Қазіргі Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып, тәуелсіздік алғаннан қазіргі уақытқа дейін етек алып келе жатқан үрдістердің бірі дінтанушы мамандарды даярлау болып табылады. Дінтанушы студенттер бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде оқытылып, өз ісінің білікті маманы болып шығуға бағытталады.
Алғашында дінтану пән ретінде Еуропа елдерінде қалыптасқаны белгілі. Және оңың қалыптасуы мен даму үдерісінде бірте-бірте екі жетекші бағыт қалыптасқаны анық. Бірінші бағыт дінтануды ғылыми түрде оқытатын пән ретінде қалыптастырып, екінші бағытта дінтануды дін арқылы оқытуды қалыптастырды.
«Дінтану негіздері» пәнінің мақсаттарының бірі– дін және діни нанымдар туралы жалпыға білім бере отыра бұқараның діни сауатын қалыптастыру, оқушылар мен талапкерлердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту. Белгілі бір дінді насихаттау және тарату мақсаты көзделмеген, толығырақ айтқанда пән зайырлы сипатта оқытылады.
Дінтану пәнінің оқытылу аясын кеңейту және білікті мамандарды дайындау қазіргі Қазақстанның діни ахуалы және конфессиялық кеңістіктігінің алуан түрлі болуымен тікелей байланысты және осы жағдайында да өте маңызды. Барлық мектептер мен білім алу ордаларында дінтану саласында жүйелі әрі сапалы білімнің берілуі Қазақстанның болашақтағы және қазіргі ішкі тұрақтылығының сақталуына септігін тигізетіні айқын.
Нұрсадық А. жетекшісі философия ғылым кандидаты, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева.Ж.У.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі