Әр ұлттың өз ұлттық құндылықтары бар. Қазақ халқы салт-дәстүр, ырымдар мен жоралғыларға өте бай. Ата-бабаларымыз сонау заманнан ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен салт-жоралғылар осы күні де өз құндылықтарын жоймай сақталып келеді. Салт-дәстүр – халықтың күнделікті өмірінде елеулі орын алатын рухани және мәдени азық. Салт-дәстүрлердің және ырым-тыйымдардың қскелең ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Жалпы дәстүрлеріміз бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Баланың дүниеге келген күнінен бастап алған тәлім-тәрбиесінен бастап үлкен азамат болғанға дейінгі кезеңді бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрге жатқызамыз. Оған мысал: шілдехана, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тұсауын кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар секілді дәстүрлер. Ал, тұрмыс-салт дәстүріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдарын жатқызамыз. Ұлтымыздың сөз өнері, аспаптары, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден қарағанда өте ерекше. Біздің аталарымыз әуелден өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлының бір сөзінде «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екенін түсіндім» деп жазған екен. Бұл сөздерден отан сүйгіштік,, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы келетінін және дамитынын түсіне аламыз. Салт-дәстүр адамды адастырмай, тура жолмен жүруге, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үйретеді дей аламын. Халқымызда сәби дүниеге келгеннен бастап той-томалақтар, түрлі салт жоралғылар жасала бастайды. Осыдан ақ қазақ халқының рухани және мәдени бай екенін аңғара аламыз. Халқымызда өз мән-мазмұнын әлі күнге дейін жоймай келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, ал кейбір дәстүрлеріміз еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпаққа жетіп, қолданысқа ие болып отыр. Алайда, қазіргі таңда кейбір салт-дәстүрлеріміздің қолданыстан шығып қалған бара жатқан жайы бар. Мәселен: «Сыйыт», «Әмеңгерлік», «Бәсіре», «Босаға майлау», «Енші беру», «Сыралғы» атап айта берсең жетерлік. Салт-дәстүр мен әдет- ғұрыпсыз ел әдепсіздікке ұшырауы мүмкін. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші осы салт-дәстүрлеріміздің маңызын, шығу тарихын жас жеткіншектерге мектеп жасынан түсіндірген дұрыс деп санаймын. Сонда ұлтымыздың әрбір азаматы салт-дәстүрін жақсы білетін болады. Ата-бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған осындай асыл мұраларымызды ұмытпай, дәріптеп, келешек ұрпаққа жеткізу біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Қазақтың салт-дәстүрлері:
— Алық
— Баталасу
— Бітім
— Төрелік
— Түстену
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі