Роман туралы әңгіме
(Романның увертюрасы)
Менің бір жолдасым болды. Ол қарап келе жатып, айқайлағым келеді, көрінген жұртты құшақтап сүйгім келеді дейтін. Бақыттылықтан ғой деймін.
Мен бір әңгіме жаздым. Ол менің көрінгенді құшақтап сүйгенім, бірінші шыққан айқайым еді. Онда шеберлік, жазушылық жоқ болғанымен, жаңа сезім бар еді.
Бірақ, бақытты болу бір басқа да, сол бақытты тани білу бір басқа екен. Ол сезімді көп жолдастардың түсінгісі келмейді.
— Адам баласын бақытты ететін сөзді тыңдап жатып адамның өлгенін сезбей қалуы мүмкін бе? — дейді олар.
Жаңа сезімді түсіне білу үшін сыншыл болу, саясатшы болуы аз екен, сол сезімнің денеңді дуылдатып, жүрегіңді тулатып толқытуы қажет екен. Былайынша айтқанда, жаңа сезіммен бойыңның теңдесі болуы керек екен.
Сезім туралы айта түсейінші...
Киров өлгенде Ленинградтары менің бір жолдас қызым былай деп маған хат жазды:
«Әкем Сергей Мироновичтің өлгенін естіп, заводтан келді де, сандықта жатқан ескі наганын алып майлап, сүртіп, тыныш таппай, жауға аттанатындай түнімен ұйықтамады. Осы жағдайды сөзбен айтып болмайтын бір аса жалынды, сәулелі сезім бар».
Мен жолдас Киров өлімі жөнінде көп өлең, поэмалар оқыдым. Бірақ оның ешқайсысы да жоғарғы хат сияқты қанымды қыздырып, жүрегімді толқытқан жоқ. Осы бір нәрсе әдебиетке өте қажет қасиет екен-ау деп түсініп едім, сонда бір.
Мен сезім жөнінде біреуге сабақ берсем бе деп отырғаным жоқ. Сезім жөніндегі сабақты бәріміз бірігіп тыңдасақ деп отырмын. Сол сезімді толықтайтын кітапты тыңдасақ деп отырмын.
Өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі — менмін. Бәріміздің өміріміздің басталуы бар. Барлығымыздың да өмірде бастан кешірген аса тәтті минуттеріміз бақытпен бетпе-бет кездескен уақытымыз барлық өміріміздің тағдырын шешіп берген кезеңдеріміз, өлгенше ұмытылмайтын, еске түссе жүректі тулататын уақиғаларымыз бар. Міне, бұл әңгіме сезімнен басталып, менің бастан кешірген аса тәтті қымбат минуттеріме, өмірімнен бет алған бағытына арналмақшы. Бірақ өмірімнің бағытына жол сызып берген кезеңінің өзі сол жаңа сезімінің жасалуы мен сезімді оятатын кітаптар еді. Ол менің саналы өмірдің соқпағына түспеген кезім еді. Мен өмірімді де, оның бақытын да содан кейін таптым. Ыстықпен де, суықпен де содан кейін таныстым. Мен жүрегімнің отын да, өмірімнің мазмұнын да содан кейін жасадым.
Мен онда 12 жасар едім. Ағам менің сабақты қалай пысықтағанымды бақылап, қадағалап тұратын. Ол өте қатаң еді Бір күні ол Анри Барбюстың жаңа шыққан романын алып келді
— Осыны оқып, мазмұнын маған айтып берерсің, — деді. Мен әлденеше күн соңына түсіп жүріп «Отты» оқып шықтым. Бірақ түк түсіне алмадым. Екінші рет оқып шықтым, романда Барбюстың суреті бар еді Суретінде ол үлкен қара көзді қою қара мұртты, әдемі — ақ еді Содан кейін Барбюс десе окопта жатқан ұшы-қиырсыз көп солдаттардың ішінен көтеріліп, жалпы әлемге айқай салып тұрған қара көзді, қара мұртты, әдемі кісі көзіме елестейтін .
Мүмкін, бұл Максим Горькийдің жазған беташарының әсері болар.
Ағайым:
— Осындай ұлы адам біздің компартияның мүшесі, — деп тіпті мақтанып қалатын.
Кейінірек, өмір бақытының дәмін тата бастаған соң қандай тілек болса да, орындалатынына көзім жете бастаған соң, Анри Барбюсты көруге өте құмар болдым.
Бұл құмарлықты өмірімнің барлық ой-қырынан алып өтіп, 1935 жылға дейін әкелдім. 1935 жылы жастайымнан жанымның арманы — Барбюсты көрдім. Бірақ мен көргенде ол консерватория залында үлкен қара көздерін мәңгілік жұмып жатыр еді Мен сөйтіп оның отты көздерін кере алмадым. Мен оған жер бетінен кетер алдында кездесіп, бірнеше рет, ақтық рет алдынан өтіп бара жатып жылап жібердім. Мен бұрын еш уақытта да жыламаған едім. Тек мынадай бір жардай болды.
1931 жылы Ленинградта оқып жүргенімде «әкең өлді» деген телеграмма келді Мен жылағаным жоқ. Бірақ, неге екенін қайдам, жолдастарымның барлығын жинап алып, «әкем өлді» деп айттым да, жүгіріп үйге кетіп қалдым. Кешке біздің екінші курстағы барлық студенттер жиналып келіп, маған көңіл айтты. Менің қайғыма ортақ екендерін білдірді. Сонда грузин баласы-жолдасым Сивадзе: «қайғырма, біз екеуміз Совет үкіметі дейтін өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па», — деді Сонда мен қайғыдан емес, қуанғандықтан жылап жібердім. Өмірде жалғыз емес екенімді сезу, бүкіл Отан болып мені сүйетінін сезу мені аса бақытты етті, жолдасымның өте жылы сөзі көңілімді босатып-ақ жіберді.
Мен жаңа сезіммен, интернационалдық сезіммен осылай кездесіп едім.
Мен өмірдегі ең тәтті минуттерді, бақытты содан кейін таптым.
Мен осы әңгімені теңіз желіне кеудемді тоса тұрып жаздым. Өмірдің жолына, бақыттың соқпағына ең алғаш түскен минуттер аса қымбатты болды. Сол алыстағы минуттер жел болып кеудеңе соғып, ауа болып ішіңе кіріп жатқандай болады. Сол тәтті минуттер теңіз желіндей көңілді көтереді желпіп үрлейді, ескірген тұзды исі кең дем алдырады.
...Баяғыда, бұдан көп болды, мен онда сегіз жасар едім; ауылда асық ойнап, қозы жайып жүретін едік. Өмірде қала көрмеген, қолына қағаз ұстамаған әжем бірінші рет қалаға барып, маған бір кітап әкеліп берді Ешкімге көрсетпей, мені оңашалап шығарып алды да:
— Қалқам, болашақтан үмітіміз бар. Мынау дүниедегі барлық аналардың қамқоры, жанашырының жазған кітабы дейді Бұл әулие адам дейді. Осыны өзі өскенде оқып, маған түсіндіріп берерсің. Ешкімге бермей, жыртпай сақта, — деді. Содан бері көп жыл өтті. Одан бері мен бақытты да, қуаныш, махаббатты да өмірден таптым. «Жерде адам болу-үлкен бақыт» — дейді ұлы жазушы. Мен осы ұлы бақытқа ие болдым.
Мен осы өмірімнің қырынан қарғып, ойынан орғып өткенде де осы анам берген кітапты тастағаным жоқ.
— Бақытты, шырағым, құдай бермек еді Әзрет Сұлтан бермек еді, енді осы кітап берер, оқы, шырағым — деген еді әжем. Осы кітап маған бақыт берді. Мен анам берген кітапты «барлық аналардың бірден-бір қамқоры, жанашыры жазған кітапты», ең бірінші рет Әзрет Сұлтанның дәл түбінде отырып оқыдым. Кітаптың басы жыртылып қалған екен. Мен оқып болған соң, базардан жарты кез қызыл шүберек сатып алдым да, ағашқа ту қылып тағып, әжеме апарып бердім.
— Кітап беретін бақыт осы көрінеді — дедім.
Кітаптың атын, авторын білмесем де, ішінен түсінгенім осы еді Ертеңіне әжем қолына қызыл ту алып, бірінші рет Май митингісіне шықты. Бұл бүкіл аналардың қамқоры болған адамға сенушіліктің күштілігіне еді.
Кейін, 29 жылы Ленинградта сол кітапты талқыладық. Ол кітап Максим Горькийдің «Анасы» екен.
1931 жылы Түркістан барғанда Максим Горькийдің үлкен портретін ала бардым.
— Бұл кім? — деді әжем.
— Бұл баяғы өзі берген кітапты жазған «барлық аналардың жанашыры» болған адам, — дедім мен.
Мәдениет жолы баспаған Азияға, хат танымайтын, қала көрмеген қара халықтың анасына да «барлық аналардың» қамқоры болып жете алған ұлы адамның ұлы шығармасымен мен осылай танысып едім.
Мен, Барбюс пен Горький жөнінде айтып отырғанда, олардың ұлы шығармаларының жүрек толқытатынын, әрбір оқыған адамның өміріне өзінше бағыт сілтеп беретінін айтпақшы едім. Бұл жалпы роман туралы, роман жазу туралы әңгіме еді.
Мен жазушы болғым келді. Горькийге ұсап жағалауда, теңіз желіне кеудемді төсей отырып, Макар Чудралардың әңгімесін тыңдағым келді Бұл Горькийдің әсері еді Горькийге еліктеп, теңіз жағалап көп жүрдім. Сұңқар жырын Горькийге айтып берген қойшы жолықса екен деп көп іздедім. Бір күні бір қойшыға жолықтым.
— Горькийді білесің бе? — дедім.
— Білгенде қандай, колхозымыздың аты — Горький.
— Сұңқар жырын оқып па едің?
— Я
— Сол сияқты жыр айтып бересің бе?
— Ондай жырды қайдан айтайын, өйткені оны дүниеде бір-ақ рет туған Горький жазған. Бірақ бір ертегі айтайын.
Сонда қойшы шал маған осы «Терек пен қызыл гүлді» айтып берді.
«Терек пен қызыл гүл»
Текше таудың бауырында, мөлдір бұлақ жағасында ұзын терек болатын еді. Бұл терекке жақын жерде, қалың шөптер арасында, жылда жайнап шешек атып, айналаға жұпар иісін тарататын бір қызыл гүл есетін еді.
Саяхатта жүрген жастар, мөлдір бұлақ жағасына көркем терек саясына кеп отырып демалатын, қызыл гүлдің жұпар иісін таза ауада еркін жұтып көңілденіп, шаттанатын.
Бір күндері бір сұлу қыз келіп бұлақ жағасынан қызыл гүлді керді-дағы қасына кеп отырды. Мен білем бе себептерін: қыз жүріп қызыл гүлге жақын болған ғой ежелден, әйтеуір ол содан кейін күнде келіп қызыл гүлді сылап-сипап мәпелейді Жан-жақтағы кесір етер, сәнін бұзар шөбін жұлып, әдемі етіп өсіреді.
Көкке мойнын созған терек, тәкаппар боп өскен ғой, ол іші күйіп қызғанады, сұлу қыз да қызыл гүл екенін қайдан білсін, сүйілген сұлу гүлге құмар болатынын қайдан білсін, қыз жүрегін ұрлап алған қызыл гүлді көп ойланып, мұқатпақшы болады терек.
Таң алдында қызыл гүлдер шешек атып сыланғанда, сұлу қыздай таранғанда, ұзын терек дөрекілеу сөз бастайды:
«Е, қызыл гүл, таң атарда шешек атып сыланасың, сұлу қыздай таранасың, бірақ сен гүл, табиғаттың сені әбден мазақ етіп, қор қылғанын сезесің бе? Өсімдіктердің ішіндегі ең жаманы сен боласың, ұзындығың бір-ақ тұтам, алабұта, қамыстардан бойын озып, мойнын асып еш нәрсені көре алмайсың. Ағаштарға патша, ұзын терек мен боламын, жер бетінде не болса да көріп, биік тұрам. Алабұта, қамыстардан басқа нәрсе көре алмаған сен де өзіңді ұялмастан бақытты деп санайсың-ау!»
Шешек атқан алқызыл гүл саспай былай жауап береді.
«Тәкаппар боп өскен терек, ақылың қысқа, бойың ұзын... Бойым қысқа болғанымен, адам маған бақыт берген. Жүз жыл өмір сүрсең-дағы, тастан басқа нені көрдің, тау артында нелер барын сен білмейсің, сезбейсің де.
Сен де тассың, қозғалмайсың. Күнде маған кеп жүрген қыз мені, қызыл гүлді қолына ұстап, самолетпен аспанға ұшты, тау артында нелер барын өз көзіммен көріп түстім. Мұндай құрметті мың жылда да сен көрмессің. Бір орында тастай қатқан, ұзын терек болғаннан да, бір орыннан қозғала алмай, өмір бойы тұрғаннан да, бір-ақ рет аспанға ұшып, айдай сұлу қызды құшып, жер бетіне түскен артық...»
Терек мұны тыңдап алып, былайша деп сөз қозғады:
«Сен де, қызыл гүл, мақтануға себеп те жоқ, желеу де жоқ. Сорлы гүлім, менімен теңесуге саған қайда? Мен өскелі жүз жыл болды, әлі жүз жыл жасармын мен. Ал сен болсаң бір күндіксің, бір-ақ күндік өмірің бар. Бүгін барсың, ертең жоқсың, бүгін таңда шешек атсаң, ертең қурап соласың. Әй, сорлы гүл, сөйте тұрып маған қарсы сөйлейсің-ау!»
Күн сәулесін жұтып жатып, қызыл гүл қысқа ғана былай жауап берді.
«Ұзын терек жүз жыл жасап нені білді, нені көрді?
Халыққа жеміс бердің бе? Әуеге жұпар иісін шаштың ба? Бір күн өмір жасасам да, жер жүзін мейрам күні бүкіл халыққа бақыт берген, бұл халыққа сәуле сепкен Ұлы көсем кеудесіне сыйлық болып тағылдым мен.
Ұлы көсем жүрегінің соғуын да есіттім мен. Сонда бұл жерді жүз көсем жаққа кезікті, көсемдеп бір шоқ гүлді жер жүзін бәрі көрді. Бұдан артық бақыт бар ма? Бұдан артық құрмет бар ма? Тау мен тастың арасында елге ешқандай жеміс бермей жүз жыл өмір сүргеннен де, Ұлы көсем кеудесіне 15 минут тарылған соң қуарғаным жақсы емес пе?..»
Көргенімді мен де айтайын, енді кезек келсе маған, мейрам күні жайнап кет қызыл алаң.
Қарап тұрсам көзім тігіп, халқы берген гүлді кеудесіне тағып алып, ұлы көсем келеді екен. Ұлы көсем-ол данышпан.
Қиялшыл боп тұрған шал ем, былайша ой ойлаймын:
«Бір-ақ рет ұлы көсем кеудесіне тарылған гүл осыншама қуанды. Ал көсемнің кеудесінен мәңгілікке шықпайтұғын, еш уақытта құшағынан, жүрегінен кетпейтұғын жастардың да бір арманы бар ма екен!» — деп ойлаймын мен...
Мен жазушы болам деп жүрмін, романның сюжет жағы жүрегіңнің соғуы болған ұлы бақытты, армансыз жастарды-романның темасын осылай тапқан едім.
Мәңгілік өмір туралы жыр
Кешке таман, таудан тұман жылжи түсіп, теңіз бетін қаптайды. Сонсын кішкене екпін соғып, тұманды үрлеп тұрып, жоқ қылып жібереді. Сонда көк теңіз айнадай мөлтілдеп керіліп жатады.
Теңізде шек жоқ әлдеқайдан барып көкжиекке қосылып кетеді. Күні бойы толқын соғып есеңгіреген теңіз жағасы тыныш-ақ.
Арқамыз — тау, алдымыз — теңіз, су жарасында біз отырмыз. Мен, Рақмет, Сейтен, Валентина. Ортамызда — Төлеңгіт жыршы.
— Аға, әңгіме айтшы — дейміз біз.
Төлеңгіт камзолының түймесін арытып, ойланып, шексіз теңізге қарап біраз отырады. Әлден уақытта. «Қап, болмас!» дейді де, домбырасын алып өзінің өте жақсы көретін «Мәңгілік өмір» жөніндегі жырын айтады. Біздің де естиік де ынтығып отыратынымыз осы болған соң жыршыны қоршай түсеміз. Төлеңгіт аққудай саңқылдап, теңіз тыныштығын бұзып, шағалаларды шулатады.
«Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,
Өлім деген суық сөздің ішінде мен жүр едім.
Өмір деген өксігімді баса алмастан жүр едім,
Бір жабыққан көңілімді аша алмастан жүр едім.
Күнде күліп ататұғын, ақ сәулелі алтын таң,
Бұлбұлының үніменен меш былай жыр қылған:
Арқаның ардагері, ақын Жырау,
Алдында қазылған ор, қалың шырмау.
Өмірге екі туып, екі келмей,
Арманда, есіл ерім, кетесің-ау.
Бір адамның, бір өмірі маған аз ғой деуші едім,
Туып, өліп кетуді де маған аз ғой деуші едім
Ағаш — екеш ағаш тағы кеп көгеріп, қуарар,
Сенің өмірің бір — ақ рет көгерер де, суалар.
Ебелектей ербең етіп жер бетінен кетерсің,
Өмірінде өзін жеңді біз қалдырмай етерсің.
Өмip деген өксігімді баса алмастан жүр едім.
Өнерімнің барлық гүлін аша алмастан жүр едім.
Өмірімнің де; уақыттың да сарындарын мен көрдім.
Мола болған ғасырлардың қабірлерін мен көрдім.
Мың жылдардың қу сүйегі-мола ішінде мен тұрдым,
Көп ғасырлар өтіп жатқан жол үстінде мен тұрдым,
Кең даланы баурына алып қара түн де қаптады,
Молалардың жұмбақтарын қараңғыда сақтады.
Жерді, шөпті қозғап, түртіп, үрлеп ұшып жел кетті,
Өлген өмір, жансыз жанды су бетіндей тербетті
Көп ғасырлар түйіскен жер, бұдан шығар мың тарау.
Мола үстінде желбірейді қара шашақ бір жалау.
Мол болған соңғы ғасыр-сол қабірдің түбінен,
Үн шығарып сөз сөйлесті бір қарт кісі менімен:
«Елу жылдар бұдан бұрын өлген едім, жан балам,
Танымасаң енді тағы, сен немерем, мен бабаң.
Бұл өмірде сексен жасап өліп кеткен адам ем.
Мойнымдағы міндетімді атқардым деп санап ем.
Жер бетінде сүйретіп жүрмін елім бір ғасыр,
Ол ғасырдың сүйетұғын ұлы жоқты жанашыр.
Жер бетінде сүйретіліп жүріп еді бір Датқа,
Қан арқылы, мал арқылы жеткен, шіркін, мұратқа.
Күнгей менен теріскей боп сұлап жатқан дала еді,
Сол далада қазақ деген сорлы халық бар еді
Бетегеден биік еді, аласа еді жусаннан,
Қайтқан құстай кейін жүрген, бақыт көрмей қашаннан.
Жел білетін ұшатынын, сай білетін қонарын,
Құдайы да, адамы да ойламаған обалын.
Сол халықтың Датқа жүрген жаншып, басып арқасын.
Қаннан арық ағызған ол, сусын ішіп қанғасын.
Бұл жауыздың сұмдықтарын, ойлап біліп түсіндім.
Бір күн барып ат үстінен жұлқып оны түсірдім. —
Ер үстінде ұйықтамасаң атқа мініп нең бар еді!
Халық қамын жей алмасаң, Датқа болып нең бар еді?
Домалатып сабап алдым жұрт алдында Датқаны,
Жерді жарып осы хабар сардаланы қаптады.
Мені сонда елден асқан батыр деді тамам жұрт,
Қайтпас қайсар арыстанның атын берді маған жұрт,
Жаным балам, тозбаушылық, өшпеушілік қайда екен,
Мәңгі жасау, еш уақытта өлмеушілік қайда екен?»
Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім.
Өнерімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім,
Бәсе, қане, мәңгі жасау, өлмеушілік қайда екен?
Өте ұмытшақ уақытқа көнбеушілік қайда екен,
Сонан бері кеп іздедім өлмеушілік жасауды,
Мәңгіліктің етегінен мәңгі түрде ұстауды...
Қызығына келе жатыр түйдектеліп жыр енді,
Бұл дәуірдің бас кезі еді, 20 жыл еді
Алыстағы ауылыма келе жаттым ат жегіп.
Құба жоннан құлай тартып, бір аяңдап, бір желіп.
Бір уақытта жол үстінде бір қарайған көрдім мен,
Желе-жортып, жүрек толқып жақындап-ақ келдім мен.
I
Келіп төнсем: бір жас жігіт қызыл қанға боялған.
Жараланған, әлсізденген, елуге де таянған.
Көрініп тұр бір кісіге бірнеше адам жабылған.
Оң жақ қолы шынтағынан балтаменен шабылған.
Шабылған он қол үстінде кітап толған жәшіктің.
Жаралының аузынан мен жалынды сез есіттім:
«Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,
Анау әне жәшіктеп кітаптарды оқып па ең?
Ол кітаптар — ұлы Маркс, Лениннің еңбегі,
Ол еңбектер мәңгі жасау, өлмеушілік өрнегі.
Сол еңбекті өлмейтұғын, өшпейтұғын ағатай,
Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.
Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде құлатты,
Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.
Соны мықтап ұстап жатыр мені қолым кесілген,
Өлсем-дағы, өлмеушілік шығар емес есімнен.
Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,
Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.
Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай.
Бұрала басқан соқпақты жол, бұрылып қырдан асқанда,
Ақтық сөзін маған айтты, қарап тұрып аспанға:
«Бір сыр бар еді сақтап жүрген жүрегімнің түбінде,
Сол сырымды айтайын мен, өлмей тұрып тірімде.
Қарап тұрсаң, төңкеріске, отанына, тарихқа.
Адамдағы қымбат қасиет-берілгендік халыққа.
Бүкіл халық мақсаты бір, барлығында бір ниет,
Отан үшін басты беру бәрінде бар қасиет.
Менде бар еді берілгендік, сүюшілік Отанды.
Сондықтан да төңкерістің солдаты боп атандым.
Менің қаным миллионның тамырында ағады.
Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады.
Менің бақытым, қуанышым бүкіл елдің болады,
Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өседі, жанады.
Маған қымбат барлығынан-бермегендік көсемге,
Ол берілген миллионның жүрегінен өшер ме?
Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де, өлмеймін,
Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да, сөнбеймін.
Оңтүстіктің ыстық күні батыс жаққа барғанда,
Қырқа, қырлар қарауытып әлдеқайда қалғанда,
Дала еркесі тентектеу жел құшақтап шөпті алғанда,
Соңғы сөзін ол арнады бақыт жолын салғанға.
Қырдан, таудан, судан асып, қызарып жанып күн батты,
Күнмен бірге мәңгілікке жаралы жан жол тартты,
Сол уақытта есім ауып, мен арбадан құладым,
Бар даусыммен шын жүректен айқай салып жыладым.
Айдалада жалғыз өзім барлық жерді қозғадым,
Жалғыз ұлы өлген ана сияқты боп боздадым...
Мәңгі өмір өлмеушілік осылайша табылған,
Бақытпенен, Отанменен қаланып бірге салынған.
Менің құрдастарым
(Романға баратын жол)
Бұл тақырып мені көп ойландырды. Мен қайыршылар мәселесін шешпекші болған Олеша сияқтымын.
Мен романда жазып отырған Рақмет бір күш маған былай деді.
— Саттар, сен қалай жазғың келеді? Олешаша жазғың келе ме? Олеша өте нәзік жазушы ғой. Ол шын жүрекпен, жүрегінің отымен, жанын ортаға сала жазады. «Студент Орлов менің қарындасым Верамен жүретін еді. Осы арада бір түрлі ашықтық сырын жасырмаушылық көрініп тұрған жоқ па?
Мен үндегенім жоқ.
— Тақырып сенің жүрегіңді толқыта ма? — деді ол маған.
— Я....Бірақ мен Олеша емеспін ғой — дедім мен.
— Дұрыс-ақ. Сен Олеша емессің, сондықтан сенің жүрегіңді толқытады — деді ол.
Я, менің ойланғаным рас. Мен өзімнің досым жөнінде жазбақшы едім, сондықтан ол жөнінде өтірік айтуға менің қақым жоқ еді. Мен осылайша шын жүрегімнен, адал көңіліммен ашық жазбақшы болдым. Бірақ шын жүректен жазушылықтың, адал көңілділіктің өзі менің әңгімемнің тақырыбы болып кетті.
Бұл былай болған еді:
Ол баяғыда қойшы болған, оның артынан инженер атағын алып, Қарағандыда учаске начальнигі болған. Ол көркемөнерді өзінің учаскесінен гөрі жақсы білетін еді Көркем әдебиеттің көмескі соқпақты жолымен штректе жүргендей боп жүретін. Скрипка жөнінде сөйлесе, өзінің шахтерлік лампасы жөнінде айтып тұр ғой дейтін еді. Флобер жөнінде өзімен бір курста бірге оқитын студенттерінен артық білетін еді Ол Александр Прокофьевтің барлық өлеңін жатқа білетін. Ол жаңа туған інісіне Кристов деп ат қойған. «Ромео Джульетта» трагедиясының бүтін сахналарын жатқа айтатын. Ол Кузьма Прутковтың барлық афоризмін білетін. Ол «Русалкадағы» Мельник ариясын жақсы айтатын. Оның квартирінде Иоганн Себастьян Бах пен Спинозаның портреті ілулі тұратын. Оның үлкен кітапханасы бар еді Ол кітапханада ұлы Лениннің томынан бастап Джемс Джойстың «Улисына» дейін бар еді Көп адамдар мұның бәрін қайдан біледі деп таң қалатын. Мен мұның бәрін қайдан білетінін жақсы білетін едім. Терең білетінін де білетін едім. Бірақ мен де таң қалдым. Оның себебі мынау еді:
Ол Долбы жазығында туған. Ол көш үстінде туып жерге, шөпке шырылдап түсе қалған еді. Оның арқасы бірінші рет көрпеге емес, даладағы жерге тиген еді Ол еш уақытта да Бетховеннің атын, Рембрандтың атағын есітпеген еді. Бұл далада еш уақытта да скрипка даусы сыңсымаған. Бұл жерде еш уақытта Гомер аты аталмаған, бұл даланын үстін басып Беранже өлеңін білетін адам еш уақытта жүрмеген. Бұл арада бір-ақ таныс нәрсе бар еді ол күн еді. Бұл арада сексеуіл бар еді, бірақ ол да жалғыз еді.
Рақметтің шешесінен сұраңызшы, ол өмірінде қаланы көрді ме екен? Москва деген сөзін естімеген. Рақметтің әкесінен сұраңызшы, ол өмірінде қағаз көрді ме екен? Сия деген сөзді есітті ме екен?
Бұл Долбы жазығында мәдениет болған емес.
Я, ол осы арада туған еді Осы далада туып, осынша ғылымды біліп үлгергенше мен таң қалған едім.
— Сен бекер таң қаласың, далаға қарашы — деді ол маған.
Мен сонда оның себебіне түсіндім.
Сөйтсем, даланың өзі өзгеріп кеткен екен. Күш кеше бұл далада заманымыздың Ұлы адамы Сергей Миронович Киров болған екен. Бұл далаға мемлекеттік музыка театры келген екен. Бұл даланы Ленинград жазушыларының бригадасы аралап жүр екен. Бұл далада қызыл гүл есе бастапты. Газеттер шығарылып, трактор жүре бастапты. Бұл жерде көсем аты күн деген сөзден де танысырақ болып кетіпті. Бұл арада Максим Горький атты колхоз ұйымдасыпты. Бұл жерде Батыс Европаның ешқандай халқы көрмеген жаңа өмір мәдениет құрыла бастапты. Менің есіме Эдгар Поның «Шындық — фантазиядан да күшті деген сөзі осылай түсініп еді.
Дала Долбы жазығы деп аталушы еді.
Ауыл Долбы аулы еді. Мал Долбынікі еді Рақметтер Долбының малшысы еді.
Осынау далада Долбы деген бай болған еді, сол дала да, мал да, ауыл да, малшылар да Долбынікі еді. Ауадан басқа заттың бәрі Долбы деген сөз арқылы аталушы еді. Рақметтер үрім-бұтағымен қойшы болып келе жатқан. Рақметтің әкесі, бабасы — барлығы қойшы болған. Рақметтің бабасы ыстық күнде қой қайырып жүріп, былай деп өлең айтушы еді.
Далада қойды бағып көп жүремін,
Бай малынын қамдарын жеп жүремін.
«Малдың қамын қойшы жер, қойшы қамын
Жейтін адам бар ма екен?» деп жүремін.
Рақметтің әкесі де:
«Малдың қамын қойшы жер, қойшы қамын
Жейтін адам бар ма екен? — деп жүремін —
деп өлең айтатын. Рақмет те осы белгілі ата өлеңін айтып, қойшы болуы керек еді. Бірақ ғасырлар бойы қойшылықпен келе жатқан атаның заңын бірінші рет Рақмет бұзып жібердік. Бұл батылдықты қала да, ауыл да күтпеген еді.
Мүмкін ол өзінің қамын жейтін адамын тапқан болар. Бірақ мұны ауыл білмеген еді Ол жұмбақты түрде бұзды. Ол үшті-күйлі жоқ болды да кетті
Ауылда кейбіреулер Рақметті қасқыр жеп қойды деп жүрді. Кейбіреулер басмашы алып кетті дегенді құрдас дегенді шығарды. Үшінші біреулер шайтан айналдырып, қаңғыртып жіберген деген өсек таратты. Мәуленнің әйелі «Маған біреу айтты. Рақмет бұзылған қыстаудың ішінде отыр екен. Айналасы жанған от екен» — деп өсек таратты.
Бірақ Рақметтің қасқыр да жеген жоқ еді, басмашы да алып кеткен жоқ еді, шайтан да айналдырмаған еді. Ол өзінің барлық күшін жинап, айға ұмтылған арыстандай шапшыған болатын. Сөйтіп, ащы, көңілсіз күндердің, жылдардың, ғасырлардың дәстүрін бұзды. Ата қуып келе жатқан заңның сабақ жібін үзді. Бірақ оны өзі сезбеді. Мүмкін, ол ешқандай жіпті үзбеген шығар. Оны басқа нәрсе үзген болар. Әлдеқайда тау жарылып жатқан жоқ па еді, жер астындағы күштер қозғалып жер сілкініп жатқан жоқ па еді. Бірақ Рақмет мұны да сезбеді. Ол, шынында, ешқандай сабақты жіпті үзгісі келген жоқ. Оның жіпті үзбегені рас, бірақ үзу үшін емес, тіптен ұстап қараңғыдан жарыққа шығу үшін іздеді. Ол арқан көздеген жоқ, шынжыр іздеген жоқ, құрсау іздеген жоқ, өйткені оған қол жетпейтін тәрізді еді. Ол тек жіпті іздеген, сабақ іздеген еді. Бірақ осы іздеушілікті өзі жер астындағы күштердің толқуы, қозғалуы еді.
Сол уақытта Рақмет өзінің қамын жейтін адамды тапты. Ол адамның басында басмашының бөркі жоқ еді ол қасқыр тісті емес еді ол қасқыр мен басмашыларды аулап жүрген адам еді. Қасқырлар мал етіне місе тұтпай, адам етін жей бастады, басмашылар адамның да, малдың да етін қоса жеді. Қасқырлар адам құсап үйде отырды да, басмашылар қасқырдай дала кезді. Басмашы болған бұрынғы пристав еді. Қасқыр болған Долбы еді. Анығырақ айтсақ, қасқыр басмашы еді де, басмашы қасқыр еді.
Рақмет басмашының да, қасқырдың да қолына түспеді. Оған дәуір күліп қарады. Ол бақытқа кездесті. Ол өзінің қамын жейтін адамды осылай тапты. Ол сондықтан әкесінің, бабасының қой жайғандағы өлеңін айтқан жоқ. Ол осылайша дәуірге жолықты. Дәуір оған қызыл әскердің киімін киіп келді.
Бұл былай болған еді:
Рақмет қозы бағып жүрген. Ойламаған жерден ерте туған көпей көк қозы жоғалып кетті. Сонда Долбы тоғыз жасар Рақметті шырылдатып тұрып сабады. Рақметтің әкесі Төлепті де сабады.
Төлеп үйіне келгенде Рақмет жылап төр алдында жатыр еді Таяқ жеген шал ашуға шыдай алмай, жуан таяғымен Рақметті салып қалды. Рақмет талып қалды. Ол көзін ашып алғанда үйде ешкім жоқ еді, тек үш жасар қарындасы Сағадат ұйықтап жатыр еді. Рақмет есіктен шықты да, беті ауған жағына қарай кетті. Оның ешқандай ойы да болған жоқ. Кеудесін кек қысты. Күн батып, теп-тегіс даланы қараңғылық басқанда Рақмет өзінен-өзі жылап жіберді. Өне бойына қорқыныш пайда болды. Бірақ жансыз дала керең еді.
Бір уақытта осы қараңғылықтан қылаң етіп бір аттылы адам көрінді. Рақмет үн шығарған жоқ.
— Бала, ей бала, қайдасың? — деді аттылы адам.
Рақмет жай ғана даусын шығарды, аттылы адам Рақметтің аты-жөнін сұрады. Рақмет тағы жылап жіберді. Жылап тұрып барлық сырын айтып берді. Аттылы адам Долбыны бір боқтап алды да: «Жүр менімен бірге, мен сенің еншіңді алып берем» — деді.
Рақметтің таныс емес, жат ауылға барғысы келмеді. Бірақ қоршаған қараңғылық ауылдағы байды,әкесі Төлепті, қырық тесік үйін есіне түсірді. Даланы басқан қараңғылық Рақметті қорқытса, түннен де қараңғы ауылдағы өмірі одан сайын қорқытты. Рақмет көнді. Аттылы адам Рақметті артына мінгестіріп алып: «Белімнен мықтап ұста» — деді. Желе-жортып үлкен жолдың ернеуіне келген де, аттылы адам:
— Менің атым Тұрар, есіңнен шығарма. Онан соң есіңде болсын, сенің әкең Төлеп емес, Дәуір. Біздің дәуір. Еш уақытта есіңнен шығарушы болма — деді.
Рақмет Дәуірдің кім екенін білген жоқ. Оған бұл өз жұмбақ еді, сонда да ішінен« дәуір, дәуір» деп бір-екі рет айтып қойды. Екеуі бірнеше сағаттан кейін қалаға жақындады. Сол уақытта Тұрар:
— Менің бір балам бар, оның аты Сейтен, ұмытпа, Сейтен, сен онымен дос боласың — деді.
Бір мезгілде қараңғылықты қақ жарып бір адам шыға келді. Ат теуіп кетті. Рақмет құлап түсті. Қараңғыдан шыға келген адам мылтықты атып жіберді. Тұрар кесілген теректей теңселіп барып жерге құлап түсті. Мылтық атқан адам, атты ұстап алып мінді де, қараңғылықты бүркеніп жоқ болды. Шығыстан көтеріліп таң атып келе жатты. Қозғалмастан ыңыранып Тұрар жатты. Барлық күшін жинап:
— Рақмет, сенің әкең Дәуір болады. Еш уақытта есіңнен шығарма, оның балалары көп. Сен оған барасың — деді.
Екі минуттен кейін даусын зорға шығарып:
— Менің балам бар. Сен соның досы боласың — деді тағы да.
Рақмет:
— Ағатай! — деп жылап жіберді.
Тұрар өлерінің алдында:
— Рақмет, менің қалтамда орамалым бар, алып берші — деді. Рақмет алып берді Тұрар өзінің қанына саусағын малып алды да, орамалға «Д» деген әріпті жазды.
— Мынаны ал, сені орналастырады. Сен Дәуірдің ұлы... — деп өзгесін айта алмады. Рақмет Тұрардың денесінің мұздап, өлікке айналып бара жатқанын сезді.
Қаладан аттылы қызыл әскерлер келді. Комиссар қапылыста жау қолынан өліп кеткен Тұрардың қабірі үстінде сөз сөйледі. Тұрарды да, Рақметті де қызыл әскерлер қалаға алып кетті. Рақмет орамалды командирге берді.
Рақметті үлкен тас үйге алып келді. Кровать, көрпе, матрац, жастық берді. Шалбар, көйлек камзол берді. Етік берді. Күніне үш рет тамақтанатын болды. Бұл арада балалар көп еді, интернат өміріне Рақмет үйрене бастады.
Бірнеше күннен кейін Рақметті оқытушы қыз шақырып алды. Қыз күліп тұрып:
— Қалқам, әкеңнің аты кім? — деді.
Рақмет: «Тұрар айтқан Дәуірдің ойы осы екен ғой. Мынау соның қызы екен ғой» — деп ойлады.
Қыз әкең кім деп сұрағанда Рақметтің ойына Тұрар түсті. Қанмен жазылған әріп бар орамал түсті. Рақмет еш уақытта әріп көрген емес еді. Бірақ «Д» әрпі өзінің әкесіндей-ақ ап-анық болып, көз алдына елестейді де тұрады. Рақметтің есіне Дәуір деген сөз түсті. Сол уақытта шын жүрегінен, адал көңілмен:
— Әкемнің аты — Дәуір — деді Рақмет.
Қыз түсіне алмай қалды:
— Не дейсің?
— Тұрар ағай, әкең Дәуір деген маған.
Қыз дәптеріне Рақмет Дәуіров деп жазып алды.
Рақмет мектепке барғанда қолына әліппе берді. Әліппені аша салып «Д» әрпін тани кетті. Көз жазбастан біраз қарап отырды.
— Қане, қызық па екен? — деді оқытушы әйел.
— Мен білемін — деді Рақмет.
— Нені білесің? Әріптерді ме? Қызық екен, оны қайда жүріп білдің, қане, әріптер қалай жазылады екен, жазып көрші.
— Әріптер қанмен жазылады — деп жауап берді Рақмет.
Рақмет әдемі сөйлеуді, әсем сөйлеуді білуге әлі жете қойған жоқ еді. Ол сауаттылыққа, білімге Тұрардың қаны арқылы жетіп отырғанын сезе қойған жоқ еді. Ол тек шын жүрегінен жауап берді. Адал көңілмен айтты. Ол, сүттей ақ ниетімен өмірі естімеген, білмеген, жұмбақ Дәуірдің ұлы болды.
Рақмет тек адамдарды білетін еді. Ол адамдардың түрлі-түрлі аттары болатын. Рақмет жылқыны, түйені, қойды білетін еді. Бұлардың ешқандай аттары болмайтын. Сондықтан да Дәуір деген сөз адамның аты сияқты болды да тұрды. Рақмет адамнан, қойдан, түйеден басқа еш нәрсені білмейтін. Міне, менің кейіпкерімнің ақ көңілдің, таза жандылығы, шын жүректен сөйлейтіні бірінші рет осылай көрінген еді. Рақмет осылай Дәуірдің ұлы болған. Мен экспозициямды осылай жазғам.
Мұның шын экспозиция болатынына көзім жетпейді. Бірақ әңгіменің түйінінің енді басталатыны рас. Бұл түйін 1929 жылы Рақметтің 10 жылдық мектепті бітіріп, Ленинград тау-кен институтына түсіп, Қарағандыға инженер боп келгеннен кейін басталады. Әңгіменің түйінін менің достарым-улы Дәуірдің мыңдаған ұлдары-басынан кешірген институт оқуынан кейін басталады. Ол түйін былай басталады.
«Рақмет бәрінен бұрын Илья Оренбургты, Олешаны, Александр Прокофьевті жақсы көретін еді. Ол «Күн екіншіні» үш қайтара оқып шықты. Сонан соң қарындасынан:
— Менің қаным қызып, жүрегім толқып кетті. Мусоргскийді тартып жіберіп — деді.
Ол «Күн екінші» қайта-қайта оқып, әpбір сөйлемін аударып, әлдебір нәрсеге дайындалып жатты. Бірнеше күн еткеннен кейін өзінің учаскесіндегi комсомолдарын жинап алып, романды көпшілік түрде оқи бастады. Көп шахтерлер-комсомолдар, орыс тілін білмейтін. Рақмет әpбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. Рақмет оқып құрдас болғаннан кейін жан-жағына қарап алды да:
— Қалай дейсіңдер, біз жөнінде болып отырған жоқ па? — деді.
Ең алдымен орнынан Мәулекеш тұрды.
— Басқаны білмеймін, әйтеуір Оренбург мені әкем жөнінде жазып отыр. Әкем көшпенділікке ұшыраған еді. Ол Қарағандыға келгенде социализмнің не екенін де білмейтін. Оған нан мен киім керек еді. Ал енді, ол қазір Қарағандының маңдай алды адамы — деді Мәулекеш.
Я, бұлар да Оренбургты сүйетін.
Бір күш Рақмет газеттен «Знамя» журналының З-номері шықты деген құлақтандыру оқыды. Бұл журналда Оренбургтың жаңа романы басылған еді.
Рақмет түнімен ұйықтаған жоқ. Ертеңіне барлық складты актарып шықты. Бірақ журнал табылмады.
Кейінде шахтер Халел осы журналды тапты. Ол журналды әдемілеп газетке орап, чемоданға салып, оны қолына ұстап, Рақметке келді.
Рақметтің үйінде журналды стол үстіне қойды да:
— Табыс жөнінде рапорт берем — деді.
Рақмет журналды қолына алып:
— Қалай таптың? — деп сұрады.
— Алматыдан Тұраров деген қазақ ақыны келді. Сол ала келіп — деді Халел.
Рақмет қарғып тұрды. Басы айналғандай болып кетті. Кезге көрінбейтін бір адам: «Рақмет, сен Дәуірдің ұлысын» — деп сыбыр ете қалғандай болды. Мүмкін, бұл ойы шығар. Мүмкін, бір нәрсе есіне түскен болар... Рақмет жалтақтап жан-жағына қарады. Бірақ Халелден басқа ешкімді көре алмады. Орнына қайта отырды. Не болғанын енді түсінді — Егер мен шақырсам ақынын біздің үйге келе ме? — деді.
— Ол өзі жақсы жігіт. Өзің сияқты жап — жас-ақ, комсомол мүшесі. Мен айтайын, ол сезсіз келеді үйіне — деді Халел қарт.
Халел есіктен шыққанда, Рақмет артынан айқай салды.
— Аты кім екен оның?
— Сейтен — деді Халел.
Кешке Сейтен келді. Олар осылай кездесіп, Сейтен, бізге мәлім баяғы Тұрардың баласы — Сейтен менің әңгімеме осылай кірді.
Ол темір жол депосының слесары еді. Оның аты Сейтен болатын. Кәдімгідей өлең жазатын. Екі жылдай дайындалып жүрді де, үшінші жылы Москвадағы әдебиет институтына түскен. Ол үшінші курста оқып жүргенде мынадай бір уақиға болды.
Сейтен театр институтындағы жолдасына келе жатып, жатақхананың алдына тоқтай қалды. Анадай жерде он алты жасар бір қыз тұр еді Жастар волейбол ойнап жатыр. Сейтен тоқтады да, орнынан қозғалмады. Ұятты да ұмытты. Бір уақытта: «Осыны қайда көрдім» — деді.
...Жоқ, ешқайда көрген жоқпын: Өйткені бұл Валя ғой, Валяны білесіңдер ме, ол әне, анау тұр. Тек бұл Валяның көздері үлкен қап-қара екен. Ал, ана Валяның ше? Ол, қазір Сейтеннің есінде жоқ, бірақ мынаның Валя екені рас, әйтпесе еш жерде кездеспеген Валя есіне неге түсе кетті. Неге бұл қыз Валя сияқты болды. Бұл қызды көргенде неге Олешаны еске түсірді. Бұл сол романдағы Валя ғой Деп ойлады Сейтен.
Валяның үстінде қара труси бар, аяқтары жалаңаш, барлық дене құрылысы көз алдында тұр. Аяғында ақ туфли, оны шұлықсыз киген. «Ойпырмай!» — деді де Сейтен жүре берді.
— Соня, мына кісі неге сізге түңіле қарайды? — деп біреу айқай салды қызға.
— Білмеймін.Бір кавалер болар. Іші күйіп тұрса керек — деп қыз күліп жіберді.
Сейтен кенет артына жалт қарады. «Шырағым, мен де сол жөнінде айтып тұрмын, бірақ мен кавалер емеспін, Володямын!» — деп айқай салғысы келді. Бірақ өзінен-өзі тоқтатты. Осы күннен бастап ол қайғыланатын болды. Ол бұрын сүңгіп көрмеген еді. Әрине, бұл жолы да солай, бірақ-әңгіме қыздың тәлкек қылғанында ғой.
Бірақ ертеңіне орыс әдебиетінің мұғалімі: «Бүгін неге көңілсізсіз?» — деп сұрағанда Сейтен:
— Мен Валяны көрдім. Олешаның «Қызғаныш» атты романы есіңізде ме? — деді.
Институтты бітіргеннен кейін ол Алматыға барып, сол жақтан Қарағандыға келді
Сейтен Рақметтің үйінде отырды. Рақмет бір рюмка қызыл арағын ішіп алды да:
— Сейтен, мені тыңдашы, сенің әкең маған Дәуірдің баласы бол деп тапсырып еді; жалғыз балам Сейтеннің досы бол деп тапсырып еді. Мені балалар үшін орналастырып еді, мен онда Дәуірдің не екенін түсінбеп едім, бірақ шын көңілмен, шын жүрегімнен беріліп едім. Дәуір деген эпоха деген сез екен, Дәуір деген социализм Дәуір екен. Мен осының баласы болып шықтым. Бірақ мені бір нәрсе істегім келеді, саған аса бір қымбат құрмет көрсеткім келеді өмірдегі ең тәтті, ең артық минуттарымды саған арнап, саған ерекше кызмет еткім келеді. Мен саған өмірімдегі ең қымбат нәрсені бергім келеді. Мысалы мен қарындасымды саған бергім келеді. Түсінесің бе, Сейтен? Ол сұлу, ол музыкантша...
Рақмет үндемей отырып қалды. Бір минуттен кейін қайтадан сөз бастады.
— Мен жаманшылықтан, надандықтан, сасық құлықтан аулақпын, Сейтен. Мен біздің елден әйел теңінен жақсы білемін. Біздің қыздардың тек сүйгенше күйеуге шығатынын да білемін. Ешқандай зорлау деген бізде болмайды, болмақшы да емес, қызды әке-шешесі беретін уақыт әлдеқашан өткен. Бірақ менің ниетім Совет заңына қайшы келмейді. Сен түсінесің бе, Сейтен, мен шын жүрегімнен, адал көңілімнен айтып отырмын.
Сейтен мен Рақмет далаға шықты. Рақмет: «Айтам дегенімді айта алмадым» — деп өзінен-өзі ұрсып келе жатыр. «Мүмкін, қарындасын ақынға беріп, жағдайды пайдаланып қалайын деген ғой, деп ойлап қалар... Қызды Сейтен көрген жоқ қой. Ойпырмай, қазақшылығым қалмайды-ау!»
Бірақ Сейтеннің ойы басқада еді. Ол Москвада көрген «Валя» деп атаған қыз жөнінде ойланып келе жатыр еді. «Шіркін, осы арада алдымнан шыға келсе қайтер едім» — деп қиялданып келе жатыр еді. Бір уақытта Сейтен тұра қалды. Басы айналып, мен-зең болғандай болды. Валя деген ойы басынан шығып, қатарласқан түрде Сейтеннің алдына он шақты Валя болып тұра қалғандай болды. Сейтен кейін шегінді. Кейін кең ашқанда алдында баяғы Москвада көрген Валясы тұр еді.
— Шырағым, мен кавалер емеспін, мен комсомолецпін, сіз бұл жерге қалай келдіңіз?
— Ештеңе етпейді ол менің қарындасым ғой — деді Рақмет.
Валя-Рақметтің қарындасы еді. Бұл-баяғы тоғыз жасар Рақмет үйінен қашып кеткенде қалған 3 жастағы Сағадат еді. Сағадат ауыл мектебінде оқып, Алматыға келді. Артынан Халық Оқу Комиссариаты Москвадағы бір музыка мектебіне жіберген болатын. Мектепті бітіргеннен кейін, 1934 жылы Қарағандыға келген. Онда ол Рақмет бар деп естіген. Сағадат баяғы Москвада Сейтен көрген қыз еді. Достары Соня деп атайтын. Қарағандыда Сағадат шахты клубтарында концерт беріп жүрді. Қазақтан шыққан бірінші музыкант қыз болды.
Сағадат Сейтенмен дос болып кетті. Сейтенге Бахтың, Чайковскийдің, Шуберттің мелодияларын тартып беріп жүрді. Сейтен оған Гейненің, Беранженің, Светловтың өлеңдерін оқып беретін болды. Сейтен қызға сүю жөнінде еш нәрсе айтқан жоқ. Қыздың сүйетіндігіне сенімі зор еді. Ол қыздың ағасы арқылы жақындасқанына кішкене ұялыңқырайтын. Бірақ бір күш ойламаған жерден бір көмескі ой Сейтенге сап ете түсті. Бір буалдыр пікір, таңба, шіріген шөп мұның сүюін бүлдіретін сияқты болды. Қарап тұрсақ бәрі де орнында сияқты. Екеуі де жас, екеуінің де дені сау, екеуі де комсомол мүшесі. Сейтен өлең жазады, қыз скрипка тартады. Сейтен қызды сүйеді, қыздың да сүюі керек, бірақ Сейтеннің ойына бір нәрсе жетпейтін сияқты болады да тұрады. Бір қайғы, қапалық көкірегінен шықпай қойды. Мұның не екенін Сейтен білмеді. Қызға барарда жүрегі дірілдейтін болды. Сүйгенімен жолығу тәтті минут болмай, көңілдің қошын кетіретін болды. Сейтен баруды қойды. Адамдардан да қашатын болды. Бұл неліктен. Сейтен қандай қылмыс жасады? Сейтеннен қайыры не? Сейтен-ау, айтшы, қуанышың қайда, сенің қайғылануға правоң бар ма еді?
Сейтен күні бойы бір нәрсені жоғалтқан адамдай салбырайды да жүреді. Ол несін жоғалтты? Мүмкін, адамшылығын жоғалтқан болар? Мүмкін, қайнаған қуанышын жоғалтқан болар? Бірақ оны жоғалтатындай Сейтен не істеді? Оның ең жақын досын сатқан болар? Я, сүйгенін сатқан болар? Жоқ, бірі де емес? Сейтенге Алматыда қал дегенде, ол қалмады. Қарағанды жұмысшыларының арасына келіп мәдениет жұмысына кіріскен. Ол жолдасын да, сүйгенін де сатқан жоқ па?.. Міне, осы арада Сейтен күмілжіді. Бір минутте барлық жаманшылық сол жақтан келетін сияқты болды. Менің қай жақтан? Сағадаттан ба? Сейтеннің бойында құрдас-қорқыныш пайда болды. Бұлай болуды ол қаламайды, сондықтан айқай салып:
— Өтірік — дейді.
Бірақ жүрегінде түйін болған немене! Сейтеннің көңілі осы неге толмайды? Жетпей тұрған кемшілік не?
Бір күні Сейтен «Правданың» бас мақаласын оқыды. Бас мақала совет семьясы, бақытты қыздар, сүюшілік жөнінде. Бас мақалада:
«Біздің қыздар-дүниедегі ең бақытты қыздар. Біздің қыздар жетем деген бақытына жете алады, дәуірдің үлкен адамы бола алады, бізде әрбір қыз өзінің сүйгеніне күйеуге шығады. Әйелді сүймейінше зорлап қосу капиталдық айуаншылық. Қыздардың аға, әкесінің айтқанымен күйеуге шығуы бізде жойылды» — делінген. Сейтен сүюге күмән туғызып, жүрегіне қобалжу келтіріп, жанына қадалып болған тікенектің не екенін жаңа білді. Мен «капиталдық айуаншылық» жасаппын деген ой Сейтеннің жүрегіне инедей қадалды. Сейтен далаға шықты. Жүгіріп отырып Рақметтің үйіне келді. Сағадаттың бөлмесіне кірді. Амандаспай жатып:
— Сағадат, сенімен сөйлесуге бола ма? — деді.
Сағадат күлді:
— Болуы да мүмкін — деді.
— Сағадат! Осы сен меш сүйесің бе? Осы мәселенің шешімі келіп отыр.
— Ағай «сүй» дегенмен мен қашып қайда барайын.
— Ендеше, ағаңның көңілін қимай, өзіңізді зорлайды екенсің ғой, Сағадат!
Сағадат күлді.
— Солай болуы да мүмкін.
Сейтен орнынан түрегелді. Басын төмен салбыратып біраз тұрды.
— Сағадат! Сенің өзің сүймесең, ағаңның зорлайтын ешқандай қақысы жоқ. Сен сүймесең, менің де, ағаңның да өкпелеуге қақымыз жоқ. Енді былай болсын: сүю жөнінде барлық әңгімені тастайық. Әрине, бұрынғы күнімізше дос боп қалармыз, бірақ сүю жөнінде сөз қозғамайық — деді де Сейтен жүгіріп алып далаға шығып кетті.
Енді көшеге шыққанда Сейтеннің жүрегіне тесіп тұрған манағы көмескі ой кетіп, бір түрлі көңілденіп, тазаланып қалғандай болды.
Бұл өлеңнен артық нәрсе бұл жалғанда таппаспын.
Сен өлеңнен алма ағаштай бауырында ақ тастың.
Сен гүлдейсің, алма ағаштай бұраласың, сынбайсың,
Орамалды, айтшы, қалқаш, қай жігітке бұлғайсың?
Орамалдың жиектері көк лентамен торланған,
Себеп менің құрдасыма, жолдасыма арналған.
Ол құрдасты, ол жолдасты мен бір жерде табармын.
Он жақтағы оңашаға алып оны барармын.
Мұның қалай, дермін оған, менің бақытым кем бе екен,
Бір сыйлыққа екі адамның жүгіруі жөн бе екен?
— деп өлең айтты. Абайсызда есік ашылды. Жалт қараса қарсы алдында Сағадат тұр. Сейтен неғыларын білмей сасып қалды. Сағадат көрген де жоқ. Сейтеннің қасына келіп:
— Сейтен, мен сені сүйем, бұл арада ағамның ешқандай қатысы жоқ. Сейтен, сенесің бе? Мен шын жүрегімнен, адал ойымнан айтып отырмын — деп Сейтенді құшақтай алды.
Менің адал көңілдік, шын жүректен сөйлеуім жөнінде әңгімем бізге осылай жоғарылады...
Менің ағаларым
(Романға баратын жол)
I тарау
Айдалада бес-алты тас үй. Алыста жер астынан мұржалар шығып тұрған жер барактар көрінеді Бұл Қарағанды көмірлерінде істелетін шахтерлердің жер барактары. Түн. Ай жарық. Далада қыбырлаған бір жан жоқ. Шахтерлер жұмыстан жаңа ғана қайтқан. Ортадағы бір жер барактың ішінде семьялы алты шахтер тұрады. Үй төбесіне кірлер ілінген. Еденде алақандай бос жер жоқ. Бәрі қоқырмен толған. Шахтерлер өз төсектерінің үстінде, жерде қара су ішіп, нан жеп отыр. Ашыққан балалар нан жеген әкелерінше қарайды. Тек Әли, әйелі Дәмелі, баласы үшеуі қисайып төсегінде жатыр.
Есіктен біреу қарады:
— Әліпті сұрап біреу келіп тұр!
Әліптің 63i де әйелі де, баласы да ұшып орындарынан тұрысты. Әліп ұзын қара жігіт, беті-қолын жуынбаған күйде. Қабағы түнерген. Басында жыртылған қара күйе берік. Аяғын салмақпен басып далаға шықты. Артынан әйелі де шығады. Әліп арбадан түсіп жатқан Төлептің қасына келеді. Салқын қанмен қолын алады.
Төлеп:
— Мен землянкеңе ағаш әкелдім.
Әліп ағаштарды керіп езу тартады.
Әйелі келіп амандасты. Күләнданың бетінен сүйеді.
— Күләнда ағасына ет әкелді — дейді Төлеп.
Әліптің әйеліне береді.
Дәмеш:
— Қалқам ағасының аш екенін білген ғой — дейді.
Әліп қуанышты, қабағы жаңа ашылған сияқты. Бірақ үйге кіруге ыңғайланғанда, түсі бұзылып, әлдене ойына түскендей болады. Бұрылып жер кепеге қарайды. Қозғалмай тұрып қалады.
— Сен неге сілейіп қалдың? — дейді Дәмеш.
— Орын... орын...
— Не қылған орын?
— Жататын орын жоқ қой...
Төлеп ат байлап жүреді. Күләнда арбадан жүгін түсіріп жатады.
— Үйіне келгенде, екі жыл көрмей көріскен ағаңа орын тауып бере алмағаның қиын екен. Айтшы өзің, далаға жатқызайын ба? — дейді Әліп.
Әйелі үндемей жерге қарайды.
— Дәмеш! Шай ішкенде Нұрлыбай төсегі мен өз төсегіміздің үстінде отырып ішерміз. Одан кейін мен жұмысым бар деп шығып кетейін, шахтыға түсіп жатармын, сен үшеуің сығылысып ептеңдер.
— Одан да сен жер кепені қаза берсең қайтеді? — дейді Дәмеш.
— Мақұл.
Әліп үйге кіреді. Нұрлыбай шахтерге:
— Менің ағам келген екен, шай ішіп болғанша орныңды бере тұрсаң...
Дәмеш күліп...
— Сүйтші, көп жасағыр — дейді.
Нұрлыбай орнынан тұрып далаға шығып кетеді.
Есіктен Төлеп пен Күләнда кіреді.
— Ассалаумағаликем!
«Аликумсәлем» деген күбірлеген дауыстар шығады. Төлеп келіп Әліптің төсегіне отырады. Кішкене баланың бетінен сүйеді.
Ең шетте жатқан кісінің беті көмескі білте шамның жарығымен тек қарайып көрінеді. Ол шахтер шалқасынан жатыр. Оның аты-Шектібай. Ол бұрылмастан, келген Төлептерге мынаны айтады:
— Біздің өмір осы, бір землянкеде қойдай қамалып жатырмыз. Бір нәрсе дейін десең шығарып жібереді. Тағы екі үй кіргізбекші.
Мұның әйелі төсек үстінде картошка аршып отыр.
Дәмеш қасындағы жатқандардан стакан жинайды. Жастықтың астынан ораулы қара нанды алып турайды. Оны көріп қатарында жатқан бір шахтерің баласы «нан» деп жылайды. Оған ешкім келіп қойған жоқ. Тек інісін «жүгермек» деп бір қойып қалды. Дәмеш нанның жартысын төсектің астына қайтадан тықты. Шәйнегіне, бір рет ішілген, шайдың су самасын салды. Екі кесеге құйып Төлеп пен Күләнданың алдына қойды.
— Күнше күштегенде сексен тиын табамыз. Нанға да жетпейді. Жалақыны тағы да азайтпақшы. Ауылға келіп күн көрмесек... — деді Әліп.
Шетте жатқан:
— Кетсек, бәріміз бірден кетелік. Бәріміз де кетеміз деп жұмыс істемей қояйық, жұмысты тоқтатып тұра алмайды. Амалсыз жалақысын көбейтеді.
Ортада жатқан шахтер.
— Ой, тыныш жатшы, өзің бір нәрсе көрейін деп жүрсің-ау.
Шетте жатқан шахтер басын жұлып алып:
— Көрмей жүрміз бе, бәрін көріп жүрміз. Неден қорқасың, жалақыдан айырылам дейсің бе? Айырылмай отыр ма едің? Ашығам дейсің ғой. Ашықпай отырсың ба? Жатақ орнымды алып қояр деп қорқасың-ау, есіңде болсын, сенде жатақ орын жоқ. Ендеше неден қорқасың? Мен қорқудан кетем.
Шеттегінің қасындағы:
— Қойыңдар, құлаққа маза беріңдерші — деп бір аунап түсті.
Таң жанадан атып келе жатыр. Жер кепенің iшi ұйқыда. Бір уақытта гудок айқайлады. Ортадағы жатқан қарғын тұрды. Нұрлыбайды оятты. Нұрлыбай көзін уқалап жатыр.
— Екінші гудок айқайлады ма? — деді.
Оған ешкім жауап берген жоқ.
Ортадағы:
— Кәне, тұрыңдар! — деп айқай салды.
Барлығы да бастарын көтерді. Барлығы да «екінші гудок болып қалды ма» деп сұрап жатты. Шеттегі жатқан киінді жастығының астынан бір жапырақ нанды алып қойнына тықты. Сүртті де қайтып алып, жартысын жұлып жастық астына қайтадан қойды.
Біртіндеп шығып жатты.
Дәмеш, Күләнда тұрды.
Дәмеш жастық астындағы бір жапырақ нанды алып далаға шықты, Күләнда да далаға ере шықты.
— Мен де барам, жеңеше.
Екеуі жүріп келеді. Едәуір жерде біреу қатты тоң жерді қазып жатыр. Бұл — Әліп, Дәмеш оған нан апара жатыр.
Біреу келіп оны алдына салып айдап кетті. Дәмештер жүгіріп келеді. Әліп тас баракқа алып келді, ішке кірді, бұл шахты иесі ағылшынның кабинеті еді. Төрде қағаз жазып семіз шал Хокинс отыр. Диванда оның баласы Джим отыр. Жасы жиырма бестерде, кішкене қып-қызыл тілі бар, құйрықсыз жапон итін алдына алып отыр. Джим қалтасынан қораб алып, оның ішінен кәмпит алған сайын, ит өзінің кішкене тұмсығын жалап-жалап алады.
Джим кәмпитінің бірін алып өз аузына салып, екіншісін алып иттің аузына салады.
Әліп шал Хокинстің алдына келіп тұрды.
Ағылшын басын жұлып алып, тілі бұралып, ағылшын акценті тілімен:
— Сен неге менің рұқсатымсыз землянке қазасың?
— Құдайдың жері ғой — деді күбірлеп Әліп.
— Мүмкін, қазақтың жері шығар? Сен шахты да қазақтың дерсің 10 сом штраф салам!.. — деп ақырды Хокинс.
— Сен ағашты қайдан алдың?
— Ағам әкеліп берді.
— Ұрлап алғансың ғой, қазір ағашыңды конторғa алып кел.
Осы уақытта Дәмеш кіріп келді.
Күләнда сескеніп Дәмештің қолынан ұстап қалтырап тұр. Джим Күләнданы көргенде өзінің аузына апара жатқан кәмпитін итінің аузына сала салды. Аузын ашып қарап қалды. Ә дегенде өзінің бұрынғы сұлу әйелдерді көргендегі әдетімен аңдаусызда ағылшын тілімен:
— Please, sit down — деді.
Хокинс оған бұрылып қарап, езу тартып күлді.
— A girl is good!
Джим Әліпке қарап:
— Where does he WOTK?
Хокинс:
— Miner.
Әліп Хокинстің аяғына жығылады:
— Тақсыр, рақым етіңіз, мүсәпірмін, землянкем жоқ!
Джим жармасқан итін қуып жіберіп, Күләндаға қадалады. Күләнданың қасына келеді. Күләнда шошып Дәмештің ар жағына шығады. Әліп келіп Джимнің алдына жығылады. Джим Хокинске барып құлағына сыбырлайды. Екеуі де Дәмешке тығылып тұрған Күләндаға қарайды. Әліп Джимге бас иіп, тағы жалынайын дегенде, екі қолын сермеп:
— Ол райт, ол райт — деп басын изейді. Өзі Күләндадан көзін алмайды. Әліп екі қолын көкірегіне қойып ырзалық беріп, басын шұлғиды.
Әліптер есіктен шығып бара жатқанда Хокинс:
— Штрафты төлейсің, жұмысқа кешігіп қалдың! — дейді.
Әліп аңырайып тұрып, шығуға ыңғайланғанда Хокинс тағы шақырып алады:
— Землянкеңді қаза бер, бірақ, саған мынадай шарт қоям: сен жетінші забойдан көмір шап.
Әліптің түсі қашып, көзі шарасынан шыға жаздайды:
— Ол қауіпті ғой, көмір басып қалады, креп жоқ...
Хокинс:
— Мен бұйырамын! Барасың! Кет, жоғал!
Әліп шығып кетеді.
...Күләнда жер баракта Әліптің төсегінде жатыр. Ойланып жатыр. Ағылшынның тесіле қарауы көз алдына елестейді. Көзін кең ашып, денесі түршігіп, көзін қайтадан жұмады.
...Төлеп пен Дәмеш екеулеп жер баракты қазып жатыр. Қазған жерлері кісінің белаурынан келеді. Қар басқан дала көрініп жатыр. Бір мал жоқ, тек алыста үрген ит даусы естіледі.
ІІ Тарау
Менің ...Шахты асты қараңғы, забой жеңнің ішіндей жіңішке. Креп жоқ, тышқанның іні сияқты. Әліп соның түбінде көйлегіне дейін шешіп, жалғыз өзі көмір шауып жатыр. Бұл — кәдімгі жұмыс істеуге болмайтын қауіпті жетінші лава. Самайынан аққан тер көмір күйемен қап-қара болып емшегінің үстіне дейін сорғалап ағып жатыр. Желкеден аққан тер, жон арқасынан жол тауып арып, шалбарының ышқырына барып жоқ болып жатыр. Әліп шөлдеген. Қайта-қайта тамсана береді. Әліп ентігіп дем ала алмай тұр. Әліп қабырғадағы дымқыл көмірдің арасынан тамшылап тұрған қара суды алақанымен іркіп, тосып алып жұтады. Дамыл таппай үсті-үстіне шабады. Күректі алып, шапқан көмірлерін дөңгелек арбаға салады, арбаның алдында байлаулы жіп бар. (Бұл жіп — Әліптің мойнына салып, арбаны тартатын жібі). Арба көмірге сәл толмайды. Шынында толған, бірақ асыра үңілген емес. Үңілмеген арбаны қабыл алмайды, штраф салады.
Әліп күректі тастап, қайтадан қайласын қолға алады. Отырып төбесіне қарайды. Бір топ көмір шоқтай болып шығып тұр. Оны жамбастап жатып, аяқты созып жіберіп, қос қолдап ұру керек. Лава тар. Әліп аяғын созып жіберіп жамбастап жатып, шабуға ыңғайланады. Сол уақытта аяқ жағы сықырлайды. Бұл төбеден көмір. Алдымен бір топ көмір құлап түседі, бірақ аяқты жинап түрегеліп қашып кетуге мүмкіндік жоқ. Әліп құлап келе жатқандай-ақ бар дәрменімен айқай салады. Төбесіндегі көмірлер басып қалғанда, екінші рет айқалайды, бірақ даусының жартысы ғана естіледі.
...Алтыншы забойдағылардың біразы қайлаларын тастап жүгірді. Жолда десятник тұр, жібермейді.
— Қайда барасыңдар, жұмыс істеңдер?!
— Жетінші забойдағы Әліп көмір басып қалыпты, өледі ғой, аршып алайық та — дейді Нұрлыбай шахтер.
Біраз қайлашылар жиналып қалады, десятник жанына орыс жігіт келеді Бұл қайлашы Илья Афанасьев...
— Неге қарап тұрсыңдар? Бәріміз қырылып қалсақ та, бұлардың жаны ашыр ма?
Илья жетінші забойға өтіп кетеді. Десятник оны ұстаймын дегенде, Шектібай иығынан тартып тоқтатады. Бетше ала көзімен қарап, өзі жетінші забой жаққа кетеді. Десятниктің қасына қайлашы Алексей Петров келеді.
— Киргизда нелері бар? Бәрі қырылып қалсын! — дейді десятник.
Алексей тістеніп, көзін алартып, қабағын түйіп, десятникке біраз қарап тұрады.
— Сенің киргизда нең бар?
Қасында тұрған қазақ забойшы Бейсен десятникке:
— Не әкеңнің құны бар?! — дейді.
Десятник айқай салады:
— Қaзip жандарыңның барында тараңдар, жұмыс кетіңдер!
Қайлашылар біртіндеп тарасады.
...Илья мен Шектібай жетінші забойда. Алыстан шамдары жылтырайды. Әліпті көмір астынан аршып алған. Әліптің eci жоқ, талып қалған, өлік сияқты. Сүйретіп алтыншы забойға алып келеді. Қайлашылар жұмыстарын тастап, қайтадан жиналып қалады.
— Tipi ме? — деп сұрайды Нұрлыбай.
— Tipi, аяғы сынған, басқа жерін білмейміз.
Қалайшылар қоршап алады.
Жан-жақтан барлығы бірдей шуласады:
— Енді мұны шығарады!.. Жұмыстан қуады!..
— Айуандар, көріне көзге өлімге айдап, мертіктіріп, енді жұмыстан шығарады... — дейді Илья.
Арт жақтан бір қазақ жігіт:
— Осы неге креп қоймайды? Біздің елде дей ме? Неге қауіпті жерге айдайды? — дейді.
— Өлсін дейді. Сен өлсең айдың басынан бергі жалақыны десятниктің пайдасына қаладым — дейді" Алексей.
Десятник келе жатады. Жұмысшылар тарай бастайды.
Алексей десятникке:
— Қaзip жоғарыға хабар бергіз, елірмей емдету керек.
— Сен өзің неғып жүрсің, неге жұмысына бармайсың? — деп десятник бажылдайды.
— Мен үшін сен істемейсің ғой.
— Сенімен ертең сөйлесермін.
Илья, Шектібай, Алексей үшеуі Әліпті көтереді.
— Қайда барасыңдар? Не жұмыстарың бар?.. Көмірлеріңді шабыңдар... білмейді жата берсін...
— Сендер өлтірді деп біз өлтіре алмаймыз — дейді Илья.
Десятник мұртын сипады:
— Жұмыстан шыққыларың келген екен.
Десятникке ала көздерімен қарап, Әліпті көтерісіп алып кетеді.
Қайлашылар арасында күбір сөз:
— Енді Әліпті жұмыстан шығарады.
— Бала-шағасы аштан қырылады...
— Өзі жазылар ма екен?..
— Үндеріңді өшіріңдер! — деп десятник айқай салды.
Шахтерлер сөздерін тоқтатады. Десятник тың тыңдағанда біраз тұрып, кетіп қалады.
...Әліптердің жер кепесі. Өте қараңғы: Төсекте Әліп жатыр. Көзі жұмулы, ауық-ауық ерні қимылдайды. Ышқынғысы, айқайлағысы келеді, бірақ дәрмен жоқ. Жағалай Дәмеш, баласы, Төлеп, Күләнда, Илья отыр. Шектібай, Алексей түрегеліп тұр. Дәмеш, кішкене бала, Төлеп, үшеуі де жылап отыр.
— Қайнаға-ау, енді қайттым? Қырылатын болдық қой — деп Дәмеш қатты жылап жіберді.
— Қырылмайсың, шығартпаймыз жұмыстан — деді Илья.
Илья, Шектібай шығып кетті. Алексей Дәмешке қарап біраз тұрды. Бір нәрсені айтқысы келген адамдай оқталды. Қолын қозғады. Қазақ тілін білмеген соң айта алмай ернін тістеді. Қайтадан Дәмешке қарады. Қиналып жатқан Әліпке қарады.
Боздап отырған кішкене балаға көзі түсті. Тағы айтайын деді, айта алмады. Сөз орнына кезден жас шықты. Күйелі беттен жас сорғалады. Көзіне десятник елестеді. Шампанский ішіп отырған ағылшын елестеді. Алексей басын көтеріп алды, есікке қарай жүрді. Есік алдына барып, мойын салбыратып, кепкесін қолына ұстап біраз тұрды. Содан соң кенеттен артына бұрылып, тез-тез басып Дәмешке келіп үлкен, қап-қара кендей болып жатқан алақанын ұсынды. Дәмештің қолын алып серттескендей бетіне қарап біраз тұрды. Содан кейін бір сілкінді де, айбынды қадаммен басып шығып кетті....
Төлеп үндемей отыр. «Шіркін, біз де келдік. Әліп бақытсыздыққа ұшырады-ау» — деп отыр ма? Бір уақытта.
— Күләнда, сынық салушыға тағы барып келейік, неге келмей жатыр? — деді Күләнда орнынан тұрып шығып кетті.
Әліп енді ойбайлады. Аянышты түрде ыңырсыды. Ыңырсу өрлеп, шыңғыруға айналды. Сүйеніп арамен кесіп, ағаш құсап бөлшектеп жатқандай болды. Бір уақытта аяғы емес, дәл жүрегінің барлық жағынан да тез-тез ине сұғып жатқандай безектеді. Содан соң сол ұзын инелерді айқастыра өткізіп тырп еткізбей, қозғалтпай қойғандай талығып, қырылдап, демі бітіп, үні шықпай қалды. Кенеттен сол барлық жағынан да ине сұққан жүрегін үлкен, жалпақ темір алақанмен тырнақты батыра ұстап жұлып алып бара жатқандай, қатты шыңғырды.
III тарау
....Қас қарайған. Ағылшын үйлер! Терезелерінің жарықтары көрінеді Аспанда ай да, жұлдыз да жоқ. Қара бұлт тақтайға тамған майдай, біртіндеп жайылып аспанды тегіс жапқан. Әлдеқайда шәуілдеп ит үреді Жұпар басып Күләнда келеді. Үлкен қара көздері ойнақшып, жан-жағына алақтап қарайды. Қорқынышты. Оймақ аузы, кішкене әсем ерні тістеулі. Тоқтады. Артынан дауыс шықты. Бұрылып қарады. Жақындап келіп қалған пар атты шананы көрді. Жолдан шыға жүрді «Тоқта!»деді біреу. Күләнда айқай салайын деп еді, кенеттен тістелген ернін босатып, аузын аша алмай қалды.
Шанадан біреу:
— Мініңіз, біз де сонда барамыз — деді.
Күләнда шегіне түсті. Сонда артынан біреу құшақтай алды. Күләнда ыршып түсті. Айқайлай бергенде, бір үлкен қол орамалмен аузын басты. Күләнданы екі адам көтеріп шанаға салды. Күләнда тулайды, біреуі көкірегінен басып, кеудесіне мініп алып, аузына орамал тығып отыр. Қос ат ала жөнелді. Шауып келеді. Қызыл тас үйге әкелді. Екі жігіт Күләнданы көтеріп, ішке кіргізді. Есікті ашты. Ауызғы үйде кішкентай итше кәмпитін беріп Джим отыр. Ей жігіттің бірі-мұртты сары жігіт, Күләнданы ішке кіргізерсің. Қол қусырды:
— Мырза, келді!
Бұл — орысша киінген үлкен қара жігіт — Өтеген тілмаш.
Джим итін алқымынан итеріп тастап жымиып күлді. Күләнда бір жігіттің құшағында қабырғаға тығылып тұр. Ес-түс жоқ. Ойына баяғы кабинеттегі уақиғалар түсті. Жігіт босатып тұрды.
— Көкежан-ай, мені құтқаршы!
Күләнда еңіреп Өтегеннің етегіне жармасты. Өтеген ыржаңдап күлді Джим Өтегенге сағат ұсынды. Өтеген оны алып екі алақанына кезек салып қарады. Күлді қалтасына салды. Өтеген Күләндаға қарады.
— Ештеңе де істемейді. Тек мырзаның мырзалығы ұстап, саған көйлек кигізіп жібермекші. Жақсы қыз екен дейді — деді Өтеген. Өзi тepic қарап сылқылдап күледі.
Есіктен үй сыпырушы Таня кірді. Алға қарай жүрейін деді де, есіктің тұтқасынан ұстап кейін шалқайды. Көзі аларып, бетінен қаны қашты.
Өтеген Күләнданы құшақтап, сүйретіп, ішкі үйге кіргізді.
— Шырағым, мен қазақпын ғой, мен барда несіне қорқасың?
Кровать үстінде әйелдің әдемі көйлегі жатыр. Жерде кілем төселген. Өтеген ағылшынша тігілген жібек көйлекті қолына алды:
— Мынаны ки, мен тepic қарап тұрамын.
Күләнда жылап тұр, көйлекті алмады.
— Бол, ки! Тезірек кетейік. Дұшпаннан түк тартсаң да пайда емес пе? Тез! Әліп қиналып жатқан шығар. Бұлардың әдетке бергенін алмасаң жібермейді.
Күләнда дірілдеп Өтегенге қарайды. Күләнда көйлекті алды. Қолы дірілдеп тұр, көйлекке қарайды.
— Бол, мен тepic қарап тұрам.
Өтеген тepic қарайды. Күләнда әлі көйлекке қарап тұр. Ол ағылшын әйелінің киініп жүргенін көрген, қызыққан. Көзіне елестейді. Көйлегін шешеді, бұрылып қарайды. Томпайып тіке төңкеріліп тұрған, кішкене екі кесеге көзі түседі. Ернін жалайды, сілекейін жұтады. Тағы қарайды. Күләнданың жіңішке аш беліне көзі түседі. Ентігіп, шыдай алмайды. Бұрылып, жүгіріп барып құшақтай алады. Күләнда шошынып секіріп түседі. Есік сылдыр етеді. Өтеген селк етіп, түк білмегендей есік жаққа жүгіреді.
— Мен қалай киюді үйретейін деп едім — дейді.
Күләнда көйлегін киген. Қолға түскен асаудай.Бірақ көйлек келісіп тұр. Өз көйлегін, камзолын алып, есікке қарай жүгіреді.
— Жүр кетейік, ағатай!
Осы уақытта үйге Джим кіріп келеді. Өтеген шығып жүре береді. Джим есікті бір бұрап, ішінен кілттеп, кілтті қалтасына салады. Күләнда, үрейленген, екі көзі Джимнен айырмай, кейін шегіне түседі. Барлық күшімен есіктің тұтқасына жабысады, есікті тартады, жұлқылайды. Джим қолына бір орамал алып Күләндаға келеді. Күләнданың қолындағы киімдерін алып, босағаға лақтырып тастайды. Күләнда баланың жыласымен еңіреп қоя береді. Джим Күләнданың қолынан ұстап, сүйретіп төсекке алып келеді. Отыр дегендей ымдайды. Күләнда отырмайды, жылап жұлқынады. Джим кеудесінен басып отырғызады. Екеуі сөйлеспейді, бірінен-бірі көзін алмайды, арбасып тұрған сияқты. Бірін тілі бірі білмейді. Күләнда қорқынышты жылап отыр. Джим қуанышты, күліп отыр. Көздері жайнап Күләнданың бетіне, денесіне қарап біраз отырды.
Джимнің көзі қарауытты, аузынан суы ақты... құшақтай алды. Кішкене Күләнданы соқтадай денесімен бас салды. Айқайлауға әлі келіңкіремей, кішкентай аузын тістеп сүйеді. Нәзік белін қысып төсекке жатқызды аузын орамалмен басты. Күләнданың булыққан буынған даусы шықты, аяқ-қолы төсекті сабалады.
...Ауызғы үй. Өтеген күлімдеп есіктен тыңдап тұр, Таня үйдің ортасында тұр.
Ішкі үйден ышқынған, жан қиналған, көмекке шақырған, жаны шығып бара жатқан ащы дауыс шықты. Таня жүгіріп барып есікті қақты. Өтеген оны итеріп жіберді. Таня ентігіп, үрейленіп Өтегенге қарады, жүгіріп далаға шықты. Алды-артына қарамай жүгіріп келеді. Дала қараңғы, талай сүрінді Міне, шахты конторы. Міне, шахтыға баратын жол. Әлі жүгіріп келеді. Міне, шахтыға келді, қора аузына еніп жоқ болды. Қараңғы штрекпен жүгіріп келеді. Забойға енді, сүйретіліп, еңбектеп келеді. Шаң-шаң қайла дыбыстары, күректің сылдыры, жалтыраған шамдар көрінеді.
IV тарау
Таня Ильяға келді. Ентігіп, біраз сөйлесе алмай тұрды. Илья Таняға қарады. Таня қалтырап:
— Әліп қайда? Кішкене қарындасын көшеден ұстап алып, Джим зорлап жатыр, қыз өлетін.
Ильяның көзіне Әліптердің үнінен шыққан қыздың далаға шыққаны елестеді Қараңғыдан: «О-не дейді?» деген күбірлер шықты. Шахтерлер келіп жатыр. Илья маңдайынан терін білегімен сүртіп тұрып:
— Әліптің кішкене қарындасын дәрігерге бара жатқанда, ұстап алып, үйіне апарып Джим зорлап : жатыр дейді.
— Не дейді? — деді жаңа келе жатқан біреу.
Илья жай ғана:
— Бұл айуандыққа шыдауға бола ма, бұдан өткен айуандық бола ма! — деді.
— Осыған қалай шыдайсыңдар?! — деп Илья айқайлап жіберді.
— Ажыратып алу керек — деді біреу.
— Жүріңдер, жұмысты тастаңдар!
Шахтерлер тұс-тұсынан айқайлады, түрлі боқтаулар естідік. Еңбектеп Алексей келді. Жұрт қызып, дабыр ұлғайып, боқтау көбейді.
Шамның жарығында бүк түсіп, үндемей біреу отыр. Бұл — Сәду. Сәду басын көтеріп алды:
— Бәрін бүлдіріп жүрген орыстар, жаңа Әліпті апарып келгенде бір сұмдықты істеп келген ғой. Тыныштығымызды алып-ақ болды-ау.
Қайласын қолына ұстап ұзын қара жігіт отырды. Бұл осы уақытқа дейін ештеңе деген жоқ. Тісін қайрап, көзі жарқылдап, қайламен біреуді ұруға тап беруге отырған сияқты. Бұл — Бейсен шахтер еді, Сәдуге қарап:
— Жаныңның барында аузыңды жапсаң қайтеді.
— Қазақ-қазақ, деп қақсайсың да жүресің, қазақшы болсаң, жас қызыңды құлындай шыңғыртып жатқанда неге ара түспейсің? Күні кеше емес пе еді десятникке жағынып бізді «қазағыңды» жамандап жүргенің. Білеміз, қандай орысқа қас екеніңді — деп Шектібай да жекіп тастады.
Алексей орнынан қозғалды.
— Кәне, жүріңдер! Үшінші забойға кеттік — деді. Шахтерлер қимылдай бастады. Қайлаларын ала жүрді. Забойдың іші айқай, боқтау сөзге толды.
Забойдың ең түбінде бес-алты адам отырды. Илья шығып бара жатқанда бұлар қарап тұрды да, жұмыстарын істей берді. Ильялар штрекке түскенде, алдындағы үшінші забойдан жиырма адам шықты. Алдарында Алексей. Барлығы қосылып штрекпен келе жатыр. Тәртіпсіз айтылған сөздер, айқайлар көмірдей құйылады. Алдарынан десятник шықты.
— Ал, жігіттер — деді Бейсен. Барлығы жабыла түсті. Десятник тұрған жерге шахтерлер үймеледі, тепкілеп-тепкілеп тастап кетті.
Шахтерлер сөйлеместен жүгіріп келе жатыр. Қызыл тас үйге жақындап, есік алдына келді. Алдында үздік келе жатқан Бейсен мен Илья ішке кіріп кетті. Осы уақытта мылтық атылды. Үш полицейский есіктің алдына келді. Бейсендердің кіргенін көрмей қалды. Тағы да мылтық атылды. Айқай-шу көбейді.
Ішкі үйге Бейсен мен Илья кірді. Төрде, төсекте, ессіз-түссіз, көзін жұмып, талып Күләнда жатыр. Дірілдеп сұп-сұр болып, көзі аларып, бұрышқа тығылып Джим тұр. Илья Күләндаға барды. Бейсеннің көзі Джимге түсті. Тісін қайрап, көзі шатынап біраз қарап тұрды да, қайласын салмақтады. Джимнің көзі қайлаға түсіп, бұрышқа тығыла түсті. Бейсен қайласын үй қабырғасына сүйеп қойды. Жұдырығын түйіп, тістеніп Джимге барып, аларған көзін қадап, қолынан ұстап, үйдің ортасына алып келді. Жұдырығын салмақтап тұрып беттен бір соқты. Джим қаңғалақтап ұшып түсіп, мұрнынан қан сорғалады. Илья келіп ұстай алды.
— Ұрма!
Бейсен оған бой бермей барып, үлкен етіктің өкшесімен екі тепті. Сөйтіп, сырт беріп ауызғы үйге шықты. Мұнда үй ішін шыр айналып жүгіріп Өтеген жүр. Бейсен ұстап алды. Жағасынан ұстап, жерге алып ұрды. Алқымынан езгіледі. Өтегеннің мұрнынан қан кетті. Өтегеннің буынып айқайлауға әлі келмеді, көзі бұлдырап есі ауды.
Абайсызда бір полицейский кіріп келді. Мылтық атты. Оқ Бейсенге тимеді. Қасына келіп наганын көтере бергенде, артынан Илья келіп, қайламен көк желкеден соғып жіберді. Полицейский етпетінен құлады. Наган ұшып түсті. Илья оны қалтасына салып алды.
Илья мен Бейсен Күләнданы көтеріп есіктің алдына алып шықты.
Шахтерлер жабырлап қоршап алды. Шахтерлер:
— Тірі ме?
— Атқан ба?
— Не істепті?
— Тірі — деді Илья.
Топты жарып Төлеп келді. Қызының үстіне өкіріп құлай кетті. Ойбай салып жылап Дәмеш және бес-алты шахтер әйелдері келді. Жұрт топтанып Күләнданы алып жүрді. Есіктің алдында не істерін білмей екі полицейский қала берді. Топ кетіп бара жатқанда:
— Болар іс болды. Жұмысқа бармаймыз! — деді Илья.
Арт жақта келе жатқан бір шахтер:
— Бір сұмдық басталды-ау! — деп күбірледі.
— Көзге түсе бермей, жұмысқа кетейік те — деді қасында келе жатқан жолдасы.
Бес-алты шахтер бөлініп шахтыға қарай бұрылды.
— Қайда барасыңдар! — деді Шектібай.
Олар жауап қатпай, үндеместен кете берді.
— Қызды қайда апарамыз? — деді бір уақытта Шектібай Алексейге.
— Айтқандай, Әліп төсегінде жатыр екен-ау.
Илья төмен қараған күйімен біраз жұрт отырып басын көтеріп алды.
— Біздің үйге апарыңдар!
— Өзің қайда жатасың?
— Мені, бәрібір, қамайды ғой.
Ешкім дыбыс шығарған жоқ. Топ Илья жер кепесінің алдына келді. Шектібай, Дәмеш, тағы бір-екі шахтер ес-түстен айрылған. Күләнданы үйге алып келді. Бұл үй тіптен кішкентай. Ені тар-ақ. Екі ағаш төсек зорға сыйып тұр. Үйде ешқандай бұйым жоқ. Тек бір-екі жыртылған көрпе, жыртық пешпент қана көрініп тұр. Пеш түтіні үйдің ішіне қаптаған. Бұл Алексей мен Ильяның баспанасы. Ильяның әйелі Мария келді.
— Мына төсекке әкеліңдер — деп өз төсегін көрсетті. Даладағы топ тарауға ыңғайланды. Шектібай айқай салды:
— Енді Ильяларды қамайды, жұмыстан шығарады. Барлығы біз үшін емес пе? Жандарың болса, қорғап алыңдар!
Жұрт тұс-тұсынан айқайлады:
— Қорғамай несі бар!
— Қорғап аламыз!
— Жау қолына тастамаймыз!
...Күләнда көзін ашты. Басын көтермекші болды. Қайтадан көзін жұмды. Қасында жылап Төлеп отыр. Бас жағында Ильяның әйелі Мария отыр.
Бір уақытта Күләнда көзін шарасынан шығара қатты ашты. Үйдің төбесіне қадалды.
— Ойбай, өлдім, әкетай, қайда жүрсің? Уһ!.. Өлдім... мынаны ұстасайшы...
Күләнда ернін тістеп, бетін тыржитты. Шыңғырып, бағанағы дауыспен бақырды.
— Мен қасыңдамын, шырағым.
Бірақ Күләнда тыңдаған жоқ. Тырысып, тартылып, ышқынып тұрған денесін тастап, босатып жіберді. Талып кетті.
V тарау
Әліп сынған аяғын салған соң, қиналғанын қояйын деді. Сұп-сұр болып көзін жұмып жатты. Денесі тас болып қатып қалған сияқты. Еш жаққа қозғалмайды. Басында Ильямен Дәмеш отыр.
Бір уақытта Әліп көзін ашты. Біраз жатты. Сонан соң көздерінен мөлтілдеп жас ақты.
— Илья-ай, өмірімде көзімнен жас шықпаған адам едім. Мынау батып кетті-ау.
Осыдан соң аяқ жағы үзіліп түскендей болды. Ернін тістеп қиналып, көзін жұмып, маңдай терісін жиырды. Сөйтіп, көзін тағы ашты.
— Ол енді өле ме?
— Не өлсін. Әлі-ақ жазылып кетеді, алаң болма! — деді Илья.
Әліп әлсіреген көзін біраз жұмып жатты да, қайтадан ашты.
— Кішкене баланы зорлапты дейсің бе?
— Я.
— Айуан...
Әліп қолын көтерейін деді.
— Ойбай.
Аяқ жағы жұлынып кеткендей болды.
— Айуан...
— О — о — о-ой... Әліп талып кетті.
Күләнда сәл тыншып, көзін жұмып жатты. Қатарында Мария жатыр. Үй іші қап-қараңғы. Ел ұйқыда.
Екінші төсекте Алексей әйелімен жатыр. Дәл есіктің аузында, жерде Илья жатыр.
Бір уақытта есік тысырлады. Біреу сырттан есікті ары-бері жұлқылады. Қатты тартқанда ілгегі үзіліп, есік ашылып кетті. Наганын алған полицейский Ильяға сүріне, үйге құлап кірді. Илья қарғып тұрды.
— Қолыңды көтер!
Илья қолын көтерді. Алексей, Мария, Алексейдің әйелі оянды. Ұйқысын аша алмаған әйелдер үрейленіп тұр. Келген бір солдат Алексейге қолыңды көтер деді. Солдат тінту бастап Күләнданың басын қарады.
— Жолама оған, оятасың, тарт қолыңды! — деді Илья.
— Тап наганды! — дейді полицейский.
— Менде жоқ, білмеймін.
— Тап, қазір атам.
— Айқайлама, ауруды оятасың.
Күләнда оянып кетті.
— Ойбай, басты, басты, өлдім-ау, жаным... жаным... Ойбай — ау-аа!..
Ащы айғай тағы шықты. Солдаттар Ильяны алып шығып кетті.
Таң атып келе жатыр. Жерде қар. Шығып келе жатқан күн сәулесімен аспандағы бұлттың жиегі қызарған. Дәмеш пен Төлеп жер қазуда. Екеуі түнімен екі аурудың басында болады да, күнімен жер барак қазады. Жер барак бітуге де таянған. Төбесіне ағаш салынған, тоқыған қамыс, ши жайылған. Қар үстінде қамыс, кесілген ағаштар жатыр.
— Бүгін бітіріп Күләнданы әкелеміз — деді Төлеп.
Есіне үйінде қалған Рақмет түсіп, Төлеп жерге отыра кетті.
Алыстан біреу жүгіріп келеді. Жақындады. Жылап келеді. Бұл Мария екен.
— Қызың... қызың... — деп Мария булығып қалды.
Дәмеш ойбай салып, жылап жүгіре жөнелді. Төлеп те жүгірді. Бірақ есінен адасып, жүрегі суылдап, неге жүгіргенін де білген жоқ. Барып есіктен кіре бергенде, неге келгенін білмей, аңырайып тұрды. Тек біраздан соң, қызының қансыз жұмыр ақ білегіне, жансыз өлік бетіне, енді қайтып көрінбестей мәңгі жұмылған көздеріне көзі түскенде «ой бауырымдап» отыра кетті. Дәмеш те жылап жатыр. Жұрт жиналып қалды. Шектібай да келді. Көзін жеңімен сүртіп жатыр. Әліпке естіруші болмаңдар! — деді.
Шахтыдан қашық жерде, мидай далада көп шахтерлер, әйелдер, балалар Күләнданы жерлеп жатты.
«1916 жыл, 1 февраль.
Күләнда Төлепқызы, он бес жасында.
Жауыз шахты иесі ағылшынның қолынан қаза тапқан!»
Жұрт тарауға айналғанда Алексей «Тоқтаңдар!» деп айқай салды.
— Қабір басында сөз сөйлеу қазақ әдетінде болмаса да, сөйлеуге рұқсат беріңдер! — деді.
Мына қыздың неден өлгенін білесіңдер! Ыбырайымдардың неден өлгенін білесіңдер. Әліптің неден аяғы сынғанын білесіңдер, балалардың неден ашыққанын білесіңдер! Бейсендердің, Ильялардың неден қамалып жатқанын да білесіңдер. Бұдан артық мен не айтайын. Бейсендерді босатып алмай, Әліпті қамсыз етпей, жалақымызды көбейткізбей жұмысқа шықпайық. Осы қабір үстінде ант берейік!
— Не дейді?
— Не дейді?
— Қазақшалап жіберіңдер біреуің.
Жұрт шулап кетті. Ортаға Шектібай шықты.
— Не деуші еді, айуан қолынан жазықсыз қаза тапқан жас баланың қабіріне жыламауға бола ма? дейді. Осы қабір үстінде күйінішті серіппеуге бола ма деді. Қатыныңды ұрып, қызыңды зорлап, бала-шағаңды қырып, өзіңді өлімге айдағанына көне беруге бола ма дейді. Жас қызыңды шырылдатып өлтірген айуанды желкеге мінгізіп қоюға бола ма дейді. Осы арада кек аламыз деп ант бермесек, жас нәресте қабірінде тыныш жата ала ма дейді. Қашанға дейін құл боласың? Қашанға дейін үй ішіңді ашықтырып, жас қыздарыңды шырылдатасың дейді.
Екі-үш әйел айқайлап жылап жіберді.
VI тарау
Шахты астында жан жоқ. Адамы көшіп кеткен ұзын, тар землянке сияқты. Қараңғы, жырым-жырым, тарау-тарау тышқан іші сияқты. Ешкім жұмысқа ешкім шыққан жоқ. Жер барактар айналасы да тыныш. Қыбыр еткен жан жоқ, барлығы үйлерінде қасақана жатыр. Жер барактар алдынан бір взвод солдат көп. Жер барактар алдында бір полицейский жүр. Өзінен-өзі олай-бұлай жүреді. Землянке жаққа қарайды. Ойы біреу шықса, байланыса түсіп, ұрыс шығарып, ұрып, қамап, құмардан шығып, кек алмақ. Бірақ ешкім шықпады. Полицейский олай-бұлай жүре бастады.
— Ой, лағнет!
Әлі ешкім шыққан жоқ. Полицейский олай-бұлай жүгіре басып жүрді.
— Ой, лағнет!
Ешкім шықпай қойды. Бір ит келе жатты. Полицейский күйіп кетіп, жайымен келе жатқан итке ұмтылып қуып ала жөнелді.
Шахтерлер төсектерінде жатып алды. Далаға шықпай қойды. Бүгін үш күн болды, аштыққа да шыдады. Адам аштыққа шыдағанда, капиталист Хокинс пайданың кемуіне шыдамады. Хокинс кабинетінде тынбай жұрт жүр. Түрі қорқынышты, сасулы. Столға сүйеніш біраз тұрып алдына қарады.
— Ильяларды босату, Әліпті жұмыстан шығармау, жалақыны өсіру — деді өзінен — өзі.
— Жалақыны өсіру — деді тағы да.
Сүйтті де тез-тез басып жұрт кетті.
Мистер Стибинс келді.
— Мүмкін емес, жұмысшыға тиын беріп, зиянға қалар жайым жоқ — деді оған Хокинс.
— Өзіңіз ойлаңызшы, негізгі шахты тоқтауының зияны Тіпті көп қой.
— Бәрі соның кесірі. Әр уақытта менің мойныма мініп алып, зиянын тигізеді де отырады. Енді ол менің балам емес — деді ашуланып Хокинс.
Көнбей болмайды, мистер Хокинс.
Хокинс ойланып тұр:
— Шақыр өкілдерін — деді бір уақытта.
Стибинс шығып кетті. Алексей мен Шектібай кірді.
— Сендерді ырза қылайын, жұмыстарыңа шығыңдар! — деді Хокинс.
— Солай ма екен!
Алексей оның бетіне қадала қарады. Солай ма екен!
Хокинс пен Алексей сөйлесіп жатқанда, баяғы Сәду землянкенің алдына келіп, қазақ жұмысшыларын жиып алып өзі ортасында тұрып сөз сөйледі.
— Жұртшылық! Мынау орыстар бір бәлеге бастайын деп жүрген жоқ па? Біздің желігетін не бетіміз бар. Бала-шағамыз болса мынау ашығып жатқаны. Ағылшынның несі кетеді, бізді шығарады да тастайды, біреу өлді деп барлығымыздың қырылуымыз жөн болар ма екен? Одан да құдай деп жұмысқа кірісейік. Ағылшыннан кешірім сұрайық. Қараңғылығымыздан бір қателік болды дейік. Қамалған орыс қамалып жата берсін. Онда біздің не жұмысымыз бар. Жер қара, күн жылыда жөнімізді табайық. О, жұртшылық, не дейсің?
Көншілік біразға дейін үндемеді. Содан соң:
— Желігуді қойған дұрыс.
— Түбінде бір сұмдықтың болуы айқын.
— Қазаққа желігу не керек — деген күңкіл зорая бастады.
— Сәду, сандырағыңды қой — деді бір жас жігіт.
— Мына неме не дейді?!
Шоқынғысы кеп жүрген ғой.
— Ильялар біз үшін қамалып жатқан жоқ па?
— Ешкімді қорғар жайымыз жоқ. Бала-шағамызды қырмай, бір жапырақ нан тауып берсек те жетер.
— Е, осы жұмыс бір жапырақ нан үшін емес пе?
— Үйінде шалқиып жатып алсаң, табарсың жапырақ нанды.
Тұс-тұстан айқай, керіс көбейді.
— Тоқтаңдар! — деді Сәду. Бұл арада даурығатын түк те жоқ. Қазір жұмысқа шығу керек. Жаңа Алексейлер ағылшынға тағы кетті. Жұмысшылар жұмысқа шықпайды демекші. Енді ағылшын барлығыңды да жұмыстан шығарады. Одан да тезірек барып «Алексейге ермейміз, қателестік, мұның бәрін істеп жүрген біз емес»-дейік. «Жұмысқа шығамыз, желігуді қойдық»-дейік. Өзі біліп-ақ жалақыны көбейтеді.
— Мақұл.
— Қарап жатқанмен аспаннан нан түспейді — деген айқайлар көбейді.
— Онда мен қазір барып білдірем — деді Сәду.
— Мақұл.
— Тез, тезірек.
Біраз жұмысшылар үндеместен тарай бастады. Біразы кеуделерін басып тұрған бір көмескі ауырлықтан құтылғандай, жайдарыланды. Әдепкі, қызды қорғауда қызғанмен, күндер өтіп ашу басылайын деп қайта енді көпшілікке бір түрлі қорқыныш пайда болайын деген сияқты. Сондықтан жаңағы сөзден соң кейбіреулері қуанды.
— Әй, біздің үйге соға кет, шахтыға бір барайық.
— Жұмыс істемей, зерігіп қалдық қой.
— Аш құлақтан, тыныш құлақ, бәледен құтылдық па?
— Ай, тез кел, мен күтіп отыра алмаймын.
— Бүгін күн жылы-ау.
— Ағылшын енді бізге алғыс айтады.
Сәду конторға қарай жүгірді. Жақындай бергенде су алып бара жатқан әдемі, қара торы келіншекке кездесті. Сәду кенет тоқтай қалды.
— Еркелі, денің сау ма? — деді күле түсіп.
— Шүкір.
— Тәңір алғыр, Мені ұмытып бара жатырсың-ау.
— Қойшы, өзің емес пе суып кеткен.
— Суысам жылытып алу өз қолыңда емес пе еді.
— Жүре сөйлесейік, көзге түсіп қалармыз.
Сәду ере жүрді. Аузын келіншектің құлағының түбіне таяп:
— Бүгін жолығайық — деді.
— Үйде ағам бар ғой.
— Далада жолығармыз.
Сәду конторға тұра жүгірді. Сол уақытта конторда Хокинс алақанымен столды таянып тұрып:
— Бірақ мен сендерді сыйлағанымнан істеп отырмын. Басқа болса мұны істемес едім, жақсылықты біле біліңдер — деді.
Сәду жүгіріп келе жатыр. Бірақ келіншекпен алданып тұрғанда, Алексейлер әңгімелерін бітіріп шығып та үлгерді. Бұлар есіктен шыға бергенде, Сәду бұрышқа жасырынды. Ұзағасын жүгіріп кабинет есігіне келді. Ақырын қақты.
— Есік ашылмайды — деді ашулы Хокинс.
— Тақсыр-тақсыр, мен жұмысшылар атынан келдім, біз қойдық.
— Кет, жоғал, иттер — деді қазақ тілін білмейтін Хокинс.
— Өтеген, Өтеген, барсың ба?
Бірақ Сәду тілмаштың жауабын есітпей, оның орнына ағылшындардың кейіп сөйлескен әңгімелерін естіді.
Өтеген үйінде ғой. Ол болмай бәрібір сөйлесе алмаймын. Соны шақырайын — деп ойланып Сәду жүгіріп ала жөнелді.
Шахтерлер жұмысқа келе жатыр. Бір топтың ішінде Шектібай келеді.
— Ақыры келдің ғой — деді ол.
Шахтерлер шахты аузына жақындады. Сол уақытта тілмаштың үйінен қайтып Сәду келе жатты.
— Сәду қайдан келесің?
Сәду сасулы.
— Жаңағы уәде бойынша айтқалы бара жатырмын.
— Ешқайда да бармайсың.
Сәду болар-болмас даусын шығарып:
— Уәде, уәде қайда? — деді.
— Біз талапты орындаттық.
Жұмысшылар шулай түсті.
— Сәл кешігіп қалдың! — деді Шектібай.
Сәдуді жұмысшылар қамап алды. Бірақ ол конторға қарай сырыла түсті.
— Жаныңның барында жайыңды тап! — деді. Бейсен жетіп келді.
Сәду кейіншектеп топ арасынан шығып, үйіне қарай бет алды.
Әліп тыныш жатыр. Төлеп аулына қайтпақ. Иығы салбырап, әбден қайғы басқан. Қоштасып далаға шықты. Інісіне мұңын шағып жылап жіберейін деп, есік алдында біраз тұрып, бата алмай шығып кетті. Бірақ далаға шығып арбасына мінгенде Дәмешке қарап:
— Келінжан-ай, апам қайда десе Рақметке не деймін! — деп, еңіреп қоя берді.
Келін қосыла жылады. Ат тарта жөнелді. Келіні кейін, артта қала берді.
Төлеп аулына жақындағанда алдынан жүгіріп жеті жасар баласы Рақмет шықты. Баланың екі көзі тостағандай, әдемі-ақ, Күләндадан аумаған.
— Күләнда қайда? — деді Рақмет.
Төлеп жауап та берген жоқ. Тек бар даусымен айқай салып жылап жіберді. Ауылдың иттері үріп, әрбір үйден әйелдер шығып, таң қалып түсіне алмай, Төлепке қарап қапты. Долы байдың бәйбішесі есіктің алдына шығып:
— Немене, әкең бүгін өлді ме? Үніңді өшір, қара басыңа келгір! — деді айқайлап.
Арада екі жыл өткеннен кейін, қозы бағып жүрген тоғыз жасар Рақмет Долы бай өлгенше сабады. Ашуға шыдай алмай, жас бала түнде үйден шығып, далаға қаңғырып кеткен. Міне, сол кеткеннен Рақмет біржола жоқ болды. Сөйтіп, Төлеп қызынан да Рақметтен де айрылып, кемпірі, үш жасар Сағадаты үшеуі-ақ қалды.
Роман былай басталды
I тарау
Жержүзілік төрт-бес академиялардың мүшесі жер жүзіне аты шыққан, белгілі академик Вознесенский қартайған шал еді. Жасы 60-тан асқан, ұзын бойлы, ақсақалды кісі еді.
Бұл-1927 жыл.
Ленинград, Петроград ауданы. Асфальттеген әдемі көшелер.
Аспанмен таласқан үйлер. Үлкен ақ үй. Кең лаборатория. Түрлі аппарат, сауыт, модель, металл, ғылым саймандарына толған. Академик Вознесенский үлкен столында жазу жазып отыр. Терезеге сүйеніп қызы Лиза тұр.
Лаборант келіп:
— Сізбен сөйлесуге жолдас Макаров келіп тұр.
— Мен ешкіммен сөйлеспеймін, менде не ақысы бар осылардың? Қолым тимейді.
Академик ашуланып қағазына үңіле түсті.
Лиза академикке қадалып тұр:
— Папа, осы күйгелектігіңді, ашуланшақтығыңды қойсаң қайтеді? Бұл қай қылығың? Макаров жолдас Ленинград партия ұйымы жетекшілерінің бірі емес пе?
— Жетекші болса, сендерге жетекші болар, ғылымға жетекші болмас!
Үлкен ақ үй есігінің алдында жолдас Макаров тұр. Үстінде ақ көйлек. Қасында институт партия ұясының хатшысы.
Макаров академиктің жауабын біліп күлді. Хатшымен қоштасып кетіп қалды.
...Кешке жақын Макаров кабинетінде отырған. Терезеден біреуді көргендей болды. Жаңбыр құйып кетті, терезені тырсылдатты. Макаров терезеге барды.
Академик Вознесенский кетіп бара жатыр екен. Үсті-басы су, тайып жығыла жаздады. Макаров телефонды қолға алды.
— Бұл Михаил Васильевич пе? Академик Вознесенскийдің меншігіне бір машина беру мәселесі әлдеқашан шешілген еді. Соны тездетіңіз. Жақсы! — деді жолдас Макаров.
Арада екі күн өтті. Сағат 12 мезгілінде лабораторияда академик қағаз жазып отыр еді. Лаборант кірді:
— Аркадий Евгениевич, кеше қабыл алмағаныңыз үшін жолдас Макаров сіздің меншігіңізге машина бергізіпті.
Академик хатшыға қадала қарады. Не дерін, не істерін білмей, қағазына үңіле түсті.
Бұл — 1927 жыл.
Жер жүзіне аты шыққан академик Вознесенский университетте лекция оқитын еді. Бір күні академик лекция оқыды.
— Мен сұрап отырмын: мартен пеші... — деп сұрау беріп тұрғанда есіктен біреу кіріп, арт жаққа барып отырды.
Бұл партия ұясының хатшысы еді.
— Мен сұрап тұрмын! — Академик хатшы жаққа қарады.
— Мен сұрап тұрмын! — Академик мойнынан галстугін жұлып алып, столдың үстіне тастады. Жұдырығымен қымбатты аппараттарды салып-салып қалды. Академик қызарып қабағын түйіп, олай-бұлай жүгіріп кетті.
Академиктің костюмі тозып, екі шынтағы жыртылған екен, хатшының көзі соған түсті.
Ертеңіне бір ғылым қызметкері академикке екі костюмді әдемі шевиот әкеліп берді.
— Сіздің костюміңіз тозғанға сыйлап беріп жіберді.
Академиктің көзіне кешегі хатшы елестеді.
— Түсінбеймін — деді академик.
— Большевиктерді байқамай жүре беремін десеңіз де, олар байқатпай қоятын емес қой.
— Не айтып тұрғаның? Тарт тіліңді — Академик ашуланып, қолы-басы дірілдеп кетті.
Академик түнімен ұйықтаған жоқ. Лабораториясындағы ғылым қызметкерлері де ұйықтатқан жоқ. Ертең ертемен бірнеше күнге Донбасс металлургия заводтарына жүреді. Тапсырмалар беріп жатыр.
Есіктен бір ғылым қызметкері кіріп келді.
— Ұя хатшысы азбен сөйлесем дейді — деді.
— Мен ешкіммен де сөйлеспеймін — деді академикті тоқтатып. Біраз тұрды:
— Қолы тимей жатыр де!
Ертеңіне партия ұясының хатшысы кабинетінде телефонмен сөйлесіп отырды:
— Жолдас Макаров, академик бүгін Донбасқа кетті. Ал енді оның көп жылдан бергі арманы-лабораториясында болат құятын электр пеші орнатылса дейді. Өзіңізге мәлім... Не дейсіз? Бүгіннен бастап іске кіріспекпіз! — деді.
Пеш сол күннен бастап салына бастады.
Академиктің кішкене лабораториясы төңкерістен кейін жер жүзіндік мәні бар зор институтке айналды. Ең соңғы өте бай, қымбатты, таптырмайтын құралдармен жабдықталды. Большевиктер барлық жардай жасап академикті көкке көтерді.
Он күн өткен соң академик келді. Лабораториясындағы екі электр пеші көзіне оттай ыстық көрінді.
Академик балаға құсап жүгіріп барып, пешті құшақтай алды. Көзінен жас та шығып кетті білем.
Лиза келді. Академик құшақтап қызын сүйді. Шашын сипады. Академик бірінші рет күлді.
— Лиза, сен білесің бе? Ұзын өмірімдегі қиялымды жаңа көріп келдім. Сенесің бе?
Лиза күлді.
— «Большевиктер ғылымды, ғылым адамдарын бағалай алмайды» дегеніңіз өтірік болып шықты ма?
Академик бұрылып кетті. Ештеңе айтқан жоқ.
...Академик лабораторияда жұмыс істеп отыр.
Лаборант келіп хат ұсынды. Академик алып, ашып оқыды:
«Ленинградта жаңа ашылған университетті академик Вознесенскийдің атымен атау туралы.
Жаңа университетті академик Вознесенскийдің атымен атау жөніндегі Ленинград партия ұйымдарының тілегі қабылданылсын».
Академик хатты тастай салды.
— Мен қарсылық білдіріп хат жазамын, жазам! — деді академик.
Лаборатория. Ғылым қызметкерлері жиылып газет оқып отыр.
«Орталық Атқару Комитетінің қаулысы...»
Ғылым қызметкерлері қуанысып күлісті. Лабораторияға партия ұясының хатшысы келді. Ғылым қызметкерлері жабылып ортаға алды.
Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген ассистент сөйледі:
— Академик жуасып келеді, екі пеш орнатылғаннан кейін, пәтері мен лабораториясының арасын жабық әйнекпен, галереямен қосқаннан кейін ашуын қояйын деді. Қарысып қалатынын да қойды — деді ассистент.
Лаборант сөйледі:
— Обкомның қаулысын қалтасынан тастамайды. «Лаборатория жанынан буфет ашылсын, үй сыпырғыштары көбейтілсін» деген жерлерін сызып қойыпты. «Большевиктер үйінде сыпырғыштың бары-жоғына да көңілін бөлетін түрі бар» — дейді — деді лаборант.
Барлығы күлісті.
Академик болаттың «спеллит» атты жаңа составын тапты. Лабораторияда қызметкерлерінің жасаған техникалық есебін тексеріп отырғанда лаборант кірді.
— Аркадий Евгеньевич, партия ұясының хатшысы келіп тұр, Кіруге бола ма? — деді.
Академик біраз отырып:
— Болады — деді, күбір етіп.
Лаборант күлді.
— Мен ойнап айтам, сізді байқайын деп едім, бұрын сылтау тауып жолатпайтын едіңіз.
Академик ашуланып лаборантқа қарады. Қолын шошайтып есікті көрсетті.
— Кет! Мені мазақтайын деген екенсің ғой.
Лаборант шығып кетті. Академик біразға шейін жұмыс істей алмай, олай-бұлай жүрді.
II тарау
Бұл 1930 жыл еді.
Ленинград. Нева. Елагин көпірі. Мәдени демалыс паркі.
Парктің батыс жағы-теңіз, Фин заливі. Оң жағы — Кішкене Нева, сол жағы — Үлкен Нева. Ортасында парк.
Теңізден асып қызарып күн батып бара жатыр. Қалың көк парктің іші гүлдерге толған. Парк ортасында үлкен оркестр ойнап жатыр. Біреулер жүріп жүр, біреулер сөйлесіп отыр. Адам көп. Сөз, күлкі алыстан трамвай, автомобиль дыбыстары естіледі. Теңіз беті қаптаған қайықтар.
Теңіз жақ шеттеп таса жерде, бір скамейкеде бір жігіт, бір қыз отыр.
Жігіт жас, орта бойлы, қыр мұрынды ,толық, ақ-құба, әдемі. Жасы 22 шамасында. (Көз қарасы, күлгені Күләнданы еске түсіре ме, қалай?).
Жас жігіт скамейкенің арқасына шалқая түсіп, теңіз жиегін қызыл нұрға малындырып батып бара жатқан күнге қарап отыр.
Қыз артына қарап отыр. Бетіне түскен шаштарын ауық-ауық басын бір шұлғып артқа сілкіп тастайды.
Қыздың үлкен қара көздері бір тыным таппайды. Көз алдына көрінген нәрселердің барлығы басынан кешірген, үйреншікті, білетін нәрселері сияқты. Көз қарасы минут сайын құбылып тұрады. Біресе көздер сонау шалқайып, көпіріп жатқан теңіздің әлдебір белгісіз жеріне қадалып, мөлдіреп тұрады. Біресе өзіне қымбат нәрсе тауып алғысы келгендей алдынан өтіп жатқан адамдардың беттеріне қарайды, қасында отырған жігіттің шашына қарайды. Сүйтеді де, бота көзі өзінің қарауына тұрарлық бір нәрсеге түскендей жайраңдап, ойнақтап оймақ аузына күлімсіреу пайда болады. Біресе қараудан зерігіп, қара көзі төңкеріліп, бұлтқа жасырынған айдай кірпіктің астына жасырынып жұмылады. Қыз көзін жұмып, шалқаяды. Бетіне түскен бір топ шашы кейін қарай сырылады. Қыз бетін көзін ашады. Сүйріктей саусақтарымен теңізге қарап отырған жігіттің шашын сипайды. Бұл атақты академиктің қызы-Лиза.
Лиза жігіттің шашын сипап отырып:
— Рақмет! — деді-есіңде ме, Ромео Джульеттаны сүйіп алып: «Сенің ернің ернімнен алып қалды күнәмді депті. Джульетта тұрып: «Өз ернімде ұстап қалған болармын» деп жауап беріпті. Ромео тұрып: «Қалай? Менің күнәмді алып қалдың ба? Тәтті наз! Күнәмді қайтып бер. Күнәларым өзіме қайтып келсін» деп тағы сүйіп алады. Сонда Джульетта «Сүюдің ебін табуға қалай ұстасыз» — дейді.
Лиза Рақметке күлімсіреп қарап тұр.
— Рақмет! Сен неге кісіні тартып тұрмайсың! Қиялшылсың ғой өзің.
Рақмет бұрылады. Қыздың үлкен қара көздеріне бір қарайды да:
— Мен саған бір сөз айтпақшымын. Жақында мектепті бітіріп, айырылысып кетеміз...
Лиза шошынып кетті де:
— Айырылып кеткің келе ме?
— Сенің айырылғың келеді-ау деп қайғырам.
— Жоқ, мен де Қарағандыға барам.
— Академик жібермейді ғой.
— Институт Қарағандыға жіберсе, ұстап тұра алмайды ғой. Сенің туып-өскен жеріңе барамыз. Әкеңді көреміз, түсіндің бе! Сағындың ба оны?
Рақмет төмен қарайды, жауап бермейді, үндемейді.
— Рақмет! Сен неге үндемейсің, Рақмет?
Рақмет басын көтереді. Бір нәрсе айтайын дейді де, бата алмай қайтадан төмен қарайды. Сонан соң қалтасынан папирос алып біраз отырады. Сіріңке алып тұтатады.
— Рақмет! Қане сөйлесеңші!
Рақмет скамейканың арқасына шалқиып теңізге қарайды.
— Лиза! Кешір, мен сені алдап жүрмін.
Лиза шошынып кетеді.
— Қалай?
— Менің әкем де, үйім де жоқ, бар-ау, бір-ақ қайда екенін білмеймін...
— Ал, одан соң? Алдағаның осы ма?
— Әкем мені жоғалтып алған. Сенің әкең академик. Оны білмейтін адам жоқ. Ал мен әкемнің қайда екенін өзім де білмеймін...
— Бұдан сенің басыңа келетін кемшілік қайсы? Менен мұның несін жасырдың? Академиктің қызы қойшының ұлын сүйеді, бұған кім қой дей алады?
— Алдадым деп осы жасырғанымды айтам...
— Бұл алдау емес, бұны айтпай жүрген өзіңнің балалығың, бостығың емес пе?
— Болмаса, осы бостығымды кешірерсің.
— Мен кешіретін түк те жоқ, тек өзің қойсаң болғаны ғой.
— Солай ма?-Солай.
Рақмет қуанып, жақындай түседі. Көзі күлімдейді. Қыздың көздеріне қадалады.
— Ромео не деп айтты дейсің, Лизочка? Лиза күледі. Омырауындағы көк жібек лентаның ұшын ұстап тұрған қолын алып, скамейканың артына сүйейді. Көйлегін жоғары көтеріп тұрған Лизаның төсіне Рақметтің иығы тиеді.
— «Сенің ернің ернімнен алып қалды күнәмді» — деген.
Лиза қатты күледі.
— Бірақ мен күн бұрын айтам: өз ернімде бостығыңды ұстап қалғым келмейді..
Лиза орнынан тез тұрып жүгіріп кетеді. Анадай жерге барып, артына бұрылып қарап қатты күледі. Көк шөп. Қызыл гүл. Көркем көк ленталы Лиза. Қалың ағаш. Лиза күліп тұрып мынаны айтады:
— Рақмет! Ал, тыңда:
...Аспан да бетін жасырар, жапырақ бұлт таппастан,
Көк жүзінде күн күледі кірпігін де қақпастан.
Кешегі, әні, әдемі жастығымен беріп нұр,
Кестелі көйлек, лентаға оранып менің жарым жүр.
Алдында оның белестері, бұлбұл болып сайрайды.
Артында оның қосылып, екі гармонь ойнайды.
Сонда айтамын жарыма, көк лентаға оранған,
Жан-жағына жайнақтап, құралайша қаранған...
деп Лиза сықылықтап күледі.
— Рақмет! Ішің күйді ме, Рақмет! Ау, Ра-қ-ме- т! Көзің қызды ма?
Рақмет орнынан тұрады. Жүгіріп Лизаның қасына келді. Қуанышты жүрек тулайды. Рақмет:
— Сонда айтамын жарыма, көк лентаға оранған,
Жан-жағына жайнақтап, құралайша қаранған
Күндей күлген әлемде-күміс айсың деймін мен,
Күнге қара деймін мен, көлге қара деймін мен.
Көресің бе оны сен, көрмейсің бе оны сен,
Сүйесің бе мені сен, сүймейсің бе мені сен?
Лиза тағы күледі. Секіріп бір жерде тұрмайды.
— Ендігісін мен айтайын ба, айтып салайын ба, Рақмет? Аяқ жағын айта алмаймын ба, Рақмет?.. Ау, Рақмет?
«Сонда есітем жарымнан, айтқан сөзін жалтарып.
Кәні, қыздар, кеш болды, үйімізге қайталық», —
Деп айтып салайын ба, Рақмет?
«Жер жағдайы тағдырды, ажыратты, үркітті.
Сен қаршыға, мен болсам, күтіп тұрмын бүркітті —
дей алмаймын ба, Рақмет? Ал, айтам, айтам, Рақмет!!
Лиза ішін басып күледі. Көк ағаштардың арасында, көк шөптің ішінде маңдайы жарқырап, меруерт тістері көрініп, күліп тұрады Лиза.
— Ендігісін айтпай-ақ қой, Лизочка.
— Айтамын, Рақмет, кетіп қалам, Рақмет, әйтпесе ақын неге жазған? Сен өкпелейсің бе? Әкесі жоқ адам өкпелеуші ме еді? Бірақ бала өкпелейді екен-ау!..
Рақмет барып скамейкаға отырады.
— Рақмет! Сен өкпеледің бе?
Лиза күліп, ақырын барып, Рақметті құшақтай алады. Сүйеді. Рақмет Лизаның бетіне қарайды.
Лиза:
— Әшейін, сенің өкпеңді өз ернімде алып қалайын деп едім..
Лиза сақылдап күледі. Рақмет Лизаны құшақтай түседі.
III тарау
Тау-кен институтының кең залының іші толған студенттер. Стол басында жиырма шақты адам отыр. Профессорлар, екпінді студенттер, партия, комсомол ұйымдарының әйелдері. Президиум мүшесі болып екпінді студенттер, институтты бірінші өте жақсы бітіргендер Рақмет, Лиза да отыр.
Екпінді бітіргендерді сыйлау жүріп жатыр.
Сөйлеуші:
— Маңдай алды, екпінді, белсендінің комсомолец, партия мүшесі, институтты ең жақсы бітірушілерден Рақмет Дәуір ұлына бір костюм. «Ленинизм мәселелері» және мақтау қағаз беріледі — деді. Қол соғу залды басына көтерді. Музыка тартылды. Рақмет күлімдеп барып сыйлығын алды. Директордың қолын қысты.
Сыйлау жүріп жатты.
Рақмет орнына келіп отырды. Қасында Лиза. Ол өзінің дағдылы көңілділігімен залда отырған жолдастарымен басын шұлғып амандасып отыр.
Рақметтің қуанышы қойнына сыймады. Секіріп-секіріп түскісі келді. Оның үстіне музыка күйі желіктіріп жіберді.
Лизаны құшақтап алайын деп құшағын жайып барып қойды.
— Лизочка! Менің қуанышым қойныма сиятын емес, осы жұрттың алдында құшақтап, сүйіп алайын ба?
Лиза көзі жайнап қарап қалды.
Күлгенін де қойды. Ішінен: «Жаным, жаным, сүйші, сүйші! Сенен аяйтын нем бар!» — деп отырған жоқ па екен. Бірақ сыр білдірмейін деп ештеңе деген жоқ.
— Әлі өкпеңді қоймайсың ғой — деп Рақмет теріс қарады.
Музыка тартылды, шапалақ соғылды.
Осымен араластырып Лиза:
— Сүйші, жаным, сүйші, сүйші — деді.
Бірақ мұны Рақмет есіткен жоқ.
Сөйлеуші:
— Маңдай алды екпінді, белсенді комсомолка, институтты ең жақсы бітірушілерден Лиза Вознесенская бір көйлек, бір мақтау қағазбен сыйланады! — деді.
Лиза орнынан тұрып барып, сыйлығын алды.
Рақмет Лизаны ұмытып, сыйлық алушыларға қол соғумен болды. Лиза бетіне қарап еді, теріс қарады.
Лиза отыра қалып хат жазды. «10 июнь.
Бүгін тіптен қуанышты күн, жаным, ойыннан соң есік алдында мені тос.
Лиза».
Лиза Рақметтің қалтасынан папиросын білдірмей алды. «Папирос тартқанда алып оқыр» деп хатты коробканың ішіне салып, папиросты орнына қойды.
Жиылыс бітті, ойын басталғанша студенттер кең көшедей, ұзын коридорда жүрді. Коридордың бір жағы орта белінен әйнек. Екінші жағы кафедра, аудиториялар.
Лиза Рақметтің артынан шықты. Қашан папиросын тартар екен деп байқап жүр. Лиза бір студентпен сөйлесіп қалды. Студент «әңгімелесіп, олай-бұлай жүрейік», деп ұсынды. Лиза басын шайқады. Осы мезгілде Рақмет папирос тартты. Ішінен шыққан бүктеулі қағазды көріп: «Бұл неғып бұның ішіне түсіп кеткен» — деп даусын шығарып айтып, төс қалтасына салып қойды. Папиросының түтінін бұрқыратты. Лиза қарады. Лиза Рақметке бұрылды. Не жауап берер екен? — деп жауап күтті. Бірақ Рақмет ештеңе деген жоқ. Сырт айналды. Лиза қарап тұрды да, бағанағы студентке барды.
— Мақұл, жүрейік...
Кетіп бара жатқан Лизаның шашына, әдемі денесіне Рақметтің көзі түсті. Жігіттің қолтығында кетіп бара жатқан Лизаның артынан біраз қарап тұрды. Сонан соң қолындағы папиросын шегіп болмастан лақтырып жіберді де, ішке кіріп кетті.
IV тарау
...Институт директорының кабинеті, көзілдірікті директор отыр. (Директор біреуімен сөйлесудің алдында көзінен көзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады). Кабинетке Рақмет кірді.
— Кел, Рақмет-директор орнынан тұрып қолын ұсынды. Рақмет отырды.
— Иван Александрович, Қарағандыға барғым келеді.
Директор көзілдірігін алып, күлімсірей қарады.
— Біз сізді академик Вознесенскийдің кафедрасына ассистент етіп қалдырдық. Академиктің ғылыми зерттеу институтінде істейсіз. Ол қазір Магнитогор-Қарағанды мәселесін талқылап жатыр. Осы жағынан ол кісіге көп көмек көрсетуің керек — деді директор.
Бірнеше күн өткен соң Рақмет академиктің институтіне келіп іске кірісті. Күні-түні лабораториядан шықпайтын болды.
Әдепкі уақытта академик жақтырмай жүрді.
— Осыдан он жыл бұрын далада түйе ме, қой ма бағып жүрген азиялықты маған көмекші қылып бергеніне таңым бар — деді академик.
— Өзіңіз емес пе талантты деп мақтап жүрген — деді лаборант.
Академик үндеген жоқ, қабақ түйіп тұрып қалды.
Бір күні мынандай бір қызық уақиға болды. Лабораторияда Рақмет жалғыз өзі отырған. Бір аппаратқа тесіле қарап, қағазға қарап, бір нәрсе жазып жатқан... Ақырын Лиза кірді. Білдірмей артынан келіп Рақметтің көзін басты. Рақмет кім екенін білмеді. Бірақ, Лиза өзі күліп жіберіп, білдіріп қойды. Екеуі академиктің столына барды. Рақмет Лизаны тізесіне алды. Құшақтап сүйді. Әлі сүйіп отыр. Осы уақытта абайсызда академик кіріп келді. Академик булығып, өзінен-өзі қақалып қалды.
— Енді осы жетпеп еді — деді академик.
Столына келді. Столды қойып қалды. Кейбір шыны аспаптар сылдырады:
— Кет, жоғал, көзіме көрінбе! — деді Лизаға.
Лиза шыға жөнелді. Рақмет кірерге жер таппай, аппараттардың арасында бұғып отырды.
Бірақ ойында академик ту сыртынан көзін айырмай қарап тұрғандай болды. Барлық пәрменінше жүгіріп далаға шығып кетті.
— Академиктің қызымен... бұл не деген заман? — деді өзінен-өзі академик.
Бірақ бұл сөзді айтарын айтса да, дәмі жоқ екендігін, дұрыс еместігін өзі сезіп:
— Алдымен ғылыммен шұғылданып, онан соң қосылмай ма? — деді.
Бірақ бұл сөзі де күмәнділеу болды. Өйткені екеуі де инженер, ғылымға шұғылданғандар солар ғой.
— Бәрінен бұрын, шіркіндер, менен сұраса қайтеді. Неге жасырады — деді академик өзін-өзі жұбатып.
— Оңбағандар, мен сендерге көрсетермін — деп өзінен-өзі столды ұрды.
...Бұл күндері Рақмет Лизамен жолыққан жоқ. «Лизамен бір жүрсем академик ашуланады. Олай болса атақты академикті ашуландыруға қандай правом бар?» — деді. Рақмет төсегінде ойланып жатып.
Рақмет екінші жамбасына аунап түсті. Түн. Үйдің іші электр шамымен күндізгідей жарық. Терезе артында дауыстар естіліп тұр. Электр жарқылдап, трамвай дүрсілдеп, көк ұшқын атып терезені, қабырғаны дірілдетеді. Біреу есікті қақты.
— Кіріңіз — деді төсекте жатып Рақмет. Хат тасушы келді. Рақметке телеграмма ұсынды.
Рақмет орнынан тұрып отырды. «Ленинград тау-кен институтінің директорына, көшірмесі Дәуір ұлына.
Инженер, ғылым қызметкері Дәуірұлын тез Қазақстан Халық, Комиссарлар Кеңесінің қарамағына жіберуіңізді сұраймыз».
Хат тасушы кетіп қалды. Рақмет орнынан қарғып тұрды.
— Мені, Рақметті, Қазақстан біледі. Я, мені Қазақстан шақыртады, я менің қамымды жейді, не дейді, жұртым-ау!!!
Рақмет орнында шыр айналды, қуанышы қойнына сыймай күлді. Телеграмманы көкірегіне басты, етпетінен төсекке жата қалды. Кенет үйдегі электр өшіп қалды. Көшеден электр сәулесі терезеден үйдің ішіне түсіп тұрды. Ә дегенде ойы өзінің бақытында болды, ол сәуленің не екенін біле алмады. «Бұл не» — деді ойымен, артынан түсінді. Сонда:
— Ол ма? Ол-Рақметтің бақытының сәулесі — деді күліп, даусын шығарып.
Электр қайтадан жанды. Рақмет орнынан қарғып тұрып, жүгіріп көршісінің үйіне кетті. Бірақ ол үй жабық болды. Қайтып келді бірақ үйдің ішінде жалғыз өзі билеп жүрді де, шешініп жатуға кірісті. Жатарда қалтасынан телеграмманы алып жастығының үстіне қойды. Жастыққа басын қоя беріп, телеграмманы алып оқып, жастықтың астына қойды. Екі минуттен кейін тағы алып, бір қарап, қайтадан қойды. Көзі ұйқыға кетті.
Рақмет түс көрді.
Түсінде Қазақстан Совнаркомының кабинетіне кіріпті. Жолдас, Нарком, барлығы қуанышпен қарсы алып, Рақметтің қолын қысып, жаурынынан қақты.
— Міне, кешегі жалшының баласы-бүгін инженер!.. Енді социалды Қарағандыны құрады — деді. Совнарком председателі күлімсіреп...
...Рақмет Лизаға жолығуға асықты. Бір күні Нева проспектісімен келе жатты. Ерсілі-қарсылы жүрген адамдар трамвай жүрісі құлақ жарады. Рақметтің алдында анадай жерде Лиза көрінді. Рақмет қуанып кетті. Айқайлауға сәл-ақ қалды. Лиза Рақметке қадала қарады. Бірақ Рақмет жақындай бергенде проспектінің екінші жағына қарай бұрылып кетті. Оған себеп, Рақметтің артында академик келе жатыр еді. Мұны Рақмет білген жоқ, бір көше айнала беріп:
— Менен қаша бастағаны ғой, уәдеден тайғаны ғой — деді ішінен.
Кетер алдында Рақмет академикпен қоштасуға лабораторияға келді. Академик қолын берді.
— Ендігі жылы қайтып кел — деді академик.
Рақмет:
— Сөзсіз келем — деді.
Рақмет шығып бара жатқанда академик бір нәрсе айтайын деп оқталды. «Лизаға жолықтың ба?» — десем деп оқталып еді, бірақ оған ұялды. Сонан соң өзінен-өзі ашуланып столды қойып қалды. Әлдекімдерге кейи бастады.
Лиза академиктің үйінде, өз бөлмесінде, төсек үстінде отыр.
Телефон сылдырлады. Лиза барып тыңдады.
Телефон соғып тұрған Рақмет:
— Ең болмаса қоштасып, шығарып сал — деді.
Лиза телефонды тастап жіберді. Ернін тістеп, қара көзі жаспен қаймақтанды. Артымен жүгіріп барып төсекке отыра кетті. Енді көзінен жас сорғалады».
— Қоштасып қал... — Лиза көзін басып солқылдап жылады-өзімен бірге жүр деу ойында жоқ-ау, уәде қайда? — Лиза бетін жастыққа қойып, солқылдап жылады.
...Әйнекті галереямен академик үйіне келді. Ішке кірді. Лизаның есігінен қарады. «Лиза Рақметтің қасында жүр ғой» деп ойлап еді үйде екен.
Лизаға «бар» деуді лайық көрмеді. Академик өзінен-өзі ашуланып есіктерді тарсылдатып жауып, айқай салды.
— Бұл не, үйдің ішінің ыбырсып жатқаны?
Бірақ академик қызының үйіне барды.
— Неге Рақметке бармайсың? Кетейін деп жатыр ғой...
Айтарын айтса да, академик ұялып шығып кетті.
Лиза басын көтерді. Көзі іскен.
— Кекетпесең де жетеді ғой... — деді есік жаққа қарап.
Лиза қате түсінді.
Академик лабораторияға қайта кетті.
Лиза отыра алмады.
— Кетіп қалды ма екен?..
Лиза жүгіре жөнелді. Нева проспектісімен жүгіріп келе жатыр.
...Октябрь вокзалының перронында директор мен Рақмет тұр еді.
— Академик әдепкіде сені жек көрсе де, кеше жібермеймін, сендер талантты адамды осылай жоқ қып жібересіңдер, деп ұрыс шығарды ғой — деді директор.
Рақмет күлді.
Біраз тұрғаннан кейін директор қоштасып кетіп қалды.
Рақмет тыным таппай жүгіріп жүр. Лизаны іздеп жүр.
— Ол неге келмейді?..
Жүгіріп вагонына барды. Онда Лиза жоқ. Жүгіріп қайтадан іздей бастады. Вокзалдың ішіне кірді. Қайтып шықты. Лиза көрінбеді. Лиза жоқ...
...Лиза жүгіріп келе жатыр, іштен трамвайға міну де есінде жоқ. Міне, Нева проспектісі. Міне Александр Үшіншінің ескерткіші... Міне, Октябрь вокзалы...
...Ал Рақмет алақтап жан-жағына қарап тұр. Лиза жоқ, үшінші қоңырау берілді. Поезд қозғалды, жылжып барады. Осы уақытта Лиза келді.
Поезд кетіп барады.
— Тоқтаңыз! — деді платформаның аузында тұрған адам. Поезд кетіп де қалды. Лиза мұңайып кейіп қайтты.
Қабырғаға сүйеніп біраз тұрды.
— Мені көрді ме екен? — деді өзінен-өзі.
Арада бірнеше күндер өткеннен кейін, бір күні Лизаның есігін біреу қақты. — Кіріңіз — деді Лиза.
Почтальон телеграмма ұсынды, почтальон шығып кетті. Лиза ашып оқыды. «29 сентябрь.
Қарағанды бардым, ертең Донбасқа жүремін, біраз боламын.
Алып шахтыларын тексеріп, танысып, мұнда ашылатын шахты проектісін, планын жасаймын. Қатты сүйдім.
Сенің Рақметің».
Лиза көзін кең ашты, қуанып кетті. «Қалқам, қалқам» — деді телеграмманы көкірегіне басып, төсекке жата кетті.
V тарау
Май айы. Таң алды.
Түнгі Москва. Октябрь вокзалының алды. Паровоздың гүрілі, трамвай жүре бастаған, электр жарығында вокзал алдында Рақмет тұр.
Поезд келді Адам қайнап, құжынып кетті. Бір вагоннан академик шықты. Алыста тұрған бір көзілдірікті жас жігіт кимелеп жетіп барды.
— Мен сізді қарсы алуға шыққан адаммын, жүріңіз. Машина дайын.
Бұл екеуі вокзалдың ішіне кіріп кетті. Сөз, айқай, бала жылауы, паровоздың пысылдауы перронды бастарына көтерді.
Академик вокзалдың алдына шықты. Электр жарығында әдемі жас жігітке көзі түсті. Академик айқай салды:
— Рақмет!
Рақмет жалт қарап жүгіріп келді. Қол алысты. Екеуі де күлуде, қуанышта (академиктің күлгенін Рақмет бірінші рет көрген шығар).
— Донбасқа барып, жеті-сегіз ай жатып механикаланған шахтылардың тәжрибесін тексеріп, Қарағандыда алып шахты ашуға проекті, план жасадым...
Академик қуанып қарап тұр.
— Москва проектіні бекітті. Бүгін жүрем, Қарағанды трест бастығы осында. Ертең жүреді.
Академик күліп қарап тұр.
— Мен де Наркоммен сөйлесуге келе жатырмын.
Екеуі біраз тұрды. Қол алысты.
Рақметтің көзіне Лиза елестеді бір нәрсе айтайын деп еді, айта алмай булығып, төмен қарады.
— Қош, Аркадий Евгеньевич.
Рақмет жүре берді.
Академик артынан қарап тұр. Бір нәрсе сұрайын деп айта алмай тұр.
— Лиза... — деді академик.
Рақмет жалт қарады. Академик сасып:
— Лизаның дені сау-дей салды.
Рақмет кетіп бара жатып:
— Жаңа Лиза жөнінде өзім неге сұрамадым? Қап! — деп өкінді.
Роман былай басталды
I тарау
Отанның көмір алыбы жаңадан жасала бастаған шақ еді. Жаңа салынып жатқан көп барактар, жер көпелер. Бұл-қала.
Қаланың іші жер қазып жатқан, кірпіш тасып жатқан, ағаш жонып жатқан, ағаш тасып жатқан, балшық илеп жатқан, қыш қалап жатқан қыбырлаған адамдарға толған.
Алыпты құруға адамдар өлкенің төрт бұрышынан да келді...
Станцияға поезд келді.
Адамдар бірінің үстіне бірі жығылып, балаларын, жүктерін сүйретіп түсіп жатыр. Айқай, у-шу көбейе түсті.
— Ой, қайдан келесіңдер?
— Қарқаралыдан келеміз.
— Сарысудан келеміз!
— Новосібірден!
— Кубаньнан!
— Тамбовьтан!
Салынып жатқан екі қабат барактың алдынан бір қарттау адам өтіп барады. Тас қалаушы:
— Е, отағасы, қай жақтансыз? — деп сұрады.
— Сарысудан?
— Неге келдіңіз?
— Нан береді дейді ғой, шырағым!..
Станция басындағы адамдар топ-тобымен Трест басқармасына қарай ағылып жатыр. Алдыңғы топта томпақ бет, жуан қара жігіт келе жатыр. Бұл-Елемес батырақ.
Қасында арқалаған жүгі бар, ашаң бет, шоқша сақалды біреу келеді. Бұл-Ермек колхозшы.
Ортадағы топта бала арқалаған әйел келеді. Бұл-Жұмақұл.Қатарында жас жігіт, бұл -Жылқыбай. Артқы топта шал келеді. Бұл-бізге таныс кәдімгі Төлеп. Қатарында комсомолец-Мырзаш.
Төлеп:
— Алыбыңды қайтейін, шырақ, қартайғанда ақша тауып, осыдан он төрт жыл бұрын жоғалған балам-Рақметті іздемекшімін.
Мырзаш күлімсіреп:
— Әлі-ақ, түсінесің. Мен алып жасауға келе жатырмын. Бәріміз алып жасаймыз. Әлі өзің-ақ ұрынасың!
Төлеп басын шайқап:
— Жоқ, шырақ, енді біз ұрынудан кеттік.
Алыпқа әр түрлі адам келді. Алыпқа өмірі қала көрмеген, үсті-бастарын бит басқандар да келді. Қашқын да келді. Ағайынмен араздасқандар да келді.
Бірақ алып барлығын бауырына тартты.
Алыпқа күш керек еді.
Қабаттасқан гудоктар даусы, айқайлаған, шулаған адамдар даусы, трактор дыбыстары.
— Бұл-бұрынғы айдаладағы жеті-сегіз барактың орнына салынып жатқан үлкен алыптың қаласы.
Түн. Бұлт астында жылжыған ай. Әр жерде жылтыраған электр жарықтары, жай басып Төлеп келеді. Терезелерінен көмескі шамдары жылтыраған баракқа жақындады.
Төлеп ішіне кірді. Қараңғы коридор. Шеті есікке жақындады. Ішіне қарай итеріп еді, ашылмады. Іштен біреу итеріп, есікті ашты" Бұл Шымырбек комсомолец. Көйлекшең, қолында газет.
Төлеп сасулы.
Шымырбек:
— Сізге кім керек?
Төлеп үндемейді. Жүгін сүйретіп ішке кірді. Үйдің ішінде сығылысып алты төсек тұр. Шымырбек төсегінен басқасында жұмысшылар ұйықтап жатыр. Көмескі білте шам. Бөлме іші қою түтін. Терден есікке дейін шашылып жатқан қағаз, шүберек, киім-кешек. Үйдің іші әлденеше күн сыпырылмаған.
Төлеп жүгін босағаға қояды.
Төрге қарай жүруге қаймыққандай. Шымырбек аң-таң.
Төлеп Шымырбекке бір жапырақ қағаз ұсынды.
Онда: «Төлеп Бүркітбайұлы бірінші шахты, жүзінші бригадіде» делінген. Шымырбек көрсетіп:
— Сенің бригадың арғы шеттегі есікте.
Төлеп отыра кетті. Шымырбек те төсегіне отырды.
— Бұрынғы уақытта да үйлер дәл осындай еді өзгермепті ғой.
Төлеп күбір етті.
Таң атып келе жатыр. Шапақтаған таң сәулесі. Жермен тегістелуге жақындаған он шақты молалар. Ортасында бір тас қойған мола бар.
Молаларды аралап Төлеп пен Шымырбек келе жатыр.
Төлеп бұрынырақ тас қойған молаға келді. Артынан Шымырбек келе жатыр.
Төлеп келіп тізерлеп отырды. Қолдарын тізесіне қойды. Көзін жұмды. Сақалына қарай жас ақты:
Көзіне Күләндасы елестеді. Қолын жайып, бетін жапты.
Шымырбек аңырайып тұрып қалды.
Төлеп Шымырбекке қарады.
Шымырбек сасып, не істерін білмей, екі алақанымен бетін, жеңін сипай қойды.
Тас қойған мола, онда арабша жазу бар. Ол мынау:
«1916 жыл, 1 февраль.
Күләнда Төлепқызы, он бес жасында,
жауыз шахты иесі ағылшынның қолынан қаза тапқан!»
Даланы күңірентіп гудоктар айқайлады, бірінен кейін бірі, онан соң біразы қабаттасып айқайлады.
Сіріңке қораптары сияқты топтанған көп барактар. Көмірмен қап-қара болған шахты эстакаттары. Оңтүстік жақтағы үлкен барактары кабинетте столда алып шахты құрылысының начальнигі Шектібай отыр. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Қолында шамы бар. Шектібай басын көтеріп алды. Бейсен күлді.
— Тоқта, қимылдама! Көріп алайын. Е, е, отырысын бастықтардың отырысы сияқты-ақ. Сен төрешіл болып кетерсің!..
— Бейсеке, отырысым ұнады ма?
Бейсен столға келді.
— Ал, енді қолыңды бер, амандасайық.
— Шахтыдан келе жатып, терезең жарық болғанға еніп едім. Ойпырмай, түнімен отырғаның ба?
— Жұмыс көп, Бейсеке...
Шектібай сағатына қарады.
— Донбасқа барып тәжірибесін көріп, біздің шахты алыптың проектісін жасауға инженер Дәуір ұлын жібергенбіз. Бүгін келмекші... — деді Шектібай.
Трест инженері Кулевакин ішінде отыр еді. Ол қара нан мен арақ ішіп отыр еді. Терезе алдында жас жігіт тұр.
— Шахты алыптың бас инженері етіп бір қазақты жіберіп, ол тіптен бала дейді, институтты былтыр ғана бітіріпті, оның не бітіретінін білмеймін-Кулевакин.
— Атақты Вознесенский академиктің шәкірті дейді ғой, — деді жігіт.
— Қызық, оны қайдан есіттің?..
Инженер Кулевакин аузын ашып, біраз тұрып, рюмканы қағып салды.
...Станцияға жүйрік поезд келіп тоқтады. Станция басында төрт жерде электр шамы бар. Поездың буы бұрқырап, ысылдап тұр. Қараңғы түнді отты көздерімен тесіп, тіліп машина келе жатты. Поездан жүгін құшақтап жас жігіт түсті: үстінде сұр костюмы бар, галстук. Бұл-Рақмет. Жүгін көтеріп станцияға қарай жүрді.
Машина келіп поезд алдына тоқтады. Машинадан Шектібай түсті. Рақмет машинаның қатарынан байқамай өте берді.
— Донбастан келе жатқан инженерді білесіз бе? — деді Шектібай.
— Донбастан келе жатырмын — деп Рақмет бұрылып қарады.
— Ойбайау, танымай қалыппын ғой. Аман-сау келдің бе, Рақметжан? Күте-күте екі көзіміз төрт болды ғой!..
Екеуі амандасып қалды.
Шектібай Рақметті машинаға алып келді.
— Ә дегенде танымай, бір оқушы шығар деп қалдым — деді Шектібай күліп.
Шектібайдың кабинетінде Трестің бас инженеpi, Рақмет Шектібай үшеуі жоспарды көріп отыр.
— Донбастың тәжірибесін әбден тексердім. Барлық жағынан талқыладым. Ондағы инженерлер көп көмек берді. Мұндағы есеп негізінде жасалған проектіні Москва бекітті. Отыз миллион сом қаржы жұмсалатын болды — деді Рақмет.
— Енді тез іске кірісу керек — деді трестің бас инженері.
Ертеңіне күн шығып келе жатыр. Шектібай мен Рақмет жаңа шахтының болашақ штректері жүретін учаскені аралап жүрді. Анадай жерде машина тұр. Екеуі моланың басына келді. Шектібай тас қойған моланың жазуына қарады. Бұдан он төрт жыл бұрын осы моланың басында сөйлеген сөзі есіне түсті, одан кейін Күләнда көзіне елестеді.
Рақмет молаға қарамай, қала жаққа қарады.
— Біз тәулігіне алты мың тонна беретін шахты жасаймыз, не деген алып? — деді Рақмет.
Шектібайдың ойы үзіліп кетті.
— Шалқыған дала өзінің кеудесінде миллиондаған қара алтын жасырып тұр-ау — деді тағы да Рақмет.
Рақмет пен Шектібай молалардан шықты. Көк шептерден мойны асып ағарып моланың тасы тұрды. Шектібай еріксіз тағы молаға қарады. Шектібайдың осы тасты өз қолымен қойғаны көзіне елестеді. Осыдан он төрт жыл бұрын... Менің Рақмет кенет қалтасын сипалап, бір нәрсені іздеп Шектібайдың сөзін бөліп жіберді.
— Не іздедің?
— Бір техникалық формула есіме түсіп кеткені, блокнотым машинада қалып кеткен екен ғой...
Рақмет машинаға қарай жүгіріп кетті. Шектібай молаға қарады. «Төлепқызы» деген жазуды көрді. Шектібай машинаға барып кірді. Мола жөнінде айтайын деп оқталып еді, Рақмет ойланып, блокнотына бір сандарды жазып жатты.
Машина жүріп кетті. Рақмет жазумен болды. Машина тоқтасымен Рақмет түсіп жатқанда:
— Ертең қалалық комитетте техникалық мәжіліс бар ғой, Рақмет-ау.
Рақмет маңдайына қолын тосып, күнге қарай тұрып:
— Шаке, енді бастата беру керек — деді. Күн шығып найза бойы көтерілді. Рақмет үйіне кірді.
Инженер Рақметтің екі бөлмелі үйі бар. Ішкі үйде жатады. Ауызғы үйінде жұмыс істейді. Ұзын стол үсті жоспар, чертёждер, жаңа шахтының проектісі. Инженер Рақмет орындыққа отырып, көк Қағаздардағы жоспарларға тесіле қарады. Блокнотын алып бір нәрселер жазды. Тағы қарады, тағы жазды. Содан соң орындықтың арқасына сүйеніп ойға кетті. Бір уақытта чертёждеріне үңіліп тағы блокнотына жазды.
Қалалық партия комитетінің ішінде. Хатшының кабинетінде техникалық мәжіліс. Хатшы арық, орақ мұрынды қара жігіт, мәжіліс басқарып отыр.
Есіктің алдында екеу тұр. Бірі-трест инженеpi Кулевакин.
— Осылардың араласпайтын жері қалмады-ау. Мәжілісті де өздерінде шақырады, инженерлердің қолында билік қалды ма? — деді Кулевакин. Қоңырау сылдырады. Екеуі де ішке кірді. Мәжілісте трестің бас инженері де отыр. Шектібай да отыр. Бюро мүшелері теріс, инженерлер де көп.
— Инженер Дәуірұлы сөзіңді аяқтай бер — деді хатшы.
Рақмет алдында жаюлы тұрған көп жоспарына қарады.
— Сонымен, шахты күніне алты мың тонна көмір беру керек.
Бассейнде қазір он шахты болса, соның барлығының берген көмірін бір өзі беруі керек. Мұндай шахты жер жүзінде кемде-кем. Бұл толық механикаланған болуы керек. Барлық механизм электрмен жүреді. Көмірлерді қолмен шабу болмайды, машинамен шабылады. Ат айдаушы, откатчиктер болмайды. Электровоздар болады.
Кулевакин бір нәрсе жазып жатты.
— ...Көрсетілген срок үш жыл. Біз бұл срокпен санаспауымыз керек.
Трестің бас инженері Рақметке қадала қарады, хатшы да қарады.
— Бұл срокты қысқартуымыз керек. Бір жарым жылда бітіруіміз керек.
— Дұрыс — деді хатшы.
— Біраз шахтылар көмір бітіп жабылады, кейбіреулері жоспарды көміп, бұл жағдайдан шықпақшы. Дұрыс емес, одан да жаңа шахтыны тез бітіру керек...
Рақмет орнына отырып, орамалмен бетін сүртті.
— Қане, кім сөйлейді?
— Мен — деді инженер Кулевакин.
— Сөйле.
— Маған осы жұмыс бір түрлі баланың ойыншығы сияқты...
Жанның бәрі құлағын тіге қалды.
— ...Мен Донбастың, тәжірибесін білем, ондай алып шахты жасау үшін тәжірибе керек. Бізде ол жоқ. Инженеріңіздің, техниктеріңіздің ойы-түрі мынау-жас бала.
Кулевакин Рақметті көрсетті.
— Мысалы Донбастай алып шахты жасау үшін, бізге де сол керек. Біздің басқа шахтыларымыз ойыншық сияқты, ал мұнымен ойнауға болмайды. Трест пен Москва мұны неге ұмытады?
— Донбас шет мемлекеттен инженер алдырса, бұрын тәжірибесі болмады. Біз үшін Донбастың мол тәжірибесі бар, соны пайдалана білмек те болмай ма? — деді трестің бас инженері.
— Қалай болса да жас балаға сенуге болмайды ғой — деді. Кулевакиннің қасындағы хатшы орнынан қарғып тұрды.
— Бұ не деген сөз? Шеттен алтын беріп әкелген байлардың инженеріне сеніп, кеңес инженеріне, коммуниске сенбеу керек екен ғой?
Хатшы біраз үндемей, түрегеліп тұрды.
— Инженер Кулевакин келгелі шахты астына бір түскен жоқ, тағы да тәжірибем мол дейді-ау! — деді шетте отырған инженер Борисов.
— Инженер Дәуір ұлы біздің көмір пластыларымен жақсы таныс, алып шахты идеясын көтеріп, оның түрлі есептерін былтыр практикада жатып істеген. Инженер Дәуір ұлы әдепкі тапсырмамен Донбаста сегіз ай жатып, алып шахтыларын тексеріп, біздің шахтының проектісін жасаған. Оны Москва, Алматы сені жіберіп отыр. Сендер көмек бересіңдер. Шахтыны бүкіл Қазақстан болып құрамыз.
— Дұрыс!
— Дұрыс!
— Дұрыс айтады!
Керілген дала есепке алына басталды. Оймышталып картаға түсірілді.
...Онға жақын моланы айналдыра үлкен аумақты жерді ағашпен қорғандап тастаған. Іші, айналасы қыбырлаған адам. Ат-арба, трактор ,бір қақпадан вагондай тіркесіп олар кіріп жатыр, бір жағынан шығып жатыр. Арбамен, трактормен: құм-ағаш, тақтай, түрлі темір, кірпіш, әр түрлі материалдар әкеліп үйіп жатыр. Адамдар тұс-тұсынан жүгіріп тыным алмайды. Біраз жұмысшылар ұзыннан-ұзақ шұбатылып жіңішке темір жол салып жатыр. Айқайлаған адамдар даусы, сықырлаған арба дыбысы, күртілдеген трактор. Ағаш, тас, темірдің тарсылдауы-бәрі қосылып жер-көкке жарғандай. Жұмыс қызып жатыр. Жай тұрған, жай қимылдаған адам жоқ. Бәрі асығуда, барлығы да тыным алмай қимылдауда. Учаскеде электр столбалары қадалған.
II тарау
Бірінші шахтыда істейтін шахтерлер барактарына қайтты. Олардың ішінде Төлеп те, Елемес те қайтты.
Барак толған адам, шахтерлер киімдерімен жатыр. Төлеп келіп етігін шешіп, орнына құлай кетті, қозғалмай жатты да қойды. Елемес ішке кіріп, есіктің алдында біраз тұрды. Жан-жаққа қарады. Сығылысып шешінбей, жуынбай ұйықтап жатқан шахтерлерді көрді. Бір жас бала жылады. Елемес орнына келді. Қисайып жатты. Біраздан соң басын көтеріп алды:
— Бұл өмір мені зеріктірді, ауылдан зерігіп шығып, бұл жерден жаңалық болмас па деп едім. Бәрі-бір сол өмір. Бит, кір, жылау, нан жеу... Қайта қысылып кетті. Маған дала жақсы... — деді.
Қасында жатқан шал:
— Зеріксең жаңа салынып жатқан шахтыға бар. Сонда молаларды бұзып жатыр дейді... Өлгендердің сүйегін жинап, шет жаққа алтынға өткізбекші дейді...
— Өй, қайдағы жоқты айтасың... Адам сүйегін алтынға алатын жынды бар дейсің бе, әлде шетте кісі өлмейді ғой дейсің бе?
Төлеп жөтеліп көзін ашты.
— Ол қай мола? — деді Елемес.
— Мына жатқан кісі бара беретін, анау алыстағы мола...
— Кім бара беретін! — деп Төлеп басын көтеріп алды.
— Сен. Немене, онда біреуің бар ма еді?
Төлеп орнынан ұшып тұрайын деп еді, тұра алмады. Біраз басын ұстап отырып, ине сұғып алғандай қарғып тұрды. Әңгіме айтып жатқанға жүгіріп барып, жағасынан ала түсті.
— Не дейсің, қақбас?
Онан соң жауап күтпестен, жалаң аяқ, жалаң бас есіктен шығып, жүгіріп ала жөнелді. Жүгіріп келе жатыр, үйден әңгімеден тек жаңа ғана, осы жолдың үстінде жатқандай «ой бауырым» деп еңіреп қоя берді.
— Жыламаңыз, жыламаңыз — деді артында біреу.
Бұл-Елемес еді. Төлеп оған қараған жоқ, есіткен жоқ. Үлкен ағаш қорғанға келіп кірді. Үйілген ағаш, тас, кірпіштердің арасымен жүгіріп отырып, қызы Күләнданың моласына барды. Моланы құшақтай жылады. Бұл арада ешкім жоқ, барлығы тамаққа кеткен. Төлеп еңіреп жылады.
— Қалқам, ең болмаса сүйегіңе де тыныштық бермеді-ау. Жер үстінде жүргізбей, жер астына тығып еді енді жер астына жатқызбайын деді-ау!.. Қалқам-ай, Күләндам-ай, енді қайтем? Кімнен жәрдем сұраймын?..
Елемес келді Біраз қарап тұрды. Оның да көзінен жас тамшылады.
— Тұрыңыз, түрегеліңіз...
Төлеп есітпейді. Елемес Төлептің иығынан көтеріп тұрғызды. Төлеп жұмулы көзін ашты. Көз жанарына жас толды. Моланың тасына көзін қадады. Тастан есіп шыққандай болып Төлептің көзіне Күләнданың күйі елестеді. Төлеп тасты құшақтай алды.
...Техникалық мәжілісте Рақмет:
— Инженер Кулевакин «Өлгендердің не жазығы бар?» — дейді. Осы да сөз бе? Өлгендердің бір жазығы болғандықтан істеп отырмыз ба? — деді.
Аудандық комсомол комитетінің хатшысы Красный:
— Рақметтікі дұрыс — деді.
«Өлгендердің жазығы» — деген сөз шыққанда, Шектібай Рақметті бөліп:
— Ол тас қойған молада жазық... — деп тоқтады.
Рақмет сөзінің артынан күліп:
— Сіз де әдет жағындасыз ба? — деді.
Шектібай сасып:
— Жоқ... Мен әншейін сенікі дұрыс дейін демекші едім-дей салды.
...Мола басында Төлептің көз алдына Илья елестеді.
— Мен баратын жеріне барам!-Елемес екеуі тұрып кете берді.
Жұмысшылар келе бастады.
Тағы да дауыс, айқай, трактор, гүрілдеу, электр жарығында топырақ, тас, құм тасып жүрген көп арбалар, аттар.
III тарау
Мәжілістен Рақмет пен Красный бірге шықты.
Екеуі жаңа шахты орнына барды.
Жұмыс қайнап қызып жатыр.
— Тарт жүгенді. Инженерге жол бер — деді Ермек колхозшы.
Жылқыбай артына бір қарады да, жүгіріп атын тарта бастады.
— Ештеңе етпейді, күте тұрамыз.
Екеуі моланың қасына келді. Красный молаға қарады.
— Жаңағы көп сөз болған молалар осы ғой...
— Е, осы. Бұл ескіліктің шырмауына оралған адамдарды қойсайшы!..
Рақмет күлді. Тас моланың алдында жатқан ұзын ағашқа екеуі отырды. Электр сәулесі жарық болып, тас моланың жазуын көрсетіп тұр... Бір мезгілде Рақметтің көзі жазуға түсіп кетті. Рақмет қадала түсті. Көзі шарасынан шығып, жақындай түсті. Рақмет қолымен ағашты тіреп, кейін шегінді. Бетінде қан қалмады. Алдына қарады, көзіне Күләнда елестеді. Көзі бұлдырап, басы айналып кетті. Біразға дейін қозғалмай қалды. Бір уақытта төбесінен балғамен қос қолдап қойып қалғандай, Рақмет «ойбай» деп етпетінен құлады. Содан қайтып тұрмай қалды. Красный орнынан қарғып тұрып, Рақметті құшақтай алды.
Бағанадан бері сыртта байқап екі адам тұр. Оның біреуі баяғы Сәду еді.
— Әне, соғып кетті, я құдіреті күшті құдай! Қабірді бұзам деп еді кереметін көрсетті. Бұл қабырда шәйіт өлген қыз бар. Өзім осы қызды қорғаймын деп, өлім аузынан қалғанмын.
Красный Рақметті көтеріп тұрғызды.
— Не болды, не болды? — деді.
Рақмет үндемеді, жауаптың орына үлкен көздерінен ipi-ipi жастар домалады. Сезбеген төрт жұмысшы мен десятник.
— Молаларды бұзуға рұқсат етесіз бе? — деді десятник Рақметке.
Рақмет саңырау сияқты жауап бермей, жансыз адам сияқты мелшиіп қатып қалды.
— Рақмет, саған не болды? — деп Красный Рақметтің бетін сипады.
Рақмет содан кейін селк етіп, жұмысшыларға қарады. Кенет бұрылып Красныйға қарады: «Тегістен бұзып, топырағын алып кетуге бұйрық беремін!» — деді.
Содан соң өзі алды-артына қарамай, тез-тез басып, кетті де қалды. Артынан Красный келе жатыр. Рақмет екеуі қатарласты.
— Рақмет, мәжілісте айқай салған өзің емес пе едің, бұл қай бостығың?
Рақмет біраз үндемей жүрді.
— Володя, кешірерсің, тіптен ойламаған жерден... Әңгіме бостықта емес, ол менің апам еді.
— Өзің емес пе едің, өлген адам түгіл, өз басымды берем деген? Жұмысшылардың босап қалуы мүмкін...
— Әңгіме, онда емес.. Мен апамды тірі деп жүрген едім, әкем айтпаған еді. Оның үстіне оның менің өлгенін қабірін бұзу үстінде білдім...
Красный үндеген жоқ.
— Володя, бұл менің бір қателігім болды. Мұны енді ұмытайық, еске алмайық. Ешкімге де айтпайық, мақұл ма?
— Мақұл — деді Красный.
Екеуі қол ұстасып айрылысты.
Инженер Рақмет үйіне келіп, төсекке отырды. Ойланды, мойнын төмен түсірді, бір уақытта басын көтеріп алды.
— Менің де жаным таза емес екен, ә? Мен де ескіліктенн сау емес екем, ә? Менде де тығылып жатқан сұмдық бар екен? Бұл қалай,ә?
Рақмет орнынан тұрып, олай-бұлай жылдам-жылдам жүріп кетті.
— Жоқ-жоқ, бұл әшейін...
— Бұл, менің тек адамды сүюшілігім, ақкөңілділігім. Әдетте апасы өлген күні інісі жыламай ма, бұ да сол ғой.
Рақмет қайтадан отырды.
Бетінде қорқыныш, қауіп сезініп, басын қайтадан көтеріп алды.
Красный не дейді: «Жұмысшылардың босап қалуы мүмкін!» Менің кесірімнен істемей қойса қайтем? Ол маған қылмыс емес пе? Оны мен қалай көтерем? Қалай? Қалай? Қалай? — деп Рақмет айқайлап жіберді. Қарғып тұрып, далаға жүгіре шықты.
...Жұмыс басында қызу бәсеңдеді.
— Инженерді құдай құдіретімен бір нәрсе соғып кетті — деді біреу айқайлап. Сәду жүгіріп келді.
— О, жұртшылық, қараңғы түнде әулие адамның моласын бұзып, не қара көрінді? Сендерді де соғып кетеді — деді.
Жұмысшылар жұмысын тастап, жиылысып қалды.
— Құдай-ай, өзің сақта, мұндай сұмдықты кім көріпті? — деді біреу.
— Құдай қайда! Өлген адамдардың сай-сүйегін қалай сырқыратамыз.
— Жаңа моланың басына бір ұзын от жанып, сөнгендей болды...
— Быссымылда деңдер!!!
— Құран оқып жіберіңдерші.
— Бізді не қара басты, мұсылманның баласы емеспіз бе?
— Қазір бәрімізді де жоқ қылады!
Сәду айқай салды:
— Тастаңдар жұмысты! Бұзбаңдар моланы!
Жұрт бет-бетімен шулады. Жұмыс тоқталды.
Тек комосомол бригадасы кірпіш, тас үйіп жатыр... Десятниктер келді. Біреу оларды көре салып:
— Қойыңдар айқайды! — деді.
— Біз де құдайға пендеміз, деуге қарсы жүре алмаймыз, жұмыс істемейміз — деді дәу қара жігіт. Бұл Ысқақ еді.
— Құдайды қайтесің, нан табудың қамын ойласайшы — деді Ермек.
— Тарт тіліңді, кәпір! Жоғал, көзіме көрінбе! — деп Ысқақ кимелеп кетті. Топты киіп -жарып, Мырзаш комсомолец келді.
Топтың ортасында Сәду тұр.
Сәду айқайлап:
— Кәне, тастаңдар жұмысты, жүріңдер ертерек! — деді.
Айғай-шу арасымен Мырзаш Сәдуге жақындады:
— Көкшетаудың кооператив ақшасын жеп, қашып кеткен мына сұм қайдан жүр?-Мырзаш иығынан ұстады.
— Ойбай өлтіреді..
— Құдайды айттың деп ұрып жатыр!..
— Ұста, комсомолды!
Жұрт Мырзашты жан-жақтан ентелеп қамай түсті. Ысқақ келіп, Мырзаштың жарасынан ұстады. Сәду сытыла жөнелді.
— Ұр! — деді біреу.
Осы уақытта біреу барлық күшімен:
— Тоқтаңдар! — деді ышқынып. Жұрт жалт қарасты. Рақмет жетіп келді. Айқай-шу тына бастады. Кейбіреулер топтан кете бастады.
— Бұл не айқай?-Рақмет ентігіп ортаға келді.
— Мені соқпақ түгі түк те қылған жоқ! Мола менің апамның моласы. Бұзыңдар моланы! — деп Рақмет жан-жағына қарады.
— Өздерің әлі-ақ түсінесіңдер. Біз бұ моланың орнына өмір жасаймыз, қызу жұмыс жасаймыз. Осы істеп жатқан жұмыс үшін өлгеннің қураған сүйек түгіл, тірі басымызды беруіміз керек. Көкетайлар-ай, басты беру керек, басты!
Рақметтің көзінен жас шығып кетті.
Менің алдымда тұрған сақалды шал-Алпысбай екі құрдас кеп қоя берді.
— Шырағым-ай, бізден бір білместік өтті!..
Жұрт біртіндеп жұмысқа кірісті.
— Шіркін, неткен жайдары еді?
— Айтқанының бәрі рас. Шын, ақпейілмен айтып тұр, жылап жіберді ғой.
— Ойпырмай, ұятқа қалдық-ау!..
Жұрт қайтадан жұмысқа кірісе бастады.
IV тарау
Ертеңіне Рақметті қалалық партия комитетінің хатшысы шақырып алды.
— Кеше жұмысшылар мола бұзбаймыз дегенде, алдарында жылап, есіркетіп, жалынып істепсің ғой — деді хатшы.
— Я, жыладым.
Рақмет төмен қарады.
Хатшы еңкейе түсті.
— Неге жылайсың? Большевиктер жылап істете ме, түсіндіріп, сендіріп істетпей ме?
— Мен жылағанда шын жүрегіммен сөйлеп, шыдай алмай көзімнен жас шығып кетті.
— Онан соң, социализм үшін басты беру керек деп жылады дейді. Біз басымызды берсек, жылап береміз бе?
Рақмет үндемеді.
— Онан соң сенің әкең не қызмет қылады?
— Білмеймін.
— Ендеше неге жылайсың?
— Жасымда қорлықты көп көріп, жасқаншақ болып қалғанмын.
— Қорлықты көп көрген адам, қайта қатаймай ма?
— Бірден қатайып кетпейтін көрінеді ғой...
— Сол мола сенің апаңды емес пе?
Рақмет сұп-сұр болып кетті, булығып қалды.
— Жоқ, жоқ, білмеймін...
Хатшы далаға шығып кетті. Рақмет өзіне-өзі:
— Сен Рақмет, социализм үшін өлетін болсаң, жылап, қайғырып өлесің бе? — деді ішінен.
— Жоқ, жоқ — деді өзінен-өзі. Біраз ойланып отырды.
— Қап, апам емес деп алдағаным қате болды.
Хатшы кіріп келіп:
— Не деп отырсыз?
— Жоқ, әшейін...
— Қане, қолыңды әкел. Қатаң бол, жігерлі бол, болат бол, сонда көпшілік соңыңнан ереді. Мен сенің ақкөңіл екеніңді сезіп отырмын. Бірақ ақкөңіл болмайтын жер көп-ақ қой. Осыны ұмытпа!
Рақмет келе жатыр. Қалаң ойда.
«Ақкөңіл болмайтын жер көп-ақ». Бұл не деген!?!.
— Кеше жұмысшыларды көтермелеген бір топ дұшпаны болды ғой, ендеше қатаң болу керек екен ғой... Ендеше ақкөңіл болмайтын жер де көп екен ғой... Мен бұрын мұны білмедім бе? Білдім ғой Ендеше кешегі не?..
Рақмет ойланып тұрып қалды.
— Ол қателік екен. Жылап тұрудың өзі әлсіздікті, жұмсақ жандылықты көрсетпей ме?.. Не деген ақымақтық!..
Рақмет шахты басқармасына келді. Шектібайдың кабинетіне кір. Шектібайдың қасында сақалды кісі отыр.
— Таныс, Рақмет, жаңа келген партком хатшысы — деді Шектібай.
— Алексей Петров.
— Рақмет Дәуір ұлы.
— Тіпті жақсы. Енді бірге жұмыс істейміз. Біз мына Шектібай екеуіміз ағылшын заманында бірге істескенбіз — деп күлді Алексей.
Рақмет орындыққа отырды.
— Сенің неге қабағың салыңқы? — деді Шектібай Рақметке.
— Кейінгі уақиғадан кейін іштен сақ болу керек екен-ау деймін...
— О, сөзсіз. Ертең бізге Крайком жіберген елу коммунист, елу комсомолец келеді.
Рақмет орнына қарғып тұрды. Шектібайдың мойнынан құшақтап алды.
— Енді істесіп көрейік!!
Мырзаш комсомол шахты құрылысы начальнигіне келді. Шектібай жұмысшылармен әңгімелесіп отыр еді.
— Кел, Мырзаш — деді Шектібай. Мырзаш түрегеліп тұрып:
— Сәду деген Көкшетау кооперативін жеп мың сом ақшасын жеп қашып кеткен еді сол кеше моланы бұзарда қараңғы жұмысшыларды өлтіріп, «жұмыстан бас тартыңдар» деп үгіттеді Оның қайда істейтінін білдім.
— Ол қай Сәду?
Шектібай ойға кетті. Баяғы шахты астында, құрдас қызды Джим алып кетті деген хабарды есіткендегі Сәдудің тұрысы көзіне елестеді.
— Қыздың өлейін деп жатқанында жаны ашымаған жауыз, қурап қалған сүйегіне жаны ашыпты ғой...
...Илья Афанасьев бірінші шахтының басқарушысы еді. Илья кабинетінің алдында далада екі адам тұрды. Бірі-Төлеп, бірі-Сәду. Төлеп әлі жылауда.
— Баяғы қызыңды өлтірген ағылшын. «Сүйегін қазып беріп жіберіңдер, кіресімен қосып шіркеуіме іліп қоям» — депті. «Болмаған күнде соғыс ашам» — депті, большевиктер қорыққанынан қазып жатса керек — деді Сәду сыбырлап.
Төлеп жылауын қойып, көзі ашылып, сұрланып кетті.
— Не дейсің? — Төлеп Сәдудің екі қарынан ұстады.
Сәду салмақпен айта берді.
— Қызың шәйіт кеткен. Кеше қаз деп тұрған инженер қалпақтай түсіп, жын соғып кетті. Жұмысшылар қазбаймын деп, ұрыс шығарып жатыр.
— Не дейді?
— Мені жастайымнан жақсы білесің ғой.
Төлеп жүгіріп ішке кетті. Илья терезеден қарап тұр. Сәдуге айқай салды:
— Сәду! Сен неге қалдың? Кір ішке!
Сәду жан-жағына қарап, қашуға болмайтын болған соң, ішке кірді. Төлеп жүгіріп, Ильяның кабинетіне кірді. Столға төніп жылай бастады:
— Шырағым, Илья, қызыма менен артық жаның атып еді, мына сұмдықтан құтқар. Қызымның сүйегін аршып алып, ағылшынға жіберейін деп жатыр дейді.
— Тоқта, жыламаңыз! Оны сізге кім айтты?
— Мына Сәду.
— Сәдуге сенуге бола ма? Әй, Сәду, бері келші!
Кіріп келе жатқан Сәду, қалтырап Ильяның алдына келіп тұрды.
— Баяғыда қызыңның өліміне жаны ашымаған Сәду, сүйегіне жаны ашып айтады ғой дейсіз бе? Қурап қалған сүйек кімге керек дейсіз? Қазір жаңа шахты ашылайын деп жатыр. Жаңадан үйлер салынайын деп жатыр. Ол шахты мен үйлер, Қарағанды жұмысшылары-сенікі менікі мен үшін. Біздің балаларымыз үшін.
— Қайдан сенікі мен менікі болсын? Үкімет үшін — деді.
— Төлеп, үкімет кім?
— Бастықтар да...
— Мен кіммін, Төлеп бастықпын ба?
— Бастықсың.
— Ендеше мен үшін болғаны ма?
— Солай шығар..
— Мен саған кіммін?
— Өзімсің, шырағым.
— Ендеше шахты біз үшін де.
Илья ойға кетті. Басын көтеріп алып:
— Сенің қызың үшін елімнен бас тарттым ба, Төлеп? — деді.
— Жоқ...
— Ендеше сенің қызыңа, оның сүйегіне қастық ойлайын ба, Төлеп?
— Жоқ.
— Олай болса маған неге сенбейсің? Алексейге, Шектібайға неге сенбейсің, жұмысшыларға неге сенбейсің, неге Сәдудің өсегіне сенесің, Төлеп?
— Саған сенбегенде кімге сенем...
— Ендеше қапаланба, жұмысыңды істей бер. Біздің үйге жиі келіп тұр. Балаң Рақметті қалай да тауып береміз.
Төлеп үндемеді. Телефон шылдырлады. Телефон соғып тұрған Шектібай.
— Илья, мен Сәду жөнінде айтайын деп едім...
Илья тыңдап болып, телефонды енді Сәдуге ала көзімен қарады.
Төлепке қарап:
— Көрдіңіз бе? Бәрін бүлдіріп жүрген, сен азғырып жүрген, Көкшетаудан жеп мың сом алып қашқан...
Илья Сәдуге қарады. Сәду дірілдеп, кейін шегіне түсті. Илья столдың шетінде ақ түймені басып қалды, хатшы жетіп келді.
— Қазір, милиция бөлімше хабар бер, мына бір қарақшыны алып кетсін!
Сәду қайтадан столға жақындады, дірілдеп, даусы қалтырап:
— Илья, кешір, жұмысшымын, наданмын, әкем де жұмысшы болған...
Төлеп төмен түсіріп отырған басын көтеріп алып:
— Сен қайдан жұмысшы бола қалдың? Неғылған бетіңде арың жоқ неме едің? Азуы алты қарыс Шорман байдың баласы емес пе едің? Өз алдыңа шахты ашам деп, әкеңе көнбей кетіп, азып-тозып қайтып келмеп пе едің?
— Ашуыңызды менен алмаңыз — деді қалтырап Сәду.
— Күйіп кетем ғой. Сен қайдан менің қамқоршым бола қалдың? Алты жыл қойыңды баққанда, таяқтан басқа не беріп едің, қызымды қорғаған Ильяларға қарсы шықпап па едің? Жуас болғанға төбеме секірдің ғой. Саған сеніп жүрген менде де ар жоқ екен!
Милиционер келді Сәдуді алып кетті.
Илья бір сөзді айта бергенде, ақсай басып біреу келді. Бұл Әліп еді, інісін көрген соң Төлептің басылған көңілі қайтадан қозды. Қайтадан көзінен жас шықты, жылап жіберді.
— Күләнданың моласын бұзып жатыр.
Әліп Төлеппен амандасты.
— Ешкім, келгелі біздің үйге неге бармадың?
— Таба алмадым — деді жай ғана Төлеп.
Әліп жайласып отырды. Ақырын ғана сөз бастады:
— Аға, қызыңның жанын алып қалу үшін Илья болсын, Шектібай, Алексей болсын, барлық жұмысшылар болсын, оққа қарсы жүгіріп еді... Сонда біреудің қызы үшін өлмеу деген ешкімнің ойында болған жоқ еді. Бүгін, міне, билік өз қолымызға тигенде өзіміз үшін құрып жатқанда мен үшін, Илья үшін, сол барлық жұмысшылар үшін, өзің үшін, Күләнданың әлдеқашан бұзылған моласын қимайсың ба? — деді.
Төлеп төмен қарап отырып:
— Мен сендерден кетіп қайда барам, бірақ қызым ол дүниеде тыныш жата алмады ғой — деді.
— Бәрекелді, өзің... «Ал, енді қауіптенетініңіз: қыздың өлгеннен кейі өмірі екен ғой?» — деді Әліп.
Төлеп басын изегендей болды.
— Төлеп тәрбиелеу керек, елімнен кейін өмір болмайтынын түсіндіру керек! — деді Илья. Біраздан соң Әліпке қарап:
— Сен жаңалықты білдің бе? Ленинградтан бір инженер қыз келетін болды, оны Трест біздің шахтыға берді. Фамилиясы Вознесенская.
— Онысы жақсы болған екен — деді Әліп.
— Ал, енді мен шахтыға түсем — деп Илья кетіп қалды.
Әліп қолындағы шамын, шапкесін стол үстіне қойды да:
— Келінін сағынып қалды, аға — деді.
Төлептің бетіне, қызарған көздеріне күлкі жүгірді.
Әліп:
— Мен қазір келем — деп сыртқа шығып кетті.
Төлеп жалғыз қалып отырып:
— Менікі дұрыс па? Әлде Әліптікі дұрыс па... Жұмысшылардікі дұрыс па? — деді өзіне-өзі.
Әліп келді.
— Бір шахтыда жүріп, бір-бірімізді таба алмағанымыз ұят екен, біздің үйге барайық — деді.
Екеуі далаға шықты.
...Шахты үстіндегі құрылыстың іргелері қаланып жатыр. Ағаш қорғаны сыртында телеграфтың сымындай қатарласып кірпіш үйлер салынып жатыр. Қимылдап, тынбай жұмыс істеп жатқан адамдар. Ана жерде, мына жерден шыға келгендей өсіп келе жатқан құрылыстар. Шахтының оң жағында жұмысшылардың уақытша жататын ағаш барактары. Бұлар ұзыннан-ұзақ салынған.
Тасшылар кірпіш, тас қалап жатыр. Балташылар ағаш шауып жатыр. Ағаш тасу, тас, темір, бетон, цемент тасу, арбаның сықырлауы. Айғай-шу, бұл-тынбай, біреуі ары, біреуі бері жүгіріп жүрген, қайнаған еңбек толқыны.
Шахты проходкасының жұмысы қызған. Бетоннан жасалған алып, төмен кететін шахты құдығының үстіне зор, ұлы мұнара орнатылған.
Құрылыс басында бір жас әйел жүр. Басында қызыл орамал. Рақметтер келе жатыр. Әйел Рақметтерге қарады. Әйел бұрылып кетті.
— Десятник!
Қарындашымен көкірегінен сипалап, десятник келді.
— Десятник, мына қабырға неге қисық қаланған?
Екеуі жаңа салынып жатқан шетін үйге барды. Рақметтер келе жатыр. Әйел тағы Рақметтерге қарады. Құлағынан құрылыс шулары кетіп, Рақметтің құлағына тағы естілді. Рақмет те келді. Жас әйелдің қасына жақындады.
— Жолдас Петров, біздің құрылысшы жас инженеріміз Анна Ковалева, танысыңыз — деді Рақмет.
Әйел әдемі қолын ұсынды.
V тарау
Түн. Рақметтер жататын барак терезелері шторланған. Терезелерден электр жарығы көшеге түсіп тұр. Инженер Кулевакин үйінде жалғыз өзі столда отыр, алдында бөтелке. Екі рюмка арақ ішіп, бір селедканы жеп алды. Әлден уақытта құлағы елеңдеп терезе жақтан бір дыбыс тыңдады. Өтіп бара жатқан арбаның жүргені естіді. Кулевакин арақтың тығынын жапты. Жайлап басып далаға шықты. Баракты жағалай жүріп айналды. Екінші жағындағы есікке барып кірді. Рақметтің есігін қақты, тыңдады, ешқандай дыбыс естілмеді. Тағы тыңдады. Инженер Кулевакин есікті ашты.
— Мүмкін бе?
Жауап болмады.
Үйдің ішіне қарады. Көзі жиюлы тұрған көп кітаптарға түсті. Ішкі үйге кірді. Төсекке көзі түсті... Қабырғаларды қарады. Төрдің алдындағы столға қарады, бір суретті көріп, жақындады. Суретті қолына алды. Бұл — Кулевакин ұстап тұрған Лизаның суреті еді. Лиза күліп тұр. Кулевакин тесіле қарады. Әлі қарап тұр, көзін айырғысы келмейді. Суреттің сыртындағы жазуын оқыды.
«Жаным, Рақмет, өмір бойы сені сүйетін жарың — Лиза».
Суретті тағы қарады: — Неткен сұлу, шіркін-ай!
Суретті қалтасына салды, стол үстінен ораулы көк қағазды алып, жағасынан көйлегінің ішіне салды. Есік жақты тыңдады, тыныштық, құлаққа ұрған танадай. Кулевакин ақырын басып далаға шықты. Есікті жапты. Жайына жүре берді.
..Даланың оңтүстік жағындағы үлкен кірпіш үй. Төбесінде қызыл жұлдыз, қызыл жалау. Үй алды сирек көк дала. Алыста салынып жатқан жаңа шахты құрылысы. Балғаның соғылуы, жұмысшылардың дабырлаған даусы, тарсыл-гүрсіл әр түрлі дыбыстар естіледі. Кірпіш үйдің маңдайында: «Қарағанды мемлекеттік көмір Tpeci» деген жазу бар.
Есіктің алдында инженер Кулевакин тұр. Түс уақыты, инженер Кулевакин күнге қарады. Көзін жұмды, ішке кіріп, ұзын коридорға түсіп, инженер Кулевакин абайлап алды, артына қарады. Коридордың орта шенінде есікке кірді. Есікті жапты, төрден столға барып, стол үстінде жатқан, ортасынан буылған бір шумақ қағазды алып, есікке қарады, тың тыңдады, қағаздың адресін оқыды: «Шахты құрылысының бас инженері Дәуір ұлына. Москва, ауыр өнеркәсіп комиссариаты».
Кулевакин буылған қағазды газетке орап, шығып жүре берді. Коридордың шетінде есікке кіріп, үйдің ортасындағы столға келіп отырды. Оң жағына қарады-стол бос, үстіне күн түсіп тұр. Инженер Кулевакин орамалымен бетінің терін сүртті. Сол жағына қарады-стол бос, есік жақтан тың тыңдады: біреу келе жатты, буылған қағазды столдың тартпасына сала салды, есіктен почтальон кірді.
— Инженер Дәуір ұлы бар ма? — деді. Кулевакин біраз кіріңкіреп:
— Немене? — деді.
— Телеграмма.
— Қане, әкеліңіз.
Почтальон әкелді. Кулевакин сығалап ішін көрді, Рақметті үйінен алған қыздың суреті көзіне елестеді.
— Тастап кетіңіз, қазір келеді.
— Онда қолыңызды қойыңыз.
Кулевакин қолын қойды. Почтальон шығып кетті. Инженер Кулевакин телеграмманы ашып қойды.
«Жиырмасында шықтым, Москва Қарағандыға жіберді. Күтіп ал! Сүйдім, Лиза».
Кулевакин қатты күрсінді.
— Қызық...-Инженер Кулевакин телеграмды бүктеп қалтасына салды-Оған бере қоймаспын...
Түн. Аспан бұлт. Жұлдыздар көрінбейді.Әлдеқайда поезд айқайлайды. Поезд жақындады. Станцияның басы олай-бұлай жүгірген адамдарға толған. Поезд келіп тоқтады. Поездан адамдар түсе бастады. Айқайлар, дауыстар естіле бастады. Электр жарығында поездан бір қыз түсті. Басын бір жақ құлағына қисайта киген қызыл берет. Жүктерін жерге қойып тұрды. Қайтадан жүріп электр шамының астына келді. Енді бетін анық көруге болады. Бұл бізге таныс жүз, бұл-Лиза Вознесенская. Қараңызшы, қандай келбетті. Міне, беті, көздepi күліп тұр, қуанышты, жүрегін ұстайды, алақтап жан-жағына қарайды. Олай-бұлай жүгіріп жүрген адамдарды көрді Лиза.
— Рақмет — деп айқайлады.
Лиза күледі, қандай қуанышты. Әдемі саусақтарын аузына апарып:
— Рақмет, ау, Рақмет! — деді бірақ жауап жоқ. Лизаның күлімдеген көздерінен қуаныш қашады. Қамыққандай болады.
— Шынымен келмеді ме екен? Лиза төмен қарайды, вагон жақтан чемоданын көтеріп бір әйел келеді.
— Лиза, адамың келмеп пе? Лиза тағы төмен қарайды. Басын көтереді. Үлкен қара көздерінде ренжудің таңбасы жатады.
— Треске телеграмма береміз дегенде, қарсы алатын адамым бар деп, қойғызып едім...
— Қане, Лизочка, ертеңге дейін қош бол, күйеуім күтіп тұр — деп әйел кетеді. Лиза артынан қарайды. Үлкен қара көздері жаспен қаймақтанады.
Лиза жүктерін көтеріп, станция ішіне кіреді. Жүк сақтайтынға жүгін тапсырды. Шал қабыл алды. Біраз Лизаға қарады, тамсанды:
— Сендей қыз бізде жоқ еді сүйгеніңе келгенсің-ay.
Лиза теріс қарап көздерін орамалмен сүртті. Квитанция алып далаға шықты. «Буфет» — деген жазуды көрді есігіне барды. Есік жабық. Есікке сүйеніп біраз тұрды. Көзіне Рақмет елестеді.
— Мүмкін, үйленіп қойған шығар... Жатақ үйді табу керек!
Лиза тез-тез басып, қалаға қарай кетті.
Лиза станциядан шығысымен тура көшемен жүріп отырып, өзі де білместен Рақмет үйінің есігінің алдына келді. Рақмет те құрылыстан келе жатып бір әйелді көрді. Бұл Лиза еді. Бірақ қараңғыда танымай үйіне кіріп кетті.
— Ол не қылған әйел? — деп ойлады Рақмет.
Төсегіне отырды. Ойға кетті. Есіне Лиза түсті.
Көзіне Ленинградта бақшада отырғаны елестеді. Рақмет терезесінің алдына Лиза жанап келді..
Рақметтің көзіне Лиза елестеді.
— Лизочка, жаным, сағындым — деді даусын шығарып.
Терезенің алдына келген Лизаның құлағы елең ете қалды. Қайдан шыққан дауыс екенін білмеді. Енді қайда жүрерін білмей дағдарып біраз тұрды.
Үйдің ішінде Рақмет. Терезе алдында Лиза.
Рақмет столға жүгірді. Лизаның суретін іздеп таба алмады. Чемоданын ашып Лизаның тағы бір суретін алды. Қарады: Лиза күліп тұр.
— Лизочка, қашан келесің?-суретін көкірегіне басты.
Ал Лиза терезе алдында тұр, терезе шторлы. Лиза қамығып тұр.
— Рақметтің ұмытқаны ғой...
Іште Рақмет cypeтті сүйді.
— Қалқам...
Лиза терезе алдында Рақмет ұмытты деп жылап тұр.
Ал Рақмет үйде Лизаны сағынып, суретін кеудесіне қысып тұр.
... Лиза ақырын басып жүріп баракты айналды. Тағы бір терезенің алдына келді. Есіктің алдына келді. Есіктен біреу шықты. Бұл инженер Кулевакин. Лиза қасына келді.
— Жолдас, жолаушылар түсетін үйді білесіз бе?
Кулевакин арешке шақты, Лизаның бетін көрді, көзін кең ашып кейін күлді.
— Кешірерсіз, Ленинградтан келе жатқан инженер Вознесенская сіз боласыз ба?
— Я...
— Тіптен жақсы, ішке кіріңіз, мен трестің инженерімін.
Амандасты. Лиза ішке кірді, орындыққа отырды.
— Ойпырмай, неге телеграмма бермедіңіз — деді Кулевакин-біз күте-күте әбден зарықтық қой.
Лиза күлді, бірақ қайғының таңбасы бетінде әлі жатыр.
— Тіптен шаршадым, телеграмма соққан адамым шықпады...
— Қап, онысы несі оңбағанның, сіз неге трестке соқпадыңыз?
Лиза жайласып отырды.
— Мұнда инженер Дәуір ұлы деген бар ма? — деді.
— Бар.
— Қалай, аман-есен бе?
— Е, біз еркектер, былай сөйлейміз: егер жігіт қыздармен кеп жүрсе, ол тіптен сау. Дәуір ұлы да солай.
Лиза шошып кетті, қабағын түйді. Бірақ сыр білдіргісі келмеді.
— Жақсы, қарындасым, сіздің атыңыз кім?
— Лиза.
— Лизочка, мен сіздің әкеңізді жақсы білем, атақты академик, ол қандай жақсы...
Лиза қолымен иегін сүйеп, столдың үстіне қарап мұңайып отырды. Кулевакин Лизаға қарады, көзі жайнады, тыпыршып отыра алмады.
— Лизочка, қандай көріктісіз, сіздей хордың қызы, атақты адамның қызы осындай далаға келе ме...
Лиза қалың ойда отырды. Бір уақытта:
— Инженер Дәуір ұлының үйін білесіз бе? — деді.
— Білем, алыста... Я, оны құттықтауыңызға болады...
— Неге?
— Жақында әйел алайын деп жүр.
Лиза селк етті. Сұп-сұр болып кетті, көзі аларып кетті. Көзін Кулевакиннен айырмай орнынан тұрды, сылқ етіп отыра кетті.
— Кешіріңіз, сіздің онымен бір қатынасыңыз бар ма еді?
— Я-жоқ... әншейін — деді Лиза.
Онан соң Лиза eciн жинап алғандай болды.
— Сіз маған адресін айтыңыз!
— Алыста.
— Жоқ, айтыңыз, мен қазір барам.
— Cізді ойламайтын адамды қайтесіз?
— Жоқ, қазір барам, айтыңыз!
— Айтайын, бірақ сізді есіне де алмайды...
— Үйленсе үйленген шығар, бірақ мені ұмытуы мүмкін емес.
Лизаның көзі қабырғада тұрған өзінің суретіне көзі түсіп кетті. Жүгіріп барды.
— Бұл қайдан жүр?
— Көшеден тауып алдым.
Лиза сенімсіз көзбен Кулевакинге қарап:
— Өзіме қайтып беріңіз — деді.
— Маған сыйлаңызшы.
— Сізге арналмаған ғой.
— Арнаңызшы маған.
— Жоқ, қайтып беріңіз.
— Ең болмаса, бүгінше тұрсын.
Лиза орнына келіп отырды. Бір өлең айтқан дауыс естілді. Бұл Рақметтің даусы еді. Лизаның құлағы елең ете қалғандай болды.
— Бұл кім?
— Әшейін, қазақтар ғой...
Рақмет үйінде отыр. Үй қабырғасының тасасында, өзінен көп болса он қадам жерде Лизасының отырғанын қайдан білсін!
«Лиза, Ленинградта неге қалды, неге телеграмма бермейді деді Телефон шылдырлады. Бұл шахты құрылысынан соғып тұрған Шектібай.
— Проходкада аз ғана кедергі болып қалды.
— Қaзіp барам — деді Рақмет.
Рақмет жүгіріп ала жөнелді. Кулевакин далаға шықты. «Таң атқанша келмейді адресін енді айтуға болады» деп ішке кірді.
Есіктің алдын электр шамдары жап-жарық қылып тұр. Инженер Анна келе жатыр. Рақметтің есігіне бұрылды, ішке енді. Есікті қақты, жауап болмады, ашып ішке кірді -Рақмет!
Рақмет жоқ, столдың үстінде тұрған қағазды алып, былай деп жазды. «Жаңа бізде орамалыңды қалдырып кетіпсің. Келші ана жұмыс жөнінде құрылыс басында сөйлесерміз. Оңаша жер табамыз ғой. Анна».
Лиза түрегеліп тұр. Кулевакин отыр.
— Адресін айтып беріңізші. Қазір барамын.
— Қоймадыңыз ғой, кешіріңіз, мен ойнап айтып едім, ол бізбен көршілес осы барактың сыртындағы есік, бізбен қабырғалас...
Лиза Кулевакинге ала көзімен қарады. Шығып кетті.
— Қазір келесіз ғой — деді Кулевакин.
Лиза жауап берген жоқ.
Жылдам басып Рақметтің есігіне келді. Есікке ене бергенде алдынан Анна шықты. Екеуі де бір-біріне сұстиып қарасты. Лиза ішке еніп кетті, есікті қаққан да жоқ, үйде ешкім де жоқ. Рақметтің жастығы көзіне оттай басылды. Барып кроватьқа отырып, алдына алып сипады. Алып қойып, столға барды. Аннаның, хатын көрді. Оқыды:
— Алайын деп жүрген жаңағы екен ғой, әрине, сүрінгендерге жұмыс үстінде де оңаша жер табылады. Мен алдымнан шығады деп жүргенде, бұл кісі т. біреудің үйіне орамалын тастап жүр екен ғой...
Лиза отырды, екі қолымен жағын сүйеді. Менің өзім әжептәуір адам көрінеді.
Есіктің, алдына екі адам келді бірі-Рақмет, бірі Алексей. Екеуі Рақмет есігің алдына келіп тоқтады.
Лиза ішінде отыр. Ештеңе сезбейді.
Рақметтер біраз тұрды.
— Ал, енді қош бол — деді Алексей.
— Жоқ, сізді мен шығарып салайын.
Рақмет Алексейге тисіп кетті.
...Лиза әлі отыр.
— Ол енді неге келмейді үйіне...
Қалың ойға кетті. Әбден қамыққан.
— Аннасымен оңаша жер тауып, сөйлесіп жүрген болар.
Лиза далаға шықты, жүрді. Осы уақытта арт жақтан біреу келді. Рақмет әлі, байқаған жоқ, ішке кіріп кетті. Лиза Кулевакиннің үйіне келді.
— Шай ішіңіз — деді Кулевакин.
— Ішпеймін. Жатсам... ұйқым келді.
— Ішке төсек салып қойдым, мен ауызғы үйге жатам.
Лиза ішке кірді, Кулевакин шайын қоя салып, олай-бұлай жүрді. Есіктен барып сығалады. Лизаның әдемі денесін көрді. Көйлегін көтеріп тұрған екі алмасын көрді. Екі жаққа қарап тамсанды, үйдің ортасына келді.
— Шіркін қандай екен.
Көзін мрамор статуясы елестеді. Тағы барып сығалады. Бірақ Лиза көрінбеді. Тағы олай -бұлай жүрді. Шыдай алмады, әрі-беріден соң гимнастика ойнады. Тіптен болмаған соң етпетінен түсіп, төсегіне жата қалды.
...Лиза жатыр. Үйдің іші жарық. Лиза көйлегін де шешпеген, көзі ашты, қабырғадағы Кулевакиннің суретіне көзі түсті. Түрегелді көйлегін сәл көтеріп, бәтеңкесін шешті. Түп-түзу әдемі балтырларын айқастырып отырды. Тұрып есіктің екі бұрап жапты. Шамды өшірді. Үйдің іші қараңғы. Тек төсекке даладағы электр шамының жарығы түсіп тұр, Лиза төсекке жатты. Төсектің үстінде электр сәулесі, Лиза басын көтеріп алды.
«Мен жаңа Рақметтің үйінде қалып, сонда неге жатпадым». Біраз отырды. Қайтадан жатты. «Керек болса өзі келер» — деді. Енді тынып жатқаннан кейін, алыстағы құрылыс дыбыстары үйдің ішіне зорға жетіп, болар-болмас естіп тұр.
...Кулевакинге ықылық тиді, селк-селк етеді. Тағы басын көтерді арақ ішпесін деп бөтелкені қарады, бөтелке бос. Қайтадан жата кетті.
VI тарау
Күндіз сағат 11-де Рақмет үйіне келді, отырды. Есікті біреу қақты.
— Кіріңіз.
Инженер Борисов келді.
— Қалай, Рақмет? Өтіп бара жатып кіре кетем, үйіңде бір болмайсың, құрылыстан шықпайсың.
Екеуі де үндемей біраз отырысты.
— Жаңалық, Рақмет, трестке Ленинградтан бір инженер қыз келді. Енді бір көркем... Вознесенская.
— Не дейді?
Рақмет орнынан қарғып тұрып, есікке жүгіріп барып қайтып келді.
— Қайда жатады?
Борисов таңырқап Рақметтің басынан аяғына дейін қарап шықты.
— Кулевакиндікіне түсіпті, ол бұрыннан алайын деп жүрген қызым дейді ғой.
— Не дейсің?-Рақмет столды қойып қалды-Кім алады деймін саған?
Борисов сескеніп, шегіне түсті.
— Мен қазір барып сөйлесем!
Есікке тура жүгірді. Шыға берісте тұрып қалды да, қайта айналып келді.
— Keшip, Коля, мен саған айқайлап жіберіппін...
Борисов күлді. Екеуі де далаға шықты. Борисов қоштасып кетті, Рақмет Кулевакиннің есігіне барды. Есікті қақпастан ішіне еніп кетті. Ішкі үйге барды. Стол үстінде Лизаның суретін көрді. Қабырғадағы Кулевакиннің костюмын, оның үстінде Лизаның таныс орамалын көрді. Кроватьттың астындағы Лизаның өзіне таныс бәтеңкесін көрді. Рақмет қозғалмай қатып қалды.
«Суретін де беріп үлгеріпті. Бәтеңкесін де кроватьттың астына қойыпты...» деп ойлады.
Қабырғадағы орамалға көзі түсті.
«...Киімдерін де араластырып қойыпты...»
Жүгіріп далаға шықты. Лизаның күмістей күлкісі естілді. Рақмет қарады, алыста, Лиза мен Кулевакин қолтықтасып, күлісіп келе жатыр екен.
«...Өздері де араласыпты». менің үйіме кетті. Кіріп, ауызғы үйдің ортасына барып, қозғалмай тұрды да қалды.
«Бәсе, неге телеграмма бермейді түсінбедім десем». Біраз ойланды.
— Жоқ, жоқ, мүмкін емес!-Рақмет айқайлап жіберді. Терезеге қарап сүйеніп біраз тұрды. Терезенің ар жағы барактар. Бір әйел,бір еркек келе жатыр. Бірі — Анна. Рақметтің есігінің алдына келіп Анна бір нәрсені айтып күлді.
«Өзі жақсы екен-ау, осы уақытқа дейін бетіне де жөндеп қарамаппын-ау!» — деп ойлады Рақмет.
«Жоқ-жоқ, партия мүшесі болған соң бірін-бірі жақсы білу керек қой, мен соны айтам» — деп Рақмет өзінің бізге бір ойын ақтағандай болды. Анна қасындағысымен құшақтасып ішке кірді. Есік қағылды.
— Кіріңіз.
Анна күліп кірді.
— Түнде келгенімде жоқ екенсің...
— Оңаша жер іздеген сөзің не?— Рақметтің қабағында әлі ашудың ізі бар.
— Ол десятник Ваврилов туралы сенімен ақылдасайын деп едім, ол ылғи үй қабырғаларын қисық салады...
— Жете тексеру керек. Біліп істесе де, білмей icтесе де бір шара қолдану керек. Уақытты, қаржыны босқа шашуға болмайды ғой...
Біраз үндемей отырысты. Рақмет орнынан тұрды:
— Анна, саған бір сыр айтқым келіп тұр... Ішіме сыймай барады.
— Қане, айтшы.
— Менің... Менің... бір... сүйген адамым бар еді, сол осында келіпті.
— Вознесенская ма? — Анна күле сөйледі.
— Я, сол, телеграмма да берген жоқ, үйіме де келген жоқ...
— Ол келмесе сен бар, нең кетеді?
— Жоқ, бармаймын.
— Барасың, бір түкке тұрмайтын түсінбестік болып жүрген шығар.
— Әңгіме онда емес...
— Енді неде? Қане, қазір бар, сөйлес...
— Жоқ, онда отырып қалуым мүмкін, қазір шахтыға барамыз.
Телефон шылдырлады. Рақмет тыңдады:
— Я... қазір барайын... — екеуі де шығып кетті.
Лиза үйде, терезенің алдында сүйеніп тұр. Қалың ойда. Бір уақытта шошып оянғандай болды. Терезенің сыртына тесіле қарады. Рақмет бір әйелмен кетіп бара жатыр. Tіпті қарамайды. Лиза теңселіп зорға тұр, көз алдында столдар бұлдырап кетті, көзінен жас тамшылады (бұл зарығып сағынғандық па, әлде күйінгендік пе?).
«Шынымен-ақ менің жаныма, маған келмей, басқа адаммен кетіп бара жатыр ма?»
Келіп кроватьқа жата кетті.
Ауыз үйге Кулевакин келді. Ақырын ішкі үйдің есігін ашты, Кіріп, орындыққа отырды, Лиза көзін ашып жатыр.
Кулевакин Лизаның аяғына қарады, көзі жеп бара жатыр. Лиза аяқтарын жинап алды. Онан соң қайта созып, бұрынғысынан да көрнекті етті. Кулевакиннің көздері тесіп барады. Лизаның көкірегіне қарады, шашына қарады, бетіне қарады, тағы да аяғына қарады, шыдай алмады.
— Лизочка, сенен өтер қыз болар ма екен? Мен сені сүйем.
Лиза үндемеді.
Кулевакин ақырын кроватьқа келді, отырды, бетіне қарады, Лиза әлі үндеген жоқ... Лизаның ақырын аяқтарын сипады, онан соң шашын сипады, ақырын көкірегін сипады. Бетіне қуаныш жүгірді.
— Лизочка, сүйесің бе мені? Лиза үндемеді.
— Лиза, сүйесің бе? Лиза үндемеді.
Кулевакин сүюге еңкейді. Жақындап келеді Міне, таяу қалды. Тіптен келіп қалды. Осы уақытта Лиза қолымен қағып жіберді.
— Кет, жоғал, айуан! Кулевакин қарғып тұрды:
— Әшейін ойнап едім...
— Қасыма жолаушы болма! Лиза ұшып тұрды, жүгін алды:
— қош бол, мен пәтеріме кетем, мұндай әдетке үйір болмау керек қой, кеңес инженері, жолдас Кулевакин. Мен Рақметке кеттім, Рақметке, естідіңіз бе? Естіп алыңыз Рақметке!
Шығып жүре берді. «Бара кетейін». Рақметтің үйіне келді, есік ашық. Ақырын қарамен төрдің алдында төсек үстінде Рақмет отыр, алдында блокнот. Оның жазуына үңіліп Анна тұр. Қапылыс көрген адам болсаң сүюге бетін тосып тұр екен дейсің. Лиза көрді. Кірместен далаға шықты. Тұрды.
— Мейлі сүйген шығар, онда менің қандай ақым бар? Тек түсінісу, өзіне айту керек. Қазір болмайды. Мынаусынан да айрылып қалуы мүмкін...
Лиза жүгіріп кетті.
— Өзі келмесе, мен бармаймын — деді кетіп бара жатып.
Үйде Рақмет түрегеліп жүр. Анна отыр.
— Сен қазір бар оған, сөйлес... — деді Анна. Рақмет үндеген жоқ. Жым-жырт, шахтыдағы қимылдардың дыбысы үйге жаңа кіргендей болды.
— Бүгін жүз метр проходка еттік.
Рақмет қуанып кетіп, жүгіріп барып Аннаны құшақтай алды. Байқаусызда ернінен бір сүйіп алды. Онан соң жүгіріп есік жаққа кетті. Ернін сүртті.
— Кешір, Анна, байқаусызда... Тістеп қызып кетіппін.
Анна күлді.
— Ештеңе етпес, қызулық әркімде де болады ғой. Лизаны айтты енді.
Рақмет үндеген жоқ, төмен қарады. Анна қоштасып далаға шықты. Рақмет жалғыз өзі қалды. Ойланды, басын шайқады.
— Өзі келмесе, мен бармаймын...
VII тарау
Рақмет шахты құрылысы басқармасында кабинетте отыр. Сызықтар сызып, әрбір нәрсенің жоспарын жасап отыр. Есіктен ұзын қара десятник келді. Бері алып столдың үстіне қойды. Рақмет басын көтеріп алып, қаламын стол үстіне қойды:
— Әнеукүнгі уақиғаға себепші кім болды?
Десятник басын көтермей отырып:
— Мырзаш — деді.
Рақмет десятникке қадала қарады.
— Шақыр, Мырзашты.
Десятник ерініп, жақтырмағандай орнынан тұрды. Есік жаққа барды.
— Бір сағаттан кейін өзің кел!
Рақмет тағы жаза бастады. Проходкаға өткен жоспарды көрді. Күлімсіреді.
— Жүз жиырма метр, инженер Дәуір ұлы — деді.
Шахты құрылысы. Комсомолецтер бригадасы шахты үстіндегі кабинеттің темір бетонды үйлерінің қабырғаларын қалап жатыр.
Шет жақта жүрген десятникке Мырзаш келді. Екеуі біраз сөйлесіп тұрды. Сол уақытта күле қарап Шектібай келді.
— Мырзаш, мұнда неғып тұрсың?
Мырзаш тесіле қалшиып қалды.
— Жолдас начальник...
Онан соң босап, мұңайып төмен қарады:
— Мені Рақмет шақыртады, біз жарысқа түскенбіз, жұмыстан кеткім келмейді..
— Жұмысы бар адамның өзі неге келмейді. Жұмыстан қалдырып кеңсеге шақыртып — деді десятник теріс бұрылып.
Шектібай күліп қойып:
— Инженер шақырса бару керек — деді. Онан соң десятникке қабағын түйіп:
— Сен Рақметті жөндемей-ақ қой — деді Сырт бұрылып жүріп кетті.
...Кабинетте Рақмет пен Мырзаш, біріне-бірі қарсы отыр. Мырзаш төмен қарап отыр. Дәл төбесінде теңгедей жерінде шашы жоқ. Рақметтің көзі түсіп кетті. Рақмет төне қарады, түсі өзгеріп кетті. Аузын ашты, орнынан тұрды. Көзін айырмай столдан кетіп, бұрышқа барды.
— Жаным, сен кәдімгі Мырзашсың ба?
Рақмет қолын жая жүгіріп, Мырзашты құшақтай алды. Мырзаш таң қалып орнынан қарғып тұрды.
— Жиырмасыншы жылы детдомда бірге болған...
Рақметтің сөзін аяғына дейін күтпестен Мырзаш та құшақтай алды.
...Екеуі күлісіп, сөйлесіп отырғанда, бағанағы десятник келді.
Ол келіп отырмай жатып Рақмет:
— Сен неге алдайсың? — деді.
Десятник орындыққа отыра беріп:
— Я пірім — деді «Я пірім» — деген сөз десятниктің аузынан емес, отырған орындығының астынан шыққандай болды. Рақмет елең ете қалды. Кенет бір нәрсені ойлатарым қандай болды. Рақмет десятникке көзін тікті.Әлі қарап тұр... Көз алдында десятник жоқ болып, оның орына бұлдырап баяғы ұрылар елестеді:
— Ұры, қарақшы! Сен қалай кіріп алдың?
Қазірде десятниктің қара бұжыр беттеріне қарап тұрсаң баяғы Рақметтің аулындағы белгілі ұры, баукеспе-Сүлей. Сүлей тамсанды. Сескене бастады. Стол үстіне қойған бөрігін ала берді. Сол уақытта Алексей мен Шектібай келді.
— Мынау ұры, баукеспе, қарақшы, мен таныдым — деді асығып Рақмет.
Алексей қабағын түйіп десятникке қарады, десятник жерге қарады. Алексей Шектібайға қарады:
— Қазір приказ жазыңыз, жұмыстан шығарыңыз!
— Хатшы! — деп Шектібай айқай салды. Жүгіріп хатшы кірді. Айнала жұртты бір шолып, Шектібайдың қасына келіп отырды.
Шектібай айтып отыр:
— Десятник Сүлей Тасмағамбет ұлы ұры, қарақшы болғандықтан...
— Қазір жаптыру керек — деді Алексей.
— Наряд беретін үйдің қабырғасы қисық істетіп, қайтадан бұзылып, екі күн босқа кетті — деді Мырзаш.
Алексей мен Шектібай десятникті алып шығып кетті.
Бағанадан бері ойланып отырған Рақмет басын көтеріп алды, Мырзашқа қарады: «Ертеңнен арғы күні демалыс, ертең кешке біздің үйге барлық жастарды, қыздарды жи» — деді.
Мырзаш таң қалды.
— Ол неге керек?
— Ойын жасаймыз, біздің үйге қонақ боласыңдар.
Мырзаш шығып кеткенде есіктен жас жігіт кіріп келді. Ашаң, ұзын бойлы, аққұба, шашы артына қарай қайырылған. Келіп Рақметпен амандасты:
— Дмитрий Ермолин, инженер.
— Тіптен жақсы, біздің шахтыға келдіңіз ғой?
— Сізге көмекші етіп жіберді.
VІІІ тарау
Рақметтің үйі толы жастар. Бес-алты қыздар да бар. Жастар күлісіп, сөйлесіп отыр.
Орталарында қуанышты Рақмет, езуін жимай күліп отыр. Он жағында Мырзаш бригадир, сол жағында Ұлбосын комсомолка, бригадир. Ұлбосын десе Ұлбосын емес пе? Еркектей, дегеннің зорына қарашы! Міне, біз күліп тұрған Ұлбосынның өрескелдеу, сонымен бірге көркем бетін көреміз. Міне, кәдімгі біз білетін Жылқыбай, бұл жасқанып, қамығып отырған сияқты.
Есіктен үшінші проходка бригадасынан Мариям кіріп келді. Жұртты көріп ұялыңқырап төмен қарады. Үстінде көйлек болар, бірақ электр жарығымен қара болып, қара шашпен қосылып жарасып тұр. Шашы қысқа, желкесіне зорға жетеді. Дәл Лиза құсап қайырған. Шам жарығымен қара көздері жалт етіп, бір қарап өтті. Достарының қасына қарай жүгірді.
Рақмет орнынан тұрды.
— Міне, Марияш келді. Ең жақсысы.
Марияштың бетіне қызыл қан жүгіріп, қасындағы қыздың арқасына бетін жасырды. Қасындағы Жәмеш. Сары қыз, шашы да сары-ау. Өте қуанышты, күле береді.
— Марияш, неге ұяласың? Өзіміз ғой...
Марияш төмен қарап отыр. Толық қолдарын столдың үстіне салды. Сонан соң қайтып алды. Рақмет жан-жағына қарады. Шет жақта екі езуі құлағына дейін жетіп күліп отырған Малшыбайды көрді.
— Біз тіптен көңіл көтеруді білмей кетті. Шалдар сияқтымыз, неге күліп-ойнамаймыз.
Рақмет ажарлы жүзбен айнала қарап өтті.
— Комсомолдарға ойнап-күлуге болмайды деп, Жанбол-ақ қорқытып болды ғой — деді Ұлбосын. Сөйлеген сөздерінде де бір түрлі күшті, қайтпастық сезіліп тұр. Жанның бәрі бұрышта отырған кішкене жігітке қарады.
— Комсомолдар күліп-ойнамаулары керек, жұмыс істеуі керек — деді Жанбол.
Қыздар күліп жіберді, бәрінен де Ұлбосынның басым, бір түрлі өрескелдігін көрсетіп тұр.
Мырзаш та күліп отыр:
— Біздің медресенің шәкірті деп жүрген жоқсын ба, Жанбол?
Жанның бәрі күлді. Жанбол орнынан тұрды. Ешқайда қарамайды.
— Қайда барасың, Жанбол? — деді Рақмет.
— Кетем... менің — Онда өкпелеймін, бәріміз де өкпелейміз, кетпейсің ешқайда.
Қасында отырған Малшыбай күлісін жимай, етегінен тартып отырғызды.
— Ешқайда жібермеймін! — Өзінің сөзі екі құлағынан кетпейді.
Жанбол отырды. Қабағы жабыңқы.
Рақмет жымиып Малшыбайға қарады. Ол одан сайын күле түсті.
— Я, Малшыбай, неге сен қол-басыңды жуып жүрмейсің сені қыз қасына отырғызбайды ғой — Үйдің іші күліп, Малшыбай да күледі. Ашулануды білмейді. Әне Рақметке қарап күліп тұр. Екі езуі құлағына жетеді. Қандай ақкөңіл, қандай жақсы адам...
— Ұлбосын, сен барып жуындыршы! — деді күлкі арасында Мырзаш. Үйдің іші шуға толды. Сол шудың үстін басып Ұлбосынның даусы шықты:
— Жуындырсам жуындырам!
Малшыбай орнынан тұрды:
— Қап, болмас — деп өзінің езуі жиылмай, күліп шығып кетті. Жүрісінде де қуаныш, бақыттылық көрініп тұр! Жәмештің қасында Ксеня отыр. Көздері мөп-мөлдір, көк аспаннан ойып алғандай. Денесі құйып қойған Ұлбосын дерсің.
— Бұл арада көңіл көтеретін түк жоқ, біздің заводта қандай қызық еді..
Марияшты құшақтап Даша отыр. Екеуі әңгімелесіп күледі. Олардың қасында Аркаша. Қыздардың әңгімесіне қарап қызығып-ақ отыр.
— Қыздар, әңгімелеріңді маған да айтсаңдаршы!
Рақмет есітіп қойды:
— Марияш, Дария Кудряшова, әңгімелеріне Аркашаны да қатынастырыңдар!
Жанның бәрі соларға қарады:
— Қатыстырмаймыз, әнеукүні біз жарысқа шақырғанымызда, қыздармен не деп жарысам деген.
Тағы ду күлу. Аркаша шыдай алмады.
— Ал, түссін жарысқа, қане озып алыңдаршы!
— Малшыбай, Жылқыбай, Сарман, қыздармен жарысамыз, мақұл ма?
— Оза алмайсың!
— Озамыз!
Ұлбосын қарғып тұрды.
— Әкел қолыңды!
Екеуі қол алысты.
Ксеня айқай салды:
— Аркаша, бізден оза алмайсың!
...Ас үйде екі-үш әйел ет асып жатыр. Үлкен қазан, іші толған ет.
Ішкі үйден шығып Малшыбай келді. Әлі күлуде...
— Суларың бар ма?
Жас келіншек күлімсіреді.
— Байқұс-ау, оны қайтейін деп ең?
— Жуынып кел деп балалар бұйрық берді — деп күліп отыра кетті. Ішкі үйде Рақмет орнынан тұрып, ойын-сауықты өзі бастауға кірісті.
— Қане, қайсың гармонь тартасыңдар?
Ешкім үндемейді, бір-біріне қарап күліседі.
— Ешкім жоқ па? Шынымен ешқайсымыз тарта алмаймыз ба? Мынау ұят екен!
— Қарт гармоньшыны шақырамыз ба, намыс емес пе?
Тағы жан-жағына қарады.
— Ертеңінен бастап музыка үйірмесін ұйымдастыру керек. Музыка білмеу ұят!
— Мақұл, ұйымдастырайық!
— Мақұл!
— Мақұл!
— Жақсы!
Жастар шулап кетті.
Ксеня түрегелді.
— Маған берші.
— Бір нәрсе шығар!..
Жастар көтеріліп, қуанысып қалды. Гармоньды әперді, тарта жөнелді, қандай көңілді.
Қараңдаршы, өрескел дегеніңіз қаталау ма деймін! Саусақтары қалай майысып бара жатыр. Қыздар теңселіп отыра алмай отыр.
— Ауыз үйге шығып билейік!
— Ауыз үй кең!
— Билейік.
Жастар ауызғы үйге жүгіріп, қоршаланып отырып алды. Гармонь ойнақшытып дыбыс шығарды.
— Қандай көңілді.
Аркаша:
— Даша шықсын!
Рақмет:
— Даша, Даша!
Даша Рақметке бір қарап күлді де, ортаға түсіп, ала жөнелді. Музыка бабымен қол да соғылып жатыр. Даша бір баяулатып, бір бәсеңдетіп билеп жүр. Даша Рақметтің алдына келді.
Аркаша:
— Рақмет!
— Марияш!
— Рақметті сұраймыз!
Барлығы:
— Рақмет, Рақмет!
Рақмет ортаға түсті. Музыка дыбыстарының желілерін жерге сызғандай шыр айналып кетті. Бір отырады, бір тұрады...
Есік ашылды, Шектібай мен Алексей кірді. Екеуі де қуанышты:
— Бұл не той? Ұлбосын, күйеуге шығып қойған жоқсың ба? — деді Алексей күліп, айғайлап.
— Рақметпен билеп жатырмыз.
— Неге билегеніңді қоя қойдың, Рақмет! Біздің келуімізді пайдаланып жөнделіп алайын дедің бе? — деді Шектібай.
Ұлбосын барлық даусымен айқай салды:
— Шектібайды сұраймыз!
Жастардың бәрі «Шектібай» деп айқайлады.
— Билей білмеймін.
— Билеп көріңіз!
— Өмірі билеп көрген емеспін!
Жастар тағы айқайлады:
— Шектібай жолдас, начальник!
— Билей алмаймын!
Шектібай кейіншектеп тұрғандай, тағы өзі күле береді.
Мырзаш жақындап келді. Шектібайдың құлағына аузын тақап:
— Билемегеніңіз ұят екен! — деді.
Жастар:
— Алексейді сұраймыз!
— Алексей, Алексей! — деп айқайлады.
Алексей билей жөнелді.
Би біткесін ішкі үйге кіріп жастар столға отырысты. Төр жақта Алексей мен Шектібай. Рақмет Жылқыбай мен Малшыбайдың қасында отыр.
Столдың үсті толған пышақ, вилка. Ет келді, алдымен әкеліп Жылқыбайдың алдына бір тарелке ет қойды.
Жылқыбай Малшыбайға бұрылып сыбырлады;
— Сен екеумізге бір табақ қой, сірә...
— Жоқ, Жылқыбай, сенің өзіңе бір табақ — деді Рақмет.
— Ала бер — деді Малшыбай.
Жағалай кісілер басына бір тарелкеден ет қойып жатыр.
Жылқыбай бес саусақты етке сала бергенде: «Тұра тұр» — деп Рақмет сыбырлады. Жылқыбай сескеніп, қолын тартып алды. Рақмет Жылқыбайдың қолына пышақ пен вилканы ұстатты, күлді.
— Мынаумен же.
ІX тарау
Күн шығып ыси бастады. Құрылыс жұмысы қызуда.
Алыстан жұмысшылардың уақытша жатқан ағаш барактары көрінеді. Қызыл кірпіш үйлердің тек төбесі ғана жабылмаған. Бұлар қатар-қатар тізіліп тұр. Айналасы ағаш, тас, кірпіш, топырақ». Жұмыс тоқталмай жұрт жатыр.
Алып шахты үстінде темір, тас, бетонды комбинат та күннен күнге биіктеп өсіп келеді.
Аркашаның бригадасы да, Ұлбосынның бригадасы да осында, ұлы аумақтың өте зор комбинат құрылысында өтеді.
Аркаша мен Малшыбай құм, цемент тасып жүр. Бұлар құрылыстың бір шетінде. Екінші учаскесінде Ұлбосынның бригадасы. Ұлбосын мен Ксеня шаршап, тас тасып жүр.
Аркашалар кірпіш алып келе жатқанда, Ұлбосындар бара жатады... Жолда қатарласқанда, Аркаша алақанын аузына ұстап:
— Оза алмайсың! — деп айқай салады.
Ұлбосын да алақанын аузына ұстап:
— Озамыз! — дейді.
Өз жұмыстарына кетеді де, тағы айналып кездескенде, Аркаша тағы айқайлап:
— Оза алмайсың! — дейді.
— Озамыз! — деп Ұлбосын жауап береді. Тағы да жұмыстарына кете береді. Аркаша жұмыстарын істеп жатқан өз жастарына күліп:
— Балалар! Қане, қыза қимылдаңдар! — деп айқай салады.
Ұлбосын да бригадасына барып:
— Қыздар! Қане, қызу қимылдаңдар! — деп айқай салады.
...Гудок айқайлады, шахты құрылысындағы жұмысшылар түскі тамаққа кете бастады, Аркашаға Малшыбай келіп:
— Тамаққа бармай, жұмыс істейік, мен балалармен келемін — деді.
Аркаша, бірі жүгіріп, бірі көріп, кейбіреулері күліп тұрғанда жұмысшыларға қарап тұрып:
— Мақұл — деді.
Бұлар отырды. Қыздарымен Ұлбосын келді.
— Аркаша, жүр тамаққа барамыз! Аркаша теріс қарады.
— Кете беріңіздер!
Ұлбосын күлді.
— Қулықтарын қараңдар, тамақ уақытында істеп бізден озбақшы ғой!
Қыздар шулап кетті.
— Бұл адалдық емес — деді Марияш.
— Біз де бармаймыз! — деді Ксеня.
— Кете беріңіздер, біз артынан барамыз — деді Аркаша.
— Алдарың келеді-ау, қане, қыздар, сендер де отырып алыңдар! — деді Ұлбосын. Қыздар отырып алды.
— Кете берсеңдерші — деді Аркаша қабағын түйіп.
— Кетпейміз!
Аркаша тістеніп қабағын түйіп отыр. Ауық-ауық ала көзімен қыздарға қарап қояды, төмен қарап отырды. Қыздар кетпей қойғансын Аркаша ашуланған күнінде орнынан ұшып тұрып:
Онан соң жауап күтпестен, жалаң аяқ, жалаң бас есіктен шығып, жүгіріп ала жөнелді. Жүгіріп келе жатыр, үйден әңгімеден тек жаңа ғана, осы жолдың үстінде жатқандай «ой бауырым» деп еңіреп қоя берді.
— Жыламаңыз, жыламаңыз — деді артында біреу.
Бұл — Елемес еді. Төлеп оған қараған жоқ, есіткен жоқ. Үлкен ағаш қорғанға келіп кірді. Үйілген ағаш, тас, кірпіштердің арасымен жүгіріп отырып, қызы Күләнданың моласына барды. Моланы құшақтай жылады. Бұл арада ешкім жоқ, барлығы тамаққа кеткен. Төлеп еңіреп жылады.
— Қалқам, ең болмаса сүйегіңе де тыныштық бермеді-ау. Жер үстінде жүргізбей, жер астына тығып еді енді жер астына жатқызбайын деді —ау!.. Қалқам-ай, Күләндам-ай, енді қайтем? Кімнен жәрдем сұраймын?..
Елемес келді Біраз қарап тұрды. Оның да көзінен жас тамшылады.
— Тұрыңыз, түрегеліңіз...
Төлеп есітпейді. Елемес Төлептің иығынан көтеріп тұрғызды. Төлеп жұмулы көзін ашты. Көз жанарына жас толды. Моланың тасына көзін қадады. Тастан есіп шыққандай болып Төлептің көзіне Күләнданың күйі елестеді. Төлеп тасты құшақтай алды.
...Техникалық мәжілісте Рақмет:
— Инженер Кулевакин «Өлгендердің не жазығы бар?» — дейді. Осы да сөз бе? Өлгендердің бір жазығы болғандықтан істеп отырмыз ба? — деді.
Аудандық комсомол комитетінің хатшысы Красный:
— Рақметтікі дұрыс — деді.
«Өлгендердің жазығы» — деген сөз шыққанда, Шектібай Рақметті бөліп:
— Ол тас қойған молада жазық... — деп тоқтады.
Рақмет сөзінің артынан күліп:
— Сіз де әдет жағындасыз ба? — деді.
Шектібай сасып:
— Жоқ... Мен әншейін сенікі дұрыс дейін демекші едім-дей салды.
...Мола басында Төлептің көз алдына Илья елестеді.
— Мен баратын жеріне барам!-Елемес екеуі тұрып кете берді.
Жұмысшылар келе бастады.
Тағы да дауыс, айқай, трактор, гүрілдеу, электр жарығында топырақ, тас, құм тасып жүрген көп арбалар, аттар.
III тарау
Мәжілістен Рақмет пен Красный бірге шықты.
Екеуі жаңа шахты орнына барды.
Жұмыс қайнап қызып жатыр.
— Тарт жүгенді. Инженерге жол бер — деді Ермек колхозшы.
Жылқыбай артына бір қарады да, жүгіріп атын тарта бастады.
— Ештеңе етпейді, күте тұрамыз.
Екеуі моланың қасына келді. Красный молаға қарады.
— Жаңағы көп сөз болған молалар осы ғой...
— Е, осы. Бұл ескіліктің шырмауына оралған адамдарды қойсайшы!..
Рақмет күлді. Тас моланың алдында жатқан ұзын ағашқа екеуі отырды. Электр сәулесі жарық болып, тас моланың жазуын көрсетіп тұр... Бір мезгілде Рақметтің көзі жазуға түсіп кетті. Рақмет қадала түсті. Көзі шарасынан шығып, жақындай түсті. Рақмет қолымен ағашты тіреп, кейін шегінді. Бетінде қан қалмады. Алдына қарады, көзіне Күләнда елестеді. Көзі бұлдырап, басы айналып кетті. Біразға дейін қозғалмай қалды. Бір уақытта төбесінен балғамен қос қолдап қойып қалғандай, Рақмет «ойбай» деп етпетінен құлады. Содан қайтып тұрмай қалды. Красный орнынан қарғып тұрып, Рақметті құшақтай алды.
Бағанадан бері сыртта байқап екі адам тұр. Оның біреуі баяғы Сәду еді.
— Әне, соғып кетті, я құдіреті күшті құдай! Қабірді бұзам деп еді кереметін көрсетті. Бұл қабырда шәйіт өлген қыз бар. Өзім осы қызды қорғаймын деп, өлім аузынан қалғанмын.
Красный Рақметті көтеріп тұрғызды.
— Не болды, не болды? — деді.
Рақмет үндемеді, жауаптың орына үлкен көздерінен ipi-ipi жастар домалады. Сезбеген төрт жұмысшы мен десятник.
— Молаларды бұзуға рұқсат етесіз бе? — деді десятник Рақметке.
Рақмет саңырау сияқты жауап бермей, жансыз адам сияқты мелшиіп қатып қалды.
— Рақмет, саған не болды? — деп Красный Рақметтің бетін сипады.
Рақмет содан кейін селк етіп, жұмысшыларға қарады. Кенет бұрылып Красныйға қарады: «Тегістен бұзып, топырағын алып кетуге бұйрық беремін!» — деді.
Содан соң өзі алды-артына қарамай, тез-тез басып, кетті де қалды. Артынан Красный келе жатыр. Рақмет екеуі қатарласты.
— Рақмет, мәжілісте айқай салған өзің емес пе едің, бұл қай бостығың?
Рақмет біраз үндемей жүрді.
— Володя, кешірерсің, тіптен ойламаған жерден... Әңгіме бостықта емес, ол менің апам еді.
— Өзің емес пе едің, өлген адам түгіл, өз басымды берем деген? Жұмысшылардың босап қалуы мүмкін...
— Әңгіме, онда емес.. Мен апамды тірі деп жүрген едім, әкем айтпаған еді. Оның үстіне оның менің өлгенін қабірін бұзу үстінде білдім...
Красный үндеген жоқ.
— Володя, бұл менің бір қателігім болды. Мұны енді ұмытайық, еске алмайық. Ешкімге де айтпайық, мақұл ма?
— Мақұл — деді Красный.
Екеуі қол ұстасып айрылысты.
Инженер Рақмет үйіне келіп, төсекке отырды. Ойланды, мойнын төмен түсірді, бір уақытта басын көтеріп алды.
— Менің де жаным таза емес екен, ә? Мен де ескіліктенн сау емес екем, ә? Менде де тығылып жатқан сұмдық бар екен? Бұл қалай,ә?
Рақмет орнынан тұрып, олай-бұлай жылдам-жылдам жүріп кетті.
— Жоқ-жоқ, бұл әшейін...
— Бұл, менің тек адамды сүюшілігім, ақкөңілділігім. Әдетте апасы өлген күні інісі жыламай ма, бұ да сол ғой.
Рақмет қайтадан отырды.
Бетінде қорқыныш, қауіп сезініп, басын қайтадан көтеріп алды.
Красный не дейді: «Жұмысшылардың босап қалуы мүмкін!» Менің кесірімнен істемей қойса қайтем? Ол маған қылмыс емес пе? Оны мен қалай көтерем? Қалай? Қалай? Қалай? — деп Рақмет айқайлап жіберді. Қарғып тұрып, далаға жүгіре шықты.
...Жұмыс басында қызу бәсеңдеді.
— Инженерді құдай құдіретімен бір нәрсе соғып кетті — деді біреу айқайлап. Сәду жүгіріп келді.
— О, жұртшылық, қараңғы түнде әулие адамның моласын бұзып, не қара көрінді? Сендерді де соғып кетеді — деді.
Жұмысшылар жұмысын тастап, жиылысып қалды.
— Құдай-ай, өзің сақта, мұндай сұмдықты кім көріпті? — деді біреу.
— Құдай қайда! Өлген адамдардың сай-сүйегін қалай сырқыратамыз.
— Жаңа моланың басына бір ұзын от жанып, сөнгендей болды...
— Быссымылда деңдер!!!
— Құран оқып жіберіңдерші.
— Бізді не қара басты, мұсылманның баласы емеспіз бе?
— Қазір бәрімізді де жоқ қылады!
Сәду айқай салды:
— Тастаңдар жұмысты! Бұзбаңдар моланы!
Жұрт бет-бетімен шулады. Жұмыс тоқталды.
Тек комосомол бригадасы кірпіш, тас үйіп жатыр... Десятниктер келді. Біреу оларды көре салып:
— Қойыңдар айқайды! — деді.
— Біз де құдайға пендеміз, деуге қарсы жүре алмаймыз, жұмыс істемейміз — деді дәу қара жігіт. Бұл Ысқақ еді.
— Құдайды қайтесің, нан табудың қамын ойласайшы — деді Ермек.
— Тарт тіліңді, кәпір! Жоғал, көзіме көрінбе! — деп Ысқақ кимелеп кетті. Топты киіп -жарып, Мырзаш комсомолец келді.
Топтың ортасында Сәду тұр.
Сәду айқайлап:
— Кәне, тастаңдар жұмысты, жүріңдер ертерек! — деді.
Айғай-шу арасымен Мырзаш Сәдуге жақындады:
— Көкшетаудың кооператив ақшасын жеп, қашып кеткен мына сұм қайдан жүр?-Мырзаш иығынан ұстады.
— Ойбай өлтіреді..
— Құдайды айттың деп ұрып жатыр!..
— Ұста, комсомолды!
Жұрт Мырзашты жан-жақтан ентелеп қамай түсті. Ысқақ келіп, Мырзаштың жарасынан ұстады. Сәду сытыла жөнелді.
— Ұр! — деді біреу.
Осы уақытта біреу барлық күшімен:
— Тоқтаңдар! — деді ышқынып. Жұрт жалт қарасты. Рақмет жетіп келді. Айқай-шу тына бастады. Кейбіреулер топтан кете бастады.
— Бұл не айқай?-Рақмет ентігіп ортаға келді.
— Мені соқпақ түгі түк те қылған жоқ! Мола менің апамның моласы. Бұзыңдар моланы! — деп Рақмет жан-жағына қарады.
— Өздерің әлі-ақ түсінесіңдер. Біз бұ моланың орнына өмір жасаймыз, қызу жұмыс жасаймыз. Осы істеп жатқан жұмыс үшін өлгеннің қураған сүйек түгіл, тірі басымызды беруіміз керек. Көкетайлар-ай, басты беру керек, басты!
Рақметтің көзінен жас шығып кетті.
Менің алдымда тұрған сақалды шал-Алпысбай екі құрдас кеп қоя берді.
— Шырағым-ай, бізден бір білместік өтті!..
Жұрт біртіндеп жұмысқа кірісті.
— Шіркін, неткен жайдары еді?
— Айтқанының бәрі рас. Шын, ақпейілмен айтып тұр, жылап жіберді ғой.
— Ойпырмай, ұятқа қалдық-ау!..
Жұрт қайтадан жұмысқа кірісе бастады.
IV тарау
Ертеңіне Рақметті қалалық партия комитетінің хатшысы шақырып алды.
— Кеше жұмысшылар мола бұзбаймыз дегенде, алдарында жылап, есіркетіп, жалынып істепсің ғой — деді хатшы.
— Я, жыладым.
Рақмет төмен қарады.
Хатшы еңкейе түсті.
— Неге жылайсың? Большевиктер жылап істете ме, түсіндіріп, сендіріп істетпей ме?
— Мен жылағанда шын жүрегіммен сөйлеп, шыдай алмай көзімнен жас шығып кетті.
— Онан соң, социализм үшін басты беру керек деп жылады дейді. Біз басымызды берсек, жылап береміз бе?
Рақмет үндемеді.
— Онан соң сенің әкең не қызмет қылады?
— Білмеймін.
— Ендеше неге жылайсың?
— Жасымда қорлықты көп көріп, жасқаншақ болып қалғанмын.
— Қорлықты көп көрген адам, қайта қатаймай ма?
— Бірден қатайып кетпейтін көрінеді ғой...
— Сол мола сенің апаңды емес пе?
Рақмет сұп-сұр болып кетті, булығып қалды.
— Жоқ, жоқ, білмеймін...
Хатшы далаға шығып кетті. Рақмет өзіне-өзі:
— Сен Рақмет, социализм үшін өлетін болсаң, жылап, қайғырып өлесің бе? — деді ішінен.
— Жоқ, жоқ — деді өзінен-өзі. Біраз ойланып отырды.
— Қап, апам емес деп алдағаным қате болды.
Хатшы кіріп келіп:
— Не деп отырсыз?
— Жоқ, әшейін...
— Қане, қолыңды әкел. Қатаң бол, жігерлі бол, болат бол, сонда көпшілік соңыңнан ереді. Мен сенің ақкөңіл екеніңді сезіп отырмын. Бірақ ақкөңіл болмайтын жер көп-ақ қой. Осыны ұмытпа!
Рақмет келе жатыр. Қалаң ойда.
«Ақкөңіл болмайтын жер көп-ақ». Бұл не деген!?!.
— Кеше жұмысшыларды көтермелеген бір топ дұшпаны болды ғой, ендеше қатаң болу керек екен ғой... Ендеше ақкөңіл болмайтын жер де көп екен ғой... Мен бұрын мұны білмедім бе? Білдім ғой Ендеше кешегі не?..
Рақмет ойланып тұрып қалды.
— Ол қателік екен. Жылап тұрудың өзі әлсіздікті, жұмсақ жандылықты көрсетпей ме?.. Не деген ақымақтық!..
Рақмет шахты басқармасына келді. Шектібайдың кабинетіне кір. Шектібайдың қасында сақалды кісі отыр.
— Таныс, Рақмет, жаңа келген партком хатшысы — деді Шектібай.
— Алексей Петров.
— Рақмет Дәуір ұлы.
— Тіпті жақсы. Енді бірге жұмыс істейміз. Біз мына Шектібай екеуіміз ағылшын заманында бірге істескенбіз — деп күлді Алексей.
Рақмет орындыққа отырды.
— Сенің неге қабағың салыңқы? — деді Шектібай Рақметке.
— Кейінгі уақиғадан кейін іштен сақ болу керек екен-ау деймін...
— О, сөзсіз. Ертең бізге Крайком жіберген елу коммунист, елу комсомолец келеді.
Рақмет орнына қарғып тұрды. Шектібайдың мойнынан құшақтап алды.
— Енді істесіп көрейік!!
Мырзаш комсомол шахты құрылысы начальнигіне келді. Шектібай жұмысшылармен әңгімелесіп отыр еді.
— Кел, Мырзаш — деді Шектібай. Мырзаш түрегеліп тұрып:
— Сәду деген Көкшетау кооперативін жеп мың сом ақшасын жеп қашып кеткен еді сол кеше моланы бұзарда қараңғы жұмысшыларды өлтіріп, «жұмыстан бас тартыңдар» деп үгіттеді Оның қайда істейтінін білдім.
— Ол қай Сәду?
Шектібай ойға кетті. Баяғы шахты астында, құрдас қызды Джим алып кетті деген хабарды есіткендегі Сәдудің тұрысы көзіне елестеді.
— Қыздың өлейін деп жатқанында жаны ашымаған жауыз, қурап қалған сүйегіне жаны ашыпты ғой...
...Илья Афанасьев бірінші шахтының басқарушысы еді. Илья кабинетінің алдында далада екі адам тұрды. Бірі-Төлеп, бірі-Сәду. Төлеп әлі жылауда.
— Баяғы қызыңды өлтірген ағылшын. «Сүйегін қазып беріп жіберіңдер, кіресімен қосып шіркеуіме іліп қоям» — депті. «Болмаған күнде соғыс ашам» — депті, большевиктер қорыққанынан қазып жатса керек — деді Сәду сыбырлап.
Төлеп жылауын қойып, көзі ашылып, сұрланып кетті.
— Не дейсің?-Төлеп Сәдудің екі қарынан ұстады.
Сәду салмақпен айта берді.
— Қызың шәйіт кеткен. Кеше қаз деп тұрған инженер қалпақтай түсіп, жын соғып кетті. Жұмысшылар қазбаймын деп, ұрыс шығарып жатыр.
— Не дейді?
— Мені жастайымнан жақсы білесің ғой.
Төлеп жүгіріп ішке кетті. Илья терезеден қарап тұр. Сәдуге айқай салды:
— Сәду! Сен неге қалдың? Кір ішке!
Сәду жан-жағына қарап, қашуға болмайтын болған соң, ішке кірді. Төлеп жүгіріп, Ильяның кабинетіне кірді. Столға төніп жылай бастады:
— Шырағым, Илья, қызыма менен артық жаның атып еді, мына сұмдықтан құтқар. Қызымның сүйегін аршып алып, ағылшынға жіберейін деп жатыр дейді.
— Тоқта, жыламаңыз! Оны сізге кім айтты?
— Мына Сәду.
— Сәдуге сенуге бола ма? Әй, Сәду, бері келші!
Кіріп келе жатқан Сәду, қалтырап Ильяның алдына келіп тұрды.
— Баяғыда қызыңның өліміне жаны ашымаған Сәду, сүйегіне жаны ашып айтады ғой дейсіз бе? Қурап қалған сүйек кімге керек дейсіз? Қазір жаңа шахты ашылайын деп жатыр. Жаңадан үйлер салынайын деп жатыр. Ол шахты мен үйлер, Қарағанды жұмысшылары-сенікі менікі мен үшін. Біздің балаларымыз үшін.
— Қайдан сенікі мен менікі болсын? Үкімет үшін — деді.
— Төлеп, үкімет кім?
— Бастықтар да...
— Мен кіммін, Төлеп бастықпын ба?
— Бастықсың.
— Ендеше мен үшін болғаны ма?
— Солай шығар..
— Мен саған кіммін?
— Өзімсің, шырағым.
— Ендеше шахты біз үшін де.
Илья ойға кетті. Басын көтеріп алып:
— Сенің қызың үшін елімнен бас тарттым ба, Төлеп? — деді.
— Жоқ...
— Ендеше сенің қызыңа, оның сүйегіне қастық ойлайын ба, Төлеп?
— Жоқ.
— Олай болса маған неге сенбейсің? Алексейге, Шектібайға неге сенбейсің, жұмысшыларға неге сенбейсің, неге Сәдудің өсегіне сенесің, Төлеп?
— Саған сенбегенде кімге сенем...
— Ендеше қапаланба, жұмысыңды істей бер. Біздің үйге жиі келіп тұр. Балаң Рақметті қалай да тауып береміз.
Төлеп үндемеді. Телефон шылдырлады. Телефон соғып тұрған Шектібай.
— Илья, мен Сәду жөнінде айтайын деп едім...
Илья тыңдап болып, телефонды енді Сәдуге ала көзімен қарады.
Төлепке қарап:
— Көрдіңіз бе? Бәрін бүлдіріп жүрген, сен азғырып жүрген, Көкшетаудан жеп мың сом алып қашқан...
Илья Сәдуге қарады. Сәду дірілдеп, кейін шегіне түсті. Илья столдың шетінде ақ түймені басып қалды, хатшы жетіп келді.
— Қазір, милиция бөлімше хабар бер, мына бір қарақшыны алып кетсін!
Сәду қайтадан столға жақындады, дірілдеп, даусы қалтырап:
— Илья, кешір, жұмысшымын, наданмын, әкем де жұмысшы болған...
Төлеп төмен түсіріп отырған басын көтеріп алып:
— Сен қайдан жұмысшы бола қалдың? Неғылған бетіңде арың жоқ неме едің? Азуы алты қарыс Шорман байдың баласы емес пе едің? Өз алдыңа шахты ашам деп, әкеңе көнбей кетіп, азып-тозып қайтып келмеп пе едің?
— Ашуыңызды менен алмаңыз — деді қалтырап Сәду.
— Күйіп кетем ғой. Сен қайдан менің қамқоршым бола қалдың? Алты жыл қойыңды баққанда, таяқтан басқа не беріп едің, қызымды қорғаған Ильяларға қарсы шықпап па едің? Жуас болғанға төбеме секірдің ғой. Саған сеніп жүрген менде де ар жоқ екен!
Милиционер келді Сәдуді алып кетті.
Илья бір сөзді айта бергенде, ақсай басып біреу келді. Бұл Әліп еді, інісін көрген соң Төлептің басылған көңілі қайтадан қозды. Қайтадан көзінен жас шықты, жылап жіберді.
— Күләнданың моласын бұзып жатыр.
Әліп Төлеппен амандасты.
— Ешкім, келгелі біздің үйге неге бармадың?
— Таба алмадым — деді жай ғана Төлеп.
Әліп жайласып отырды. Ақырын ғана сөз бастады:
— Аға, қызыңның жанын алып қалу үшін Илья болсын, Шектібай, Алексей болсын, барлық жұмысшылар болсын, оққа қарсы жүгіріп еді... Сонда біреудің қызы үшін өлмеу деген ешкімнің ойында болған жоқ еді. Бүгін, міне, билік өз қолымызға тигенде өзіміз үшін құрып жатқанда мен үшін, Илья үшін, сол барлық жұмысшылар үшін, өзің үшін, Күләнданың әлдеқашан бұзылған моласын қимайсың ба? — деді.
Төлеп төмен қарап отырып:
— Мен сендерден кетіп қайда барам, бірақ қызым ол дүниеде тыныш жата алмады ғой — деді.
— Бәрекелді, өзің... «Ал, енді қауіптенетініңіз: қыздың өлгеннен кейі өмірі екен ғой?» — деді Әліп.
Төлеп басын изегендей болды.
— Төлеп тәрбиелеу керек, елімнен кейін өмір болмайтынын түсіндіру керек! — деді Илья. Біраздан соң Әліпке қарап:
— Сен жаңалықты білдің бе? Ленинградтан бір инженер қыз келетін болды, оны Трест біздің шахтыға берді. Фамилиясы Вознесенская.
— Онысы жақсы болған екен — деді Әліп.
— Ал, енді мен шахтыға түсем — деп Илья кетіп қалды.
Әліп қолындағы шамын, шапкесін стол үстіне қойды да:
— Келінін сағынып қалды, аға — деді.
Төлептің бетіне, қызарған көздеріне күлкі жүгірді.
Әліп:
— Мен қазір келем — деп сыртқа шығып кетті.
Төлеп жалғыз қалып отырып:
— Менікі дұрыс па? Әлде Әліптікі дұрыс па... Жұмысшылардікі дұрыс па? — деді өзіне-өзі.
Әліп келді.
— Бір шахтыда жүріп, бір-бірімізді таба алмағанымыз ұят екен, біздің үйге барайық — деді.
Екеуі далаға шықты.
...Шахты үстіндегі құрылыстың іргелері қаланып жатыр. Ағаш қорғаны сыртында телеграфтың сымындай қатарласып кірпіш үйлер салынып жатыр. Қимылдап, тынбай жұмыс істеп жатқан адамдар. Ана жерде, мына жерден шыға келгендей өсіп келе жатқан құрылыстар. Шахтының оң жағында жұмысшылардың уақытша жататын ағаш барактары. Бұлар ұзыннан-ұзақ салынған.
Тасшылар кірпіш, тас қалап жатыр. Балташылар ағаш шауып жатыр. Ағаш тасу, тас, темір, бетон, цемент тасу, арбаның сықырлауы. Айғай-шу, бұл-тынбай, біреуі ары, біреуі бері жүгіріп жүрген, қайнаған еңбек толқыны.
Шахты проходкасының жұмысы қызған. Бетоннан жасалған алып, төмен кететін шахты құдығының үстіне зор, ұлы мұнара орнатылған.
Құрылыс басында бір жас әйел жүр. Басында қызыл орамал. Рақметтер келе жатыр. Әйел Рақметтерге қарады. Әйел бұрылып кетті.
— Десятник!
Қарындашымен көкірегінен сипалап, десятник келді.
— Десятник, мына қабырға неге қисық қаланған?
Екеуі жаңа салынып жатқан шетін үйге барды. Рақметтер келе жатыр. Әйел тағы Рақметтерге қарады. Құлағынан құрылыс шулары кетіп, Рақметтің құлағына тағы естілді. Рақмет те келді. Жас әйелдің қасына жақындады.
— Жолдас Петров, біздің құрылысшы жас инженеріміз Анна Ковалева, танысыңыз — деді Рақмет.
Әйел әдемі қолын ұсынды.
V тарау
Түн. Рақметтер жататын барак терезелері шторланған. Терезелерден электр жарығы көшеге түсіп тұр. Инженер Кулевакин үйінде жалғыз өзі столда отыр, алдында бөтелке. Екі рюмка арақ ішіп, бір селедканы жеп алды. Әлден уақытта құлағы елеңдеп терезе жақтан бір дыбыс тыңдады. Өтіп бара жатқан арбаның жүргені естіді. Кулевакин арақтың тығынын жапты. Жайлап басып далаға шықты. Баракты жағалай жүріп айналды. Екінші жағындағы есікке барып кірді. Рақметтің есігін қақты, тыңдады, ешқандай дыбыс естілмеді. Тағы тыңдады. Инженер Кулевакин есікті ашты.
— Мүмкін бе?
Жауап болмады.
Үйдің ішіне қарады. Көзі жиюлы тұрған көп кітаптарға түсті. Ішкі үйге кірді. Төсекке көзі түсті... Қабырғаларды қарады. Төрдің алдындағы столға қарады, бір суретті көріп, жақындады. Суретті қолына алды. Бұл-Кулевакин ұстап тұрған Лизаның суреті еді. Лиза күліп тұр. Кулевакин тесіле қарады. Әлі қарап тұр, көзін айырғысы келмейді. Суреттің сыртындағы жазуын оқыды.
«Жаным, Рақмет, өмір бойы сені сүйетін жарың-Лиза».
Суретті тағы қарады:-Неткен сұлу, шіркін-ай!
Суретті қалтасына салды, стол үстінен ораулы көк қағазды алып, жағасынан көйлегінің ішіне салды. Есік жақты тыңдады, тыныштық, құлаққа ұрған танадай. Кулевакин ақырын басып далаға шықты. Есікті жапты. Жайына жүре берді.
..Даланың оңтүстік жағындағы үлкен кірпіш үй. Төбесінде қызыл жұлдыз, қызыл жалау. Үй алды сирек көк дала. Алыста салынып жатқан жаңа шахты құрылысы. Балғаның соғылуы, жұмысшылардың дабырлаған даусы, тарсыл-гүрсіл әр түрлі дыбыстар естіледі. Кірпіш үйдің маңдайында: «Қарағанды мемлекеттік көмір Tpeci» деген жазу бар.
Есіктің алдында инженер Кулевакин тұр. Түс уақыты, инженер Кулевакин күнге қарады. Көзін жұмды, ішке кіріп, ұзын коридорға түсіп, инженер Кулевакин абайлап алды, артына қарады. Коридордың орта шенінде есікке кірді. Есікті жапты, төрден столға барып, стол үстінде жатқан, ортасынан буылған бір шумақ қағазды алып, есікке қарады, тың тыңдады, қағаздың адресін оқыды: «Шахты құрылысының бас инженері Дәуір ұлына. Москва, ауыр өнеркәсіп комиссариаты».
Кулевакин буылған қағазды газетке орап, шығып жүре берді. Коридордың шетінде есікке кіріп, үйдің ортасындағы столға келіп отырды. Оң жағына қарады-стол бос, үстіне күн түсіп тұр. Инженер Кулевакин орамалымен бетінің терін сүртті. Сол жағына қарады-стол бос, есік жақтан тың тыңдады: біреу келе жатты, буылған қағазды столдың тартпасына сала салды, есіктен почтальон кірді.
— Инженер Дәуір ұлы бар ма? — деді. Кулевакин біраз кіріңкіреп:
— Немене? — деді.
— Телеграмма.
— Қане, әкеліңіз.
Почтальон әкелді. Кулевакин сығалап ішін көрді, Рақметті үйінен алған қыздың суреті көзіне елестеді.
— Тастап кетіңіз, қазір келеді.
— Онда қолыңызды қойыңыз.
Кулевакин қолын қойды. Почтальон шығып кетті. Инженер Кулевакин телеграмманы ашып қойды.
«Жиырмасында шықтым, Москва Қарағандыға жіберді. Күтіп ал! Сүйдім, Лиза».
Кулевакин қатты күрсінді.
— Қызық...-Инженер Кулевакин телеграмды бүктеп қалтасына салды-Оған бере қоймаспын...
Түн. Аспан бұлт. Жұлдыздар көрінбейді.Әлдеқайда поезд айқайлайды. Поезд жақындады. Станцияның басы олай-бұлай жүгірген адамдарға толған. Поезд келіп тоқтады. Поездан адамдар түсе бастады. Айқайлар, дауыстар естіле бастады. Электр жарығында поездан бір қыз түсті. Басын бір жақ құлағына қисайта киген қызыл берет. Жүктерін жерге қойып тұрды. Қайтадан жүріп электр шамының астына келді. Енді бетін анық көруге болады. Бұл бізге таныс жүз, бұл-Лиза Вознесенская. Қараңызшы, қандай келбетті. Міне, беті, көздepi күліп тұр, қуанышты, жүрегін ұстайды, алақтап жан-жағына қарайды. Олай-бұлай жүгіріп жүрген адамдарды көрді Лиза.
— Рақмет — деп айқайлады.
Лиза күледі, қандай қуанышты. Әдемі саусақтарын аузына апарып:
— Рақмет, ау, Рақмет! — деді бірақ жауап жоқ. Лизаның күлімдеген көздерінен қуаныш қашады. Қамыққандай болады.
— Шынымен келмеді ме екен? Лиза төмен қарайды, вагон жақтан чемоданын көтеріп бір әйел келеді.
— Лиза, адамың келмеп пе? Лиза тағы төмен қарайды. Басын көтереді. Үлкен қара көздерінде ренжудің таңбасы жатады.
— Треске телеграмма береміз дегенде, қарсы алатын адамым бар деп, қойғызып едім...
— Қане, Лизочка, ертеңге дейін қош бол, күйеуім күтіп тұр — деп әйел кетеді. Лиза артынан қарайды. Үлкен қара көздері жаспен қаймақтанады.
Лиза жүктерін көтеріп, станция ішіне кіреді. Жүк сақтайтынға жүгін тапсырды. Шал қабыл алды. Біраз Лизаға қарады, тамсанды:
— Сендей қыз бізде жоқ еді сүйгеніңе келгенсің-ay.
Лиза теріс қарап көздерін орамалмен сүртті. Квитанция алып далаға шықты. «Буфет» — деген жазуды көрді есігіне барды. Есік жабық. Есікке сүйеніп біраз тұрды. Көзіне Рақмет елестеді.
— Мүмкін, үйленіп қойған шығар... Жатақ үйді табу керек!
Лиза тез-тез басып, қалаға қарай кетті.
Лиза станциядан шығысымен тура көшемен жүріп отырып, өзі де білместен Рақмет үйінің есігінің алдына келді. Рақмет те құрылыстан келе жатып бір әйелді көрді. Бұл Лиза еді. Бірақ қараңғыда танымай үйіне кіріп кетті.
— Ол не қылған әйел? — деп ойлады Рақмет.
Төсегіне отырды. Ойға кетті. Есіне Лиза түсті.
Көзіне Ленинградта бақшада отырғаны елестеді. Рақмет терезесінің алдына Лиза жанап келді..
Рақметтің көзіне Лиза елестеді.
— Лизочка, жаным, сағындым — деді даусын шығарып.
Терезенің алдына келген Лизаның құлағы елең ете қалды. Қайдан шыққан дауыс екенін білмеді. Енді қайда жүрерін білмей дағдарып біраз тұрды.
Үйдің ішінде Рақмет. Терезе алдында Лиза.
Рақмет столға жүгірді. Лизаның суретін іздеп таба алмады. Чемоданын ашып Лизаның тағы бір суретін алды. Қарады: Лиза күліп тұр.
— Лизочка, қашан келесің?-суретін көкірегіне басты.
Ал Лиза терезе алдында тұр, терезе шторлы. Лиза қамығып тұр.
— Рақметтің ұмытқаны ғой...
Іште Рақмет cypeтті сүйді.
— Қалқам...
Лиза терезе алдында Рақмет ұмытты деп жылап тұр.
Ал Рақмет үйде Лизаны сағынып, суретін кеудесіне қысып тұр.
... Лиза ақырын басып жүріп баракты айналды. Тағы бір терезенің алдына келді. Есіктің алдына келді. Есіктен біреу шықты. Бұл инженер Кулевакин. Лиза қасына келді.
— Жолдас, жолаушылар түсетін үйді білесіз бе?
Кулевакин арешке шақты, Лизаның бетін көрді, көзін кең ашып кейін күлді.
— Кешірерсіз, Ленинградтан келе жатқан инженер Вознесенская сіз боласыз ба?
— Я...
— Тіптен жақсы, ішке кіріңіз, мен трестің инженерімін.
Амандасты. Лиза ішке кірді, орындыққа отырды.
— Ойпырмай, неге телеграмма бермедіңіз — деді Кулевакин-біз күте-күте әбден зарықтық қой.
Лиза күлді, бірақ қайғының таңбасы бетінде әлі жатыр.
— Тіптен шаршадым, телеграмма соққан адамым шықпады...
— Қап, онысы несі оңбағанның, сіз неге трестке соқпадыңыз?
Лиза жайласып отырды.
— Мұнда инженер Дәуір ұлы деген бар ма? — деді.
— Бар.
— Қалай, аман-есен бе?
— Е, біз еркектер, былай сөйлейміз: егер жігіт қыздармен кеп жүрсе, ол тіптен сау. Дәуір ұлы да солай.
Лиза шошып кетті, қабағын түйді. Бірақ сыр білдіргісі келмеді.
— Жақсы, қарындасым, сіздің атыңыз кім?
— Лиза.
— Лизочка, мен сіздің әкеңізді жақсы білем, атақты академик, ол қандай жақсы...
Лиза қолымен иегін сүйеп, столдың үстіне қарап мұңайып отырды. Кулевакин Лизаға қарады, көзі жайнады, тыпыршып отыра алмады.
— Лизочка, қандай көріктісіз, сіздей хордың қызы, атақты адамның қызы осындай далаға келе ме...
Лиза қалың ойда отырды. Бір уақытта:
— Инженер Дәуір ұлының үйін білесіз бе? — деді.
— Білем, алыста... Я, оны құттықтауыңызға болады...
— Неге?
— Жақында әйел алайын деп жүр.
Лиза селк етті. Сұп-сұр болып кетті, көзі аларып кетті. Көзін Кулевакиннен айырмай орнынан тұрды, сылқ етіп отыра кетті.
— Кешіріңіз, сіздің онымен бір қатынасыңыз бар ма еді?
— Я-жоқ... әншейін — деді Лиза.
Онан соң Лиза eciн жинап алғандай болды.
— Сіз маған адресін айтыңыз!
— Алыста.
— Жоқ, айтыңыз, мен қазір барам.
— Cізді ойламайтын адамды қайтесіз?
— Жоқ, қазір барам, айтыңыз!
— Айтайын, бірақ сізді есіне де алмайды...
— Үйленсе үйленген шығар, бірақ мені ұмытуы мүмкін емес.
Лизаның көзі қабырғада тұрған өзінің суретіне көзі түсіп кетті. Жүгіріп барды.
— Бұл қайдан жүр?
— Көшеден тауып алдым.
Лиза сенімсіз көзбен Кулевакинге қарап:
— Өзіме қайтып беріңіз — деді.
— Маған сыйлаңызшы.
— Сізге арналмаған ғой.
— Арнаңызшы маған.
— Жоқ, қайтып беріңіз.
— Ең болмаса, бүгінше тұрсын.
Лиза орнына келіп отырды. Бір өлең айтқан дауыс естілді. Бұл Рақметтің даусы еді. Лизаның құлағы елең ете қалғандай болды.
— Бұл кім?
— Әшейін, қазақтар ғой...
Рақмет үйінде отыр. Үй қабырғасының тасасында, өзінен көп болса он қадам жерде Лизасының отырғанын қайдан білсін!
«Лиза, Ленинградта неге қалды, неге телеграмма бермейді деді Телефон шылдырлады. Бұл шахты құрылысынан соғып тұрған Шектібай.
— Проходкада аз ғана кедергі болып қалды.
— Қaзіp барам — деді Рақмет.
Рақмет жүгіріп ала жөнелді. Кулевакин далаға шықты. «Таң атқанша келмейді адресін енді айтуға болады» деп ішке кірді.
Есіктің алдын электр шамдары жап-жарық қылып тұр. Инженер Анна келе жатыр. Рақметтің есігіне бұрылды, ішке енді. Есікті қақты, жауап болмады, ашып ішке кірді -Рақмет!
Рақмет жоқ, столдың үстінде тұрған қағазды алып, былай деп жазды. «Жаңа бізде орамалыңды қалдырып кетіпсің. Келші ана жұмыс жөнінде құрылыс басында сөйлесерміз. Оңаша жер табамыз ғой. Анна».
Лиза түрегеліп тұр. Кулевакин отыр.
— Адресін айтып беріңізші. Қазір барамын.
— Қоймадыңыз ғой, кешіріңіз, мен ойнап айтып едім, ол бізбен көршілес осы барактың сыртындағы есік, бізбен қабырғалас...
Лиза Кулевакинге ала көзімен қарады. Шығып кетті.
— Қазір келесіз ғой — деді Кулевакин.
Лиза жауап берген жоқ.
Жылдам басып Рақметтің есігіне келді. Есікке ене бергенде алдынан Анна шықты. Екеуі де бір-біріне сұстиып қарасты. Лиза ішке еніп кетті, есікті қаққан да жоқ, үйде ешкім де жоқ. Рақметтің жастығы көзіне оттай басылды. Барып кроватьқа отырып, алдына алып сипады. Алып қойып, столға барды. Аннаның, хатын көрді. Оқыды:
— Алайын деп жүрген жаңағы екен ғой, әрине, сүрінгендерге жұмыс үстінде де оңаша жер табылады. Мен алдымнан шығады деп жүргенде, бұл кісі т. біреудің үйіне орамалын тастап жүр екен ғой...
Лиза отырды, екі қолымен жағын сүйеді. Менің өзім әжептәуір адам көрінеді.
Есіктің, алдына екі адам келді бірі-Рақмет, бірі Алексей. Екеуі Рақмет есігің алдына келіп тоқтады.
Лиза ішінде отыр. Ештеңе сезбейді.
Рақметтер біраз тұрды.
— Ал, енді қош бол — деді Алексей.
— Жоқ, сізді мен шығарып салайын.
Рақмет Алексейге тисіп кетті.
...Лиза әлі отыр.
— Ол енді неге келмейді үйіне...
Қалың ойға кетті. Әбден қамыққан.
— Аннасымен оңаша жер тауып, сөйлесіп жүрген болар.
Лиза далаға шықты, жүрді. Осы уақытта арт жақтан біреу келді. Рақмет әлі, байқаған жоқ, ішке кіріп кетті. Лиза Кулевакиннің үйіне келді.
— Шай ішіңіз — деді Кулевакин.
— Ішпеймін. Жатсам... ұйқым келді.
— Ішке төсек салып қойдым, мен ауызғы үйге жатам.
Лиза ішке кірді, Кулевакин шайын қоя салып, олай-бұлай жүрді. Есіктен барып сығалады. Лизаның әдемі денесін көрді. Көйлегін көтеріп тұрған екі алмасын көрді. Екі жаққа қарап тамсанды, үйдің ортасына келді.
— Шіркін қандай екен.
Көзін мрамор статуясы елестеді. Тағы барып сығалады. Бірақ Лиза көрінбеді. Тағы олай -бұлай жүрді. Шыдай алмады, әрі-беріден соң гимнастика ойнады. Тіптен болмаған соң етпетінен түсіп, төсегіне жата қалды.
...Лиза жатыр. Үйдің іші жарық. Лиза көйлегін де шешпеген, көзі ашты, қабырғадағы Кулевакиннің суретіне көзі түсті. Түрегелді көйлегін сәл көтеріп, бәтеңкесін шешті. Түп-түзу әдемі балтырларын айқастырып отырды. Тұрып есіктің екі бұрап жапты. Шамды өшірді. Үйдің іші қараңғы. Тек төсекке даладағы электр шамының жарығы түсіп тұр, Лиза төсекке жатты. Төсектің үстінде электр сәулесі, Лиза басын көтеріп алды.
«Мен жаңа Рақметтің үйінде қалып, сонда неге жатпадым». Біраз отырды. Қайтадан жатты. «Керек болса өзі келер» — деді. Енді тынып жатқаннан кейін, алыстағы құрылыс дыбыстары үйдің ішіне зорға жетіп, болар-болмас естіп тұр.
...Кулевакинге ықылық тиді, селк-селк етеді. Тағы басын көтерді арақ ішпесін деп бөтелкені қарады, бөтелке бос. Қайтадан жата кетті.
VI тарау
Күндіз сағат 11-де Рақмет үйіне келді, отырды. Есікті біреу қақты.
— Кіріңіз.
Инженер Борисов келді.
— Қалай, Рақмет? Өтіп бара жатып кіре кетем, үйіңде бір болмайсың, құрылыстан шықпайсың.
Екеуі де үндемей біраз отырысты.
— Жаңалық, Рақмет, трестке Ленинградтан бір инженер қыз келді. Енді бір көркем... Вознесенская.
— Не дейді?
Рақмет орнынан қарғып тұрып, есікке жүгіріп барып қайтып келді.
— Қайда жатады?
Борисов таңырқап Рақметтің басынан аяғына дейін қарап шықты.
— Кулевакиндікіне түсіпті, ол бұрыннан алайын деп жүрген қызым дейді ғой.
— Не дейсің?-Рақмет столды қойып қалды-Кім алады деймін саған?
Борисов сескеніп, шегіне түсті.
— Мен қазір барып сөйлесем!
Есікке тура жүгірді. Шыға берісте тұрып қалды да, қайта айналып келді.
— Keшip, Коля, мен саған айқайлап жіберіппін...
Борисов күлді. Екеуі де далаға шықты. Борисов қоштасып кетті, Рақмет Кулевакиннің есігіне барды. Есікті қақпастан ішіне еніп кетті. Ішкі үйге барды. Стол үстінде Лизаның суретін көрді. Қабырғадағы Кулевакиннің костюмын, оның үстінде Лизаның таныс орамалын көрді. Кроватьттың астындағы Лизаның өзіне таныс бәтеңкесін көрді. Рақмет қозғалмай қатып қалды.
«Суретін де беріп үлгеріпті. Бәтеңкесін де кроватьттың астына қойыпты...» деп ойлады.
Қабырғадағы орамалға көзі түсті.
«...Киімдерін де араластырып қойыпты...»
Жүгіріп далаға шықты. Лизаның күмістей күлкісі естілді. Рақмет қарады, алыста, Лиза мен Кулевакин қолтықтасып, күлісіп келе жатыр екен.
«...Өздері де араласыпты». менің үйіме кетті. Кіріп, ауызғы үйдің ортасына барып, қозғалмай тұрды да қалды.
«Бәсе, неге телеграмма бермейді түсінбедім десем». Біраз ойланды.
— Жоқ, жоқ, мүмкін емес!-Рақмет айқайлап жіберді. Терезеге қарап сүйеніп біраз тұрды. Терезенің ар жағы барактар. Бір әйел,бір еркек келе жатыр. Бірі — Анна. Рақметтің есігінің алдына келіп Анна бір нәрсені айтып күлді.
«Өзі жақсы екен-ау, осы уақытқа дейін бетіне де жөндеп қарамаппын-ау!» — деп ойлады Рақмет.
«Жоқ-жоқ, партия мүшесі болған соң бірін-бірі жақсы білу керек қой, мен соны айтам» — деп Рақмет өзінің бізге бір ойын ақтағандай болды. Анна қасындағысымен құшақтасып ішке кірді. Есік қағылды.
— Кіріңіз.
Анна күліп кірді.
— Түнде келгенімде жоқ екенсің...
— Оңаша жер іздеген сөзің не? — Рақметтің қабағында әлі ашудың ізі бар.
— Ол десятник Ваврилов туралы сенімен ақылдасайын деп едім, ол ылғи үй қабырғаларын қисық салады...
— Жете тексеру керек. Біліп істесе де, білмей icтесе де бір шара қолдану керек. Уақытты, қаржыны босқа шашуға болмайды ғой...
Біраз үндемей отырысты. Рақмет орнынан тұрды:
— Анна, саған бір сыр айтқым келіп тұр... Ішіме сыймай барады.
— Қане, айтшы.
— Менің... Менің... бір... сүйген адамым бар еді, сол осында келіпті.
— Вознесенская ма? — Анна күле сөйледі.
— Я, сол, телеграмма да берген жоқ, үйіме де келген жоқ...
— Ол келмесе сен бар, нең кетеді?
— Жоқ, бармаймын.
— Барасың, бір түкке тұрмайтын түсінбестік болып жүрген шығар.
— Әңгіме онда емес...
— Енді неде? Қане, қазір бар, сөйлес...
— Жоқ, онда отырып қалуым мүмкін, қазір шахтыға барамыз.
Телефон шылдырлады. Рақмет тыңдады:
— Я... қазір барайын... — екеуі де шығып кетті.
Лиза үйде, терезенің алдында сүйеніп тұр. Қалың ойда. Бір уақытта шошып оянғандай болды. Терезенің сыртына тесіле қарады. Рақмет бір әйелмен кетіп бара жатыр. Tіпті қарамайды. Лиза теңселіп зорға тұр, көз алдында столдар бұлдырап кетті, көзінен жас тамшылады (бұл зарығып сағынғандық па, әлде күйінгендік пе?).
«Шынымен-ақ менің жаныма, маған келмей, басқа адаммен кетіп бара жатыр ма?»
Келіп кроватьқа жата кетті.
Ауыз үйге Кулевакин келді. Ақырын ішкі үйдің есігін ашты, Кіріп, орындыққа отырды, Лиза көзін ашып жатыр.
Кулевакин Лизаның аяғына қарады, көзі жеп бара жатыр. Лиза аяқтарын жинап алды. Онан соң қайта созып, бұрынғысынан да көрнекті етті. Кулевакиннің көздері тесіп барады. Лизаның көкірегіне қарады, шашына қарады, бетіне қарады, тағы да аяғына қарады, шыдай алмады.
— Лизочка, сенен өтер қыз болар ма екен? Мен сені сүйем.
Лиза үндемеді.
Кулевакин ақырын кроватьқа келді, отырды, бетіне қарады, Лиза әлі үндеген жоқ... Лизаның ақырын аяқтарын сипады, онан соң шашын сипады, ақырын көкірегін сипады. Бетіне қуаныш жүгірді.
— Лизочка, сүйесің бе мені? Лиза үндемеді.
— Лиза, сүйесің бе? Лиза үндемеді.
Кулевакин сүюге еңкейді. Жақындап келеді Міне, таяу қалды. Тіптен келіп қалды. Осы уақытта Лиза қолымен қағып жіберді.
— Кет, жоғал, айуан! Кулевакин қарғып тұрды:
— Әшейін ойнап едім...
— Қасыма жолаушы болма! Лиза ұшып тұрды, жүгін алды:
— қош бол, мен пәтеріме кетем, мұндай әдетке үйір болмау керек қой, кеңес инженері, жолдас Кулевакин. Мен Рақметке кеттім, Рақметке, естідіңіз бе? Естіп алыңыз Рақметке!
Шығып жүре берді. «Бара кетейін». Рақметтің үйіне келді, есік ашық. Ақырын қарамен төрдің алдында төсек үстінде Рақмет отыр, алдында блокнот. Оның жазуына үңіліп Анна тұр. Қапылыс көрген адам болсаң сүюге бетін тосып тұр екен дейсің. Лиза көрді. Кірместен далаға шықты. Тұрды.
— Мейлі сүйген шығар, онда менің қандай ақым бар? Тек түсінісу, өзіне айту керек. Қазір болмайды. Мынаусынан да айрылып қалуы мүмкін...
Лиза жүгіріп кетті.
— Өзі келмесе, мен бармаймын — деді кетіп бара жатып.
Үйде Рақмет түрегеліп жүр. Анна отыр.
— Сен қазір бар оған, сөйлес... — деді Анна. Рақмет үндеген жоқ. Жым-жырт, шахтыдағы қимылдардың дыбысы үйге жаңа кіргендей болды.
— Бүгін жүз метр проходка еттік.
Рақмет қуанып кетіп, жүгіріп барып Аннаны құшақтай алды. Байқаусызда ернінен бір сүйіп алды. Онан соң жүгіріп есік жаққа кетті. Ернін сүртті.
— Кешір, Анна, байқаусызда... Тістеп қызып кетіппін.
Анна күлді.
— Ештеңе етпес, қызулық әркімде де болады ғой. Лизаны айтты енді.
Рақмет үндеген жоқ, төмен қарады. Анна қоштасып далаға шықты. Рақмет жалғыз өзі қалды. Ойланды, басын шайқады.
— Өзі келмесе, мен бармаймын...
VII тарау
Рақмет шахты құрылысы басқармасында кабинетте отыр. Сызықтар сызып, әрбір нәрсенің жоспарын жасап отыр. Есіктен ұзын қара десятник келді. Бері алып столдың үстіне қойды. Рақмет басын көтеріп алып, қаламын стол үстіне қойды:
— Әнеукүнгі уақиғаға себепші кім болды?
Десятник басын көтермей отырып:
— Мырзаш — деді.
Рақмет десятникке қадала қарады.
— Шақыр, Мырзашты.
Десятник ерініп, жақтырмағандай орнынан тұрды. Есік жаққа барды.
— Бір сағаттан кейін өзің кел!
Рақмет тағы жаза бастады. Проходкаға өткен жоспарды көрді. Күлімсіреді.
— Жүз жиырма метр, инженер Дәуір ұлы — деді.
Шахты құрылысы. Комсомолецтер бригадасы шахты үстіндегі кабинеттің темір бетонды үйлерінің қабырғаларын қалап жатыр.
Шет жақта жүрген десятникке Мырзаш келді. Екеуі біраз сөйлесіп тұрды. Сол уақытта күле қарап Шектібай келді.
— Мырзаш, мұнда неғып тұрсың?
Мырзаш тесіле қалшиып қалды.
— Жолдас начальник...
Онан соң босап, мұңайып төмен қарады:
— Мені Рақмет шақыртады, біз жарысқа түскенбіз, жұмыстан кеткім келмейді..
— Жұмысы бар адамның өзі неге келмейді. Жұмыстан қалдырып кеңсеге шақыртып — деді десятник теріс бұрылып.
Шектібай күліп қойып:
— Инженер шақырса бару керек — деді. Онан соң десятникке қабағын түйіп:
— Сен Рақметті жөндемей-ақ қой — деді Сырт бұрылып жүріп кетті.
...Кабинетте Рақмет пен Мырзаш, біріне-бірі қарсы отыр. Мырзаш төмен қарап отыр. Дәл төбесінде теңгедей жерінде шашы жоқ. Рақметтің көзі түсіп кетті. Рақмет төне қарады, түсі өзгеріп кетті. Аузын ашты, орнынан тұрды. Көзін айырмай столдан кетіп, бұрышқа барды.
— Жаным, сен кәдімгі Мырзашсың ба?
Рақмет қолын жая жүгіріп, Мырзашты құшақтай алды. Мырзаш таң қалып орнынан қарғып тұрды.
— Жиырмасыншы жылы детдомда бірге болған...
Рақметтің сөзін аяғына дейін күтпестен Мырзаш та құшақтай алды.
...Екеуі күлісіп, сөйлесіп отырғанда, бағанағы десятник келді.
Ол келіп отырмай жатып Рақмет:
— Сен неге алдайсың? — деді.
Десятник орындыққа отыра беріп:
— Я пірім — деді «Я пірім» — деген сөз десятниктің аузынан емес, отырған орындығының астынан шыққандай болды. Рақмет елең ете қалды. Кенет бір нәрсені ойлатарым қандай болды. Рақмет десятникке көзін тікті.Әлі қарап тұр... Көз алдында десятник жоқ болып, оның орына бұлдырап баяғы ұрылар елестеді:
— Ұры, қарақшы! Сен қалай кіріп алдың?
Қазірде десятниктің қара бұжыр беттеріне қарап тұрсаң баяғы Рақметтің аулындағы белгілі ұры, баукеспе-Сүлей. Сүлей тамсанды. Сескене бастады. Стол үстіне қойған бөрігін ала берді. Сол уақытта Алексей мен Шектібай келді.
— Мынау ұры, баукеспе, қарақшы, мен таныдым — деді асығып Рақмет.
Алексей қабағын түйіп десятникке қарады, десятник жерге қарады. Алексей Шектібайға қарады:
— Қазір приказ жазыңыз, жұмыстан шығарыңыз!
— Хатшы! — деп Шектібай айқай салды. Жүгіріп хатшы кірді. Айнала жұртты бір шолып, Шектібайдың қасына келіп отырды.
Шектібай айтып отыр:
— Десятник Сүлей Тасмағамбет ұлы ұры, қарақшы болғандықтан...
— Қазір жаптыру керек — деді Алексей.
— Наряд беретін үйдің қабырғасы қисық істетіп, қайтадан бұзылып, екі күн босқа кетті — деді Мырзаш.
Алексей мен Шектібай десятникті алып шығып кетті.
Бағанадан бері ойланып отырған Рақмет басын көтеріп алды, Мырзашқа қарады: «Ертеңнен арғы күні демалыс, ертең кешке біздің үйге барлық жастарды, қыздарды жи» — деді.
Мырзаш таң қалды.
— Ол неге керек?
— Ойын жасаймыз, біздің үйге қонақ боласыңдар.
Мырзаш шығып кеткенде есіктен жас жігіт кіріп келді. Ашаң, ұзын бойлы, аққұба, шашы артына қарай қайырылған. Келіп Рақметпен амандасты:
— Дмитрий Ермолин, инженер.
— Тіптен жақсы, біздің шахтыға келдіңіз ғой?
— Сізге көмекші етіп жіберді.
VІІІ тарау
Рақметтің үйі толы жастар. Бес-алты қыздар да бар. Жастар күлісіп, сөйлесіп отыр.
Орталарында қуанышты Рақмет, езуін жимай күліп отыр. Он жағында Мырзаш бригадир, сол жағында Ұлбосын комсомолка, бригадир. Ұлбосын десе Ұлбосын емес пе? Еркектей, дегеннің зорына қарашы! Міне, біз күліп тұрған Ұлбосынның өрескелдеу, сонымен бірге көркем бетін көреміз. Міне, кәдімгі біз білетін Жылқыбай, бұл жасқанып, қамығып отырған сияқты.
Есіктен үшінші проходка бригадасынан Мариям кіріп келді. Жұртты көріп ұялыңқырап төмен қарады. Үстінде көйлек болар, бірақ электр жарығымен қара болып, қара шашпен қосылып жарасып тұр. Шашы қысқа, желкесіне зорға жетеді. Дәл Лиза құсап қайырған. Шам жарығымен қара көздері жалт етіп, бір қарап өтті. Достарының қасына қарай жүгірді.
Рақмет орнынан тұрды.
— Міне, Марияш келді. Ең жақсысы.
Марияштың бетіне қызыл қан жүгіріп, қасындағы қыздың арқасына бетін жасырды. Қасындағы Жәмеш. Сары қыз, шашы да сары-ау. Өте қуанышты, күле береді.
— Марияш, неге ұяласың? Өзіміз ғой...
Марияш төмен қарап отыр. Толық қолдарын столдың үстіне салды. Сонан соң қайтып алды. Рақмет жан-жағына қарады. Шет жақта екі езуі құлағына дейін жетіп күліп отырған Малшыбайды көрді.
— Біз тіптен көңіл көтеруді білмей кетті. Шалдар сияқтымыз, неге күліп-ойнамаймыз.
Рақмет ажарлы жүзбен айнала қарап өтті.
— Комсомолдарға ойнап-күлуге болмайды деп, Жанбол-ақ қорқытып болды ғой — деді Ұлбосын. Сөйлеген сөздерінде де бір түрлі күшті, қайтпастық сезіліп тұр. Жанның бәрі бұрышта отырған кішкене жігітке қарады.
— Комсомолдар күліп-ойнамаулары керек, жұмыс істеуі керек — деді Жанбол.
Қыздар күліп жіберді, бәрінен де Ұлбосынның басым, бір түрлі өрескелдігін көрсетіп тұр.
Мырзаш та күліп отыр:
— Біздің медресенің шәкірті деп жүрген жоқсын ба, Жанбол?
Жанның бәрі күлді. Жанбол орнынан тұрды. Ешқайда қарамайды.
— Қайда барасың, Жанбол? — деді Рақмет.
— Кетем... менің — Онда өкпелеймін, бәріміз де өкпелейміз, кетпейсің ешқайда.
Қасында отырған Малшыбай күлісін жимай, етегінен тартып отырғызды.
— Ешқайда жібермеймін! — Өзінің сөзі екі құлағынан кетпейді.
Жанбол отырды. Қабағы жабыңқы.
Рақмет жымиып Малшыбайға қарады. Ол одан сайын күле түсті.
— Я, Малшыбай, неге сен қол-басыңды жуып жүрмейсің сені қыз қасына отырғызбайды ғой — Үйдің іші күліп, Малшыбай да күледі. Ашулануды білмейді. Әне Рақметке қарап күліп тұр. Екі езуі құлағына жетеді. Қандай ақкөңіл, қандай жақсы адам...
— Ұлбосын, сен барып жуындыршы! — деді күлкі арасында Мырзаш. Үйдің іші шуға толды. Сол шудың үстін басып Ұлбосынның даусы шықты:
— Жуындырсам жуындырам!
Малшыбай орнынан тұрды:
— Қап, болмас — деп өзінің езуі жиылмай, күліп шығып кетті. Жүрісінде де қуаныш, бақыттылық көрініп тұр! Жәмештің қасында Ксеня отыр. Көздері мөп-мөлдір, көк аспаннан ойып алғандай. Денесі құйып қойған Ұлбосын дерсің.
— Бұл арада көңіл көтеретін түк жоқ, біздің заводта қандай қызық еді..
Марияшты құшақтап Даша отыр. Екеуі әңгімелесіп күледі. Олардың қасында Аркаша. Қыздардың әңгімесіне қарап қызығып-ақ отыр.
— Қыздар, әңгімелеріңді маған да айтсаңдаршы!
Рақмет есітіп қойды:
— Марияш, Дария Кудряшова, әңгімелеріне Аркашаны да қатынастырыңдар!
Жанның бәрі соларға қарады:
— Қатыстырмаймыз, әнеукүні біз жарысқа шақырғанымызда, қыздармен не деп жарысам деген.
Тағы ду күлу. Аркаша шыдай алмады.
— Ал, түссін жарысқа, қане озып алыңдаршы!
— Малшыбай, Жылқыбай, Сарман, қыздармен жарысамыз, мақұл ма?
— Оза алмайсың!
— Озамыз!
Ұлбосын қарғып тұрды.
— Әкел қолыңды!
Екеуі қол алысты.
Ксеня айқай салды:
— Аркаша, бізден оза алмайсың!
...Ас үйде екі-үш әйел ет асып жатыр. Үлкен қазан, іші толған ет.
Ішкі үйден шығып Малшыбай келді. Әлі күлуде...
— Суларың бар ма?
Жас келіншек күлімсіреді.
— Байқұс-ау, оны қайтейін деп ең?
— Жуынып кел деп балалар бұйрық берді — деп күліп отыра кетті. Ішкі үйде Рақмет орнынан тұрып, ойын-сауықты өзі бастауға кірісті.
— Қане, қайсың гармонь тартасыңдар?
Ешкім үндемейді, бір-біріне қарап күліседі.
— Ешкім жоқ па? Шынымен ешқайсымыз тарта алмаймыз ба? Мынау ұят екен!
— Қарт гармоньшыны шақырамыз ба, намыс емес пе?
Тағы жан-жағына қарады.
— Ертеңінен бастап музыка үйірмесін ұйымдастыру керек. Музыка білмеу ұят!
— Мақұл, ұйымдастырайық!
— Мақұл!
— Мақұл!
— Жақсы!
Жастар шулап кетті.
Ксеня түрегелді.
— Маған берші.
— Бір нәрсе шығар!..
Жастар көтеріліп, қуанысып қалды. Гармоньды әперді, тарта жөнелді, қандай көңілді.
Қараңдаршы, өрескел дегеніңіз қаталау ма деймін! Саусақтары қалай майысып бара жатыр. Қыздар теңселіп отыра алмай отыр.
— Ауыз үйге шығып билейік!
— Ауыз үй кең!
— Билейік.
Жастар ауызғы үйге жүгіріп, қоршаланып отырып алды. Гармонь ойнақшытып дыбыс шығарды.
— Қандай көңілді.
Аркаша:
— Даша шықсын!
Рақмет:
— Даша, Даша!
Даша Рақметке бір қарап күлді де, ортаға түсіп, ала жөнелді. Музыка бабымен қол да соғылып жатыр. Даша бір баяулатып, бір бәсеңдетіп билеп жүр. Даша Рақметтің алдына келді.
Аркаша:
— Рақмет!
— Марияш!
— Рақметті сұраймыз!
Барлығы:
— Рақмет, Рақмет!
Рақмет ортаға түсті. Музыка дыбыстарының желілерін жерге сызғандай шыр айналып кетті. Бір отырады, бір тұрады...
Есік ашылды, Шектібай мен Алексей кірді. Екеуі де қуанышты:
— Бұл не той? Ұлбосын, күйеуге шығып қойған жоқсың ба? — деді Алексей күліп, айғайлап.
— Рақметпен билеп жатырмыз.
— Неге билегеніңді қоя қойдың, Рақмет! Біздің келуімізді пайдаланып жөнделіп алайын дедің бе? — деді Шектібай.
Ұлбосын барлық даусымен айқай салды:
— Шектібайды сұраймыз!
Жастардың бәрі «Шектібай» деп айқайлады.
— Билей білмеймін.
— Билеп көріңіз!
— Өмірі билеп көрген емеспін!
Жастар тағы айқайлады:
— Шектібай жолдас, начальник!
— Билей алмаймын!
Шектібай кейіншектеп тұрғандай, тағы өзі күле береді.
Мырзаш жақындап келді. Шектібайдың құлағына аузын тақап:
— Билемегеніңіз ұят екен! — деді.
Жастар:
— Алексейді сұраймыз!
— Алексей, Алексей! — деп айқайлады.
Алексей билей жөнелді.
Би біткесін ішкі үйге кіріп жастар столға отырысты. Төр жақта Алексей мен Шектібай. Рақмет Жылқыбай мен Малшыбайдың қасында отыр.
Столдың үсті толған пышақ, вилка. Ет келді, алдымен әкеліп Жылқыбайдың алдына бір тарелке ет қойды.
Жылқыбай Малшыбайға бұрылып сыбырлады;
— Сен екеумізге бір табақ қой, сірә...
— Жоқ, Жылқыбай, сенің өзіңе бір табақ — деді Рақмет.
— Ала бер — деді Малшыбай.
Жағалай кісілер басына бір тарелкеден ет қойып жатыр.
Жылқыбай бес саусақты етке сала бергенде: «Тұра тұр» — деп Рақмет сыбырлады. Жылқыбай сескеніп, қолын тартып алды. Рақмет Жылқыбайдың қолына пышақ пен вилканы ұстатты, күлді.
— Мынаумен же.
ІX тарау
Күн шығып ыси бастады. Құрылыс жұмысы қызуда.
Алыстан жұмысшылардың уақытша жатқан ағаш барактары көрінеді. Қызыл кірпіш үйлердің тек төбесі ғана жабылмаған. Бұлар қатар-қатар тізіліп тұр. Айналасы ағаш, тас, кірпіш, топырақ». Жұмыс тоқталмай жұрт жатыр.
Алып шахты үстінде темір, тас, бетонды комбинат та күннен күнге биіктеп өсіп келеді.
Аркашаның бригадасы да, Ұлбосынның бригадасы да осында, ұлы аумақтың өте зор комбинат құрылысында өтеді.
Аркаша мен Малшыбай құм, цемент тасып жүр. Бұлар құрылыстың бір шетінде. Екінші учаскесінде Ұлбосынның бригадасы. Ұлбосын мен Ксеня шаршап, тас тасып жүр.
Аркашалар кірпіш алып келе жатқанда, Ұлбосындар бара жатады... Жолда қатарласқанда, Аркаша алақанын аузына ұстап:
— Оза алмайсың! — деп айқай салады.
Ұлбосын да алақанын аузына ұстап:
— Озамыз! — дейді.
Өз жұмыстарына кетеді де, тағы айналып кездескенде, Аркаша тағы айқайлап:
— Оза алмайсың! — дейді.
— Озамыз! — деп Ұлбосын жауап береді. Тағы да жұмыстарына кете береді. Аркаша жұмыстарын істеп жатқан өз жастарына күліп:
— Балалар! Қане, қыза қимылдаңдар! — деп айқай салады.
Ұлбосын да бригадасына барып:
— Қыздар! Қане, қызу қимылдаңдар! — деп айқай салады.
...Гудок айқайлады, шахты құрылысындағы жұмысшылар түскі тамаққа кете бастады, Аркашаға Малшыбай келіп:
— Тамаққа бармай, жұмыс істейік, мен балалармен келемін — деді.
Аркаша, бірі жүгіріп, бірі көріп, кейбіреулері күліп тұрғанда жұмысшыларға қарап тұрып:
— Мақұл — деді.
Бұлар отырды. Қыздарымен Ұлбосын келді.
— Аркаша, жүр тамаққа барамыз! Аркаша теріс қарады.
— Кете беріңіздер!
Ұлбосын күлді.
— Қулықтарын қараңдар, тамақ уақытында істеп бізден озбақшы ғой!
Қыздар шулап кетті.
— Бұл адалдық емес — деді Марияш.
— Біз де бармаймыз! — деді Ксеня.
— Кете беріңіздер, біз артынан барамыз — деді Аркаша.
— Алдарың келеді-ау, қане, қыздар, сендер де отырып алыңдар! — деді Ұлбосын. Қыздар отырып алды.
— Кете берсеңдерші — деді Аркаша қабағын түйіп.
— Кетпейміз!
Аркаша тістеніп қабағын түйіп отыр. Ауық-ауық ала көзімен қыздарға қарап қояды, төмен қарап отырды. Қыздар кетпей қойғансын Аркаша ашуланған күнінде орнынан ұшып тұрып:
— Қане, балалар, кірісіңдер! — деп цемент таситын арбасына жүгірді. Қыздар өз учаскесіне тұра жүгірісті. Сарман комсомолец сатымен құрылыстың төбесіне шығып бара жатып:
— Асханаға барып өшіретте тұрып, тамақ ішкенше екі жарым сағат етеді — деді өзіне-өзі Рақмет кабинетінде телефон арқылы сөйлесіп отыр.
— Екі бригада асханаға бармай жұмыс істеп қалды. Айтқанымызға көнбей қойды. Қазір нан, май, шай апарып беруіңізді сұраймын. Жиырма адам.
Жұмысшылар тамақтан қайтқан жоқ. Тек екі бригада тынбастан жұмыс істеп жүр. Сөйлеспейді. Аркаша бригадасына, кішкене арбаны қолымен сүйретіп нан, шай, май алып келді. Алып келген әйел жерге қағаз төсеп барлығын жайып қойды.
Ұлбосындарға да бір әйел алып келіп, дәл солай даярлап қойды.
Аркадийға әйел:
— Ал, шай ішіңіздер! — деді.
Аркаша үндеген жоқ. Ұлбосындарға қарады да жұмысын істей берді.
Ұлбосынға да қасындағы әйел:
— Тез шай ішіңдер! — деді.
Ұлбосын жауап қатпады, Аркаша бригадасына қарап, олар істеп жүргесін істей берді.
Аркашаға әйел тағы да:
— Боласыңдар ма, жоқ па? — деді.
Аркаша Ұлбосынға қарады, Ұлбосын Аркашаларға қарады. Біраз қарап тұрысты. Бір уақытта Ұлбосын шайға қарай жүрді. Аңдып тұрған Аркаша:
— Қане, келіңдер! — деп шайға жүгірді.
X тарау
Шахты астында негізгі штректе Лиза тұр. Үстінде шахтер киімі, қолында шам. Шахты астының үрлеген желі басына тартқан орамалының ұшын жеңіл желпілдетіп тұр. Қайла шапқан дыбыс, аттың пысқырғаны, ат айдаушының ысқырғаны, вагонетка дөңгелегінің сырылдауы, айқайлап сөйлесу шахты астын шуға толтырған. Шахтының төр жағынан шамын мойнына ұстап біреу келе жатыр. Бұлардың біреуі бригадир Миша. Денесі толық, келбеті жылы. Лизаға келіп, күліп амандасты. Бет-аузының бәрі күйе.
— Жүріңіз!
Екеуі жүгіріп келеді. Штрек бойы электр жарығы. Лебедкашы қыз, электр жарығының астында жоғарыдан төмен қарап тұр. Төменде, алыста жез арқанмен жоғары көтеріліп, көмір салған вагондар жылжып келе жатыр. Оң жағында жиналып тұрған парожняктер. Алыста бір-екі шам жақындап жылтырап келеді. Бұлар Лиза мен Миша. Қызға келді. Лиза жылы жүзбен қызға қолын ұсынды.
— Амансыз ба, Айша?
Айша жауап берудің орнына күлімсіреді.
— Танысайық, учаскенің жаңа начальнигі Елизавета Вознесенская.
— Айша Ерімбет қызы...
Лебедканың жанындағы телефонды алып Лиза сөйлесті:
— Нарядная... Слесарь бар ма? Болса дереу мұнда жіберіңіз!
Міне Миша мен Лиза тағы жүгіріп кетті. Айша күлімсіреп артынан қарап қалды.
Лизалар штректің жанындағы бір есікке кіріп кетті. Қараңғы. Тек мойындарына ілген жарығы беттерін көрсетеді. Бұл комсомол лавасы. Пластының жұқалығы сонша, бұлар жер бауырлап келе жатыр.
— Жүріңіз — деді Маша.
Қысалаңда, Миша Лизаның аяғын ұстай алды. Лава тар. Лиза шаршады, жүре алмады, ентікті.
— Сәл демалсақ қайтеді!?
— Мейліңіз...
Алда қайланың тарсылдауы естіліп тұр. Лизаның беті тар жерде Мишаның бетіне тиіп кетті.
— Жүр...
Тағы кетті. Сүйретіліп келе жатыр. Алыстан жарық көрінді. Бірінің артынан бірі сүйретіліп келе жатыр. Бір жерде конвейердің ішіне түсіп жүрді. Лиза әбден шаршады. Тізесімен еңбектерде астындағы көмірді қолымен ала бастады. Ернін тістеп қиналып келе жатыр. Ілбіп қозғалады.
— Қазір жетеміз — деді Миша.
Ол алдына түсіп, сусып жүзіп бара жатқандай қарасын үзіп кетті. Лиза отырды. Тізесін сипады. Терлеген, шып-шып тер сорғалап ағады. Осы уақытта конвейер қозғалып кетті. Лизаны шайқап төмен қарай бір сырғытып тастады. Лиза барлық күшін жинап жоғары еңбектеді. Жоғарыдан төмен сарылдап жатқан өзінің ағысына қарсы жүзген адам сияқтанды.
Конвейер тарс-тарс етіп көмірді төмен қарай жылжытып жатыр. Бригадир арғы түптен айқай салды.
— Тоқтат конвейерді!
Лиза ентігіп:
— Тоқтатуға болмайды! — деді.
Бірақ конвейер дауысты көмірімен жылжытып әкеткендей бригадирге жетпеді. Конвейер тоқтады.
Лиза ентігіп зорға жетті. Бригадирдің қасына барды. Көмір шабатын машина қарап тұр екен.
— Бір минут тоқтауға болмайды ғой...
— Слесарь кетіп қалыпты.
— Өзін жақсы білесің бе? — деді Лиза.
— Жоқ.
— Екпінді бригадирдің машинасын білмеуі кешірілмейтін күнә екен..,
— Машинашы, оның көмекшісі бар ғой...
— Сенің өзің жақсы болуың керек, оларға қалай басшылық бересің!
Бригадир үндемеді.
— Екінші бригадир бұзылған машинаның біреудің аузына қарамай, өз күштерімен түзей алатын болу керек.
Десятник пен слесарь келді.
Лиза десятникке қадала қарады:
— Слесарь қайда кеткен екен?
— Білмеймін, кетіп қалып, жаңа келді...
— Қолындағы адамдарыңның қайда жүргенін білмейсің бе?
Бірі бұрын, бірі кеш, бірнешесі бірдей соғылған қайла дауыстары, күреген күректер, қойылып жатқан күректер. Шахты астының өмірі қызуда.
Бір шал бағанадан бері қайланы ауық-ауық самарқаулау бір қойып, көңілсіз отыр.
— Темекің бар ма? — деп жолдастарынан сұрап қояды.
Лиза оған жақындады. Шал начальнигін көре сала қайланы тез-тез ұра бастады. Үсті -үстіне ұрады. Лиза қасына барды. Шал қарамайды, шауып жатыр.
— Жолдас, тұра тұрыңызшы!
Лиза шалды иығынан ұстады. Шал алақтап, сасып, тоқтап Лизаға қарады.
— Мә, темекі..
Лиза шалға папирос берді. Шал артынан қарап тұрып, көмірді құрыштанып шаба түсті. Лиза алға қарай келеді. Еңкейіп жүруге болады... Слесарь Лизаның артынан қарады:
— Шіркін, осындай қатының болса, не арманың болар еді?
— Жап аузыңды, сұм! — деп айқай салды Миша.
Екінші лавада Сергейдің бригадасы жұмыс істеп жатыр. Шетте екі адам қатар көмір шауып жатыр.
Бірі — Төлеп, бірі — Егор. Қасында жамбастап Елемес жатыр.
— Неге шаппайсың? — деді Төлеп.
— Жалықтым, отағасы, қазғаннан келер пайда бар ма?
— Нормаңды өмірі толтырмайсың, шығарып тастайды ғой...
Ар жағынан шам жарығын бетіне ұстап бригадамен Сергей Егорға келді. Ашулы. Сені пенсионер ету керек, сұм, бұл қай шабыс?
Егорды кимелеп кетті.
Елемес көмір шаба бастады. Бригадир етіп кетті.
Елемес тағы шапқанын қойды.
— Су ішіп келем.
Елемес төмен қарай конвейермен сырғи жөнелді.
Негізгі штректе Лиза, десятник, бригадир Шымырбек тұр. Елемес лавадан шығып қабаттасып бұларға келді.
Шымырбек шамын алдына қарай бір көтеріп:
— Сергей бригадасы бізден өлсе де оза алмайды. Олар тасбақаша жүреді. Өңкей жалқаулар.
Елемес қасына жетіп барды.
— Не дейсің, жүгермек?
Шымырбек сасып, селк ете түсті. Лиза жалт қарады.
Шымырбек:
— Оза алмайсыңдар деймін — деді.
Елемес суға да барған жоқ, ізінен кейін қайтты.
Төлеп көмір шауып жатыр. Еңбектеп Елемес келді. Tүci суық. Ашулы, бейкүнә. Тісін қайрайды, қабағын түйген.
Келе салып, алды-артына қарамай шаба бастады, көмірін опыра берді. Қайланы ұрғанына көз ілеспейді. Тістеніп бар күшімен ұрады. Бір уақытта алдын көмірін үгітіп тастады. Бір күрсінді. Төлепке қарады:
— Жаңа келген начальник, егер Шымырбектерден озып шықсаңдар, әрқайсыңа бір етік, көйлек, сыйлық берем — деді, содан қалай да озу керек.
— Рас па?
— Рас. Жұрт алдында уәде берді.
Елемес кең даусымен барлық лава бойына айқай салды:
— Жолдастар, егер Шымырбек бригадасынан бүгін ерте озып шықсақ, әрқайсымызға бір етік, бір көйлек сыйлық беретін болды. Қане, бар күшіңді жұмсаңдар!
Жан-жағынан айқай шықты:
— Рас айтасың ба?
— Рас, рас. Қане, қайсың менімен жеке жарысқа түсесіңдер? Сол сыйлығымды тіктім!
— Мені — деді түкпірде бір дауыс. Бұл-жас жігіт Шәймерден еді.
— Мен де түсем — деді Төлеп жай ғана.
Біреу қатты айқай салды:
— Бәріміз де!
Қайлалар шақылдап соғылып жатты.
Қайласын ұрып жатып Елемес:
— Намысты жіберсем ит болайын! — деді тістеніп.
Лиза шахтыдан таң бозарып атқанда ғана шықты.
XI тарау
Бір күш Лиза күшіне кабинетіне келіп, бұйрық жазды.
Шахтерлерді боқтап, ұрып жұмыс істетпек үшін бригадир Владимиров Cepгейді орнынан алам. Оның орнына бригадир етіп екпінді Елемес Жайлыбек ұлын тағайындаймын.
Лиза орнынан тұрып, кабинетінен шығып, Ильяға барды. Ильяның кабинетінде жұмысшылар толып отыр. Біреулері шығып, біреулері кіріп жатыр, шығып шахтерлер бригадир Шымырбек бас болып тінтіп кетті. Қолдарында қайла, шамдары бар. Шахты астында Лиза жолыққан десятник кетіп бара жатқандарға:
— Қазір барам, наряднаяға бара беріңдер — деді. Үйдің іші толған, есік жақта Төлеп отыр, ауық-ауық жөтеліп қояды. Қасында кішкене қара жігіт отыр. Илья қағаз жазып төмен қарап отыр. Қасында түрегеліп Лиза тұр. Тағы бір-екі шахтерлер тұр. Төлеп Лизадан көзін айырмай қадалуда.
— Шіркін, неткен әдемі еді? — деді қасындағыға. Қасындағы кішкене шахтер:
— Апырмай, күні-түні шахтыдан шықпайды-ау! Іші-бауырына Кіріп тұрады — деді.
— Оқудан келді дейді, менің Рақметжанымды білер ме екен? Сұрасам қайтеді?
— Ай, қойшы, сенің сұрамайтын адамың болсайшы! Тірі болса, жүрген шығар, несіне қайғыра бересің.
Төлеп күрсініп төмен қарады.
Илья жазған қағазын екі шахтерге берді. Олар шығып кетті. Төлептер де шығып кетті. Илья Лизаға қарады.
— Я, Лизочка...
Лиза шашын кейін қарай бір сілкіп тастады.
— Сергейдің бригадасы ақырғы он күндігін 150 мен процент орындады, оның ішінде Елемес забойшы нормасын 300 проценттен орындады...
— Сол бригаданың өзі аурулы бригада еді..
— Шымырбек бригадасы 140 процент орындады.
— Сергейлер озыпты ғой ақыры!
Лиза ар жағынан орындық әкеліп отырды:
— Мен Сергейді бригадирліктен алып отырмын, оның орнына Елеместі тағайындамақшымын.
Илья біраз ойлап отырды да:
— Сергейді алғаның дұрыс, бірақ Елеместі тағайындауың қалай болар екен? — деді. Саусақтарымен столды тықылдатты да:
— Оның нормасын артық орындап жүргеніне он-ақ күн болған жоқ па? Онан соң норма орындады деп қоя беруге бола ма?
Лиза шашын тағы сипап тастады.
— Ол намысшыл екен ,оны тәрбиелесе маңдай алды екпінді болады — деді Лиза.
Илья Лизаға қарап күлді.
Лиза шығып бара жатқанда алдынан Миша шықты.
— Маған көмір кесетін машинаның тепкіштерін үйретсін! — деді.
— Мақұл, кешке біздің үйге кел — деді Лиза.
XII тарау
Көшеде Ермек келе жатыр. Аяғын жай басады, тісін шұқиды. Оң жағына қарап ашық магазинді көрді. Бұрылып ішіне кірді. Ішінде бірен-сараң ғана адам бар. Біреу қызыл барқыт өлшетіп жатыр. Соның қасына жүгіріп барады.
— Шырағым, мынауыңның метрі неше сомнан? — деді.
— Төрт сомнан.
Ермек қуанып кетті. Қойнына қол сұқты, Түюлі бір шүберекті алды. Ішінен әбден жұмырланған қағаз ақшалар шықты.
— Маған төрт метр өлшеңіз...
— Әкел билетіңді.
— Нағылған билет?
— Екпінділік билеті.
Ермек сұп-сұр болып кетті. Тұрған жерінде ciлейіп қалды, ақшасын тастап жіберді. Қайтып алды, онан соң жалынышты түрде:
— Жалғыз қызым бар еді, өміріндегі арманы қызыл барқыт еді, шырағым, жасың ұзақ болғыр, бір нәрсе етші! — деді.
Сатушы қарайтын да емес, өз жұмысымен болып жүр.
— Болмайды, тек екпінділерге ғана беріледі.
Ермек салбырап далаға шықты. Есіктің алдында қапаланып біраз тұрды. Сонан соң бір нәрсе ойына түскендей тұра жүгірді.
...Шахты құрылысында Рақмет Ұлбосын бригадасының қасында жүр.
— Біз күнделік жоспарымызды екі жүздеп орындаймыз. Аркашалар 120 процент орындайды.
— Көтермеге алыңдар — деді Рақмет.
Даша жүгіріп Аркашаға барды.
— Сендер артта қалып қойып, жалпы жұмыс қарқынын кейін тартып отырсыңдар. Әлдерің келмесе, біз көмек береміз! — деді Даша Аркашаға.
Аркаша шыдай алмады:
— Сендерсіз де күн көреміз!
Арт жақтан Рақмет келді.
— Бұл не дегеніңіз? — деді Аркашаға.
Ермек жүгірген бойымен Жылқыбайға келді. Қабағын түйіп тұрып жан-жағына қарап алды да мынаны айтты:
— Екпінді болайық, пайдасы бар екен, ешкімге айтпа!
Жылқыбай күлді.
— Мен әлдеқашаннан екпіндімін ғой...
Ермек адырая қарады:
— Менен неге жасырдың?
— Сізге болма деген жерім жоқ қой...
— Менен жасырғанда мұның шыққан шығар! Ермек ала көзімен бір қарады да кете берді.
XIІІ тарау
...Шахты астында, штректе шамдарын алдына қойып екі адам отыр. Бірі-Елемес, бірі -Төлеп. Алдарынан төрт вагонды сүйретіп өтті.
— Қане, жүрейік — деді Төлеп. Елемес жауап бермей біраз отырып:
— Бара беріңіз — деді біраздан соң:
— Арманым Шымырбектен озу еді оздым. Енді тағы зеріктім — деді.-Қой, жүр, бригадир келіп қалар.
Елемес орнынан қозғалған жоқ. Төлеп лаваға қарай кетіп қалды.
Ысқырып өлең айтып бірінші лава жақтан Шымырбек келе жатыр. Өте бергенде Елемес:
— Тоқта! — деді Шымырбекке.
Шымырбек қасына келді.
— Қалай екен, бала, кім озып шықты, енді айтушы болма!..
Шымырбек Елемеске еңкейді.
— Бәсеке әлі алда, айлық жоспарды қайсымыздың артық орындайтынымыз әлі мәлімсіз, мақтануға әлі ерте.
Елемес бір нәрсе айтайын деп еді. Шымырбек тыңдамай кетіп қалды.
Елемес орнынан қарғып тұрды.
— Олай болса көрерміз!
Адымдап басып ала жөнелді. Лаваға келді. Үндеместен көмір қаза берді. Бір уақытта тоқтап, Төлепке:
— Әлі айлық жоспарды артық орындағанда ғана озған болып саналады екенбіз — деді.
Шәймерден жүгіріп келді.
— Қолыңды әкел, Елемес, бригадир болатын болыпсың...
Елемес сенбеген күйі көмірін қаза берді.
— Бізге қайдан бригадир берілсін.
— Шын айтам, Елемес.
Елемес біраз қадалып қарап тұрды да:
— Көмірді қазсайшы! Өзіңнің ар-намысың бар ма? — деді.
Штректе Лиза, десятник екеуі тұр. Лавадан шығып Елемес келді.
— Елеместің бригадасы бүгін 300 процент орындады — деді десятник. Жаңа сменаның десятнигі Долгин келді.
— Шетін тексеріп, лаваны мен тексердім, қауіпті, бір адам жіберуші болмаңдар — деді.
— Келесі смена келетін уақыт болып қалды, қазір наряднаяға бармаңдар — деді Лиза екі десятникке де.
Лиза, Долгин кетіп қалды. Елемес десятникше:
— Мен көмір шауып осында қалам — деді.
Десятник шамын жоғары көтеріп:
— Жаңа сменаға лаваны босату керек қой — деді. Тарсылдап вагон келе жатыр. Айғай көбейе бастады. Десятник кетіп қалды. Елемес біраз аңырайып тұрды.
— Лаваға барып көмір шабам — деп бригадасына қарай кетті.
...Шахтыдан шыққанда Лиза Мишаға жолықты. Бетіне қарап тұрды да:-Біздің үйге барасың ғой? — деді де жауап күтпестен тез-тез басып жүріп кетті.
Миша артынан қарады да қалды.
XІV тарау
...Лизаның үйінде Миша мен Лиза көмір кесетін машинаның суретін көріп отыр. Лизаның үстінде белін түймелеп тастаған жеңсіз, жағасы қысқа, қызыл көйлек. Бұлар ауызғы үйде отыр. Ішкі үйдің есігі ашық. Төселген кілем, Лизаның төсегі көрініп тұр. Ауызғы үйде екі шкаф толы кітаптар, үй қабырғасындағы сағат сыртылдап тұр.
— Түсіндің бе? — деді Лиза.
Баяғы Ленинградта, парктегідей, көзі ойнақшып, күлімдеп Мишаға қарады.
Миша қызарып төмен қарады. Суретке үңіле түсті. Лиза Мишаға қадалып қарап отыр. Мишаның шашын сипады. Күлді. Сөйтіп отырғанда Ленинградта паркте дәл осы құсап, Рақметтің шашын сипағаны көзіне елестеп кетті. Лиза қолын бір нәрсе шағып алғандай тартып алды. Бетінен күлу кетіп, бозарып кетті. Бір нәрседен сескенушілік пайда болды. Орнынан қарғып тұрып, терезе жаққа кетті. Қайтадан Мишаға қарады, Кейін қарай жатқан шаштарына көзі түсіп, қайтадан жайдары болды. Осы уақытта Миша орнынан тұрды. Менің-Лиза, мен саған бір сөз айтайын деп жүрмін. Лиза төмен қарап тұрып: Айтпай-ақ қой, білем — деді.
Мишаның бетіне қуаныш жүгірді. Жүгіріп Лизаның қасына келді.
— Лизочка, не дейсің соған?
Лиза үндемеді. Миша қолын Лизаның мойнына салды.
— Лизочка, айтшы!..
Лизаның көзіне тағы Рақмет елестеді.
— Тұра тұршы...
— Лизочка, айтасың ба, жоқ па?
Лизаның көзіне институттен Рақмет тағы елестеді. «Сенен басқа ешкімді сүймеймін!» — дегені есіне түсті.
— Тұра тұршы...
— Лизочка!..
Миша жақындай түсті. Осы уақытта есік қағылды.
— Кіріңіз! — деді Лиза.
Хат тасушы кіріп хат ұсынды. Лиза жүгіріп барып алды, хатты ашты: хат академиктен келген.
«ЖАНЫМ ЛИЗОЧКА!
Хатыңды алдым. Неге Рақмет туралы бір ауыз сөз жазбайсың? Мені ұрсады деп жүрсің ғой. Жоқ, мен ұрыспаймын, мен бұрын айта алмай жүрдім. Рақметті сүйсең мен қуанам. Рақметке сәлем айт...»
Лиза басқасын оқымай столға отыра кетті.
Миша конвертін алып қайдан келгенін оқыды:
«Ленинград, Ғылым академиясы, академик Вознесенский».
Лиза орнынан тұрып, жүгіре жөнелді. Үрей! Ұшып Миша да түрегелді:
— Лиза, қайда кеттіңіз?
Лиза жауап берген жоқ. Лизаның артынан Миша жүгірді. Лиза барактардың арасымен жүгіріп келе жатыр. Артынан Миша да келе жатыр.
Осы уақытта шахты құрылысы жайлы сөйлесіп, Рақметтің үйінде Анна отыр еді.
— Бүгін бірінші барактың төбесі жабылмақшы, басында болуым керек — деді Анна.
— Әлі даярлық жұмысы жүріп жатыр, оған дейін менің төсегімде демалып жата тұрсаң қайтеді? — деді Рақмет. Мұны мақұл деп Анна төсекке қисайды.
— Лиза жөнінде әңгіме айтшы — деді Анна.
Рақметтің ойы басқа жақта:
— Анна, менің бір проектім жоғалды. Москваға әлденеше жаздым, хабар жоқ. Соның кесіріне әнеукүні құйылма шыққан жаңа қолда болмай, ескісімен өтеп 50 ООО сом шығын болды... Кім алды екен оны? — деді Рақмет.
Лиза хатты көрсетіп, жараспақшы болып жүгіріп Рақметтің есігінің алдына келді. Есік ашық, сұраусыз кіріп барды, ішкі үйге кірді, төсекте жатқан Аннаны, оның басында отырған Рақметті көрді. Лиза қолындағы хатты алақанымен жұмарлап, еш сөз айтпастан қайтадан шықты да жүре берді. Жоқ жерден келіп қалғандықтан, онан соң мынадай күмәнді пікір туғызатын жағдайда отырғандықтан ә дегенде Рақмет сасып, еш нәрсе айта алмай қалды. Тек Лиза сыртқы есіктен шыққанда тұра жүгірді.
Лиза сыртқа шығып:
— Миша! — деп айқайлады. Күтіп тұрған Мишаның қолтығынан алып жүре берді. Осы уақытта Рақмет далға шықты.
— Лиза!
Бірақ Лиза есітпеді.
Біреудің қолтығында кетіп бара жатқан Лизаны көріп, Рақмет біраз тұрып қалды. Содан соң ішке кіріп, орындыққа отыра кетті.
— Қазір бар, әйтпесе мен де барам — деді Анна.
Рақмет төмен қарап отырып:
— Жоқ, өзім-ақ барамын... Миша дейді... Кулевакин ғой... — деп күрсінді.
Лиза мен Миша келе жатып бір барактың алдындағы скамейкаға отырды.
— Не болып қалды, Лиза, түсіндірші — деді Миша. Лиза аяғын екінші аяғының үстіне қойып жатып:
— Жоқ, әншейін — деді.
Миша қаупі кетейін деген соң:
— Лизочка, жаңағыма жауап берші — деді.
Лиза басын кетерш алды да:
— Не дейсің, Миша, сүйем деп айт дейсің бе? — деді.
Осыдан соң Рақметпен паркте құшақтасып отырғаны, содан орнынан тұрып жүгіріп кеткені, қайтып келіп сүйгені көзіне елестейді. Сөйтіп, өзі де сезбей орнынан тұрып кетеді, біраз жерге барып тұрып, қайтадан келді. Біраз қарап тұрып, Мишаның шашын сипады, сүйтеді де жай:
— Миша, менің сүйетін адамым бар ғой. Ол тұрғанда басқаны сүйе алатын көрінбеймін — деді.
Онан соң біраз отырды:
— Жаным, Миша, маған өкпелеме, менің қосылам деп қойған күйеуім бар — дейді.
Миша жалт қарады.
— Я, ол мені қазір сүймей кетті, бірақ мен оны сүйем.
Сүйтеді де орнынан тұрып жүре береді. Миша да артынан жүреді. Алдағы бір скамейкаға барып тағы отырысады.
Лиза Мишаның мойнын бір қолымен құшақтап, екінші қолымен шашын сипап отырып:
— Миша, екеуміз де комсомол мүшесіміз. Саналы адамдармыз. Сен мені сүймеді деп көзқарасыңды өзгертіп, өкпелеп жүрме. Комсомолецтердің арасында достық деген бар. Дос үшін, жалпы іс үшін басты құрбан қылушылық бар. Бұл бірі күйеуі, бірі әйелі болғандықтан шығатын қорытынды емес қой — дейді. Мишаның басын сипап отырды.
Осы уақытта үйдің артынан Рақмет келді де, шамның жарығында құшақтасып отырған екеуін көреді.
— Түсіндім — дейді де, әдейі орағытып, Лизаның алдымен өтеді. Бірақ Лиза сөзге айналып отырып, байқамай қалады. Рақмет көрінбей кетіп қалған соң Миша:
— Жаңағы Рақмет деген жігіт анада қалалық белсенділер жиналысында сөйлеген, опырмай, тіптен шешен екен — дейді.
— Рақмет?
Лиза орнынан ұшып тұра келді.
— Жаңағы Рақмет пе, өтіп бара жатқанда неге айтпадың, мен білмей қалдым ғой — деді.
Солай деді де үйіне қарай жүгіре берді.
Рақмет үйге келді. Келіп орындыққа отыра кетті.
Анна басын көтерді.
— Не істедің, Рақмет?
Рақмет томсарып отыр. Жауап бермеді, оның орнына олай-бұлай кетті. Анна қайтадан басын жастыққа қойды. Бір уақытта Рақмет:
— Менің Лизам, тек мені сүйген Лиза, біреуді құшақтап сүйіп отыр — деді.
...Лиза келіп төсегіне жатып қалды. Электр шамы жанып тұр. Бір уақытта телефон сылдырады. Лиза тұрып барып тыңдады. Телефон соғып тұрған Илья:
— Қауіпті лавадан көмір шауып, Елемес бригадасын басып қалыпты...
Лиза жүгіріп ала жөнелді.
...Илья кабинетіне Әліп келді, Елеместердің десятнигі келді
Илья столды қойып қалды.
— Сен қауіпті жерге неге жібересің, неге бақыламайсың? Сен жұмысшыларды қырайын деп жүрсің бе? Бұдан артық қылмыс бола ма?
Десятник үндемеді.
— Қазірден бастап жұмыстан шығарып, сотқа берем! — деді Илья...
— Мен жібергенім жоқ, өзі барды...
— Неге бақыламайсың?
— Өлген жоқ қой...
— Саған өлтіру керек екен ғой, кет, көзіме көрінбе!
Асығып Лиза кіріп келді.
— Жолдас Вознесенская, мен сізге естірте жариялаймын, жаңа келгеніңізді еске алам, түсіндіңіз бе? — деп қатты айтты Илья.
— Түсіндім — деп Лиза шығып кетті.
Әліп Ильяның алдына келді.
— Сенің мұның дұрыс емес, Лиза күні-түні жұмыс басында жүреді «бұған адам жіберуші болма», деп әбден тапсырып кеткен.
— Білем — деді Илья-мен бұдан да гөрі сақ болсын деп жатқаным ғой...
Илья терезе жаққа қарады. Шамдары жылтылдап шахтерлер өтіп жатты. Гудок айқайлады. Илья терезені ашты. Жұлдыздар, көк аспан, жылтыраған оттар. Орнына келіп отырды. Терезе жақтан «Шымырбек» деген айқай шықты.
— Сен одан да Лизаның учаскесін социалистік жарысқа шақыр — деді Илья.
Әліп орнынан бір қозғалып, аяғын созып жіберді.
— Ол мені шақырып қойды — деді Әліп.
...Шахты астында сырылдап жүрген вагондар.
Лиза Ильядан шығып эстакат басына келген. Шамы менің қолымда, жоғарыдан төмен қарап тұр. Қабағы жабыңқы, үндемейді.
Лиза Донбасқа командировкаға баратын болды. Донбастың тәжірибесін алуға Қарағандының он екіншісі, екі инженері кетіп, оның бірі Лиза еді.
Лиза кетер алдында Рақметке барды. Бір көрмей кеткісі келмеді.
Рақмет ұйықтап жатыр екен. Лиза білдірмей құшақтап сүйіп-сүйіп алып, оятпай кетіп қалмақшы болды.
Барып Рақметтің басын сипап біраз отырды.
— Жаным, жаным — деді ақырын ғана. Еңкейіп барып ернінен сүйіп алды, Рақмет оянып кетті. Лиза сасып, тұрып кетпекші болып еді Рақмет құшақтай алды.
— Осы түсініспей жүргеніміз де жетер, мен енді сенсіз жүре алатын емеспін, Лиза...
Лиза Рақметтің төсіне басын қойып:
— Не десең де мен даярмын, Рақмет — деді. Ертеңіне Лиза Донбасқа кетті. Өте тығыз жұмыстармен Рақмет Алматыға кетті. Екеуі де кайтып келген соң той жасап, қосылмақшы болды. Рақмет тойға шақырып, академикке телеграмма берді.
XV тарау
«Соның аты не еді?» — дейді өзінен-өзі.
Рақмет басқармада отырады.
Поезд күтіп, яки біреуді тосып отырғанында ойына әр нәрсе түсіп келеді. Әйтпесе осыдан 250 жыл бұрын туған атақты неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың осы арада Рақметтің есіне түсіп несі бар? Бұл солай. Бірақ зерігіп тұрғанда ойына әр нәрсе түсіп келсе, көзің де әр нәрсеге түскісі келеді. Көп жағдайларда сен үшін тиындық маңызы жоқ нәрселерге де көңілің түседі де, ол барып ой туғызады.
Рақметтің көзі қабырғадағы ілулі тұрған газетке түсті. Ондағы бір мақаланың «Арық» деген басына түседі. Содан соң арықты не дейді, ағылшынша не дейді деп ойлады. «Немісше арықты Бах дейді — деп Рақмет терезеге қарады. «Бах, бах...» — дейді. Рақмет өзіне-өзі Коридорда аяғын мықтап басып біреу келе жатады. Келе жатқан адамның әрбір басқан қадамы «бах... бах» дегендей болады. «Арықтың немісше бах делінуі», адамның басқан қадамының «бах-бах» деп естілуі Рақметтің ойына еріксіз атақты композиторды түсірді. «Бах» дейді Рақмет. Сүйтеді де қалың ойға кетеді. Келе жатқан адам қадамының дыбысы да, «Арық» деген мақаласы бар газет те, стол үстінде тұрған гүл де Рақметтің ойынын құшағынан шығады. Ол тек композитор Бахпен болады.
«Соның аты кім еді» — дейді Рақмет өзіне-өзі.
— Иоганн, Иоганн Бах...
Рақмет даусын шығарып айтып, көзін жұмады.
Сонда кенеттен бір жіңішке дауыс:
— Иоганн Себастьян Бах — деді.
Рақмет селк ете түседі.
Есік жақта тұрған қызға көзі түседі. Қыздың ойнақшыған қара көздерінің көрінбейтін сәулесі, жігіттің кішкене арықтай ағып келе жататын өмірлік теңіздей толқытатын сәулесі, Рақметтің жүрегіне түскендей денесі ду ете түсіп, жүрегі дірілдеп кетеді. Өзінен-өзі ұялып, бұл әшейін күтпеген жерден шыққан дауыстан шошынғандық қой деп, Рақметтің ақталғысы келді.
Қыз кенет жағдайды өзгерткісі келгендей:
— Сіз біреуді күтіп отырсыз ба? — дейді.
Рақмет басын шұлғиды.
Қыз.
— Мұнда ешкім қалмапты ғой — дейді.
Сүйтеді де тез-тез басып шығып кетеді. Рақмет қызды көргісі келіп терезеге барып қарайды. Терезе артында қыз кетіп бара жатады.
Қыздың кішкентай денесі орыс композиторы музыкасындай жеп-жеңіл, әсем, үріп ауызға салғандай.
— Тез жүгіріп бара жатыр, шынында композитордың музыкасы сияқты — дейді Рақмет.
Рақмет орнына келіп отырды.
— Өзі қыз емес, музыка ғой — дейді тағы да Рақмет.
Рақметтің ойынан қыз кетпейді.
«Онда менің, не қақым бар, басқа ой ойланайын» — деп Рақмет қызды есіне түсіргісі келмеді. «Я, сонымен Бах... Ол жөнінде Бетховен не деген?.. Бах. «Бұл адам арық деп аталмай, мұхит теңізі болып аталуы керек еді деген Бетховен...». Бірақ ойынан қыз кетпейді.
Рақмет музыканы жақсы түсінеді. Ол құстай қанат қағып, шыңға шығып қалықтап, таудан, тастан ұшып өтіп жазықпен зымырап, көл жағасындағы қойларды үркітіп, жүректің еркін сарынды, құлашы кең, жазықты Бетховеннің музыкасын жақсы түсінеді. Ол тыңдамайды, ол көріп отырғандай болады.
Ол Рейн жағасындағы қара жұмыспен өскен қара шаруа қызындай өрескелдеу, Вагнер музыкасын да жақсы біледі.
Ол қиыннан қиыстырып, әрбір дыбысты терең ойлы музыканы біледі. Кей уақыттарда көрген бір уақиғасы, я адамы бір уақыттарда есіткен музыкасын еске түсірді «Мынау шын музыка екен» — дейді Рақмет.
Есік ашылды. Қолында қағазы бар бір жігіт кіреді.
Жігіт Рақметке қарамастан төрдегі орындыққа отырады.
Енді жігіт отырғанда Рақмет оның әдемі, талдырмаш тіп-тік денесін, қырын отырғандағы аққұба бетін, түзу мұрнын көреді. Жігіттің галстугіне, ақ көйлегіне, қатты жағасына шаң жұқпаған. Тек магазиннен жаңа ғана алып киген сияқты. «Таза жүректі жігіт екен-ау...» — деп Рақмет жігіттің қасына келді.
— Жолдас, Зейнолланы білесіз бе? — дейді Рақмет.
Жігіт жалт қарайды да, біразға дейін көзін айырмайды. Қолына қонған шыбынды қағып жіберіп:
— Ол бүгін командировкаға кетті — дейді.
Рақмет жігіттің даусын жақсы-ақ естіп тұрса да:
— Қайда? — деп қайта сұрайды. Жігіт екінші рет айтқан соң, Рақметке Ленинградқа ең әдепкі барып түскендей сезімі пайда болады.
Зейнолла мен Рақмет детдомда бірге болған. Зейнолла детдомда жүргенде қабырға газетінде редактор болып, өлең жазып жүретін. Өлкенің комсомол газетінің тілшісі болатын. Екеуі техникумға түсіп, оны бітіріп шыққан соң Зейнолла газет жағына кетті. Алты ай аудандық газетте істеді де, алты айдан соң демалыс алып, Қызылорданың астана кезінде сонда барып, өлкелік газетте қалып қойды.
Техникумды бітірісімен-ақ Рақмет орын алып, Ленинград Тау-кен институтіне кетті. Одан бері ол Зейнолланы көрген жоқ. Оның қайда екенін білмейтін. Тек қыстыгүні Зейнолла сұрастырып жүріп, Рақметтің адресін тауып алып, хат жазыпты. Хатында жазда Алматыға кел деп шақырған.
Енді Қарағандыдан Алматыға келетін болған соң іштен қуанған. Крайкомда: жататын жерің бар ма деп сұрағанда «ол жағынан қам жемеңіз» — деп жауап берген. Сөйтіп, Крайкомнан шығысымен редакцияға келген.
Енді Зейнолла командировкаға кетті дегенді есіткен соң Рақмет далада қалғандай болды. Крайкомдағыларға «қам жемеңіздер» — деп қойған, енді қайтып бару бір түрлі ұят, оның үстіне қазір қызмет тарқады. Бұл арада баратын үй жоқ. Мүмкін таныстары табылып қалар, бірақ оларды қазір қайдан табасың...
...Осы жұрт епті-ақ. Жаңа бір адам Рақмет келгенде, Крайкомның адамы болып қонақ үйінің бастығымен сөйлесті.
«Москвадан келген Жаманшал ұлына бүгінше жататын орын бер» — деді. Қонақ үшін бастығы қиналғандай болып еді, жігіт бастырмалатып болмады, ақыры кешірді.. Рақмет таң қалып жігітке қарады...
— Алматыда осылай жатақ үй таба алмайсың — деп күлді.
Рақмет жақтырмады... Крайкомның атын осылай қара бастық қамына пайдалануға бола ма? Әй, өзі шынымен өзгерген шығар деп ойлады...
Енді, міне, Рақмет қайда барарын білмейді. Кенет жігіт орнынан тұрды, шашын алақанымен бір сипады...
— Қане, шықсақ қайтеді — деді.
Рақмет жігіттің артынан жүре берді. Екеуі көшеге түсіп жүре берді. Сөз қатпастан жұрт келе жатыр. «Өзі мен сияқты аз сөйлейтін адам ғой» — деп ойлады ішінен Рақмет.
«Бірақ менімен сөйлесетін мен оның несі едім, мені не қылсын» — деді тағы да ішінен...
Бір уақытта жігіт ойламаған жерден:
— Зейнолла кіміңіз болады? — деді.
— Жолдасым — деді сасыңқырап Рақмет.
«Менің сөйлемейді ғой» — дегенімді сезіп қойып, сұрап келе ме деген сөзім бойына сезінгендей болды.
Жігіт Рақметке қарады:
— Жолдас, қай жерден келдіңіз?..
— Қарағандыдан — деді Рақмет.
Біраз үндеспей жүрісті. Көшенің шаңын бұрқыратып екі машина өтті. Рақметтің құлағынан «Қарағанды» деген өз даусы кетпей қойды. Лиза есіне түсті. Өзінен-өзі астыңғы ернін тістеді. Бағанағы қыз есіне түсіп.
— Танысып қояйық, атыңыз кім, мен биыл жаңадан дәрігерлік институттың аспирантурасын бітірдім, Ықылас Құлыбеков, газеттің қызметкеpi едім, қазір бір жағынан газетте істеп жүрмін — деді жігіт.
— Тіптен жақсы, мен Рақмет Дәуір ұлымын.
Бұлар екі қабат үлкен үйге келді..
Екеуі де байқамастан сол үйге бұрылды... Есіктен кіре бергенде, маңдайшадағы «Ресторан» деген жазуды Рақметтің көзі шалып қалды.
Бұлар келіп түкпірден столға отырды. Адам аз екен. Тамақ тасушылар жиылып, әңгімелесіп отыр. Буфетші әйел бір нәрселерді есептеп жатыр. Ресторан қабырғалары суретке толған. Бәрі рамкелі, пейзаждар. Скрипка мен гармонь орыстың ескі халық салып жатыр. Бұлар келгенде тамақ тасушылар орындарынан тұра келді. Үндемей отыру қолайсыз болған соң Ықылас:
— Мына бір сурет іштен жақсы сурет — деді.
Рақмет бұрылып қарады. Бұл cypeттi бұрын көрген. Бұл Англия суретшісінің картинасы.
— Drang nach Osten — деді Рақмет.
Ықылас Рақметке таң қалған түрде қарады. Біраздан соң, қайтадан суретке қарады. Рақмет қызарып қалды. «Бекер айттым-ау, мақтанғандай» — деді ішінен.
— Я, Drang nach Osten-Шығысқа көз тігу қазақшасы солай бола ма? — деді Ықылас.
Рақмет ойланбастан-ақ солай жауап берді.
— Ағылшын тілін білесіз бе? — деді Ықылас.
— Аздап...
Осыдан соң Рақметтің ойына Лизаның жалықпастан ағылшын тілін үйреткені есіне түсті. Көңіліне бір түрлі қуаныш пайда болды... «Лиза жөнінде айтсам қайтеді — деді ішінен. Бірақ айтпады. Әлі бір-бірімен үйреніскен жоқ.
— Кішкене қызыл вино ішіп жіберейік — деді Ықылас. Рақмет үндеген жоқ. Ол өз сырын жақсы біледі. Рақмет аз сөйлейді. Онда ұялшақтық деген мінез бар. Сол ұялшақтық Рақметті жақсы танымайтын адамның алдында тартып, еркіне жібермей отырды. Ал Рақмет кішкене қызға оның ұялшақтығы қайнаған судан шыққан будай-ақ жоқ болып кетеді. Сөйтіп, Рақмет барлық сырын ақтарады. Ертеңіне есіне түсіп өзінен-өзі ұялады.
Екеуі екі рюмка қызыл вино ішті. Екіншісін ішіп болған соң, Рақметтің денесіне бір түрлі көңілділік пайда болды. Ол жататын үйдің жоқтығын да ұмытып кетті. Орамалын алып бетін сүртті. Ықыласқа қарап күлді. Ықылас төмен тартты.
Музыка Мусоргский музыкасын тартты...
— Атақты Стасов Модест Петрович оны орыс композиторларының ең таланттысы деген ғой — деді Рақмет.
Қалың ойда отырған Ықылас:
— Ә? — деді.
«Не деп сұраудың орнына Ықылас «Ә» деп сұрайды. Мұны Рақмет бер дегеннен сөзді.
— Мен орыс музыкасының ойыны туралы айтып отырмын. Орыс композиторларының ішіне Балакиров-ең қызуы, Глинка-ең әсемі, Римский Корсаков-ең оқымыстысы, Бородин-ең тереңі, Мусоргский-ең таланттысы.
Рақмет қызып алды.
— Мусоргский... үсті-басы жыртық, болып жүретін болған... атақты композитор Бородин, профессор Бородин қыдырып келем деген өзінің оқушыларына шинелін, киімін беріп, өзі жалаңаш қалады екен...
Рақмет сөзін тоқтатып төмен қарады. Ықыласқа Рақметтің сөзі ешқандай әсер етпегендей болды. Ықылас музыканттарға қарап тұрып:
— Менің бір артистка қызым бар еді — деді. Рақмет басқасын тыңдаған жокқ
— Мен арфа инструментін тіпті жек көремін — деді Рақмет-менімше, ол музыканың аспабы емес, сарынсыз дыбыс жинағы... Қалқып жүрген бос дыбыс, ешқандай сарын, сыр ырғақ деген жоқ, құр ыңқылдап, дөңбекшіп ыңырсиды... Жоғарылы-төменгі тартылған сызық сияқты... Бұл менің қызыңызды жамандағаным емес, ол кісіні көргенім де жоқ... Мен музыкант емеспін. Алам деп жүрген қызым музыканың түбін түсіреді. Содан үйренгенім ғой. Я... кешіріңіз... Бірақ маған арфа жақпайды... Кешіріңіз аздық қыз емес, арфа... — деді Рақмет.
Рақмет далаға шықты. Біраз жүрді тау ауасын еркін жұтты. Басынын айналғаны қойды. Менің «Мен жаңа не айттым?» — деді даусын шығарып, уақытта іштен шошынып кетті.
— Апыр-ау, білгішсініп, көрмеген, оқымаған нәрсем жоқтай маңызданып, айтпағаным қалмапты-ау! Осы эгоист болып кетермін... Мен осы жуас емес пе едім, қап!.. «Бәсе, тіптен жуас емес пе едім? Енді бірінші рет көрген жолдас бір мылжың, мақтаншақ деп ойлап қалды-ау! Не деген масқарашылық! Ойбай-ау, инженерге көркемөнердің керегі не? Тіптен жатқан үлкен Франс Меринг... білмейтін жоқ, көркемөнердің энциклопедиясы болып отырам-ау... Инженер музыканың маманы емес қой... қап...
...Жуас инженері, коммунист мақтанның өзі көрсеткісі келген бос мылжыңдықтың жолына салып жіберген кім?.. Арақ па?..Қап...» Рақметтің ойына жататын үшінші жоқтығы тағы түсті... Көңіліне кішкентай қайғының көлеңкесі түссе, қамықсаң, екінші үстінде болсаң-ойына барлық сезетін жетіспей тұрған нәрсенің барлығы түсетін бар емес пе...Қуанышты болсаң, екі нәрсені елемей жүре бересің ғой... Кішкентай қамықсаң болғаны, барлығы жетіп келеді. Олар неге еске түседі? Тегінде қамығатын жағдайдың қуанышты, бақытты инженерде несі бар? Диалектика не дейді? Сан сапаға, сапа санға айналады... Осы қапалық жағдайлардың барлығы жиналып келіп Рақметтің сапасын өзгертіп жіберер ме екен... Жоқ, олай болмайды... Бұл қайшылық... Бұл қапалық, қуаныштың қапалығы... Қуаныш сәл кешіксе, қапалықтың жетіп келетіні бар емес пе? Бірақ бұл қапалық па екен? Бұл қапалық болмағанмен қуаныштың орнына келіп отырған жоқ па? Тегінде, қапалыққа Рақметтің жүрегінен орын жоқ». Ол қамықса-ол бойын қапалық басқандықтан емес, бұл тек сол қапалықтың келгенше ғана қамығу. Формальдық логика қате айтады. Сократ деген тек Сократ болады. Жоқ, дұрыс емес... Қуана білу деген сөз, жылай да білу деген сөз. Рақмет қуанышы үшін жылай да алады, басын да береді.
Сонда да Рақмет Ықластың алдында өзін көрсетіп қалғысы келген жоқ па осы? Солай-ау өзі. Сондықтан да, мені жеңгізген жоқ па? Ол айтады... Ондай мінезіңнің жоқтығын туғызады..
Рақмет жетіп келді.
— Кешір Ықлас, мен түк білмеймін... Көркемөнермен үш қайнасам сорпам қосылмайды. Мен тек көмір инженерімін...
Ықлас төсіне қарады. Рақмет өз сөзінен өзі қорқып қалды: «Осы мен не айттым? Әбден бұлтардым-ау».
Ықлас орнынан тұрды.
— Қане, жүр кетейік...
Есіктің алдына шыққанда Рақмет жағдайдың ауырлығын енді сезгендей болды.
«Енді қайда барады?..»
— Рақмет, ешқайда барма, біздің үйге жүр, үй оңаша, әйелімнен басқа ешкім жоқ — деді Ықлас.
Екеуі жүріп келе жатыр. Рақмет енді тынышталайын деді. Еш нәрсені бүлдірмеген екенмін деді. Дос таптым деді, далаға қонбайтын болдым деді.
«Ақымактық екен. Өзінен — өзі қапалық сатып алып жүрген... Ұят мұның, Рақмет, романтик болып кетерсің... мұндай жағдайды қай романнан оқыдың, Рақмет?..»
Рақмет орындыққа отырды. Үйдің іші әдемілеп жиналған. Өрескел тұрған бір зат жоқ. Бәрі орнында. Шашау тұрған жоқ. Төрде қызыл кілем. Үйдің екі жағында екі кровать. Терезе ашық, таудан самал жел соғып тұр.
Түнгі салқында таудан соққан самал жел, шаршап келіп, әткеншек, алтыбақан тебу, таңертең тоңазыған соң оянып кетті, көрпені бүркене түсіп жататын ұйқы... Бұл үшеуі де шешесінің денесін ерекше балқытады...
Бір уақытта Ықлас:
— Дәмелі — деп айқай салды. Үйге бір әйел келді.
— Танысыңыз, мынау менің әйелім Дәмелі, жақында үйлендік.
Рақметтің алдында бағана редакцияда көрген әдемі қыз тұр еді.
XVI тарау
Рақмет кеткенше Ықластың үйінде тұратын болды. Неге екенін қайдам, Рақметтің Дәмеліге қарағысы келеді де тұрады. Дәмелімен бақшаға барғысы келеді.
Рақметтің ойында ештеңе жоқ. Тек бақшада скамейкада үндеместен қатарласып отырсам, деп ойлады.
Рақмет ақкөңіл жігіт қой. Бір күні Ықлас бір тығыз жұмыс істеп жатқанда-Дәмелі бақшаға барайық — деді Рақмет. Мені Дәмелі Ықласты өте жақсы көреді. Көрмесе отыра алмайды. Ықлас үйде жұмыс істеп отырғанда Дәмелі қасына келіп отырды. Екеуі де бір -біріне тесіле қарасады. Бір уақытта Дәмелі бақытты, қуанышы койнына сыймай Ықластың мойнынан асылып құшақтайды...
— Қалқам, мен сен үшін туғанмын — дейді Дәмелі.
Бұл-Дәмелінің шыны, бұған Ықлас та сенеді.
Дәмеліге Ықласты сүюдің қызуы еш уақытта басылмайтын сияқты. Күніне түсте перерыв уақытында келіп, Ықлас Дәмеліні құшақтап, біраз басын сипап отырып, сүйіп кетпесе, Дәмелінің көнші кеңімейді.
Дәмелі Лиза сияқты мінсіз, аса сұлу емес. Бірақ адам баласында сирек ұшырайтын бір ерекше сүйкімділік Дәмеліде бар.
Дәмелінің бетіне қарағанда аппақ бет, қыр мұрын, оймақ ауыз көрмейсің, жүрек қытықтайтын, теңіздей шалқыған бір қуанышты сыр, сәуле көргендей боласың... Бір аса нәзік, әдемі музыка есіткендей боласың...
Рақмет қуанышты сүйеді. Бір шоқ гүлдей шешек атып, өмірге көрік беріп тұрған қуаныштан тек көз айырмай қарап отырсам дейді. Рақмет, Дәмелі Рақметтің бақшаға барайық деген сөзін қайтарған жоқ, кешке екеуі барып, бір қараңғы жердегі скамейкаға отырды.
Рақмет сөз қатқан жоқ, жас баладай ешқандай уайымсыз қуаныштың қасында отырғанын, әсем түрде демалып, жайнап отырғанын сезіп, соған риза болып отыра берді.
Тек әлден уақытта Рақмет:
— Қуаныш деген не екен? — деді.
— Бері қара — деді Дәмелі-қуаныш мына менің көзім...
Рақмет абайсызда жүрегінің соғып, денесінің шымырлап кеткенін өзі сезбей қалды. Рақмет бір нәрсенің боларын сезді де, одан қашып үндеместен орнынан тұрып жүре берді..
Үйге кірісімен есіктен кіріп Дәмелі жүгіріп барып күйеуінің мойнынан құшақтай алды.
— Кішкене сені көрмегенге сағынып қалдым ғой — деді Дәмелі сүйіп жатып.
Ертеңіне Дәмелінің өзі Рақметке бақшаға барайық деді. Рақмет қолым тимейді дейін деп еді, жүрегі алып-ұшып, ондай сөзді айтқызбақ түгіл, ойландырмады да.
— Мен өзім соны сізден сұрайын деп тұр едім — деді Рақмет.
— Өзің сұрасаң мен бармаймын.
— Енді қайттым, ойбай-ау.
— Өзім сұранып барам...
Екеуі тағы кешегі жерге барып отырды. Біраз уақыт өткеннен кейін Дәмелі Рақметке қарап күлімсіреді.
Рақмет жақындай түсті. Дәмелінің көзі оттай жанды. Дәмелінің ыстық көкірегі бір көтеріліп, бір басылады.
— Шіркін-ай, гүл сияқты ертелі-кеш қолға ұстап отыратын адамсың-ау!
Дәмелі сықылықтап кеп күлді.
Баяғы таудан-тасқа ор қояндай күліп секіретін. Дәмелінің кіршіксіз табиғи қуанышын, баладай ақкөңіл, таза жандығын, сонымен қатар өте қызу жастығын, денінің саулығына, өзінің ерекше көркем екендігіне сенімдігін көрсететін күліп.
Бұл баяғы өзімізге таныс Дәмелі ғой.
Рақмет шыдап тұра алмады.
— Дәмелі, қуанышыңнан кішкене маған берші, күліп шыққан аузыңнан бір сүйейін бе? Ит болайын, ойымда арамдық жоқ...
— Ол қуаныштың иесі бар ғой... Кім көрінгенге сүйгізе бере ме екен? — деді Дәмелі.
Рақмет үндеген жоқ... Жүрегі аласұрып қатты соғып кетті. Лиза есінеп .Дәмелі Рақметтің көңілін қалдырып қойдым ғой деп қолын мойнына салды.
Бірақ Рақмет көңілі қалып, ұялып отыр еді. Ол өзін-өзі зорға ұстап отыр емес пе еді? Ернінен тістеп сүйді де алды. Дәмелі Рақметті салып қалды да, атып кетті.
Рақметтің шапкесі жерге түсіп кетіп, соны біраз іздеді.
— Дәмелі! Дәмелі!
Дәмелі сол күйінде жоқ.. Рақмет бақшаның ішін әлденеше рет аралады. Таба алмай қойды. Сағат 12-де үйге келсе, Дәмелі келіп ұйықтап жатыр екен.
Екі-үш күннен кейін Ықлас Қырғызға командировкаға кетті. Рақмет пен Дәмелі оңаша қалып мені қойды. Рақмет жұмысын бітіріп келген соң екеуі киноға барады, бақшада қыдырады. Бір күні бақшада жүріп Рақмет Дәмеліні көре алмаса тұра алмайтынын айтты.
— Дәмелі, менің жүрегім жанып барады — деді Рақмет.
— Саған керек мынау ғой-Дәмелі ернін тосты.
Кешке үйде отырғанда, Дәмелі жылап жіберді.
— Мен Ықласты шын сүйем, мен оған өзгере алмаймын.
Осыдан соң Рақмет екі күндей келмей, басқа жолдасының үйінде қонып жүрді. Үшінші күні Рақмет келгенде, Дәмелі шешініп төсегінде жатыр екен. Көрпені сырып Дәмелі кеудесін жалаңаштады. Екі көйлегінің иығы қолының үстіне түсіп, көйлек төмен сырылған. Төңкерілген кеседей екі алманың арасындағы сызықша көрініп тұр.
— Бері келші! — деді Дәмелі Рақметке.
Рақмет келіп төсекке отыра бергенде, Дәмелі құшақтап сүйіп-сүйіп алды.
— Рақмет, есікті жауып келсең қайтеді? — деді Дәмелі.
XVII тарау
Бір айдан кейін Рақмет жұмысын бітіріп Қарағандыға қайтты. Лиза әлі Донбастан қайтпаған екен. Академиктен тойға әдейі келетінін білдірген хат келіп жатыр екен.
Бір күндері Лиза келді. Енді екі-үш күнде той болады деп тұрғанда, Рақмет Алматыдан хат алды. Хатты жазған Дәмелі екен, Рақмет ештеңе сезбей ашып оқи бастады.
«Жаным Рақмет, сен де, мен де үлкен қателік істеп едік. Жастық паркі кімді отқа салмайды. Бірақ үлкен бақытсыздыққа ұшырадым. Ішімде екі айлық балам бар. Сенің еш нәрсең кеткен жоқ. Бірақ мен дүниедегі ең қарабет болдым».
Рақметтің қолынан хат түсіп кетті.
Қолы, барлық денесі дірілдеп, қалшылдап төсекке зорға жетті. Жүрегі суылдап жастыққа басын тығып жатып алды. Лизадан айрылдың, адамшылықтан, коммунистіктен айрылдың деген ой орнынан атып тұрғызды.
— Ойпырмай енді қайттым?
— Лағнет саған, Рақмет, лағнет! Ел-жұртқа қалай көрінесің...
Рақмет төсекке қайтадан құлады. Барлық айып өзінде екенін, өз бақытын өзі қорлап жүргенін ептеп сезе бастады. Енді қайту керек? Ықлас Рақметке сеніп, үйіне тастап кеткенде, мынадай сұмдық істеп қойды, ойпырм-ай, Ықласқа, жұртқа не дейді?Бәрінен де Ықлас Дәмеліні ішіндегі баласымен қуып жіберсе, жұрт Рақметке лағнет айтпай ма, Рақмет біреудің әп-әдемі махаббатын бұзып, қаңғыртып қалай тірі жүре алады... Рақмет -ау не істедің, енді қайтесің... Қылмыс істеген жоқсың ба? Лизаны да, Дәмеліні де бақытсыз еткен жоқсың ба? Лизаға не бетіңді айтасың? Ертең тойына келетін академикке не бетіңді айтасың? Масқара болған жоқсың ба?!.
Рақмет көп ойланып, Дәмеліні алмақшы болды. Лизасыз жүре алмайтынын сезді. «Ықлас тастаса, Менің де тастауым айуандық болар еді. Сүйгеніме, Лизама қосыла алмай, бақытсыз етейін, бірақ адамшылығымды жоймаймын» — деді. Екі күннен кейін үйленетінін біліп, Дәмеліге хат жазды.
Донбастан Лиза келді. Үйіне келіп түспестен, тура Рақметке келді. Рақмет төсекте қисайып жатқан екен. Лиза чемоданын есік аузына қоя салып Рақметке тұра ұмтылды. Бірақ бұрынғы Рақмет жоқ... қолынан қысып амандасты да қойды, Лиза құшақтап сүйейін деп еді, ернін алып қашты, Лиза сұстиып тұрып қалды.
— Саған не болған, Рақмет? Жаным, қалқам, саған не болды?
XVІІІ тарау
Бірақ Рақмет Лизамен жолығудың ебін таба алмай жүрді. Соңғы уақытта Лизаның Шербак деген инженермен жүргенін көріп, тіпті үйде отыра алмайтын болды. Бір күні сағат 10-нан 12-ге дейін Лизаның терезесінің алдындағы бір скамейкада отырды да қойды. Сағат 12-ден асқанда инженер Шербак пен Лиза келді. Лиза қуанышты. Шербактың қолтығынан ұстап, жайдары сөздер айтып мәз болып келе жатыр. Рақмет қараңғыда бүрісіп, қарап отыр. Шербак пен Лиза үйге кіріп кетті. Лизаның терезесінен шам жарығы түсті. Рақмет терезенің шторын жауып қояма деп қорқып отыр. Бірақ Лиза жапқан жоқ. Рақмет көріп отыра берді. Шербак столға отырды. Лиза туфлиін, шұлығын шешті. Сонан соң сырт киімін шешті. Жүгіріп барды да столда отырған Шербактың мойнынан құшақтап, сүйіп-сүйіп алды. Рақметтің ыстық жүрегі мұз болып, көкірегі қарс айрылып кеткендей болды. Не болғанын білмей те қарады. Рақмет қайтып қарағанда Шербак үйдің ортасында Лизаны құшақтап сүйіп тұр екен. Лиза ернін тосып, болпылдап, Шербактың қолында жансыз жатыр. Рақмет тағы теріс қарады. Жүрегі шапқан аттай тулады. Орнынан тұрып, терезеге қарап еді Шербак Лизаны құшақтап кроватьқа алып бара жатыр екен. Рақмет отыра кетті. Ес-түсінен айрылып көзін жұмды. Селк етіп көзін ашып алғанда, Лизаның үйінде шам сөніп қалған екен. Рақмет орнынан қарғып тұрып, қаланың шетіне қарай жүгіріп ала жөнелді. Түнімен сандалып, көп молалардың ішін аралап жүрді де қойды.
Екі күн өткенен кейін Лиза мен Шербакты Рақмет клубта сыртынан көріп қалды. Елемейін деп еді болмады, жүрегі езіліп, тіптен қайғыланып кетті. Лиза мен Шербак клубтан шыққанда артынан еріп Рақмет те шықты.
Қараңғы жұлдызды түнде Лиза мен Шербак бір адамдай бірігіп құшақтасып келеді. Артында көрінер-көрінбес болып көз жазбай Рақмет келе жатыр. Шербак пен Лиза Шербактың үйіне келіп есігінің алдындағы скамейкеге отырысты. Рақмет қарсыдағы үйдің бұрышында жасырынып тұра қалды.
— Лизочка, енді осы алдағаның да жетер, енді алдай алмайсың — деді Шербак қыза сөйлеп, орнынан тұрып.
— Алдамағанда не етпекпін енді?
— Жүр, үйге кіреміз. Бес-ақ минут қой, еш нәрсең кетпейді.
— Қой, шырағым.
— Сен қусың, Лиза, әдейі менің қанымды қыздырып құтыртып жүрсің. Сен неге алдайсың? Әнеукүні біз шамды жана ғана өшіре бергенде қызметкер әйел келіп есікті қақты, оған шам сөнгенде келе ғой деп айтып қойғансың ғой... Мен сонда жынды болып кете жаздадым. Сол алдағаның жетер енді, жүр үйге...
— Қой, Петр... Менің сүйген адамым бар, мен оған еш уақытта да өзгерген емеспін.
— Жастық деген болмай ма, Лиза сенің қаның неге қызбайды?..
Шербак Лизаны құшақтай алып, қысып-қысып сүйіп алды... Лиза бұлқынып еді, шыға алмады.
— Қоя бер деймін, қоясың ба, жоқ па?
— Жүр, Лиза, үйге!
Шербак Лизаны үйге қарай сүйрей бастады.
— Қой, деймін.
— Лиза, Лиза, Лиза.
Шербак Лизаны құшақтап, өте қатты-қатты сүйіп алды...
— Жүр, Лиза, мына жүрегімді қарашы...
— Ойпырмай, Рақметтің көзіне қалай шөп салайын.
Лиза бұлқынды, Шербак сүйрелеп өз есігінің алдына алып барды.
— Қоя берші, Петр...
— Жоқ, өлтірмесең қоя бермеймін.
— Уһ, енді қайттым, ойбай, жаным, айналайын, болмайды ғой...
— Болдырамыз...
— Құдай-ай, Рақметке не бетімді айттым.
Шербак тағы сүйіп-сүйіп алды. Үйге қарай сүйрей ала жөнелді.
— Петр, Петр, Петька, жаным, сәл тұра тұршы.
Шербак сәл тоқтады. Ентігіп демін алып тұр.
— Кәне, жүр, Лизочка. Ләззаттан неге қашасың?
— Тұра тұршы кішкене ойпырм-ай, басым айналып бара жатыр ғой, дірілдеп барам ғой... Жаным, сәл тұра тұршы...
Шербак Лизаның бері бұрылғанын сезейін деді моментті пайдаланып, қыздыра түсейін деп құшақтап бауырына қысты...
— Тұра тұршы... Ойпырм-ай, Рақметке не бетімді айтам.
Шербак құшақтап үйге қарай сүйрей бастады.
Лиза есіктің тұтқасынан ұстап тырысып тұр. Шербак ішке қарай тартады. Лиза тұтқаны жібермейді. Бір уақытта Лизаның көзі жайнап, ойнақшып, беті қызарып кетті де:
— Ал болмаса — деп тұтқаны қоя беріп-ақ жіберді. Есірген Шербак құшақтай ала жөнелді.
— Құдай ұрды! — деді Рақмет өзінен-өзі, кейін қарай салбырап кете берді. Бір мезгілде Рақмет өзі де сезбей, артына бұрылды да, жүгіріп Шербактың үйіне келіп есігін теуіп кеп жiбepдi. Есік жапырылып сынды да қалды. Рақмет ішке кіріп келді. Лиза қолына көсеу алып үйдің ортасында тұр. Шербак аузы-мұрнынан қан ағып төсектің үстінде жатыр.
— Сұлу қыз, сен де солай ма едің? — деді Рақмет тесіле қарап... Лиза қолындағы көсеуін тастап жіберді.
— Мен сенен сырымды жасырмаймын, Рақмет, мен де жас емеспін бе, көңілімнің сәл бұрылғаны рас... Бірақ ештеңе болған жоқ, қайта көрмейсің бе не болғанын? — деді Лиза.
— Мақұл, бұл жолы осылай болған шығар... ал әнеукүнгі шамды сөндіргеніңді қайда қоясың?
— Мен саған, Рақмет, сенің отырғаныңды көріп, әдейі жүрегіңде қызғаныш туғызайын деп істедім. Қызметкер әйелге шамды өшіре бергенде есікті қақ деп қойғам. Әйтпесе терезенің шторын жаппас па едім.
Рақмет мұны жақсы білсе де, сыр білдіргісі келмеді. Оның үстіне қызғаныштық сезім бойына сыймай, жарылып кетейін деп тұр.
— Қош бол! — деп Рақмет шыға жөнелді.
— Рақмет, Рақмет, жаным, жаным, тоқташы...
Лиза артынан тұра жүгірді.
Рақмет бұрылып қарады.
— Жаңа Шербакты да «жаным» деп жатыр едің ғой.
Лиза сұп-сұр болып кетті.
— Рақмет, біреудің қатынын айналдырып, алам деп жақындасып, жүкті қылғаныңда мен сенің бетіңе қарап па едім, сен жазықсыз мені осынша қаралауға қандай қақың бар еді? Сенсең сенен басқа ешкімді де шын жүрегіммен жаным деп айтқан емеспін...
Рақмет Лизаға жақындады. Жасқа толған үлкен қара көздеріне қадалып, төске қарады... Сөйтіп, шығып жүре берді.. Артынан Лиза ерді. Екеуі Лиза үйінің есігінің алдына келді. Рақмет қолдарын Лизаның иығына салып, көзіне қадала қарап тұрып":
— Шербакқа тосып сүйгізе-сүйгізе тоздырған еріндеріңді енді Рақмет сүйе алмас — деп бұрылып кете берді.
Лиза орнынан қозғала алмай, тастай қатты да қалды.
Рақмет қарасын үзіп кетіп қалғанда, өксіп-өксіп жылап жіберді.
Рақмет ашу үстінде айтарын айтып салса да, артынан өкініп, түн ортасына дейін тыныштық көрмей, дөңбекшумен болды. «Қап, бекер айтқан екенмін» — деп Лизасына жаны ашып та алды... Түн ортасы ауа тұрып киінді де, таң атқанша шыдай алмай, Лизаның үйіне барды.
Қызметкер әйел шығып:
— Түнде жылап-жылап кетіп қалған, қайтып келген жоқ — деді.
Рақмет қабырғаға сүйенген күйінде қалды. Бар денесінен жан кетіп, қозғалмай қалғандай болды.
XІX тарау
Қарағандыға Лизалардың тойына әдейілеп академик келді. Қызын құшақтап сүйіп жатып:
— Әдейі тойларыңа келдім — деді академик.
— Оны қайдан білдің? — деді Лиза.
— Рақмет телеграмма берген. Академик шешініп столға отырды.
— Рақмет қайда, Лиза?
Лиза үндемейді.
— Мен саған айтам, Лиза, Рақмет қайда? Лиза төмен қарап жауап бермей қойды.
Ықлас Ырғыздан қайтқан соң командировка алып, үйімен кейін Қарағанды келді, Келісімен Ықлас Рақметті тауып алып, шүйіркелесті де қалды.
Рақметтің жүрегі суылдап тұра алмады.
«Сен айуан екенсің ғой, сені дос деп жүрсем» — деп айтып салады ғой деп төбе шашы тік тұрды.
— Дәмелі жүкті, я... жақында бір баланың папасы болуға тұрмыз... Әй, Рақмет, өмірдің қызығы үйленуде екен. Тез үйлен.
Рақмет қызарып тұр... бірақ сыр білдірмей тұр.
Ықлас қоймай жүріп, Рақметті үйіне алып барды...
— Жақында балам болады... Рақмет, сен де қалыспауың керек! — деді Ықлас үйінде.
Рақмет отыра алмады. менің кетерде оңашалап Дәмелі: — Сен мені масқаралап, өмірде кетпейтін таңбалағаныңмен тұрмай, байымнан ажыратып алам дегенің не? — деді.
Рақмет ештеңе айта алмай булығып қалды.
— Кешіp, Дәмелі, саған жаманшылық ойлау менің ойымда жоқ еді, — деді Рақмет.
Рақмет Ықластан шығысымен Лизаға барды.
Есікті тықылдатып еді.
— Кіріңіз — деді бір еркек дауыс, Рақмет ашып қалды. Ауызғы үйде академик отыр екен. Жүгіріп барып құшақтай алды.
Академик Рақметке қадала қарап тұрып:
— Мына Лиза не дейді, қарағым? — деді.
— Лиза әшейін ойнап отырған ғой, енді жасаймыз...
Лиза орнынан тұрды.
— Мен күйеуге шыққаным жоқ, шықпаймын да. Жасаса тойды Рақмет өзінің қатынына жасар. Онда менің не шаруам бар...
Рақмет қызарып сасып қалды.
— Менің ешқандай балам да, әйелім де жоқ... Менің балам да, әйелім де, әкем де, шешем де сен емессің бе?
— Рақмет! Бірін-бірі жақсы көретін екі адамның махаббатын уландырып бұздың. Ол екеуі енді бір-бірін алдаумен өмір сүреді. Сен осы қылмысыңды сезесің бе? — деді Лиза.
— Неге сезбейін, осы қылмыс менің түбіме жетіп, жер бетінен жұлып кететін түрі бар — деді Рақмет.
Рақмет орнынан тұрды.
— Мен сендерге түсінбеймін — деді академик.
Рақмет шығып жүре берді.
— Рақмет, не түбіме жетеді дейсің, Рақмет-ау? Рақмет! Тоқта, Рақмет!
Лиза жүгіріп далаға шықты. Бірақ Рақмет қарамай кетті де қалды.
Үш күннен кейін академик Ленинградқа қайтты. Станцияға Лиза, Рақмет шығарып салды. Академик Рақмет оңашалап шығарып алып, маңдайынан сүйіп тұрып:
— Әлі-ақ Лизаның ашуы басылып, кетеді, қам жеме — деді.
XXI тарау
Керілген, мұнарланған далаға төнген мөлдір көк аспан. Сонау бел астында жаңа шахта құрылысы жатыр. Бәрінен биік болып шахтаның бетонды үйі тұр. Ең төбесінде түтін шығатын тұрбасында үш адам жүр. Алыстан қуыршақ құсап көрінді. Түбінде, жерде Рақмет, Алексей, Шектібай, Ермолин, Кулевакин, техниктер тұр. Рақметтің қолында блокноты, далаға қарап қалың ойда. Шектібай тыпыршып шыдай алмай тұрған пішінде:
— Енді қайттік Рақмет, жұмысты тоқтаттық па? — деді Шектібай.
Рақмет жалт қарады, қарап тұрып, блокнотын қалтасына салды.
— Неге? — деді Рақмет.
Десятник Рақметке жақындай түсті. Трактордың дүркірегені, айғай... сөз, у-шу, жай айтылған сөзді есіткізбейді.
— Жұмысшылар істемейміз дейді, жерден шыққан газ тіпті күшті. Екі адам ел алдында, оған өлем деп түспесе, тірі шығам деп ешкім түспейді — деді десятник.
— Неге! — деді тағы да Рақмет. Онан соң қабырғаға сүйенді. Жылқыбайларға қарады.
Кулевакин:
— Мен анализ жасадым, Трестің өкімімін. Жұмысты тоқтату керек, вентиляторды күшейту керек, газ құрыған соң істеу керек — деді Кулевакин.
Шектібай ашулы дауыспен:
— О не дегенің? Онсыз да зиян аз емес! — деп айқай салды.
Рақметтің ойы бөлініп кетті.
— Мінеки, аппаратпен қаруланып істеуге болады. Препаратормен істеу керек. Перемичка жасау керек.
— Газ екінші квершлактың ең төменгі горизонтында — деді Ермолин.
Техник теріс қарады. Алексей келді.
— Қане, Рақмет, не дейсің?
— Перапаратормен қарулану керек, астындағы гаризонтта перемичка жасау керек, жұмысты тоқтатуға болмайды — деді Рақмет.
Техник үмітсіз түрмен: менің-Жұмысшылар бармайды, бетоншылар да, пароды тасушылар да — деді.
— Дұрыс емес — деді Алексей-бір минут те жұмысты тоқтауға болмайды. Шығатын адам табылады.
— Әрине, кідіртуге болмайды, төменгі горизонттың ен соңғы пластасын ашып, барлық механизмін қондыруға бірнеше-ақ ай қалды — деді Шектібай. Жүгіріп Аркаша келді. Техник әлі кіргісі келмей тұр.
— Түскен адамдар құлап жатыр, жұмысшылардың бәрі далаға шықты.
— Трест жұмысты тоқтатуға бұйырды. Құр керегі жоқ. Сенен артық білген адамдар бар — деді Кулевакин.
— Трест олай демейді керек десең шахты құратын трест емес, мен — деп жерді теуіп қалды Алексей.
Аркаша мақтанған түрде:
— Біздің бригада ерікті түрде түсіп істейміз деп отыр — деді.
Техник ала көзімен қарады.
...Партком хатшысы кабинетінде барлық коммунистерін жинады. Шектібай да, Рақмет те, Ермолин де отыр.
— Жағдай, көріп отырсыздар, тіптен қиын, проходкада жұмыс істеу аса қауіпті. Бірақ жұмысты тоқтатып қоя алмаймыз ғой. Кейінгі қалалық комитеттің қаулысын оқыдыңдар... Қане, проходкада істеуге өз еріктерімен кім барады — деді Алексей.
Коммунистердің барлығы да қолдарын көтерді. Шетте отырған Қайдар орнынан тұра келді:
— Жолдас Алексей, біздің қайсымызды қиыншылықтан қашады деп ойлайсыз, одан да өзіңіз таңдап жіберіңіз — деді.
Алексей орнынан тұрып:
— Бәріңе бірдей орын жоқ! — деп күлді.
Қайдардың қасында отырған сақалды:
— Шахты үшін бас берудің өзі құрмет болды-ау — деп күлді. Шектібай артына бұрылып қарап:
— Әрине, солай — деді.
Алексей қарындашпен столды тақылдатты.
— Жолдастар, іңгіме енді сол газды жойып шығуда.
— Өлмей шықпаймыз! — деді Қайдар.
— Өлмей шық, бірақ жеңбей шықпа! — деді Алексей.
Жиылыс тарқаған соң есіктің алдына Алексей мен Рақмет шықты.
— Мен де түсем — деді Рақмет.
— Неге?
— Қалай істеуді көрсетпесем болмайды, басында болу керек...
Екеуі жүре сөйлесті. Алексей қамыққандай болды.
— Сен шықпай қалсаң, онан соң шахты жасалмайды ғой.
— Басқа коммунистерден артықпын ба, олар да бара жатыр ғой — деді Рақмет.
— Әңгіме онда емес қой, бірақ, шынында, өзгенің бас болуы дұрыс екені рас — деді Алексей.
Екеуі шахтыға қарай келе жатыр.
Алысқа ұзады. Шахты құрылысының бергі жағында қарайып кетіп бара жатыр.
...Шахты үстіндегі комбинат алдында Аркашаның бригадасы тұр, коммунистер де жиылып жатыр... Алексей мен Рақмет соларға барып қосылды.
Барлығы комбинаттың ішіне кірді. Әлі толық бітпеген үйдің ламповой, монша, контор, әртүрлі мастерскойлар болатын бөлімдерін аралап өтті.
Биік үйдің едені цемент, аяқты басқанда тарсылдайды. Коридормен жүріп отырып, жалпақ темір сатымен жоғары көтерілді. Клет тақтайдың қоршауы да, ағаты да алынбаған. Тақтайлар, бұрын цемент салған бос бөшкелер домаланып жатыр.
Күн батып бара жатыр. Кішкене паровоз асығып кетіп бара жатыр, айқай салды. Паравоздың алдынан жүгіріп Ермек өтті. Ішке кіріп, темір сатымен жоғары көтерілді. Темір сатының төбесіне жақындады. Онан соң шаршап төмпешікке аяғын дәлдеп басып, жоғары қарады. Шахты үйінің төбесінен асып көтерткен Темір сатыдан жан-жаққа көз жіберді. Күн батып кеткен. Жұлдыздай қаптап кеткен электр жарықтарын көрді. Қаптап жүрген адамдарды көрді. Тағы жүгіріп ала жөнелді. Коммунист, комсомолецтер киініп, клетке кірейін деп жатқан жерге барды.
Күліп тұрған Малшыбайды көрді. Ентігіп тұрып:
— Шырақтарым, мені де ала кетіңдер — деді.
Малшыбай күліп тұрып: — Адам жеткілікті — деді.
Ермек Жылқыбайды көрді. Кимелеп қасына барды.
Жылқыбай киініп жатып:
— Бригадирге бар — деді қолын шошайтып Рақметті көрсетті. Рақметтің қасында Алексей тұр. Ермек келді.
— Жолдас инженер, ме де ала кетіңіз — деді даусы қалтырап. Рақмет Ермектің бас-аяғына қарап алды да:
— Біздің тірі шығуымыз талай ғой — деді.
Ермек жан-жағына қарады. Күліп, қуанышты тұрған адамдарды көрді. Малшыбайға қарады. Малшыбай езуін жимай әлі күліп жүр. Онан соң Ермек:
— Мейлі — деді.
XXI тарау
Суық күздің күні, қар жауып тұр. Көшеде дауыл, қарды ұшырып ұйытқып тұр. Ағаш барак терезелерін жел мен қар сабалап, есігін қар басып алған.
Түн. Бұл комсомол барагы. Бір бөлмеде алты төсек. Үйде пеш жоқ. Төрт аяқты темір пеш тұр, оның мұржасы терезеден шыққан. Сол шыққан жерінен кірген қар, мұржаны мұз қылып қатырған. Терезенің алдында бір комсомолец ұйықтап жатыр. Бұл-Ілияс шахтер. Терезеден суырған қар көрпесінің үстін аппақ мұз қылыпты. Жастығын жапқан қар, еріп қайтадан мұз болып, шашы жастықпен жабысып қалған. Ол ештеңе тыңдайтын емес, ұйықтап жатыр. Кішкене қара жігіт, бұл вагоншы Есентай. Төсекте бір уыс болып бүрісіп жатыр. Көзі ашық, ұйықтаған жоқ. Көп қағаз құшақтап үйге Шымырбек кіріп келді. Қаңылтыр пешті қаңғырлатып, ішін толтырып жағып жіберді, аузынан шыққан түтін үйдің ішін алып кетті. Пеш лаулап жанып, сөніп қалды. Бұрышта бір комсомолец жатыр.
Оның қасында Қасым комсомолец, көрпеге оранып жатыр күнделігін жазып жатыр.
Жаңа келген Оспанды балалар ойнап:
— Шахтының түндігін ашып кел — деп жіберіпті.
Оспан күдікпен іздеп жүріп, әркімнен бір сұрапты. Маған келді — «Тұншығып кетті, шахтаның түндігі қайда, ашылған» — деді. Біз қулардың ойнағанын есіттік. Жаңа келген Сейділда мен Ибаш бригадасын таба алмай, қараңғыда бір іннен бірінші кіріп смена біткенше адасып жүріпті. Смена біткен соң барып десятник тауыпты; Лиза жаңа келгендердің қастарынан шықпайды.
...Әне бір аққұба қыз менің жүрегімді тулатып жүр. Лизаға сол қыз жөнінде айтсам қайтеді?
Қали мен Гриша стол үстінде «2-лава»атты қабырға газетін жазып жатыр. Өздері де дірілдеп тоңып отыр. Қолдары жуыспайды, бірақ оны ескеретін емес. Есентай басын көтеріп, төсегі астындағы шахтыға алып түсетін шамын жағып көрпесінің ішіне, қойнына тығып жатты. Қасым оған қарады:
— Жылы болады — деп Есентай, өзі күлді. Содан соң Шымырбек, Қали, Гриша үшеуі шешініп, біріктіріп жіберген төсектеріне жатты, «вольши» лампаларын жарып көрпелерінің ішіне салды. Үшеуі бір көрпе жамылды. Жатқасын Шымырбек:
— Қане, жолдастар — деді.
Үшеуі қосылып өлең айтты. «Коминтерн» әніне салды. Оларға Есентай да, Қасым да қосылды. Бүркеніп жатысты. Үш қара көлеңке болды. Тек терезелерді қарлы дауыл сабалады. Желдің, дауылдың соғуы үйді қозғалтқандай. Бір уақытта гудок айқайлады, тіптен қоймады, бір қауіпті нәрсе болып қалғандай дабыл қақты. Шымырбек басын көтеріп алды. Есіктің алдында жүгірген адамдардың дүбірі көбейді. Есікті ашып Айша айқай салды:
— Шахтаны су басып қалды!
Жатқандар орындарынан ұшып тұрысты. Ілияс та қарғып, мұз боп қатып, шашына жабысқан жастықпен бірге түрегелді. Есентай күліп жіберді. Ентігіп киініп жатқан Шымырбек ала көзімен қарап:
— Неге күлесің? — деп жекіп тастады.
Қасым шамды апарып, Ілиястың шашына жабысып қалған жастыққа ұстап жіберіп, босатып алды.
Шымырбек орнынан қарғып тұрды.
— Қане, болыңдар!
Барлығы асығыс киініп тұра жүгірісті.
Қалидың етігі тар, су өтті, алқымы жыртық еді, сыймады, олай тепкіледі, бұлай тепкіледі, болмай қойды. Жан-жағына қарап еді барлығы кетіп қалыпты... Онан соң етікті лақтырып ұрып, жалаң аяқ тұра жүгірді. Далаға шықты, боранда жүгіріп бара жатқан жолдастарының артынан қуып ала жөнелді. Гудок айқайлағанын қоятын емес.
Шахты астында авария болған учаскеде төрт адам тізеден су кешіп, суды далаға төгетін насостарды құрып тұр. Мұның бірі-Лиза. Бірі-Шымырбек, бірі-Айша, бірі-Қали. Лизаның үсті басы тегіс су, суға сүңгіп шыққан сияқты көйлегі етігіне жабысқан. Екі қыздың екеуі де дірілдеп жұмыс істеп жүр.
Жоғарыда наряднаяда телефон соғып Илья тұр. Жүгіріп Әліп келді. Ильяның түсі суық. Телефонды орнына қойды. Асығып сөйлеп, Әліпке:
— Не болды? — деді.
Әліп шамын столдың үcтіне қойды.
— Жер астында Лиза, Шымырбек, Айша, Қалилар суды сыртқа шығарып жатыр — деді.
Илья Әліпке оқты көзбен қарады:
— Қыздарға суық өтіп кетпей ме?
— Шахтыны сақтап қалу керек емес пе? — деді салқын қанмен Әліп.
XXII тарау
Боран басылған. Ашық жердің қарын дауыл жалап кеткен, қар тек әр барактың ығында ғана үйіліп қалған. Күн түстен ауған, анау адырдың төбесінен сәл-ақ асып тұр. Терезелеріне мұз қатқан үлкен ақ үйге қарап алыстан бір жаяу келе жатыр. Жаяу ақ үйге жақындады, ақ үйді айналып жоқ болды. Бұл адам ақ үйдің есігінің алдында тұр. Бұл Илья екен. Илья есікті қақты. Ақ киім киген дәрігер әйел шықты.
— Жолдас Афанасьев, кіріңіз! — деп әйел күлді.
Бұл әйел толық қараторы, шаштарын қырғызған. Жүріс-тұрысы, сөйлеуі көне көрген адамдай салмақты маңызды болса да бір түрлі жас сияқты. Сөйтсек бұл баяғы Рақметпен бірге қашатын тоқал болып шықты. (Қараңызшы қаншалықты өзгерген?)
Илья ішке кірді. Алдынан кішкене сақалы бар, жуан көзілдірікті кісі шықты. Үстінде ақ халаты бар. Көзілдірігін алып Ильяға қарады.
— Илья Васильевич, бүгін тағы келдіңіз бе? — деп күлді доктор.
— Күн құрғатпай келеді — деп Рақила да күлді. Сөйтті де, толық аяқтарын нығыздап басып, еденді сықырлатып, бір есікке кіріп кетті. Доктор көзілдірігін қайтадан киді.
— Ауру жақсы — деді.
Екеуі ұзын коридормен жүрді. Шеткі ақ есікті ашты. Илья кіріп кетті. Доктор сыртта қалды. Қызыл еденді, екі терезелі үйде 4 төсек тұр. Үшеуі бос. Төр алдындағы төсекте Елемес жатыр. Басын ақ шүберекпен таңып тастаған, басқа денесі көрінбейді, одеялдың астында, Илья барғанда Елемес көзін жұмып жатты. Илья басына барып отырғанда көзін ашты.
Илья жайдары жүзбен:
— Елемес, қалайсың, тәуірсің бе? — деді.
Елемес езуін қимылдатты да, сөйлеудің орнына күлді. Қаны жоқ, сұп-сұр. Бетіне қуаныш жүгірген деді. Илья қозғалмай жатқан Елеместің бетіне үңілді.
— Енді он күнде жазылады дейді, жазылғасын бір ай демалыста болсын — деді.
Елемес көзін кең ашып жатты.
Илья терезеге қарады:
— Шахтыны су басып қалды. Лиза, Шымырбектер екі тәулік болды.
Ертеңіне Ильяның кабинетіне Әліп, Лиза келді.
Илья Әліптерге қарсы жүгіріп келе жатып:
— Босаған үш бөлмені маңдай алды екпінділер-Шымырбек, Елемес, Айшаларда беру керек — деді.
Әліп ақсақ аяғын өзіне тарта түсті де:
— Одан да екеу-үшеуден кіргізсек қайтеді? — деді.
Илья тоқтай қалып:
— Егерде үй көп болса, әрқайсысына үш бөлмеден беруге міндеттімін, бұл сізге ғой — деді.
Тағы да жүгіріп кетті. Бір уақытта тағы тоқтай қалып:
— Айша мен Шымырбекке екі бөлмелі үйді беру керек, екеуі екеуін алсын — деді.
Онан соң Лизаға қарап тұрып:
— Ол екеуі бірін-бірі сүйеді жардай тұрғызу керек, түсінесің бе, Лиза? — деді.
Тағы да жүгіріп кетті.
«Сүйеді дегенде Лиза мұңайып терезеге қарады, кім білсін, Рақмет есіне түсіп кетті ме, үлкен қара көздері жаспен қаймақтанды. (Бұл Айшаның бақытына іші күйгеңдеп пе, жоқ әлде өз бақытын мені сағынғандық па?)-Онан соң, Лиза, әнеукүні сыйлаған үй жабдықтарын тез сатып алу керек, олар жабдықсыз үйде қалай отырады — деді Илья.
Сол күні кешке өңкей жастар жиналды, ортасында Лиза, сөйлесіп әңгімелесіп тұр.
— Қали, Илья, Гриша, Есентай, Қасым сендер маңдай алды екпіндісіңдер, ал барактарында мәдениет, жастық, былығып жатыр. Бұл жағынан үлгі болмасаңдар екпінді бола алмайсыңдар.
Топтан айқай шықты:
— Дұрыс-ақ!
— Мәдениетті тұру керек!
— Мақұл!
Есентай ортаға келді. Жымиып бір күліп алды да:
— Біздің барак ремонтталмаған, комендант жаздай құрғақ айғаймен жүрді де қыс түскесін үні өшті — деді.
— Солай!
— Дұрыс!
Лиза шашын сілкіп тастап:
— Бүгіннен бастап барактарыңды ремонттайды.
Терезеге екі рама салады, пеш қондырады, көмір түсіреді терезелерге штор ұстайды ақтайды, сырлайды. Екінші әңгіме комсомол барагын үлгі барак етуде.
— Жасасын, жасасын!
— Үлгі етеміз!
— Үріп ауызға салғандай етеміз!
— Мәдениеттің ордасы етеміз!
— Тазалық үшін күресті күшейтеміз!
— Жасасын!
Жұрт шулап кетті.
— Барак жанында үлгілі қызыл бұрыш ұйымдастыру керек, сонда техника, драма, музыка үйірмелерін ашыңдар. Саяси сабақтар да бір километр жерге барып жүрмей, осында өткізетін болу керек — деді Лиза.
— Жаса, Лиза!
— Көтер Лизаны! Лиза күліп:
— Естеріңде болсын, мәдениетті, таза болмасаңдар қыздар сүймей қояды — деді. Жастардың қуанышты, бақытты, күні, биік қажырлы шахты төңірегін жаңғырықтырды.
XXIІІ тарау
...Осы топтан бөлініп, денесі зор, сұңғақ бойлы жас кетті. Ол қаланың шетіне қарай жүрді. Мойнын салбыратып жіберген, қалың ойда келе жатыр. Жолда бір рет тұрды. Бір рет кейін бұрылып, қайтадан жұрт кетті.
Ол бір ағаш баракқа кірді. Барактың ең шеткі бөлмесіне келіп енді.
Төсек алдында қара мұртты, сақалды, үлкен қара адам отыр.
— Кел, шырағым Сүлеймен — деді ол. Үй иесі алдына бір табақ ет қойыпты, кесеге толтырып құйып, арақ ішіп отыр.
— Неге кеттің?
Келген Сүлеймен үндемеді.
Үй иесіне қараңыз:
Бұл-баяғы Күләнданы алып қашып, ағылшынға апаратын Өтеген. Соның дәл өзі. Бәйбішесі теріс қарап отыр еді, артына бұрылып, келген Сүлейменге қарады.
Бетте әжім кіріпті. Көзі де қызарып кетіпті.
Теріс қарап неғып отыр десек, қазан қырып отыр екен. тек Сүлеймен келгесін тоқтатып қойған екен, міне, үй ішін басына көтеріп, шықылдатып қазанын қыра бастады.
Үй иесі етті турап болып:
— Сен тоңып келеді деп арақ алдырып едім — деді.
Кесеге толтырып арақ құйып Сүлейменге ұсынды. Сүлеймен басын шайқады. Үй иесі қадала қарап:
— Іш мынаны, ағаң айтып отыр! — деді.
Сүлеймен еріксіз алды. Біраз отырды да, су құсатып қылқылдатып жұтып жіберді. Сонан соң алды-артына қарамай өтті жей берді. Бір-екі минуттен кейін, көз алдындағы нәрселері бұлдырай бастады, аузына апара жатқан еті жерге түсіп кетті.
Үй иесі Өтеген тағы арақ ұсынды. Енді Сүлеймен тартынбай ішіп салды.
Сонан соң:
— Мені неге шақырып едіңіз? — деді. Басы шайқалып отыр. Көзі бұлдырап, буыны босап кеткен. Үй иесі сақалын сипады.
— Шырағым, жалғызым, ағамнан қалған бала мен едім менің айтқанымды істетейін деп сенемін — деді. Сені менің түбіме жетейін деп жүрген бір адам бар...
— Ол кім? — деді Сүлеймен.
— Ол инженер Дәуір ұлы Рақмет, соның көзін жоғалту керек. Мен былай алдым. Баяғы ағылшын өлтірген Күләнданың інісі екен. Ол болса біздің түбімізге жетеді.
Қалтылдап, буыны босап отырған Сүлеймен шошынып түсіп:
— Өлтіру керек дейсіз бе? — деді.
Өтеген Сүлейменнің қимылын бақылап үндеген жоқ. Сүлеймен артымен барып тұрды. Тәлтіректеп тұра жүгірді.
— Сүлеймен! — деді Өтеген. Бірақ Сүлеймен қарамастан жүгіріп шығып кетіп қалды. Сүлеймен қараңғы түнге сүрінген жоқ болды. Алыста жылтырап электр жарығы көрінді.
Өтеген баяғы қасқыр киімін киіп, далаға шықты. Жолға түсіп шахтыға қарай кетті. Алыста электр жарығы, оттары жылтыраған жер барактар; қасқыр ішікті жолдан бұрылды, шетін землянканың есігін қақты, есік ашылды, ішке кірді. Кемесі бетіне шамның жарығында тоқтасып қалған, бірақ бет ажары кетпеген бір әйел Өтегеннің асты-үстіне түсіп, өмірін шешіп жүр.
Өтеген отырды, әйел де отырды.
Келгені теріс қарап:
— Балаңды кешіре бер, жаңа мен шақырып едім, қашып кетті — деді қабағын түйіп. Әйел солқылдап жылап:
— Болмайды ғой! — деді.
— Мынау қайтеді?
Өтеген әйелге төсіне қарады. Жайдарыланды.
— Жат!
Әйел тұрып келіп мойнынан құшақтады, төсекке жата берді.
Білте шамның жарығы бір ұзарып, бір қысқарып жанып тұр. Төсекте шашы жайылып әйел жатыр. Көйлеп тізесінен жоғары түрулі.
Өтеген күйіп кетуге айналды.
— Құран ұстап қорғанам, егер балаң тісінен шығарса, жоқ қылам!
Әйел қолдарымен бетін жапты.
Ішкі есіктің алдына шығып:
— Қап, сол жүгермекке бекер айтқан екенмін!.. — деп күбірлеп жүріп кетті.
XXІV тарау
Дала. Бұлтты аспан. Сонау бел астында жана шахты құрылысы жатыр. Аурухана. Алыстан машина келе жатыр. Жақындады. Гүрсіл естілді. Ауруханаға келіп тоқтады. Есіктің ашылып, ішінен Илья шықты. Аурухананың есігі ашылып, ішінен көзілдірікті дәрігер шықты. Көзілдірігін алып, Ильяға қарап күлді.
— Қазір болады. Келе жатыр.
Көзілдірігін қайтадан киді.
— Елемес ерекше досыңыз ба?
— Ол біздің шахтер.
Дәрігердің жүзінде таңырқағандық пайда болды. Іштен Елемес шықты. Илья күліп қолын берді.
— Жазылғаныңды құттықтаймын!
Елемес күледі. Илья дәрігердің қолын ұстап тұрып:
— Сізге барлық шахтерлер атынан алғыс айтамын! — деді.
Дәрігер жүзі жарқын, қуанышты.
Илья Елемеске қарап, жауырынынан қақты.
— Кәне, Елемес, машинаға мін.
Елемес машинаға бір қарады, Ильяға бір қарады, біраз тұрып қалды. Түсінбеушілік, таңырқаушылық. Бір уақытта бетіне қуаныш жүгірді. Екеуі машинаға мінді Машина гүрілдеді, бұрылды, жолға түсті, зырылдап ала жөнелді. Сол күшімен Шымырбектер барарына келді. Тоқтады. Селкілдеп тұрып гүріл! басылды. Илья мен Елемес секіріп түсіп.
— Жүр — деді Илья.
— Сіздің үйге ме?
— Жоқ, біздің үйге...
Елемес тоқтап қалды. Ойламаған жерден жағдай, түсінбеушілік, таң қалушылық Елеместің бетінен, көз қарасынан көрініп-ақ тұр.
— Менің үйім бұл арада емес, жалпы баракта.
— Жолдас Елемес, сіздің үйіңіз осында, жүріңіз.
Жүрді, ішке кірді, құлыптаулы есік. Илья қалтасынан кілт алды. Есікті ашты.
— Кіріңіз.
Елемес таңырқаған күйінде ішке кірді. Жан-жағына қарады. Әдемі бөлме, төрде кровать, үстінде қызыл көрпе. Жастық, терезеде ақ сұрып. Еден менің қызыл сырлы. Сары шкаф, айна, стол, орындық...
— Илья кіріп, күліп тұрып:
— Жолдас Елемес, үйіңізге кіруге бола ма? — деді. Елемес қимылдамай тұр. Әлі түсінбеуде, таң қалуда.
— Сіздің үй осы. Алдыңғы қатардағы екінің Елеместің үйі осы.
Елемес әлі қимылдамай, мелшиіп қатып тұр. Әлі түсінбеушілік, таң қалушылық, қайтерін білмеушілік.
— Мына үй жабдықтары кімдікі?
— Олар да аздан, ең алдыңғы қатардағы екпінді болғандығыңыздан, сізді үй жабдығымен сыйлағанбыз — деді Илья.
Елеместің бетінде әлі түсінбеушілік, дағдарушылық.
— Менің үйім жалпы баракта...
Елемес даусын әлсіз шығарды.
— Жоқ, сіздің үйіңіз осы, маған-шахты бастығына сенбейсіз бе?
Бір уақытта Елеместің жүзінен жұмбақтық, түсінбеушілік, таң қалушылық, дағдарушылық жоғалып олардың орнын қуаныш, бақыттылық, көңілділік, анықтық, сергектік, көтеріңкілік әсері басты. Барлығы денесінен, бетінен, көзінен көрініп тұр.
(Өзінен өмірі де қорқыныштан, жұмбақтан, жалығудан, түсінбеушіліктен, жоқтықтан қуанышқа, бақытқа, жігерге, қуатқа, құрметке атаққа айналған жоқ па.)
Кенет Ильяның қолын ұстап алды. Ильяны құшақтап сүйіп алды. Илья да қуанышты.
— Сен еліңнің атақты, құрметті ұлысың, сен социализм үшін басын құрбан қылатын ұрпақтансың... — деді.
Осы уақытта Елемес ұстап тұрған Ильяның қолын тастап жіберді, кейін ішінен, бетіне сескенушілік, қауіп, ренжушілік, күйзелушілік қайтадан пайда болды. Төмен қарады. Мойнын төмен түсірді. Қимылдамады.
Илья да таң қалып тұр. Түсінбеді бетіне дағдарыс, не істерін білмей сасушылық.
— Елемес, саған не болды?
Елемес үндемеді.
— Елемес басыңды көтерші.
Елемес жай басын көтерді. Аянышты түрде Ильяға қарады. Жай ғана:
— Илья, кешір, мен сендерді алдадым! — деді.
Илья шошып кетті.
— Неге?
Елемес жай ғана:
— Мен үй беруге де. құрметтеуге де тұрмаймын, мен ризамын, үйлеріңді қайтып алыңыздар.
Илья Елемеске салмақты сұсты көз қараспен қарады:
— Неге?
Елемес төмен қарап тұрып:
— Мен тек... жай ғана...
Не дейсің?
— ...Тек... намысқа шыдай алмай екпінді болған ем.
Ильяның бетінен қауіп кетіп, тынышталайын деді.
— Мен намысқа шыдай алмай, мазаққа қалмайын деп жоспарды үш жүзден орындап жүрдім...
Илья енді күлейін деді күлді.
— Осы ма алдағаның?
— Осы.
— Енді өзің қалайсың?
— Енді түсіндім, бәлкім, не үшін күресетінімізді білем.
Илья күліп тұр. Елемеске қолын берді.
— Мен саған ризамын, Елемес!
Елемес қайтадан қуанды. Көзі жайнап кетті, бетіне күліп жүгірді. Қолын жайып Ильяны құшақтап сүйіп-сүйіп алды.
Сол уақытта есіктен Лиза кіріп келді. Лиза жүгіріп Елеместің қасына келді. Елемес құшақтап сүйіп-сүйіп алды. Есіктен Шымырбек кіріп келді. Екеуі құшақтасып біраз тұрды. Елемес жүгіріп айнаға барды. Айнадан гүл жайнаған қуанышты бетін көрді.Өмірі жалығып, зерігіп қамығып, қабағы салынып жүретін. Елемес бірінші рет бақытын еміреніп таныған жоқ па? Бірінші рет қуанған жоқ па? Оның мінезі өзгерген жоқ па? Мына жайнаған кез, қуанышты жүз, қимылдаған дене, бақытты күлкі. Елеместен бірінші рет көріп отырған жоқпыз ба?)
XXV тарау
Түн. Комсомол барагы. Барак есігінің маңдайшасында «Үлгілі комсомол барагы» деген жазу бар. Баяғы Қасым, Ілияс, Қали, Гришалардың бөлмесі. Осы шынымен сондағы қора сияқты, былық, суық бөлме ме? Қараңызшы, пеш орнатылған, қызарып менің көмір лаулап жанып жатыр. Терезе екі қабатталған, тарғыл штор ілінген, үйдің іші аппақ бес төсек, әдемі жиылған, жаңа одеялдар жабылған, ақ жастықтар. Қызыл шүберек жабылған екі стол, бірінің үстінде патефон, бір кірпік жоқ. Электр шамы. Үй жап-жарық. Есік жақта көңілді. Үлкен сары шкаф, айна...
Этажерка. Онда қап. Қабырғада сағат шықылдап тұр. Үйдің ортасында Қали тұр. Аяғында сары бәтеңке, үстінде әдемі костюм, шашын әдемілеп тараған. Бұл бүгін үйге дежурный.
Үйге Ілияс кіріп келді. Үстінде қара костюм, мойнында жібек көк галстук. Кіре галошын киіп, жоғары шықты. Қали одырайып қарап тұр. Бір уақытта:
— Жолдас, Ілияс! — деді.
Ілияс жалт қарады.
Салмақты түрде Қали:
— Бері келіңіз!
Ілияс келді.
— Ана галошты киіңіз!
Ілияс аузын ашып, түсінбегендей галошын киді.
Қали салмақты, маңызды түрде:
— Ауызғы үйге ішінен келіп кіріңіз — деді.
Ілияс шығып кетті. Галошын тастап келді.
— Бұйрығыңыз орындалды! — деді көзін жыпылықтатып тұрып.
Есіктен Есентай кіріп келді.
Үстінде жағалы пальто, аяғында әдемі бәтеңке, галстук. Ән салып кірді :
— Әлеу-ләй-әли.
Гакку-гакку...
Келіп пальтосымен төсегіне аунай кетті.
Қали ала көзімен қарады.
— Бе келіңіз!
Есентай ұшып тұрып, Қалидың қасына барды.
— Пальтоны шешіңіз.
Ілияс күле қарап тұр. Есентай үндеместен тұр.
Қали салмақпен:
— Анаған барыңыз!
Есентай бұққан адамдай, пальтосын алып қасына барды. Бағынышты адамдай «енді не бұйырасыз» деген көз қараспен абайлап қана Қалиға қарады.
— Біл! — деді Қали өкімді дауыспен, қолымен нұсқап қалып.
Есентай еді көзінің астымен әлі қарап тұр.
— Болды — деді Қали командирдей-ақ.
Есентай білдірмейін деген кісідей көзін Қалидан айырмай жай басып төсегіне кетті. Төсегіне тағы аунай кетті. Қали қасына жетіп барды. Желкесінен ұстап:
— Өзің не қылған мәдениеттісің?
Есентай қарғып тұрып, әскери құсап қалшиып қатып қалды. Қали салмақпен қатты:
— Төсекке киіммен аунауға болмайтынын білесің бе?
Есентайдың кірпігі тез-тез жұмылып, көзі жыпылықтап кетті.
— Менен бір білместік кетті...
Есентай стол жаққа кетті..
— Мына костюмді аунауға сыйлаған жоқ қой, онан соң, қыры кеткен соң не сұлулығы қалады? — деді Қали.
Біреу өлең айтып келе жатыр.
Ішке кірді. Қасым екен.
Галошын да шешпей, пальтосымен, кепкасымен тура төсегіне қарай тартты.
— Шаршап зорға тоқтапсың...
— Ой, сабаз-ай, пай, пай, пай...
Төсегіне келіп галошымен, пальтосымен ауна кетті. Қали, Ілияс, Есентай үшеуі бірден айқай салды.
— Бұл не деген мәдениетсіздік!
Қасым басын көтеріп алды. Қабақ түйіп тұрған Қалиды көрді. Есентай мен Ілиясқа қарады. Онан соң өзінің пальтосына, аяғындағы галошына қарады, аузын ашып тұрып, аяғын жоғары көтерді.
Содан кейін қарғып тұрды.
— Балалар, менен бір білместік кетті. Кешіріңдер, мақұл ма?
— Сенің мына қылығыңның қасында, менің істегенім әп-әдемі екен ғой — деді Есентай көтеріліп.
Қасым жауап күткендей қалшиып тұр.
— Неғылып тұрсың енді, істеріңді істеп болғасын? — деді Ілияс. Қасым жүгіріп далаға шығып, галошын шешіп, үйге іріп пальтосын, кепкесін шешті.
Есентай патефонды ойнатты.
Есіктен Гриша кіріп келді, пальтосын ілді, қолында ораулы кір көйлегі бар.
Пластинкада фокстрот.
Гриша еденді тарсылдатып билеп ала жөнелді.
Оған Қасым қосыла бергенде, Қали: мені-Әй, мыналарың не? — деп айқай салды.-Қасым жалт қарап жалтарып:
— Е, бәсе мынауың не? — деп Қалиға қосыла кетті.
Гриша сасып:
— Енді жоқ, әдет бойынша... — деп күбірледі.
Патефон ойнап жатыр. Скрипка, лирикалы күй тартты. Гриша төсегіне барып еңкейіп, қолындағы кір көйлегін кроватының астына ырғытып-ақ жіберді.
Постыда тұрған милиционердей-ақ Қали жетіп келді.
— Алып бері кірші!
Гриша аузы ашылып қарап қалыпты, еденін төсектің астынан алып берді. Қали оны апарып шкафтың астыңғы тартпасындағы басқа кірлерге қосып қойды.
Гриша артынан қарап тұрып:
— Қали, кешірерсің, мен ойламаған жерден... — деп жалынғандай болды.
Патефон баяулап келіп тоқтады:
— Шүберектің «Музыкалық моменттерін» ойнатшы — деді Ілияс.
— Бетховенше ойнат — деді Қасым.
Есентайға келе жатқасын Қали:
— «Ұйқыдағы арудан» ойнат! — деп айқай салды.
— Айқайлама!
Қали аузын алақанымен баса қалды.
Төсегінен тұрып Гриша:
— Дежурный да білместен кетті екен-ау! — деп мысқылдады.
Есентай қолын көтерді.
— Сендер музыканың дәмін білмейсіңдер, міне...
Сахнада айтып тұрғандай маңызданып, галстугын ұстап, тамағын кенеп:
— Федорге «би», «Щелкунчик» балетінен, музыка Чайковскийдің, дирижер Есентай! -Есентай қолын шапалақтады, барлығы да қол соқты.
Музыка сарнап ала жөнелді.
Бәрі қатар тұр. Барлығының үстінде де жаңа костюм, галстук, әп-әдемі барлығы да өрімдей. (Тек осыдан екі сағат бұрын шахты астында бет-ауыздары күйе болып, көмірмен араласып жүргендер осылар деуге қалай сенесіздер.)
Есіктен Лиза кір келді.
Қали алдынан шығып, Лизаға: «Кейін айналып түсіңіз» — деді Лиза таң қалып кейін айналып түсіп.
— Далаға шығып, есікті қағып кіріңіз!
Лиза білдірмей езу тартып күлді. Далаға шығып есікті қақты. Іште Қали:
— Кіріңіз — деді.
Үйге кірген Лизаның қолын Қали ұстады.
Қолына қарады.
— Егер мен гимназист болсам, қолыңызды сүйіп алар ем — деді.
Лиза жайдары, қуанышты күліп тұр.
— Гимназист болмай, дежурный болғандықтан тәртіп сақтап жүрмін де.
— Бұл бүлдіреді, Лиза, бұл командир оқып, қиялданып жүр. Мұнымен сөйлеспеңіз, бері маған келіңіз — деп Есентай Лизаның қолтығынан ұстап ала жөнелді.
Қали жібермеді.
— Жолдас Есентай, дежурныйға бағынасыз ба, жоқ па?
Лиза қарады.
— Лизочка, далаға шығарып, есікті қақтырып кіргізіңіз, тәртіп солай! — деді.
,..Жер барактың іші. Әйел мен баласы. Сүлеймен отыр.
Сүлеймен тұра келді.
Етегінен жабысты, еңіреп, жылап жіберді.
— Құдай-ай, құдай? Өлген әкеңнің жалғыз інісі!
— Кімге ұстап бермексің, ойбай-ойбай!
Сүлеймен жұлқынып кетуге айналды.
— Ақ сүтімді көкке сауам!
Әйел омырауын жыртып жіберді.
Сүлейменде түс жоқ. Қайтып барып, солғын түрде, төсекке отыра кетті. Түсінде күйзелгендік, дағдарғандық, екі ойлы, әpi-cәpi болғандық. Үрейі жоқ, сұп-сұр. Көзі аларып шығып кетті.
Төмен қарап қозғалмай отырып қалды.
Далада түн. Жерде қар. Алыста келе жатқан машинаның екі көзі, гурілдегені естілді.
XXVI тарау
Шахты құрылысының клубында жиналыс болып жатыр. Толы адам. Стол басында Алексей, Шектібай, Ермек, Айдар, Ұлболсын, Аркаша отыр. Одақ ұйымының бастығы Жұмат ұлы сайланғандарды жариялап тұр. Музыка. Сол жиылыстан мына бір кесілді.
Жұмат ұлы:
— Ең соңғы, Ермек Қойшыбай ұлы, маңдай алды екпінді, нормасын 200 процент орындайды. Шахтыдан газ шыққанда ерекше ерлік көрсеткен, костюммен сыйланады!
Қатты қол соғу, айқай. Музыка тартылды. Ермек сахнаға шықты, сыйлығын алды, Жұмат ұлының қолын алды. Қатты қол шапалақтау. Ермектің түсі солғын, бір нәрсе айтайын деп тұрды, қолын көтерді. Шапалақ соғылды. Ермек айта алмай түсіп кетті.
Жұрт тағы тынды.
Шектібай орнынан тұрды. Залға біраз қарады.
— Жолдастар, осымен құрметтеп мәжіліс жабылды, сенің ойың болады. Ол жөнінде сөз комсомол ұйымының хатшысы Мырзашқа беріледі — деді. Айқай, у-шу, қол шапалақтау.
Мырзаш орнынан:
— Ойын өзіміздің драма туралы қойылады. Ойынға қатысатындар өзіміздің драма үйірмелерінің мүшелері — деді.
Сахнаның артында, оңашада Аркаша мен Ұлбосын сөйлесіп отыр. Аркаша Ұлбосынды құшақтап отыр. Аркаша Ұлбосынның ернінен сүйіп алды.
Ұлбосын назданған түрде:
— Қой, бояуы бар — деді.
Мырзаш келді, Ұлбосын ата жөнелді. Мырзаш күлді.
— Мені білмейсің ғой дейсіңдер ме? Мен тойларыңның қамын жасап жүрмін — деді.
Қараңғылық қоюланып барып түн болды.
Гудок айқайлады. Алексей жиылыстан шығысымен парткомге кетті. Кітап оқып отырды. Біраз уақыттан кейін Шектібай келді. Үңіле қарады.
— Неғып отырсың, Алексей?
— Жұмыс деп жұрт, көркем әдебиеттен қол үзіп бара жатырмыз... «Петр біріншіні» оқып жатырмын — деді.
Осы уақытта есік ашылды. Ішке Ермек кірді. Tүсі қашқан, мойны салбырап, қолына сыйлыққа алған костюмын ұстап тұр.
Шектібай:
— Ермек! Неғып жүрсің? — деді.
Ермек жақындай түсті. Басын көтерді.
— Шырақтарым, мына сыйлықтарыңызды қайтып алыңыздар...
— Неге? — деді екеуі де.
— Менің сыйлық алатын жерім жоқ еді..
— Неге? — деді тағы екеуі де.
Ермек біраз мүдірді.
Костюмды стол үстіне қойды да:
— Мен жаздың күні магазинде барқыт көрдім, сат деп едім, екпінділерге ғана деді. Мен сол барқыт үшін екінші болып едім.
Ермек тағы біраз үндемей тұрды.
Ермек тұрып қалды, ештеңесін айтпады. Шектібай да, Алексей де езу тартып күлді. Алексей Ермекті құшақтай алды.
— Ақыры түсіндің ғой? — деді.
— Түсіндім...
— Келешекте өседі ғой — деді Шектібай.
Ермек нығытып:
— Өсіп, еседі де — деді.
— Ендеше болыпты — деп Алексей күлді.
Ермек жаңа ғана басын көтерді, күлді, риза болып тұрған бастықтарын көрді. Көзі жайнап бетіне қуаныш жүгірді.
— Қолыңды берші! — деді Алексей. Ермек қолын берді, екеуі қол алысты. Ермек күлді.
XXVII тарау
Ертеңіне сағат онда Шектібайдың кабинетіне асхананың официанты келді. Шектібайдың алдына үш қабат табақ қойды, астында борщ, ортасында картоп пен ет. Шектібай шетінен көріп, қасықпен араластырып дәмдерін татып жатты. Осы уақытта есіктен Алексей мен қалалық партия комитетінің хатшысы кіріп келді. Хатшы аңырайып тұрып қалды.
— Сіз кеңсеге тамақ алдырып ішіп отырсыз ба?
Шектібай күліп жіберді. Хатшыға қолын ұсынды. Қол алысты. Хатшы әлі таң болып қарап тұр.
Шектібай құлшынысын басып:
— Жоқ жұмысшылар шетінен асхана тамағын тексеріп жатырмын. Осылай күнде көріп тұрмасаң, тамақты сұйылтып жібереді.
Хатшы да күлейін деді. Алексей екеуі отырысты.
Шектібай официантқа:
— Жарайды, жаман емес, апара бер — деді, Официант ала жөнелді.
Шектібай ойланып тұрды да:
— Сіздер шахты жаққа бара беріңіздер, мен өзім асханаға барып қазаннан көрейін, повар мені алдаған жоқ па екен? — деді.
— Мақұл, оныңыз тіпті жақсы екен, біз бара берейік, сіз сол жағынан ораласыз — деді хатшы.
Шектібай қағазын жинастырып қалды. Екеуі далаға шықты. Сонау үлкен құрылыстарға қарай жүрді.Шахты құрылысының төбелерінен түтін бұрқырап жатты. Қозғалыс, қимыл, адам дауыстары, трактор дауыстары... алыстан үлкен темір мұнара көрініп тұрды. Басында үлкен дөңгелектері бар.
Қалалық партия комитетінің хатшысы, Алексей, Шектібай, Рақмет, Мырзаш, трест бастығы, трестің бас инженері, Жұмат ұлы-барлығы шахтыға түсетін киім киген. Шахты комбинатының ішін аралады.
Цемент еденді тарсылдатып болашақ ламповой, контора, механикалық мастерской, темірші, балташы, кладовой, монша және басқа үйлерді аралады. Бұлар темір сатымен жоғары көтерілді.
— Эстакатқа барайық — деді Рақмет. Бұлар эстакатқа барды.
Эстакаттың төбесінен төңірек әдемі көрінді.
Жан-жақтың бәрін үлкен-үлкен құрылыстар қаптап кеткен.
Паровоздың гудогі айқайлады. Жан-жақтан тынбай шығып жатқан дыбыстар, ат айдаушылардың айқайы, жүздеген арбамен топырақ, тас келіп жатыр. Арбаның шиқылдауы, аттың ауыздық шайнауы, трактор жүрісі.
— Қане шахтыға түсейік — деді Алексей. Бұлар клетке отырды. Стволшы бұларға шам берді, электр қоңыраудың түймесін басып қалды. Әдет бір кетеді де, төмен сырғи бастады, бара-бара тездеп сырғыды. Ортасына келгенде Рақмет шамын көтерді. Стволдың цемент құдығының сары-қоңыр қабырғалары көрінді. Қабырғалар су тамшыларымен торланған. От жарығы түскенде меруерттей жылтырады.
Ең соңғы гаризонтта клет тоқтады. Клет жұмсақ түрде жүрді де, теуіп тоқтады. Ствол электр жарығымен күндізгідей. Клеттен шығып бірнеше темір жолдар кеткен. Бұл жолдарда қозғалмай темір вагондар тұрды. Вагондар жаңа, қап-қара боп боялған, электр жарығымен жарқылдайды.
— Біз сіздерге енді дайындалып жатқан пластыларды, құрылған машиналарды, шахты штректері жайылған, таралғанын көрсетеміз — деді Шектібай.
Бұлар жүгіріп келеді.
— Шахтының ішкі құрылысы жаңадан ғана құрылып жатыр. Механизмді жинап жатырмыз — деді Рақмет.
Электр жарық болған штректерде, алыста жер асты жолы созылып жатыр. Алыстан штректер жиіленіп, содан жердің электрлері де көрінбейді.
Бұлар темір бетон креппен тігілген штрекпен келе жатыр. Бетонды штрек поезд ететін туннель сияқты. Төбесі дөңгелектелінген ұзын коридор.
Рақмет, Алексей, Шектібай алда келе жатыр. Бақыттылық жүздерінен көрінеді. Қалалық партия комитетінің хатшысы енді Рақметпен қатарласып келе жатыр.
Бұлар солға бұрылды. Коридордың сол жағындағы тар аузына кірді. Енді ар жағында электр проводасы жоқ. Келіп үлгірген жер осы.
Бұлар енді коридорды кейбіреулері темір шпалдарға сүрініп, қараңғыда келе жатты. Адамдардың басқан қадамы тыныштықты бұзды.
Бұлар забойға келді. Пластаны көрді. Қол шам жарығымен қара көмірлер жалт-жұлт етті. Шамды көтерген сайын ұлы пластаның шам жарығымен жалтыраулары бір шеттен бір шетке жүгіріп,бірімен бір соғысып, ұсақ жұлдыздарша бөлініп, сынап тамшылары құсап кетті.
Ешкім дыбыс шығармады.
Шектібай шамын сол жаққа бұрды. Забойдың қараңғылығында жатқан екі машина көрінді Майланған, жалтырайды. Бұл көмір кесетін машиналар...
— Мыналар әнеукүні келген машиналар ғой — деді қалалық партком хатшысы.
— Я, өзіміздің кеңес шыққан — деді трестің бас инженері.
Одан кейін ешкім сөйлемеді.
Бұлар қайтты.
Электр жарығымен күндізгідей болып тұрған орталық штрекке тағы түсті.
Рақмет тоқтады.
— Міне, онда да осындай пласта бар.-Бұдан жүз метр төмен, тағы осындай горитарым зонт болмақшы — деді.
Барлығы клетке келді.
Жүздері қуанышты.
Красный Шектібайға қарап:
— Кісі қуанғанда сөйлеуге сөз таба алмай қалады екен ғой. Мен әнеукүні түскенде штрек жаңадан ғана басталған еді — деді.
Алды клетке міне бастады.
— Былтыр кейбіреулердің Рақметке сенгісі келмеді — ау — деді тағы Красный, қатар тұрған Рақмет ұялып төмен қарады.
Рақмет:
— Донбас инженерлері трестің бас инженері Иван Михайлович болмағанда, тіптен қиын болар еді. Техник, тәжірибелі, теориялық көмегімен, басшылығын күнде беріп отырды. Тек сол кісінің арқасында...
— Рақмет, өз бағаңды да арзандатпасайшы — деді трестің бас инженері күліп.
— Әңгіме партия басшылығының мықтылығында Алексейдің осында ұйықтаған күндері де болды ғой — деді Рақмет. Алексей клетке мініп қойған екен, қалғандары да барып мінді.
Қалалық партия комитетінің хатшысы Шектібайға:
— 1-Майда ашылады ғой?.. — деді.
— Сөзсіз — деді Шектібай.
Бұлар сыртқа шықты. Биікте тағы тұрды. Төменнен шыққан дыбыстар естіле бастады. «Тағы да, әуп, тағы да!» — деп айқайлап жатты. «Тағы да, әуп, тағы да!» — деп айқайлап жатты. «Бір-екі, әуп, тағы да!»
Әне бір жерде үй төбесінен ақ бұлт-бу көтерілді. Бұл бар еді көбейді. Фонтан құсап бір жігітке пар атқылады, гудок айқайлады. Киімін жырта, құрылыс үстін дыбыспен толтырды. Бұлар төмен түсіп, конторға кіріп, өз киімдерін киді.
XXVІІІ тарау
...Шахты асты. Негізгі штректің он жақтағы еңбектеп жүретін лаваның жоғарғы ең түбінде, үңгірде, бес адам шамдарын крептерге қойып, көмір шауып жатыр. Штректен сырылдаған вагон дауыстары бұларға естілмейді Шақ-шақ шабылған қайла даусы далаға жарыққа шыға алмай қабырғаға соқтығып, көмір сияқты опырылып, ұнтақталып жерге түсетін сияқты. Опырылған, уатылған көмір шахтерлерді тізеден көмген. Бейсен шахтер шетте шауып жатыр. Қасында Сүлеймен көмір күреп отыр. Қали мен Шымырбек ортада қатарласа қайла шауып жатыр. Қайла көмірге қарш-қарш тиеді. Гриша шамын мойнына іліп, жеңнің ішіндей пластамен штрекке қарай еңбектей жөнелді. Көпке дейін шамның жарығы көрініп бара жатты. Бір уақытта тіпті көрінбей кетті.
Негізгі штректе Айша келе жатыр.
Шымырбектер жүрген лаваның аузына келіп, Айша тұрды. Еңкейіп лаваға қарады. Алыста от жылтырап біреу келе жатты. Айша қуанышты. Шамның жарығымен көзі ұшқынданып жайнап тұр.
— Шымырбекке барсам ба екен? — деді ішінен.
Лаваға қарап ақырын:
— Шымырбек! — деді. Аузын қолымен жаба қойды.Өзінен-өзі ұялды.
— Барайын — деді Айша.
Лавамен еңбектей ала жөнелді. Қарсы келе жатқан адам жақындап қалды. Екеуі есік пен төрдей жақын келді.
Айша:
— Гриша! — деді.
Гриша:
— Айша — деді.
Осы уақытта бір нәрсе сықырлады. Ә дегенше болған жоқ, Гришаның, жанындағы стойка шырпы құсап ортасынан қақ бөлініп кетті.
— Айша! — деді Гриша.
Онан соң Гришаның үстіне лава құлап кетті. Гришаның басынан, қолынан басқа жері породамен көмілді. Лава іші сықырлап, дүрсілдеп кетті.
— Бері қарашы, Айша! — деп біреу арт жақта айқай салды. Айша қозғала алмай қатып қалды. Айшаның алдына төбеден саулап су топырақ құйылып жатты.
— Қаш, Айша! — деді үрейленген дауыс арт жақтан.
— Ойбай! — деді Гриша.
— Қаш, — деді арт жақтан.
Бірақ Айша ес-түсін білмей алға ұмтыла түсті. Сырғанап барып Гришаның қолынан тартты, жұлқыды...
Штрек жақтан: Менің-өлдің. Айша, қаш! Қаш! — деді қорыққан, үрейленген дауыстар.
Бірақ Айша жанталасып Гришаны өзіне тарта түсті. Көміліп қалған Гриша қозғалған жоқ.
— Гриша! — деді Айша бар даусымен шыңғырып...
— Айша, ойбай өлді! Қаш! Қаш!
Штректегілер шулап азан-қазан болды. Айшаның көрер көзге жер астында қалып бара жатқаны жанның бәрін безектетті.
Айша Гришаны тағы тарта бастады. Осы уақытта стойка да сартылдап сынып, жер жарылып гүрс етті. Гришаны да, Айшаны да лава басып қалды. Олар тұрған жердің тесігі бөгеліп, лава жоқ болып, жермен-жексен болып кетті.
Шымырбектер осы уақытта үрейленіп, тыңдай қалысты. Қайлаларын тастап жіберді. Штрек жақ гүрілдеп астан-кестен болып кетті. Әдетінде құм құсап суылдап құйылған дыбыс естілді. Онан соң тау жарылғандай гүрс-гүрс етті. Стойкалар бытырлап сынып, топырақпен көміп жатты. Үш шам қатарынан сынды. Гүрсілдеп порода құлап жатты. Бұлар артқа қарай домалап түкпірге тығылды. Дыбыс жоқ, бірі ат үстінде бірі жатыр. Лаваны басына көтерген гүріл тіптен жақыннан шықты. Бәрі үндеместен қатып қалысты. Жер селкілдеткен гүрсіл қояйын деді. Бір жерде төмен құлаған су құсап, порода құйылып жатты.
Құлаққа ұрған танадай тыныштық.
— Енді қойған шығар — деді ақырын, тіптен ақырын Бейсен даусы дірілдеп. Барлығы да бағанадан бері тұншығып, булығып, жаңа ғана дем алғандай болды.
Бірақ қайтадан бір-біріне тығыла түсті.
— Қимылдамаңдар! — деді Бейсен. Өзі шамды қолына алып, жай еңбектей бастады. Бір қозғалып бір тоқтайды. Бес қадам жерге барды. Шамын көтеріп қабырғаларды көрді. Арттағылар қимылдамайды, демдерін ішінен алады. Қали сыбырлап, ентігіп:
— Гриша қайтты екен? — деді, ешкім жауап берген жоқ. Бір-біріне тығыла түсті. Бейсен еңбектеп құлаған жерге келді. Шамын көтеріп қарады. Лаваның жеңнің ішіндей тесігі көміп, жоқ болып бітеліп қалған екен. Бейсен қайтадан қайтты.
— Біз далаға шығатын жол тіптен көміп қалыпты — деді Бейсен.
Ешкім жауап қатқан жоқ.
— Кемінде 70-80 метр жер отырып қалуы керек — деді Бейсен.
Ешкім дыбыс шығарған жоқ.
— Неге үндемей қалдыңдар? — деп Бейсен айқай салды. Бірақ жауап болмай, өзінің даусынан өзі қорқып жолдастарын құшақтап отыра кетті.
XXІX тарау
Шахты аузында үймелеп бір топ адам тұр. Ортасында шахты парткомының жаңа келген хатшысы, Әліп, Төлеп, тағы басқа шахтерлер.
Шахты астынан бас инженер болған Кулевакин шықты. Жанның бәрі соған қарады. Кулевакин саспай, маңыздана басып ортаға келді.
— Қане, не дейсің? — деді партком хатшысы. Инженер келіп ізденген адамдай солғын түрде:
— Меніңше, құлаған жерге жолауға болмайды — деді.
Хатшы қабағын түйе қарады.
— Сеніңше, тірі адамдарды елім қолына беру керек екен де.
Кулевакин сасып, қипалақтап:
— Жоқ, мен тек фактыны айтам. Лава қауіпті
Біреуді ескермей жүріп, басқа біреуді өлтіріп алмайық деймін, лава тисең құлайын деп тұр — деп сумаң-сумаң етті.
Асыға басып Лиза келді.
Кулевакин енді қауіптің бетін қайтарып, күш жинап алып:
— Лаваның қауіптісі бір болса, екіншіден, сексен метрдей жерді аршығанша көп уақыт бар, ол тағы жардайсыз — деді.
Ентелеп Лиза ортаға кірді.
— Менімше, ешқандай қауіп жоқ. Бұл бас инженердің қиялы. Креп қойып, арши беруге болады. Құлайтын жер құлап болған — деді Лиза байқаусызда араласып.
Жанның бәрі Лизаның аузына қарады.
— Құлаудың алдында екінші-учаскеге барып сол заваға енді. Байқағанда қауіпті екі жерді көріп, лаваның ауыз жағында, бірі түп жағында. Бұл араларда креп те сирек екен. Мен де барып Әліпке айттым, содан кейін құлады дегенді бір — ақ есіттік. Сонан соң 80 метр емес, 20-дан аспайды — деді Лиза.
Бұл лава анада біраз құлаған. Кеше инженер. Кулевакин көріп, енді қауіпті емес, тазалатып істеу керек деген — деді.
— Әңгіме бас инженерде екен ғой... Қане, команда неге келмей жатыр? — деді хатшы.
— Қазір келеді Ильяның өзі кетті ғой — деді Төлеп айқайлап.
Команда келді, алдында Илья.
Арқаларында аппараттарының ауыр болат бөтелкелері. Қарақошқыл брезент костюмдері бар. Команда шахтыға түсті.
Илья хатшының қасына келді:
— Мен шахтыда қалғандардың үй ішін барып жұбатып, жылап әуре болулары мүмкін...
— Тіптен жақсы, мен де саған айтайын деп едім — деді хатшы.
Лиза келіп қалды, хатшы шахтыға түсті.
XXXI тарау
Бейсен, Қали, Шымырбек, Сүлеймен төртеуі жалғыз шамды қоршап отыр. Бейсен басын көтеріп алып:
— Шырақтарым, елімнен де қорықпау керек, өлсек орнымызды басатыңдар кеп.
— Гриша өлді ме екен, қайтты екен? — деді қамығып Қали.
— Біреудің қамын жейсің, өзің өлейін деп отырып — деді Сүлеймен.
Бейсен қатты:
— Қойыңдар, бізді өлтірмейді аршып алады — деді.
— Бәсе, Гриша өліп қалды ма екен? — деді төмен қарап отырып Шымырбек.
Біраз тыныштық болды. Бейсен күлімсіреді.
Қалалық партия комитетінің хатшысы телефонмен сөйлесіп отыр.
— Қане не болды?
Сөйлесіп отырғаны шахты партия комитетінің хатшысы.
— Екі тәуліктен бері тынбай қазып жатырмыз
Қалалық партия комитетінің хатшысы:
— Үй іштерімен жиі сөйлесіп, қорқыныштарын басып тұрсыңдар ма?.. Жақсы. Онан соң Бейсеннің үйін әлі ремонттаған жоқсыңдар ма? Тездету керек. Екінші барактарының алдына қоқыр салатын орнаттыңдар ма?
Шахты комитетінің хатшысы:
— Орнатылды.
Қалалық партия комитетінің хатшысы:
— Буфеттеріңе тағы бір сатушы алдыңдар ма?
Шахты комитетінің хатшысы:
— Алдық, ширет жойылды.
Қалалық партия комитетінің хатшысы:
— Төлептің баласы жөнінде Орталық газеттерге жаздыңдар ма? Жақсы, Төлеп қызы жөнінде жылауын қойды ма?
Шахты парткомы:
— Қойды, алдыңғы қатарлы екпінді болды. Жақында жаңа пәтер берді, хат танып қалды.
Қалалық партком хатшысы:
— Наряднаяны жылыттыңдар ма? Дұрыс...
— 7-бригадирдің жұмысын тексердіңдер ме?
— Дәуір ұлы ең артта келе жатқан бригаданы шақырып алып, өзін уақытша бригадир деп жариялапты. Бригадирге: Менің бригаданы басқару, істеу жұмысын үйрен деді. Алты күнде бригада олқылықтан шығыпты. Бригада Дәуір ұлының әдісі, әрбір нұсқауын қағып алып, үйреніп осы күнде алдыңғы қатарда... я... жақсы.
Шахты партком хатшысы:
— Шахтымыға бас инженерлікке Лизаны ұсынамыз деп тұрмыз. Біздің Лиза да Дәуір ұлынан кем емес (күледі).
Қалалық партком:
— Жақсы, бұл табылған ақыл. Лиза Дәуір ұлын біле ме екен? Тәжірибе ауысуды күшейту керек. Мақұл, қош. Қазуды тездетіңдер.
Түн. Ай қараңғы. Баяғы қасқыр келе жатыр.Өзінен-өзі езу тартып күледі.
— Жүгірмектің шахты астында қалғаны тәуір болды, қорқып жүр едім... — деді ішінен...
Жүріп келе жатыр. Қонышынан үлкен пышақты суырып алып, көріп қайта тықты. Рақметтер барагына келіп, сыртын айналып кетті.
Рақметтің үйінде Рақмет пен Алексей отыр. Менің Алексей Рақметке қадала қарап:-Осы сенімен Вознесенская бір-бірін сүйген екенсіңдер, бір жарым жылдан бері болмашы себептермен түсінісе алмай жүрген көршісіңдер. Бұл түкке тұрмайтын романтика ғой.
Рақмет ойланып төмен қарап отыр.
— Ол басқа біреуді сүйетін болыпты.
— Сүйсе не дейсің? Не деп өкпелейсің? Біреуді сүйсе қой дей алмайсың ғой.
Рақмет басын көтеріп:
— Алексей, онда мен қойдым...
Айтарын айтты да ернін тістеді. Көзі аларып кетті. Үріп ұшып, қорыққан тәрізденді. Басын столдың үстінде жатқан білегіне сүйеп отырып қалды. Басын жұлып көтеріп алды:
— Алексей, жоқ, олай емес, мен оны сүйем, ешқайда бара алмаймын! — деді.
— Сүймесе қайтесің? — деп Алексей күлді.
— Әйтеуір, сүймейді дегенге сенім келмейді. Төрт жыл бірге оқыдым. Қалайша мені сүймейтін болып қалды?..
— Мәселені анықтау керек — деді Алексей-Мен енді қайтайын, сағат қанша болды?
Рақмет сағатына қарады:
— Үш жарым, мен төртте шахтыға барам.
Алексей орнынан тұрды.
— Жеті түнде қайда барасың? Демал, бәрібір ертең ерте тұрасың — деді.
Рақмет шашын қайырып тұрып:
— Жоқ, бару керек. Алексей кетіп бара жатып:
— Жатып ұйықта, онда адамдар бар ғой — деді. Алексей шығып кетті. Рақмет біраз отырды.
— Шахтыға баруым керек-Орнынан тұрды.
Қараңғы... Шахты асты. Сүлеймен етпетінен түсіп жатыр. Шымырбек тұнжырап отыр. Бейсен төмен қарап шамға қадалып отыр. Қали шалқасынан жатып:
— Гриша қайтіп екен? — деді. Даусы дірілдеп шықты.
Бейсен басын көтеріп алып:
— Балалар, тұрыңдар! — деді.
Қали басын көтерді. Шымырбек тұнжыраған күшінде отыр. Сүлеймен қозғалған жоқ.
— Балалар, елімнен қорықпайық, еңбекшіл. Бірақ ақырғы ойымыздағы сырымызды айтайық. Ең болмаса біріміздің сырымызды біріміз біліп кетейік — деді Бейсен...
Жердің барлық ауырлығы мойындарына түскендей болды. Өмірдің беретін қимылы, ызыңы бұл жер астына жетпеді. Бейсен сөзі есіткен соң, Шымырбек басын көтеріп алды. Сүлеймен орнынан қарғып тұрды. Шымырбек екі шекесін алақандарымен сүйеп, екі аяғын созып жіберіп, төмен қарап отыр.
Бейсен алдына қарап отырды да:
— Мына жалпы іс үшін елуге мен де ризамын біраз жасқа келдім. Осы іс үшін күресем, қызығын көрсетті. Бірақ бір нәрсе маған арман болып бара жатыр.
Мен кеңес съезше арнап соның қарсаңына 20 вагон артық көмір берем деп серт берген ем. Мен еш уақытта сертімді орындамаған адам емес едім. Мынау маған қарыз сияқты. Коммунист тік сертті орындай алмаған сияқты болып кетіп бара жатырмын-ау. Бұл менің төңірекке қатысқан, Қарағандыны қолымен жасаған Бейсеннің атыма танба сияқты.
Үшеуі де үрейленіп Бейсенге қадалды.
Бейсен сол қалпында айта берді.
— Екі-үш күн болды, әйелім ұл тапқан. Той қылып атын қоймақшы едім...
Бейсен біраз кідірді...
— Tіке шыққанда ең бірінші үйреткен сезім Ленин болсын деген едім.
Бейсен Шымырбекке қарады.
Шымырбек көмірді шұқылап отыр. Ернін тістеп отыр. Көзін жұмды. Көзіне Айша елестеді. Онан соң шамға көзін қадай отырып:
— Отан үшін елуге мен де ризамын, бірақ менде бір сыр бар.
Мен Айшаны шын сүйген едім, о да солай сияқты. Бірақ оның мен сүйетін, менің сүйетінімді ол анық білмейді. Біздің сүйетінімізді ешкім сезбеген.
Мен еш уақытта оған «сүйем» деген емеспін, ол маған еш уақытта «сүйем» деген емес. Ешкімге де айтқан емеспіз, ешкім білмейді де. Мен сендерге айттым, енді менде арман жоқ... Мен сүйгенімнен келді деп арман қылмаймын.
Шалқасынан жатқан Қали аяғын жинап алды.
Бейсен Қалиға бұрылды.
Менің-Шырағым сен не айтасың? Қали үндемей біраз жатып:
— Ойпырмай, Гриша қайтты екен? — деді.
Қали қимылдамай біраз жатты.
Сүлеймен басын жұлып алып:
— Біліп қалды дейсің бе?
Сүлеймен сұп-сұр болып, бетінен қаны қашып, дірілдеп кетіп, орнынан қарғып тұрып:
— Біліп қойды ма екен?
Ентікті, демін ала алмады. Жансыз еліктей жерге құлай кетті. Басын қайтадан көтеріп алды. Көзін шамға қадады. Көз алдында қасқыр ұры елестеді «Рақметтің тұқымын, көзін құрту керек» — деген есіне түсті. Сүлейменнің көзінен жас тамшылады:
— Жолдастар, мен бір қылмыс істедім, оны қайтем? — деді жылап.
Қали орнынан қарғып тұрды. Үшеуі де үрке қарасты, Сүлеймен жылап отырып:
— Әкем өлген соң менің шешем бір ұры ағама тиген, сол инженер Рақмет Дәуір ұлын өлтірем деп жүр еді.
Шымырбек көзі аларып шошып кетті.
— Рақмет!...
Сүлеймен жылаған бойымен айта берді.
— Көптен бері тиісті жеріне біріктіре алмай жүріп, бүгін жұмыстан кейін айтармын деп едім шыға алмай қалдық қой...
Бейсен одырая қарады:
— Не дейді мынау? Ойбай-ау, не дейді?!.
— Рақметті соймақшы!
Шымырбек орнынан қарғып тұрды:
— Рақметті?
Бейсен алдындағы бір кесек көмірді аяғымен теуіп жіберді.
— Ойбай-ау, мынау не дейді?!
— Ит болмасаң, өлетінін білгеніңді өзің өлім тұтқынына түспей тұрып неге айтпайсың? Қастық ойлағың келді?
Сүлеймен солқылдап жылап жіберді.
Шымырбек:
— Енді оны өлтіреді ғой — деді.
— Жастайымыздан детдомда бірге өскен едік, жау қолынан өлетін бопты-ау!
Шымырбек жылап жіберді де отыра кетті.
— Өлтіре ме? — деді Сүлеймен.
Ешкім жауап берген жоқ...
— Ойбай-ау өлтіре ме?!
— Жауыз, жеттің түбіне! — деді Бейсен.
— Ойбай, өлтіре ме? — деді Сүлеймен.
Көзі шарасынан шығып, атып тұрды.
— Ойбай-ау өлтіре ме?
XXXII тарау
Түн. Қараңғылық. Алып шахты құрылысына қарай Рақмет келе жатыр. Артында қарайып біреу келеді, оны Рақмет байқаған жоқ. Қарауытқан адам, тездеп басып келеді. Жақындап қалды. Міне, есік пен тердей келді. Міне қонышынан үлкен пышақты суырды. Жеңінің ішіне тықты. Артынан келіп жасырынды.
Сүлеймен кейін шегініп, қабырғаға шынтағымен сүйенді.
— Енді оны өлтіре ме, менің кесірімнен? Жауап болған жоқ.
— Ойбай-ойбай-ойбай-ай.
Сүлеймен жер тепкіледі.
Далада Рақметке пышақты адам жақындап келіп қалды.
Шахты астында Сүлеймен олай да аунады, былай да аунады.
— Ойбай-ойбай, енді қайтем?
Далада пышақты адам арттан келіп Рақметтің арқасына пышақты бір салды.
— Ойбай — деп Рақмет екпетінен құлады. Үлкен жалпақ тасқа басы сарт ете қалды.
Шахты астында Сүлеймен жүгіріп, лаваның құлаған жеріне барды. Барып топырақты тепті.
Далада пышақты адам Рақметке пышақты тағы бір сұқты.
Осы уақытта алыстан бір машина көрінді. Ұры жөнелді. Машина бұрылып кетті.
Шахты астында Сүлеймен:-Ойбай-ау, өлтіріп қойды-ау!!!
Ол жерде жатқан күрекпен топырақты сабалады. Бейсен ентігіп:-Ойпырмай, өлтіріп қойды — ау — деді.
— Өлетінін біліп отырып, хабар бере алмаған жаман екен.
Шымырбек төмен қарап, солқылдап отыр.
— Ойбай-ау, енді қайтем? — деді Сүлеймен.
Күрекпен қабырғаны сабады, төбені түртті.
Осы уақытта жер гүрс етті. Отырған Сүлеймен жерге кіріп кеткендей жер жамылып жоқ болды.
Шахты алып құрылысына баратын жолда бір нәрсе қарайып жатты. Бұл Рақмет... Айналасындағы қар қып-қызыл болған.
Шахты астында Бейсен, Шымырбек, Қали құлаған жерді аршып жатыр. Аршып Сүлейменді алды. Үшеуі де еңкейіп қарады.
— Жап! — деді Бейсен.
Шымырбек үстіндегі пенжегін шешіп Сүлейменнің басын жапты. Бұлар келіп орындарына отырысты.
— Маңдайы төсіне тиіп жатыр — деді күбірлеп Қали.
Жалғыз шам сөнді, енді мүлде қараңғылық басты.
Таң атып келе жатыр. Шахты құрылысына қарай біреу келе жатыр. Бұл-Алексей. Алыста бір қарайған жатыр.
«Бұл не?» дегендей тесіле қарайды. Жүгіріп келеді. Жүзіне қорқыныш, қауіп кіреді. Адам екені байқалады. Алексей жүгіріп келе жатыр. Келді. Қараса-Рақмет. Қып-қызыл қан ақ қарды жосадай қылған. Алексей есі ауып тұрып қалды. Көзі бұлдырап кетті. «Рақмет» — деді. Содан соң ойбайлап Рақметтің үстіне құлай кетті.
Шектібайдың кабинеті; түнеріп отыр. Алексей де бар. Бес-алты жұмысшы диванда, терезенің алдында отыр. Барлығы да қайғылы, қапалы.
Алексей күрсініп:
— Шектібай, шахтыға бар. Жұмысшылар алаңсыз іштей берсін де. Осы жылауларын қойсыншы. Бүгін күнімен аурухананы қамап, жұмысшылар кетпей қойды — деді.
Шектібай жауап та қатқан жоқ, орнынан тұрды да шығып кетті.
Алпысбай қарт жылап отырып:
— Шынымен айрыламыз ба, осы елірген жауызды неге таппайды? — деп қарт кемсеңдеді.
Алексей басын көтеріп алды, көздері жайнап, бетіне қан жүгірейін деді де:
— Алпысбай, жылағаның не, бала құсап?
Бірақ Алпысбай қоятын емес.
Телефон шылдырады, Алексей тыңдады.
Телефон соққан ауруханадағы доктор:
— Қан көп аққан. Далада өп жатып қалған. Қан құю керек. Түсіндіңіз бе?
Алексей шошып кетті.
— Ол не дегеніңіз?
Доктор қатты сөйледі:
— Төрт-бес жүз тюбик қан керек, бізде қазір қан жоқ.
Алексей: — Қан табылса, жаны қала ма?
Жұмысшылар ентелесіп столға үймеледі.
— Мен қазір барайын — деді Алексей.
— Не керек дейді? — деді Ысқақ.
— Қан, қан керек — деді Алексей телефонды қойып, жүгіріп шығып бара жатып.
Алексей шаңы аспанға бұрқыраған көшемен жүгіріп отырып, поликлиникаға келді.
Доктор көзілдірігін алып қарады.
Алексей амандасқан да жоқ, бастаған әңгімені аяқтағандай:
— Менің қанымды алып құйыңыз — деді.
Доктор түсіне алмаған кісіше қадалып қарады.
— Алдымен қаныңыз қандай, соны ашайық та.
Алексей орындыққа отырды.
— Менің қаным таза қан...
Доктор күлді.
Алексей:
— Менің тамырым жақсы. 96 процент! гемоглобин, бірінші группа — деді.
Доктор аузы ашылып, көзілдірігін бір киіп, бір алды.
— 96 процент, бірінші группа! Бұл не деген қан!
Доктор орнынан қарғып тұрды.
Докторға айғай салды:
— Выворов аппараты мен инелерді даярлаңдар!
Санитар ауруханадан шыққанда есіктің алдында бес-алты жұмысшы тұрды.
— Өздеріңе не керек? — деді санитар әйел.
Жұмысшылар:
— Қанымызды береміз.
— Рақметке қан керек — деді! — Докторды бері жібер!
— Барып сөйлесу керек! — десті. Санитар есікті жауып жүгіріп кетіп қалды. Алексей келді. Шулап тұрған жұмысшылар тыныштала қойды.
— Неғылып тұрсыңдар?
Жұмысшылар:
— Рақметке қан береміз!
Алексей жай ғана:
— Рақметке қан керек болмай шықты... — деді.
— Жазыла ма? — деді асыққан дауыстар.
Алексей қайтып ішке кірді. Жұмысшылар тұрып қалды.
— Кейін сұрау керек! — деді біреу.
Доктор операция үйінен шықты. Ауызғы үйде тыпыршып шыдай алмай отырған Алексей докторды құшақтай алды.
— Айтыңызшы, не болды?
— Қаныңыз жақсы екен, бірақ әңгіме қан құюмен бітпейін деп отыр. Оның бас сүйектері сынған. Менің қолымнан келер ештеңе жоқ. Медицина көмек бере алмас — деді доктор.
Алексей үндеместен басын ұстап столға отырды да қалды.
Дәмелі толғатып жатыр еді.
Ықлас сасып,әйелін тастап, кеңсесіне кете алмай не істерін білмей үйдің ішінде жүрді де қойды.
Дәмелі ышқынып бір безілдегенде. Ықлас орнынан ұшып тұрып, барып құшақтай алды. Дәмелі кішкене баладай Ықластың төбесіне басын қойып, сәл тыншиын деді. Бірақ толғақ ұлғая бастады.
Ықлас не істерін білмей, көрші үйге жүгіріп барды.
— Сорлы-ау, докторға неге апармайсың? — деп айқай салды Борисовтың шешесі.
Ықластың есіне не істеу керек екені сонда түсті. Бұрын ол әйел босандырып көріп пе, оның үстіне алақанына салып отырған Дәмелісінің қиналғаны, есінен адастырған ғой. Ықылас сасып докторға апаруды да ұмытып кетіпті.
Ықлас қысалаңнан шығатын жол тауып, қуанып кетті. Телефон соғып, машина шақырды.
— Дәмелі Дәмелі қалқам, қиналдың-ау!
Ықлас кроватьқа отырып, Дәмелінің әлсізденген қолын ұстады.
Дәмелі ернін тіктеп, көтеріп, қолын жұлып алды.
— Маған доктор бала көтеруге болмайды деген ғой, өзің докторсың, медицинаның тілін алмаушылықтың неге соқтыратынын білесің. Ықлас, менің өліп кетуім мүмкін. Көзім тірісінде айтайын, өлген соң біреу арқылы есіткен саған да, балаға да қиын болар. Былтыр сен Ырғызға кеткенде Рақметпен жақын болғам. Несін сұрайсың. Сол уақытта оны сүйгенім рас... Ықлас, бала сенікі емес...
Ықластың жүрегі суылдап, басы мең-зең болып кетті .Жүрегін біреу жұлып алып, төмен, түпсіз тұңғиыққа тастап жібергендей болды. Ықластың жүрегіне шоқ салып, жандырып тұратын Дәмелінің қара көздері бір түрлі суық, жат болып көрінді. Бұл Ықласқа бірінші рет келген сезім еді.
Ықлас аяғын әлтек-тәлтек басып, есіктің аузына барды. Айтып келейін орындыққа отырды. Машина келді. Акушер әйел, сестралар келді. Дәмеліні машинаға салып алып кетті. Бірақ Ықлас қатыспай отырды да қойды. Өзінің әйелін емес, басқа бір жат әйелді, бір жат, танымайтын адамның баласын туатын әйелді алып бара жатқандай болды.
Дәмелімен сөйлескен де жоқ, қайда апарасыңдар деген де жоқ... Отырған күшімен қалды.
Дәмелі кетті, үйде бір дыбыс жоқ. Ықластың жалғыз өзі қалды. Ықлас басына түскен бақытсыздықтың не екенін, қаншалықты ауыр екенін сонда ғана анық, айқын білгендей болды Дәмелі тек менің Дәмелім деген ой түссе қуанып жер-көкте тұра алмайтын еді-ау. Сүйтсе, Дәмелінің екі жүрегі бар екен ғой. Дәмелі күнде таңертең тұрып алып ұйықтап жатқан Ықластың маңдайынан сүйетін еді. Аңқау Ықлас тек қана мені сүйеді деп ойлаушы еді.. Дәмелі басқаны да сүйеді екен ғой...
Басқа емес, өзінің досы... Рақмет... Дүниеде бір адам болса, ол адам Рақмет болар деп жүргенде... Ойпырмай, мұны кім ойлапты!
Ықлас кроватьқа қарады Дәмелінің баласына деп істеген кішкене жастығына көзі түсті. Жiбeк көйлегін көрді. Стол үстінде қалған Дәмелінің қол сағатын көрді. Үйдің ішіндегі заттардың барлығы да Дәмеліден айрылып, мұңайып, қайғыланып тұрғандай болды... «Менің өліп кетуім мүмкін...» — деп жылаған. Дәмелі көзіне елестеді. Дәмеліге бір түрлі жаны ашып кетті. Менің «Мүмкін, ол келіп қалар». Доктор Ықлас Құлыбеков есікке қарай тұра жүгірді. Сол уақытта телефон сылдыр ете қалды. Ықлас қайтып келіп тыңдады. -Өлуге қалды, тек сізді күтіп отырмыз — деді телефондағы.
— Не дейсің?
— Бір адамға операция жасау керек болып тұр.
— Кім ол?
— Түнде біреу пышақтап кетіпті... Қан құйып еді, одан түк шықпады. Инженер Рақмет Дәуіров.
Ықлас басқа сұраулар бере алмай, тілі күрмеліп, кекештеніп қалды.
Телефонды тастай салып, кроватьқа отыра кетті.. Әлден уақытта өзінен-өзі, әлі телефонмен сөйлесіп отырғандай-ақ «мен кетпеймін, мен кетпеймін» — деп айқай салды... Сонан соң өзін-өзі ақтағысы келгендей «қалай кетейін, не деп кетейін» — деп орнынан тұрды...
Бірақ бұл кеңінен қанағаттандырмады ма, жоқ, әлде шешілмейтін бір қайшылыққа келіп килікті ме, әйтеуір көзінен жас тамшылап, есікке қарай тұра жүгірді.
Жолда Ықлас ойланып келе жатыр. Мынаның дөп келгенін қарашы. Операциядан кішкене қате кетсе, болғаны емес пе, өліп қалған адамның жанын алып қалмадың деп Ықласты айыптай алмайды ғой Ықластың махаббатын, ең қымбатты Дәмеліні, баласын ұрлаған Рақметтен кегін осылай алу керек қой.
Ықылас кабинетке келді. Ежелгі, үйреншікті инструменттерді көрді.
Қалалық денсаулық бөлімі докторлар шақырып, Дәуіровтің жанын сақтап қалуға болмайды деп қорытынды шығарып отыр екен. Ықласқа осы хабарды білдірді. Рақметте ес-түс жоқ, талып жатыр. Ықлас барып көрді. «Комиссияның айтқанына қосылып қоя ғой, өліп кетсін» — деді Ықластың бір ойы.
Ықлас кабинетке келді. Жұрт Рақметтің өлетінін білді, ешқандай қолданатын шараның жоқтығын білді.
— Менің де қолымнан келетін ештеңе жоқ — деді Ықлас қалалық партия комитетінің хатшысына....
Жұрт тарауға айналды. Ықлас отырып қалды. Столдың үстінде жайылған газетті оқи бастады. Қарап отырса, бірінші беттің оң жақ бағанасында Рақметтің портреті тұр. Астында «Отанның ардақты адамы» деп жазып қойыпты. Бір суық сезім сумаңдап, Ықластың жүрегін су еткізді. Ықлас орнынан қарғып тұрды. «Мен Отанның ардақты адамын өлтірмекпін бе?..» «Мен, мен... коммунист кісіні өлтірем бе?»
Ықлас есі-түсін білмей есікке қарай тұра жүгірді. Жүгіріп далаға шықты. Есіктің алдында жұмысшылар ентелеп, кетпей тұр екен... Ықлас жүгіріп шығып айқай салды:
— Мен операция жасаймын, мен өлтірмеймін — деді доктор Ықлас Құлыбеков.
Медицинаның ғылыми диагнозына қарағанда Рақметтің тірі қалуы мүмкін емес еді. Бірақ Ықлас оны өлім қолынан жұлып алып қалды.
Рақмет кішкене көзін ашып алғанда:
— Рақмет, сүйінші, Дәмелі сенің балаңды табайын деп жатыр — деп күлді.
XXXV тарау
Ауруханаға Лиза келді. Баяғысындай шашын бір сілкіп тастап, есік алдында тұрған бір топ жұмысшыларға жақындады. Қабағы түгілі, боп-боз.
Бір сақалды жұмысшы:
— Қайда кимелейсің, сен түгіл бізді де жібермей жатыр — деп Лизаға жекіре сөйледі.
— Сіздер кім едіңіздер?
— Біз Рақметтің өзінің шахтысының адамдарымыз.
— Менің неге келе жатқанымды қайдан біліңдер? — деді Лиза.
Сақалдының қасында тұрған жігіт:
— Қоя бер, мүмкін доктордың қызы шығар — деді. Сақалды жұмысшы жол берді. Енді
— Доктордың қызына жол беріңдер — деп өзі де айқай салды.
Лиза тез-тез басып ішке кірді. Ықлас отырған кабинетке келіп тықылдатты.
— Кіріңіз — деді Ықлас іште қолын жуып жатып.
Лиза кірді, қабағы түңілген күйінде, не айтарын білмей, астыңғы ернін тістелеп біраз тұрды.
— Инженер Дәуір ұлының хәлі туралы сізбен сөйлесуге бола ма?
— Сіз кімсіз? — деді Ықлас.
Инженер Вознесенская.
Менің теріс қарап, қолын жуып жатқан Ықлас артына жалт қарады.
— Елизавета Аркадиевна сізсіз бе?
— Я.
— Рақмет кіміңіз болады?
Лиза төмен қарады.
— Күйеуім.
Ықлас селк ете қалды. Кейін шегініп барды да қолындағы орамалын стол үстіне лақтырып жіберді.
— Сіздің фамилияңыз кім? — деп сұрады Лиза доктордан.
Ықлас төмен қарап тұрды да қалды.
«Менің фамилиям кім болушы еді, сіздің күйеуіңіздің баласының әкесі боламын»-дейін деп еді, бұл сөзді айтқызатын ашуды бойынан таба алмады. Ешқандай ойсыз Лизаға қалай қатты сөз айтсын... Бір уақытта ойда жоқ жерден бір сәулелі қуанышты сезім Ықластың бойын билеп алды. Адам дүниеге келгенде оның үй іші, туысқандары болады. Өсе келе ол өзіне булардан басқа дос, туысқандар табады. Еш уақытта байланыстар жасайды. Мысалы: үйленген әйелінің үй іші өле-өлгенше жақыны, туысқаны, жекжаты болып кетеді. Адамға жақын табу, жан ашыр табу өмірде бір-ақ рет болатын, қайын ата, ене табушылық аса қымбатты, аса тәтті нәрсе. Ықлас та, мына Лиза, Рақмет сияқты, өте жақсы, қымбатты адамдардың туайын деп жатқан баласы арқылы болса да, жақыны, еш уақытта байланысы үзілмейтін туысқаны болды ғой.
Ықлас Лизаның қасына келді.
— Елизавета Аркадиевна, менің фамилиям Құлыбеков...
Ықлас біраз мүдіріп қалды. Сонан соң басын көтерді де Лизаны құшақтай алды.
— Лиза, менің сендерден еш уақытта да айырылыспайтын, өте-мөте жақын адамдарың болайын деп тұрғанымды сезесіз бе? Лиза, Лиза, мен өмірге жерік адаммын. Қуанғым, секірем келеді де тұрады.
Доктор тағы да үндемей қалды.
XXXVI тарау
Күн шыға Бейсендерді аршып алды. Шанаға салып шахты астынан алып шықты. Қали шанада қисайып, жансыз жатыр. Бейсен мен Шымырбек теңселіп отыра алмай отыр.
Көздері жұмулы.
Ауруханаға алып келді. Сүйеп доктордың кабинетіне кіргізді. Өліп талып қалған Қалиды көтеріп кіргізді.
Төрде, терезе алдында, үлкен столда шал доктор отыр. Қали диванда жатыр. Бейсен мен Шымырбек столда отыр. Тұр, түс жоқ. Көздерін зорға ашады.
— Біраз күн ауруханада жатасыңдар — деді доктор қағазын жазып отырып.
Доктор далаға шығуға айналғанда, Бейсен:
— Доктор, маған рұқсат етіңіз, бір жерге барып келетінін — деді ақырған дауыспен.
— Сөйлеуге болмайды. Ешқайда жібермеймін — деді доктор.
— Доктор, мені жіберіңіз — деді Шымырбек.
— Жолдастарымды жерлеп жатыр...
— Болмайды!
Доктор қабағын түйіп бір қарады да, шығып кетті.
— Жүр, кетеміз — деді Бейсен.
Біраз отырып:
Рақметті әлі өлтірген жоқ па екен? — деді.
Көзіне «өлтіре ме» — деп ойбай салған Сүлеймен елестеді.
— Ойбай, жүр! — деді Бейсен. Тұрып ала жүгірді.
Есікке барып сүріне құлады. Біраз жатып, ернін тістеп, зорға орнынан тұрды да, Шымырбек екеуі теңселіп шығып кетті.
Екі минут өткен соң кабинетіне доктор келді. Жан-жаққа қарап еді, екеуі жоқ. Жүгіріп коридорға шықты. Коридорда жүрген санитар мен көмекшілер кіре салып:
— Аурулар қайда? — деді доктор.
— Білмейміз...
— Ауруларды қарамағанда не бітіресіңдер? — деп доктор айқай салды.
Бейсен теңселіп партия комитетінің хатшысының 200 кабинетіне келді, хатшы орнынан ұшып тұрды.
— Ойбай, сен неге келдің?
— Дереу телефонды қолға алды. тарым Аурухана.
— Кім сөйлеп тұрған, бастығы ма? Ауруханаға жіберген адамдарымыз мұнда жүр. Мұндай қылықтарыңыз үшін сендерді сотқа беру керек.
Бейсен келіп телефонды ұстады:
— Орнына қойыңыз, оларда жазық жоқ.
Хатшы таң қалып орнына қойды.
Бейсен теңселіп құлайын деп тұр.
— Рақмет Дәуір ұлы деген инженерді Томарбек Қылышбек ұлы деген ұры, тап дұшпаны деп жүр, оны шахты астында естідік.
Хатшы орнынан тұрды. Бейсеннің қатарына келді...
— Томарбек Қылышбек ұлы?
— Я.
— Бейсен-ай, болар іс болып қалды ғой.
Теңселіп тұрған Бейсен құлап кетті. Хатшы құшақтай алды. Хатшы құшақтап тұрып телефон соқты.
— ГПУ.
— Сөйлеп тұрған парторг Мырзаят ұлы.
— Дәуір ұлын пышақтаған адам Томарбек Қылышбекұлы деген екен. «ОРС» та.
Телефонды қойды. Бейсенді сүйеп тұрып:
— Рақмет, Бейсен, бірақ ауруханадан шығып кеткенін зиян, қазір апарғызам, сөзсіз барасың.-Шымырбекті қайтесіз?
— О да қашып кетіп қалды ма?
Бейсен жансыз түрде басын шұлғыды...
Қарағанды-Алматы, 1934 — 1937.
Сара
пайдалы