Сүт безінің обыры (СБО) — әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру. Соңғы 10-15 жылда бірқатар дамыған елдерде осы аурудан болатын өлім-жітімнің едәуір азайғандығы байқалады. Әрине, жағдайдың мұндай беталысы ең алдыменен халықтың СБО туралы білімінің арта түскендігі мен аурудың ерте анықталып, кешенді ем қабылдануының нәтижесі болса керек. Сүт безі обырының алдын алатын шаралар туралы әйелдерге мағлұмат берудің көптеген тиімді әдістері бар.
СБО-ның пайда болуы — көп сатылы үдеріс, дегенмен, оның туындауын күшейтуші негізгі фактор — аналық бездің эстроген-гормондары және етеккір тоқтауынан кейінгі майлы тін. Етеккірі тоқтаған, эстроген деңгейі жоғары әйелдерде СБО-ның пайда болу қаупі жоғары.
Май жасушасы етеккір тоқтағаннан кейінгі эстрогендердің көзі болып табылады. Мұндай жағдайда эстрогендер көзі ретінде ароматаза белсенділігінің ингибиторлары пайдалы, СБО-ның алдын алуда олардың антиэстрогендерге қарағанда тиімді екені белгілі. Бұл олардың екі еселенген рөліне байланысты. Олар эстрогендердің шоғырлануын азайтып, жасушаның үнемі қатерлі ісік үдерісімен аяқталатын шектен тыс көбеюіне кедергі жасайды.
Науқастардың тек үштен бірінде ғана байқалатын тұқым қуалаушы факторлар да анықталды.
СБО жиілігінің жартысы халықтың қартаюымен де байланысты болып отыр. Қатерлі ісік көбінесе жасы 50-ден асқан әйелдерде пайда болады. Ертеректе адамдар бұл жасқа жетпей қайтыс болып кететін — XIX ғасырда орташа өмір сүру ұзақтығы 40 жас болатын. Тамақтану ерекшеліктері, отбасының қалыптасу, некеге тұру жасы, жүктілік, балалы болу жағдайлары, жыныстық өмір, емшекпен тамақтандыру ерекшеліктері өзгеріске ұшырады. Әйелдердің бойы мен салмағы өсті, етеккірдің ертерек басталып, кешірек тоқтауы етек алды.
СБО-ға шалдыққан әйелдердің орташа жасы — 55. Дегенмен, науқастардың көпшілігі кері әсерге едәуір ерте, яғни 25-35 жасында шалдығады.
Қазіргі уақытта СБО-ның мынадай қауіп факторлары белгілі:
— етеккір, жыныстық қатынас, бала туу қызметтеріндегі өзгерістер;
— аналық без және жатырдың созылмалы, қабыну аурулары;
— семіздік, артериялық гипертония, сусамыр, атеросклероз, бауыр аурулары;
— қалқанша без ауруы;
— сүт безі тінінің дисгормональдық беріштенуі.
Сыртқы факторларға мыналар жатады:
— йондаушы радиация;
— темекі шегу;
— ісік тудыратын химиялық заттар (канцерогендер);
— мал майын жиі қолдану, құнарлылыгы жоғары тагамдарға әуестік.
А, С, Е дәрумендеріне бай көкөніс және жеміс-жидекті жиі қолдану қажет. Қазіргі уақытта СБО-ның екіншілік профилактикасы едәуір тиімді.
СБО және ісікалды ауруларын ерте анықтау өте маңызды, өйткені обырдың жергілікті түрін хирургиялық әдіспен емдеу 100 пайыз жағдайда жылдар бойы қажырлы ем жүргізуге алып келеді. Осы орайда заманауи аспаптық әдістер арқылы профилактикалық маммография жасау пайдалы.
Алдын алу бағдарламалары көлемінде маммографиялық зерттеу 40 жастан бастап және одан жоғары жастағы әйелдерге ұсынылады. Ерекше атап өтетін нәрсе, маммография — СБО-ның ерте микроскопиялық түрлерін анықтаудың бірден-бір әдісі, осы жолмен анықталған аурулардың 100 пайызы дерлік толық жазылып кетеді.
Р.О. АМИРҒАЛИЕВА
Оқуға кеңес береміз:
Қатерлі ісік қауіпін азайту үшін
Қатерлі ісікті арттыратын азықтар
Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі