнеш... Үйіңнің тұсынан өтіп бара жаттық та, шамды көріп бұрылдық. Не істеп жатыр екен деп, бір жағы Бәкең де қамшы болды,— деп Жәміш сылаңдай, мың бұра лып төргі бөлмеге қарай жүре түсті.
— Иә, қысылмаңыз... Біз көп отырмаймыз.
Бәйтен ізетпен иіліп-бүгіліп, Зейнептің қолын алды. Нәзік әйел қолы жігіттің үлкен алақанында ұялап қалғандай. Зейнеп «әп» дегенде селт етіп, әлденеден үрке қалғанмен, бойын билеп бара жатқан ыстық қол сағынышы ұяттан да күштілігін сездірді; ол қолын тартып ала алмады. Көз алдына Құбайжан елестеп, жесір әйел бір сөтке тіпті мынау тұлғалы жігіттің көкірегіне басын қойып шағына ұзақ-ұзақ жылағысы келді. Жүдеу ақ жүзіне лып-лып қан жүгіріп, ұялы қара көзінде ұшқын ойнап өтті.
Зейнеп қолын шошына тартып алды.
— Өзің гүл-гүл жайнап кетіпсің ғой, Зейнеш. Күн- пен-күнге жасарып, құлпырып барасың, — деді ақ туфлилі аяғын қаздаңдата, тық-тық басқан Жәміш. «Қойшы әрі, сенен көрікті, сенен жас болғаным ба? Бізді қайтесің, Жәміш, қартайдық емес пе?!» дейді ғой деп Жәміш ойлаған еді; ол күткендей болмады. «Иә, мен шынында сұлуланып, жасарып бара жатқаным рас. Дұрыс айтасың» дегендей үндемей қалды. Жәміш соған ренжіді.
— Сіздер... Неге тұрып қалдыңыздар. Төрге шықсаңдаршы. Жәміш-ау, саған не болған. Өз үйің емес пе... Төргі үйге бастамаймысың қонақты,— деді Зейнеп наздана, бір жағы өзімсіне күліп. Неге күлгенін әрине ол білген жоқ.— Мен қазір... Қазір келем, Бәке, жоғарлата беріңіз... Жәміш...
— Иә, иә... Жоқтатпаймын. Бара бер,— деді Жәміш күліп.
Адамның ойына не келмейді. «Бұл қатын мені сынамақ қой. Қонақты күте алмай сассын. Байсыз қалай екен? Құбайжанның дүрілдеп тұрған кезінде талтаңдаушы едің; сиді көрсетші кереметіңді деп табаламақшы да Жәміш. Жо-жоқ... Қауақ бас құрбым. Мені тәлкектеу саған қиын соғар»,— деді Зейнеп іштей нықтанып.— «Бейтен дейді. Қайда істейтін адам? Жәміштің қандай жақыны? Өзі былай сұсты, жанары өткір.. өткір де емес-ау, қалай десе, былай... ызғарлы, ауыр. Құбайжанның талай жыл тресте директор болған досы бар еді; оның осындай жүзі суық-тұғын. «Бастық біткеннің көбі айбарлы келеді ғой»,— дегенді бірде Құбайжан күліп; әзілі ме, шыны ма кім біледі...» Оны-пұны алмақ боп дүкенге келе жатқанда да осы ой жадынан шықпай-ақ қойды. Жәміштің миығынан күліп қалғанын байқамады.
— Бейтен-ай, қол жетпес бір шынардай көріп аспандағы аққуға теңеп едің. Алдыңа өзі кеп топ ете түспеді мс?! Ай, еркектер-ай... Сабырсызсыңдар-ау, қайтейін,— деді Жәміш терезе алдында сырт қарап тұрған Бейтеннің жанына кеп.— Аққуың бөдене, шынарың буылтық-буылтық сексеуіл болмаса не қылсын. Ха, ха, ха... Бірақ сенің мең шығып жатыр. Осындай жеңгетайлыққа бетімнің мөрім бес төгіп жүргенімде, бір сақина беруге де жарамайсың. Жә, жә... Ақталмай-ақ қой. Зейнеп көрікті-ақ. Жесірлігі ғой... Ақ саусақ адам. Өмірі қолын жылы суға малып келген. Жұмыс істеп көрген жан емес. Байқамай жұмыс жәйін айтып жүрме. Ондайға аза-бойы қаза тұрады. Қайтесің... Күйеуінің пенсиясы өзі мен баласына жетерлік. Көлеңке гүлі ғой... Жасып қалған да. Су бүріксең әлі-ақ бүрін жарады. Қамықпа, Бәке... Тек анау жер жұтқыр баласы келіп қалмасын де...
— Қаншадағы бала?
— Он төрттің бе, он бестің бе шамасы-ау деймін.
— Он төрт де... Ым... Айтпақшы, шалың келіп іздеп қалмай ма? Қайда екеніңді біле ме?
— Е, айтып кеткем.
— Әй, сен оңбассың. Ол ғой енді әзілдеп менің қыр соңымнан қалмайды. О не қылғаның...
— Тс-с... Келе жатыр. Анау орындыққа отыр. Құбайжанның домбырасы бар еді. Қайда екен?
— Оның кім тағы?
— Күйеуі да. Үрікпей отыршы. Ә, міне тұр ғой. Бәсе,— деп Жәміш бөлменің бұрышынан домбыраны алын Бәйтенге ұсынды. Қоңырау шылдыр етті.— Қазір... Қазір ашам..
Зейнеп үйге асыға кірді. Жүгіргіштеп жүр. Ізінше қоңырау тағы шылдырлады. Есікті Жәміш барып ашты.
— Апам... Апам, жаңағы алған ақшаның артығын қайтып берсін. Бізге де қонақ келді дейді, — деді кішкене қыз бала. Жәміш Зейнептің көршілерінен несие ақша алғанын білді. Әйтсе де сезбеген боп, аңқауси қалды,—- Зейнеш, бір бала кеп тұр. Несие ақша алып еді дей ме, түсінбедім. Өзің сөйлесші...
Жәміш мұны даурыға айтты. Әдейі Бейтен естісін деп істеді. Зейнеп қатты қысылды. Тіпті жылап жібере жаздады. «Көршіде не айып. Қалғанын қайтарарсыз біреулер келетін еді деген. Қара басын ұмытып кетпеймін бе. Е, мейлі... «Жарлылығын жасырған байымас». Айдың аяғы, не бар сонша сасатын».— Зейнеп сыр алдырмай жайраңдай шыға келді. Баланы ризалап, есікті жапты. Әп-сәтте асты да дайын етті. Шашын тарап, сол екі арада опаланып та үлгерді. Енді ол манағыдай емес, Жәмішке ерегескенде Бейтенге қалай да ұнауға тырысты. Онан арғысын ол ойлаған жоқ.
Бейтеннің әзіліне күле жауап беріп жүріп, бұрын-соңды Жәміш көрмеген бір жақ етегі үш елі жырық, үстіне құйып қойғандай, жағасыз қызғылт көйлек киіп шықты.
— Oho нағыз перизат!.. Тәңірім-ау, мынауың сұмдық қой!—деп Жәміш таңқалғанын жасыра алмады. Бейтен де сұқтана, торай көзі сығыраңдай қарап қалды. Жәміш Зейнепті айнал шықтап, алдындағы алжапқышын шештіріп, әбден әуре-сарсаңға салды.
— Қойшы, Жәміш... Асым суып қалады. Жіберші...
— Тоқта... Қайда тіктірдің-ей?
— Кейін, Жәміш. Қонақ отыр ғой,— деп Зейнеп қысыла ауызғы бөлмеге шығып кетті.
Ac жабдығы жасалды. Кербезсіп, шекесінен қарап отырған Жәміш табан астында адам танығысыз өзгеріп сала берді. Зейнептің жұмсаған жағына жүгіргіштеп, жеп-жеңіл боп алды. Әлгінде коньякті ішпейім деп пәлсінгеніне де енді өкінішті еді. Жалына түседі ғой деген, Зейнеп екінші қайтара ұсынбады. «Кісі жұмсауға-ақ шеберін қайтерсің. Өйте қойшы, бүйте қойшымен өзі отыра береді. Ақымақты тапқан...» Жәміш аузы шошая, еркетотай балаша өкпеледі. Бейтен оның ренжулі екенін аңдамады. Жанынан шылым алып тұтатты. Оған керегі не...
— Жәміш, астың тұздығы аз болды-ау, ә?..— деп еді Зейнеп, қонақ келіншек елп ете түсті. Оны өзі де байқамады.
— Қазір... Мен әкеле қояйын...
Жәміш ас үйге жетіп» барғанын сезбей қалды. Күйіне кесені үстелге тастап жібере жаз дап, өзін шақ ұстап үлгерді. Төргі үйде мұның тұздық әкелуін күтіп отырған күйеуі болса, ол тіпті ойланбай-ақ лақтырар еді. «Қазан-ошақтың басына жақындап кетсең көрерің осы-ay...» Көйлегінің өңіріне тиген дөңгелек дақты көргенде Жәміштің жаны шығып кете жаздады. «Сорпаның дағы... Қап, енді қайттым?»
— Жәміштай!.. Неге кідірдің? Ах, ха, ха... Ай, Бә- ке-ай...
«Сайқалдана күлуін қарашы. Өй, өзімде де бар. Тапжылмай отыра бермеймін бе...» Жәміш әбден қорлана, ожауды тастай салды да, қолына қайта алды. Сорпаның бетін қалықпай кесеге лекіте құйып, төргі бөлмеге ала жөнелді.
— Шаршадың-ау, Жәміш... Әкелші өзім құяйын. Отырмадың да,— деп Зейнеп келіншектің көңіліндегі өкпе, ренішті жуып-шайып жатыр. — Бәкеңе сенің ісмерлігіңді әңгімелеп, ана жылы есіңде ме... Бір жігіттің сені «қарындас» деп қалмайтыны, соны айтып отыр ем. Ойбай-ау, сен әлі коньяктап татпаған екенсің ғой. Бір жолға алсайшы, Жәміш... Ішпейтініңді білеміз. Мынау Бәкең де сені күтіп отыр. Қойшы енді жүгіргіштей бермей — өзім де үлгерем ғой. Не бар сасың келмей жатқан... Мә, ұста»,
Зейнеп әй-шәйға қаратпай Жәміштің қолына бүйірлі рюмканы ұстата салды.
— Кәне, алып жібер. Болсайшы!
— Қазір... Асықтырмашы, түйіліп қалам.
— Бәке, сіз неге көтермейсіз? Е, міне, солай. Ә, мен қамшы салдырмаймын ғой. Уф, тәңірім-ау, қандай ашулы, ә? Өртеп кетті.— Зейнеп дөңгелете туралған ащы қиярдың бір-екеуін шанышқысына іліп ала алмай жатыр. Бейтен көмектесіп жіберді.— Қолдың да ебі кете бастағанын көрмеймісің, Бәке... Иә, жақсылық емес. Білем... Ха, ха, ха...
— Рас айтасың, Зейнеш,— деп Жәміш те құрбысын қоштай күліп, орындықты сықырлата шалқалай отырды. Екі беті алаптай қып-қызыл. Жаңағы бір көйлекке тиген дақ та, реніш те ұмыт болған. Жайнаңдап Бейтенге қарай береді. Зейнептің қызып қалғанын ымдайтын сияқты.
— Бәкең кешелі-берлі тыныш таптырмады. Зекеңдікіне апар деп...
— Ә... Дұрыс. Келіп тұрыңыздар. Дос адамдармыз. Оның еш айыбы жоқ.
Суып қалған қуырдақты Зейнеп қайта ысытып әкелмек болған, Жәміш оған ырық бермей, елпілдей өзі ала жөнелді. Сәл үнсіздіктең соң:
— Бәке, сіз бір мекеменің бастығы болуыңыз керек! — деді Зейнеп қарап отырмай. «О не дегені?» Мұны сұрамақ ниеті жоқтық ойлап қалғаны рас; тілінен қалай шығып кеткенін аңдамады. Аздап та болса ішілген шараптың кесірі да.
— Неге олай дейсіз, Зейнеп?
Жәміш ас үйден буын бұрқыратып қуырдақ әкел қойды. Екеуінің әңгімесіне бірден араласпай құлақ түре отырды. Зейнептің ризалық білдіре бас изегеніне иек қақты.
— Сіздің жанарыңызда салқындық бар, Бәке.
— Онда не тұр.
— Талай жыл мекеме бастығы болған адамда өзгеше бір сұс, ызғар қалатын сияқты.
— Иә, мұның қызық екен. Амал не, ол дәреже маған дарымаған еді.
— Ол спортшы, Зейнеп. Атақты боксер. Яғни жұдырықтасатындардың құдайы, жаттықтырушы,— деді Жәміш тілі күрмеліп.
— Қайран түсіндіргішім-ай,— деп еді Бейтен, Зейнеп оған рақаттана күлді.
Манағы бір сезік те, көңілдің кірбіңі де ада; Зейнеп жазира күйге енді. Бейтен де қызып қалған; қолындағы домбыраны шертіп-шертіп жіберді де, мұңая, басы төмен салбырап терең күрсініп қойды. Болмашы үнсіздіктен соң өмірдің қызығы да, берекесі де, байлығы да, мағынасы да ойын-күлкі екендігін дәлелдей сөйлеп кетті. Үні де жағымды, баяу; ерсіз құлақ түргізеді. Шешен-ақ. Кейде өзімен-өзі сырласқандай да болады. Онысы да қызық; адамды жалықтырмайды. Зейнеп спортшы біткенді сөзге орашолақ көретін; мынау Бейтен бөлек, өнерлі жан.
— Адам өмірі де мынау домбыра шегіндей сырт етіп, үзіліп жүре береді. Тегінде адам деген де — домбыра.Шегі үзілмесе, жырлайды, сайрайды, мұңданады, шаттанады. Ол тіпті сол қылдап жылай да білетін көрінеді ғой. Кызығы да, қимастығы да сонысында ма деймін. Үзілді, бітті. Күрек тұрғай жөпі түзу балтаға да сапқа жарамасады,— деді Бейтен алдын дағы бүйірлі, күмбез домбыраның шанағын сипап.
Зейнептің тұла-бойы мұздап қоя берді. «Мен кіммін? Домбырамын ба? Құбайжан да сол ма? Жо-жоқ, ол адам. Ол бітпейді. Оның Болаты бар. Өмірден жылап кетпеген, жырлап өткен. Ұмытпаймын оны...» деп ол шнрығып алды.
— Оу, сіздер не айтып кеттіңдер? Неменеге күйреп, күлесіңдер. Сендер ме, құдай біледі массыңдар! Мына мен I ана саумын,— деді Жәміш даурығып.— Кәне, Бәке, әу деп жіберші. Ән тыңдайық та.
— Иә, шынында сөйтелікші, Зейнеп.— Бейтен келіншек жүзіндегі өзгерісті аңдап, іштей опынып қалды; тез оның ізін суытып, жуып-шаймаққа көшті. Домбырасын қайта-қайта күйлеп, не айтарын білмей іркіле берген, Жәміш тағы да іліп әкетті:
— «Татьянаның әнін» айтшы, Бәке.
— Әмірлеріңе құлдық. Құп болады. Барымша салып көрейін... Cөге жамандамағайсыздар...
— Е, кім әртіс дейсің,— деп Жәміш алдындағы рюмкасынан бір ұрттап, ернін шүйіріп қойды.
«Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ең»,—
деп Бейтен қоңыр даусымен тербелте, баяу бастап, ән соңын дірілдете аяқтады. Жәміш тырнағын шұқып отырған, байқамады ма, қол соғып жіберді.
— Ғафу ет, әлі бітпеген екен ғой,— деді қысыла.
«Талақ етіп бұл ғаламды,
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсі жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің...»
«Талақ етіп бұл ғаламды» деді Зейнеп ән ырғағына қарай күбірлеп... Ол Бейтен айтып болғаннан кейін де сол күйі тапжылмай қала берді. Коньяк бой жеңгенін Бейтен де көріп отыр. Жәміштің аяғын ұшынан басып, есікке беттегенін, домбырашыға әлде қандай ишарат жасағанын да Зейнеп аңдаған жоқ. «Тәңірі қосқан жар едің сен...» дей түсті де ол, иығына қарулы қолдың тигенін сезініп, орнынан атып тұрды.
— Жіб... бер... Сізге не болғ... ған... Жібер,— деп Зейнеп айқайлап жіберді. Жұлқына жігіт құшағынан сытылып кетті. Жүзі алабұртып, ентіге кейін шегінді; құлағын жымырып ендігі бір сәтте жауына атылғалы оқталған жолбарыстай еді ол.— Шық үйден, азғындар!.. Зымиян, маған күлмек екенсің ғой.
— Зейнеш, саған не болды? — Жәміш үрейлене ығысты. Бейтен де костюмінің ілгегін асыға салып, үйдей атып шықты.
— Тапқан екенсің жезөкшені. Тайып тұрыңдар... Естимісіңдер!..
Жалғыз қалған Зейнеп кең бөлменің ішінде сенделіп көп жүрді. Қобарып кеткен шашын да түземеді. Қалған арақтан құйып ішті. «Адамның бақыттылығы өзінен деп едің, Құбай жан. Кәне?.. Кімнен енді? Тағы да жұмысқа кір дерсің. Басқа не дей аласың?» Ол солқылдай жылап төсегіне қалжырай құлады...
Зейнеп Болаттың кеп есікті өзіндегі кілтпен ашқанын, ауыз үйден тамақтанып, столда құлап жатқан коньяк құтысын, диван үстінде қалған домбыраны керіп қиналғанын сезген жоқ.
— Ай, ай... ай!.. Не керек езіңе! —деп Зейнеп бастығырылып айқайлаған өз даусынан оянып кетті. Ақ құс жастықтан басын жұлып алып, жан-жағына алақтай қарап отыр. Ұзын қос бұрымы тарқатылып, жұмыр иығынан асып жамылғы көрпеге төгіліп жатыр.— Уф! — деді ол терең бір күрсініп. Сөйтті де, жылтыраған маңдай терін алақанының сыртымен сүртіп, орнынан тұрды. Аяғына үйде киетін шарығын іліп, ауыз бөлмеге шықты.
Болат жоқ. Ерте тұрып, нан әкеліп, шай қойып кетіпті. «Өзі ішті ме екен? Сабағына асы ғып жүргенде тамақ жеп, не жарытты дейсің...» Сөредегі телефон шылдыр ете түсті. «Тағы да адасып жүрген біреу да. Құлқын сәріден кім мазалаушы еді...» Зейнеп трубканы самарқау алды.
— Иә, тыңдап тұрмын... Шифоньер түсті... түсті дейсіз бе? Еменнен істелген? Айналы дейсіз бе? Ә... Алда разы болсын. Маған біреуін қалдырған шығарсыз, көз көрген адамдарсыз ғой? Жетеді ме? Е, бопты... Жақсы. Рақмет, барайын!—деді ол трубканы құндағына қойып жатып.
«Бағасы қанша екен? Ойбай-й, сұрамағаным-ай, ә? Қап, әттеген-ай... Е, бір есептен со сұрамағанымның езі абзал. Ақшасы жетпейтін адам екен ғой деп ойлар». Зейнеп өз ойы мен алыса жүріп, тез киінді. Ескі шифоньерін арзан бағасына дүкенге өткізіп еді. Сол ақшасын жанына салып алып көшеге шықты.
Ол «Мебель дүкеніне» келгенде халық әжептәуір жиналып қалған екен. Кәнігі құсбегідей әр дүнияны көзімен бір шолып жағалап келеді. Басында камшат бөрік, сол түстес көгілдір макинтош, қолда жұқа қолғабы бар. Әр топтың арасынан бір қылт етіп дүкеннің төріндегі ең қымбат дегеніне қарай бет алды.
— Зейнеш... Құрбым, есенбісің? — деп етжеңді, қызылшырайлы әйел қарсы ұшыраса кетті.— Халің қалай? Болатжаның жігіт боп жатыр ма? Көрінбей қойдың ғой.
— Шүкір... Өздерің де амаисындар ма? Болатжан оқып жүр. Үйдің ұсақ-түйек жұмысы біте ме?
— Иә, оның рас.— Құрбысы Зейнешті қоштады.— Мынау шифоньердің бірін алып үйге жі беріп едім. Бүгін кешкі сменада істейтінмін. Әйтпесе қол тимейді. Балаларды «Балалар бақшасына» бердік.
— Е, дұрыс екен. Жүдеусің ғой. Ауырмаймысың? — деді Зейнеп.
— А?.. Иә, тымау-сымау да. Қазір тәуірмін. Кешелі-берлі жұмыстамын. бір нәрсе алғалы келдің бе?
— Мен де шифоньерге келіп едім...— Зейнеп осы жерде «көргелі келгем» демегеніне іштей өкінді.
— Жүр... Мен саған қосшы болайын...
Сырты шыныдай жылтыраған, ортада айнасы бар, әр түрлі шифоньерлер кездің жауын алып тұр. Бәрінің де іші, сыртын қарап болған. Алдында жүгіргіштеп жүрген дүкеншіден бағасын сұрауға Зейнептің көңілі дауаламады. Ақшасы жетпей қалса, мынау таныс дүкенші өзінен сырт айналып, жанына ендігәрі жуымастай көрінді.
— Сізге ұнамай ма? — деді дүкенші моншақтай қара көзі жылт-жылт етіп.
Қымбат дүнияны алғалы тұрған адамның төңірегінде жай қызықтаушы, ақылгөйлердің қашан да мол болатын әдеті емес пе. Қазір дүкендегілердің тең жартысына жуығы осы жерде. «Бәсін сұрап, жетпегендей болса ұят-ау, ә? Үйде ұмыт қалдырғансымаймын ба, онымды кім білім жатыр?» — деп ойлады Зейнеп.
— Жоқ... Ұнайды. Қанша бағасы? — Ол мұны немқұрайлы сұрағандай даусын құбылтып, соза түсті.
— Бәсі?.. Екі жүз-ақ сом. Қандай дүния тек! Шіркіп. ғұмыр тозбасын де, әйтпесе талай жылдық зат қой,— дом дүкенші бір серпіліп, чек жазғалы қалқан құлағына қыстырулы біздей қаламын қолына алды.
Жиналған топ, қызық біткендей, тараса бастады. Зейнеп сабырлы. Қолғабын шешіп жатыр. Құрбысы да әлгіндей болмай асығып қалыпты.
— Сауда бітті ғой. Ал, мен кеттім, Зейнеп... Біздікіне келмейсіздер ме? Айтпақшы, біздің фабрикада орын бар, келсең,— деді ол күлімдей. Зейнеп оған бұ жолы жұмыс жәйін айт тың деп ренжи қойған жоқ.
— Жақсы,— дей салды.
Дүкенші мен тағы бір шама бейтаныс адамдар ғана қалды. Ол жаңқалтасына қолын жүгіртіп, сәл қабағын шытты да:
— Ту... у, осы ұмытшақтығым-ай. Үйдегі костюмімнің жанында қалғанын қарашы... Қап! — деді.
— Уақасы жоқ, жеңгей, сіз алды деп жазып қоям. Жұмыс аяғына біраз уақыт бар. Үлгересіз әлі,— дон дүкенші даңғырлай сөйлеп, басқа алушылармен әңгімеле сіп кетті. Көп жылдан таныс дүкеншінің бірге өкінішпен, салқындау шығарып салғаны да Зейнепке шаншудай қадалды. «Менің алатыныма сенімің шамалы-ау?! Жетпесі кеп емес қой... Он сом деген не. Көршіден-ақ келесі пенсияға дейін алмаймын ба? Тоқта... Үйіне кісі келген сайын домбыраны сұраушы еді. Бірде тіпті сатып та алғысы келетінін білдіргенді... Болат ше? Тағы ренжиді ғой? Е, мейлі жаман дүкенші мен анау фабрикада істейтін қисық аяқ әйелдің табасына қалатын жәйім жоқ. Өзі жігіт болғанда сатып алар Болатжан...»
Домбыраны сатып, шифоньерді үйге әкелгенде ғапа Зейнеп көңілі жәй тапты. Әйтсе де манағыдай емес.
Болаттан қуыстанып, өзін кінәлі сезінетін сияқты. «Осы бала да кіржіндеуін қоймады-ау. Кім үшін жинап жатырмын»,— деп іштей, еркінен тыс баласының алдында қалай ақтала бастағанын сезбей қалды.
Бөлме іші алакөлеңке тартты. Алатаудың баурайындағы бұл қаланың жаңбыры осылайша төгіле, түнере жауар еді. Бүгін де сол құйындата, ауық-ауық шелектей құйып кетіп тұр.
Болат әкесінің жазу столындағы шамды жақты. Алдындағы дәптерлерін жинақтап, портфеліне салып жатыр. Апаң жүзінде бір мұң бар. Әлсін әлі бір нәстеге қадала ұзақ отырып қалады. «Апам қайда жүр? Менің «Қолөнер училищесіне» жазыла жаздағанымды білсе ғой. Жо-жоқ, мектепті тастап кете алмаймын. Оқуға әлі уақыт бар. Онжылдықты бітіру керек». Ол «Сырымбет» әнін сызылдай салып, орнынан тұрды. Сұйық кекіл шашын оң жағына жыға тарап, бөлменің бұрышында тұрған радиоқабылдағыштың жанына келді.
Әкесінің сөзін, тартқан күйін, әнін бір кезде магнитофон лентасына жазып алған. Соңғы күндері сабағын дайындап қойысымен, осындай оңашалықта көкірегіне ұялап қалған таныс, қымбат әке үнін мүлгі тыңдап, көзіне жас алатын.
Лентаның бірқалыпты сырылы көпке созылған жоқ. Ашық мосқал адамның даусы:
— Апасы-ау, Болатжанның апасы, ән мен күйді мен қоя алармын ба?! Жо-жоқ... Қой деме...— Аяқ-табақтың сылдыры естіледі.— Көке, маған күй үйретші!..— Бұл Болаттың даусы.
— Қазір, жаным... Ал, мына әнді үйреніп ала ғой. Кейін осы әнді сен жігіт болғанда, сенің тойында да айтам. Ал, тыңда, жаным:
«Ауылым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақсұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба? Қарындас-ау...
Енді ес... сен бол..л..лау..»
— Құбаш-ау, сені телефонға шақырады,— деді Зейнептің даусы.
— Қазір... Үйрендің, бе, Болатжан? Мә, домбыра. Мен қазір...»
Болат лентаның осы жеріне келгенде ойына бір нәрсе түскендей радиоқабылдағышты тез сөндіріп, төргі кең бөлмеге бет алды. Түсі бұзылып онан тез оралды.
Алақтап жан-жағына қарап тұр. Кіреберіс оң қолдағы шифоньер есігіне қолын тигізді де, жаңа зат екендігіне енді көзі әбден жеткендей сырт айналды. Жүзі қуқылдана, тістеніп қалды. «Жо-жоқ, апам... апам оны сатып... нас... Жоқ!» дей берді ол күбірлеп. Стол үстіндегі шамды сөндірді. Неге сөндіргенін өзі де білмей түр. «Мүлде... Мүлде көкемді ұмытсын дей ме? Жаңа дүнияның қажеті не? Қатардан қалмаймыз. дейді қит етсе. Затта ма екен қатардан асу, не қалу?» Ол терезе алдына келді.
Күн ашылған. Көшенің бергі жиегіндегі арықтың ернеуінен асып лайлы, жауын суы ағып жатыр. Бетінде темекінің тұқылы, ағаш жаңқасы, қағаз, сарғыш жапырақтар көрініп кетіп барады. Лайлы су астынан қайнап жатқандай бүлкілдеп, кей жеріне жайыла, тротуарды тұтас алыпты.
Үйге асыға басып келе жатқан апасын көргенде Болат кәдімгідей шошынып қалды. «Неге қорықтым?..» Есікті ашқалы барады. Осы сұрақ көкейінен кетер емес. «Неге қуанбаймын?..»
— Фуф, жауынды-ай!.. Құлыным, ашығып қалған жоқпысың? Міне, колбаса әкелдім. Ac үйге апарып қоя қой! — деді ол торға салған қағазға ораулы бөлек-салақ тағамды Болатқа ұстата беріп.
Болат үнсіз алды да, апарып столға қойды. Тамақты дайындап жүргенде ойына осыдан екі ай бұрын баласының: «Сен неге жұмысқа кірмейсің. Маған қарамай-ақ кіре бер. Әттең, мені жұмысқа алмайды ғой. Әйтпесе, заводқа барар едім»,—• дегені түсті.
— Апа,— деді ол баяу ғана.— Ана, көкем домбырасы қайда?
— А?.. Саттым... Саттым домбыраны, әйтпесе шифоньер қайдан келді деп ең!..
— Кімге?
— Саған оның қажеті не? Мені тексеретін кім едің сен? Қарай көр өзін, қаржадай болып әлден мені билегісі келгенін! Ойбай ғана құдай-ай! Сен-ақ өлтірер, түбіме жетер болдың-ау...
Зейнептің даусы жарықшақтана ащы шықты. Жер тепкілеп, зар илегенде үні адамның сай-сүйегін сырқыратардай күңіреніп кетеді. Болаттың өңінде қан-сөл жоқ,.
Қалтиып тұр. Бір сәт тұла-бойына мұзды су құйып жібергендей тітіреніп кетті. Әйтсе де бұрынғыдай. «Апатай, қойсайшы... Ендігәрі ренжітпейін»,— деп жалбарынбады. Тұңғыш рет ол анасына тіксіне, қаймықпай батыл қарады.
— Кім үшін..і Кім үшін жинап жүрмін осы адыра қалғырды! Кім үшін, ойбай!..
— Мен үшін бе? Керек емес маған, апатай, керек емес,— деп қалды Болат шыдай алмай; ізінше айқайлап жіберді.— Көкем... Көкем керек, сен керексің маған!.. Сатылмаған не қалды. Мен бе? Енді мені де сат, апа! Домбыраға тигенің не?! Көкем еді ғой ол. Көкем..
Онан арғыны Болат айта алмады. Үйден шыға жөнелді. Әрине, «енді мені де сат, апа» дегенде Зейнептің есік жақтауына сүйеніп, қалшиып тұрып қалғанын Болат аңдаған да, сезген де жоқ...
1971 ж.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі