Аңыздағы періштелердің есімдері Хан Джұң Ли, Лу Дұң Биң, Тие Гуай Ли, Джаң Гуо Лао, Хан Сьяң Дзы, Цао Гуо, Лән Цәй Хы және Хы Сиен Гу болғанды-мыс. Аңыз бойынша, олар алғашында қарапайым адам болған, кейін періштелерге сай күшке ие болып, еркіндікте бақыт пен шаттыққа толы күндерді бастан кешіреді.
Күндердің бір күні Джұң Нән тауының бөктерінде күнелткен періштелер іштері пысып, Пэнлай тауларына барып қыдырып, уақыт өткізуді жөн көреді. Олар желмен жарысып, асқар таулардан асып, шығыстағы теңізге де келіп жетеді, бұл арада біраз қыдырып, уақыт өткізген соң араларындағы Тие Гуай Ли алыстағы сумен шайылып жатқан жерді нұсқап, «ана жердегі аралға қараңдар, онда әлбетте адам баласы жоқ, онда жақсылап қыдыруға болады, неге сонда барып қайтпасқа?!» — дейді. Барлығы келісе кетеді.
Лу Дұң Би: «Менде бір ой бар. Бізге бұлттармен таласудың қажеті жоқ, сулардың үстімен өтсек, адамдардың не істегенінен хабардар боламыз», — деп ой тастайды. Мұны естіген өзгелері: «Мұнда тұрған не қиындық бар, негізіне келгенде бәріміз де қарапайым адамдар емес пе едік!» — деседі.
Джаң Гуо Лао осы періштелердің ішіндегі жасы жағынан ең үлкені еді. Оның шөп те жемейтін, су да ішпейтін ақ түсті есегі бар болған еді. Ол күні бойы сол есектің үстінен түспей кеш батқанда оны бір қағып қалып еді, манағы есек жерге сылқ ете түсіп, бір жапырақ қағазға айналады. Джаң Гуо Лао қағазды орап, қойнына салады да, өзі демалуға кетеді. Келесі күні таңертең ол сиқырлы күшімен қағазға дем салғаны сол еді, ол сол баяғы ақ есекке айнала кетеді. Лу Дұң Биңнің айтқанын естіген ол: «Мен жүре берейін», — дейді. Қағаз есекті суға лақтырып, одан кейін өзі мініп, манағы аралға қарай жүре береді.
Теңізді екінші болып өткен Тие Гуай Ли еді. Бір аяғы ақсақ, жұпыны киінген ол тура қайыршы сынды болғанымен, жүрегі нұрға толы қайырымды жан еді. Өзі періште болғанымен, дәрі алуға ақшасы жоқ, бар байлығы — қолындағы темір таяғы . Ол Джаң Гуо Лаодың зымырап кеткенін көріп, темір таяғын қайық қылып отырып, жолға аттанып кетеді.
Екінші періштенің аттанып кеткенін көрген Хан Джұң Ли де асыға бастады. Пальма жапырақтарынан жасалған желдеткішіне үрлеп «өзгер» дегені сол еді, ол сол сәтте үлкен болып шыға келді. Періште оның үстіне отырып, қарқылдаған күлкісімен екінші періштенің соңынан қуа жөнелді.
Келесі кезек Хан Сьяң Дзыға келеді. Оның бар байлығы гүл себеті еді. Бірде ол, тіпті, сол себетін алып, патша алдына барған деседі. Сол жылы патша сарай заңдарын өрескел бұзып, қарапайым халықтың ашуының астында қалады. Халық патшаны жазаламақ болып шешеді. Ол Дао діндары сынды киініп алып, сарайға келеді де: «Мен сіздің туған күніңізге сыйлық ретінде он мың жыл сыйлауға келдім», — дейді де, себетінен қарбыздың дәндерін алып шығып, жерге сеуіп жібереді. Айнала қарбыздарға тола бастайды, мұны көрген патша қуаныштан: «Қанша ақша, алтын сұрасаң да өз еркің», — деп масайрайды. Ал әлгі періште: «Көп керегі жоқ, тек осы себеттің жартысы толса болғаны», — дейді. Сарай қазынасының барлығы таусылады, бірақ әлгі себеттің жартысына да жете қоймаған. Сонда Хан Сьяң Дзы: «Патшам, сіздің алтыныңыздың барлығы аспанға ұшып кетті» — дейді. Сөйтсе, ол алтынның барлығын халыққа үлестіріп берген екен. Осы жолы ол себетті жерге қойып, өзі көкке көтеріліп кете берді.
Өзге періштелер де өздеріне тән сиқырларын көрсетіп жатты, біреуі күннің шығыстан шығуына әсер етсе, біреуі жасмин гүліне мініп зымырай жөнелді, енді біреуі нефрит тақтайша алып шығарады. Осылайша олар теңізден өтеді.
Бұлардың сиқырларын байқаған су айдаһары Сән Тәй Дзының көзі Лан Цай Хының ұстаған нефритіне түсіп, өзінің сарбаздарына нефрит пен оның иесін ұстап әкелуді бұйырады.
Періштелер теңізден өткен кезде араларында Лан Цай Хының жоқ екенін байқайды. Тик Гуай Ли оны іздеуді ұсынады. Олар теңіздің бетінде жарты күн бойы айқайлап жүріп, айдаһарды әрең дегенде шығарады. Араларындағы Лу Дұң Биң бұрыннан айдаһарды танығандықтан: «Мен осы арадағы үлкендердің бірі болғандықтан, өзіңе тіл қатам, арамыздағы бір досымыз жоқ болды, оны әлбетте сен жедің, сондықтан тез арада оны қайтар» — дейді.
Ашуға булыққан айдаһар олардың сөзін де, өздерін де елемейді. Осы арада үлкен арпалыс басталып, періштелер айдаһарды жеңіп, достарын құтқарады. Күн ұясына батып, кеш түскендіктен, періштелер айдаһардың сарайында түнеуді шешеді. Сол сәтте олар бөтен дауысты естиді, араларындағы Джаң Гуо Лао: «Бұл айдаһардың даусы, ол оралды, бізді балықша қайнатып сорпа етіп ішпекші», —дейді.
Осы мезетте Цао Гуо өзінде су өткізбейтін белбеуінің бар екенін айтады, барлығы сол белбеуді айнала қоршап, судың бетіне аман сау шығады.
Осы оқиғадан кейін періштелер уайым қайғысыз күндер кешеді, қарапайым халыққа көмектесуді де еш ұмытқан емес.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі