Өлең, жыр, ақындар

Жау Шу Түн

Көркі көз сүріндіретін атақты На Мың қай жерінде атағы алыс-жақынға танымал бір Жаушутүн атты ханзада болыпты. Ол келбетті ғана емес, сонымен қатар сегіз қырлы бір сырлы жігіт еді. Ол құралайды көзге ататын мерген болатын. Қалыңдық іздейтін жасқа жеткенде, әкесі бір байдың қызына құда түседі. Жаушутүн бұған келіспейді. Оның өз арманы, көркіне ақылы сай қызды өзінің өмірлік серігі еткісі келеді. Бір күні Жаушутүн бес қаруын асынып, атқа мініп, алыс жаққа жар іздеуге жолға шығады.

Жолда Жаушутүн бір аңшыны кездестіреді. Олар кездескеннен-ақ дос болады. Аңшы оған: «Жаның таза болса, бақытты жарың өзі-ақ табылады, осы жерден алыс емес жерде Лаңсіна көлі бар, оған әр жеті күнде бір рет жеті сұлу тауыс келіп шомылады. Әсіресе ең кішісі өте сұлу, ақылды. Сен оны ұнатсаң, сол тауыстың киімін ұрлап ал, сонда ол саған жар болады»,— дейді.

Жаушутүн асыға көлдің жағалауына келеді.

Жаздың жылы түні. Самал жел еркелей бетті өбеді. Көл беті баяу ғана қозғалады. Көп ұзамай, алыстан жеті тауыс ұшып келді. Әсем би биледі. Ішіндегі ең кішісін Жаушутүн бірден байқайды. Біраздан кейін, қыздар құс киімін шешіп, жеті сұлу қызға айналады. Сыңғыр-сыңғыр күліп шомылады. Жеті арудың денелері аппақ қардай, көздері нұрлы, күлген кездегі бет-әлпеттері таңның атысындай құлпырады. Жаушутүн сол қызға бір көргеннен ғашық болады. Ол ақырын жақындап, қыздың құс киімін алып қояды.

Қыздар шомылып болған соң, бір киімінің жоқ екенін көріп, қатты абыржиды. Қыздар ағаш түбінде отырған Жаушутүнді көреді. Сосын басқалары ұша жөнеледі.

Осы кезде аспанда бүркіт ұшып бара жатады, Жаушутүн садағын аспанға атады, бүркіт қыздың қасына құлайды.

— Жігіт дәл тиді ме? — деп тауыс қыздан сұрайды.

Тауыс қыз өлексені көріп ақырын ғана:

— Дәл жүрегіне тиді — дейді. Ханзадаға қарап:

— Сен кімсің? Неге менің тауыс киімімді алдың? — дейді.

— Мен — Жаумыңхайдың ұлы — Жаушутүнмін, сенің есімің кім? — дейді.

— Мен — Мыңжуаңхамоның жетінші қызы — Нанулонамын — дейді.

Жаушутүн:

— Қолыңда неге неке жүзігі жоқ? — деп сұрайды.

Нанулона:

— Кім иен далаға өзін қалдырғысы келеді? —дейді.

Жаушутүн:

— Менде бір шыны тамақ бар, жартысын жедім, ендігі жартысын кімге берерімді білмей жүрмін — дейді.

Нанулона:

— Күн шыққан кезде, ай көрінбейді, дәл сол сияқты екі әлемнің адамдары бірге бола алмайды —дейді.

Жаушутүн батылданып:

— Сүйікті Нанулона, алыстан сені аңсап, сағынып келдім, менімен бірге болуға сөз бер — дейді де, неке жүзігін шығарып, қыздың қолына тағады.

Ханзаданың ісіне қыздың көңілі босап, бір бағалы тас шығарып, оған береді, осылайша екеуі некелеседі.

Екеуі некелескен соң көп ұзамай, алыстан әскер келіп, Жаумыңхайға шабуыл жасайды. Жаушутүн мен Нанулона ақылдасып, әскерін алып жауға қарсы шығады. Жаумыңхай күнде қарсыластарының жағдайын естиді, ылғи Жаушутүннің жеңілгенін естиді. Бұл ханзада мен Нанулонаның жоспары екенін білмейтін еді. Ішінен сезіктеніп, Ачжаңлоңды шақырып ақылдасады.

Ачжаңлоң: «Нанулона — пері, осы бақытсыздықтарды алып келген сол, оны өлтірсек ешқашан соғыс болмайды», — дейді. Бұны естіген ол қызды өртеп жібермек болады.

Нанулона жылап: «Мен бұл дүниеден кетпес бұрын, соңғы рет тауыс құс киімін киіп билеуге рұқсат беріңдер», — дейді. Жаумыңхай жаны ашып, келіседі. Қыз соғыс алаңындағы қарсыластарын ұрып жығып, өзінің кінәлі еместігін көрсетеді де, ұшып кетеді.

Бірнеше күннен соң, Жаушутүн жеңіспен оралады: «Бұл Нанулонаның арқасы, ол жауды тауға қарай алып кетті», — дейді. Бірақ әйелінің кетіп қалғанын естіп, қайғырып, бір ауыз сөз айтпастан, Лаңсіна көліне қарай жүреді.

Нанулонаны табу үшін, соғыста шаршаған атын су ішкізуге де тоқтамайды. Аты жүрмей қояды. Ол атты тастап жаяу жүреді. Әйтеуір бір күні Лаңсіна көліне жетеді.

Пала атты періште келіп, Нанулона қалдырып кеткен жүзікті беріп:

— Осы жерден әйелің тұрып жатқан жерге дейін өте алыс, қиындықтарды елестете де алмайсың, жетсең де оның әкесі сені аямайды, үйіңе қайт, — дейді.

Жаушутүн басын шайқап:

— Нанулонаны көрмейінше кетпеймін. Өлсем де көремін, — дейді.

Жаңағы періште ханзаданың ісіне тамсанып, оған бір маймыл, қылыш, садақ беріп:

— Осы заттар саған қиындықтан өтуге көмектеседі, — дейді

Жаушутүн жолға шығады. Бір күні Люгиа өзенінің бойына келеді. Бұл өзеннен өтетін көпір жоқ, ұшып та, жүзіп те өте алмайды. Қылышын алып, суды кеседі. Кенеттен судан үлкен жылан шығады. Өзеннің екі жағалауын қосып көпір жасайды. Маймыл Жаушутүнді бастап, жыланның үстімен жүгіріп екінші жағалауға өтеді.

Алдынан биік тау көрінеді. Бұл тау өте қорқынышты, құлама тік екен. Адам бірнеше қадам да жүре алмайды. Ханзада садағымен тауды екіге бөледі, сөйтіп жүгіріп өтеді.

Алдында қорқынышты орман, адам жейтін құс бар. Ханзада ағашқа мініп, құстың ұйқыға кеткенін күтіп, қанатының астына тығылып, құстың Мыңяхаға ұшып барғанын күтеді. Осылай сан қиыншылықты басынан өткеріп, ақыры әйелін табады.

Нанулонаның әкесі ханзадаға ауыр талап қояды:

— Сен алдымен бірнеше іс істе, кейін сендерді жіберемін», — дейді де, үлкен жартасты меңзеп, балғамен сол жартасты ұнтақтауға әмір етеді. Нанулона өзінің мықты үлкен балғасын береді. Сөйтіп, ханзада тасты ұнтақтайды.

Екіншісінде екі ыдысқа дақыл салып,

— Қайсысы жүгері, қайсысының күріш екендігін тап,— дейді.

Нанулона оған:

— Қайсысы шайқағанда дыбыс шығарса, сол күріш, — деп сыбырлайды. Ханзада тағы жеңді.

Қыздың әкесі оны жібермеңдер деп бұйрық береді. Қыз:

— Менің әкем саған көп жамандық жасады, бір ғана амалы бар, желкесінің астында инесі бар сол инені алып оның қабағына сұғып алсаң, ол өледі,— дейді.

Түнде Жаушутүн инені тауып, қайын атаның қабағына сұғып алады.

Осылай екеуі еліне оралады. Бақытты өмір сүреді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз