Бірінші тайм-менеджмент ұғымына тоқталайық, бұл дегеніміз – уақытты орналастырып, тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, ол сіздің қажет емес заттарға кеткен уақытыңызды анықтауға көмек береді. Оны қолданудың мақсаты – жасаған іс- әрекеттеріңді басқарып,бақылап, нәтижелік, тиімділікпен пландау процессін алу.
Бұл термин негізінен тек бизнеспен байланысты салаларда ғана қолданыста болған, ал қазір әр адамның өмірінде кездеседі.
Атап кетсек, қазіргі кезде әлемдегі жағдайға байланысты сабақтардың барлығы онлайн форматында өтетіндіктен студенттердің көпшілігі үйден тыс жерлерде уақыттарын көп өткізбейді.
Біздің алдымызға мақсат UIB университетінен басқа жоғарғы оқу орындарының студенттерінің бос уақытын пайдалану ерекшеліктерін анықтау болатын. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 10 жоғарғы оқу орындарында зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына 25 студент қатысты .
Зерттеу жұмысы жүргізілген университеттер тізімі:
1. АТУ(Алматы Технологиялық Университеті)
2. НАРХОЗ
3. Еуразия Ұлттық Университеті
4. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
5. Алматы Менеджмент Университеті
6. Каспийский Университет
7. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ
8. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
9. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
10. М.C.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті
Алынған мәліметтерді талдауға көшейік.
Бос уақыт мөлшері студенттердің:
— 27%-ына толық жеткілікті,
— 40% -ы «Бос уақыт жеткілікті, бірақ көбірек болса жақсы болар еді», — деп жауап берді,
— 33% бос уақытының мөлшерін жеткіліксіз деп санайды.
Үй жұмысына кететін уақыт :
— 33 % студенттер үй жұмысына орташа есеппен 1-2 сағат бөледі (ЕҰУ; АТУ; Каспий Университеті);
— 47% студенттер үй жұмысына орташа есеппен 2-3 сағат бөлінеді ( НАРХОЗ; АЛМАУ; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ; Абай атындағы ҚазҰПУ; М.C.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ);
— 20% студенттер үй жұмысына орташа есеппен 3-4 сағат бөлінеді (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ).
Орта есеппен студенттер сабаққа, үй жұмыстарын орындауға 5-9 сағатқа дейін жұмсайды.
Студенттер бос уақытының көп бөлігін қалай жұмсайды ?
- Әлеуметтік желі ;
- Өзін -өзі дамыту ( кітап оқу, тілдер үйрену және т.б) (15%)
- Уақытын серуендеумен , ойын сауық орталығында өткізу және т.б (25%)
- Спорт (5%)
Зерттеу жүргізген студенттер арасында орта есеппен 5 сағат осы әлеуметтік желілерге кетеді , яғни осы студенттердің 60% әлеуметтік желіге уақытын жұмсайды.
Уақытты тиімді пайдалану жайлы кеңес
Уақытты дұрыс пайдалана білу - өміріміздегі барлық аспектілердің дұрыс жұмыс жасауына әкеледі. Сондықтан келесі кеңестерге зер салыңыз:
1. Студенттер күнделікті өмірді қалыптастыруды және мүмкіндігінше оны ұстануды үйренуі керек. Күн тәртібі бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға ғана емес, рухани және физикалық денсаулықты жақсартуға да ықпал етуі мүмкін.
2. Ақпараттық жеткіліксіздікті ақпараттық байланыс жүйесін жақсарту арқылы жоюға немесе уақытты басқару туралы әдебиеттер бұған көмектесе алады.
3. Студенттік уақытты дұрыс пайдалану үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек:
- мақсат қою. Мақсат нақты және ұзақ мерзімге қойылуы керек, бірақ оның соңғы күнін белгілеуді ұмытпаңыз;
- қойылған міндеттердің басымдықтарын айқындау;
- ертеңге істерді кейінге қалдырмаңыз;
- демалуға мұқият келіңіз [1].
Қорытынды
Қорытындылай келе,тайм-менеджмент әдісін қолдануды үйреніп, қолданысқа кіргіздік.Сонымен қатар, студенттерге оны қолдануға кеңес бердік. Жұмыстың бастапқы бөлімінде алға қойылған міндеттері орындалды. Мақсатқа қол жеткізілді. Жұмыс барысында, уақыттаң құндылығын, тайм-менеджмент ұғымымен танысып, дұрыс күнтізбе құра білу маңызын түсіндік. Uib студенттері мен басқа жоғарғы оқу орын студенттерінің уақытын жұмсау толық талданып , салыстыру жасалды. Яғни, көрсетілген барлық тәсілдер қолданылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Куралова А., Аманжолова А., Ержан М., Кыдыралиева А.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі