Халқымның қиын да ерлікке толы тарихын суреттеу міндеті өмірімнің мәніне айналды. Елімнің өткенін әңгімелеу өмірімнің басты мақсаты болды. Мемлекеттік және ұлттық тұтастықтың өміршеңдігі мен оны сақтап қалу үшін болған күрес туралы шынайы тарихты көрсету. «Көшпенділерде» және «Алтын Орда» трилогиясында мен осы туралы айтқым келді.
Ілияс Есенберлин
Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Алтын Орда ескерткіштері (керамика)
Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.
1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.
Моңғол империясының ыдырауынан кейін құрылған мемлекеттердің ішінде Алтын Орда түріктердің саяси және этникалық тарихы үшін ерекше маңызға ие болды. Алтын Орда – Еуразиядағы ортағасырлық мемлекет. 1224-1266 жылдары Моңғол империясының құрамына кірді. Хандықтың құрылу тарихы мен мұрасын жалғастырушы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының игілігінде болды. Жошы ұлысы кең байтақ Алтын Орда мемлекетіне айналды. Алтын Орда шығыста Ертістен Балқашқа дейін, батыста – Қара теңізден Дунайға дейін созылды. Бату Жошының ұлы, Шыңғысханның немересі, батысында Венгрия мен Польшаны, ал оңтүстігінде – Кавказдың көп бөлігін жаулап алды. Алтын Орданы басқарған хандар өз мүмкіндіктерінің күшімен Алтын Орданың иеліктерін кеңейтіп, оның күшін нығайтты.Алтын Орданың найза мен қылыштың бағындыруымен бодандықта келген шығыс бөлігінің тұрғындары алашұбар болды.
Олар ислам, христиан, тенгриан және басқа діндерді ұстанды және ұйғыр жазуын қолданды. Мемлекеттік тіл – шағатай тілі болды. Алтын Орданың астанасы – Беркеде және Бату, Үргенч, Хорезм, Сығанақ қалаларында гуманитарлық ғылымдар, әдебиет және қолданбалы өнер дамыды. Ғұлама ғалымдар Әбу Насыр әл-Фараби, Авиценна, Бируни, Сығанақ, С.Бақырғани шығармаларын зерттеп, сонымен бірге жеке зерттеулер жүргізген. Алтын Орда Еуразия халықтарының арасында үлкен маңызға ие болды. Қазақтар – Алтын Орданың заңды мұрагері деп мақтанышпен айта аламыз. Республика көлемінде «Алтын Орданың 750 жылдығы» аталып өтілуде. Соның ішінде ақындар айтысы, танымдық сағаттар, ғылыми танымдық конференциялар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Сатиева Ару
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі