Өлең, жыр, ақындар

Егор Бутенко

Бутенко Егор!

Бұл ат — Орталық электр станциясына, Қарағанды бассейніне әйгілі ат.

Техника тіліне жетіп, екпінді машинист Бутенко —Ленин комсомолының мүшесі. Ол — электр станциясы комсомолдарының ең алдыңғы қатардағыларының бірі, басқаларға өнегелі ісімен, қайнап тұрған комсомолдың ынта-жігерімен үлгілі болған Бутенко. Сондықтан да слет ашылғанда станция комсомолдарынан озып келіп, слет басқару правосын алған 17-шахты делегациясымен бірге президиумға сайланды.

Екпінді үлгілі машинист Бутенконың отырысында жүр, тұрысы, жолдастарымен қуаныштылығы — барлығы оны слеттің басқа делегаттарынан бәлендей өзгеше етіп тұрған жоқ. Бұлардың барлығы да екпінді жастар. Барлығы да қуанышты, бақытты, жоспарын толық асыра орындап жүрген ынталы жастар.

Бірақ әрқайсысының түрі, істейтін жері, қызымен, тәжірибесі басқа. Міне, бұл алдыңғы қатардағылар тәжірибеге ауысуға жиылды. Ұлы Қарағанды жасаудағы, техникаға жетілуден, шахтыларды механикаландырудағы, өтімді істеп, мәдениетті тұрудағы нақтылы міндеттерін, істерін талқылауға жиылды.

Соның бірі — Бутенко.

Бутенко Орталық электр станциясында 1932 жылдан бері істейді. Өзінің талаптылығынан, екпінділігінен турбина машинасына бас машинист болып белгіленген. Бұл — 1933 жылдың май айы еді. Біздің бақыттылығымыз сонша, боламыз десек, ерінбесек бәріміз де екпінді, бәріміз де атақты бола аламыз, бізге барлық мүмкіншілік туған. Атақ аспаннан түспейді. Бутенко сияқтылардың екпінділігінен большевикше атқарғандығынан, жігерінен туады. Бутенко сияқтылар — машина залынан, Топаевтар — лавадан шығады.

Бутенко істегеннен бері бірде-бір авария болған емес. Мәдениет, сезімді, екпінді Бутенко өзінің үстін қалай күтсе, машинасын да солай күтеді. Бутенконың көзі түспей, тексерілмей яки болмаса майланбай, бұралмай қалатын машинаның бір бөлшегі жоқ. Бұл Бутенкоға әбден сіңіскен әдет болған, күнде ішетін асындай болған.

— Бутенко жолдас, қалай істейсіз! — дедік.

— Қалай екенін, мен айрықша ештеңе де істемеймін — деп қысыла да қуақылана сөйлей жөнелді. — Тапсырманы күніне асыра орындаймын, техникаға жетілмеген. Бірақ бұл таң қаларлық нәрселер? Бұл менің күнделікті комсомолдығы әдемі емес пе!

Шынында да солай сияқты. Ленин комсомолының әдеті, ғұрпы, дәстүрі, мінез-құлқы — алдыңғы қатарда жүру, жоспарын артық орындау, ынта-жігерін көрсету болып отыр.

— Жолдас Бутенко, техникаға қалайсыз? — дейміз ғой баяғы.

— Қалай болайық, машиналар құрсын бітірер емтиханда «өте жақсы» деген бара алдым — деп жайдары жүзінен шаттық күлкісі өзіне тиісті орын алып, бізден сытыла берді.

Бақытты, екпінді Бутенко! Бүкіл электр станциясы көлеміндегі бірінші машинист Бутенко шат көңілмен, өзіне үйреншікті күлімсіреумен залға кірді.

Бутенколардың қуанышын, екпінділігін қарсы алғандай залда музыка тартылды,

Біздің өмір осылай!

1934


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз