Бұл аңыздың бізге жеткеніне 2 мың жылдан астам уақыт өтті, мұндағы Мэң Дзиаң Чүн Чиу дәуіріндегі оқымысты Фән Чи Лиаңның әйелі — «Чүн Чиу Зуo Шi» кітабындағы жөн-жосықты білетін әйел образы.
Аңызд ың желісі былай өрбиді: Чин патшалығы заманында кішкентай елді мекенде қоржын тамда көрші екі үй болыпты, олардың біреуінің тегі — Mың, енді біреуінің тегі — Жяаң екен. Олардың ауласы бір-біріне жалғасып жататын, екі көрші өте тату-тәтті өмір сүріп жатты. Бірақ екі үйде де бала жоқ еді.
Бір жылы көктемде Mың отбасы қыстық асқабақ егеді, оны жақсылап баптайды, ол асқабағы өте жақсы өніп, сабағы ұзарап, көрші үйдің ауласына дейін жеткен адам сенгісіз алып асқабаққа айналады. Көрген адамның бары бұл асқабақтың үлкендігіне таңғалатын. Әбден піскен асқабақты екі көрші: бір-біріне — сіздікі, сіздің аулаңызда өнді деп көршісіне алуды айтса, көршісі барлық еңбек сіздікі, өзіңіз алыңыз деп тату-тәтті көршілігін, ізеттілігін танытады. Ақыры бұлар асқабақты бөлісіп алуға келіседі, екі көрші асқабақты жарғанда ішінде өзегі жоқ, онда жатқан қызды көреді. Ол қыздың беті ақ, шашы қап-қара, ерні қып-қызыл, өте әдемі боп келген. Осылайша бұл қыз екі үйге ортақ бір қыз болып, оған Мың Жяаң деп ат қойылады. Көп уақыт өтпей Дзиаң дүние салады да, Мың Жяаң бір үйде өседі. Мың Жяаң өте ақылды, оқыған кітабын ұмытпайтын боп өседі, ата-анасына да үй тіршіліктерін жасауға көмектеседі.
Көзді ашып жұмғанша Мың Жяаң он сегізге толады. Көрікті қызын көріп, Мың қызына жігіт іздеу керектігін түсінеді. Бірақ өздері тұрып жатқан жерден лайықты адам таба алмайды.
Сол жылы жазда аспаннан от жауғандай ыстық болады. Бір күні кешке Мың Жяаң бақта серуендеп жүріп, кенеттен ағаштар арасынан біреуді көріп қорқып, бақырып жібереді.
Ағаштың арасынан шыққан жас жігіт:
— Сізді қорқытып жібердім. Кешіріңіз! — дейді. Сонда Мың Жяаң:
— Сен кімсің? — деп сұрайды. Әлгі жігіт:
— Есімім — Фәнчиляң. Император қытай қорғанын салуға адам жинап жатыр деген бұйрықты естігеннен кейін, үйімнен қашып, енді осында тығылып отырмын, — дейді.
Фәнчиляңның киімі көк-жасыл түсті, бет-әлпеті абыржыған. Қыздың жаны ашып, оны үйіне алып келеді.
Жігіт өзінің ізеттілігі мен оқымыстылығымен Мың Жяаңның әке-шешесінің көңілінен шығады. Әке-шешесі: «Сен қазір қашқынсың, үйің де алыс, менің қызыммен некелесіп, осы жерде тұр», — дейді. Екінші күні екі жас некелерін қияды.
Мыңсин деген адам Мың Жяаңға үйленгісі келетін. Бірақ Мың Жяаң мен Фәнчиляңның бақытты өмір сүріп жатқанын көріп, іштей қызғанады. Қызғаныштан қашқынның қайда жасырылып жатқанын айтып қояды.
Бір күні әскер келіп, бір сөз айтпай, Фәнчиляңды алып кетеді. Фәнчиляң кетіп бара жатып, Мың Жяаңға:
— Сендей жұбайымның болғанына қуаныштымын, сен менің ең үлкен бақытымсың ... Қазір мен кеткен соң енді қайтып оралмаймын, менсіз өмір сүр. Мені ойлап, қайғырма! — дейді. Мың Жяаң:
— Жоқ! Біз ант бергенбіз! Не нәрсе болмасын, мен сені өмір бойы күтем! Саған деген сезімім еш өзгермейді! Өзіңді күт! Сен міндетті түрде ораласың! Мен бұған сенем! — деп айқайлап жылайды.
Фәнчиляңның кетісімен Мың Жяаңның күнде ойлайтыны — күйеуі, көз алдында елестейтіні — күйеуі. Күйеуі қайтіп келсе деп армандайды.
Мың Жяаңның әке-шешесі қартайып, өмірден өтеді. Ол әке-шешесін жерлеп, мүрдесінің алдында тұрып, күйеуін іздеуге баратынын айтады.
Сөйтіп, ол жолға шығады. Көктемнен жазға дейін, жаздан күзге дейін жүреді. Аяқ-киімі тозып та бітеді. Қалай болғанда да, ойында тек бір нәрсе ғана тұрады — қытай қорғанына барып, жоғалып кеткен күйеуін табу.
Әйтеуір, қыстың бір күнінде ұлы қорғанға келіп жетеді. Ол сансыз адамның жұмыс істеп жатқанын көреді. Олар тас арқалап жүр екен. Мың Жяаң:
— Фәңчилянды көргендерің бар ма? — деп айқайлайды. Бірақ ешкім жауап бермейді, соныңда бір қарт адам:
— Ана бір оқымысты жігіт пе? — деп сұрайды. Фәңчилян:
— Иә, иә, сол! — деп Мың Жяаң қуанып кетеді. Қарт болса:
— Ол өліп қалған, Ұлы қорғанның астында көміліп жатыр. Қашқын болғандықтан оған ең ауыр жұмыстарды істетті. Шаршағаннан қалжырап, ауруға шалдығып, көп ұзамай жан тапсырды, — дейді.
Мұны естіген қыз көз жасын әбден көлдетеді. Оның көз жасынан сел жүріп, Ұлы қорғанның біраз бөлігі қирап қалады.
Қираған жерінде көп адамның мәйітін табады. Қайсысы күйеуінің мәйіті екенін білу үшін инемен саусағын қанатып, жылап: «Егер сен Фәңчиляң болсаң, менің қаным сүйегіне кірсің, Фәңчиляң болмасаң, қаным төрт жаққа ақсын», — дейді. Тамшылап аққан қан бір сүйекке қарай аға бастайды. Содан күйеуінің мәйіті сол екенін біліп, мәйітті орап алады.
Қыздың жылағанын патша да естиді. Қызды алдына шақыртады. Сөйтіп, сұлу қызды көріп, ұнатып қалып, өзіне әйелдікке алғысы келеді. Алайда алғыр әйел патшаға үш шарт қояды: «Теңіз жағасынан Ұлы қорғанның басталған жеріне дейін кемпіркосақ тәрізді ұзын көпір салдыр, менің күйеуіме биіктігі он метр, кеңдігі он метр ескерткіш тақта тұрғыз, менің күйеуімнің жерлеу рәсімін елдік деңгейде өткізіп бер, сонда мен ордаға кіріп, сізге әйел болам», — дейді.
Жас келіншектің айтқанын бұлжытпай орындаған патша әйелге енді қолым жетті деп патша кербезденіп алда келеді, Мың Жяаң байсалды кейіппен оның артынан жүреді. Көпірдің басына келгенде бұрылып: «Өзіңнің қуанышың үшін көп адамның өмірін қидың, күйеуімді өлтірдің, сөйте тұра мені иемденгің келеді, армандапсың!» — деп, көпірден секіріп кетеді.
1928 жылы осы аңыз жөнінде арнаулы кітап шығады. Демек, бұл аңыз патшаға датын бетпе-бет айтып, ерлік танытқан, ер қадірін білетін алғыр да іскер әйел туралы баяндап, бүгінгі билікке халықтың ризашылығымен жұмыс жасауды ескертеді.
Жоғарыда айтылған мифтерден бөлек қытай әдебиетінде қытай халқының дүниетанымына байланысты тағы да басқа көптеген мифтер бар. Жұрт арасында кеңінен таралған мифтер төменде айтылған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі