Адамзат ғұмырында ұлттың, халықтың бейнесін көрсететін - әйел адам. Халқымыздың «қызға қырық үйден тыйым» деп ұлтымыздың қыз баланың тәрбиесіне бір ғана шаңырақ емес, бүкіл қазақ қауымы зор рөл атқаратыны мәлім. Бұл қағиданы түрлі бұрмалаушылықпен қолданған еліміздің кейбір ауылдарында арулардың бейқам күлкісін көз жасына айналдырып, әділетсіздік жасағандар да тарихтан белгілі. Қиын қыз тағдыры, жан басын аямаушылық, әйелді қыспаққа алу, адам саудасындай құдандылық қазақ қыздарының тағдырына сызат түсірді. Осының бәрі жазушы, көрнекті қоғам қайраткері ұлт зиялысы Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан шыққан көрнекті туындыларының бірі «Ақбілек» романында айқын айшықталады. Қазақ қоғамында әйел адам ер адамнан бір саты төмен тұруының өзі жете түсінген адамға кереағар, асыра сілтеу оқ болып көрінеді. Нәзік жаратылыс иесі болумен қатар ақылдылығымен көзге түскен, қайсар да өжет, қалың жұртқа үлгі болар қанға сіңген тектілікті танытар тәрбиесі, ажарлы қазақ қызының бейнесі көп ұлтқа үлгі боларлықтай!
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы туындысының кейіпкері - Ақбілек - ұлт бейнесі болары хақ. Романның басты тұлғасының бойындағы көркем мінезі бүкіл қазақ қызына тән аңғалдығы мен пәктігі деуге болады. Мінсіз тәлім-тәрбие ұстанып ақылына ерік бере алмаған Ақбілектің ақ гвардияшытар жағына шығарып берген жақынының опасыздығы қыз тағдырын қиындыққа апарады. Оның орыс офицеріне еріксіз түрде берілуі өкінішке ұласады. Қазіргі заманда қыздардың ойланбастан өзге ел азаматтарына жар болып өз туған елінің ер жігіттеріне сын айтып кететін аруларға қарағанда, Ж.Аймауытов кейіпкері Ақбілектің шарасыздығы мен тереңнен ойлауы мың есе артық болып көрінетіні анық.
Бостандыққа ұмтылғанымен, туған әкесінің кеудеден итеруі, ел-жұртының аяушылығы қыз мәпелеп өсірген қазаққа өлімнен де ауыр. Алайда бойына біткен қайсарлықтың арқасында Ақбілек мұқалмады, жаңа заман ағынымен оқуын оқып, өз бағын тауып, дара жолын сала білді. Зорлық көріп, тағдыр тәлкегііне ұшыраған Ақбілектің түсінігі мол, ойы кеңейген, көзі ашық, аруақты анаға айналуы жан тебірентетіні сөзсіз. Романның осылайша түйінделуі көптің көңілінен шығатыны анық. «Қамар сұлу», «Бақытсыз Жамал» шығармаларында қыз өмірінің сәтсіз аяқталуы толғандырса, бұл шығармада Ж.Аймауытов кейіпкері Ақбілектің бірден-бір бақытты жан екенін көруімізге болады. Әрбір қаракөз қыздың күлімдеген әсем бейнесін көру – қазақ халқы үшін арман болғаны да белгілі. Өмірдің ағысы қатты өзен секілді. Оған қарсы жүзсең, қуатың жетпей таусылары анық. Ал, керісінше оның бағытына сай жүзе білсең, мұратыңа жетесің! Бұған Ж.Аймауытов шығармасындағы Ақбілек образы дәлел бола алады. Қатыгез тағдырына қарсы тұра білген қайсар да намысшыл, саналы да өр мінезді қыз Ақбілек қазақ қыздарына үлгі бола алады.
У.М.Джолдыбаева – тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті,Мәдениетоа Б.А - Шығыстану факультеті шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі