Мал сүттерінің ішінде емдік қасиеті ең жоғарғысы - ешкі сүті. «Ешкі бассын үйіңді» -деп халық айтқандай. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ежелден мал баққан халқымыз ешкінің қадірін жақсы білген. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті- қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең –бір күндік, сауып ішсең -мың күндік» -деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбiтi де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді. Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді.. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600 - ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының - жасыл арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.Ешкі туралы жалпы мәлімет. Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Ешкінің ең басты ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Оның орналасқан жерінің температурасы + 5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жас. Жаз мезгілінде ең басты азығы шөп. Ешкілер — көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмай- ДЫ. Түбiтi мен жүнінен орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды, ішегінен музыкалык аспаптарға ішек иіреді. Ешкі бір –екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкі түрлері.Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұп тұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Қазақ ешкіні жасына қарай: үлкен теке, серке, ту ешкі, сақа ешкі, туша шыбыш, лақ. Ешкі сүтінің құрамы. Ешкі сүтінің құрамында кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл қан аздықтың алдын алуда аса маңызды - деп зерттеген. Ешкі сүтін адам ағзасы тез сіңіреді, балаларды тамақтандыру үшін қолданылады. Ешкі сүтінің майы адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады. Құрамында аллергия тудырушы альфа - Is - казеин болмауы на байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады. Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұрақты емес және көптеген ықпалдарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация кезеңіне, қоректену мен күтім жағдайларына байланысты. Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, Диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Ешкі сүтінің емдік қасиеті. Ешкінің сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы,ерекше өнім болып табылады.
Тоқанова Аяужан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі