Менің елім Гуаң Си Чжуаңдықтар өмір сүретін жер. Бұл жердің адамдары еңбекқор, ақжарқын, сонымен қатар ән айтып, би билеуде алдарына жан салмайды. Лю Сәнжие әнді ең жақсы айтатын жас сұлу қыз. Ол ән салғанда аспандағы құс та ұшпайды, судағы балық та жүзбейді, тіпті, су да ағысын тоқтатады, жолдағы адамдар да қимылсыз қалатын. Лю Сәнжие әнді жақсы айтып қана қоймай, сонымен қатар өте еңбекқор адам болатын. Күріш жинағанда, басқалар бір орам жинаса, Лю Сәнжие үш орам жинайтын. Көшет отырғызғанда, басқалар бір тал отырғызса, ол он тал отырғызады. Ол су толқынындай, аспандағы бұлттай ою-өрнектер салады. Лю Сәнжие үнемі тоқыма тоқып отырып, ән салады. Сол кезде құстар оның терезесінің алдына ұшып келіп, әнін естіп, ұзақ уақыт ұшқылары келмей отырады.
Әр жылы күзгі жиын теріннен кейін халық ән кешін ұйымдастырады. Бұл жерде барлығы ән айтудан жарысады. Сонымен қатар жас жігіттер мен қыздар бір-біріне деген сезімдерін білдіреді.
Бұл күні Лю Сәнжие ән айтатын алаңға келгенде орамал сатып отырған апаны көреді де: «Бір орамал қанша тұрады?», — деп сұрайды.
Кемпір Лю Сәндиенің алғырлығын байқап көргісі келеді де: «Сен маған тау өлеңін, яғни орамал сату туралы өлеңді айтып бер. Бірақ әр сөйлемде екім «头» сөзі болсын. Осылай айта алсаң саған орамал тарту етемін», — дейді.
Лю Сәнжие аз ойланып барып ән айта жөнеледі:
«Дәл уағында келіптім, етектегі елді мекенге,
Лю Сәнжие ең әуелі орамал сатып алады.
Сосын оны басына тағып алады,
осылай әр сөйлемге екі«头» әріпін қолданып орамал ұтып аламын»
деп тоқтайды.
Кемпір мақтап Лю Сәндиеге орамал сыйлайды, оған бірнеше орамал ұсынады. Лю Сәнжие күлімсіреп, ақшасын төлейді де: «Мен орамал үшін ән салған жоқпын», — дейді.
Бұл жолғы ән сайысына жан-жақтан адамдар келіп, Лю Сәндиемен жарысқа түскілері келеді. Ол бір шумақ айтып бастағанда, барлығы оны жалғастыра кетеді. Осылайша үш күн, үш түн өлең айтады. Төртінші күні күн батып, ай ұясынан шыққанда ешкім Лю Сәндиені жеңе алмағандықтан ол: «Ешкімнің айтарға әні қалмаса келесі жылғы жарыста көріскенше», — дейді.
Кенет топтың арасынан төрт адам шығып: «Лю Сәнжие ән салып, би билейді, біз оны іздеп жарысқа түсуге келдік», — дейді.
Лю Сәндие: «Сендердің есімдерің кім?», — дейді.
Төрт жігіт: « Ли, Чжу, Ші, Тау», — дейді.
Лю Сәндие: «Ли есімді ли гүлін көрген емес, Тау есімді тау гүлінің ашылғанын көрген емес, бамбукты терең сайда, тасты алып көшеге тастадым», — дейді.
Төртеуі сасқалақтап, әрі ойланып бері ойланып: «Сен зерексің-ғой, олай болса, бір қайықта неше шеге бар? Бір лимон ағашында неше жапырақ бар? Өзеннің суының салмағы қанша?», — деп сұрайды.
Лю Сәндие: «Қайықтың шегесі сансыз-ау, ағаштың жапырағы да саналмас. Олай болса сендерден сұрайын, өзен суы қаншалықты ұзын? өзенде неше балық бар? Таудағы құстар қанша жұп?», — деп өздерінен сұрайды.
Төрт жігіт ауыздарын аша алмай, беттері қызарып қаша жөнеледі. Төртеуі кеткен соң, бір бай шал келеді. Ол сұлу қызды көріп: «Сенің салған әнің ән бе! Сен мендей ән сала алмайсың, одан да менің тоқалым бол», — дейді.
Лю Сәндие: «Сен әніңмен кел, болмаса ара құсап ызыңдама», — дейді.
Шал болса: «Сенің салған әнің әнің неге керек! Менің ақшам көп, менен асып түссең де, тоқалым боласың», — дейді.
Лю Сәндие: «Мен ақшаға қызықпаймын, ақшасы көп үйде улы жылан болады», — дегенде халық ду етіп күледі, сол кезде шал қаша жөнеледі.
Сол сәтте бір жас жігіттің бейнесі көрінеді. Бойы ұзын, сымбатты, есімі Ты Жиаң. Ол Лю Сәндиеге қарайды. Лю Сәнжие де Ты Жиаңға көз салып, екеуі бір-біріне ұзақ қарайды. Лю Сәнжие : «Сен қайдан келдің? Неге келдің?», — деп сұрайды.
Ты Жиаң ерекше сезіммен: «Мен келген жерде жерде гүл көп, бырақ сұлу қыз жоқ, мен бұл жерге сен үшін келдім», — дейді.
Лю Сәнжие мен Ты Жиаң бір-бірін үнсіз түсініп, тауға кетіп қалады. Ішкі сырларын бір-біріне айта бастайды, ал бар әлем бұларды құттықтап тұрғандай болады.
Лю Сәнжие мен Ты Жиаң таудан түсіп келе жатқанда, кенеттен бір топ адам жүгіріп шығады. Бұлар Лю Сәндиемен өлең айтуға келген шалдың адамдары екен. Шал : «Маған Лю Сәнжие керек», — деп ақырады.
Лю Сәнжие оны бетінен салып қалады. Ашуланған шал көзін алартып қол астындағыларына : «Ұрыңдар!», — деп бұйрық береді.
Ты Жиаң да ашуға булығып, қолына темір істік алып үш жігітті ұрып жығады да, шалды да ұшырып жібереді. Бірақ оны біреу арт жағынан басынан ұрып қалады. Оның басы айналып таудан төмен қарай құлайды.
Лю Сәнжие Ты Жиаңды дауыстап шақырып іздейді.
Лю Сәнжие көз жасы сорғалап таудан түсіп, жаралы Ты Жиаңды іздейді. Бірнеше тау жотасынан өтеді, бір топ құсты көріп: «Жаралы адамды көрдіңдер ме?» — деп сұрайды
Құстар: «Өтіп кетті, өтіп кетті», — дейді.Лю Сәнжие тағы бірнеше тау қыратынан өтіп, бір жас жігітті көріп: «Жас жігіт, Ты Жиаңды көрдің бе?» — дегенде, ол: «Ты Жиаңды ағалары алып кетті», — дейді.
Лю Сәнжие алға қарай жүгіріп, ақыры Ты Жиаңның үйіне келеді. Оның аман-есен екенін көріп әрі қуанып, әрі мұңаяды.
Түннің ортасында сол жердегі әскер келіп, Ты Жиаң мен оның ағаларын соққыға жықпақшы болады. Бірақ ағайындылар жаудың тоқсан тоғызын өлтіреді. Лю Сәнжие мен Ты Жиаң тауға кетіп қалады.
Кенеттен күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жауа бастайды. Жаңбыр үш күн, үш түн жауады. Барлығын шайып, айналаны тазартады.
Жел мен жаңбыр басылғаннан кейін, аспанда кемпірқосақ пайда болады да екі адамның бейнесі көрінеді. Бұлар Лю Сәнжие мен Ты Жиаң болатын. Олар жүзімнің бұтағына отырып, Ты Жиаң сыбызғыда ойнап, Лю Сәнжие ән салады.
Жау келіп жүзімді қанша шапса да шаба алмай, үш күн үш түн шауып үш жүз ара сындырып, ақыры шабады.
Лю Сәнжие мен Ты Жиаң өзенге барады, өзендегі балықтар Лю Сәндиенің әнін сүйіп тыңдайтын, сөйтіп екеуін басқа бір керемет сұлу жерге жеткізеді. Осылайша екеуі халық әндерін айтып, бақытты өмір сүреді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі