БІРІНШІ БӨЛІМ. ШҮҢЕТ
Шалқалай жатып үй төбесіне қарап ойға шомған Құзыр «Осы біз неге ғұмыр сүріп жүрміз, өмірге не үшін келдік? Тірлік тегі несімен қызық? Қарап тұрсаң, біреулер қарны тойса болды, қамсыз, мұңсыз күн кешеді, біреулер дүниесі толық болса да, жанталаса тіршілік етіп, бір жанын қоярға жер таппай жүреді. Енді біреулер адал еңбек етіп, өмірден өз орнын тауып бақытқа кенеледі және біреулер Алланың ақ жолында құлшылық жасап, жан рахатын содан тауып, мәңгілік жан тыныштығына бөленеді. Тағы біреулер обырлана ғұмыр кешіп, бермесіңді тартып жеп, қара жүректікпен күн өткізеді, сөйтіп, о бастағы адамдық қасиетін жоғалтып, хайуандықтан аса алмай қалады. Десе де бәрі осы жалпақ жер бетінде жұмыр жүрегі соғудан қалғанша, тіршілік тегершігін айналдыра береді, айналдыра береді. Сондағы тірліктің соңғы нысанасы не? Әрқандай нәрсенің тиянақтар жері болады емес пе? Сонда біз адамдар..... », — деп өз ойынан өзі селк етіп, есін жиған бойда кеудесін де ойнатып жатқан баласы Алашты іздей бастады. Қара домалақ ұлы еденде көлдетіп отырғанын көрді.
— Бақытгүл, — деп әйелін шақырды.
— Мынаны .....
Күйбең тірлікке күпті болып жүрген әйелі үйге кірісімен, Құзыр далаға шықты. Суық ызғар шашып, күн райы шытқылданып, күздің тынымсыз бораны бұрыш-бұрышты тіміскілеп, тіршілікті белгісіз бір қарбаластыққа түсіруде. Бірнеше түп «қашқан тал» бұтақтары сойдиып жетімсірей ойға көп күдік ұялатады, ербиген ермен қурайлар анда-санда ғана баяу бас изеп, белгісіз нәрсеге мақұлдық танытады. Саусақтың саласындай болып тарамдалған жотаның әр сайы толған ел, көктемі жанға жайлы, тез жылынып жан-жануар жотасын күн шалады, шөбі бітік шығады, пішендіктен қалғаны, күзгі, қысқы мал жайылымына жетіп артылады, бір айыбы анда-мұнда қашып өнген тал болмаса, басқа ағаш жоқ. Тек адырлы көз сүріндірер қырат-қырат жота. Қысы қытымыр бол са да, қысқа болады, қыс бойы тыныш жататын шопандар, басқа мезгілде бірін-бірі аңдысады. Бұл араның адамдары шетінен жатып атар, бетіңе жылтырап күлгенмен, малына-малың жақындап түн асты болды жоқ. Сосын да ұсақ дау-жанжал үйреншікті әдетке айналған. Сырттан қарағанда ел тірлігіне сүйінесің. Бірер күн қонақ болсаң, өте тамаша, бәрі керемет. Ал ұзақ жатып сырын алсаң, жымысқы тірліктерінен безінесің.
Құзыр күнделікті әдетінше малына жем-шөп салуға кірісті.
— Ой өзіме тартқан тор қасқам-ау, — деп тор атына сүйсіне қарап қойды. Оны сезгендей пырағы да мойынын шөптен ала гүрс-гүрс шайнайды. Шаңырақ мүйіз, шадыр аяқ тарғыл сиырға әдеттен молдау шөп сала бергені сол, мүйізімен қағып қалды. «Сиыр сипағанды білмейді деген осы-ау». Құдай сақтады, жаңа ғана әкесінен қалған қара күпіні киіп шыққаны қандай жақсы болған. Шаңырақ мүйізі соның оң жақ етегін қағып, әйтеуір денесіне дарымай қалды.
— Иә, Алла, — деп жаны жайсызданғанда болмаса, айта бермейтін жаратушысына шынымен жалбарынды. «Осы біз адамдар кейде тіпті ешкімге де тәуелді емеспіз», — деп көкпен бой тірестіре қаламыз. «Ал құдай деген әкең мен шешең, не табынатын жаның, не өліп өшкен ғашығың», — деп өз алдымызға бір пәлсапа жаратамыз. Асығымыз алшымыздан түсіп масаттанғанда, сан қызықпен ләззатқа батқанда, тіпті ащы суға тойғанда, бәрін ұмытып, өз алдымызға «Құдай» бола қаламыз. Жақсы әкенің аруағы жаман балаға қырық жыл азық деген осы-ау, — деп үстіндегі ескі күпіге ерекше сүйінішпен қарады, өне бойын ыстық ағыс билеп, сақтайтын бір күштің бар екеніне шынымен сенді. Әкесін сағына есіне алды. Қашанда үлкен оймен жүретін алып денелі әкесі неге екені белгісіз қара көзілдірік киіп жүретін. Бала жүрегі әке көзін бір көруді армандады, не болғанын сұрауға әкенің сұсты қабағынан қорықты, әкесі ұйықтағанда көргісі келді, талай рет көруге өзіне серт берді, алайда әкесінен бұрын ұйықтап қалатын. Бірнеше күн жоқ болып кеткен әкесі бір ошарлы жанды көшіріп келді, шешесінің айтуынша әр жерге шашырап кеткен туыстары екен, неге екені әкесі өздері зорға жан бағып жүрсе де, басқа жақтағы туыстарын жинап, солардың жағдайын жасауға әуес еді. Есінде мысық мұртты жігіт шағы, Талдысай асуында көліктен түскен беті, кер жолмен қапталдай көк белдің үстіне шығып таңқаларлық тірліктің куәсі болды. Ағасының аттан түсуіне мүгедектік арбасын туралап қойып жатқан қаршадай қызды көрді, қыз әкесі ел ауған зар-заман жылдарда орыстың қуғыншы әскерлеріне екі аяғын берген жарым жан, десе де өмірге деген құштарлығын күні бүгінге дейін жоғалтпай, ғұмыр үшін жанкешті тірлігін тоқтатпаған адам. Одан ары әкесі көзі көрмесе де, таяғын тықылдата қора жағалап, қозы көтеріп барады, ол үшін бүкіл әлем қара түнек, қайда кетіп барады? Ал шешесі бүкір белін жазбастан қозылы қой қайырып жүр. Осыншама өмірге өліп-өшкен құштарлықты бұл кісілер қайдан, қалай үйренген, ал бүгін бесіктен белі шықпай жатып, өмірден безініп, өзін-өзі өлтіріп жатқан өскіндерімізге, не көрінді екен соншалық?
— Сүтті сиырдың сүзгені сөкет емес деуші еді-ау. Нарықтық өмір қазақтардың бәрін таудан түсіріп, базарға бейімдегелі қашан.
— Мә, жеші, — деп айырдағы шөпті науаға тастай салды. Үйге кіре Құзыр: «Ана тарғыл сиырды сатып құртамын, мынаны қарашы», — деп ескі күпінің етегін көрсетті.
— Тозған киім ғой, жыртылса не бопты? Соған бола сатпақсың ба? — деді әйелі.
— Сен бұл күпінің қандай кереметі барын білесің бе? — деп күйеуі болған істі түсіндіргісі келгенше әйелі:
— Түкке жарамай қалған ескі шүпірек-қой ол, ал тарғыл бір ретте бес литр сүт береді, қайсысы керемет? — деп одан сайын сөзді көбейтті. Әкеден қалған асылды танымаған әйеліне өкпелеген ол қайта далаға шықты. Түнделетіп ұйытқып соғатын долы боран ұлып тұр. Кей түндері таң атқанша есікті тырмаласа, кей күндері ысқырып терезені қағады.
— Иә, Алла! — деп бір жақ қырына аунап жатты. Құзыр, біз әрбір минут-секундымызды шаттыққа толтырып, жүректі таза ұстауға тырыссақ, сен де мендей бол деген идеялисттердің ойынан аулақтасақ, қысқасы біреудің кемшілгі үшін өзімізді өзіміз қинамасақ жөн болар еді. Бірде жапон, неміс, американдық, үшеуі тамақ ішіп отырғанда, тамақтарының ішінен шыбын шығады. Сонда жапон бірден қожайынды шақыртып, «бұл қандай масқаралық?», — деп дауыс көтереді, неміс: «Шыбының жүрмейтін жері жоқ, адам клеткаларын тітіркендіреді. Бұл ауыру тудыратын фактор», — деп түсіндіреді. Ал американдық: «Бұныңыз дұрыс қожайын, бірақ шыбын бөлек қуырылуы керек емес пе?», — дегенде, отырғандар ду күліп, болған жайды ұмытып өздеріне келген екен. Қандай жұмыста болса да, бас ауыртар жерін осылай күлкіге айналдыра алсақ-қой шіркін! Біз атқаратын шаруа да аз емес, десе де көңілді жүріп істеуге әдеттенсек, қарапайым нәрсенің күлкілі жағын жете түсінуге ұмтылсақ, қандай ғанибет болар еді! Онсыз да қиялшыл Құзырды енді: «Американдықтар неге қысқа тарихта әлем елдерінің алдына шықты?», — деген сұрақ мазалады. Америка құрлығы табыла салысымен төрткүл дүниедегі адамдарды ол араның көркем табиғаты мен тамаша климаты өзіне қатты баурады. Сондықтан бұл араға озық ойлы адамдар мен қуғын-сүргін көргендер ат басын тіреді. Табиғатының тамашалығы, жаратылыс дүниесінің қаз-қалпында сақталуы, қоғамның алдыңғы легіндегі ойшылдарға ғылыми тәжірибе жүргізіп, зерттеумен айналысудың тамаша ортасын жаратты. Міне, осылайша табиғат пен адам ортасында терең байланыс қалыптасты. Бұл ғылымға тың серпін қосты. Жан-жақтан келушілер мен нәсілдер жаңарды, гендер алмасты, басы істейтін ұрпақ дүниеге келді. Дүниежүзілік екі үлкен соғыста соғыс шығымын алды, доллар саясатын жүргізді. Сонымен бірге Батыс Европаның екі реткі ғылыми техникалық төңкерісінен кейін шыт-жаңа ғылым жетістіктерін тиімді пайдаланды және жаңғырта білді. Міне сондықтан да бүгінгі Америка бүкіл дүниенің жасырын таяқ сілтейтін қожайынына айналды. Біз осы басқаларға еліктеп өмір сүреміз. Бұл әлсіздігіміз бе, әлде мықтыларды мойындау ма? Тірші лік шынында осылай жалғаса бере ме? Ығы-жығы адам, қайшалысқан көлік, жанында Зәуресі бар Құзыр аспанмен тілдескен зәулім үйдің әлдебір қабатында қара нөпір адамдарға қарап, сигнал клетка тетіктерін басып, бір жолда сан мың адамның бар қимылын міз бақпай қадағалауда. Тіпті кейбіреуінің не ойлағанын біліп отыр. Міне қызық, анау сары жігіт ана қара қызға тіл қата алмай айналсоқтап жүр. «Тез басшы анау кнопканы», — деп қолын созған ол оқыс қимылдап, тәтті түсін бұзып алды. Жанында жатқан жұбайы Бақытгүлді көрді. Түн-түнек меңіреу қараңғы. Күндегі әдетімен далаға шығып малсақ мінез көрсетті, десе де жылы төсегіне тез оралды, өз түсіне өзі таңырқай, таң ата талықсып ұйқыға кетті.
— Тұрсаңшы, — деген әйелінің дауысынан оянды. Беті-қолын жуып, ас үйге кірген ол таңғы асқа отырды. Ас иесі дастарханды дәмге толтыра жайды. Екеу ара ұзақтау отырып шай ішсе де, бұлар дың әңгімесі күнделікті күйбең тірліктен ары аспады.
— Ой, ұмытып барады екем-ау, Кеңсай елді мекеніне барып салық жинап қайтуым керек, — деп тор қасқасын жабдыды Құзыр. Үй артындағы тар соқпақ пен тауға өрледі. Пысқырып қойып, тор қасқасы жеңіл басады. «Ат — ердің қанаты», — деген осы деп, атын аяй жалын қамшының сабымен сылады. Шоқпыт-шоқпыт тастар астындағы атын аздап кібіртіктетті. Өркештенген тау жоталары бірін-бірі аңдып тұрған дәл бүгінгі бәсекелестер сияқты, өзара жон көрсете күжірейеді. Күн көзі шығысына таулардың басын ораған селдір тұман, жағымпаз жандардай лезде көзден ғайып болды. Бұл сары қасқа, қызыл тұяқты, жуан бақайлы дәу қойлар таста жақсы жайылады. Бөкетай қойлардың тосын қимылынан секем ала қарады. Қожайынын көрді.
— Иә, Бөкетай, малдың ішіндегі күйіттенбегені бар-жоғын байқадың ба? — деп малына көз жүгіртті. Анау қызыл-сары саулық шеттеп жайылады, байқаймын, бір кінәраты бар-ау, ауру ма әлде күйісінен жаңылған ба? — деп қойшысына келесі көктемгі төлге осы бастан дайындықты жақсы көруді тапсырды. Көз ұшында жатқан кеңсайға сүйсіне бір қарап алды да, солай ат басын бұрды.
Иә, бұл ара өзі жаңадан университет тауысып, ең алғаш мұғалім болып тірлік бастаған жері, сонда Зәуресі оныншы сыныпта оқушы еді, оның сол кездегі еліктің лағындай қара торы сүйкімді бейнесі көз алдында көлбеңдеп, кең маңдайлы алпамсадай бала-жігіт кезін еріксіз есіне түсіртті. Артқы терезе жақта отыратын, ұяң мінезді сол қыз қиялына қалай түней бастағанын өзі де сезбей қалды. Зәуреге сабаққа кіретін күннен бір күн бұрын дайындалатын Құзыр, әр қандай кешкі бас қосумен, сан түрлі жұмыстарын қайырып, ертеңіне сақадай-сай болатын. Жайшылықта шашын тарап, аяғын сүртпейтін оны, қабақ қағысынан түсінетін дос-жар, қызметтестері жымыңдай қарсы алатын-ды. Еркек біткеннің барлығы тірлікті жасыл желектілерге байлап ғұмыр сүретін іспетті. Бүкіл ғаламды ұстап тұрған осы бір тартылыс күші ме, — деп таңқаласың. Ең алғашқы тірлігіміздің өзі аналық рулық қауымнан басталмап па еді? Ең алғашқы адамзат пайда болғанда қоғам, топтасып, қауымдасып өмір сүру кезеңінде, қалай не қажетіміз туады, солай арманға құрық жалғадық. Ешқандай жеке меншікке бой бермей, бәрі ортақ пайдалануға түсті. Керек десе адам сезімі де. Бұл стихияли көрсоқырлық сан мың жылдарды артқа тастап бүгінгі адам сенгісіз алапат сезімдерді алдымызға жайды. Бұл романтикалық күй қазірге прагматиптердің қолы мен шертіліп тұр. Тор қасқасының «қорс» етіп ши түбіндегі сиыр жапасынан үрікеніне аттан ауып қала жаздаған ол, өзінің бал дәурені шашылған ауылға таяп қалғанын сезді. Ешқандай саулетшісіз салынған жұпыны үйлер, иқы-шойқы жолдар, жалаң бас, жалаң бұт шауып жүрген қара домалақ ерке-шолжақтар ауылға өзінше сән береді. Салықтың барын бардай, жоғын жоқ тай жинап, өз ақшасын қосып жылдық есепті мерзімнен бұрын жауып, мақтауға ие болатын Құзыр тағы сол әдетімен тең бағалы айырбастық салық жинау тірлігін бастап кетті. Жұмысын жәйімен бітірген Құзыр қайтарда тағы да Зауресі жайынан тәтті қиялға шомды. Алғашында оны сыртынан ешкімге білдірмей иемденуші еді, тіпті Зауресі де білмейтін. Мектеп бітіретін уақыты таянған сайын, қимастық сезімі тіптен күшейді. Мектеп қақпасынан шығып келе жатқан Зәуреге Құзыр кездесе кетті. Оның бұлай алдынан шыға келерін күтпеген болар, өзінен өзі қысылып, бойын бір түрлі әлсіздік билеп, қайда жүрдің дегенге тілі әрең келді. Ғашық жанары тұңғиық түпсіз тереңге бойлағаны сол, өзін қоярға жер таппай қыз алдында құрақ ұшты.
— Бүгінгі білімді таған, экономиканы өзек еткен, электронды информациялы қоғам бар тіршілік иесін беймаза күйге түсірді. «Сен өте зерексің, келешекте үлкен адам болатыныңа сенемін», — деп бір сәтке қызға қызыға қарады. Сен мектеп өмірінде мықтылығыңды байқаттың, Алла қаласа, ертең мамандығыңды таңдап университет төрінде отыратыныңа сенемін.
— Ағай, мен көп мамандық иеленгім келеді, — деп ұзақтан мазалап жүрген ойын айтты шәкірті.
— Жақсы, жақсы. Адам өмірін бір қалың кітап десек, сен соның бірінші бетінің алғашқы жолына да жазу жазған жоқсың. Сол том кітаптың әрбір жолын мағыналы толтыруға тырыс. Бұл үшін ең әуелі мықты денсаулық, бар нәрсеге үлкен сауаттылық, сосын терең кәсіби мамандық қажет, бірақ көп маман дық иелену қиынның — қиыны ғой. Ал, қоғам деген таусылмас университет, онда қандай шәкірт болатыныңды жігерің мен уақыт көрсетеді.... Осы мен, неге, Зәурені ойлай беремін? Бұл күн де бәрі де біткен, менің балам, әйелім бар, өзін сезімдік танымнан ақылдық танымға көтерген Құзыр, ат тізгінін қыса ұстаған саусақтарының ұйып қалғанын сонда сезді. Бар шаруасы ойындағыдай жүріп жатқан Құзыр өз жеке меншігіндегі жер аумағын кеңейтіп, өсімтал ұсақ малын барынша көбейтуді көкседі. Анау, Түркістан, әй, ол өз ақылы өзіне жетер сауатсыз. Ертеңін білер оңайлықпен шұңқыр жер баспайтын қу. «Таптым-таптым», — деп санын сарт еткізген Құзыр, тор қасқаның үстінде келе жатқанын ұмытты. Шортанбай, сол бір жылдары саудагер сарттарға делдал болып, несиеге туыс-туғанынан мал жинап, өз малын да қарызға беріп ауылының «пысығы» атанғаны бар емес пе? Ең тиімдісі сол, жері де жеріме тиіп тұр, дәл осыны екі мақтап, арқаға бір қақсам, бәрі орынына келеді деп, көңілінде қулықтың үйелін жасай бастады. Ақшасын толық қолма-қол берем емес пе деп, Құ дай алдында өзін ақтап та үлгерді. Шаруа қожалығымды үлкейтіп, мал тұқымын сапаландырып мезгіліне қарай шұрайлы жерде бақсам, өзімдегі шикізатты тиімді пайдаланып, шағын, орта өндіріс орындарын ашып базар нарығын да қазақи ұлттық марка ұсынсам, базардағы алып-сатарларды азайтсам деп ойлаған ол, қысық көз, пұшық мұрын өз саудагері Бақыттың: «Сіздің бұл еңбегіңіз бір жылдың он бір айы босқа тер төгіп, бір айында ғана өнім алатын, ақыңды ақтамайтын тірлік», — деген пікірін тас-талқан ету бекіміне келді. Мама ағашқа ат байлап жатқан оны ең алғаш шұнақ құйрық, сабалақ сары төбеті еркелей қарсы алды, «құтаяқтың» иесіне көрсеткен қимылынан екі күннен бері бәрінің жақсы екенін сезді, қамшысын сүйрете үйге кірді, еңбектей ұмтылған баласын құшағына алды, қаныңнан жаралған балаңнан артық не бар дейсің бұл дүниеде... Біз ғұмырымыздың көп бөлігін артымызды жалғар ұрпағымызға арнаймыз, сол үшін де өмір сүреміз. Жер бетіндегі жұмақ тек отбасың, әйелің — ондағы шырақшың, үйдің көркі — бала, ол баға жетпес байлығың, оны аялау, қастерлеу керек, сол үшін өмір сүріп жатырмыз. Малды, тек арзан еңбек күшімен жан қинамай бақпасаң, мал қашанда мал, сені ез, ынжық жасап, мыж-тыжыңды шығарып кәртейтеді. Десе де ол біздің ғасырлар бойына жалғасқан ата кәсібіміз. Бүгінгідей нарық тыныштығымызды кетірмегенде, таудан түспес те едік. Енді бірден малды, ауылды тастап қалаға беттеп, өнер-кәсіп, техника деп, қалаға бейімделуге тырсқанымызбен, оны бірден ебіне келтіре алмаспыз-ау. Тамға үйренген отырықшы жұрт заманалық жиған-терген іс жүргізу тәжірибесі мен тәжірибеден өткізген тірлігінің қыр-сырын бізге бірден үйрете қоймайды-ау. Бір ұрпақ соның боданына айналармыз деп, өзін-өзі жегідей жеп отырған Құзырдың ойын сауысқанның шықылы үзді. Әкәу, хабаршым, ақ сөйле, ақ сөйле! — Деп маялап жиған шөбінің үстінен түсті. Күндегі әдеті бойынша тор қасқасын жетелеп, қолдағы кәрі-құртаң биелерін шұбырта бастауға беттеген Құзыр, ақшулан бұлттардан сытылып, қызарып батып бара жатқан, кешкі шапақты көргенде, көкейінде сан сұрақ ұялады.
Осы біз, адамдар, күні ертең барар жерімізге дәл осылай қызарып, толып барамыз ба, әлде құр сүлдеріміз қалып, солып барамыз ба? Бүгінгі жалғанды жалпағынан басқан мықтылар мен сол арада теңесетін шығармыз-ау, жоқ әлде, ол арада да ...? Тартына қалған тор қасқасының құлағынан бір нәрсені сезген Құзыр төңірегіне көз жүгіртті. Ештеңе байқалмайды, десе де жылқы жануардың бекерге құлақ қақпайтынын білетін-ді. Әп-сәтте иығында қоржыны бар Түркістан алқына бастау басына жетті.
— Жол болсын, аға, қайдан келе жатырсыз?
— Қалаға барып.
— Иә, ағасы шарапсыз жүрмейтін болғансыз ба?
— Е, Е! қалаға барсам, қатын-баламды жақтырмай қаламын, сосын да. Қазандағы сүр еттің иісі мұрын жарып барады. Күзгі соғымды сойып алған бұлар қарағай ысымен келістіріп кептірген, көміртегін мықтап сіңірген жас етке басқа да түрлі қышқылдық дәмдендіргіштерді Бақытгүл теңшеп қосқан. Ұйқысынан оянған Түкең:
— Келінжан Құзыр қайда? — деді.
— Далада ғой, аға.
— Өз құзырын кеңейтіп жүр де, — деп салдырлай далаға шықты.
— Ой, інім—ау, әлгі, «Көк сиыр емсе, көк айыл әйелдің аяғы артына тиеді» дегендей, бұның не далада безектеп, — деді, Бөкетай да үлгірер тірлікке араласып.
— Е, мал баққандікі, қатын жаққандікі деген емес пе?
— Жөн, жөн.
Үй шаруасына тындырымды Бақытгүл олардың үйге кірісіне дастарханды жайната жайды. Бұлар ас ішіп, аяқ босатар салты бойынша қолындағы майларын ноқта, жүген, тартпа сынды қайыс әбзелдерге жағып, сосын қолдарын жуды. Үй шырақшысы бәрін жинап теледидар қосты.
— Адам санасын улайтын Батыс Европаның, Американың өз идеологияларын жарнамалайды, оны көргенше, әңгіменің дүкенін ашпайсыз ба? — деп, үй иесі қонақ кәде сұрады.
— Мен бүгін қаладағы ұлымның мектебінде ата-аналар жиналысында болдым. Ұлымның оқу үлгірімі төмендеу, мектептің оқыту сапасы да мәз болып тұрғаны шамалы. Бүгінгі жиында мектеп директоры езуін көпіршітіп, «Біз ұрпақтарға үлкен үміт артып отырмыз, бұлар Отанның келешегі, мемлекетімізді озық өркениетті, дөңгелек дәулетті елдер қатарына жеткізу осы ұрпақтың міндеті. Бұған барлық ата-аналар жақсы сәйкесіп, отбасында баланың оқуын қадағалауы керек», — деді. Сонда мен: «Дәл осылай оқыт саңыздар дөңгелек түгілі сопақ дәулетке де жете алмай зар болармыз», — дедім. Атын жаза алатын үштің бірі мұғалім болған анау бір жылдары білімнің бар жоғына қарамастан, географиядан сабақ беріп жүрген кезім. Бір жолы облыстан комиссия келеді дегеннен жанымыз шыға жаздап, барды-жоқты көшіріп, қателікті өшіріп, жанталаса дайындық жасадық, ақыры асыға күткен қонақтарымыз да келді. Біздің география группасы да басқалар сияқты ақша жиып, оны әлгі әдемілеу бойдақ келіншегімізге беріп, қырықтың ол жақ бұл жағындағы біздің пәннің семізше келген, қырма сақалды, шүңірек көкшіл көзді, қасқа бас, бетінің жарымын мұрын иеленген тапалдау еркекке оңашалап ұстатқыза қойдық. Ол да бұндайға жатылып алған қу екен. Түс ауғанша сыныпқа кіргенсіп, сабақ дайындығымызды тексергендей қыр көрсетіп, оқушы алдын да дұшпанкөз істеді. Уағдалы уақытта кафеге бірден, екіден аяңдай баса, оңаша бөлмеге жайғастық. Сөйтсек, ішкі жағында орны бар жұрт көзінен таса бөлмелердің бәрі комиссияны жөнге салуға жайылған жасырын дастархан екен. Он екі пән бойынша жарыс, шындықты шырқыратып, өтірікті өрге айдаудан өтіп жатқандай, бәрі де абыр-сабыр. Бізде әлгі сұлуымыздың арқасында ел қатары мұғалімнің жанын алардай келетін жәбірейілдерден зорға құтылдық. Менің 50 жылға жалға алған өз меншігімдегі жеріме мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын тең ұстанбақшы болып, жергілікті адырақбай басшыларға өтініш айта барсам, мүлде көнбей, тың жерді ашуға болмайды дегені, жоғары дәрежелі басшыларға жазбаша өтініш жазып, қағыр шөл даланы мал жем-шөбі үшін пайдаланғалы отырғанымды жеткіздім. Жемқор әкімдердің төбесінен байлап, тілегім орындалды, әкімінің терең қалтасында қағыс қалаған көп ақшаның кесірінен кедей болған елді мекендегі жұрттың шай-тұзын қамдап, арық қаздырдым. Бірінші жылы еккен егінімді арам шөп басып кетті. Келесі жылы бір қытайға үш жылға сатып жібергенім сол, шу басталды. Өзіңе тиеселі жерді басқа адамға беруге болмайды, — деп шала сауат жергілікті әкімханалар әбден мазамды алды. Мен амалсыздан алыстағы үңгірдің біріне жасырынып, «Түркістан қысымға шыдамай өліпті», — деген қауесет тараттым. Міне, олардан осылай құтылдым деп күлді Түкең.
Жер шары бір алып кеме тәрізді. Теңіз беті әрқашан тынымсыз толқын тудырып, әманда тыншымайды. Біздер онда көп өкініш, көп қуаныш, көп сұрақ, көп іздер қалдырып, ақырын жылыстап отыра мыз. Өмір деген — жалыны мол от теңіз, байқамасаң, жалыны шарпиды, алайда біз жүзімізді жалын шарпып, о бастағы бейнемізден басқаша күйге еніп, өмірден өз еншімізді алуға тырысамыз да жатамыз.
Баяғыдай Салиқа мен Сәмен, Қозы мен Баян сияқты өліп-өшкен ғашықтар бұл таңда неге шықпайды аға деп әңгіменің тақырыбын бірден өзгертті Құзыр.
— Иә, ол кезде қазақтың жанға жайлы тамаша тіршілік ортасы болды, материалдық және рухани байлығы жеткілікті еді. Жап-жасыл қарағайдың арасы, сылдырап аққан бұлақтың жағасы, көкпеңбек бал құрақтың аясы, өз дәуірінің Салиқасы мен Сәменін, Қозысы мен Баянын тудырды. Олардың ортақ арманы: қатып-семіп қалған ескі неке салттан қашып, өз сүйгеніне қосылу болды.
— Бұл күнде махаббат алыптары жоқ па, аға, сонда?
— Әр дәуірдің өзіне тән махаббат алыптары болады, әр дәуірде де махаббат ортақ арман, берік сенім, терең сүйіспеншіліктен туады. Бүгін біздер, қиян-кескі бәсеке мен үрей, үміт пен қуаныш қатар жүретін, өркениет тоғысатын білім экономика дәуірінде жаһандану үстеліне бас қосуға дайындалып, махаббатты терең білім мен мол ақша, озық өркениет деп, солардың қырынан іздейтін болдық. Екінші топ қазір махаббат жоқ деп бір ұлттың болашақ аналарын тура жолдан тайдырып, бас білмес тентектерді көбейтуде, бұл жігіттердің бас қоса қалса болды, айтатын ерлігі — қызға қырындағаны мен ішкен-жегені.
Баяғыда бір шал көз жұмар шағында «кемпір — ау, мынау сенен жасырып жүрген сырым еді, деп бұрыштағы түйіншегін алдырып, бұл үш ұсақ қаратасты өзіңнен бұрын көңіл қосқан үш қыздың көзі ретінде өмір бойы сақтадым, күнә арқалап қайтем», — демесі бар ма. Сөз соңын күтпестен далаға зытқан кемпір, қос уыс тас көтеріп үйге кіргенше шал байғұс көз жұмған екен. Осылай кете берсек, осындай күй кешеміз бе, кім білсін? Кейбіреулердің ат байлар жері содан аспай, сол үшін ғұмыр кешетін де секілді. Үлкен істерге қол созсаң, кішкене істер өздігінен шешіледі, неге ғана үлкен арманға, асыл мұратқа ғұмыр кешпеске. Құзырдың қиялында Зәуресі. Зәуре 4 жылдық медицина мамандығын жақсы бітірсе де, әкесі Әділ ұзын жыл аудандық жол жөндеу мекемесі не жұмысшы болғанын бұлдап, әкеден балаға мұра боп жалғасатын, «мирасқор мекеменің» медбикесі болып алғашқы қызмет жолын бастады. Көп өтпей жекешеленуге кеткен медицина саласының ықпалы на ұшырап, Зәуре сұңғақ бойы, қыр мұрын, оймақтай аузы, шиедей еріні, қыпша бел, аққұба жүзі не қарамастан, қара жолда күннің ыстығы мен суығын елемей, сан жүргінші өтетін жол асыраушысы болып, жапакеш өмірін бастады. Адам туылғанда маңдайына Алла Тағдырын жазып қояды деуші еді. Адамдар ға тәубаға келсін деп, бірді суға батырып қалған ерке шолжақтарға ескер ту жасағаны ма? Формасын суреттеуге тіл жетпес сұлулықты берген Құдай неге ғана адам көріп тұрып, нанғысы келмейтін, қара жол жамаушылы ғын жазады. Тым құрыса, адам көрмейтін, жұрт білмейтін жолдарды жөндесе ше, — деп, тісте не жастықтан басын жұлып алған Құзыр Түкеңнің қалың ұйқыда жатқанын көрді.
Ғылым әлі мойындап үлгермеген бір белгісіз күш жер бетіндегі тіршілікті қатаң қолымен өз орнына қойып тәубесіне келтіреді. «Иә, Алла», — деп, бір қырына аунаған Құзыр, жұрттан мойыны озық жандар мен асқан өнер адамдарына да үздік дарын сыйлағанымен бір жағын жетесіз жасайды, өз бойына кемістік, не Құдай деп қосылған жарына, не қанынан жаратылған баласына, не ет бауырын сүреңсіз етеді де қояды. Ал, байлардікі қарамаққа рахатты өмірдей көрінеді, шын мәнінде олардың мұңы ащы мұң, байлығы сіңбей көкірегін қыжылдатып, асқазанын сахарша қайнатады, сосын да олар үйлерін қат-қабат қоршатып, белгісіз бір нәрседен секем алып, өз ұрлығын әшкерелегендей жүреді, не болмаса байлықтан басы айналып, жемге түскен тауықтай беймаза күйге түседі. Байлықпен мәнсәп жоғарылаған сайын адам баласының жүгі де ауырлай береді. Ал кедей байғұс қара жанын бағумен әлек, одан басқа қандай мұңы болсын. Бұл не заңдылық? Өмір деген осы ма? Сонда біз сияқты орташалар не үшін өмір сүреміз?...
Ол жанында Зәуресі бар қызыл мәшинеге мініп, адам көптігін апат деп санайтын үлкен қалада құйғытып келеді. Қат-қабат зәулім еңселі құрылыстар, тіпті өздері көрмеген үлгідегі үйлер, адамдары да басқаша. Бөтен ел, бөтен жұрт. Таң қала ана тілін де «Қазақ майлы шәйі» делінген маңдайшаға тура тартты. Машинадан түскен екеуі есікке таяғаннан-ақ өзгеше бір ілтипатты көрді. Биязы қазақ қыздары сызыла есік ашты, он екі қанат ақ үй формасында жасалған жайсаң зәулім үй. Бәрі де электронды бақылағыш арқылы басқарылады. Сырт киімдерін ауыстырған олардың құлағына «Сарыарқа» күйі ойнайды. Көз алдын да қазақтың көркем маңғаз даласы. Мыңғырған малы, сыңсыған орманы, даңғазалы қаладан бір сәтке жан тыныштығын сыйлайды. Екеуі қолтықтаса шеткі столдың біріне жайғасты, стол бетіндегі тетіктердің бірін басып қазы-қарталы сүтті шәй алдырып құшырлана ішкен Құзыр аузын күйдіріп селт етіп түсінен адасты. Қолымен аузын сипап, түсі екенін білді таңғы әтештің шақырғанын естіп жатты. Жерге жарық түспей тұрып таңның ататынын екі-үш сағат бұрын сезетін бұл әтештер, адамдарды тіршілікке шақырып тұрғандай. Тауықтардың басты ғұмыр сүру нысанасы жер бетіндегі жандыларға мезгілді білдіру ме? Ал қазіргі төк шөжелер тауық табиғатын жоғалтты.
Түнде олар әңгімелесу үшін түпкі бөлмеге жатып еді. Енді міне денесіндегі бір қажеттілікті түйсінген ол, іргелес бөлмедегі әйелі Бақытгүлдің жылы төсегінің шетін ашты...
Түкеңнің тықырынан селт етіп оянған Бақытгүл. — Көтек! Қонақта тұрып алыпты-ау, — деп өз ұрлығынан ұяла Құзырды оятты, ол көзге көрінбесе де, кешке қарай мұрттай ұшыратын бір бітбейтін «алып» тірлігін бастауға кірісті.
Бұл бастаудың табиғи мөлдір суын мүмкіндігінше үлкейтіп ағызып, көлшігіне тек қана қызыл қолтық бақа өсіріп, үстінде сарала үйрек бақсам, төңірегіне Бейжің ақ терегін отырғызсам, малыма генератор мен бастау суын жеткізсем, — деп ойға шомып тұмадан су алып Құзыр тұр.
Біз адамдар ғұмыр сүруді жеңілдетуге тырысамыз. Бірақ адам билогиялық тұрғыдан жанды тіршілік иесі. Олар бір-біріне кедергі келтіріп, өмірді күрделі де қияңқы тұрғыға айналдырады. Енді біреулері бір-біріне жақсылық жасап, ісін ілгерілетіп тірлік жолын жеңілдетеді. Тіршіліктің азықтық тізбегі бізге әділет деген — құр далбаса деп ескертеді. Тірліктің жалғасуы бізге әділеттілік тұрғысынан көрініс табады. Сосын да біз, адамдар, өмір бойы жоқ әділдікті іздейміз.
«Бір күнгі өміріңді қайталата беретін мұғалімдік мамандық ең күрделі жұмыс. Сонымен қоймай өзіңмен өзің әлек болып түннің бір жарымына дейін ертеңгі сабаққа дайындаласың. Бұл жұмысты ұзақ жыл істесең, өзіңді бүкілдей жоғалтасың, көшеде монолог сөйлеп, дастархан басында шимақ жазу жазасың. Алайда мұғалімдік ешкімге зияны тимейтін таза жұмыс. Бірақ ұрпаққа дұрыс тәрбие бере алмасаң, ертең ар сотының алдында сұраққа тартылатының да бар. Кей-кейде педагогикалық заңдылықтан ауытқып, адам болып, ашуға жол бергеніңе, оқушылар телефонда боқтап, көшелердің қалтарысында, тойдан масаңдау қайтқанда, алдыңнан шығып таяққа да жығушы еді», — деп тыжырынды.
Жаңа ауысып келген аудан әкіміне бір соғы мын беріп, облыстық емханадан жүйке жүйесі шарша ған деген анықтама алып, оқытушылыққа жарамайды деген сылтаумен әкімнің бұйрығы бойынша салық жинаушы болып, қызмет ауысқан тірлігіне Құзыр бүгін де дән риза.
Шай алдындағы бар шаруасын тындырып үйге келген Құзыр дастархан басына жайғасты. Қазақы дастарханда бір жолда өзбектің тойлық асы тұратыны шындық. Қатар-қатар тізілген тағамдар Құзырды күткендей шеті де ойылмаған.
Түкең ысылдата ыстық шайды сораптап отыр.
— Жә, Құзыр бауырым, қатын-баланың жайы не болып жатыр, үйден шыққалы үш күн болды.
— Қойшыңыз мықты, қонсыңыз пысық-қой, ештеңе бола қоймас, асықпай шай ішіңіз, — деп көңілін орнықтырды қонағының.
— Құзыр-ау, бүгін қалаға барамын демеп пе едің? — деп, ұзақ сорапталған шайды тоқтатты Бақытгүл.
— Иә...
Тіршілікке нұрын шашқан жер шарына ең жақын тұрақты жұлдыз да отағасының сақал-мұрт алуына көмектескендей жарқырап нұрын шашып тұр. Есік алдындағы ақ ұлпаға оранған теріскей жота Құзырдың үнсіздігін құптағандай із тимеген пәктігімен көзден алыстайды, күн нұрына шағылысып жанарыңды жасытады. Тауық, үйректері түгіл сары төбеті де түндегі суыққа нәлет айта, маужырап жерге басын төсейді. Үйден асыға шыққан Құзыр өзінің сергектігі жоқтығын дәрет алмағанмен байланыстыра, қайта айналып дәрет алып жолға шықты. О, ғаламат, түнде түсінде көрген қызыл машинасы алдынан шыға келді. Қол көтеруіне тоқтай қалған көлік есік ашты. Машина Құзырмен толықты. Қызық дәл түндегі өз көлігі, «Махаббат, ғашықтық!» — деп айқайлағысы келді де, өз ойынан тез қайтты. Десе де соның шүңетінде... Тұрмыс махаббатты бұзады, ақыл байлайды, сенім шыңдайды. Тіршіліктің бұзғаны сол, бүгін сан түрлі неке қалыптасуда. Материалдық қажетпен ғана есепке құрылатын жас шамасы мен нәсіл талғамайтын неке. Бір көріп құлай сүйіп, тірліктен ауытқыған рамантикалық неке.
Міне, біз бүгін сезімнің ең ұшар шыңына шықтық. Тіпті құлдырап, сезімнің бастапқы тұрпайы түріне қайта айналып келдік. Адамдар қазір махаббат пен некенің ара жігін дәл басып таныды. Неке адамның шартты түрде басып өтетін жолы, ол жалпылық сипат алады, сіз одан ұрпақ таратасыз, отандасасыз, тіршілік жан ұясын құрайсыз.
Бүгінге лайық білімі мен өзіндік танымы бар, төңірегіне көрсетер мейірімі, өзіңе адал жар, балаңа қамқор ана болатын, айналасына кешіріммен қарай алатын жан іздейсіз. Сонымен бірге сізбен ойы ортақ, мінезі ұқсастау болса, тіптен жақсы және барлық істе үлкен жауапкершілігі бар болса, тіптен жақсы. Отбасына сіңімділігі қалай боларына да бір сәт көз жүгіртесіз, — деп өзі мен өзі сөйлесіп отыр Құзыр. Ал махаббат жалпылық құбылыс емес. Сіз қиялыңыздағы жанды кездестіргендей болып, қарсы жақтың қалыбын қолдан жасап, ұнату күйінде боласыз. Бұл стихияли барыс, жақсы көру жақындасу кезеңіне жетелейді. Алда-жалда сізден ақ махаббат тұтап жатса, міне, бұл махаббаттың салыстырмалылығы. Ол ешқашанда абсолютті болмайды. Бүгінгі таңда көптеген жастар махаббатты сезімдік таным деңгейінде ғана түсініп, ақылға жеңдірмей, тұрмысқа араластырады. Сөйтіп, ол махаббаттың тұтқынына айналады. Олар тек ішіп-жеп, ойнап күлуді білетін адамдарға да ұқсамайды, нағыз көз сүзген махаббат құлы болады. Ол жолы болмаса, өзгені қойып, өзінен де безінеді. Махаббатты бәрінен де жоғары қояды. Тегінде махаббат пен мамандық, махаббат пен арман, махаббат пен тұрмыс, махаббат пен неке қатынастарында махаббат басты орында тұрмауы керек. Қайта нағыз махаббат бір адамның кәсібін, мұратын, болашағын мүлде жалмап алмауы, қерісінше ол адамға үлкен дем беруі тиіс. Жасырын қабілеттерін ашуға жол сілтеуі керек. Нағыз ұлы адамдардың махаббат жолында өліп-өшкені некен-саяқ. Себебі, ұлы істер мұндай сезімдерді басып түсіп отырады.
Махаббат көңіл-күйге араласса, кісінің белгілеген нысанасына табандылықпен жетуіне үлкен кедергі келтіреді. Махаббаттың жалынына өртенбей, теңізіне ақпай, қайта оны пайдалана білуі керек. Махаббатта пәктік мораль болуы шарт. Оны некедегі ит өмір мен араластыру қажетсіз. Егер өмірдегі бар мақсатыңды жеке адамның бақытын көксеу — қара бастың қамы деп білсең, онда өмір шынымен де сүркейлі мазарға, жаныңды жегідей жейтін нағыз түнекке, құлазыған шөлге, үрейлі тамұққа айналады. Алайда мейір шапағат сұйқылданған бұл таңда махаббат адамдар арасындағы мейір, сені өлтірмейтін күш. Көңіліңнің көгіндегі пәк жұлдыз. Әйтсе сенің таңдаған ғашығың өзінің жиіркенішті идеясын ерте әшкерелесе, қуанда, рахмет айт. Көңілі тартпаса, дерт тартуға қарсы жағың татымаса, махаббаттың ащы ләззатында улану дың керегі жоқ.
Көлік жүргізушісінің абайсыздығы ма, әлде жол жөндеушінің шалалығы ма, әйтеуір қиялшыл Құзыр тілін тістеп бұл ойынан адасты. Қала тілі, техника тілі, ағылшын тілі екендігін білсе де, үйрене алмағанына өзіне ренжіді. Осы адамдар неге ғана ыммен түсініспейді екен? Бар дүниеге тыныштық орнайтын ғаламат заман болар еді-ау. Жо, жо-жоқ ақшаң болса, итің іспетті ертіп жүресің аудармашыны. Бойын қуаныш сезімі кернеді. Міне, бүгін де мені мұғалімдіктен құтқарып, еркін жүріп, қол астыма бұйрық беруіме мүмкіндік беріп отырмай ма сол ақша? Әй, ақша, қан шалағандардың жалынын сөндіріп, жастығын ұрладың десеңші!!! Қаншалағандар сен үшін жанын шүберекке түйіп жүр. Қаншалағандар сен үшін сары уайымда дөңбекшіп таң атырады. Қаншалаған сұлулар жаны сүймейтін қортықтардың қойнында ақша үшін аймаласуда. Қаншалаған таланттар қара құрсақ мешкейлердің қол астында бүгежек қағып, құл болып жүр. Қаншалағандар ақша мен айға қолы жетіп тұр.
— Иә, Алла, бергеніңді ала көрме! — деп машинадан түскен Құзыр асығыс мекемеге тура тартты. Есік аша қарсы алған орта бойлыдан жоғары, қысқа мойын, қозы қарынды жігіт ағасының қимылынан берген дүниесінің текке кетпегенін сезді. Жайғасып отырысына қыпша бел, қысық көзді бойжеткен шағын дастархан жайды.
— Жә, жігіттім тілегің орындалды. Бір жылға ағылшын тілінің кәсіби мамандығына жіберетін болдым,— деді бастығы.
— Рахмет ағасы, рахмет. Қай кезде барамын сіз үшін, — деп қуанышын жасыра алмады.
— Ақпан айының соңын ала жүресің.
Құзыр далаға шығысына есіне бірден сап еткені тор қасқасы болды. Ол сонау жібек жолының бойында Англия жылқыларымен будандастырып алынған асыл текті қара көк жылқы тұқымы. Мен жоқта ана Бөкетай ие бола ала ма? Туыстарым ше? Есіне бірден жиен қарындасы түсті... Туыламыз, еңбектейміз, жүреміз, қуса уақыт, қалай оған қой дейміз? Кеше ғана жөргегінде быжы-тыжы болып жылап жатқан нәресте десе сенгісіз қор қызының өзі боп бой түзеді Алтын. Жанынан өткен әйел затына көз салмайтын еркек болушы ма еді, оны көтере алмай, қыз көп ауыратын, басында емханаға апаратын, ешқандай көмек болмағасын, шешесі арғы атасынан қалған ілім негізінде «аштайтын». Сонда ғана жазылатын.
Міне бүгін Алтын тағы жанары солыңқы басы мең-зең күйде мектептен үйге келді. Шешесі үйреншікті әдетімен күннің қызылы батар шақта бір шыны суық суға дем салып, қуыс кеудесін аша тізерлетіп отырғызып үш рет су бүрікті. Қыз мұздағаны ма, басқасы ма сүлей-сапа. Қолтығынан демеген шешесі Мақан үйге ертіп кіріп, жылы көрпеге орап әкесінен қалған қамшымен ары-бері көрпе сыртынан сабап, күйеуінің атқа салатын жүгенін көрпенің басына, қамшыны көрпе үстіне тастап сыртқа шықты. Ауыл балалары Алтынның сыныбында оқығаны үшін, онымен сыныптас, тіпті онымен мектептес, болғанын мәртебе тұтынатын-ды. Ал Алтын болса, әкесінің ауыл орман ісі басқармасының бастығы екендігіне сенетін, паң дықпен ештемеге қарамайтын. Әкесі ерке қызына ең алдымен ауылда мотоцикл алып берген еді. Алтын орталау мектепті үздік бітірді. Қалаға орта мектепке оқуға түсті.
Әкесі жиі-жиі келіп қызының оқу жағдайын мұғалімдерінен сұрап тұрды. Шынымен қызы жақсы оқыды, деседе 11сыныптан жоғары өрлеп оқу емтиханын да тапсырды, алайда Алтын 248 бал алып, 2 балы жетпей мемлекет грантынан ие бола алмады, ерке қыздың тұңғыш рет өмірде жолы болмады. Осылай оның болашағында бұрылыс түйін басталды. Ақылдасар сынып жетекші тағы бір жыл қайталап жіберуді айтты, алайда өмірінде кеудесінен ешкім итермеген шу асау қыз биылғы оқуға түсе алмай қалғанына қатты қапаланды, қайтсе де биыл оқитынын айтты, әкесі үшін де оқуға түсе алмағаны намыс еді, тездеп университеттен таныс тауып беретінін беріп, ақшамен оқуға түсті, бірақ бұл түскені ересектер біліктілігін көтеретін екі жылдық оқу болып шықтты. Мұны бітірген соң, кадрлік емтиханға тіркеліп, кадрлік статус алуға әбден болады дегесін, әкесі үнсіз мақұлдады да, қыз өз дегеніне жеткеніне қуанды. Амал нешік! Білім теңізіне шөліркеп, бас сұққан Алтынның тобындағылар өзінен бір, екі жейде бұрын тоздырған қулар болып шықты, кейбіреуі жас қыздың білім алуына кедергі келтіріп, оған сөз сала бастады. Пәк те паң қыз ешқайсысына бұрымын ұстатпай, екі жылдық оқуын бітіруге таяды. Анау-мынау емес үздік бітірейін деді. Оның басты себебі қыз әкесінің сұсты қабағы болды. Қыз әкесі де бағына қандай ұры жолығарын білмейді.
Қыздың өзі, бүкіл ауылы, елі, оның бақытын алыс тағы ақ бұлттан іздеп жүрді. Сол өңірдегі небір жайсаң жігіттер Алтынға сөз салды, кім де болса, осы піскен алманы үзіп алуға қол созды. Алма өзінің жерге түсерін білмей көкке қарай бой соза берді. Оқу да бітті, әкесі қанша мықты болғанымен ауыл мектебінен басқа жерге орналастыруға шамасы келмеді. Себебі әкесі өз ортасының ғана мықтысы. Оны шамаламаған қыз ауылда қала салтанатымен күн кешті. Ауылдағы қара домалақ мектеп балаларын көруге арланды, бірақ жұмысы мұғалімдік болғандықтан оның басқа алмалы жоқ-тын. Өстіп жүргенде, қыз әкесі көлік апатына ұшырады.
Тауы шағылып көктен бірақ күнде жерге түскен Алтын сонда да жер бетіндегі көк етіктілерді жақтырмады, себебі, сол баяғы ауруы ұстап қалатын.
Қыз сол ауруы кетсе де, әдеті қалмай көк етіктілерден қалып, жасы 30-дың үстіне шықты. Енді, міне, өзін қой деп қанша зорласа да, жігіт сөз салды болды баяғы ауруы ұстап қалатын. Осылай қыз 35-ке де жетті, енді көп етікті тұрмақ аяғына шоп шақай тартқан жетім балаға үйленді. Шешесі байғұс алдыңдағы бақты теппе, тепсең киесі атады деп зарлана жүріп шашы аппақ қудай болды. Бүгін де өмір жалғасуда, баяғы ауыл сол қалпын да, ондағы өзен буылдыр толқын тудырып, тұнжырап ағады. Тек боз даланың боз тоғайы ғана шырылдап, көкке бір түсіп бір шығады.
Уағдалы мерзімінен бір жеті кейін жолға шық қан Құзыр мал жаны мен қатын баланың жағдайын өз қиялынша тастай жасады. Ел-жұртының батасын алып оқуға жүрді. Жер бетінде мен білмейтін нәрсе өте аз болар, бәлкім жоқ та шығар-ау деп, өзінің жымсыма сабан астынан су жүгіртер қулығы мен, алып та, шалып та істейтін тірлігіне масаттанып, өз ісіне өзі тояттанды. Осы қазір ғылым адамы деп жүрген зиялылар, лауазымды шенеуніктер, — барлығы да ақшалы адамдарға жұмыс істейді. Менің ана «мыртығымда солардың бірі» болар деп өз бастығын есіне ала жымиды. Бұл таңда ақшаға сатып алмайтын не қалды. Анау ғылым докторы, мынау профессор бәрі — бәрі де ақша үшін түн ұйқысын төрт бөліп, солардың атынан мақала жазып жүр емес пе?
Үйіңде отырып ақшаңды берсең, сен үшін жазып-сызып, миын тоздырып еңбегінің жемісін саған жегізеді, сөйтіп сен де ғылым докторы, анау да ғылым докторы, шенеуніктер шетінен жалған ғалым. Олар үшін ғылыми атақ қымбат маркалы машина сияқты. Ал нағыз ғалымдар ең соңында өзімен-өзі жүйкесі сыр беріп, ауруханадан бірақ шығады. Бұлар, міне, кітап ұрған зиялылар қосыны болмақ, ал басылым бетіне бірдеңесін жазып жүретіндердің бір то бы ынжық та жылауық, қолынан ештеңе келмейтін ездер болса, ендігі бір тобы жылпос қулар, өзі және өзгелер арқылы өздеріне жарнама жасайды. Әрбірден кейін жазушылықтың заманы өткен, сен жазатын оқиға, тарих, телесериал болып көз алдыңа бейнелі, жанды көрсетіледі, тағы басқа да керегіңнің бәрі де теледидарда, интернетте, саған енді жазушылықтың керегі қаншалық? Оны оқып отыратын адамдардың уақыты да жоқ.
Меніңше жазушылықта көлем, форма, қалып болмауы керек, ол сенің қиялыңнан туған ойға құрылса, ой иірімдерінен тұрса, сонда ол қыры мен сыры бар бүгінгі әдебиет болады, — деп өзінше пәлсапа жасады Құзыр.
Мен бүгінгі ағылшын тілінің төрткүл дүниедегі адам баласын түгел табыстырған ортақ тіл болғандығына және информация таратып, байлық көздерін ашуға жол нұсқайтын, мансап алуда білмесе болмайтындығы үшін сапар шегіп барамын, болмаса маған...
Бар тарихты бүгіп жатқан қатпар-қатпар тау қойнаулары мен қожыр-қожыр жалама — жартастар, бітік те, тығыз өскен самырсын ағаштары, етектегі сылдырап аққан тау суы сыңғырлай күледі. Бұлардың күлкісін бұзып, тау жыраларынан кездесетін ауыр өнеркәсіп кен-тау игеру машиналары, жыбыр-жыбыр адам, бәрі — бәрі де бір-бірінің мазасын алып белгісіз бір жаққа асығып тұрғандай. Барымды текке бере салмаймын дегендей өлерменденіп, жер шымшылап жатқан қазақы қойлар, жартас басында шоқиып тәңіріне табынып, шопан ғана өлі тыныштық та. Алдындағы малын өмірдегі кейіпкері ретінде өрбітіп, тіршілік картинасын салу қойшының дағдылы әдетіне айналғалы қашан, сосын да қой бағудан зерікпейді, өзіңмен бірге ойлай алатын адамдардан гөрі, өзіңе ғана бағынатын ойсыз мақұлықтар мың артық, бірақ, олар санасыз хайуан. Оларға орай берсең, саған сан түрлі қылық көрсетіп, хайуандығын әшкерелейді. Сондықтан қатаң тәртіп керек-ті, деп ойлайтын қойшы ғана — тау етегіндегі жұртқа ұқсамайтын нағыз адам, ол — әуелгі адам күйінде сақталып қалған адам. Тынымсыз ой түйе біледі, өйтетіні оның бүгінгі адамдар сияқ ты құлағында шуылы, миында мың сериал жоқ, жұрттан бөлек, елден оңаша. Шынында жұрттан оңашалану, дербес ойлау адамды тамаша да таңғажайып ойлардың әлеміне жетелейді. Тынымсыз музыка ел жаулаудың алдындағы зұлмат тәсіл. Ол сенің ойлануыңа ерік бермей, ойсыз жеңілдікке жетелейді. Ұзақ жолға жүретін жолаушылар автокөлігі, асты-үстілі кереует, тамағың да тазалық бөлмеңде, тіпті керек десең, жолдағы бойдақтығыңды жоғалтар жандар да бар деп еститін. Даңғыраған асфальт, зымырап келе жатыр, алты доңғалағы бір-бірін жанталаса қуып келеді. Өмір деп осыны айт, нағыз бәсеке. Қос телеэкранда да, көмір шахталарынан жаңа ғана шыққандай қап-қара негр, өлең айтқанда ғана көрінер аппақ тісі «масса болған электр cымындай» жылтылдайды, төңірегі бұраңдаған жалаңаш бойжеткендер.
Бүгінгі таңда Батыс Европа, Америка экономикалық, ғылыми-техникалық жақтан дамығанмен, ондағылар ертеңгі ұрпақ келешегіне күмән тудырарлықтай құбыжық болып артқа шегінді, онда Отан тірегі болатын отбасы ыдыраған. Мынау қара нәсілділер ұялмайтын бейбастақ саналарына жол беріп, адамды азғырып отырғанымен қоймай, ең алғашқы қауымдық өмірді еске салады.
Сәлем деген бойжеткеннің үні селт еткізе, тәтті қиялға жетеледі. Үстіңгі кереуеттен көзі бірден жартылай ашылған кеудедегі қос мамыққа түсті. Ұлпадай үлбіреген сезім үрпі көз тайдырар емес. Жан дүниесі балқыған оны алыста қалған асыл естемесіне ұластырды...
Қандай ғаламат ыстық сезім, мәңгілік өлтірмейтін бір өмір рухани азық болар қымбат күй, менің таусылмас жырым, бітпес те өшпес ыстық жалыным, деп Құзыр, озбыр да обыр күй талғамай тамақ шайнайтын, алдындағысын артына қалдырғысы келмейтін кіші әкесі Құрманжанды есіне алды.
Сол жылы Зәуресі мединституттың соңғы жылын да практика көріп, ауруханада жүрген, өзінің асқан зеректігімен және тілді жақсы меңгерген алғырлығымен ішкі аурулар бөлімінің медбикесі болып жүрген еді. Құзыр, асқазаннан операция болған әкесі Құрманжанның сол күні түнгі қарауына келді. Қолына алған жұмысын өте мұқият тындырымды істейтін Зәуре, асқан аяушылықпен аспа уколын науқасқа білдірмей ауыстырып үлгерді. Бұл кез түннің бір уағы. Ауыр халдегі аурулар болмаса, көбі уколдарын тоқтатып, барлығы дерлік ұйқы құшағына енген-ді. Бойжеткеннің сүліктей саусақтарымен дене бітімі не есі кетіп отырған Құзыр Зәуренің есіктен шығысына қопақтап ере кеткісі келіп, әзер тоқтады, артынан барсам қалай, ұят па? Әй, жоқ ешқандай сөкет болмас. Жо, жо-жоқ мүлдем баруға болмайды, ол өте мейірімді де ақкөңіл жан. Менің әкеме жан-тәні мен ыстық ықылас көрсетіп отырса, мен оған қалай... деп өзінен-өзі қара терге малшынды, бүкіл өне бойын да мыңдаған — миллондаған құлындар құлдырай шауып бара жатқандай, денесі дірілге ұласып естен танды, Кенеттен әкесінің ышқынған дыбысынан есін жиды. Науқасты жатқан жерінде тоқ ішектен салып қойған резеңке түтікше арқылы үлкен дәретке отырғызды, оны төгу үшін дәретханаға шыққан ол қыз есігінің үстіндегі әйнектен көз сала бастады, іштегі Зәуре бір нәрсенің қараң еткенін сезді де, есікті ашуға қарекеттенді, Құзыр дәретханаға кіріп жоқ болды. Ол қайта айналып өз бөлмесіне келгенде, Зәуре науқастың дене температурасын өлшеп жатты.
— Жағдайы қалай, қарындас?
— Барлығы да қалыпты, бүгінге осы, сау болыңыз — деп жеңіл тіл қатып есіктен шыға жөнелді.
Үн-түнсіз қалған Құзыр өзіне қатты қапаланды, әншейінде ауыздыға сөз бермейтін, менің неге ғана үнім ішіме түсіп кетті деп ойлады. Тым болмаса «рахмет» дегенді де айта алмағанына, өзін өзі бас сала төпегісі де келді. «Сүйгеніңді барынша аялауға хақылысың. Оның бір тал шашын майыстыруға дәрменің жоқ деген Құзыр төңірегіне мейірлене қарады, жан біткенді аялай аяқ астындағы құмырсқаны да мыжығың келмейді, неткен сұлу сезім! Аһ», — деп күрсініп терезеге барып, тысқа көз тастады.
Дала тып-тыныш өлі тыныштық мүлгіп ұйқыда тұрған топ теректер, қарсы алдындағы жедел жәрдем ғимараты ғана ертеңгі тіршілік жалғасатынын паш етіп тұрғандай.
Біз осы орайды көптен күтеміз, алайда орайды жіберіп тұрғанымызды сезбейміз-ау, — деп өзін-өзі қамшылаған Құзыр ақылдыларша ойлап, ақымақша жұмыс істеу керек деп түйді. «Төрт сағаттан соң алдағы ғимарат тіршіліктің тетігін қайта қосады. Сосын басқалар менің әсем ойыма ортақтасар. Сүю деген — ерлік, батыл қадам жасау керек. Онда ертеңгі тіршілік теңізінде оны мәңгілік өкіндірмей, жағаға алып шыға аламын ба? Әлде ...? — деп жаны тебіреніп толқып Құзыр отыр. Иә, кейде асқан ақылдылық та жараспайды. Мен сан ойланып, мың толғанып жүргенде, ойсыз да мисыз біреу тәуекел етіп асыл түбегімнің түбін тесіп қоймас па», — деп есікке беттеді....
— Сіздің осыдан төрт жыл алды айтқан әңгімеңіз әлі есімде, — деп, Зәуре де дауысына діріл араластырды. Аз-кем кідірістен артына қарай сырғып отырған Құзыр:
— Қазір жер бетінде бар өркениет тоғысып, асылы мен жасығы мейілінше араласып дүбара адамдар көбейіп, адам жанына жаратылыстық тұрғыдан ғана талдау жасап, биологиялық тұрқыңа көз салады, ал ішкі жаныңа зер салар жандар өте аз. Сондықтан Батыс Европаның, Американың телеэкранында ғы тірлігіне еліктеп қыздарымыз таяз, үстіне ілер желегі, бойында түйір дәні жоқ жеңіл күлетін болды. Бірақ, сен бұның сыртындасың. Сен, Зәуре, жер бетінде мен үшін ғана жаралғандайсың, — деп қызға жақындады.
— Ағай қойыңызшы, — деп қысылған қыз жүрегі күліп асау сезімі діріл қақты, бірден қайта ұяңдыққа ұласып, қыз жүрек лүпілін қалай жасырамын десе де...
Тоғысқан жанарлар үнсіз қадалып, жер жаһанды астан-кестен етердей алып сезімдер жалыны шарпып, құшақтар айқасты, ыстық лептер тоғысты, әр аттас зарядтар бір-бірін тартып ала жөнелді. Екі жұп ерін балқып басқа затқа айналды. От жалынды қызыл тіл де үнсіз тоғысып, сағынысқан екі денені еш саңылаусыз жымдастырды. Тұнған сезім тұңғиық түпсіз жанарлардан бастау алып, мәңгілікке сөнбеуге уәде бере, тарс жұмылған көздер дәлелдеп-ақ тұрғандай. Бұл шақта балталап ажырата алар пенде де болмас. Мұндай ыстық күйді, сөнбес жалынды кімнің бұзуға дәті барады. Тек тілеулерін тілеп ұзағынан сүйіндіре көр деуден басқа не шара?
Денелеріне жан біте, естерін жия бастаған бұлар істеген істеріне енді ғана ұяла бастады.
— О, масқара, бұл қалай болғаны? — деп таң-тамаша болған Зәуре жігіт тілінің алғаш дәмін татты. Жігіт жалыны, құшағы, тіл сілекейі шынында адамның өмірге деген құштарлығын оятар керемет дәрі екенін сонда сезінді. Барлық жігіт осындай ма? Әй, жоқ, жоқ, тек осы ыстық құшақта ғана. Асқан парасатты бұл ағайдың осындай сезімнің иесі екенін әу баста-ақ топшылағаны есіне түсіп, өз түйсігіне риза болды. Тезден ыңғайсызданып, аяғының ұшымен жер сызғылады.
Өзі де түсініп, байыбына бара бермейтін бір құпия сезім көкейінің терең түкпірінен жасырын орын алғандай жігіт жүзіне жалт қараса болды, өзгеше бір ыстық ағыс бойын билейді.
Жаным, Зәурем, бұл ғұмырда бар тіршілік иесінің күні өлшеулі, әрбір адам адамша өмір қызығын сезінуге қақылы, адам болып туғасын ит боп өмір сүрмей, түлкі боп, ел алдамай, қасқыр боп жыртқыштық жасамай, шынайы өмір сүру керек. Біз жандының ішіндегі күрделі сезім иесі екенбіз, судан кебек алтын сүзгендей, мәнді таза ғұмыр кешуіміз керек. Күнім, ұялма, қалқам, мен сендікпін, ұнатқан жар жүрегін көріп, жылы лебізін естігенде, жан арпалысы жүрек лүпілі бір сәтке шаттық бесігінде тербелді, шөліркеп жүрген жігіт жүрегі көп аңсаған, бар ықыласы мен ұнатқан ғашығы, елеңдеп күткен аққуы сезімнің мөлдір айдынына кеп қонды, кіршіксіз шаттық шымылдығы айқара ашылып, алыстағы теңдессіз көңіл түңлігі желпілдеп, ләззат құшағына батты, есінен танған жігіт алтын айының ақ ұлпасын құшырлана өпті, бейне бұл жұмыр жерді түгелімен жұтып жіберердей өзеуленді. Үрпісіне тілінің ұшын сумаңдата тигізіп тартады, қытықтайды, енесін жаңа тапқан жетім қозыдай ышқындыра итереді, қыз жүрегі іңкәрі күшті бақыт ракетасымен болжаусыз болашақ әлеміне көтерілді, зеңгір көкте ұлпа бұлттан қанат бітіріп, ұшып бара жатқандай, шетсіз де шексіз қиыр далаға кеткендей, ыңылдай ән айтады, рахат деп сүйінеді. Қызығы көп,қызуы мол ыстық жалын ұйытқып лезде өте шықты. Қыстыға үзіле жылаған әйел даусынан басын жұлып алған Құзыр алдының бәрі емшек бетінің жартысын қара шұбар мең басқан сиқырлы жүзді қырық жастар шамасындағы шашы қобыраған қара сұр әйелді көрді. Қолында ақша қапшығы бар ол мұңлы да кекті рай мен шопырдың көмекшісіне зарын айтып келеді, «жеті мың юаным бар еді, түнде ұйықтап кетіппін, құдай төбеңнен ұрғыр, бұйырмағыр!» — деп, езуінен көбігін шаша ұрсып келеді. Елдің бәрі басын көтерді, көлік іші ұсақ күбірге ұласты .
— Не істейтін адамсыз? Шын айтып тұрсыз ба? — деді бастырмалата бала-шофер.
— Ұсақ киім-кешек саудасын жасаймын, — деді кексе әйел кемсеңдеп.
— Күйеуіңіз ше? — деді бала-жігіт сұрақшыдай.
— Онсыз да жылап тұрған ол өкіріп қоя берді: Ол байғұс, жекешелену жүріп, жұмыссыз қалғанда, отбасын баға алмай өлген.
— Қанша балаңыз бар?
— Бір ұл, екі қызым бар үшеуі де оқушы. Солар ды бағам, — деп көзін сығымдады. Шофер жүйткіп келе жатқан көлікті тоқтатты.
— Мына апайдың мәселесін қалай шешеміз? — деп көпке қарады аға-шофер. Қалаға да таяп қалдық жұртты полицияға тапсырамыз ба, қалай? Таңғы тәтті ұйқылары осылай ашылған жұрт арасынан кең маңдайлы қыр мұрынды қой көз толқынды қара шашты ақ құба жігіт төңірегіне көз қыдыра қарады, көзінің оң жақ астындағы әдемі меңі мен мұрнының ұшына аумай салынған құс шоқығандай қара қалы жарасқан ол сөз бастап:
— Кемеге түскеннің жаны бір, адам үйден қырық қадам шыққан соң мүсәпір, жүргізуші айтқандай істесе, қалай анықталады, ақшасыз адам жолға шықпай ды, оның үстіне ешкім ақшасының нөмірін жазып жүрген жоқ, бәрі ұқсайды, не істейміз деп көпке ақылда сақарады.
— Алғандарыңыз беріңіздерші, көптің арын былғамай, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген осы ғой! — деп, ауруханаға кетіп бара жатқан апа жанайқайын жеткізді.
— Тездеп шешімге келіңіздер, уағдалы мерзімде сіздерді жеткізуіміз керек, — деді шофер бала.
— Біз бәріміз көзімізді жұма тұрайық, алған адам апайдың кереуетіне апарып салсын, — деді бір шәушік балақай шаңқ етіп. Басқа ешкім де үн жоқ.
— Сапарластар, — деді баяғы меңді жігіт. Мен үш мың юань берейін, мына апайдың үш баласының оқуы үшін, қалғандарыңыз еріктеріңіз бойынша бірдеңе жинап берерсіздер деп, әлгі құтқарушы төс қалтасынан ақша суырды. Апайдың көзінен ыстық жасы парлады. Бұл апайдың мұнысы шындық па, әлде жалған істеп отырған тірлігі ме деп өз ойымен арпалысып келе жатты Құзыр, қазіргі таңда бұлай комедияны қолдан жасайтындар жетерлік, деп есіней керілді. Кім не екенін талдап жатпаған жұрт апайдың жабыңқы жүзін жұбатуға тырысты.
Ал Құзырдың ойында басқа іс. Облыс орталығына кетіп бара жатқан алдыңғы жолы, мәлім елді мекеннен өте бергенде, екі жолаушы қоғамдық көлікке мінді. Автобус ішіндегілерді бажайлай байқаған екеуі, бұл өңірде тәртіптің қатаңдығына қарамастан, жолаушыларды құмар ойынына шақырды. Екі қара бір қызыл үш картасын көрсетіп, көз алдыңда ауыстырып, төңкеріп қойды. Кімде-кім қызыл картаны таба алса 1000 юань деді. Сол сәтте артқы орындықтағы екі жолаушы ойынға қосылды. Лезде 1000 юань иесі болып шыға келді. Міне осылай арты — артынан екі мәрте ұтты. Сол кезде қатарлас отырған тығыршықтай орта бойлы, қара әйел ойын шартына қосылды. Ол апай да лезде 1000 юаньға ие болды. Ойыншылар, апай ақшаны бір есеге көтерсек қалай деді, ақшаға құныққан ол еш ойланбастан келісім білдірді, ойыншылар картаны сусылдатып, ауыстырып қайта қойды. Тығыршық әйел бұл жолы 2000 юаньға ұтылды, ұтуға дәмелі ол мойнын картаға таман ұмсына түсті, шындап кірісті. Ойыншылар ақшаны үш есеге көтеруді шарт етті. Кідіріп қалған оны, жанындағы о, бастағы ақша ұтқыш жігіттер «қолтығына су бүрікті», жігіттер қызыл картаның сыртын тырнап үлгерді. Басын изеген апайға лезде карта талдауға рұқсат берді, құдайына жалбарынып, аузын жыбырлата бас салған апай, қызыл деп алғаны тағы да қара боп шықты. Жылан шағып алғандай баж ете түсті апай. Қалтасының түбін қағып жатып 6000 юаньды әрең толтырды. Меңірейіп қалған оны «құтқарушылары» тағы да, өз қолымен қызыл картаның шетін қайыртып көз ілестірмей картаға қайта қосты. Ойыншылар оны сезбегендей әйелдің мойнындағы алтын алқасымен алтын сырғаға көзі түсті. Тұлдыр қалған әйелдің шырқыраған даусымен жолаушылар өре түрегеліп, төрт алдампазды автокөліктен қуып түсті. Егер өйтпегенде бұлар не істер еді, жаңағы бір үзікте «ойнамаңыз апай» деген бір жігітке олар суық құралдарын көрсете, түсін суытып, жұмысың болмасын деген еді. Сәлден есіне келген орта бойлы жеңгей отбасымның садағасы, деп өзіне келді. Бұл өңір адамдары оңайлықпен өз еркі мен садақа бермейді, еріксізден қолдан кеткен дүниелерді садақа деп әлсіздігін жасырады, сөйтіп жанын жегідей жейтін мал ашуынан құтылады.
Міне, осылай ерлік пен елдік көрсеткен жолаушылар автовокзалға да келіп жетті.
Шуылдаған жұрт: «такси, такси», — десе, енді біреулер: «қонақжай, асхана бар!» — деп безектейді және біреулері ақырын шетке сүйрелеп бірдеңе айтқысы келеді, қойшы әйтеуір ебін тауып қалтаңыздан бірдеңе қағып қалғысы келетін базар шаруашылығын жетік меңгерген, қолға тұрмас сусылдақ жандар Құзырды да қоршап алған. Барар жерін өзінен бұрын айтып, жанын қояр емес. Шақыру қағаздағы мекен-жайды ұмытыңқырап, әзер айтты, сөзінің аяғын таксист толықтырып, ол «Ынтымақ» пен «Жеңіс» даңғылының қиылысындағы №19 үй емес пе? Жеңіл мақұлдық білдіргенінен — ақ оның «ыстық манты» екенін бірден сезе қойған талпақ танау, салпаң құлақ сары жігіт, машинасына жүгімен қосып салды да, лезде қайнаған көлік сапырылысып жатқан үлкен даңғылға қосылды. Бір сөткелік жол Құзырды әбден қалжыратты, одан қалған аз энергиясын шулаған автовок зал алып қалды.
Зәулім ғимараттар, бүгінгі дүбірлі бәсекеде «мен сенен қалсам...» дегендей иық тіресе, ығы-жығы салынған, олар аспанға қарап шалқайып, маңғаздана көкке бой соза кербездік танытады.
— Келдік, — деп солға қарай бұрылысына Құзыр зәулім қызыл-қоңыр ғимаратқа көзі түсті. Қақпа маңдай шасында өзі іздеген университет аты менмұндамын деп сұсты қабақ танытады. Қалаға көптен бермеген «садақасын» беріп, машинадан түсті, таудан құлап келе жатқан сай тасындай дарбазадан ағылып кіріп жатқан адамдар шоғыры оқу орнының үлкен екендігін бірден байқатып тұр.
Шақырту қағазы бойынша өз құжаттарын реттеп, сол күні апақ-сапақта жатақханаға орналасты. Мыртық бойлы толық сары жігіт есік аша қарсы алды, жанарынан қайтпас қайсарлық байқалады. «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей екеуі тезден әңгімеге кірісті. Неге екені белгісіз, үлкен ортақтықпен түсінісе қабақ қағысты. Құзыр сол күні жатақтасы Ұшқынға ілесіп кешкі курсқа барды. Оларды толық денелі метис жігіт 211бөлмеде сабақ өтіп тұрып қарсы алды. Өзі көрген оқытушыларына мүлде ұқсамайды, өте ойнақы да қағілез. Біресе партаның үстіне отыра сабақ айтса, біресе курсанттардың жанына барып сабақ өте ді. Онымен қоймай шәкіртін тақта алдына ертіп шығып, сан түрлі сабақ мазмұнына қатысты күлдіргі әңгіме тудырып дауыс ритмін де мың құбылта сөйлейді. Мұның ерекшелігі шәкірттердің өзі үйренуі не жол көрсету, тіпті жаңа келген Құзырды да екі рет орнынан тұрғызып, жауап бере алмағанның ақысына бір өлең оқытып, бір ән айтқызды. Соңында сабаққа белсенді араласқан Ұшқынды, бұл Ұшқын сағаты деп қоңырауды шапалақ үнімен жалғады.
Міне осылай Құзыр қалада күндерін бастады. Қала — мәдениет ошағы, онда жан-жақтан келушілер легі үзілмейді, олар өз үндерін ала келеді, бұнда жақсылық та, жамандық та бірдей өркен жаятын үлкен орта. Бұнда адамдар жаңа информацияға ілесе тірлік жасайды. Қолындағы дипломдық білімі, күніне оқымаса, ескіреді, үш күн ақпарат алудан қалсаң, сауат сыздар қатарына қосыласың. Елден қаншалық бұрын ақпарат иелене білсеңіз, соншалық табысыңыз молаяды. Адам санасының жемісін, осы қала деген өңірде жарыққа шығарады. Бұл таңда сөзін сатып, жан бағатын мамандық иелерінің көбейіп келе жатуы да қоғам қажетінен туған. Тіршілік заңдылығы сізді ешқашан да бей-жай қалдырып қас-қабағыңызға қарамайды. Біздің ғұмырымыздың өзі күрделі сайыс. Біз тіршілік күресі үшін өмір сүреміз.
Түскі астан келген Құзыр мен Ұшқын «бес қаруын» асынып, жатақханадан шығып, бактериясыз моншаға тартты. Алдарында аяқтары бір қарыстан аз асатын, қара шүберек аяқ киім киіп, жыбырлай басып келе жатқан шал мен кемпірді көрді. Өте бере жүздеріне қарады Құзыр, бұлар бір-біріне мейірімділік шашып тұрған жандар екенін өңдерінен байқап шексіз әсерлене, Ұшқынға қарашы дегендей ымдады, Ұшқын олар бір-біріне ұқсайды екен деді.
Біздер ұзақ-ұзақ сынақ сүйісін бастан өткізіп, тіпті сезім тоғыстырып, жүректерімізді бір кеудеде соқтырып үйленсек те, ажырасуға өтініш береміз. Бұл кісілер үйленгенге дейін бірін-бірі мүлде танымаған да шығар, тек шымылдықтың ар жағында кездескен жандар. Әйтсе де шексіз де терең сүйіспеншілік пен ғұмыр кешіп, бірін-бірі жабырқатпай аялап келеді, өскелең адамдық қасиет деген осы болар деп түйді Құзыр. «Қызыл сарайдағы түс»деген жарнамалық маңдайша тақтасын көрген Құзыр жолдың арғы қарсысына өтті, бактериясыз монша деп жазылған, жатақтасының айтқаны бойынша тапқан бұлар, баспалдақпен төмен қарай құлдилады, алдарынан «қарсы аламыз» деген жазуды оранған қысық көз қос бойжеткен қарсы алды. Асқан ілтипатпен қызмет көрсеткен олар, ішкі бөлмеге кіруге рұқсат берді, кіре салысымен еңгезердей жігіттер киімдерін шешіндіріп, ары қарай жол көрсетті, өздері көлшікке қоспаларын қосып, су дайындап, градусын теңшеді. Шалқалап рахатта на жатқан екеуі әңгіменің тиегін мықтап ағытты.
— Адамда адамдық (ибалы) сана, күзетші(бейтарап) сана, жыртқыштық (жабайы) сана болады.
Қалып ты жағдайда, ұят болады деген адамдық сана бар қимылыңды тізгіндеп жүреді, ашуланғанда, қуанғанда, мас болғанда адамның ибалы санасы өз қызметін тоқтатады, міне осы кезде жабайы сана іске қосылады. Жаңа көрген қара шақай киген екі қартты, адамдық сана ғана жетектеп жүр, бұл сананың басты ерекшелігі, адамды әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ереже-түзім сынды үлкен құлыптар ұстап тұра ды. Бүгінгі қоғамды ұстап отырған адамдық сана. Түрлі өркениетіміз бен ғылыми техникалық жетістіктерді, сол адамдық сананың жетістіктері деуге болады, сол ибалы сана ғана бүкіл адамзатқа серік болса, онда бұл қоғам пәк те, кіршіксіз болар еді-ау, — деп тамсанды Құзыр.
Кеудесін сығып жатқан ыстық судан көтерілген Ұшқын, жиектегі мамық төсекке қырымен жатты.
— Қоғамды алға сүйрейтін тағы бір сана жыртқыш сана, олар ешқандай ойланбастан адуындап жұмыс жасап, қоғамды дамытқанын өздері де білмейді, деді— Ұшқын.
— Бүгінгі адамдар расында, ойына не келсе, соны істейтін, бағдарсыз кетіп бара жатқан жолаушыдай, бейтарап күзетші сананың адамдары көбейді, олардың анаған да, мынаған да зауқы жоқ. Бейтараптар — бұлар жаныңды жегідей жейтін ешқандай нәрсеге бас қатырмайды. Міне бұл бізді құрдымға апаратын жол, — деп түйді өз ойын Құзыр. Пар бөлмесіне кірді екеуі, тамаша жабдықталған, электронды бақылағышпен теңшеледі. Шынында бөлме жалыны, бұлардың ауыздарын бастыртып, үнсіздікке көшірді.
Адам өзінің сімірген энергиясына сай, сыртқа дәл сондай энергия шығарады, жақсы ойлармен күн кешсең, жақсы істерге жолығасың, керісінше керағар ойда болсаң, солай си табағың дайын тұрады. Әр адамның әртүрлі болатыны да сондықтан, топырлаған қара нөпір адамның ішінен танымайтын біреуді өлердей жек көріп, суқаның сүймей тұрса, кейде керісінше, бейтаныс жанды жаныңмен ұнатып, жұлдызың жарасатыны қалай? Жер шарындағы атмосфера заңдылығы, адамдар арасында, міне, осындай заряд қалыптастырған. Жаңа туылған нәресте де әке шешесін осы заряд арқылы тани алады.
Екі жігіт пардан шығысымен жұқа көк жамылғымен оларды орап, келесі бөлмеге бастады, жәннат деген осы ма деп қаласыз, үлде мен бүлделі тамаша сәнді үй, ертегідей мың бұралған періште қыздар, сұлу да сүліктей денелерімен қызықтыра жұтындыра ары-бері жүреді, екеуінің делебесін қоздыра екі бойжеткен алақандары мен жотасынан уқалай бастады, белгісіз бір сұйықтықты жағып сипалады, рахаттанған қос жігіт басқа әлемге ұшып, ғарышкерге айналды, тамаша күй үзілмесе деп, тісін тісіне басты, жақ кірісін ашар емес, бейне тісін ашса, бұл жан рахаты тіс арасынан тұра қашардай үнсіз.
Телеэкранда мың құбылып, сан түрлі биге басқан қыздар, әлемдегі ең көркем де сырлы дүние дейтін әйелдің жалаңаш денесін еркектерге жарнамалайтын бойжеткендер. Есі кеткен еркектердің басындағы сан-мың ойлар лезде ғайып болып, түгелдей өздерін жоғалтты. Сонау арғы тегінен тараған асыл қасиеттер, отбасынан, мектептен, қоғамнан алған адами тәрбиенің бәрі-бәрі де тым-тырақай қашады.
— Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат жүйесінің барлығы дерлік осы ерекшеліктерді пайдаланып, қоғамдағы кәрі мен жасты, ұрғашы мен еркекті, бір дәуірдің замандас құрдасы деп санап, адамдар ортасын осындай тепе-теңдікте ұстағысы келеді, телеарнадан қауызын тастап дәнін алудың өзі асқан ерлік, ал талғаусыз түрде бұның бәрін өркениет деп қабылдағандар қоғамды неше мың жыл артқа шегіндіріп жабайылық көрсетуде, ақыр заман деген осы ма деп таң қаласың, біз адамзат басқан ізімізді қайта басуға дайындалып жүрміз бе? — деп, таңырқай сыртқа шыққан олар түнгі үш болғанын бірақ сезді.
* * *
Тағы сол үйреншікті өмір, құрғақ қиялға мықтап жетілген Құзыр ойға толғатып жалғыз өзі оқу залында бірдемесін түртпектеп отыр... Қоғамды құрайтын адамдар шоғыры, бүгінгі таңда қалыптастырған жандылық қасиеті, сенім, танымы, дүниеге көзқарасы, қоршаған ортаға деген тіршілік қабілеті, өмір сүру заңдылықтары, арман-мұраттары, ғұмыр кешу ереже түзімдері, идеялары тарих парақтарының ашылуына байланысты жасығы қалып, асылы сұрыпталып әдетке, салтқа айналды. Міне, осылай атадан балаға дәстүр болды.
Біз тіршілік етуді мүмкіндігінше жеңілдетуге ұрындық, дамығымыз келді. Әйтсе де даму деген не? Даму деген ешқашанда адамдардың италиян костюмін киіп, француз әтірін сеуіп, жаңа машина мінуімен, жер бетінде зәулім құрылыстардың бой көтеруімен өлшенбейді. Қайта ол адам әуелі материяны (затты) көрген соң, сол жөнінде түйсік қалыптастырып, мидағы пайда болған санадағы«ой» сөз болып ауыздан шығып, жалпының қиялына түней бастайды. Адамдар арқылы оның шындыққа айналуы және адамдар өміріне тікелей әсері — таза жүректен туған «тамаша ой» ғана даму болмақ. Сондықтан ойдағы ерлік нағыз ерлік.
Мәдениет әдет-ғұрыптан бастау алып, өңірлік рең алған ол адам санасына нақтылы және абстрак тылы түрде жанды әсер етеді. Дамыған тұлғаның ойының нақтылы болмыстағы жанды көрінісі мәдениет болып табылады. Біз адамдар сан түрлі мәдениеттерді қабылдап, мейлінше еркінсіп шектен шығып, жыртқыш кейпімізді көрсете бастағанымыз үшін бұл үлкен қауіпті тізгіндейтін «мораль» керек болуда. Мораль қоғамда адамдар ортасындағы байланыстың қимыл жүйесін теңейтін қосынды. Мораль болмау, жабайылық-адамдық қасиеттен арылғандық. Ол әдет-ғұрыптан борыштылық сезімі мен саналығы жағынан парықталады. Қазіргі таңда кейбір елдер заң мен мораль арқылы мемлекет басқарып отыр.
Дін — Алланың құдіреті мен адамдар санасына қонған, пәрменді, кемел, моральдық заң, ол пайғамбарлар арқылы жалғыз жаратушыны жер бетіне түсіндірді. Сондықтан да адамзат діни сенімсіз, тағы басқа наным-сенімсіз болмайды.
Дін де, мәдениет те қоғам дамуының туындысы, екеуі де адам санасында формаланады. Белгілі қажеттіліктен туындаған, жергілікті түс алған олар адамдар үшін қызмет өтейді. Адамзатты үмітке шақырады, өлімнен аман алып қалады, өмір сүру қағидасын көрсетеді, тіршілік тәртібін түсіндіреді, мораль тұрғысынан тұрақты болуды үгіттеп, заңдық жүйе көрсетеді.
Дін де, мәдениет те догма емес, сондықтан, қоғам дамуына үлес қоса алды. Мәдениет те, дін де сан түрлі түрге бөлініп өркен жайды. Бүгінгі бастылары Шығыс мәдениеті, Араб мәдениеті, Америка мәдениеті, Батыс Европа мәдениеті, сынды үлкен топтарға бөлінеді. Айтсақ, Шығыс мәдениеті сонау ежелден-ақ өз ғұламалықтарын мойындатып, ғылым-білім жағынан адамзатқа теңдессіз үлес қосты. Адам мен адам ортасындағы байланысты айтып, моральды, құлықты болуды ескертті, ізгілікті адамдық қатынасты ескесақтап, дәуірдің түпкі бағытын көрсете білді.
Араб мәдениеті адам мен Жаратушы қатынасына баса мән беріп, адамның ол дүниедегі халін бұл дүниедегі жақсы, жаман істеріне қарай тұжырым жасайтын, ертеңгі жағдайын бүгінгі қателігіне бай лап, Жаратушының абсолютті екенін, яғни оның жалғыздығын уағыздайтын ислам дінін насиқатта ды, адамзатқа игі мәдениет таратты.
Америка әлемдік геосаясат жүргізіп, қаржы нарығында жоғары өрлеу жағдайын тудырды, соны мен басқаларды өзіне қаратып, өзіндік өркениет жаратты. Европа мәдениеті адам мен табиғат ортасындағы тығыз қарым-қатынас орнатып, ғылымның түрлі саласында жаңалық тудырды және Шығыс мәдениетін ары қарай дамытып, адамзатқа өркениет үлгісін көрсетті.
Алла Тағаланың құдіретімен көктен түскен ислам, христиан, яхуди діндері мойындалса, тарихының ұзақ тығымен «Бұдда» діні аталады. Алла 124 мыңпайғамбарды адамдар арасына ілгерінді-кейінді жіберіп, адамзат санасына нұр құйды. Ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Ислам дінін тарату мүмкіндігіне ие болды. Бұл дін ешқашан да өзгермейтін адам көкірегіне нұр, көңіліне ізгілік бере тін, қазіргі үмбеті ең көп, ең сенімді, ең таза дін. Біз дара тұлға болып келген Құл-Қожа Ахмет Яссауи бабамыз өзіміздің тіршілігімізге сәйкестіріп, далалық өркениетімізге ислам дінін ыңғайлап, ұлттық болмысымызды сақтады. Міне, бұл біздің бүгінгі ұлт болып тұруымызды одан сайын нығайтты. Әдет-ғұрпымызды көркейтті.
Дін мен мәдениеттің адам санасындағы дамуына байланысты адамдар бұл күнде биологиялық прагматиф адамдар және рамантикалық деп екі үлкен топқа бөлінді. Прагматиф адамдары: өздерінің биологиялық мәніне ғана үңіледі, адам өте жыртқыш, жауыз, осы біткен дүние түгел біздікі деп, озбырлығын ашық көрсетіп, алдыдағы жұмыстарын тәуекелмен істеп, жігерлілік танытады. Сан түрлі (қулықпен) ақылмен ақша табуды ғұмыр сүрудің құбыланамасы етіп, құнды қағаздарға табынып, адамдық байланысты ақшамен өлшейді.
Рамантикалықтар адамның қоғамдық мәніне ғана үңіледі. Адам өте нәзік те, күрделі ақыл иесі деп, бар істі ақылдық танымға көтеріп, ойланып-толғанып істеуді қалайды. Тек таза еңбегімен өмір сүргісі келеді. Олар адамдар арысында ақшаға сатып алуға бол майтын нәрселер бар деп қарайды.
Өз кереуетіне енді келіп жатқан Құзыр қабырғада ілулі тұрған Әл-Фараби бабасы мен Абай атасына қарап ұйқыға кетті. Бабасы Әбу-Насыр ақшаның орнына айналысқа түсетін ерекше электронды цифр жасап шығыпты, адамдардың кіндігіндегі күлінен құдіретті «код» тауып, адамзатқа қазақтық жаңаша идеология таратып, әлемнің ұстазына айналып жатса, Абай атасы өзімен бірге ел жайын айтып, екі езуі құлағында бүгінгі жетістікке мәз болып жатты.Бір сарынды университет өмірі сабақхана, кітапхана, асхана, жатақхана, сухана, дәретхана, шайхана, тәжірибехана, емхана, деп бұл аптаның да соңына жеткен олар, таңертең ертерек тұрып базар аралауға келісті.
Адамның көптігінен есі шығып, жаны тұншыққан Құзыр, өзінің не сатып алғалы келе жатқанын ұмытыңқырады, жүйкені тоздыратын, қым-қуыт қара базар, бұл атақты Ардачяу базары еді.
Ондағылар ыңғайы келсе түлкі, болмаса қасқыр бола қалатын нағыз «хамелеондар», кімнің қалтасында қаншалықты ақшасы бар-жоғын алыстан сезетін психологтар, олар тек қарапайым жұрттан қосымша құн сығып алатын кәсіпкерлер. Олардың қиялы ақша және ақша. Біздер бір түрлі тойымсыздықа ұмтылып, тіршілік жер шарымызда өз қадір-қасиетмізді кетіріп, өрескел қылықтар жасалудамыз, өз орнымызды жоғалтуға беттеп барамыз....
«Доллар бар ма? Келші! Алшы!» деп, құлақты тұндыратын дауысымен алдыңды орап, кес-кестейді. «Не керек, қазір сатылмайтын ештеңе қалған жоқ» деп, ақша үшін жанын қиғысы келетін жұрт. Ит тірлік өстіп ит етсе, бірде жылан болып бұл дүние шағады пендесін. Аяғыңа оралатын бала қайыршы мен бас қойып тағзым етер бейшара ана қайыршы, «тәубе» деп жағаңды еріксіз ұстатады.
Ой, бәлі, соның кейбірі асқан бақуатты болады дейді, десе де жас кезінен қалыптасқан «мамандығы» болғандықтан, сол шаруасынан рухани ләззәт алады, адам ең әуелі материалдық қажет үшін жан аямай күреседі, онымен күресіп жүріп, өзінің сырлылығын, қиялын жоғалтып, адамдықтан да айырылады. Ал, екінші кезеңде материалдық жақ толықтанған соң, рухани ләззәтқа бой ұрады, бой ұру деген осы деп шындық өмірден тайқып кетсе, мүлдем болмайды. Қазіргі таңда көптеген елдер материалдық қажеттің қамымен күресе отырып, одан рухани ләззәт іздейді, тағы кейбір елдер дамыдық деп, өмір сүруді жеңіл күйге айналдырады. Ойына не келсе, соны істеп, рухани өркениет жаратады. Өркениетті елдердің қайыршысы да басқаша. Мұндағылар жұртқа музыка сыйлап, көп адамды ит тірліктен аз да болса сейілдіреді. Ал олардың материалдық жағы ауыз толтырарлық дәрежеде, десе де ол көше қайыршысы. Тереңірек ойласаңыз, кейбіреулер бостандықта өз отбасында дүниесі түгел бола тұра жан дүниесін тар қапаста қамап, тұншыға өмір сүреді, тағы біреулер түрмеде отырып, жан дүниесі шалқып бостандықта сан оймен алысты шарлап том-том роман жазып, ғұмыр кешеді, шынында таңғаларлық.
Бұл да шимыр және Шиау шимыр базары.
— Келіңіз, көріңіз, арзан, қалағаныңыз сіздікі, қалғаны біздікі, өзіңізден ақша аямаңыз, ең әуелі киім мәселесін шешу керек, бұл күнде бәрі де киіміңе қарайды, киіп көргеніңізге ақы дәметпейміз, ақшаңыз өзіңіздікі, орайды жіберіп алмаңыз, ең соңғы жарты бағамен сатуым. Сіздің келбетіңіз ерекше тамаша, әттең, әттең, жарасар еді сізге! деп, сан түрлі тәсілмен өзіне тартады, бермесіңді алады, сатпасын сатып үлгіреді, тірлікті барынша сүйіп, не безініп қолыңдағы бар ақшаңды аямай жұмсауға мәжбүрлейді.
— Апай мына костюм шалбарыңыз қанша тұрады? — деді Ұшқын.
— Саған құйып қойғандай жарасады, түсі де сені ашады, рәзмері де лайық. Екі пар ғана қалды Италядан әкелінген, бағасы 500-ақ юань.
— Бағасы қымбат-қой.
— Сендердей келбетті жігітке арзандатайын, 440 юаньға берем.
— Апай бұл көрмеге қойған зат емес шығар, күн өткізу үшін де тұрмаған боларсыз, ақша айналымда болуы керек, алушы келгенде, сату керек, ертең модыдан қалса, өтпей де қалар.
— Киші көрейік, саған арнап тігілгендей, бұл күн де адамдар киген киімің, қолыңдағы сағатың, шәш үлгің, себінген иіс суыңнан, өзіндік мәдениетіңді көреді. Керемет, айтпадым ба, көктен түскендей өзгердің! — деп сатушы таңғалыс көрсетті, айна алдында тұрған Ұшқын өзіне қызыға қарады.
— Ана қалған біреуін сен алсаңшы, бір жұп болып жүресіңдер, ең соңғы біреуі, ол компания таза әрі сапалы товар өндіріп үлкен шығынға батыпты.
— Онысы қалай? — деп сұрады Ұшқын.
— Себебі, ұқсас арзан тауарлар қаптап кеткен, жұрттар соны алады.
— Енді мен сияқты жақсы адам таппайсың, — деп келесі кастюмді де Құзырға кидірді саудагер әйел.
— Тағы арзандатыңыз, екеу алдық қой, — деп, киімге деген қызғушылықтарын білдіріп қойды.
— (Ұнатып тұрғандарын сезген ол) Түстім 350 юань болсын — деді, менің сендерді көріп, қыз кезім есіме түсіп тұр, қыз біткен артарыңнан ере кетер— деп, асқан жымысқы қылық таныта күлді, енді сендерге галусток, көйлек, болса қандай ғаламат болар еді! — деп, сипай қамшылап кетті.
— Ақшамыз бітті, — деп шегінді екі жігіт.
— Келесі жолы бұдан да арзан беремін, достарыңды да ертіп келіңдер, тапсырыс берем Италядағы компаняға, — деп сөзімен ұзатып салды.
— «Саудагердің иманы — өтірік айту», — деді Құзыр.
Жыланның қабырғасынан ет алып жейтін жандардан құтылған бұлар базар шетіндегі дәмхананың біріне кірді. Орталарына төре табақ тауық еті келгесін, екеуі суық сыраны ішуге басты.
— Киіміміз үстіміз де тозсын, деп, тост көтерді екі дос. Шәйнекпен қызыл арақты демдеп әкелген бойжеткеннің бұлтыңдаған бөксесі екі еркекті еріксіз көз сүздірді.
— Құреке, түсіністігіміз арта берсін, ағылшын тілін жақсы үйреніп, ұлтымыз үшін сүбелі еңбек етейік, Алашың арыстай азамат болсын, — деп, тілек білдірді Ұшқын. Екеуі ертедегі бабалардай қанға бармақ басып, ант беріп достаспаса да, жандары жақын тоғысатын бірін-бірі қабақ қағыстарынан түсінетін күйге жетті. Аржақтарына ел қонған олар тағы да шайнектегі қызыл араққа кезек берді. Жайлаудан ел көшкендей құла зыған табақ ішінің әр жерінде қызыл бұрыш пен кинодан көрер қоңқиған мұрынға ұқсайтын кар топтар, көп нәрсені ойға салады, ата-бабамыз армандаған қазақ елі шаңырақ көтерсе, шіркін! Орыстың отарынан құтылса екен, есің барда елің тап — деп, өрке ниетіміз адаспай тұрғанда, ата-жұртқа табан тірер едік ау, — деді Құзыр.
— «Қайда барсаң, қазанның құлағы төрт» деген, — рухың ды шыңдап ерінбей еңбек етсең, мен мына ұлт, ол ана ұлт деген түрлі идеялық құрсауларды жойып, жер бетінде адам болып даму керек, жаһандану әлем адамдарын жарыққа шығарады, оларда шегара сызығы жоқ, қай жерде өмірді мәнді өткізсе, сол жерде тірліктің әрбір минуты шаттықпен құрайды. Өмірді өзіңе тиімді ғып өзгерт, қалауың бойынша өмір сүр, тірліктің тізгіні өз қолыңда. Жұрт не десе о десін, өмір өткелін тапсаң, алаң болмай кешіп өт, біреу мақтаса, аспанға ұшып, даттаса жерге кіріп кетпейсің, — деді Ұшқын.
Осылай екеуі іш пыстырар оқудан миындағы тұнбаларын тазартты.
Екеуі жатақханаға қарай ымырт жамыла бет алды. Көше толы адам, қайшалысқан көлік, тынымсыз тіршілік, жымыңдаған сан түрлі шырақ өзара бұғынбақ ойнап тұрғандай сөнеді, жанады.
Көктем хабаршысы ақ төс қарылғаштармен жарыса кеуделері мен тоқ балтырын көрсетіп, қыстың ақырласқанын есіңе салатын қыздар, санаңды сан жаққа бұрады…
Көкелері арқылы тезден рұқсат алған Құзыр Зәуресін ертіп ішкі ғарышқа ұшу апараты қойылған бөлмеге келді, ұлтық киім киген қазақ қыз, жігіттері жолаушыларға ғарышқа ұшудың ережелерін үйретіп жүр. Бұл қазақтың әйгілі ғарышқа ұшу алаңы — Байқоңыр. Жерден көтерілгенде баж еткен Зәуре Құзырдың бауырына тығылды, алайда қатты тағылған ремен қозғалтар емес, екеуі жанарын тоғыстыра көкке қалықтап барады. Құзырдың басы айналып, жүрегі қысылып, қара терге малшына, шошып оянды. Кеудесіне қос қолын салаластыра ұйықтап қалған ол қолын босата, қырындап жатты.
Екі жігіт уәделесіп ұйықтағандай бір мезетте орындарынан тұрды. Қар жауар не нөсерлі дауыл тұрардың алдындағы жылымық сәтке ұқсайтын, емтихан алдындағы ешкім ешкімге қабақ шытпайтын мамыражай кез бұл.
Университет тайқазанынан, анау жуан құрсақ, қапақ бас аспаздың қолынан бірге бір жыл дәм татты, міне, сондықтан ортақ дәм ортақ мінез қалыптастырды бұларға. Тіршілікке бейімделіп қалған Құзыр білім ордасына келген соң, аспандағы айға балар қыпша бел арулар мен Зәуреге ұқсайтын әсем бойжеткендер оны жасаңғыратты, жігіт кезін есіне салды. Десе де бұрынғыдай емес, сезімдік танымнан ақылдық танымға көтерілген жігіт ағасы, бұл күндері ол басқа бірдеңені аңсайтын, белгісіз бір затты зарыға іздейтін дағды тапты. Деседе шындықтың аты шындық, алдыңғы жолғы емтиханда тағы сол ағылшын тілінен төмен баға алды, бұл жолы тағы солай болса, бір жылдық еңбегі еш кетеді, тағдыры да осы мемелекеттік емтиханға тікелей байланысты, бұдан жақсы баға алмағандарды ешқандай жұмысқа тұра алмаға нын көріп те жүр, үйрен, үйрен және үйрен Құреке дейді өзін өзі қамшылап. Міне осылай көп іздер қалдырған студентік өмірінің де қызығы таусылуға шақ қалды. Ағылшын тілді меңгерудің талаптары барған сайын қиындап дәрежелік емтиханынан сегізінші деңгейге жетпесе, диплом берілмейтінін естігелі бері жарғақ құлағы жастыққа тимей, жан таласа дайындалып жүр. Бұлар кешегі базарда өткен күніне өкіне кітапқа бас қойды, бірақ қанша құлшынса да, бұрынғы университетте оқығанындай оқу үлгірімі жоқ.
* * *
Он екі жылдық төккен тері текке кетпей, ақыры армандаған жоғары оқу орнына қос өкпесін қолына алып келген Құзырдың бақытты күндері бір жетіге де жеткен жоқ. Міне, дәл бесінші күн. Бөлменің есігін теуіп кірген сары жігіт аман — сәлемге келместен, кереуеттің басындағы ілулі тұрған қайыс белдікпен бытырла та сабай бастады бұларды. Биылғы түлектер университет қабырғасында бұрын-соңды болмаған ерлік көрсетіп, аға курстың студентін бас салып сабап тастады. Қырсықтың басы сол сары жігіттен басталды. Он күндік демалыстан оралған бұрынғы курс студентері есікке тыным беруді қойды. Түн баласы ұйқы бермей, есік тебіліп, сау етіп бір топ жігіт кіріп келді, күнде сыбағаларын жақсылап береді, ақырындап таяққа да үйреніп қалды бұлар.
Тағы да түн, шырт ұйқыда жатқан жігіттер ащы таяқтан шошып оянды, тарс етіп терезенің талқаны шыға суық ағыс гуледі, кереуеттен жерге түскен де, көбінің бұтында ілері де жоқ еді, дірілдеп екі қатар тізілді, күздің түнгі суығы көптен көрмегендей су маңдай тінте бастады. Жайшылықта білінбейтін цемент еден иесін жаңа көрген иттей табаннан иіскелейді, ортада немістің солдатындай сұсты сары жігіт: «Ей, қазақтар, өзара соғысып не болды сендерге? Төбелескіш болсаңдар, мә жұдырық, мә шапалақ, соғысыңдар енді», — деп, бәріне бірден шапалақ бергенде, ұйқылары шайдай ашылды. Келесі тиген жұдырық одан сайын ширата түсті. «Кел, екеуің жұдырықтас» — деп, бүгінгі төбелестің атамандары Жасар мен Қуанышқа тағы жұдырық жұмсады. «Қандай іс болса, бізге айт шешміз. Жер бетінде ат төбеліндей аз ғана қазақпыз, қаншалықты жалпы лық тоғысу болғанымен соншалық ұлтқа, ұлысқа жіктеле береді, міне осылай мәдениет қақтығысы туындайды. Өз ұлтыңды сүю үшін ең әуелі бір бөлмедегілер бір-біріңді жақсы көріңдер, сендерді табыстыратын ортақ қандылық пен білімге деген ұмтылыс болмақ»... Осылай оқылған лекция төрт сағатқа созылып таңертеңгі асқа ұласты. Бұл сөздеріне қарап құрсағың тойса, ұрғанына қарап қарның ашады, қандай адам деп жіп таға алмай дал болды бұлар.
Шын мәнінде бүгін қабырғалас бөлмедегі Қуаныш пен Жасар күнделікті түскі демалыста білек күштерін сынасқан, екеуі де екі бөлменің мықтысы. Мыртық денелі, бұқа қабақты. Қуаныш сен қолыңды тайдырып жібердің деп ұзын бойлы, атжақты, шымыр денелі Жасарды жұдырықпен періп жіберді. Сол сол-ақ екен, қарымжы қайтарылып, алақандай тар бөлме у-шуға ұласып, шылқылдата тиген жұдырықтардың соңы ит жығысқа ұласты. Бұндайда ажыратар жан болсын ба, бірге-бір деп жандары кірді қызықты тамашалап. Енді, міне, нағыз мықтылар залға шығып, қалған төбелесін жалғады, тұмсықтары қанға бөгіп, ырсылдап барып зорға тоқтаған.
Бастабында есікті мықтап бекітіп, дірілдеп ұйықтап, түсімен өңі араласып кетуші еді бұлардың, енді, міне, тарс етіп тебіліп шалқалай ашылатын есікке де, үйреніп қалды. Егер біреуі бір күн жоқ боп қалса, ертесіне толықтырып таяқ жеумен бірге штраф таяқты да қабылдайды.
— Тағы түн жарым, ашық болса да, есік әдейіге тебілді, гепің бамо?(әңгімең бар ма?) ошуқ демемсә?(ашық айтпайсың ба?), — деп, шүлдірлеген шілпиген арық жігіт, шапалақпен жаныды жатқандарды, амал нешік?
— Не жедің кешкі асқа? — деп, терезе жақтағы Мұратты жан алқымға алды.
— Лағман.
— Үйіңе жаның ашыса болмай ма? Ақша табу оңай ма мына заманда, шапалақ тарс етті бетіне.
— Сен не жедің? — деді келесі кереуеттегі Жасарға.
— Шәй-нан.
— Ей, ауырып қалсаң қайтесің, сыртта жүрген де, дұрыстап тамақ ішпейсің бе?! — деп, оныңда сыбағасын жақсылап берді.
— Сенші? — деді келесі Ерболға.
— Көже іштім.
— Тойымды тамақ жемейсің бе? Аш адам қайдан сабақ біледі? Осылай жалғасқан шапалақ бәрімізді де құр қалдырған жоқ. Дембелше келген толық қортық қара жігіт келесі тергеуді бастап кетті.
— Ей, сен кімнің баласысың? — деген сұрақпен Мұраттан басталды.
— Әкемнің.
— Әкеңнің аты кім?
— Мұстафа.
— Әкем, Қыран деп айт!- деп кіжінген ол, басынан жұдырығымен қойып қалды. Олар сонда ғана оның атының Қыран екенін аңғарды.
Шапалақты да, жұдырықты да жылы қабылдайтын бұлар, Қыранның ұлы болып келесі жұдырықты да қарсы алды. Олар кетісімен сені олай ұрды, мені бұлай ұрды,—деп күлетінді де шығарды. О, бастағы жылайтындарын ұмытты. Ең сорақы қолдарына бір тиын беріп мынаған арақ, темекі алып кел, қалғанын қайтар,—деп май құйрықтан тебетінін қайтесің. Күндіз тәрбиеші қытайдың қалың қабағының астында, шыжыған ыстық пен құм ұшырар боранға қарамастан, қатаң әскери тәртіпті орындауға міндетті бұл бейбақтар. Қолы не аяғы келмей қалса, алақандарын жайдырып белдікпен сабайды, денесі толықтау Жарқынның біресе қарны, біресе бөксесі қатарды бұзып таяқты аямай жегені әлі есінде. Қыл аяғы тамақтың өзінде де қатаң қабақ бұларды бағып тұрады. Алдына қойған тамақты жей алмай қалса да, басы бәлеге қалады. Асханаға кірерде де, шығарда да қытай тілінде отаншылдық ән айту парыз. Сол күндердің бірінде сау етіп сырттан келе қалған қала бұзақылары түнге қарай №506 бөлмедегі сегіз баланың біреуін өлтіріп, қалғандарының шашын қып-қызыл қанға бояпты. Содан соң ғана университет жатақханасының басшылары ауыстырылып, бұрынғы студентер мен бірге арақ ішетін жатақхана қызметкерлерін жұмыстан қуып тәртіп күшейді. Деседе бұлардың аянышты өмірі жасырын жалғаса берді, күндіз басқа жақта бас сауғалайды, оқимыз деп келген жас талаптың армандары үлкен курстар дың күректей табанында аяусыз езгіленді. Көз ісу, бас жарылу, бұлардың таң қалмайтын ісі. Бесінші қабатқа кешкілік оқудан соң ғана, мысық табанмен баспалап зорға жетеді.
Ол қабатта әлдеқашан «комунизм орнаған». Онда ауыстырылмайтын киім тек қана дамбал, ондағы бесжүзге жуық адамның барлығы ортақ киінеді, тырнақ бүгіп, жасырып қалар жекеше дүниелер болмайды, сандық, сумкалардың барлығы ашық, ал бұлар тек аға курстардан қалған кір, ескі киім мен, ұсақ-түйек ақшалармен ғана күнелтеді.
Кешке қарай кіріп келген қарсы бөлмедегі екі бетіне қаны тамған жігіт, «Ертең бір жаққа барамын, таңғы бесте оятыңдар», — деп тапсырма берді де шыға жөнелді.
Азанда жуыну бөлмесінде тіс порошогыңды пайдаланатын «ағалары», сабынды қоса алып кетеді. Тіпті әжетханада отырғанда, өз «қызығын» ұмытып, сырыла орын беріп жалқауша екі «отыруға» мәжбүр болады, қызығынан шыжығы көп, алғанынан бергендері көп, жан дүниелерін быт-шыт еткен «первак» өмірдің соңына шықты, тірі қалғандарына шүкір деп. Асау арман мен алыстарды қиялдап келген үлкен кеуделері кішірейіп, кішіні аялап, үлкен ді құрметтеуді үйренді, алайда рухы мұқалып, талантын жоғалтты бұлар.
Ауылда көзі ашылмай жүрген қаншалаған қара көз таланттар осы орайға жетуге зәру болып жүр десеңші! Ал жеткен бұлардың түрі мынау. Ғұмыр ойлағаныңдай керемет те емес, тым жаман да емес. Ол — тек қана арпалыса күн өткізу. Екінші оқу жылы. Бұлар кәдімгідей аға боп үлгірді, первактар келіп жатыр, өздерін жыл бойы сабаған солардай оларға көз алартып, жондарын күжірейте қарайды.
Алтын күздің бір кешінде, университеттің ресторанында ақ түйенің қарны жарылып, көл-көсір дастархан жайылып, бір оқытушының тойы болып жатты. Белсенділер қатарында жүретін Құзыр тойды соңына шығарып, бір шелек сорпаны жатақханаға алып келді, өздерінен қалған сорпаны первактарға да үлестірді, сорпаны ішіп қарық болған олар тек бұларды жанашыр аға деп қабылдады, аздан кейінгі жейтін таяғының өтемі екенін қайдан білсін байғұстар. Түннің бір жарымы, тарсылдатып есік тебу басталды да кетті, былтырғы бір жылғы көрген таяқтан, ішке шер боп қатқан өштік пен ашырқана төпеген жігіттер бірнешеуінің тісін қағып алды. Ертесінде екі тісі бірдей сынған қаусаған шал ректорға арыз айтып кірді, түнде басқа жерге жатқанға ақша қимаған ба, әлде баласының жанында бір күн жатып жағдай байқағысы келді ме, әйтеуір, осында қонып тапқаны екен шалдың. «Баламды алып қайтам, құрысын бұндай оқу орны»,— деген шалдың арызымен бұлардың топтарындағы үш бала оқудан шығарылды, екеуі бір жыл қалдырып, сынап көру шарасын алды, міне осылай бұлардың зарыға күткен ісі де соңына шықты. Бұлардың тобындағы Алма есімді айдай қыз бәрінің аузының суын ағызушы еді, солардың бірі болып бір күні Құзыр Алманың досы Анарға досыңды ертіп шық,—деп кафеге қонаққа шақырды. Жанында Алмасы жоқ басқа қызбен шыққан Анарды көрген Құзыр талып қала жаздады. Қарызға алған аз ақшасына бір қиналса, ғашығы Алма жоқ екі қиналды. Алмаға айтуға жасқаншақтық жасаған ғашық жүрегіне ренжіді. Қолқа салып шақырған қонақтарын Құзыр жанындағы досы Нұрболат екеуі кофеге апарып тойдырды, Алмасы жоқ әңгімелері онша жараса қоймады, жайшылықта көп ішпейтін Құзыр сыраны сімірдікеліп, сосын бұлар жексенбіні толық пайдалану үшін қыздарды ертіп қаладағы Батыс бақшасына барды, масаңдаған жігіттер кемеге қыздарды салып өзенді көп тамашалады, фотоға түсті, өстіп жүріп кешті де батырды, жастық пен мастық қосылған екі жігіт екі қызды екі жаққа алып кетті. Сол таң Құзыр Алманың досы Анармен өте жақын достасты, енді қайтіп Алмаға сөз салуға амалы қалмады.
Студенттік өмір, группаласы Нұргүл Құзырға мұң шақты: «Мені жігітім тастап кетті»,—деп. Ол тағы: «Ендігі ойым одан бұрын бір жақсы жігіт тауып араласу, сенің ана жерлесің керемет, бойы биік, өңді жігіт физика мамандығында оқитын — шы»,—деп сөзін жалғады қу қыз бұрыннан ойы барын білдіріп. Құзырдың ойына Нұргүлдің жерлесіне ғашық болып жүрген өз жерлесі Ермек түсті. «Онда былай болсын», — деп екі қу кіресіт формасында келісім шартқа отырғандай сөз байласты, бар амалдарын қолданып екі жұпты екі аптада маха,бат биігіне көтеріп еді. Бұл оқу орнында Құзыр сияқты төрт жылдыққа келетін студентер де аз емес, алайда ересектерден жалғасты білім алуға көп келеді. Сосын да қазақтың сүтті шайы кешкі сабақтан кейін университет аумағындағы барлық асханаларда самаурында қайнап тұратын, махабат бағы да сол асханалардың маңында болушы еді. «Бұндағы басқа ұлттар сүтті шайдың құдіреті ме? Қазақша сайрап тұрады. Екінші курс кезі, жерлестер бас қосуы»,— деп сол қаладағы барлық оқу орындарынан ауылдастары күздің бір сенбісінің кешінде қала орталығындағы үлкен тойханаға жиналды. Сол кеште Құзыр «төрағалық мансапқа ие» болды.
Төраға болған ол, ауылдастарының басындағы кез келген мәселені шешеді, жерлестер қоры арқылы әртүрлі бас қосулар мен мереке-мейрамдар да қарап қалмайды және ауылға қайтар көлікті біртұтас жалдайды. Елдің бәрі бірлікте ауылға тойлап қайтуға ауес. Өйтетін де жөні бар, орындықтар үлкен-кіші, қыз-жігіт, ғашық-машық, ішкіш,— деп бөлініп Құзырдың қолымен нөмірленіп, орынға жайғасады. Бастабында қазақтың қара өлеңінен қыз-жігіт айтысы болады, сосын жеңілген жақ тоғыз төлеп, тойлау бастала ды, ауылға жеткенше көлік іші той болады.
Тағы сондай көліктегі той, құлағын басыпқы тай шопыр зорға жүргізіп келеді көлікті. Талқы асуынан асқан да аспан түсіп кеткендей болып көрінетін Сайрам көлінен өтіп ирелеңдеген еңісте кетіп бара жатқан алпыс адамдық көліктің тормозы үзіліп кетіп, шулап бара жатқан жұрт енді шынымен шулады, алда кетіп бара жатқан жүк тиеген камазды қағып, алдыңғы айнасы быт-шыт болды. Сол мезеттегі кідірісте қарғып түскен жігіттер, доңғалағына тас қойып жүріп, зорға тоқтатты жар жиегінде көлікті. Енді жасап айдағанда көліктің доңғалағынан от шығып, көлік іші қара түтін болды, Құзыр айқайлап жүріп түтін ішінде бәрін көліктен түсіріді. Осылай ұмытылмас күндер қалды Талқыда.
Ең қызығы университет тауысу қарсаңында бұлардың тобындағы он сегіз жігіт «сарбас» музыкантты ертіп алып, көк майсаға апақ-сапақта пайда болатын сары қоңыздардай ызыңдай ән айтты, диплом жууды бастады. Батерия салынған күйсандық, гитара, домбырасы бар бұлар тамаша кеш өткізіп, рауандатып таң атырды. «Мұңлы ән айт», — деп, сарбас жігітті мазалап, ағыл да-тегіл жыласты, бұнысы қимастық па әлде басқа ма өздері де білмейді. Таңғы күн нұры мен таласа асыр сала ішімдіктің буымен биге басты. Мұрат мен Алмаға ғашықпын, — деп бөтелкені басына ұрып талай құмыраны шақты.
Ержан мен Сыдық сындырма алда әлі талай емтихандарымыз бар, қалай күн көреміз, соны сатып тіс қажау етпей, — деп шыр-пыры шығып мас миы ақшаны ойлап бөтелкені жинастырып жүр. Адам өмірінде көркем естелік болып сақталатын алтын кезең, — сол студенттік шақ емес пе? Барлығының автокөлікке мінер кезі жетті. Керемет түсінісу кезеңі де басталы, кейбіреулер ет-бауыры езіліп, шындап еңкілдеп жатса, кейбіреулер армандап өткен қыздарының ернін өбу үшін өтірік жылап жатқандай, олар үшін бұл да таптырмас орай. Әр өңірдің автокөліктері қатар-қатар тізілген, келіңдер, мініңдер, мен уақытпен жүремін,—деп сигнал беріп бебеулейді. Өлердегісін айтып, мәңгілікке тіршілікпен қоштасып жатқандай жігіттер қыздарға тас кенедей шаптасады. Бұл өңірде қызбен тапа-тал түсте сүйісу тұрмақ түнде сүйісудің өзі қиямет. Деседе осындай сәтте көптен күткен армандары орындалып, «көк судың» арқасында осылай мораль, дәстүр, ғұрып, әдет сынды үлкен қара құлыптарды шағып сиыр түсте қызбен сүйісу бұл өлкеде асқан ерлік. Бұл сезімге мас болған қыздар, «адасып» басқа көлікке мінді, міне осылай «қос диплом» мен ауылына оралған пысық жігіттер де болды. Артықшылығынан кемшілігі көп білім қуған сергелдең серілік шақ.
Құзырдың есіне бір қызық оралды, екінші курстың соңы, елдің бәрінде ақша таусылып, жатқханада бір тістем нанға зар болып, аш жатқанына екі күн болды, жұманың кеші «Құзыр бар ма?» — деген дауыс есік түбінен естілді, кіріп келе жатқан өзге қалада оқитын жерлес, досы Молдажан жанында ерткен екі жігіті бар, сау ете түсті. Бозарып жатқан Құзыр орнынан атып тұрып, аштықтан құтқарушысы келгендей құшағын аша жүгірді, енді, міне, қонақ келді, амандық-есендік біткесін оларды отырғызып қойып, қарызға ақша іздеп, қонақ күтудің қамымен шапқылады. Нанға ақша таппай отырған оған қайдан ақша табылсын. Амалы қалмай, ең жоғары өсімқор «Көксенгір» кафесінің қожайыны аю мүсінді алпамсадай Алматқа барды, ол бірден келісті, бұндайда бір бөлмеде жататын сабақтастары мен достары және бірнеше қыз группаластарын шақырмаса, студентік қонақ күту заңдылығына қайшы болады, соны ойлаған Құзыр қанша адамдық стол деген қожайынға 15 адам көлемі деп жауап берді. Бойы жеңілдеп есіктен шықты.
— Бұл кештің асабасы Айқын, ал, халайық, Құрекеңнің алыстан достары келіпті. Молдажан, Тұрар, Оспан, — деп отырғандармен таныстырды: «Бұлардың бастары бос, артықшылықтары — қыздарға қырыңдамау, — деді қуткіш асаба. Осылай бұлар күлкі мен бет перделерін ашты.
— Біз жігітерге қатты қырындаймызғой, — деп бота көзді, қыпша бел, аққұба қыз қалжыңның тиегін ағытты.
— Бүгін сендерге үйретеді білмегендеріңді, — деп асаба сөзді қонақ иесі Құзырға берді.
— Құзыр: «Іздеспесе жат болады, бармаса, келмесе сарт болады, іздеп келгендеріңе рахмет, адам тірліктен арғы дүнеге кетерінде көз алдына достары мен бас қосып шалқып отырғандағы тамаша күндері келсе, сонда тіршілігіне разы болып көз жұмады екен. Бүгінгі кешімізді сол есте қалатын кеш етуге тырысайық, достар!»— деп тост көтерді. Міне осылай басталған кеш таңға ұласып, арты ат шабыс болып, өз нүктесін қойды. Сыныпта ауыздары сасып, көздері қызарып, артқы партада отырып сабақ тыңдады. Енді қалай қарыздан құтылам деп басы қатып үйге хат жазды Құзыр. Үйден келетін ақшаны университет почтасынан күтіп отырған ол Алмат қожайынды көріп көзі алақандай болды, қайту жолына да дым қалдырмай, өсімімен қосып барын сыпырып алды. Бұл кафенің қожайыны Алмат былтыр алғашқы оқу жылында дене-тәрбиеден сабақ беріп жүрген, кейіннен факультет деканы болып отырған жерінен, мәнсабынан айырылған. Бұрынғы деканы Ерлан айтқанға көнбей, Алматпен төбелескенде, оны баспен бір ұрып көзілдірігінің күл-паршасын шығарған. Көзіне кірген әйнек сынықтары Ерланды су қараңғы етті, заң орын дарының араласуымен жауапкершілікті бүкілдей мойнына алған Алмат декандықтан қалып, Ерланды Шаңқай қаласына дейін апарып емдетіп көзін көп дауалатса да, ақшасы текке кетіп, өмір бойы жиғанын тақа тауысып, құсадан жарыла жаздап, жан шығарда ашқаны осы кафесі еді. Сондықтан да ол ешкімді аямайды, тіпті ақшасын бере алмаған адамдарды қанша алыс болса да, ауылына іздеп барады, бұл кафе кеткен өкінішін толтыру үшін күн-түн демей жұмыс істейді, университет аумағында болса да, ешқандай тәртіпке бағынбай басқа кафелердей сағат 11-ден кейін жаппай түні бойы ақша жасайды.
* * *
Үлкен сағынышпен ауылына оралды. Кіндік қаны тамған өскен ортасы, ондағы балалығы шашылған әрбір күндері шынында Құзырды сағындырды. Бар шаруасын ойдағыдай жүргізген жары Бақытгүлдің еңбегіне сүйінсе де, оның кекірелеп кетуінен сақтану үшін Құзыр бір ауыз мадақ та айтпады. Үйіне бір қонған Құзыр ертесі аудан орталығына кетті. Бақытгүлдің ұйқысы келер емес, бүгін келуге уәде беріп кеткен күйеуі әліге жоқ, көзін қаншалық жұмса да, миы тынымсыз жұмыста, отағасының дала безер болғанына налып, сан оймен сергелдеңге түсіп жатты...
Көзге көрінбей, көңілден қашықтаған қыз кезі есіне түсті, ол жәй түскен жоқ, жыламсырата жан жүйкесін босата түсті. Есін білер білмес кезі, үйлерінде қалың адам жылап келіп жатқаны, таяққа сүйенген әкесінен бастап, өзінің кішкене бауырына дейін егіліп тұрғаны, үй ішіндегі ең жақын жанашырлары бастарына қара жаулық байланып, сұңқылдап жылап отырғаны көз алдынан әлі күнге кетер емес, Соны ойласа болды, зарлы дауыс құлағында жаңғырады да тұрады. Анаң бұл дүниеден кеткенде жұмыр жер табаныңның астынан жылжып кетіп, ол бейне бір қара тасқа айналып, осынау дүниедегі жылылықты сезінуден қаласың. Бар мейір мен адамгершілікті саған үйрететін тек анаң ғана, қазіргі таңдағы ана мейірінен жұрдай тастанды балалар, олар робот тәріздес, қатыгез сезімсіз қанқұйлы, бұлар қоғамға зиянын тигізуде. О, дариға, анаңның жер бетінде сенің тілеуіңді тілегенінен артық қандай бақыт бар десеңші! Сенің жарқ етіп дүниеге келген шағыңда көзіңді ашып көрер анаңның ақ құшағы, ыстық алақаны, тұңғыш дәмге ұмтылып татқаның анаңның ақ сүті емес пе? Жер бетінде тіршілік иесіне анасынан артық не бар дейсің? Адам баласының ең сүйіп айтатын әуені «Ана», осы сөзде махаббат, мейірімділік, сүйіспеншілік есіп тұрады, мұңайған шақта ана жұбаныш, торыққан шақта үміт, дәрменсізденгенде ана — күш. Ол — жанашырлықтың, мейірімділіктің, мүсіркеушілдіктің қайнар бұлағы, ал он сегіз мың ғаламның анасы көркемдік пен махаббатқа толы, шетсіз де шексіз мәңгілікке жойылмайтын абсолютты рух.
Ақтоған суына салынған көпірдің дәл үй артына тұспа-тұстығы, балалықтың өзінше бір бетін ашқан еді, онда көршінің екі баласы және сіңілісі төртеуі асыр сала шомылатын. Үстеріне батпақ жағып, бірін-бірі қорқытатын, су шашысатын, анадан туғандай тыр-жалаңаш. Енді қарадай қысылады есіне түссе, жолдан өткен жүргіншіден ұялып, көпір астына тығылушы еді. Судан шыға сала біреуі доқтыр болып, қалғандары науқас болып ойнайды. Баланы ойынынан таны деп сол кездегі доқтыр болатын көршінің ұлы, бұл күнде Жапон елінде докторлық қорғап мықты доқтыр болды. Өгей ананың қысымынан үй артындағы бел тоғанның бойында бұзау бағады. Бел тоғанның ішін де жатқан бір орауышты көрді. Риясыз сәби көзін әлі де жұмбаған, аузы-мұрнына құмырсқа толып жатқан тастанды баланы көрді. Жаны түршігіп өне бойы тітіреп кетті. Ауыл адамдарына жүрегі тас төбесіне шыға жеткізді, топырлаған ел бұл бүгінгі жеңіл жүрісті қыздардың қылығы ғой десе, әлгі бір ағайдың мемелекет саясатының салқыны ғой дегенін бұл күнде түсінді. Ол кездегі уыз жүрегі нені біледі. Барлық жайдан хабарсыз. Айлар аунап, жылдар жылжып, ол әр күннің қиясында қилы-қилы қиялдармен тербелді. Жас арманның ақ құсы туған жердің төсінде ғана самғады. Гүлге құмар, тауға әуес сахара қызы үй артындағы жотаға қарап, тамсанатын да тұратын. Кейде қалаға барып бұратылған биші, жан сезіміңді тербетер күйші болғысы да келетін. Міне, осылай бала күні де көзден таса қалды. Ауылдан алыстап қалашыққа орта мектепке де келді. Бала кезінен өгей ананың алақанында жаншылып өскен момақан жүрек әлденеден секем алды. Өзі де түсініп байыбына бара бермейтін бір құпия сезім көкейінің терең шүңкетінде жасырын өркен жайды. Жігіт жүзіне жалт қараса, өзгеше ыстық ағын бойын билейтінді шығарды. Содан ба, көп ойланып, көп толғанатын болды. Әдепсіз ойынан өзі ұялды. Не деген қызық дәурен десеңізші! Ол кімді жақсы көреді? Ол қайда? Қашан келеді? Бәрінен де бейхабар әйтеуір біреуді аңсайды. Бақыт па, мұң ба не аңсағанын өзі де сезбейді. Белгісіз жанды ұнатады да жүреді. Кей сәтте ол жанынан қылаң бере қалғанда ұяң мінезі асу бермес асқар тау, өткел бермес түпсіз өзеннің арғы жағынан бұлдырап қана көрінеді. Сылап-сипап көрмеген балапан құс іспетті қайран періште жүрек біреу сұқтана қараса, құлазиды, күле қараса, жаралы жүрек қуанады. Бүлдіршін тілегіне қанат біткендей болады. Соншалық секемшілдігіне қатты таңқалып тағдырдың жазғаны деп қояды. Ойсоқты, үркек жүрекке сыныптастары бөгде біреуді әкеліп, жабыстырады да жатады. Қармаққа ілінген балықша бұлқынады, одан құтылғысы келеді. Құлдықпен әмірге махаббат тәңірінен қайыр сұраған құдіретті сезім еркіне бағынған сүйкімді періште жүрегі астан-кестен ой толқынында жүргенде асыл мінезді қадырмендісі қасынан табылмасы бар ма? Ұнатқан жар жүрегін көргенде, жылы лебізін естігенде жан арпалысы, жүрек лүпілі бір сәт болса да, шаттық бесігінде тербелді. Ол сабақ айтып тұрған өзінің аққұбаша келген ағайы еді. Секемшіл жүрек лезде-ақ қасірет шыңырауына батты, жүрек сырын ашуға дәрменсізденді. Киелі сезім қайраңына батқан нәзік көңіл ел кеткен жайлаудай құлазыды. Қайғысын бүркеп, сыршыл жүрек жан пендеге сездірмеді. Басқаға ақыл салуға намыс бермеді. Соның дертінен талай-талай таңды көз шырымын алмай батырды. Алдында жүрген ағайын сүйген аяулы жүректің лапылдаған оты күйдіріп, жан азабына еріксіз кіріптар етті. Рухани науқас күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Жебе боп қадалған сұм қайғы күн сайын сары аурудай сарғайтып санасын жүдетті, бұл ғашықтықтың ащы азабы еді. Оқ тиген аңдай дел-сал боп махаббат домнасының от қазанында быжылдап қуырыла берді, қуырыла берді...
Өстіп шөлдеп жүргенде, көп аңсаған бар ықыласымен ұнатқан болашақ жарының сезім аққуы елеңдеп күткен мөлдір айдынына өзі кеп қонды...
Бар шаруасын тындырып аудан орталығынан түс ауа үйге оралған Құзыр бұрынғыдан өзгеше күймен есік ашты. Өйтетін де себебі бар. Мыртық бастығы уәде бойынша оны аз күнде аудан орталығына ауыстырып бөлім бастығындық мәнсапқа отырғызатынын ет құлағымен естіп қайтты. Ол өркениетті бір жыл болса да, бойына жұқтырып қайтты. Тіпті түні кеше бастығы екеуі өткен-кеткенді айтысып саунада ертегідей тірлік кешті. Шаруасы жайында ол өзіне-өзі «басың істесе, тасың өрге домалайды» дейді. Әшейінде қалаға көшем дейтін Құзыр жеме-жемге келгенде мың ойланып, жүз толғанып бекімге келді. Өкіметке темір малы мен жерін өткізіп, жекеше малдарын сатып, апыл-ғұпыл көшу шайын беріп, қалаға қоныстанды. Өзіне тиеселі жұмысқа ежелден жауапкершілігі күшті Құзыр екі-ақ жылда мекеме басшылығына тағайындалды, лауазым буы мәнсап рақаты оны паңдандырды, мәнсабын жуу мен үйіне үй той өткізуге ағайын-туыстарын шақырып, той өткізуге ресторанда кеңес шай берді, Құзырдың іскер көмекшісі Нығмет тойды өткізудің жоспарын көрсетіп, келгендерге міндет тапсырды, қыл аяғы далада тұрып машинаға орын көрсетіп, келген-кеткен көліктерді реттеп тұратын адамға дейін мұқият орналастырды. Той дайындығы ресми басталды, «тойдың болғанынан боладысы қызық» абың-күбің қарбаластық басталды. Той да басталды, тізіліп жатқан көліктердің көптігінен тойдың көлемін байқауға болады. Алдымен ақсақалдарды негіз ете өз үйінде таудай ет, көлдей сорпамен екі күнге созып ұлан асыр той жасаса, ертесі кешке қарай қала орталығындағы үлкен ресторанда аспа-төк дастарханмен жайды. Баяғыда аталарымыз құралайды көзге атар мергендерге зеребе тарттырып, тірі адамды нысанаға алдырған, мергендер қалпағының төбесіндегі шашақты дәлдеген. Алда-жалда мүлт кетсе, сүйек иесіне ердің құны екі елу деп жүз жылқыны айдатқан, бабаларынан аспаса да, кем қалмаған Құрекең сағатына бес жүз доллар төлеп сылқылдатып, адам делебесін қоздырар Индияның жалаңаш сұлуын биге салды. Маңдайын зерлеп жалтылдап, мың құбылып көз мейіріңді қандырса, тоқша белімен қос алмасы бөренедей бұлтыңдап, жаныңды балқытады, жарқылдаған тоқсаны көйлекшеден әлдеқандай күймен ұяла қарап, көз қысып сені шымылдық ішіне шақырғандай, былқылдап-сылқылдап билеген бәле, өз шыққан жерінен басқаның бәрін көрсетіп өтті. Аузы ашылған жұрт қос анардың ортасына қолын тыға ақша салып жатты. Бұл бәленің ат басындай бөренесінің ортасы толар емес, ауылдан келген кедей байғұстардың зейнет ақысы сол қуысты толтыра алмай әлек, жұрт қол салғанға мәз. Бұндай той шынында шенділердің пәре қабылдау тойы іспетті, көкейінде саны барлар есеппен ақша берсе, туыс-туған дос-жарандары шынайы тілегін білдіріп, силығын беріп құттықтады.
Бірақ, әйтеуір Құзырдың бір нәрсесі жоғалғандай өзінен-өзі мазасы қаша берді.
Сол күні түсіне Рәйла апасы кірді, ұзын киімінің етегі жер сыпырып жүр. Ертесі ауыл молдасы Сыбақты ертіп қабір басына барып құран бағыштауға баласы Алашты да ертіп барды, О дүниелік қауымдар да құлағын түре тыңдап тұрғандай тып-тыныш томпиып жатыр.
Адам бұл дүниеден кеткенде рухы кеудесінен ұшып, басқа бір әлемге кетеді екен, қара жердің астындағы адам сүйегі топыраққа айналғанымен адам құймышағындағы қатты өзекше сүйек еш өзгеріссіз сақталады екен, кейін содан өсімдік тамырдан өніп шыққандай адамдар қайта өніп шығып, жаны өз денесіне қосылады екен. Адам рух, тән, жанның қосындысы.
Міне, өлілер рухы біздің тірлігімізді дөң басында бақылап тұрғандай.
Бұл таңда тірілерден өлілер саны көп екені дәлелденген. О дүниемен бұл дүние бір-біріне үнсіз тіл қатысып тұрғандай. Осында аяулы анасы Рәйла, әкесі Отарбай, ағасы Нұргелді, әпкесі Мәдина да жатыр.
Басындағы көк тасы бойынша немересі Алаш та апасын тапты. Жан дүниесі егіліп отырған Құзыр өзін сонау кетпен төбенің баурайынан арқалап әкелген анасына не жақсылық істеді? Сондағы істегені осы ма? Азан шақырып, үлкен үмітпен ырымдап қойған «Бүркіт» атын қытайша айтқанға жақсы келмейді екен деп өзгерткені ме? Шешесі байғұс жетектеп жүріп, осы күнге жеткіздіғой. Халықты бұршақ ұрған арпадай қара жерге сұлатқан сары сүзек ауру өзінің ең сүйікті жақындарынан айырды. Тек бұл емес, бүкіл ауылдан тірі қалған өзі сияқты ит жанды бірен-саран жан болмаса, бәрі қырқай қырылған. Сол кезде бұл өңірде бір емші де болған жоқ, кедейшілік соншалық бөз матасыз, жылаусыз, жаназасыз көмілген жұртта есеп жоқ болды. Жаны тебірене толқып отырып, Құзыр мөлдір тамшылардың бетін жууына ерік берді. Ойын он, миын мың мыжып, ауыр толғаныспен отырғанда Құзыр «гүр» еткен жойқын дауысты естіді: «Зілзала ма, әлде ұшақ па» — деп көкке қарады, «машина келді ме», — деп жан-жағына көз салды. Ештеме жоқ сонда барып жанынан шығып жатқан мұңлы қоңыр үнді сезді.
Қолымен «отыр» деп ишара жасаған молда, баланы құшақтап отыр. Шынымен де бүкіл қабырстаннан тарап тұрған мұңлы әуен біразға дейін жалғасты. Олар иман үйіріп, Аллаға жалбарынды, құдайға мінәжат айтып, зікір салды. Аз кем уақытта бұл азалы әуен басылды. Қайта-қайта өлілерге арнап құран бағыштады. Сыбақ молда бетін сипай: «Құзыржан-ау, аталарымыз айтып отырушы еді, ел осылай ауарда бейіт күңіреніп, өлілер зарын естідік», — деп. Мінекей, ет құлағыммен естідім, ел енді қалай ауар екен? Құдай ақырын берсін! — деп таңданысын жасыра алмады. Біраз үнсіздіктен кейін үшеуі аяңдай машинаға беттеді.
* * *
Тауқыметі ауыр, қасіретті сол жылдарда Шарын өзенінің бойын мекендеген беймаз жұрт, Албанның Жарты ұрпақтары еді. Жанға жайлы жанбағыс тәсілімен атадан-балаға қалған ақ таяқ пен тірші лік тегершігін айналдырып жатты, ел ішінде ағашшылықты кәсіп ететін отбасылар жетерлік еді, сонымен бірге мал терісінен өз әлінше былғары жасап мәсі, бәтіңке, ат айыл тұрманын өздері жасайтын отбасылар да болды.
Патша өкіметінің түрлі алым-салықтары көбейіп, күн санап тіршіліктері тығырыққа тіреле бастады. Бұның артының жақсы болмайтынын сезген көреген бабамыз Абылбайдың немересі жігіт ағасы Балықбай басшы болып, өр еліне жұрт шолуға барды. Жанында атқосшысы Сегізбай тас қараңғыда шалмасы жерден түспейтін жылқышы еді. Жұрт көріп қайтар жолында айсыз қараңғыда Бәкеңнің еңкейіп барып, қалың шөптің арасын бір салып, дәл осы жер бара жатқанда: «Біздің шәй ішкен жеріміз, мынау тостақ», — деп зеректігін байқатқан еді.
1864 жылы 7-қазандағы орыс пен қытай ортасындағы келісім, біздерді екі елге айырды. Бұл жолы орыс отаршылдары ұлы дала заңдылығына қайшылық жасап халықты еріксіз күйге түсіріп, мезгілсіз көшірді. Күздің соңғы айы қарашаның 21 жұлдызы күні түнге қарай жолға шығуға бұл ауыл бір ауыздан келісті. Күндіз жайбарақат ешқандай сыр бермейді, түнге қарай абыр-сабыр ауыл, жолаушылар мен тыңшыларға сездіріп алудан қауіптенеді, отбасындағы ұрыстың тынысын тарылтуға көнбейтін «қара апа» сынды әйелдер шалынан сылқия таяқ жеп бәсеңдеді. Бұл күні Бәкең жанына бірнеше жігіттін ертіп, түнгі тірлікті көріп, ертең кешкі көш дайындығын тексерді, аяқ астынан терістіктен жел тұрып, бұрқақтаған қар мен гулеген үскірік аяз түні бойы бір тынбады, аспан ның түбі түскендей қар ұшқындарынан басқа ештеңе көрін бейді. Дөң айбат танытқан меңіреу қараңғы түн. Ағаш қорадағы күземі жетіле қоймаған арық-тұрақ қойлар мен ешкілер бақақтап, үй артына тығылады. Ауыл иттері қыңсылап, үй іргесін соғады, сиырлар да анда-санда мөңіреп түнгі қарбаластығын күшейте түседі, бұл күні дүйім жұрт өз лашықтарында мосы ағаш қа от жағумен әлек. Бәкеңнің сайлауыт жігіттері төтенше жағдайды қадағалап, ертеңге әзірлік жасауда. Жылаған жас баланың даусымен жүкті әйелдің зарлы үні, аурулар мен кәрі құртаңдардың жаратушысына жалбарынуы бәрі-бәрі ауыл толғағын одан сайын жиілетіп тұрғандай.
Торғай бастанып көктен бірін-бірі қуалап, жас балаша қуанып келе жатқан қар ұшқындары еңіске қарай үздігеді, өздерінің барар жері қара жер екенін мүлдем ұмытқандай, асыр сала үсті-үстіне төпеп жатыр. О баста жерге жете бере еріген қар түйірлері енді үйренісіп қалғандай әбден орныққан. Тіршілік иесі адам баласына жерге түскен бір ұшқын қар бір қарыс қайғы-мұң сыйлап жатқанымен санасар көк перісі жоқ, тек бұйрық орындайтын солдаттардай төбе де төпеп тұр. «Я, Алла! Өзің ғана сақта!» — деп, мосы ағашқа от жағып тұрған Рәйла апа өзіне құпия серт берді. Жата сала көз алдына ирелеңдеген сары шұбар, теңбілді қызыл жыландар елестеп, ұйқысын быт-шыт етті. Мазасы қашып, басын жастықтан көтерген от ана отқа қарап отырып, көңілін тыншытты. Түз тағысы көк бөрі қорқатын от құдіретін енді түсінгендей, оған қарап алыста қалған өткен күндеріне өзін зорлағандай өткен күндеріне оралды.
Жанында шешесі Ырысбике бар. Екеуі он жеті биені сауып тұр. Күн екінті тартып, көк жиек нарттанады. орал тауына ойысқан от шар ұясына асығып бара жатты. Аспан көкжиегі қызыл да жасыл-сары түстердің құпиясында, түс ажырата алмайтын еркектер үшін бәрі қызыл нұр, жан біткенді өзіне баурап еліктірерлік көрініс тапты. Шөкім-шөкім ақшулан бұлттар бізді тастап қайда барасың дегендей, күннің артынан еріншектене еңіске құлдырауда. Есік алдын дағы көк қапталда жаңа бүршік жарған мақтадай биязы жүнді ақ қойлар, жасыл реңді одан сайын құлпырта түскендей, анда-санда саяқ маңыраған қозы болмаса, бәрі дерлік шым-шымдап жайылуда. Былтырғы жұрттың төңірегіндегі қалақай мен тікенек, алаботалар арасында қора еркесі бұзаулар да бір басып, екі басып өз отауларына қисалаңдай келеді. Бұдан бұрынғы жылдары жыл сайын жайлауға шыққанда, жұрт жаңартып, ескі жұртқа мал жақтыра қоймайтын қодыра шөп шығатын. Алайда өздеріне өте тиімді сабын материалын қолымен отырғызғандай орып алады. Өзінің жан ағасы Асыл жанын-жанына ұрып, бір тас үй салып алған. Міне ол ешқайда жылжымайды, бір жұртқа шегеленбеске амалдары да жоқ. Олай болмағанда бұлар қаншама жерді алабота мен тікенекке айналдырар еді? Адамды тізгіндейтін белгілі себеп яки өзіндік тәртіп болмаса, қайда бармақ? Бәлкім жер бетінің бәрін құртып, соңынан өздері де жоқ болар. Мүйістен салаң етіп шыға келген үш жолаушыдан желідегі жылқылар құлақтарын қайшылады. Өздерінің байлауда тұрғандарына наздана көмек сұраған құлындар жер тарпып жұлқынады, шыңғырды. Күрең айғыр да мойнын соза тіксіне қарап тұр.
— Қызым-ау, анау «мүсәпірлер» шөліркеп келе жатқан шығар, алдарынан сусын алып шық, — деп Рәйланы жұмсады қамқор ана. Қолындағы құлынды желіге тиеп, қос бұрымды, ер мүсінді сұңғақ бойлы, ерттеген аттай, қыздың сыртқы келбетіне күн шапағы сүйсіне үйге кіргізді. Лезде астау мен қымыз көтеріп қыз шықты.
— Сәлем жолаушы ағалар, — деп өжет қыз да үй ту сыртындағы сүрдектегі жүргіншілерге тостақ пен қымыз ұсынды.
— Рахмет, жаным өркенің өссін, — деп қымызды көмейлете, бірақ жұтқан орта жастар шамасындағы келте сақалды, ат жақты, қыр мұрынды егде кісі аузын сүрте тостағанды қызға қайта ұсынды. Келесі тостақты мыртық бойлы, бітік көз, үзеңгіде шірене отырған жігіт ұмсына алып қылғыта салды. Жаңадан қыздың дене бітімі мен қымыз ұсынған жіңішке сүйріктей саусақтарына қызыға қарап тұрған жігіт, соңғы кезекте өзіне қымыз ұсынған қыздың қолын қоса ұстады, қыз көзін төңкере, отты жанарын жігітке қадап құпия амандасты.
— Рахмет күнім, дегеніңе жет. Қымызыңды баяғы он сегіз мың ғаламның қожасы, Сүлеймен пайғамбар ішкен шәрбат дерсің, -деп батасын берді. Осы кезде жылқыларды желіден босатқан қолында көнегі бар Ырысбике ана да келді.
— Түсіңіздер, қонақ болыңыздар, отағасы қазір келеді, -деп үлкен ілтипат көрсетті.
— Астан аттаған болмас, түстік, — деп мама ағашқа тура тарты ұзын бойлы. «Үйге кіргенше қонақ, кірген соң үй иесі ұялады» дегендей, бойжеткен самаурынды далаға алып шығып шәй қойды. Сандықтағы жент, сары май, тәтті тағы басқа да тағамдар дастарханға қаз-қатар қойылып жатты. Самаурынның үйге кірісімен отағасы да шаңыраққа енді.
— Жол болсын бауырлар, қайдан келесіздер? — деп әңгіме суыртпақтады.
— Біз Шалкөде жайлауынан Арқалық өңіріне кетіп барамыз, жанымдағы жолдасым мен балам.
— Қай туған боласыздар? — деді сұрақшыдай.
— Ұлы жүзбіз, Албан тайпасынанбыз.
— Өздеріңіз ше?
— Біз Орта жүздің, Қара керейіміз.
Шай да ішіліп болып, тысқа шыққан бұларға тегене құйрықты қызыл бағланды көлденең ұстап, үй иесі не аумай тартқан бала жігіт бата сұрады. Алдында арыстан кейіптенген қонақтар үйге кіре түлкідей бұлаңдаса, енді міне қойды да сойдырып тазыдай еркеледі, құдай қаласа, етке де тойып, пеш түбіндегі мысықтай ұйқыға кетеді. Кешкілік қой союдың әбігерлігі қызды зыр жүгіртті. Шам қойылған алакеуім сәтте боз үйге бірдеңе іздегенсіп кірген жігіт есіктің ішкі қиылысында қызға ұшырасты, жанарлары бір сәтке тоғысып тысқа шықты, неге екені белгісіз, қыздың екі бетін от шарпыды.
Отағасы мен сан тақырыпта сөз сапырып, бас қонақтың жаны жай тапты. Жайшылықта үлкендер әңгімесін зер сала тыңдайтын бала жігіт есі кетіп, қыздың қылығын қалт жібермей аңдумен болды. Бұл отбасы жігіт әкесіне де ұнады. Әсіресе үй бәйбішесінің жұмсақ та жайдары, көпшіл де ақкөңіл мінезі, еркекті тоса сөйлеуі бәрі де көңілінен шықты. Ертеңгі шай, дастархан толы тағамдар белгісіз бір жақ сылықты айтудан ұялғандай тымпиып-тымпиып тұр, бәрі де ұяң жанармен ұрлана қарайды. Оны елеген қонақтар жоқ, обырлана обуда, балбыраған бауырсақтар ыржиа-ыржиа барып, ауыздарға сүңгуде, осы сәтте қыз шешесінің құлағына бірдеңе сыбырлады. «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді», жаным үлкендерге айтып жорытып батасын алғанның еш айыбы жоқ деді қыз шешесі даусын көтере.
— Аспан ап-ашық, көкжүзі бұрынғыдан бетер биіктеген, жаңа туған ай орақтанып қиылып тұр. Мен айға қарап, ой кешіп тұрғанымда ай кенеттен төмен қарай зулап келіп, менің қойныма кіргені, — деп қыз қысылыңқырап қалды.
— Ауыл ағасы екенсіз түс жору сіздікі, — деп бас қонаққа кезек берісті отырғандар салт бойынша.
— Жақсы түс, жақсы түс, тілегің орындалып, ойлағаныңа жетесің қарағым. Құдай қалап тұрғандай, ай қабақты менің балама кереметтей болашақ жар болады екенсің шырағым, — деп Алла Тағала аузына сөз салып, бір-ақ нүктесін қойды.
— Жаратушы тағдырыңды солай жазса, біз қарсы емеспіз, — деп қыз шешесі қостады қонақ ойын.
— Қалауың білсін балам! — деп қыз әкесі сыздай тіл қатты. Осылай қызға үкі қадап бара жатқан сапарын тоқтатып, бірнеше күн жаңа құда жанында еру болып қайтты. Міне сол жары Отарбай еді.
Иә Алла бернгеніңді ала көрме! — деп өзіне риза бола ұйқыға енген Рәйла апа, бақ басында отырған қалың қарғаны, бір ителгі топылдатып жерге түсіріп жатқанын көрді, тек алыстан әзер жеткен тұйғын ғана көкте қалықтап көрінбей кетті, кенеттен жер беті қып-қызыл жалаңдаған өртке оранып, орнынан шошып Алла Тағалаға жалбарына оянды.
Азанда жұрт ауылдың алаулайы бойынша есік серпіді, екі қарысқа жуық жауған қар, бар жанды әбігерге салды. Мал қорадан шығып, қыстың қытымырлығын білдірмейтін тауға беттегенде ғана жандары орнына түсті. Міне бүгін уағдалы мерзімде жетті, десе де ауылы бір-бірінен ұрлана көшердей тіс жарып, ештеңе сездірмейді, тек у-шуы әрбір шаңырақтың өзінде ғана.
Сол азанғы өрген мал да өрісте қала берді, тірі жан тісті бақа бәрі-бәрі үнсіз тірлікте. Боз үйге мықтап бекіткен қаз, тауықтардың үндері ішінде, тек иттер ғана қыңсылайды. Бір ауылдан бар алғаны төрт түйеге сегіз тең жүк, қалған боқ дүние өз орнында өкпесі қара қазандай болып қала берді. Отарбай ақсақал мен Балықбай бастаған жігіттер жұртты түнгі бірде атқа қондырып суыт жолға шығартты, жаратқанға жалбарына атқа қонған мұңлық жұрт, мұңлы жырын есе оңтүстік шығысты бетке алды. Долы боран көкбеттене ұлып тұр, төбедегі қара бұлт қараңғыда арлы-берлі ойқастап сейілмейді.
1916 жылы Патшалық Ресей бұлардың жерлерін тартып алып, басқа халықтарға үлестіргені жандарына қатты батты. 19 бен 43 жас аралығындағы азаматтарды әскер деп қара жұмысқа шақыртып, 87 мың қазақ Жетісудан алынбақ болды, патшаның жазалаушылар қосынының қатаң қысымы, түнделетіп ұрлана көшуге мәжбүрледі. Атаңа нәлет! Сол қарғыс атқыр 1916 жыл 237 мыңнан астам қазақты қытай асуға итермелесе, бейкүнә 95 мың 200 жанды бақилыққа жіберіп тынған.
Түйдектелген қара бұлттар төбеде ойқастайды, су мақы боран тіміскілей ішіңді аралайды. Бұлар Қалжат асуына бесін шақта таяғаны сол, алдарынан сау етіп мойнақтан шыға келген орыс солдаттары ай-шайға қарамастан от оқты төбеден асыра төгіп-төгіп жіберді, жан дәрмендері қалмаған көш шөге қалғандай, жылаған бала, кісінеген жылқы, ұлар-шу жұрт. Патшаның әміріне бойсынып кері қайтыңдар, болмаса бірде-бірің тірі қалмайсыңдар, — деп ақырды, іштеріндегі қазақша тіл білетін шегір көз солдат. Халық оған қарайтын рай танытпады. Осы кезде орыс солдаттары одан сайын оқ боратып, елдің зәре-құтын ұшырды. Бұл уақытта талай адам о дүниеге аттанған еді. Оқ саябырлаған шақта біздің аталарымыз бір шартымыз болсын: «13 жастан төменгі балалар мен әйелдер бөлініп шетке шықсын оларға қол ұштарыңды тигізбеуге уәде берсеңдер, тірі қалсақ, өзіміз, өлер болсақ, рухымыз алдында қарыз боласыңдар, қол тигізсеңдер деп өтінді» Қалжат асуының қос қабағы әлде біреулерше түксие қарайды. Бітік өскен ермен ызғыра мұңлы күй шертеді. Анадан бала, ағадан іні, күйеуден қатын тірідей айрылып жатқан зарлы жұрт. Ноғайбай бәйбішесі Нұрила шешеміз иу-қиу ала кеуім шақта теңнен шүберек алып біраз еркекті әйелге айналдырып, қанды қырғыннан аман алып қалды. Өз шалы Ноғайбай атамыз жаулықты басына салмай соғыс өртіне беттеді, ажал асуы дала симфониясын ойнап тұр, солдаттың «шелектегі» айқайы тағы шықты. Бұл дала заңдылығын бұзған жігітті, Сегізбай мерген шелегімен қоса қақ маңдайдан жайратты. Қалың сақадай сайланған солдат пулеметтен оқ боратты, еркек біткенді мылтықтың астына алып қыра бастағанда олар кеудесін оққа тосып, ұрандаған бойда әскерлерге қарсы лап қояды. Бұл шарасыздықтан істелген ең соңғы тұяқ серпу болды. Өлгені өліп, тірісі, жараланғаны бар жандалбасамен шекарадан өте шықты.
80 түтін Өтебайдың 200-дей азаматын жалмап үлгерді. Міне осы қанды қасап қызыл қырғынды әйелдер мен бала-шаға түгел көріп тұрды. Өйткені оларды әскерлер жібермей қоршап тұрған болатын. Рәйла өз көзімен қайсарлана күйеуі Отарбайға қарап тұр, ашудан көзінен жас та шығар емес, аққұлақтар тосып тұрмағанда, қанды қырғынға араласар еді. Атына оқ тиіп жараланған баласы Нұргелдіні жалма-жан лақша өңгере Отарбай жотадан асып жоқ болды. Мойнақтан асқан жігіттер қалың қарағайға кіре жан сақтады, «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген, сол лаулаған қызыл оқтан тірі қалған Бәкең бастаған 14 еркек бірін-бірі әзер тапты. Тірі дегені болмаса, бәрі де қанға бөккен, бес-алтауы шолақ қол, тесік сан, жалғыз көзді құбыжыққа айналған. Тарихын тасқа жазған батырлар, жаралы денелері не қарар емес, бала-шаға, қатын-қалашты алып қайт сақ деп қам қылды. Оларды бір жетіден кейін абыр-сабыр басылған соң алып қайтуға келісті.
Солдаттар өлікті өртеп қалған жұртты түн жамыла озандата айдап өз мекендеріне әкеліп салды, жерлік әскерден күзет қойылды. Пысықтау бастап кетеді деген әйелдерді қамауға алды. Өкірген әйелдер өз үйлеріне кіруге дәрмендері жоқ, есік алдында шашын жұла зар еңіреп, Құдайға тіл тигізіп, кұнаға белшесінен батып жатты. Аспанда түнеріп қабағы салбыраған күрттердей күпті. Бір жетіге тыныққан жаралы жігіттер қарағай түбінен «Алла» деп іс бастаса да, жолдары болмады. Күзетші сақ, тіпті өздері қолды болуға шақ қалып, қытай жеріне қайта қашып зорға құтылды. Сонымен тың-тыңдап тіршілік жасап жан бағудың қарекетін қылды. Жергілікті халыққа жалданып екеуі мал бақса, төртеуі қалаға қымыз тасып күн кешті, қалғандары да қара жұмысқа жегіліп жанды жанмен бағуға кірісті. Ертеңнен қара кешке дейін биік үй төбесіне кірпіш лақтырып, білектері салбырап қалғанға дейін өздерін аямай ащы ауыр жан жарасын, тәнін ауырта емдеді.
* * *
Жайнаған ауылдың кетеуі кетіп, ауылдағы кейбір жеңілтек әйелдер арлы-берлі жүрген жүргіншілер мен саудагерлеге ілесіп кетті. Қайта баяғы Нұрила апа қолдан әйел жасап алып қалған бес-алты жігіт қалған елді сақтады, жаулықтарын басынан алмай, біраз мезгіл жүріп, арттан өскен балалармен жасырынып білінбей кетті. Рәйла апа үшін бұл құлазыған ауылдан құтқаратын бір ғана үміт бар, ол іштегі алты айлық нәрестесі. Жаратушыдан жатса-тұрса тілейтіні ішіндегісінің ұл болып тууы, әйтеуір бір жері сезетін, сондықтан да туылмаған баласына ырымдап Бүркіт деп ат қойды. Өр еліндегі күйеуіне жеткізер деп қыранның атын қойды. Сонымен қоса жанында алданыш етер үш жасар қызы да бар, былдырлап тілі де шығып, биыл көп ермек болып жүр. Құдай тілеуін беріп расында ұл тапты, зарығып жүрген Бүркіті де қара табан болды, ананың жарға деген адалдығы, балаға деген ыстық мейірімі, оның жанын жай таптырмады. Енді, міне, іздеудің шарт жағдайы пісіп жетілді деп топшылаған ана жан пендеге сездірмей жол жүруге жаздай дайындалды. Күндіз ұйықтап, түн де тысқа шығып қараңғыға үйренді. Тамыздың ыстығы басыла қызын жетелеп, ұлын арқалап жолға шықты. Жол тағамдарын өзі әдейі ыстыққа шыдамды, алып жүруге жеңіл, жегенге тоқ, бағлан етін талқанға шылап кептірді. Бұларды қорқытқан қараңғылық емес, керісінше жарқыраған жарық болды. Жер-жердің бәрі бастапқыдай жазалаушы солдаттарға толмаса да, қылт еткен қимылыңды байқайды. Күндіз арық-атыз, қамыс, иесіз там, көпір де көз шырымын алып түнделетіп жүріп отырды. Ата-баба рухына тағзым етіп қараңғыны ұмыта сапар шекті. Есіл-дерті біреу-міреу біліп қоймаса екен деп, елеңдеп келеді. Меңіреу қараңғы түн белгісіз бір дыбыстан секем алған ана екі баланың аузын екі алақанымен басып дыбысын шығармай жата қалды, тыныс алуға шамалары келмей үш бейбақ жатыр, жаңағы дыбыста жоқ тым-тырыс, осылай бүкіл даланы тыныштыққа үйретті. Бала екеш бала да бұл заңдылыққа мойынсұнып үнсіз. Қараңғыны қақ жарып, қанды қырғын болған жерге де жетті. Үлкен бір ыстық леп беттерінен өбе аймалап, марқұмдар рухы қолдап қоршап шығарып салып жатқандай күй кешті. Көзіне келген жасты біреуі сүртіп: «Жылама, табасың еліңді» — деп сыбырлағандай болды. Бір жеті өткенде ел шетіне де ілікті, алыстағы үлкен ақ боз үй жанында қаздиған екі кішкене қара лашық екі жағына тігілген. Сараң тіршілік, тек жалғыз әйелдің кіріп шығып жүргені болмаса, басқа ешқандай қимыл байқалмайды, кейде ере шыққан бала ғана тіршілігіне өзіндік үн қосады. Десе де түтіні түзу көкке қалықтайды, алыстан аз байқастаған Рәйла апа қос қозысын алып, осы үйден баспана тілей сұғынды. «Жасыңа құлдық, апай, тезекшің болайын, тамақ беріп екі баламды жылатпасаң болды», — деп көз жасын көлдетті, елі-жұрты қырылғанда жыламаған ана бөгде елде еріксіз осылай өксіді. Онсыз да сезіп тұрған, басынан басқа жері оңайға біліне де бермейтін толық бәйбіше зорға бас изеді. Бұл үйге Рәйла апа мықтап жақты, отымен кіріп, күлімен шықты. Азанда ұйқысы шайдай ашылатын ол, күні бойы үй шаруасын тындырады, бұзау қайырады, су қайнатады, тезек тереді, ең соңында кезегі келген қос тірі жетіміне түн ортасында жетеді. Бар қуанышы, жұбаншы солар, қара домалақ ұлын иіскегенде, өзін бейіштегі жұмақ анадай сезінеді, бар мұңын жоғалтады, тәңірінен мың тәубе солардың амандығын тіленеді.
Жаздың соңғы айы да бітіп, орал тауына ойысқан сарала бұлттар бастапқыда күшікке ұқсаса, лезде шоңқиған үл кен аюға ұқсайды. Міне осылай әр жерден андыз дап жиналды. Түс ауа себезгілеген жаңбыр ақ жауынға айналып, сенбінің кешіне қарай толассыз сіркіреді, сол жаңбырлы күндер тұп-тура бір аптаға созылып, жұма күнге тұмандана ашылды. Рәйла апаның бір жұмысы болса да азайды. Қытай елі дегенмен қытай көрмеді, көргені монғол, ұйғыр, қазақ тағы өзі білмейтін басқа ұлттар. Күз келгенде жарыса, бәсекелесе келер жылға да қуаныш қалдырғысы келмейтін, қазақтар бұнда да бар екен. Өз табиғатын жоғалтпағанына қуанған апа жаңбырдан кейінгі тезек кепкенше, ауыл тойына ащы терін бұлданғандай баруға әзер рұхсат алды. Сегіз қанат үш ақ орда, бес ақ үй тігілген, кермелер де сығылыстыра байланған қара нөпір аттар. Тайпалған жорғалар мен ет тасыған жігіттер найқалып жүр, теңге ілу, балуан күрес, жамбы ату, қыз қуу біткен соң тойдың ең қызық кезі ауыл алты ауызын бастады, Рәйла апамыз шешесінен үйренген әдемі сарынмен:
«Аспанда ұшып жүрген ала қарға-ай,
Өлең айтпай жарамас балаларға-ай.
Зер салып құлақ түрер жан болса егер,
Жұртым саған айтамын бітеу жара-ай.
Сүйерқұлдың сегіз сары баласы,
Әркімнің де өз ортасына бар наласы.
Отарбай мен Нұргелдімнен мен дәмелі,
Жоқ іздеген бейшара жан жаралы.
Өтебайдың шөпшегі еді Балықбай,
Құлжаға әкеп, қымыз сатад жалықпай.
Отыз тістен шыққан сөзім халқым-ау,
Отыз рулы елге жетер ме екен қалықтай?» — деп зар мұңын айтып жоғын іздеген ана ұзақ таң өлең айтып құлан иектете үйге қайтады. Сарғайған сарала қыратта, қолында қоңыр қабы бар, сары уайымдағы апа жоғалғанын тапқандай тезек табылса болды, бүгін бір түрлі балаша қуанып зыр жүгіріп жүр. Салқын самал есіркей айналсоқтайды, сол жалғыз ноқатты, бірдеңе айтқысы келгендей ұйытқи соғады. Міне, үйге тезегін арқалап келді, өлгені тіріліп, өшкені жанып қайнысы Балықбай іздеп келді, Рәйла апа осылай шалына қосылды. Бәкең пысықтығы мен қымыз сатып жүріп Қасым, Әрмия сынды туыстар тапты және әр жерден танысқан Жарты баласына іргелі ел болуға үндеп, бір жерге топталып, ата кәсіп пен жан бағуға ақыл салды. Бұлар жер шолып алды орман, арты жазық, қалың шилі адыр қырқалы, боз жусанды жерге жиырмадай отбасы қоныс тепті. Адам ретінде өмірден өз еншісін әрең алған бұлардай босқын елде не күй бар дейсің? Десе де әр жерде қинала құлшылықта, жүргеннен құтылып, келе сала қара күзде бір-бір жер кепе қазып алып, ата-кәсіптері орманды кеміріп, тірліктерін бастады. Қарашаның желімен қолдағы аттарын өз әлдерінше жаратып бір қар жауа ауылдың атқа мінер азаматтары атқа қонып, түн жастана өр Текестен өтіп Тянь — Шаньның баурайынан қарағай қиып ат артына сүйреп өркештеген өр Текестің ағысын елемей ағаш өткізіп, көршілес тұрғылықты жұртқа шай тұз болып, бала-шағаға киіміне айырбастаумен айналысты. Енді, міне, шеберлері қолөнер бұйым жасап, қалаға апарып сатумен де айналысты, тіпті мал терілерінен мәсі, кебіс, тон-шалбар, күпі, ішік тігіп те жан сақтады. Аяздың аждаһадай аңырап, мұздың қатқан шағы, жартылар үшін тірліктің дәл қызған тұсы, алты жастағы баладан алпыс жастағы шалға дейін ғұмыр сүру үшін қас қарая атқа қонады, пысық әйелдер де өзен жағалауынан күйеуін күтіп арқанмен қарағайды судан тартып өткізіп келесі ағашқа тағы жібереді. Ал күндіз орман күзетшілері дайындаған ағаштарын тартып алдыма деп қорқады. Қарағай тасу тірлігі үрдіс алып негізгі ғұмыр кешудің басты нысанасы болып қалыптасқан.
Қытымыр қыс бүгінде кәрленіп, өз ашуына мықтап мініп тұр, көкте ақшулан бұлтар, ойқастайды, шытырлаған аяз желмен жарысады, кешкі асын апыл-ғұпыл ішкен Бәкең жігіттерін бастап, көршілес ауылдан келген қазақ тіліне судай, жергілікті дұңған жігітін ертіп қарағайға бет алды. Батыстан ұйытқып соққан долы боран қымтана киінген жігіттердің етегін аша алмай ызыңдайды. Тоңған аттар да шоқыраққа ауысты. Салт жігіттер шоқырақпен тастақты лау келетін өзен арнасына лезде ілінді. Ысқырық жел мен долдана буырқана аққан асау өзен бірдеңе тілегендей сан әуенде сыңсиды. Ұқсатсаң, бірде ит боп ұлыса, бірде жас балаша жылайды, тек орақтанған ай бәріне мен куә дегендей шалқалай қарайды. Өлерменде не құйғытқан жігіттер өр Текеске арты-артынан ырғыды. Суда сыршыл аттар сырғи жүзіп, арғы жағалауға да таяды. Көлденеңі жүз метрді толық құрайтын бұл өзен, не сұмдықты ішіне бүгіп жатқанын кім білсін? Іштеріндегі жалғыз дұңған қатардан қалқып шықты да, шығысқа қарай аға жөнелді. Әп-сәтте ат-паты мен ома-шома болған ол, суға батып кетті. Алды судан шығып, арты шықпаған жігіттер қанша қарбаласқа түссе де, түн қараңғысында ажалдыны құтқара алмады. Бұл бәленің қайдан сап етіп келе қалғанына бәрі де бармағын шайнап, алашапқын таң атырды. Бастабын да тоғай қарауылшысы болып жұмыс істейтін Пантақ дейтін бұл жігітпен тоғайдан отын алып тұру үшін жақсы барыс-келіс жасап араласқанына Бәкең қатты өкінді. Жон терісін жонданған жергілікті Сымазы дейтін оның ағасы: «Сендер әдейі ағызып өлтірдіңдер!» — деп үлкен бәлені бастарына шаптады. Онсыз да түсі қашып, үрпе-шүрпе болып отырған бір уыс ауылға бұл оңай соққы болмады. Бар бәлені Бәкеңе артты. Ертесі-ақ Бәкең түрменің есігінен табылды. Адуынды алпауыт Сымазы Бәкеңнің аталас туысы Тұрсынды үйіне құлдыққа алды. Ал бір уыс ауыл екі бірдей арысынан тірідей айырылып, енді міне алты жастағы баласынан алпыс жастағы шалына дейін бар тірлігі қарағайды тоқтатып, Пантақтың өлігін іздеп өзен жағалады. Төрт ай дегенде су тартылып, атының өлігін тапса да, бәле боп жабысқан Пантақты таба алмады. Құр сүлдері қалған ауыл енді үмітін мүлдем үзіп, ауыздарына салар талшық үшін қарманды. Көкектің орта шенінде Сегізбай, Ақанбай бастаған жігіттер отын жинап салшылыққа түсті. Қайранға батқан отынды шығарып жатып, жалбыраған шүберектің шетін байқады. Іштері бір сұмдықты сезген бұлар ауылға тұра шауып, көршілес Сымазыға хабар беріп, Пантақтың сүйегін қазып алды. Су сорып құм шайған оны адам танығысыз. Медициналық сараптау арқылы Пәнтақ екенін және оған адам қолы тимеді деп дәлелдеп шыққанға дейін Бәкең түрмеде отырды.
Отарбай атаның қанды қырғыннан аман алып келген ұлы Нұргелді екі аяғынан мүгедек болып келді. Шалдың сырықтай бойы еңкіш тартқан, тастамай тағып жүретін қара көзілдірігін бастабында мырзалыққа тақты. Кезінде осы көзілдірікті киіп мәскеуге де барып қайтқан, қалжаттағы жазалаушылар бір көзін алып қалған. Бір көздің қайғысынан екінші көзі де жасаурап жылап жүріп суалды, енді, міне, қара әшки соқыр көзді жасырар қорған. Табынатын әкесіне, жарасымды көзілдірігіне қызыға қарап жүретін Құзыр ең алғаш әке көзінің шын сырын білгенде, жаны түршіге әкені аяп, ұрлана жылады. Жат жердегі ащы тұрмыс тауқыметі биыл тіптен күшейіп, оның құр сүлдері қалды. Жылдар жылыстап, 1942 жылдағы алапат апат сары сүзектен ауылда бірен саран адамдар ғана тірі қалды. Қас қабағыңа қарамайтын тірлік заңдылығы «Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырып» шал мен баласы Нұргелдіні және қызы Мадинаны да жер қойнына алды. Отбасында Бүркітін құшақтап жаратқанға нала айтып кемпір тағы жалғыз қалды.
Күн артынан күндер өтіп 1949 жылы комунисттік партия билікке келді, бүкіл ел алақайлап қуанды. Әу бастағы жиырма түтін жарты құраған ауыл, бұл күнде кәдімгідей албан атаның әр руынан құралған үлкен жұрттқа айналды. Кедейлерге қамқор лық жасау мақсатымен коммуна жүріп кооперация құру бас талды. Ауыл бастығы Әбдірахманның қара шұбар түсі сұрланып, халыққа жер бөліп әбігер. Баяғы Ақдаладағы түбіне айғыр-үйір жылқы қыстап шығатын ақ шилер темір соқаның тісімен аударылды. 1966 жылдың қарашасынан стиль дұрыстау мақсатымен басталған мәдениет зор төңкерісі орталықтан тартып жергілікті ауылдарға дейін, тіпті кішкене елді мекендерге дейін қатал қабақты қытайлардың басқаруымен жүріп жатты. Олар бар ауылдың апшысын қуырып, келе сала жиналыс ашып, халықтың үрейін ұшырды. Ел ішінен астыртын активис жастарды талдап алып, халықтың бір-бірін жамандауға жол бергізді. «Көп шындықтың бетін ашқанға сыйлық береміз», — деп шабыттандырды. Бұл саясат сауатсыз елде стиқиялы түрде жүргізілді. Байлардың мал-мүл кін конфескелеу, жерлерін кедей шаруаларға үлестіруден басталды, міне, осы кезде өтіріктер өкіріп, шындықтар шыңғырды. Қазақтың ішкі рушылдығы мен ырың-жырың көз алартулары саяси түс ала, бұл қозғалысқа арқау болды. Нағыз қазақ мәдениет төңкерісі басталды. 1962 жылғы Алтайға ғашық Жанқара советке кетерде: «Мені үш жыл тос», — деп қоңыр жорға атты ер тоқыммен тастап кетіпті, деген әңгімені негізге алып, Бақай мен Сармұқан екеуі ойдан тамаша әңгіме құрастырып, ел ішіне қауесет таратты: «Сол Жанқара келіпті. Аяғында серпелі бәтеңке, ұшып жүреді екен, біреу емес, бірнеше жігітті бар жанында. Хабарласу белгілері жарқылдақ сигналмен кез келген жерде жарқылдатып кездесе береді екен, қолында радиосы тағы бар сөйлесетін. Маған да біреуін берді радионың деп», — өтірікті өкіртті. Түнде далаға шыққан Қарабай өз қаншығына келген ылыққан иттердің қараңғыда жанған көзінен қорққаны соншалық ауылға малды тастап, көшіп түсті, «Үйімнің төңірегінде совет адамдары қаптап, торауылдап жүр, өлтіріп кете жаздады», — деп отқа май құйды. Әңгіме іздеген қытайлардың өздері есі шығып жатақханасынан бірнеше күн сыртқа шықпай қалды. Бұлар ауыл әкімі Әбдірахманнан бастап, күрес обьектісі етіп мойнына қара қазандай тас асты, адырақпай Шаштай тоғайдан ерінбей құмырсқа белі тәріздес тас әкеліп мойнына қамыт қып кигізді әкім мырзаның. Басына қағаз қалпақ жасап, екі бетін бояп «қара құйыршықтарды жоғалтайық!» деген ұранмен мектеп оқушыларын артынан шулатып, көше аралатты. Ауыл бұғалтыры Әбдінің есік алдынан төраға Маузыдуңның темір суретінің қиындысы табылды деп Бақай мен Сармұқан өздері тастаған қиындымен жала жапты. Өз істеріне риза болған бұл екеуі кегін басқалардан осылай алып мәз болды.
— Сармұқан жолдас, сізге родио берген кім, қай жақтың адамы?—деген сауалына түк түсінбей аудармашы жалпақтаған Сармұқан:
— Сәбеттікі, — деді көзі шарасынан шыға: — Радионы табыңыз! — деп жан алқымға ала даусын көтере ақиланды, талпақ танау қара тергеуші. Жыртық көз аудармашыға жалына қараған Сармұқан: «Менде қазір жоқ», — деп күмілжіді.
— Қайда, кімге бердің? — деп одан бетер ақырды, аузын көпіршіткен сұрақшы.
— Көк иірімге тастап жібергем, — деп өтірікті ысқырты, құтылдым ғой деп ойлаған ол.
— Жүр, сол жерден алып бересің! — деп оны сонда алып жүрді.
Ауылдан елу шақырым жердегі көк иірімге апарып, аяғынан жіпке байлап суға тастады. Суға тоғытылғанда бар шындықты айтқан Сармұқанды тыңдаған жан болған жоқ, сол күйі су түбіне мәңгілікке шөктірді. Бес сыныптық білімі барларды, бұлар «сасық зиялы» деп өз туған ауылында күндіз жер жырттырды, түнде «халық жауы» деп ортаға шығарып, күреске тартты. Бұндай қорлыққа шыдамай асылып не құдыққа түсіп жақсы итше көрінбей өлген зиялыларда есеп болмады. Орталық ауыл әкімі Мұқитты қатарынан үш күн күреске тартқанда, өзін-өзі бауыздап өлді. Тумысынан қатал Мұқит жұртты өте қатал басқаратын, жылаған балаға Мұқит келе жатыр дегенде жылауын қоятын, міне өлімі де жұртты шошытты, өзін бауыздауға қан ағызар ыдыс қойып, киімінің жағасын қайырып қан тигізбей бақилыққа сапар шекті, құды біреуге өзін бауыздатқандай. Олай дейін десең, есік ішінен ілулі. Кент бастығы Құманды күреске тартып, басын төмен қаратып, аспаққа асып тастады, өліп бара жатып су дегенде, активистердің бірі есік алдындағы көктемгі шалшық судан аузына тамызды. Коммунистік партияның солақай бораны осылайша он жыл бойы үздіксіз соқты. Бұл дауыл көп кісілерді тарым шөлінен бір-ақ шығарды. Шөліркегендердің біразы он жылдан соң, әрең дегенде оралды. Олар сондай құр сүлдері қалған аянышты еді.
Жеке басқа табынушылықтың шырқау шыңына шыққанда, Мау үзіндісін қоспай, біреумен сөйлесу мүмкін болмады.
— «Ең жоғары нысанамыз коммунизімді жүзеге асыру», ине-жіп беріңіз, — десе. Сатушы:
— «Халық үшін қызмет етіп, жалда алда рахатта артта тұрайық», мінеки, ине-жібіңіз, — деген осы заман болды.
Бір әйелдің қайын атасының аты Құрбан, қайнысының аты Жеңіс екен, дүкеннен шай алып тұрып, қайын атасы мен қайнысының атын атай алмай: «Қайын атадан қорықпай қайынды қолға келтірейік», маған шай беріңіз, — деген екен.
Осы біз неге өмір сүріп жүрміз? Жан таласа қашып келгендегіміз, зарыға күткеніміз — тірліктен безіну ме?
ЕКІНШІ БӨЛІМ. ЖЕЛІК
«Адамды тоқшылықта не жоқшылықта таны» деген нағыз данышпандық. Байлық пен мәнсап Құзырдың мазасын әбден кетірді. Ауылдағы бар шаруасын тастап, қалаға көшті, өз ұлтының далалық өркениеті қайнап шығар тумасынан алыстап, қалалық тірлікке еті үйренді. Бұл өңірде Құзыр секілді бастық болу тұрмақ, өкімет бюджетінен ақша алып жұмыс жасаудың өзі үлкен ғанибет. Бүгінде ол пара алып, талайлардың жұмысын бітіретінді шығарды. Өз мүдделері үшін қошемет көрсететіндер көбейді. Тағы сол үйреншікті қызмет қарбаластығы түске шейін байыз таптырмады. Кенеттен есік қағылды, аяғының басын қайқайтуды әбден үйренген Құзыр «кір» деп кісілік танытқан кейіпте өз жұмысымен отыра берді.
— Сәлеметсіз бе? — деген дауыстан сыздана басын көтерген ол, алдында тұрған ерттеген аттай әдемі ақ келіншекті көрді. Мамық креслода шалқалап отырған ол не істерін білмей, астынан су шыққандай қопалақтап қалды. Жаңағы бойындағы бастықтық буы лезде ғайып болды. Десе де сыр бермеді.
— Отырыңыз, қандай шаруамен келдіңіз? — деп оның сөйлеуін тағатсыздана күтті.
— Мен қалалық емханада медбике болып жұмыс жасаймын, әкемнің зейнетке шығу шаруасы бойынша келдім, — деді ол.
— Түскі үзілістен кейін сөйлесейік, — деп Құрекең сызданды.
— Айып болмаса, бірге түстенсек қайтеді? — деді қарсы алдындағы сұлу оның ойын оқығандай көзін қылмыңдатып.
Мейрамхананың оңаша ішкі бөлмесіне жайғасқан екеуінің ортасында стол қазандығы, ондағы сақырлап қайнаған сорпаға сан түрлі дәмді тағамдар сұлудың саусағымен ақырын салына бастады, бұның бәрі Құзырға түсінде болып жатқандай әсерде болды. Арақты әкелген даяшы қыз енді не керек дегендей керіле қарады.
— Қазірше ештеңе керек емес, керек болса, өзіміз шақырамыз, — деп оны жайына жіберді ақ келіншек.
— Сіздің мансабыңыздың биктей беруі үшін тосыт көтерейік, қанеки, келіңіз, — деп стакан соғыстырды.
— Рахмет, — деп бас тартпады Құрекең.
Бастапқыға қарағанда бойы үйреніп қалған Құрекең:
— Иә, өз әкеңіз бе? — деп сыздана сұрақ қойды.
— Өз әкем, — деп елеусіз айта салды сұлу.
— Сіздей ханымның әкесінің жұмысын бітірмей,— деп шалқалай тісін шұқыды.
— Рахмет сізге, астан алыңыз — деп сақпы ұстаған сүйріктей саусағымен басекеңнің алдына қазаннан алып ас салды. Әзіл-қалжыңмен ұсақ әңгімені қиыстыра айтатын әдемі келіншек ілезде жақын адамдардай күй байқатты.
— Ертең құжаттарын әкеліңіз, сосын қалған жағын көреміз.
— Мақұл, — деп қуанған келіншек орнынан тұра қолын ұсына рахмет айтты.
Неге екені әйтеуір Құзырдың қалжыңға қарымжы қайтарғаны болмаса, ары қарай өзін қанша зорласа да, ашыла алмады, болмаса жаны қалап-ақ отыр, бұл күйдің үзілмеуін іштей тілеп.
Едәуір желпініп алған екеуі аяңдап мейрамханадан шықты. Жұмыс орнына лифтпен көтерілген Құзыр бір ысып, бір суып сырт киімінің омырауын ағыта бөлмесіне кірді. Бір түрлі бойын басқаша сезім билеп, еріксіз қуанды. Оның аппақ, албырап араққа бөрткен дөңгелек жүзі көз алдынан кетер емес. Кенеттен селт етті, мен оның күйеуін де сұрамаппын-ау, деп өзін-өзі қыспаққа ала бастады. Тәк, бұл арадағы жергілікті ұлттар бар жұмысқа әйелдерін жұмсап, өздері үйлерінде отыра беретінін естуші еді, әлгі бір жолғы оқиға есіне түсті: Бір үйлі жергілікті жандар қабыр басында діни салты бойынша қағаз өртеп жүргенде, қапелімде өрт кетіп жайылым өртеніп, төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті сөндіріп, оларға штраф салмақшы болады. Мәлім қызметкердің өздерімен бірге тамақтанғанын желеу етіп, бәле жауып, қызы оның үстінен мені зорлады деп арыз жасап, өздеріне штраф төлетіп, әлгі қызметкерді қызметтен айдатқанын естігені бар еді, солай жіберген солақай күйеудің қулығы ма, кім білсін? — деп сескеніп, кеудесін түймеледі. Жұмыс қарбаластығы Құзырды әбден жадатты, үйге шаршай келіп шалқалай сұлады. Мойнына асылатын баласы Алаш бұрынғыдай емес, есейіп қалған.
— Оқуың қалай балам? — деп бүгіндікке қырылмай қалған көк сақалын баласының бетіне үйкеледі.
— Қосымша сабақ алғалы жақсарып келеді, — деп баласы нық жауап берді.
— Балам, жақсы оқы, мен сені әлемдегі ең озық оқу орнында оқытам, мен жетпеген биікке сен жетесің, ендігі үміт сенде, тек жақсы оқуың керек. Кішкене кезінде содыр еді, казір сөйлемейтін тұйық болып барады осы балам, — деп ойлады.
— Тамағың дайын ба? — деп сұрады, келіншегінен.
— Міне, қазір, — деп күйеуінің асты-үсті не түсті. Құзыр әйеліне жылы қабақ танытып, мейірін сыртына шығарғысы келмейді. Бұл оның әкесінен келе жатқан әйелге ұстанған позициясы. Соның да жемісі шығар, әйелімен көп түс шайыспайды. Құзыр осындай өз үйінде кісі боп жүргенінен өзі ләззат алады, әйелі де бұған мықтап үйренген. Әрі екеуіне де осы қарым-қатынас ұнайды. Сырттай қараған адамға ұрсып қалған жандардай, шын мәнінде өте тату-тәтті отбасы осылар. Бір-біріне шексіз шын сезім де білдірмейді, отағасының ісіне әйелі араласпайды, тек өз шаруаларынан кілт еткен қателік жібермеуге тырысады. Екеуінің арасында көп әңгіме де жоқ, сосын да бақытты бұлар.
Үйреншікті жұмыс күні азаннан қара кешке дейін біресе телефонмен сөйлесу, біресе хатшысының тынымсыз есік ашып қағаздарға қол қойғызуы жадатып, бір күннің де соңына шыға бергенде, есік өзі не таныс қағыспен қағылды. Есік қағысына мән бере бермейтін Құзыр бұл жолы сол екенін жыға таныды. Расында сол ақ келіншек көзіне оттай басылды.
— Қалайсыз? -деп қол берген келіншектің балбыраған ыстық алақаны оның өне бойына бір түрлі сезім отын ұялатты.
— Әкелдіңіз бе? — деді денесі дір еткен Құрекең.
— Иә, — деп бір үлкен конвертті ұстата қойды. Бәрі осының ішінде.
— Мынауыңыз ұлы қорған ішінің адамы ғой, неғып сол арадан зейнетақы тағайындалмаған?
— Бұл кісіні осында әкеп тіркесек, жақсы атаның .... — деп ақ келіншек сыңғырлай сөзінің артын күлкіге жетелетті.
— Тіркеу жөніндегі қағазыңызды әкелсеңіз, сосын ар жағын көрсек. Жұмыстан шықсам деп ыңғайланғаны сол еді, келіншек те орнынан тұрып киімін түзеген болып, мойнындағы жұқа жаулығын алып қайта, салып, ақ тамағын көрсете, еркектің бойын елітті.
— Уақытыңыз болса, кешкі тамақты менімен ішсеңіз қалай, — деп қиылды ақ келіншек. Үнсіз келісім білдірген Құзырмен бірге машинасына мінді ол.
— Қала сыртындағы үлкен демалыс бағына тартсаңыз, — деп өтінді.
Қаладан он неше шақырым қашықтықтағы керемет дәмхана, өте тынысты, іші де соңғы үлгіде жабдықталып, безендірілген, алдыңғы жолғыдай емес, не қалайтынын айтқызбай білген ақ келіншек дәмге тапсырыс берді. Үйреніп қалған екеуі еркін отырды. Бұндай бөлмелердің бір жақсысы жапондарша жантайып отырасың, жанға жайлы. Екеуі таныстығымыз арта беруі үшін деп о бастан-ақ басып-басып ішті, бұлар бірдеңеге асыққандай, әр стақан соңынан көзін қадап отырған ақ келіншек Құзырды ішіп, жеп барады. Иә, басеке, жаңағы менің күйеуімнің әкесі. Ол кісі өзі ішкі Қытайда тұрады, ал күйеуім өлген, мен қазір бойдақпын, — деп көзін аударып төңкерді. Кем сөзді Құзыр ішкен сайын үні ішіне түсіп кететін әдеті бойынша, түсіндім дегендей бас изеді. Ыстықтағандай сыңай таныта ақ келіншек сырт киімдерін шеше тазалық бөлмесіне қарай аяңдап дене тұрқын көрсетті, онсыз да әрең отырған Құзырдың делебесін қоздырды. Одан бетер сұлулана шыққан әдемі келіншек бұраңдай келіп, Құзырдың мойнына асыла кетті, ол да қарсылық білдірмеді. Оның ойлағаны болды, ерін-ерінге тигенде-ақ өзін ұстаудан кеткен ол қолын арқаға жүгірте ақ келіншектің қос анарының қабын ағыта бастады. Шынымен-ақ мас болды. Мәнсап буы оны тағы да естен тандырды, рахаттана улады. Уанбаған баланы уатқандай көтере сілкіледі сұлуын, енді міне ақ келіншекке бар салмағын салып қопаңдай бастады. Екі тісқаққан қу алысқа шапты, біреуі шаршай бастаса, екіншісі міне шабады, ақ келіншек одан сайын мықты шабондоздығын көрсетіп ысқыра айқайлай, қопаңдап тұра шапты, одан асайын құныққан ол тілін сумаңдатып бар тәттісін сорды, іздегені табылғандай шыңғырып барып, сылық ете сұлады сұлу ақыры. Көмбеге жеткендей, ес-түссіз жатқан екеуі қан қызулықта аюмен алысқандай шаршап, шөліркеп оянды. Ішімдіктің буы ма, әл де басқа ма бастары ауыра түн жарым болғанда құр сүлдері қалған Құзыр өз отбасын әзер тапты. Осылай ауызданған олар жиі-жиі бастары қосылатынды тапты, өмірінде көрмеген жан ләззатын сол әдемі ақ келіншек сыйлап жүрді. Тура жолдан ауытқып жүргенге ме, әлде қиыннан қиыстырғанға ма, жоқ болмаса алаңдап асығыс істегенге ме, әйтеуір өте тәтті сезілді, тіпті бір аптада бір кездеспесе сағынатынды да шығарды. Соңы айналасындағы адамдар бұлар жөнінде сыбыр-сыпсың әңгіме айта бастады. Не керек осы кездесудің нәтижесінде әдемі келіншек сүйегі қурап кеткен әкесіне де пенсия алуға қол жеткізді. «Біз адамдар көркем нәрселерді тамашалауға, шаттыққа шалықтауға, ләззәтқа батуға т.б. нәпсі ләззатын күйттеу үшін өмір сүреміз», — деп ойлады Құзыр. Бүгіндікке шаршап келген Құзырдың ойда жоқ апақ-сапақта есік қоңырауы соғылды. Дарбаза сыртында таныс дауыс, өзі есік ашты, тағы сол пара бергіштер қас қарайғанды күтіп жүріпті. Бір миллиардтан астам халқы бар бұл өңір шынында артқы есіктен кіріп, іс тындыруға үйренген. Ақшаны айтпағанда қыста соғым, жазда үйінен ет, сүт, қымыз үзілмейді. Ол оның есесіне төмендегі елді мекендерге ақша бөлу, жол жасату, орман отырғызуға қаржы босату, кадр стажына қарай ақша қосу секілді шаруаларға заңды, заңсыз кірісіп жүрді. Қайда жүрсе де, астында машина, қалтасы ақшаға толы, баяшатты ғұмыр кешіп жатты, бірақ оның ебін келтіріп сіңіре білу шынымен де бастабында Құзырға оңайға түспеді. Дегенмен уақыт өте келе жұмысы жұрттың оң бағасына да ие бола бастады, онысы елдің жұмысын батыл бітіруі ме әлде, істі тындырымды істейтіні ме, әйтеуір, ел Құрекеңді «өткір, тындырымды» деп мақтап жүрді. Сан жұмыстан сансырап енді тысқа шығайын деп сырт кимін киіп жатқаны сол еді, есік ашылып, толық денелі толқынды қара шашты жігіт ағасы ыржия кіріп келе жатты.
— Ой, мынау, Ержан ғой, көктен түстің бе, қайдан жүрсің?
— Қызметің өсіп, ел ағасы болғаныңды естіп, телефон соғып құттықтасам, ұят болар деп әдейі келдім, — деді ол қос қолын жая күлміңдеп. Ескі достар қайта-қайта құшақтасты. Бірден үйге тартқан олардың қуаныштарында шек жоқ, өткенді айтып жетісіп қалды. Бір қоңыраумен қой алдырып бата сұрап, аспа-төк дастарқан жасап, досқа деген адал да ыстық ықыласын көрсетті. Көріспегендеріне он неше жылдың жүзі болған, тасада қалған он жыл жөнінен сыр шерті.
— Қазір қандай қызмет істеп жүрсің?
— Бастабында туған ауылыма оқытушы болдым, кейіннен университетте оқытушылық жолымды жалғастырдым, бұл күнде саудагермін, астық алып-сатумен айналысам, — деді досы сөзінің артын сыбырлай жалғастырып.
— О, бәрекелді, жақсы тірлік, оқытушылық адамның жалынын сөндіреді, — деп құптады отағасы.
— Иә, сендер дипломдарыңды алып кеттіңдер, біз қалдық жұртта қалған иттей болып. Сатып тамақ алып, ішер сыра құмырасын да шағып кеттіңдер. Бағбаншылар байқап қалып, өзіміз әрең жүргенде штраф салып бастықтарға айтып, диплом бергізбейміз деп қиқарлық көрсетті. Амалсыз жалынған біз бөтелке сынықтарын екі күн дегенде зорға теріп тазаладық, сосын екі жеті жүріп емтихан тапсырып, зорға дегенде ауылға жеттік.
— Сендерді сорлатып құмыра шағуды шығарған Алманың ғашығы Мұрат еді ғой! Иә, айтпақшы, олар жақтан хабар алдың ба?
— Ол өзі бір қызық жігіт, сауда жайымен екі жыл алдында барғаным бар. Ол оқытушы екен, аудандық орта мектепте. Бірақ әліге дейін бойдақ, «Тек өмір бойы сол Алманы аңсап өтемін, басқа ешкімді де сүйе алмаймын», — дейді. Сөзінің растығына көз жеткізбек болып, «қызыл шырақты» өңірге ертіп барсам, шыны мен қызға зауқы жоқ болып шықты.
— Сен де қызықсың, неге ертіп барып жүрсің ол байғұсты, ыңғайсыз күйге қалдырыпсың-ау оны.
— Мектеп жатақханасында жалғыз тұрады екен.
— Егер қаласа, әйел әперіп кетсем бе екен деген ой болды менде.
— Оның жөн болатын еді.
— Басына ұрып шаққан бөтелкелер кезінде зақым келтірген де шығар, ол одан кейін баса ішуді әдетке айналдырып алыпты.
— Ол сонда қалай сабақ беріп жүр?
— Кім білсін?
— Оған бір жақсылық жасау керек екен, — деді Құзыр жүрегі елжіреген сыңай танытып. Осылай өткен-кеткенді сапырған екі дос ащы суға едеуір бөртті. Жан сезімдері балқып ыдыс-аяқтың барлығы ән салғандай күй кешті.
— Он күнге бір миллион юань бере тұрсаң, Құреке, — деді Ержан досы. Өзінің екі миллионға жуық ақшасы болғандығын, оны астық алуға жұмсап, қазірше нақты ақшасы болмай тұрғанын айтып қиылды.
— Оны неге істеткелі жүрсің, — деді дос тілегін тыңдаған үй иесі.
— Астық ала кетсем деп едім аудандарыңыздан, — деген ол үш миллионның астығын ішкі қытайға апарып, келісімшартқа бара отырып, тауарды сол жерге өткізе салысымен қарызды қайтаратынын айтып өтінді. Шынымен елжіреп-қалжырап отырған досына Құрекең, келісім берді. Бір жетіде өкімет қазынасынан жасырып, ақша алып, сүйікті досын риза етті. Уағдалы мерзімі толса да, керемет группаласы, сүйікті досі сол күйі, хабарсыз кетті. Шыдамы таусылған ол өкіметке сезілер уақыт таяған соң, денсаулығымды емдетуге барам деген сылтаумен мекен-жайы бойынша досын іздеп жолға шықты. Сумаңдаған сумақы суық ойлар басын қылқитып, таба алмасаң қайтесің, өліп қалса ше? Тіпті қатын-баласы бізді бақ деп жабысса ше? Жо-жоқ, олай бола қоймас, қазір өлетін жігіт емес. Тонаушыға тоналып, түгі қалмай, екі қолын мұрнына тығып отырса қайтем. Тіптен мені алдаған, тірлікте бағы жанбаған сорлы кедей болса, қайтем? Әй, осы менің аңғалдығым-ай, деп өзін-өзі жегідей жеп кінәлап келеді. Сонда да болса «үмітсіз шайтан» дегендей, көлденең келіп жеткен жылымық ойлар жүрегін жылытты. Мен барғанша ақшамды электронды почтамен салып жірберсе ше, ақшаны алып үйіме кетсе ше? Онда тек шалқайып қонақ боп ертегідей күй кешіп қайтам деші. Тіптен өсімімен қайтарып қатын-балама сыйлық жасаса ше? Болды, рахмет, несіне әуре болдың? Ит жығыс түсіп жатқан сан оймен қалжыраған Құзыр қалғып-мүлгіп автобустан түсті. Автовокзалда жаныңды суырып алардай шулайтын сүйкімсіз жұрт ішінен біреуі іздеген жоғына ұқсап қалды. Өз көзіне өзі сенбей екі көзіналақанымен кезек-кезек уқалап тесіле қарады. Біреудің жүгін көтеруге арқасын тосып дайындалып тұрған сүйікті досы Ержанның дәл өзі. Құзыр тұрған орнында қаққан қазықтай қатып қалды. Есін әрең жиған ол теңселе, жүк көтеріп бара жатқан Ержанды жітірмелете қуып жетіп, білектен ала түсті. Жүк иесінең бар дегендей адырая қарады. Ержан көзі шарасынан шығардай селт етіп, жанарын жыпылықтата берді. Үнсіз ерген Құзырдың жаны бойынан ұшып кеткендей болды. Арқасы босай сала аяғына бас ұрып ағыл да тегіл жылаған Ержан зар еңіреп жатты. Ол еңіреп тұрып: «Мен саған барғанда амалсыз өтірік айттым, істің шыны былай еді: университетте оқытушы болып жүріп ұрпақ қамы, ел болашағын шынайы біліммен сусындатам деп жан аямай арпалыстым, тек шындық әділдік деп ғұмыр кештім. Жақсы оқымайтын тек ақшаға баға сатып алатын байдың қызына емтиханда біліміне қарай бағасын қойдым, араға түсіп өтірік баға қоя сал деген бастығымның сөзін де тыңдамадым, ақыры солар соңыма шырақ алып түсті, қып-қызыл жала жапты, өмірде шындық үшін күресемін деп жүріп қор боп қалудан артық азап жоқ шығар», — деп зар еңіреді: «Амалсыз саған бардым. Сенің берген ақшаңның арқасында темір тордан құтылдым. Мінекей қазір шын бейнемді көрдің, алсаң басым міне.... Тірліктің әділетсіздікке құрылғанына енді көзім жетіп, жалған тірлікте шын өмір сүруге болмайтынын түсін дім. Бір нәрсеге шынайы берілуге мүлде болмайтынын сезіндім», — деп шағынған ол жігерін шыңдап тістеніп: «тірі болсам қайтарам», — деп орыннан тік тұрды. Салымы суға кеткен Құзыр досының қиналған шақтағы соңғы жігеріне сүйінді, десе де мықтап алданды. Боқ жеген бұралқы иттей кері қайтты. Енді, міне, шынымен де ауырды. Маған сеніп қызмет берген елім алдында масқара болдым-ау! Бүкіл аудан халқының алдында не бетімді айтам? Зәуремнің алдында ше? Қатын-балам ше? Ақ келіншек ше? Бәрінің алдында қара бет болдым, — деген оймен арпалысып, құтырған иттей екі көзі қызарып келе жатқан жігіт ағасының қалың ойын шофердің «Тамаққа түсіңіздер!» деген даусы бөліп жіберді. Ілби басып есікке беттеді. Құр сүлдері қалған Құзыр бар-жоғы бес сағат ішінде өзін-өзі жеп болды. Есіктен түсе бере өлу — қарыздан құтылудың ең жақсы амалы деп түйді. Шофер есікті бекіте сала: «Ағай мына асхананың тамағы дәмді! Бізбен бірге отырыңыз», деп бөлмеге ертіп кірді, жүзіндегі кірбеңді сезген де шығар. Қырық адамды алып келген «жақсы кісісіне» асхана қожайыны жылы жұмсағын алдына қойып бәйек. Бұраңдаған даяшылар бұлғақтайды. Қонақтары шаттықтан жарылардай, «Бұлар несіне мәз болады екен?!», — деп ашуы келген Құзыр тыжырына қарады. Гу-гу еткен қабан құрсақ жандар шаттықтан жарыла жаздап, обырлана дүниені жұтардай қомағайлана тамақ жейді. «Қаншама адамдар әуелгі адамдық қасиетінен алыстап, обырлыққа, жауыздыққа бет алды, көзінен қан шашып, қатындар қақаң ұрады. Керісінше біреулердің жанары сөніп, жалыны өшті, ынжық, жылауық, ез еркектерге айналды. Ал мен өле қалсам, бұлардың несі кетеді, тек Зәурем, келіншегім, балам осылардың табанында тапталар, сол үшінде өлмеуім керек», — деп түйді соңғы ойын Құзыр. Бүгінгі өмір шынымен де арсыздар мен қулардың дәуірі сияқты. Тағаны — ғылым, ядросы — ақша, кілті — адам болған жаһандану кезінде өзін жоғалтпау үшін рухы биік ұлттық тұлғаларға табыну да керек. Міне осылай түннің бір уағына дейін дөңбекшіп, ұйықтай алмай жатқан Құзыр өзінің өткеніне бармағын шайнады, шай да қатты шайнады. Бар шаруасын тастап, баянды мал шаруашылығын жандандыру қиялдарын быт-шыт етіп, қалаға мәнсап қуып келіп еді, енді жатқан жатысы мынау. Егер сол шаруашылығы болғанда бұл ақшаның мұңы бұлай жанын қинамас еді-ау. Көзін қанша жұмса да, мазасыз ой тоқтар емес. Қорқыныш мекеніне айналған басы әптер-тәптер болып, жаны тозақ отына быжылдап күйіп жатқандай азаптанды. Зәуресі жаны ашып жылап тұр, ақ келіншек жанында қарқылдай күліп мазақ етеді, ал өз келіншегі болса, суық қабақ танытып, баласын ертіп, жанынан өтіп барады. Бұның бәрі де ертең не боларынан қорыққан сандырақ елесі еді.
Сүмірейіп көліктен түскен Құзыр үйіне келді. Түкті де білмейтін Бақытгүл байғұс денсаулығын сұрап жалбырақтады. Ернін жыбырлата үйге кірген әкені, баласы Алаш сәлем бере қарсы алды:
— Денсаулығыңыз қалай?
Әкесі өз мұңымен қинала маңдайын сипады. Шекесі шым-шым тер. Ұлы биыл сегізінші сыныпта оқып жүр. Бір үйлі жанның қабағына кірбең ұялады. Әйелі мен баласы отағасының тән ауыруына уайымдаса, әке сүйікті досын есіне ала жан азабын тартты. Міне осылай үнсіз шай, үнсіз тамақ ішіліп жатты. Тіршіліктен аз да болса, алыстап, жан рахатын алар ұйқы уағы да болды. Құзырды ертеңгі қызметке қалай бару жағы қинады. Бар қорытқан ойы, бастығына өзі мәлімдеп ақша қайтарудың қамына кірісу болды. Жалғыз баласы Алашқа 20 жылға банкқа қойған аманат ақшасын алды. Қытайлар мен мықтап араласып, соларға сіңіп кеткісі келгенінің пайдасы енді тиді. Ішпей-жемей ақша жинайтын олар Құзырдың бетін жерге қаратпады. Білімді, таланты жанды құрметтегені ме? Бастығы да артын жауып қорғаштады, ешкімге сыр шашпады. Десе де бойындағы бар қабілетін іске қосып, бет-беделін сатып, бір банктен алған ақшасын енді бір банкқа қайтарды, үш жыл дегенде құтылды. Жұрт тұрмақ, бір де бір туысы да білген жоқ, тіпті әйелі Бақытгүл де сезбеді. Басын бұл бәледен зорға алып шыққан Құзыр қаладан әбден көңілі қалып, бір-ақ күнде ауылға көшті. Америка байларындай қызметін тастап, «қала ауасы денсаулығыма жақпады» деді. Ақ қораға айналған бір қазақтың өкіметке төлейтін жылдық салығын төлеп, соның қыстау, жайлауын пайдалануға келісті. Малдары да ақырындап өсіп жатты, баласы Алаш 11-сыныпта оқып жүр, құдай қаласа, жалғызын биыл бәйгеге қосады. Ендігі бар үміті, бар арманы сонда. Сайын далада сәйгүлігін сапқа қосып, жарау аттарын жетектеп жүрген дүйім жұрт. Үлкен көк белдің етегінде қалың топ аламан бәйге өтуде. Тұлпары бастапқыда шабандап артта қалса да, соңын ала арындап бар жүйріктен өзі шаба бастады. Қуанғанынан алақайлаған Құзыр түсі екеніне сенбей көзін ашқысы келмей біраз жатты. «Түсі оңалмай, ісі оңалмайды» деуші еді, жақсы ырымға балап орнынан оң жамбасымен тұрды. Шынында ырымы қырымға кетпей, Алашы ұлттық бірыңғай тестілеуде топ жарып, алдыңғы орынды иеленіп грантпен оқуға түсті. Баласын өз қолымен оқуға орналастырып қайтты. Қаладан келгелі ойында «осы балам ертең елдің үмітін ақтай ала ма? Жоқ әлде мен құсап...» деген бір күдік мазасын ала берді.
Құрекеңнің қазіргі ермегі қой қасында радио тыңдау, одан бір нәрсе шығардай таңғы сағат бесте тұрып тыңдайды, одан қалса, өзімен-өзі әңгімелеседі. Мынау «Азаттық радиосы» көңілдегісін дәл тауып айтады, ол өз құлағына өзі сенбей қайта-қайта тыңдайды, ата-бабам армандаған, мен армандаған, исі қазақ армандаған қазақ елі «егемендігін, азатығын алды, бодандықтан құтылды» дегенді естігенде орта жасқа келгеніне қарамастан алақайлап балаша қуанған Құзыр қуанышты бөлісуге әйелі Бақытгүлге тұра шапты сүйіншілеп. Бақытгүл мен бас құрағалы ағынан ақтарылғаны осы еді. Кезектен тыс дастархан жайдырып тойлады. «Кешке қазан көтер!» — деді әйеліне. Иесіз қалған қойы енді есіне түскен ол қайта тұра шапты малына, сүйіншісін қасқыр да алып, әрең басын құраған қойларының он шақтысын тамақтап кетіпті. Егемен елдігіміздің садақасы деп өзін жұбатты. Әлгі «бір қыз үйленсе, қырық қыздың мазасы кетеді» дегендей, егемендік таңы Құзырды мазалады, шеттегі жалғыз қазақ емес, бар қазақ «Қазақстан», деп шындап ауыра бастады, мазалары қашып ұйқылары бұзылды, бұл дерт қазақтар арасына өте тез тарады. Біреулер бар тірлігін тастап, құжат жасатып көшудің қамында жүрсе, біреулер бала-шағасын түгелдей Қазақстанға оқуға жіберіп жатты. Солардың ішінде Бақыттың әрекеті шынымен күлкілі әрі таңғаларлық болды.
Студент кезінде шимай Бақыт атанған ол, бұл күндері ата сақалы аузына шықса да, үй-жәйін тастап, жолдастарымен шегараға жақын жердегі жайлауға барып жақсылап тойлап, достарымен қоштасып, бір досын ертіп, жарым түнде тиіп тұрған шекараны бұзып өтіп, қазақ жеріне табанын тигізіп, батыс-солтүстікті бетке алып жүріп отырады, күн шыға ескі қыстаудың біріне ұйықтап, түн жастана жүріп бір елді мекенге келеді, ауыл шетіндегі бір үйге қонуға рұқсат сұрайды. «Өз елім өз жерім», — деп Бақыт елдің бәрін өзін дей санайды, «қазақ қазақты мүлде сатпас», — деп ойлады, үй иесі таң ата жергілікті полицияға ұстап береді. Соры қайнаған Бақыт қытай түрмесінен бірақ шықты.
* * *
Өз шаңырағымыз көтеріліп жатқанда біздің мұндағы өскен орта балалығым, шашылған туған жерім, — деп жүргенше Баһадүр бабалар ізі қалған өңірге барып, қара шаңыраққа уық болып шаншылу, өркениетмізді адастырмай, рухымызды тоздырмай, ата-жұртқа жету қиялына шындап бекінді Құзырдың ойының арты ойға ұласып жатты...
Жауласқан бектіктер дәуірінде жасап жатқан қытай сан салты ел еді. Бағына б.з. 221жылы №5 кезекті ресми билікке келген Шын шыхуаң ең әуелі тілді бірлікке келтіріп, жазуды бір иероглифке тұрақтандырды. Сосын бір тұтас халық ақшасын таратты, мемлекет армиясын қалыптастырып, қазіргі ғажайып, қытай қорғанын салдырды, сонымен бірге түрлері бір-біріне ұқсамайтын он мың адамдық атты әскердің мүсінін жасатты. Билікті орталыққа шоғырланған патшалық құлдық мемелекет құрды. Ескі идеологияны талқандап 440 оқымыстыны тірідей көміп, кітаптарын өртеді. Ішкі ұсақ қорғандар мен каналдарды бұзып, арба жолдар жасатты. Міне осылай көп үйекті жағдайды жоғалтып, мықты қорған салып бастарын біріктірсе де, ғұндардың атты әскерлерінің шабуылына төтеп бере алмай әбден мазалары қашты. Б.з. 114 жылы билікке келген Батыс хан патшасының ханы Хан-Удй ғұндарға қарсы тұрудың жаңа жолын қарастырып, өздерімен көршілес жатқан батыс өңірден одақтасар, ғұндарға шамасы келер мықты ел іздеді. Сол кезде батыс өңірде 36 мемелекет (тайпа) бар еді. Ұлы юзлердің ғұндарда өш-кегі бар дегенді естіп, мықты дипломат Жаңшианды басшы етіп, б.з б 138 жылы 100 адамды батысқа алтын-күміс пен сапар шектірді. Олар орта жолда ғұндардың жаушы әскерлеріне ұсталып, 100 адам зынданға тасталды. Он неше жыл тұтқындалған олардың ішінен он шақты адам жергілікті халықтың көмегімен құтылып, перғана арқылы Амударияның оңтүстігіндегі Ұлы юзлерге барады. Бактрия жеріндегі Ұлы юзлер ғұндарға бірлесе шабуыл жасау талабын қабылдамады. Жолы болмаған Жаңшиан Шаңан қаласына қайтып оралады. Б.з б 119 жылы 300 адам ертіп Жаңшианды батыс өңірге қайталай сапарға аттанды. Батыс өңірдегі ең күшті мемелекет үйсіндер мен одақтасуға жібереді.
Жолымыз болса, ғұндарды талқандап қоймастан, батыс өңірдегі Бактрия қатарлы жерлерді өзімізге қаратып алуға болар еді деп есеп соқты. Қытайлар Үйсіндерге байырғы атамекені Қыши каридорына көшіп келуін сұрады, одақтасып ғұндарға шабуыл жасауды өтінеді. Бұның аяғы жақсы болмайтынын білетін үйсін күнбиі Элжау бұл талапқа қосылмады. Алайда қытайдың қандай ел екенін білуге елші қосып жібереді. Б.з.б 115 жылы Жаңшианмен бірге хан елінің астанасы Шаңан қаласына барған үйсін елшілері қытайды мақтап қайтады. Бұны сезіп қалған ғұндар Үйсін еліне шабуыл жасамақшы болады. Ғұндардың соғысқа қуат құдіретін жақсы білетін үйсіндер соғыс қаупінен қорықты, міне осылай қытайлармен амалсыз одақтасты. Б.з.б 109 жылы үйсін күнмуы хан патшасының ханшасын айттыруға кісі салады, бұл талап қытайларға мейлінше ұнады. Уди патша бұларды қуана қарсы алып б.з. б 108 жылы патша өзінің туысы Жаңду уаңның қызы 16 жасар Шижүінді 70 жасар Элжауға ханымдыққа ұзатады. Шыдамы таусылған ғұндар үйсіннің қытай жаққа шығып кетуінен сақтану үшін дереу ғұн ханшасын үйсін күнмуіне береді. Сөйтіп екі жақпен де жақсы қарым-қатынас жасап, үйсін елі отыра береді. Ғұн ханшасы нағыз ханым атағын алып үйсін күнбиінің оң тізесін басты. Бес жыл Үйсін елінде тұрған Ши жүін бір қыз туады да өледі. Бұл құдалығы ойлаған жерінен шықпаған қытай патшасы Уди өз туысынан Чу уаңнің немере қызы Жеүй ханшаны үйсін күнмуы Жоншы биге береді, міне осы кезде қытай Фың Лияу сынды бірнеше мықты дипломаты қызметкер ретінде қосып жебереді. Ол да кейіннен Үүйсіннің оң қанат әскер басшысына үйленген еді. Бірақ Жоншы бидің де бір әйелі ғұн еді. Одан туған Най жас кезінде Жоншы би өліп, бидің немерелес туысы таққа отырып Жеүйді ханымды әмеңгерлік салт бойынша алады, міне осылай атағы алыстарды шарлаған Үйсін елін қытайдан туған Янгүй қытайдың астанасы Шаңан қаласында білім алып б.з.б 53 жылы алтыншы күнму болып ресми билікке келді. Бастапқыдағы құдалық енді, міне, аңқау елді әкімшілік жақтан билеп кетті. Үйсін елімен бірлесе отырып ғұндардың тоз-тозын шығарды. 1200 жылдық тарихы бар Үйсін елі он күнмулықпен тарихтан өшті.
Қытайдың бойында кереметтей төрт қасиет бар. Ол тірлігінде ішпей-жемей ақша жинап, өзін жерлейтін сандық жасату, ақшасы жетсе, алтыннан жасату, артық ақшасын қосып көму. Екінші — жерлестік байланыс қатты дамыған сол байланыспен бірін — бірі тартып қоғамды дамытып келеді. Үшінші — еңбектен қайтпайтын ерінбес жандар. Төртінші — көп нәрсеге жанын жасытпай тісін көрсете күлетін, өзі кемеліне келмей, ешкімге кек қайтармайтын, ежелден жымсыма майда қулыққа жетілген, ұзақты ойлайтын, асықпай арбамен қоян алатын мықтылар.
Басқалар не үшін ғұмыр сүріп жүр, өзіміз ше?
ҮШІНШІ БӨЛІМ. ТАҒДЫР
Жегідей жеген ой Құзырға ұйқысыздық ауруын сыйлады. Баяғы бабаларымыз көшінің бізге берген салқыны әлі басылған жоқ. Қанша дегенмен жаңа жұртқа сіңудің өзі бір әңгіме. Ол мазасыз ойлардың жетегінде аудан қала шығына жол тартты. Балалық бал дәурені өткен бұл өңірді тастап басқа жаққа қоныс аударғанда ол жердің тоңын жібітіп, кім білсін, тәтті күндер кешерін, десе тағы да бір батыл да басалқы ой «балаң ертең кім болады, басыңа құран оқыр ма? Ал өзіңнің сүйегің қайда қалады?» дейді. Есік қағысына «кіріңіз» деген жуан үңгүр етті. Бұрынғыдай емес, Құзырдың өн-бойына бір үлкен арқа сүйер күш пайда болған, ол рухани күш, әрине, қазақ елі. Есік ашылысына екі иығына екі кісі мінгендей алып денелі алпамса азамат жөн-сұрап амандасты. Қарсы жақтың келесі қимылын баққан ол «отырыңыз» деген ишараттан соң ғана құйрық басты. Шет елге қалай шығудың жай-жапсарын суыртпақтап сұрай бас тады. Көп сөйлеп, көп нәрсені түсіндіргенсіген бұл жігіт ұр да жық алкеуде мінез байқатты. Бозаң дала, бозамық шақ, боз бас таулар Құрекеңнің басына да боз қырау шалдырып, биыл елудің бесеуіне келді. Сейсенбек есімді сергелдеңге түскен жалғыз бас жігітті қолына қойшылыққа алып, арқасынан жүк түсті. Құзыр қара нардай қайысқан белін жазып, әйелі Бақыткүлдің бағына қайта түледі. Енді, міне, түлегені сол ауылдағы той-томалақ, ас-назірден қалмай жүр. Тіпті көп бармайтын ауданға да жиі барғыштап жүр. Сол тойдың бірінде шалдар талқысының үстінен түсті. «Қазіргі жастар не болып барады? Ойына не келсе, соны істеп, ұят, намыс, ар-ұжданнан безді. Үлкенді сыйлау, кішіні аялау дегеннен тіпті де бейхабар», — деп ашынды төрде отырған кең маңдайлы дәу шал. Екі езуінде екі тал мұрты, үш тал шоқша сақалы бар жұқа сары шал:«Заман өзгерді, адам өзгерді, жастар бейімделгіш, амал нешік?» деп налыды. Дастарханнан бойы аз ғана асып отырған бала шал: «Әй, осы өзімізден барлығы, жөндеп тәрбие беріп, баланы иландыра алмаймыз. Біздердің алған біліміміз, шанақты ойымыз таяз, ісіміз саяз, үлгі аларлық ештеңе көрсете алмаймыз, тек жаман болады деп қорқытамыз. Не үшін жаман болатынын айта алмаймыз. Ал білсек те, айтпаймыз. Тек ақырып ұрысамыз. Бүгінгінің балалары құр бос сөзге, жаман боладыға сенбейді», — деп бір қойды. Шіңкілдеген қара шал: «Қазіргі оқу жақсы емес, біздер бесінші сыныпты тауыссақ болды, үлкен бастық, яки үздік қызметкер болушы едік, қазіргілер университет тауысса да жәй мұғалім бола алмайды», — деп мықтысына төңерегіне қарады. Сөзге араласқан Құрекең: «Бұл кінәрәттің бәріне қоғам кінәлі, — деді кесіп, — Сіздің кездегі жағдайдағыдай жұмыс жүргізуге болмайды қазір. Қызметтің талабы ауырлаған, өтірік жұмыс істеуге тіптен болмайды. Әрбір секунд-минуттық ақпарат өміріңе тікелей әсер етеді. Сіздің кездегідей бір мамандықты алған соң, өзгермей қатып, семіп қалған қағида жоқ. Қолында дипломы болғанмен жалқау жастар сауатсызға айналып жатыр, міне заман талабы. Екі күн жаңалықтан қалсаң, қоғамнан тыс қаласың қазір».
Құрекең бүгін тағы аудан орталығына тартты. Шынында кеудесін кернеген бір күш бар. Алшаңдай басып тас жолға таяды. Жекешелену басталғалы такси де мейлінше көбейген. Таңғы сағат бестен бастап, түнгі бір-екіге дейін бұндай иен далада бір тынбайтын солар. Тезден қалашыққа жеткен Құрекең қолындағы қағазды анау күнгі алкеудеге әкеліп тапсырды.
Аузын жыбырлата ішінен оқыған ол.
— «Ешқандай заңға қайшы іс-әрекетіңіз, қарыз-құрызыңыз жоқ» деп жазылыпты, қазірге сенейік, — деді.
— Қазақстанға не үшін барасыз?
— Туыстарымды іздеп барамын.
— Туыстарыңыз қай жерінде тұрады?
— Алматы облысы, Райымбек және Шонжы аудандарында.
— Қандай туысыңыз бар, олар ол жақта қашаннан тұрады?
— 1958 жылы осы жерден кеткен, немерелес бауырларым және нағашыларым.
— Шақыру қағаз алдыра аласыз ба?
— Кеткелі хабарсызбыз.
— Біз сізге шақырту алдырып береміз, сіз ақшасына келіссеңіз алдырамыз.
Қуанған Құрекең ақшасын айтпастан келісім берді.
Барлығын қалт жібермей жазып отырған хатшысы бұл жақтағы туыс-туғанымен отбасылық жағдайын қосып жазды. «Сізге беруге болады», — деп, сегіз беттік Қытайша бланкіні қолына ұстатты.
— Бәрін талаптары бойынша қара көк сиямен анық, ретті етіп толтырасыз. Әуелі келесі бөлмедегі арнаулы фотоға түсіп, мына жерге жапсырасыз. Екі кісіден соң реті келді. Неге екені белгісіз жас жігіт оған суық қарады.
— Мына киімді киіп, ана галустукті тағыңыз, — деді, — кеудеңізді көтеріп отырыңыз, былай-былай, — деп қос құлағын нысанаға алды.
Төбеде күн күліп тұрғанмен, күздің соңғы айы, жердегі суық жел кеу-кеулеп етек жеңіңе толады. Түстен кейінгі қызметке үлгеріп, ауыл орталығы Ақдалаға қайта тартты. Кешегі барған ауыл әкімшілігіне емес, бүгін ауылдық сақшы бөлімшесінің паспорт үстеліне кірді. Құрекеңнен көп нәрсені сұрап жазып алған арық қара жігіттің көп шұқшия сұрағаны бастық боп тұрғанда шарапаты тиіп жеткізген аудандық оқу-ағарту мекемесінің орынбасар бастығы Әбдірақын мен балам Алаш жайында болды. Осылай қас қарая қағазды жазып болған ол қолындағы қызыл мөрді фотодаға тарс еткізіп ұрды да, қағазды қолына ұстатты. Қымбатшы болса да, осындай кеш қалғанда алдынан шығатын, нарыққа мықтап бейімделген жас жігіттің таксиіне мініп, өз қожалығына жетті. Ертесі азанда баяғы үйреншікті құжаттарын жөндетуге тағы барды. Қазақ деп жүргені басқа бір тілде телефонда сөйлесіп отырғанда үстінен түсті. Телефонды қойған ол «біз — сібелердің келін түсіруі де сендердей әуресі көп»- деді. Қағазды аса мұқияттап көрген сібе «жақсы, енді сіз кассаға ақша төлеңіз»,- деді. Бұрынғыдай емес, жайдарылана қарады. Кеше ескерткені бойынша жетерлік ақша ала келген Құзыр іркілген жоқ. Тез оралған оған: «Қазір жыл соңы болды, шақыртуыңыз көктемде дайын болады», — деп шығарып салды.
* * *
Көктемгі қой төлдетудің қызған шағы, қой бағудың қыры мен сырына жақсы жетілген Сейсенбек бұл күнде үйде отырып, қайсы қой маңырағанын даусынан білетін шопан болды. Түн баласы ұйқысын қой қорада өткізетін ол қойдың азанғы шайдан бұрын және түскі астың алдында сонымен бірге мал қораларда, түнге қарай ел жатарда одан қала берді түн ортасында және таңғы тауық шақырғанда туатынын жақсы біледі.
Мал бағудың ең қарбалас және ауыр шағы осы кез, туылған қозыларды дер кезінде қадағалап, аузындағы шараналарын сүртіп, құлағы мен мұрнына, «ақ малым» деп үрлеу, қозысы теріс келіп, қатты қиналатын қойларға қол салып суырып алуда, ішін жарып алуда Сейсенбектің еншісінде, деседе оның бәрін бақылау Құзырдың мойнында болғандықтан, ол наурыздың жуан ортасында құжаттарына мойын бұрды. Қолы босай салысына аудан орталығына асыға жетті, шақыру қағазы келгелі бір жеті болыпты. Құзырдың Ата-жұртқа деген махаббаты үйіне қонуға байыз таптырмай, Құлжа қаласына шақыртуды алып белгіленген мекемеге апарып, нотариус арқылы құжат жасауға жолға шықты. Барып келуіне біраз ақшасы кетсе де, тезден бітіп екі күнде үйіне қайтып оралғанына қуанды. Бір күн демалып ертесі аудандық сыртқы істердегі сібесіне тағы келді. Бұл жолы ол қабағын түксите қарсы алды. Ол хатшысын да кіргізбей оңаша әңгімелесті, онда, шетелде жүргенде еліміздің абыройына кір келтірмеуге, сонымен бірге, кейбір елге қатысты мәселелер жөнінде ауыз ашпай барып қайтуды қатаң ескерте отырып, уәде алды. Қолына алдыңғы жолы толтырғанына ұқсамайтын бес бет бланкіні беріп, ауылыңдағы алдыңғы жолғы толтыртқан жігітке толтыртып кел, — деп бұйырды. Ертесі ауылдағы әлгі жігітке азанымен барды. Бір жақсы жері жұмыс уағында қай кезде барсаң да, бәрі орнынан табылады. Баяғы таныс есікті тықылдатқан Құзырға «кір» деп дауыстады. Өткендегі мыжыма арық жігіттің орнына үрлеген торсықтай қара пайда болыпты. Құжаттарды сыздана көрген ол.
— Ауылдық әкімшілік пен банктен «қарызы жоқ, заңға қарсы әрекеті жоқ», деген анықтама алып келіңіз, — деді. Бұл аулада ауыл әкімшілігі, қазына бөлімшесі, су істері, орман ісі, білім істері бір жерде. Жұқа шілпиген сары ауыл хатшысы өз бөлмесінде екен. Алдыңғы жолы келгені есінде сияқты. Ол ләм-мим деместен анықтама жазып, қолына беріп жатып: «Жолыңыз болсын, аға», — деп еді, іші жылып тысқа шықты. Ендігі бағыты банкке бару. Бір тәуірі кішкентай ауылда мекемелердің аралығы жақын. Әкімшілік қақпасынан шығып, ауылдың ең басты төрт көшесіне таяды. Көктемнің нағыз балшық кезі, бір жылғы тіршіліктің басталған шағы. Ауыл үшін осы кез бір жылғы нанын жерге көміп, қалған уақытта тыныштықпен еккен егінінің бітік шығуын тілеу әдеттке айналған.
Құлаққа түрпідей тиетін даусымен бір, шашатын балшығымен екі мезі қылатын мотоциклдер жан ұшыра құйғытады. Алақандай ауылдың барлық тұрғындары жиналған, ығы-жығы ел. Бірен-саран танауы желбірегендер болмаса, көбісінің ұнжырғасы түсіңкі. Жетіден сегізден топтасып, ауылға сырттан келгендерді әңгіме өзегі етумен кешегі ішкен арағын, артының ат шабыс болып қалай үйге барғандарын айтысып ду күле бас көтереді, болмаса бейне бір боқ иіскеген айғырдай төмен қарайды.
«Зиялы жастар дүкені» деген доғалана салынған үлкен құрылыстың онсыз да есігі тыншымаушы еді, бүгін тіптен тыным жоқ. Бебеулеген көліктер барар жеріңді есіңе салып, арлы-берлі ойқастайды. Төрт көшеден өткені сол банктің алды қара нөпір адам. Әкәу, бүгін мына жұртқа не болған? деген таңданыспен сол араға барды. Ауыл орталығына қарайтын бес елді мекенге көктемгі егістікке несие тарату басталыпты. Өз жұмысының бұларға ұқсамайтынын айтып есікке жақындады. Қабағы түксиген қара жігіт келісім бергендей ишарат танытты. Аз кем уақыттан соң, «Сіз кіріңіз», — деді әлгі жігіт. Банктің әкімшілік бөліміне тура тартты. Толық келген сары жігіт есігін ашып қойып креслода шалқалай отыр. Құзыр да тоқталмастан келген жайын айтты. Ол толық аты-жөнін компьютерге енгізіп, тексеріп көрді де, анықтама жазып берді. Бөшке жігіт оны күтіп, түскі асқа бармай отыр екен. Рахметін айта тысқа шықты. Қожалығына тартты, күн маужырап жылы самал беттен өбеді. Үй артындағы қыратта Бақытгүл қозылы қой қайырып жүр.
«Біз осы өстіп жүріп өлерміз, кім үшін осылай жанталаса тірлік кешеміз? Не үшін, неге, қайда асығамыз? Сондағымыз екі тесік қажеті ме? — деген тынымсыз ойдың жетегінде үйге кірді, — Атамекенге жетіп, осы тірліктің рахатын көретін шығармын, — деп сұрағына жауап тауып жаны тыншыды».
Ертесіне азанымен аудан орталығындағы өзіне таныс қоңыр есікке келді. Сібесі бәріне қадала қарап шығып, біз бұны аймақтық сыртқы істер министрлігіне жолдаймыз, олар тексеріп мөрін басып облысқа жібереді. Ал олар өлкелік сақшы басқармасына жібереді, бәрі дұрыс болса, шетелге шығу паспортыңыз сол жерден бізге келеді. Енді сіз алты айдан соң хабарласыңыз деді. Құжат жасатудан жаны тыншығанына қуанса да, ата-жұртқа деген сағыныш мазасын ала берді. Ұйқысыздық дертіне сағына сарғаю қосылып, «Қазақстан!» деп жарым түнде орнынан тұрып, шылым шегетінді шығарды. Дегенмен тірлік алдайды, күніге қозы бағып уақыт оздырады. Жар басындағы қозылардың ойнақ салғанына қарап, балалығын еске түсіріп, бір мезгіл қуанатында болды. Ұйқысы да қайта оралды. Жайлау қызығы бітіп, төл алудан кейінгі қарбалас мезгіл келді.
Ауылға барып, шөп шабу машинасы мен тырмаларын қыстауға алып келді, міне, содан бір айға созылған шөп шабу науқаны басталды. Көмектесіп шөп алатын туыстарынан тыс сатып алатын ауылдастары, тең ортаққа шабатын таныстары және былай сұрап шабатын дос-жарлары — барлығы осы мезгілде тау басына жиналады. Күн ашық күндері еңбектері мандып қалады, күндізді қойып, тамыздың ортасындағы ай жарығында әйелдеріне дейін шөмеле жинайды. Шабысты таптап кеткен бөтен аттарды күндіз қораға қамап қойып, түнге қарай бала-шағаға дейін атқа мініп, жиылған шөмелелерді ат артына салып жинайтын жерге қарай тұра шауып жарысатын мықты жігіттердің атқа салған шөбі түсе де қоймайтын. Тірлікті осылай қыздырған, олардың бір парасы азанмен қорық толған шөмелені үймекке салып, бір бөлегі таңғы салқынмен трәктір жүре алмайтын қия беткейлерді қол шалғы мен жарыса шабады. Ұйымдастыру қабілеті өте шебер Құзыр жаңбырлы күндері азық-түлікке ауылға жібіретін жігіттерден басқасын, қарта ойындары мен басқа да қызықты ойындарға ұйыстыратын, бір аптаға созылатын бұл өңірдің жаңбыры шынында жігітерді мықтап тынықтыратын. Жаңбырдан кейінгі күндердің бірінде ауылдағы бос жігіттерді шақырып асарлатып та алатын. Шапқан шөптерін ертесіне көріп, шынымен бір күнде сонша мол шөп шапқандарына өздері де сенбестей болып, жаңбырлы күні кеткен есесін алушы еді. Міне, кеше ғана шөп жиып бітіп, жаздық демалыстағы ұлын оқуына шығарып салды. Бүгін «уһ!» деп тыншып жатқаны сол. Түс ауа үйіне төрт сақшы сау етіп кіріп келді. Жүрегі тас төбесіне шыққан Құзыр сілейіп қатып қалды, баяғыда бастық болып тұрғандағы былықтары есіне түсті, тіпті ақ келіншектің өліп қалған әкесіне алып берген зейнет ақысынан бәле шықты ма деп суқаны ұшты. Олар: «Біз көршілеріңіздің бірінің ұрлық ісіне байланысты келгенбіз, сізге сібенің тапсырмасы бойынша соғып едік, сізді келіп кетсе деді», — дегенде барып көңілі орнына түскен ол қонақтарын ішке кіргізуге құлық танытпады, қорқытып алғандарын сезген оларда ыңғайсызданып тайып тұрды.
Ертесі сібесіне жетті. «Паспортыңыз келді, — дегенде қуанғанынан не дерін білмей бас изей берді, — енді сіз құжаттарыңызды консулға барып шетелге шығуға виза аштыртасыз» — деді сібесі бірдеңе дәметкендей. «Шетел емес өз елім» деуге сәл қалып, бөгде жұртта тұрғаны есіне түсіп, тілін тістеді. Байыз таппаған ол Бейжің қаласындағы консулға сапар шекті. Қазақстан елшілігі ғимаратының алды. Ашық аспан. Төбеде шөкімдей бұлт жоқ, жерде үп еткен жел де жоқ, аяқ астынан самал тұрып көк туды желбіретті. Тудағы күнді арқалап көкке самғаған қыранды көріп елінің болашағына сенді. Қызыл тудың ішінде ержеткен оған, көк ту ұран салып елге орал деп шақырып тұрған бабасының рухындай елестеді. Жиырма бес күнде виза аштырып зорға жетті ауылға. Қуанышы мен қайғысын бөлісер ең жақын туыстары Әбдірақпан, Әбдірәлі, Әбдірақын және Әбдікерім ақсақалды шақырып, кіндік қаны тамған жерге жолы түсіп тұрғанын айтты.
— Менің екі туып бір қалған деген ең жақын туыстарым — сіздер. Міне — паспортым, бабалардың басы жатқан ата-жұртқа барамын деп қәрекет жасағам, арманым орындалды, барудың сәті түсті, — деді Құзыр туыстарына ағына жарылып.
— Қашан жолға шығасың? — деді Әбдікерім ақсақал.
— Құдай қаласа, бір жетіден соң жолға шығам, жолдан балама да соғып бар жайды айтып, көңілін орнықтырып келдім деді Құзыр.
— Отыз жылдан бері ат ізін салмай, жамандап келгені Ресей емес пе? — деді. Әбдікерім шал.
— Ата, қазір Қазақстан егемендік алды, ол Ресей емес, төңірегіндегі елдермен қалай байланыс жасаса да, өз еркінде, — деп түсіндірді отырғандар.
— Керемет даналық жасапсыз, бабалар мекенін іздеп бару дегеніңіз асқан ерлік, бізге де жол таба келіңіз, ес барда ел табудан жақсы іс жоқ. Қазір бұндағы жағдай жақсы болғанымен ертеңгі ұрпақ басқа жұрттың қарасын толықтырар деп, — көзі ашық, көкірегі ояу лығын танытты Әбдірақын.
Кішкентайынан зерек бұл жігіт озат оқушы болып, өлке орталығына барып, марапатталып, қалың жұрттың алдында 10 жасында сөз сөйлегені есінде, өзі бастық болып тұрғанда жебеген жігіт те осы. Қазір аудандық оқу-ағарту мекемесі бастығының орынбасары.
— Деседе біз ол жақтан қашып келгенбіз, ол жақтың суы теріс ағады, денесіне жабыстырып тар киім киеді, адамдары мейірімсіз, қатқыл мінезді болады, өзіңе мықты бол, тек өзіңе ғана сен, — деп ескертті ақсақал.
— Жортқанда жолың болып, Алла өзі сақтасын, аман барып, аман кел, әумин! — деп бет сипады Әбдікерім ақсақал.
Сәрсенбінің сәтінде туыстары ақ жол тілеп жолға шығарып салды. Құлжа қаласына түс ауа жетіп, арнаулы тексерілетін емханаға барды. Есіктен кіре, паспортын көрген бойжеткен ақша төлеп №1 бөлмеден бастап тексерілуді ескертті. Бұлжытпай орындаған ол, өкпе, бауыр, бүйректерін тексертіп, енді, міне қан тексеретін соңғы бөлмеге барғанда қабырғадағы спидтің қалай жұғатыны жөніндегі түсіндірмені көріп өне бойын суық тер басты. Баяғы саунада жасаған және ақ келіншекпен зиналары есіне түсті. Жұқпалы ауру адамның бойында он бес жыл бойы сақталады дегені оны тіптен шошытып жіберді. Кезегі де келіп қан тексертті, ертесіне түстен кейін сағат төртте нәтижесі шығады екен. Диагнозын білгенше шыдамы таусылды. Көрмеген туыстарына сыйлық алып жүріп, әрең дегенде бір тәулік өтті-ау, әйтеуір. Сағат төрт болысымен жан ұшыра ауруханаға жетті. Дәрігер қолына бір қызыл, екі сары куәлікті және қызыл мөр басылған бір ақ қағазды ұстата салды. «Бәрі дұрыс», — деді өз тілінде, ол қуана тысқа шықты. Қайшыласқан көлік, сапырылысқан жүргінші, қаланың у-шу тұңғыш рет құлағына әсем әуендей естілді. Ығы-жығы зәулім құрылыс көкке бой созады. Аспан көк тұман.
Тексеріліп жүріп танысқан қозы қарын сары жігіт және елуге таяған төбел таз ер адам үшеуі екі күннен бері бір жатақханада жатып, жақсы таныс болып қалған-ды.
Азанда бұлар кеденге жетті, қытай жағы адамдарды рет-ретімен өткізді. Ол: «Алла!», — деп қытай табалдырығынан шықты, ішінен не күбірлегенін өзі де білмейді, көк күмбезді мешіт тәріздес Қазақстан қақпасы мен мұндалайды. Қазақ жерінің іргесінде ата-баба әруағына жалбарынды.
Өз жолдастарынан басқа ешкімді танымайды. Алды-арты адам. «Барлығы қазаққа ұқсайтын орыстар ғой», — деп таңғала төңірегіне қараған оның өне бойын жымсыма қулық аралады. Орыстарды өздеріне ұқсатып жіберген қазақ атасына риза болды. Есік ашылысына сақадай сай, бес қаруын түгел асынған екі қазақ солдаты көрінді. Бастарында тымақ, аяғында тізеден келетін қайыс етік, қыл аяғы жоталарында су ішер ыдыстарына дейін таңулы. «Осы қазір соғысамыз ба?» — деп бұйрығыңды күткендей. Олар өзара орысша тілдесті, бұлар да орыс екен ғой, — деп ойлады. «Бәсе, қазақ болса мына ыстықта бұлай порша-порша терлемес еді-ау», — деді ішінен.
Ой сонда қазақ елінің таможниясында, қазақтар жұмыс істемегені ме? — деп таңданды. Бірден тексеріп кіргізген олар паспорттың арасын көрсетіп, «Көк қағаз», — деп қазақша сөйлеген оларды «қазақша білетін орыстар» деп қалды. Ақшаны жөнді танымайтын ол қолына ілінген ақшасын паспорт арасына салғаны сол еді, отыр, — деп зекіді солдат.
— Қазақсың ба? — деді Құзыр. Ол:
— «Қазақ болсам, не бопты?» — деп бетіне бадырая қарады.
— Мен де қазақпын ғой! — деді Құзыр.
— Қазақ болсаң қайтейін? Басымды ауыртпа!
Бағанадан бері «орыс» деп жүргені өз қазағы екенін сонда білді. «Бұл қалай болғаны, мыналардың барлығы қазақ па? Жо-жоқ олай болуы мүмкін емес, басқа елге қателесіп келген шығармын» — деп паспортындағы визаға қарады Құрекең. Орнынан атып тұрып маңдайшалықтағы жазуды оқыды. «Қазақстан», — деп жазылған, сонда да сенгісі келмеді.
Есіне баяғыда тіл үйренуге зауқы соқпай:
— Қап қытай болып тумағаным-ай! — деп өз болашағына сенбейтін оқушыларға:
— Әлемнің бірінші ұстазы кім? — деп тосын сұрақ қойушы еді, олар:
— Арстотель! — дегенде;
— Екінші ұстазы кім? — деп іле-шала сұраушы еді.
Олар:
— Әбунасыр Әл-Фараби, — дейтін. Сосын:
— Біз қай ұлтпыз? — деуші еді. Одан әры жігерлерін шыңдап:
— Әлемде ислам дінімізді кірест жорығынан сақтап қалған кім? Ол, әрине, көне Мысыр елінің сұлтаны Бейбарыс, — деп өз ұлтын сюуге үгіттеуші еді. Үлкен зал, бірнеше жерден кезекке тізілген адамдар тізбегі. Нағыз орысқа енді кезікті ол бірден денсаулық жөніндегі құжаттарды тексеріп шық ты. Кейбіреулердің құлағына сыбырлайды. Құрекеңе де кезек келді. Барлық қағазы дұрыс болса да, тесіле қарап тұрып алған оған да ақшасын беріп құтылып, әйнек есіктен ішке кірді. Әйнек қораптың ішінде отырған сап-сары орыстың ишаратымен өзіне тура қарап, қатып тұра қалды, студент кезіндегі үйренген әскери тәртібі бойынша. Қадала қараған ол паспортын әйнек қиылысынан берді, оған бір, паспортына бір қарады. Шынында шекара аттағанын, басқа елге бара жатқанын еріксіз сезінді. Алдындағы аспаппен тексеріп, төрт бұрышты жасыл мөр басып құжаттарын қолына ұстатты. Келесі әйнек есіктен: «Ішке кіріңіз!», — деген қазақ-орысы екені белгісіз сары жігіт басбармағы мен балан үйрегін бір-біріне жанып, ішке кіргізді.
Темір үстел үстінде қоңыр түсті қағаздар жатыр. Өз үйренгені бойынша оқығанымен жаза алмай қиналған ол жанында тұрған қызға жаздырды. Қыз, сөмкесінің санын, қанша ақша барына дейін сұрады. Шынын айтпай: «2000 юань, 5000 теңге бар», — деп еді: «Аға, өтірік айтсаңыз, тексерген кезде біліп қалса, қалған ақшаңызды ұрлық деп тартып алады, бұлар бірінші рет өткендерді қатты талайды», — деді. Айтылған ескертуге селт етке қалған бұның қағаздарын жанашыр хатшысы қайта жазды. Жанындағы жолдастары бір солдатқа ақшаға жаздырып тұрғанын байқады. Бұлар келесі есікке кірді. «Қолыңдағы жүгіңді аппаратқа сал!»— деді қазақы дауыс. Толықша келген бағанағылардан мүлде басқаша түсі жылы өз қазағы отыр. «Бірінші рет шекарадан өтуіңіз екен ғой! — деп заттарды тізімдеген қағазды көріп мөр басып, қолына берді де, — «Сау болыңыз, сапарыңыз сәтті болсын!», — деп жылы қабақ танытқанда барып, қазақ еліне келе жатқанын шын сезді.
Міне, кең алаңға шықты. Маңдайын жерге тигізе ата-баба рухына, қазақ жеріне тағзым етіп орнынан тұра бергені сол еді:
— Аға, қолыңдағы сағатты берші! — деп жабыса кетті бір қазақы дауыс. Жалт қарады, тепсе темір үзетін солдат, «шынымен де қиыншылығы бар шығар», — деп дереу сағатын шешіп берді оған. Ол риза көңілмен: «Рахмет аға, алдағы постыларға айтып қоям, кедергісіз өтесіз», — деді аңқылдап.
Әу бастан бірге келе жатқан екі жолдасы мен жолшыбай кездескен қыз төртеуі бір таксиге мініп постыға келді.
«Тіркеуің дұрыс емес», — деген сылтаумен жандарындағы жалғыз қызды көліктен түсірді. Қазақтың кең даласы ерке самал бетті өбеді. Бар тексерулерден құтылып, үлкен алаңқайға шықты. Төрт жолаушы асханаға кірді. Тек бір столда екі адам тамақ ішіп отыр. Құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Қытайдағы шуылға үйреніп қалған ол бәкісін жоғалтқан шалдай жан-жағына жалтақтады. Орысша сөйлеген бір бойжеткен тамақ тізімін қолына ұстатты. Ары қарап, бері қарап лағманды ғана таныды. Аз-кем уақытта нан әкелді. Сәлден соң лағмандары да келді. Лағман емес, басқа бір тамаққа тапсырыс беріп алдық па, дегенше бағанағы бойжеткен: «Бұл жақта лағман осындай болады» — деді. «О, бәлі бұл қытайда бас жазуға ішетін «сацүй көжесі» дейтін тамақ болушы еді, дәл соның өзі», — десті үшеуі. Нанның керек екенін енді білді. «Сақпы бар ма?», — деп тағы мазасын алдық әлгі бойжеткеннің. Иығын құнжың еткізген ол теріс айналды.
Машина зулап келеді, көкжиекті торлаған ақшулан бұлттар тарам-тарам, көп ойланып тазға айналған бастай аспан ортасы ашық. Зымырап, жүйткіп келеді қазақтың кең даласының апай төсінде. Бейне басқа планетада ұшып келе жатқандай күй кешті. Қазақтың даласы әсем әнге салынып, жан дүниесін тербеді. Тек көз жетпейтін дала, бұлдыраған сағым, көз ұшында мұнартқан жоталар. Бабалар кезінде ақ білекпен, ақ найзаны сілтеп жүріп, тұлпардың тұяғымен жер апшысын қуырып, қас дұшпанын қан қақсатып, жауын түре қуып, алып қалған ұлан ғайыр жеріміз. «Өз елің, өз жерің қандай тамаша», — деп обырлана ауа жұтты Құзыр. Бабалар мекенін басып жүруден артық бақыт барма-екен жер бетінде? Бұл араның басқасы түгіл түрмесін де басқаға қимайсын. Бәр-бәрі тек қана қара көз қандастарға тиеселі. Тосыннан келген ойынан өзі селкетіп, ішінен Жаратушысына жалынды. Жол жағалауындағы орман сыңси өлеңдетіп тұрғандай. Қоңыр күз. Сары ала жапырақтар қалықтап жерге емес басқа бір әлемге ұшып бара жатқандай, Құзырды қиялына жалғасты...
Қыстың қытымыр аязында, жан досы Мұраттың шашбауын көтеріп, оның ғашығы Алтынайды іздеп түн жастанып, келесі ауылға барған кезі есіне түсті. Ауылдың итін шулатып, жұрт ұйқысын бұза жеткен екі жігіт қыздың келісімі бойынша алып қашуға сайланып келді. Өкінішке қарай: «Солдат ағасы демалысқа үйіне келді, шығуға қыздың батылы жетпей отыр»,— деді Жамила есімді құрбысы. Басқа амал қалмаған бұлар ауылдағы жалғыз би залына барып, бой жылытып шықпақшы болды. Биге шақырған қытай жігітіне би білмейтінін айтқан қаракөз бойжеткенді «О, мал қазақ» деп шапалақпен осып жібергені сол, Мұрат екеуі бірдей атылды ол мықтыға. Қырық пышақ қанды қырғын дегенің осы дерсің. Дабырлаған үндермен қаптаған қытайлар көптігін көрсетті. Ол аз болғандай милиция шақыртып, бұларға оңдырмай, штраф салды. «Сұрайтын нәрсе бар сендерден», — деп қыздарды алып қалды. Іштен тынған екеуі өксіп тұрып, өз елінің болуын шындап тіледі, қытайлар өз елінде ерлігін бұларға осылай көрсетіп еді. Сол ашумен қыз тұрмақ сымпылбайдың сирағы бұйырмаған қос жігіт өз ауылына тура тарты. Іштегі шерді тарату үшін тың игеруге жаңа келіп қоныстанған қытайлардың ауылына әдейі келді. Олардың тумысынан түн ішінде далаға шықпайтынын білетін бұлар еш қаймықпастан көшедегі көп тасты терезеден аяусыз атып, дарбазасын атқа сүйретіп«таз ашуын тырнадан алғандай» іс істеді.
Сондағы тілеуі орындалып, енді, міне, егемен елдің төсінде өр қиялмен келеді. Көліктер легі барған сайын көбейіп, ығы-жығы тірліктің тынысы байқалды. «Алматы қаласына таяп қалдық», — деді шофер. Қас қарая қала шырағын жақтырып, түнгі көрінісіне куә боп, арман қала — Алматыға көзайым болды, күндізгідей жап-жарық, қала орманмен көмкерілгендей, үнсіз тыныштыққа мүлгіген үйеңкі ағаштары мен кербез пәк сұлу ақ теректер көшеге сән береді. Қолыңа қаламсап ұстатып, өлең шығарардай шабытыңды шақырады. Шашы сары, көзі көк, бойжеткендер мен сүліктей сұлу ақ тамақ қазақ арулары көз сүздіріп, қала көркін одан сайын асырып тұр. Күшті көлік мінген адамға ұрлана қарасаң, шалқалап отырған өз қазағың, ертегідей күй кешіп автовокзалға келіп тоқтады. Ертесіне азаны мен туыстарын іздеудің қамына кірісті. Райымбек ауданын сұрастырды Құрекең, ал жанындағы үш жолдасы түнде-ақ қош айтып, Алматыға сүңгіген. Түсі жылы бір жігіттің жол көрсетуімен саяхат бекетіне келіп, автобусқа мініп, туыс іздеп, жолға шықты. Тағы да сол кең дала, бұлдыраған сағым дүние, жанында отырған ақсақал Райымбек бабамыз жоңғарларды түре қуып, осы жерде ойсыратып жеңген, бұл сол Ойрантөбе деп таныстырды бір төмпешікті. Түстен кейінгі сағат бесте көлік тоқтады, кеден бекетінде алғаш көрген солдатқа ұқсайтын сақадай сайланып, бес қаруын асынған сары жігіт құжат тексеріп, біраз жолау шыны сыртқа шығарды.Сөйттіде «Сізге өтуге болмайды», — деп бір апаны зар қақсатты. «Өмір бойы Сарыбастауда өскенмін, қарағым», — деп кейуана қанша жалынса да, тас мүсінге айналған жігіт: «Жоқ сіздің тіркеу уақытыңыз өтіп кеткен, Кегенге кері қайтып тіркетіңіз», — деп бір-ақ ауыз сөз айтады.
— Тойға кетіп барамыз, міне шақыру билеті, Алматыда тұрамыз дегеніне қарамастан орта жастағы ерлі-зайыптыларды да өтізбеді. Бәрінінің құжаттарын алып, «Бастықа бар», — деп қуықтай қуыршақ үйге жіберіп жатыр. Құрекеңеде: «Кері қайтыңыз, шақырған орын бойынша тіркеліңіз», — деді. Ол не де болса бастығына кіріп көрейін деп, қуыршақ үйге кіруге кезекке тізілді. Есік қаға кірді. Күржиген метіс бұқадай қара дәу паспортын көріп, екі сөзге келмей телефон құлағын бұрады, бейне трактор оталдырғандай тыным таппай айналдырады трупканы. Алло-лаған ол түсініксіз тілде айқайлап жатып үні өшті. Бастығы: «Сіз шекара бұзушысыз, қазір Шонжы түрмесіне апарыласыз», — дегені төбеден жай түскендей болды. «Мүйіз сұраймын деп құлақтан айырылған» бейбақ: «Қайдағы шекара бұзған? Кеденнен кірдім ғой!», — деп безек қақты. Ел алдында басын ию табиғатында жоқ ол одан ары жалбарынуға ары бармады. Бір жағы өз еліне деген еркелігі ме? Сазарып отыра берді. Сәлден соң бір қара сұр төрт бұрышты күймелі машина келді. Сарала киім киген екі жігіт түсті де, орыс тілінде сөйлесті де оны машиналарына мінгізіп ала жөнелді. Біреуі мойнын бұра: «(Әка, нәді маңдыңыз?) Аға, қайда барайын деп едіңіз», — деп ұйғыр тілінде сұрақ қойды.
— Бұл жерден тек тіркеуі бар осында тұратын адамдар ғана өте алады, басқа ешқандай адамдардың өтуіне жол жоқ, шекара өңір, — деп түсіндірді ұйғыр жігіті.
Жанындағы қазақ жігіт тіл қатқан жоқ. Тек өздері орысша сөйлеседі. Құрекең енді абыржып қалды, өткенде Қытайда паспортқа виза аштырғалы Бейжіңге барып, консул алдына екі күн түнеп, әрең кезек күтіп, енді кірудің кезегі келгенде, бір қара мұртты ұйғыр жігіт көктен түскендей сап етіп пайда болып, есік бағатын қытайды қол телефонда біреумен сөйлестіріп, үнсіз қалдырды да, өз үйіне кіргендей емін-еркін кіріп бара жатып, «қазағыңның алдындағы сиқың мынау», дегендей, мысқылдай қарағаны есіне түсті. Құрекең ішке кіргенінде, қара сөмкеден бір бунақ паспортты алып шығып, виза аштырып жатты, таможнядан өткелі келгенінде және сол мұртты бәле бір кеден қызметкерін сыртқа сүйрелеп, құлағына сыбырлап жүргенін көрген еді. Қараңғылатып бір елді-мекенге келіп үлкен құрылыстың алдына тоқтай қалды. «Бүгін осында болып, ертең Шонжыға барасыз», — деді, ал Құрекеңнің жаны жаңағыдай емес жүрегі бір жылылықты сезгендей бейғамдыққа көшті.
Былтыр осында қытайдан қашқан бір қазақ шал ұсталып, ақыры қытайға қайтарып бердік, — деді құжат толтырып отырған жігіт. «Елім, жерім, қазағым, деп келгенде, істегендері осы болғаны ма», — деп қорқайын деді бұлардан ол. Ал сонау қиын жылдарда Қытайға бас сауғалап барған қазақтарды қытайлықтар орыс отаршылдарына қайтарып беріп пе?, — еді дейді ішінен.
Ертесіне түске жақын жолға шықты, кеш бата бір үйдің алдына түсірді. «Қытайда жатпаған түрмеге енді жаттым-ау», — деп қамықты. Үш күн алдын «Қазағымның түрмесін де басқаларға қимаймын, — деп едім, — ой тауба!», — деді өзіне-өзі Құрекең. Түрмеде тілі де, ділі де басқа сары жігітпен бірге екі күн жатты.
Кілтші жігіт:«Сіз қазақтың қайсысыз?», — дегені үшінші күн. Ол Албан, Жарты екенін айтты, қайта айналып келген ол Құрекеңді ертіп, бөлмесіне апарып:«Біздің бастық Жарты, бұл арада туыстарың көп», — деді. «Бастығымның» өзі де туыс боп шықты. Бостандыққа шыққан Құрекең енді Райымбек ауданына бармай-ақ, осы арадан шөберелес туыстарын тапты, көбінің тіршілігі нан жерлік қана. Олар оған көмек бермек тұрмақ, қалт-құлт әрең жан бағуда. Паспорт тіркету үшін Алматыға жолға шықты. Ығы-жығы көлік, шулаған жұрт. Тәксиге айтқанын беріп, облыстық ішкі істер басқармасына жетті. Екі беті үрлеген шардай топ-томпақ, толық қара жігіт белгісіз түс таныстықпен қарсы алды. «Өр елінен келген өр қазақтар бірін-бірі моншада таниды» дегендей, белгісіз жақындық оларды әңгіменің иіріміне тарта берді.
— Қайдан келдіңіз, — деді әлгі жігіт.
— Құлжадан, — деді төтесінен.
— Қалай көшіп келсем болады? — деді әлгіге.
Құдды жер бетіндегі 6 миллиард адам осында кезекте тұрғандай, әр есіктің тұсында пойыз рельсіндей қатар-қатар тізілген адам. 18-ге бір ширек қалғанда кезек келді-ау, әйтеуір. Құлағында телефон бар кебежедей сары келіншек күбідей болып отыр. Есікте состиып тұрған күйі телефонның бітуін күтті Құрекең. Бір телефонды күткені аздай ұялы телефоны зарлап қоя берді. Бос тұрған құлағына оны да жапсырды. Состиып Құрекең әлі тұр. Дәл он сегіз нөл-нөлде есікті жапты да тайып тұрды. Бір құлағы әлі де телефоннан босар емес. Есік сыртында белгісіз бір нәрсеге үміт артқан жұрт тарқар емес. Сүмірейген Құрекең енді қонатын жер іздеді. Қоңыр есікті қимай шыққан бейшара жұрт арты на жалтақтай тарасты. Ертең, бүрсігүні қызмет күні емес екен. Не сенбі, жексенбі де емес, демалысты жаңқалтасынан шығарған бұларға таңғалмасқа шараң жоқ. Көлденең жатқан Қабанбай даңғылымен батысқа қарай бағыт түзеді Құрекең, Алматыны білетін адамдай. Жол шетіндегі теректер жансыз мүлгиді, ары-бері өткен жүргіншіге қарап, қазақ кездесер деген үмітпен жәутеңдеп келеді. Міне алдынан қыпша белді, сырық бойлы, толқын қара шашты, аққұба ару жол бойындағы бір дүкеннен шыға келді. «Қызым-ау, бұл арада қонатын жай бар ма?», — деп бәсең үнмен жігіт кезі есіне түсіп сызыла сұрады. Екі иығын кезек-кезек қозғап, желкесін қаққан қыз құдды мақау адамдай кете барды. Артынан бұрыла қараған Құзыр әлгі қызды ұзын мойын тырнаға ұқсатты. Ұнжырғасы түсіп, батысқа қарай көшені бойлап келеді. Жан-жағына ұрлана қарайды. Бәрі де өзіне бейтаныс ирек-ирек сызық жазумен шимайланған. Қалың қабақты суық жүзді жүргінші. Енді міне іздегені табылып, алдынан кәдімгі ауылдан көріп жүрген өзінің Жақашбайының баласына ұқсайтын талпақ танау қара жігіт көзіне оттай басылды. «Шырағым-ау, бұл арада қонақ-жай бар ма екен?», — деп үйреншікті сөзін қайталады. Ол да екі иығын қозғап, алақанын жайып, белгісіз тілде бірдеңе деп, тыжырына өте шықты. Бұл қаладағы қазақтардың тек түрі ғана қалғанын сонда сезді. Қас қарайып келеді. Көліктер ағыны толастар емес. Иығында сөмкесі бар, желкілдеген желемік шашты жігіт артынан келіп жанына өте бергенде:
— Қарғам-ау, жақын маңда қонақ-жай бар ма? — деп жігітке тіл қатты.
— Аға, қай жерден келдіңіз, — деп аузын иығына таман апарып, бәсең үн қатты әлгі жігітке.
— Қытайдың Мұңғыл күресінен келдім.
— Аға-ау, сонда Қытай ма әлде Монғолия ма? — деп суыртпақтады жігіт.
— Өй, мынау Қалжаттың аржағында тұрған Өр текес ше! — деді Құрекең өр мінез байқатып.
— Жақсы аға, мен де Қытайдың Алтайынан келгем.
Жанына серік табылып үйіне келгендей, көңілі жай тапты Құзырдың. Екі бейбақ ата-жұртында қонар жер таппай, безек қағып, талай көшені шарлады. Көздері бірден жол бойындағы кілттің суретіне түсті. Қонақжай деп жақындай бергенде жанындағы жігіті:
«Аға, бұл қымбат менің ақшам жетпейді. Тал-теректің түбіне-ақ түнеп, жазды өткізіп келемін, сонда барам», — деді. Шошыған Құрекең: «Ақшасын мен төлеймін, қазір күн суық», — деп екеуі бір пәтер алды. Үлкен ғимарат бос қаңырап тұр. Қаланың қақ ортасы Абай даңғылы қазақтар үшін арман, өз қаласында алақандай жерге қол жеткізе алмай, далаға түнеп жүр. Ал орыстар көп бөлмелі үйді күніне қаңғыған Қазақтарға жалға беріп, қыруар ақша жасап отыр. Құрекең көп оймен дөңбекшіді. Студент шағы, көршілес Үрімжі қаласынан Серік пен Мамай «Тана жеңгейдің келіндері», «Қыз Жібек» кинофильмін алып бұларға келді. Өлген бабалары тіріліп келгендей, Күйтің қаласындағы біткен жоғары оқу орындарымен қазақтар тұратын өңірге жар сала хабар таратып қойылымды тамашалауға шақырды. Бұндағы қазақтарды елге деген сағыныш сенбінің кешінде сеңдей ағылтты, қара нөпір ел есіктен кіргізуді ғана күтіп тұр. Ең шешуші кез келгенде тілін тістеп тұрып қалды бұлар, жұртқа аға халықтың қойдырмай жатқанын айтты. Бір апта алдын келісіп, үш күн алдын ақшамызды беріп едік, дәл қазір қойылым болатын шақта бөгде елдің идеологиясын кіргізбейміз, қоюларыңа мүлде жол жоқ, — деп түсіндіре жұрттан кешірім сұрады Серік, дүркіреген жұрт «Шамаларың келмесе, жұртты неге мазалайсыңдар!», — деп тарап жатса, енді біреулер үнсіз.
— Амал нешік жігіттер, өзге елде өгейдің күнін кеш жүрген жоқпыз ба? — деп ақырын сыбырлаған, қара мұртты жуан жігіт: «Мен сөйлесіп көрейін», —деп ішке енді. Қушық бет, жырттық көзді, үрпек бас меңгерушісі: «Ендігәрі тағы мазаласаңдар, полицияға хабарлайым», — деп шегелеп айтты. Бәріміз үнсіз есікке беттедік. Көктемнің күмілжіген шағы. Аспан әлемін қою қараңғылық тұмшалаған, тек шығыстан жарты кештене ай құлақтанады. Төбеде жұлдыздар да жоқ. Кино қойғыш жігіттер Момыгүлдің асханасына тарты. Бойы мыртық болса да, ойы ширақ Серік шынымен де ширығып алған.
— Жігіттер, бүгін іштегі шерді шығару үшін тек ақ арақ қана ішеміз, — деп қос бөтелкені үстелге нығарлай қойды. Барлығының стақанына шетінен айландыра құя бастады. Ішінен қылпылдап, шыдамай барады Құрекең. Дәл осы уақытқа дейін бөтелкеден су ішіп көрмеген жан еді. Стаканын көтере сөйлеген Серік:
— Біздің де өз еліміз болғанда ғой, мұншалықты қорланбас едік. Орыстардың отарында отырған еліміз егемендік алып, барлығымыз сонда барып, еңбек етуге жазсын, — деп қалың қабағын түксите тост көтерді. Шегінуге жол қалмаған Құрекең, елімнің ертеңі үшін деп арақтың дәмін алғаш рет сонда татты.
«Е, сол аңсаған қазағымның төрінде орыстың пәтерінде жатырмын ғой, міне», — деп дөңбекшіп, әрең көз ілді. Шым-шытырық түс көрді. Тағы таң сәріден облыстық ішкі істер басқармасына тағы барып, кезекке тұрды. Бітпес те таусылмас кезек, қайда барсаң қатар-қатар адамдар легі, 15 миллион халық бар дегенге мүлде сенгің келмейді. Әйтеуір кезегі түс ауа жетіп, бар жағдайды айта бастағаны сол, аға келесі кәбинетке бар деп шығарып салды. Қағаздан көзі сығырайып отырған аққұба қыз тыжырына қарап, сәл тыңдап, ауылдан бастап қағаз жиып, құжат дайындайсыз деп шығарып салды. Салыны суға кеткен ол енді ауылға сандалды.
Өз отбасына шеше тауып, ауыл әкімінің соңында үш күн жүріп, екі бөтелка арақ құйып, тиын-тебенін беріп мөр бастырды. Енді міне ауылдан жетпіс шақырым Шонжыға күнде сабылумен шаршады. Бір апта дегенде аудандық көші-қон басқармасы мен аудан әкімінің алдындағы парызын өтеп, мөрін қойғызды. Енді міне, бар қағазын көтеріп, Алматы қаласына жол тартты. Жалғыз сопиып, Алматыдағы облыстық көші-қон басқармасын іздеп барды. Қақпа сыртындағы жазудан кешегі күні Талдықорған қаласына көшкенін оқыды. Ертесі Талдықорғанға жолға шығып, түс ауа жетті. Бағына қарай барған адамдары тезден табылып, жұмысы өз қисынына келе берді. Енді міне, қырсыққанда «апаны шақыр, қол қойсын», — дегені. Апасы сыртта отырғандай-ақ тысқа атып шықты.
Алматыға кері қайтты. Түннің бір уағында жеткен ол өткендегі Алтайлық жігітше топ терек түбінде таң аттырды. Азанымен ауылға байланыс желісі дұрысталған кезде телефон жалғап, ападан сенім хат алуды айтты туысына. Ауылға күнде телефон шалумен жиырма күнді өткізіп, болмаған соң, ауылға барып, кемпірге силығын жасап зорға сенім хат алды. Талдықорғанға қайта келді. Барған бастығы Астанаға жиналысқа кетіп үш күн тосып, мөр бастырды. Алматыға жарым түнде жетіп, үйренген терегінің түбіне тағы түнеді. Тұнжырап ай аспанда мұнар сәуле шашады, көп жұлдыз өлеусірей жылтылдайды, төбеде түйдектелген қара бұлт баяу жылжиды. Ол сан ойдың жетегінде, жамбасына сарықағаз төсеп, ата-жұрттың төрінде жатыр, түн қараңғылығымен үнсіз сырласқан топ теректер бір-біріне баяу сыбдыр қағады. «Бұл жүрісім не? Іздеп келген туыстың сиқы анау, аңсаған елдің түрі мынау, не қайыр, не үміт?», — деп бәрінен баз көшіп, Қытайға қайтып кетуге бекінді. Лезде бір үміт, ақ тамақ арудай тоқ бөксесін аш белін бұраңдатып қызықтырды. Жо-жоқ кетпеу керек, онда өркениетің адасып, рухың тоналып, балаң басқа болып, сүйегің суға ағып кетеді, ал бұнда «балаңды президент болады», — деп үлкен үмітпен тәрбиелеуге болады дейді. Терек түбінде жатып та түс көрді. Түсінде бабалары баяғыда қалдырып кеткен жерге ие бол деп ескерткендей нышан берді. Азанымен аштықтан бұрала сыртқы істер министрлігіне барды. Аптасына 12 сағат жұмыс істейтін олардың соңғы бір сағатында үлкендігін пайдаланып, зорға үлгіріп ішке кірді. Кілең орыс, түк түсінісе алмай, есік баққыш қазақты шақырып кезекке бір апта тұрғандағы жауабын алды. «Қытайға барып, нотариус жасатып кел құжаттарды», — деді. Бір ауыз құр сөз үшін бір апта тұрғанына іші удай ашыды.
Кешкі автобуспен апыл-ғұпыл жолға шықты. Екінші дүние жүзілік соғыстан қалған бұл ескі көлік, мұрты едірейген, қызыл тұмсық шопыр, еңкіштене отырып кәрі көлікті тықсырып келеді. Астынан топырақ ұшырса, ішінен түтінін бықсытып тұншықтырды, тізең әрең сиятын тар орындықтары ұзақ жолда толғағыңды жиілетеді. Айнала қою қараңғы ештеңе білінбейді. Түнделетіп өңкілдеп келе жатқан көлікті, екі солдат кілт тоқтатып, бір-бірден елдерді түсіріп құжат тексерді, бірнеше қыз-келіншектерді шыңғыртып алып қалып жатты.
«Уһ!» деп одан өткен бұлар Сары тоғайдағы сақылдаған сақшының алдына түнгі сағат үште келіп тоқтады. Алдыңғыларша тексерген олар бұларды қарсыда тұрған дүңгіршектің терезесінде тіркеді. Тіркеп жатып түк таппаған олар, ақша бермейсіңдер ме деп қозыға қараған қасқырдай ақиланып қояды. Иықтарын қонжыңдатып алақан жайып ақшаның жоқ екенін білдірді. Енді міне, олардан да құтылып, үлкен елді-мекенге кіріп, автовокзалға түнгі 4-те келіп, ыңқ етіп тоқтай қалды. Таксистер қызу қарсы алып, алдымен еліңді білдірмей сұрай қойып, тіпті саған жақын туыс болып шыға келеді. Лезде Қытайға баратын жиырма шақты адамды бөліп алды да, әп-сәтте автовокзалдан тайып тұрды. Үйіне апарып, жылылап шай беріп, жұқалап жатқыза салады. Көз шырымын алар-алмастан қайта оятып, дәрет алдыртып, таңғы асты да сұйқылдатып ішкізіп, бағытты шығысқа бұрады. Кеден шынында тамтығыңды ұшыратын үлкен қамал бұлар үшін. Сол баяғы жылмақы жігіттер сусып жүр. Олардан қандай кішкене шабақ болса да құтылмасы анық. Ақшаны оңайлықпен бермеуге бекінген Құрекеңді жұрттың артында қалдырды, тіпті түскі ас тұрмақ, кешкі асқа да қалдыратын түрі бар. Долларлатып өтіп жатқан қытай мен сарттар алдын орап, өз қазағымыздың алдында жерге қаратты. Тек қазақтар қазақ шегарасында жерге қарап, кезекте тұр. Шыдамы таусылған Құрекең тұтқаны ұстай берген біреуді артына қарамастан шынтақтата қойып қалды. Құдай атқаны сол шынтақ тиген доллар иесі емес, сондағы доллар алғыш бастықтың бірі екен. Есікті ашып, ішке қарай кіргізген ол қол астындағыларға ым қағып өте шықты. Онсыз да тісі батпай тұрған олар сөмкелерді ашып тінту жүргізе бастады. Туыстары мен баласына алған үш тал тымақты, екі бөтелке арақ және бес қорап темекіні бермесіне қоймай алды. Қытай шекарасына да жетті. Қара қытайды көргенде, бауырын көргендей бас салғысы келді. Өйтетін де жөні бар, қазақ елінде жүргенде, мақаудың күйін кешті, енді, міне, қытайлармен сөйлесіп, жетісіп қалды. Қатаң тәртіпке үйренген олар тек құжаттарын тексеріп, лезде жүктерін көтерісіп, кеденнен шығарып салады.
Құрекең келді деп жиналған туыстар мен көрші-қолаң, ел-жұрт, ата-жұрттың жағдайын білгісі келіп, тұс-тұстан сұрақ жаудыртты. Мырс еткен ол: «Баспанам терек түбі, жегенім көшедегі пирәшкі», дей жаздап, жамандауға тағы аузы бармай: «Жақсы ғой, жақсы», — дегеннен басқа ештеңе айта алмады. Алматы қандай екен Алматы деп өзеуленді баласы. «Алматы деген қала нарықтық заманды басына мықтап киіп, барлығы ақша деп тойымсыз күйге жеткен, адамдық мейір дегенің жоқ, қазақтан басқа ұлт жақсы тұратын, ал қазақтар жетім бұрышта жүретін қала», — деп айтқысы келсе де, аузындағы сөзін зорға жұтты, тек айтқаны: қазақтың байлары бай да, кедейлері өте кедей екен, ал Алматы — байлардың қаласы екен», — деді баласына.
— Е, бізде де көзге көрінбейтін күрделі орта тұр ғой, — деп терең тыныстаған Құзыр, құжатты бірде ары қарай жасатқысы келсе, бірде шорт айныйды. Ит жығыс ойлардың жетегінен шыға алмай, бір апта жатып қалды. Ақыры көп ақшамен құжаттарды нотариус жасатты. Ешкімге ләм-мим деместен, Алтайға үш мәрте аштырған визасы бойынша Алматыға суыт аттанды. Суыт аттанатын да жөні бар. Берген құжатының мерзімі бір жылдық қана, бітірмесе күшін жояды. Келген бойда сыртқы істер министірлігіне кезекке тұрды, керек қағаздарын жиып тура 29 күн жүрді. Қағаздың ендігі кезегі қытай елшілігіне жетті. Олар да аптасына үш күн жұмыс істейді. Ондағы жұмысы да он күн дегенде бітті. Енді міне, құжаттың беті Астанаға қарай бұрылды. Оғанда барып, бітіріп қайтты. Қолындағы қағаздың мөрлеріне қарап көп ойға кетті. Әй, сен мөр! Қаншалаған адамның жастығын ұрладың, дарынын алдың. Әй, сен мөр! Қаншалаған бейбақтың басын жалмадың, тағдырына балта шауып, тамырын қидың. Әй, сен мөр! Қаншалаған адамды бақыттан басын айналдырып, шыбық тимес шыңқ етерге айналдырдың. Әй, сен мөр! Қаншалаған дүниенің астан-кестеңін шығардың, қаншалаған өтірікті шынға айналдардың. Әй, сен мөр! Тыныш жатқан бейбіт бізді екі елге бөліп, бізді туысымызға зарықтырып, бір-бірімізге жеткізбей алыстатың.
Бар құжаттарын көтеріп аудан орталығына жеткен Құзыр үлкен бір нық қадаммен баяғы өзіне таныс сібеге келді. Құжаттарын көрген сібе ары қарай істеудің жолдарын жазып беріп, Құзырдың мойнына үлкен жүкті арқалатты. Бұнда бір жақсысы тәртіп бар, ақша сұрамайды, қызметкерлер аптасына 40 сағатық жұмыс істейтіндіктен екі аптада бітірді. Бланкі алып дәл баяғысынша ауылдан қайта бастады. «Енді бір үш айдан кейін келіңіз», — деді сібесі. Үш ай жаны тыншығанына қуана-қуана үйіне қайтты.
Жоңғар Алатауының баурайындағы өткен күндері есінде, құм ұшырып, көз уқалатқан мәлім шаһардың боранды күні. Қолында көк пәкеті бар ол еріншектене үйден шықты. Күн сығырайып, желден көзін әрең ашып тұрғандай мұнар сәуле шашады. Көктемнің жуаны жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Тұнжыраған аспанның ештеңеге зауқы жоқ. Жер бетіндегі бар тірлік салғырт, кім ойына не келсе, соны істейді. Ол да ілби басып, «Көксарай» моншасына жақындады. Монша іші бүк, тымырсық иіс мұрныңды жарады. Тыржалаңаш адамдар, әлгі Дарвинның адам маймылдан жаралды дегенін еріксіз есіңе салады. Баласын ерткен әке анадан туғандай тыр жалаңаш, ортаншы аяғы өзінен бұрын қозғалады. Қозғалып үйреніп қалған бәле тоқтасын ба, әкесіне қарап қызықтаған бала, тайғанап жығылып бара жатып әкесінің ортаншы аяғына жармасып, құламай қалды. Баласына әкесі «не болды байқап жүрмейсің бе? — деп, — жаңа шешеңмен бірге кіргенде, осы күнде басың жарылғандай еді», — дейді реніш кейіппен. Баланың ең алғашқы табынары әкесі. Сәби ақылыңды білмейді, тек еліктейді. Енді міне, табынатын тұлғасының барын көріп, базар, сырлы әкесінің сырына қанық баласы өсе келе әкені сыйлаудан бас тартады. Баяғыда бір арыстан орманнан шығып ауыл шетіндегі есекті тұңғыш көріп ақырын тас лақтырып байқапты, есек тек қана аяғын сілкіп, құйрығын қозғап, құлағын қағып қойыпты. Тағы лақтырса, есек тағы сол қимылды қайталапты, «Әй, сенің бар өнерің осы екен ғой», — деп жақтырмай өткен екен жанынан. Өне бойы жаураған ол пар бөлмесіне кірді, міне қызық талтайған тарбақ шал қып-қызыл боп жатыр. Баяғы шалдардың ерлігін бұл күнде мүлде көре алмаймыз. Қоғамымызды ұстайтын аталар ерлігі шынымен қажет-ақ бүгін. Жалаңаш денені көп көрген әйелдің еркегін сыйлауы да екіталай. Бар жұмысын қараңғылықта тындырған бабаларымыздың атын әйелдері тура атамаған ғой. Тыржалаңаш әке мен бала киініп, моншадан шықты. Жалаңаштық Құрекеңді көп ойдың иіріміне батыра берді. Қас қарайды, тыр жалаңаштанатын кезі енді басталғандай, қараңғылық бір құпия сырға толы құшағына оны шақырып тұр. Түннің болғаны қандай жақсы. Адамдар әлсіздігін жасырады, бірақ, тынымсыз тірліктің бәрі де түнде болады. Егер түн болмаса ше? Онда адамдар бүгіннің астан-кестеңін шығарар ма еді, кім білсін? Әлде, көркем күй жалғасып, бүгіннен де тамаша күн кешер ме еді? Күн мен түн ауысқан кез бұл, бір берілген тіршілік орайын ұйқымен ауыстырып алғысы келетін кейбір маубастар ше? Табиғаттың заңдылығына қарсы шығып, түнді қолдан жоғалтатындар қаншама бұл таңда. Ол әкелі-бала артынан сол қою қараңғыға сүңгіді...
Бүгінгі робаттарға жан салып, тіршілікті жеңілдестіру мақсатында оған үлкен мүмкіндік бердік. Ертең адам тәрізді өзін жаратқан аса құдіретті күшті ұмытып кетпесіне кім кепіл? Құды Алланы ұмытқан кейбір адамдардай, ол да бізді ұмытып өзімізді құлға айналдырады ма? Сонымен бірге, клон технологиясымен жасалатын адамдар өте сезімсіз жауыз, мейір шапағат дегеннен жүрдай. Олар тіршілік үшін өте үлкен қауіп. Бүгінгі тастанды балалар, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан иесіз ұрпақтар тасбауыр, без бүйрек жандарға айналады. Міне бұлар да робаттардың қатарын толықтырады. Сонымен бірге өз ұлтының идеологиясынан алыстанған әрбір адам — өз ұлттының ең басты жауы. Өз тұғырымыздан алыстасақ, бізді де үлкен бір күштің қатаң қолы кезегі келгенде тәубамызды есімізге салатыны анық.
* * *
Үш ай болғанда Құрекең сібеге келді. Ол бір баланың азаматтығы мен тіркеу кітапшасындағы туылған күнінің ұқсамауына байланысты құжат қайтып келгенін айтты. Оны да жөндетіп, қайта жолдатты, шақырту қағаздың мерзімі бітуге бір жеті қалғанда ғана паспорттары қолына тиіп жаны бір сәтке тыншыды.
Виза үшін Үрімжі қаласына ат терлетті. Бұрынғы Бейжіңге барғандай алыс болмағанымен, күніне жүз адамдық кезек, ата-жұртқа деген сағынышы күшейген қазақтар бәрін қайырып, елшілік алдына түнеп кезек алып елге оралуға бекіген. Солардың бірі болып Құзыр да паспортына бір айда виза аштырып келді. Енді, міне, көшудің қамы: бар малын, үй жайын сату, тағы да басқа алып кетуге қолайсыз мүліктерін сату. Өскен ортасын тастап, қазақ еліне Алла жазса, ұрпақтарын алып баруға мықтап бекіді, енді, міне, айнымасқа мәңгілікке бекінді.
Артында қалып бара жатқан туған елін, өскен жерін қимады, ғашығы Зәуре есіне түссе, өткен жастығы еріксіз есіне оралады. Құзыр әлі күнге оны ұмыта алар емес, ұмытайын дегенде, аяқ астынан түсіне кіріп, ойын быт-шыт етеді. Алайда мұнысын ешқандай жанмен бөлісе алмайды, бөлісуге қимайтын ащы да, тәтті мұң.
Үлкен ұлы Ерлан сол баяғы ауруханадағы күндердің жанды куәсі. Қара шашы, түр-тұлғасы, бәр-бәрі де өзіне тартқанына қатты риза Құрекең. Зәуресінің бір жолы: «Балама қарап, саған деген сағынышымды басамын», — дегені есіне түсті.
Құрекең он күннен кейін көшу — шәй беруді белгіледі. Қуанышың мен қайғыңды бөлісетін ағайын-туыс, жегжат-жұрат, елі-жұрты — бәр-бәрі де алдын ала келіп, қолғабыс тигізді.
Той ресми басталғанын асаба көпшілікке жариялады. Өскен ортаны, туған елді тастап көшудің қиын екенін енді сезінді. Құзыр мен жұбайы Бақытгүлге сөз берді.
«Біз адамдар бұл тірлікке сезім, түйсік, арман мұратпен келіп, өзіміздің адам екенімізді мықтап дәлелдеуге тырыстық. Менің ата-жұртқа көшіуім де сол адамдықтың куәсі. Сырғымалы өмірдегі сырлас жандарым сіздер», — деп елі мен жұртына қарап, көңілі босап кетті. Шапалақтар шартылдап, шаттық үндерге ұласып, көркем ән-әуен тербелді. Шараптар шайқалып, нағыз қоштасу кеші басталды. Төргі үйде отырған ақсақалдарға ықылас көрсеткелі ішке кірді Құ зыр. Еңгезердей алып мүсінді, қыран қабақты, қасқа маңдай, бүйрек бет, алпыстан асқан туысы «Біз — Албандар үлкен тайпа болсақ та, ауыз бірлігіміздің жоқтығынан әлі күнге байыз таппай ары көшіп, бері көшіп жиғанымызды арқан қиып келеді», — деп сөзін сабақтады.
— Капиталистік ел мен социалистік елдің айырмашылығын нағыз байқайтын өңірге қоныс аударып отырсың. Біреуі адамдық қатынасты ақшамен өлшесе, ендігі бірі адамдықты адамгершілікпен өлшейді, деп сөзге арласты жұқа сары шал.
— Бұл күнде социалистік елдердің қатары өте аз. Қытайдың өзі де қытайша ерекшелікке ие социализм деп, капиталистік құрылымның өзін қалптастырды ғой, — деп тост көтертті Құрекең.
— Қайткен күнде де өз Отанымыз. «Кісі елінде май шайнағанша, өз еліңде сіңір шайна» деп атам қазақ айтып кеткен ғой. Рухани кеңістікке шынымен бойлау үшін ұлттық этникалық район төтенше маңыз алады. Бүгінде ақылды болып, ертең ақымақтығымыз ашылып қалағанша, бүгін-ақ ақымақ болып бар байлықты тастап, елге кеткеннен басқасы бекер — деп сөзін нықтады бағанағы қасқа бас ағасы.
Тойшыл қауым шетінен Құрекеңді құрметтеп ыстық ықылас пен терең сүйіспеншіліктерін білдіріп жатты. Біреулер шынымен қимаса, біреулер ішкен асына өтірік кәукелектеді. Той соңында ең жақындарын дастархан басына қайта шақырды.
— Біздердің бабаларымыз ежелден осы топырақта және қазіргі Қазақстан территориясында әр маусымға қарай мал бағып, көшіп-қонып тірлік кешкен. Кейіннен орыстардың құйтұрқы саясатымен жеріміз тарып, қазақтар екіге бөлініп қалды. Ерте ме, кеш пе бәрімізде көк тудың астына бірігеміз, Алла соған нәсіп етсін! — деді, Құрекең. Отырғандар бет сипасты. Зәуресін де Құзыр дастархан басына шақыртты. Елуді еңсерген ғашықтар сағыныштарын жұлдыздар арқылы жолдасып тұруға келіскенін отырғандар сезбеді. Әзіл-қалжыңның түбін түсіретін ағайы дастархан басында отырғандарды ду күлдірді.
Қолындағы бар ақшасын долларға айырбастап, кейбір керек-жарақтарын қаладан алу үшін ұлы Алашты ертіп Құлжа қаласына келді. Олар азанымен жүктерін камазға тиеді. Екі сақшы жігіт келіп: «Күндіз көшуге болмайды. Себебі бұндағы халықтардың ішкі орнықтылығына нұқсан келеді. Елді еле қыздырмай түн жастана қаладан шығыңыздар!», — деп ескертті Құзырға.
Қараңғылық ептеп басып, бұл ауланы да жапты, дайын автобуспен туыс-туғаны мініп, жеңіл машиналар мен камаз түнгі сағат он екіде қақпадан шықты. Автобус іші бейне пері көшіп бара жатқандай ұлар шу. Таңғы елең алаңда жолдағы жүктерді тиеп, күн таяқ тастам көтерілгенде Қорғас бекетіне келіп жетті. Нағыз қимастық енді басталғандай көз жасына ерік берген туыстары шекараның сыртында бұлдыраған жас тамшылар арасында қала берді. Тіріден-тірі айырылу дегеннің адамға сонша қиын екенін сонда сезінді. Баяғы Қалжаттың асуындағы аталарын есіне алды Құзыр. Қытайдан тез өтсе де, Қазақстанға келгенде, итшілеп жүріп зорға өтті. Ауылдан қалаға көшуден бастап, талай рет жүгін түсіріп, талай рет жүк тиеді, бар дүниесін арқан қиды.
Құзырдың жүк тиеген көлігі кеденнен кешкі сағат жетіде өтті.
Қазақтың даласы кең дегенмен, барып жүкті қайда түсіруді білмеді Құзыр. Қара шаңыраққа келе жатқанда бөз жылуын бермесе де, сөз жылуын беріп алдыңнан шығатын бір қазақтың табылмағанына налыды. Бағына қарай шекарадан өздерінен бұрын көшіп келген жерлесі кездесті, соның ауласына киіз үй тігіп отыра тұруға келісті. Уақытша тіркеуге әрең тіркелді. Енді үй сатып алудың қамымен үйден шықты Құрекең өзне ыстық Сайран автовокзалына келіп, елді мекендер тізіміне қарап тұр, Жайсаң деген атау жанын жадыратты. Алматыдан кешкі 18:40-тың автобусына мініп, сол жерге жолға шықты. Неге екені белгісіз, бір күш тартып тұрды, десе де ата-бабасының жерінен алыстап, қаңғып бара жатқанына ашуы келді. Кешегі Шонжы мен бүгінгі Шонжы еріксіз есіне оралды. «Шонжы өңірінде бабаларым 20 мыңға дейін қой ұстаған бай болыпты, патшалық Ресей өкіметі тұсында, «Сартоғай», «Қожбанбет» болыстары болды. Шарын өзенінің солтүстігінен 7 шақырымдай жерде Қарағаш ауылы болған. Осында бірінші рет Жартылар мектебі бой көтерген»,— деген әбдікерім ақсақалдың сөздері есіне түсті және осында болған қызық жәйт миына келді.
Абыл байдың Бозымбек деген немересі қырбақ қар жауған күннің ертесінде таңғажайып із көріп, жалғыз өзі қызықтай, із шолпты. Ауыл шетіндегі қалың тоғайды жаяу аралап келе жатқанда, алдынан ақырып жолбарыс шыға келеді де, арпақ-тұрпақ алыса кетеді. Жыртқыш хайуанды қос қолдап мойынынан шап берген ол бар күшін салып, қылқындыра береді, ал жыртқыш жігіттің жуан санына ә дегеннен ауыз салған екен. Жолбарысты қылқындырып өлтіріп, батыр жігіт талып жатқан жерінде туыстары іздеп табады, олар жыртқыштың аузын қалың саннан әрең ажыратады. Болымсыз етке ілініп тұрған санды бауырларына: «Кесіп таста! — дегенде еш қайсысының батылы жетпейді, сонда, — өзі, — әке пышақты», — деп жуан санын ағасының қолына берген екен. Бір санды берсе де, жолбарысты өлтірген ерлігі елге таралған, сол ерлігіне бір бай қызын беріп, екінші әйелден де балалы шағалы болыпты.
Алғаш келгенде, ата-басының басы жатқан жерге қоныстану мақсатында бас қатырып еді. Бірақ бүгінгі Шон жының жағыдайы басқа деген Жомарт шалдың әңгімесімен өзін тоқтатқан.
Қараңғы түн тістене көліктен түсті Құзыр, о, бәлі, ол білмей, Жайсаңға емес, көліктің соңғы тоқтар жеріне бірақ келіпті. Жайсаңға барса да, ешкімді танымайды. Енді қайда барады? Көшеде арлы-берлі ойқастады. Сөмкесінде үй сатып алатын ақшасы бар Құзыр танымаған жерде бейне өз атасының ауылында жүргендей талтаңдап келеді.
Бала кезінен ит қапқаннан қатты қорқатын ол таласқан иттерден сасып, жолдан ығыса шеткі үйдің қақпасына тығыла берді. Аула ішінде бір адамның қарасы көрінді. Қайтып шығып кетуге тағы болмады.
— Ассалаумағалейкум, мен құдайы қонақпын, — деді сасқалақтай.
— Құдайы қонақ болсаңыз, үйге кіріңіз, — деп қолқалай ақ сүт беріп, қарсы алды үй иесі. Отағасы ұзын сары, шоқша сақалды, бүртік бет кісі екен.
— Жол болсын, Құдайы қонақ, қайдан келесің? — деп дастархан басында әңгімеге тартты.
— Әлей болсын!- деп әңгімесін бастады. Ата-жұртқа алыстан оралған қандасыңызбын, енді, міне, тұрақтар қоныс таппай қаңғып жүрмін, — деді сұраулы көзбен.
Шоқша сақалын тарамдай, қазақтың жері кең ғой, — деп сыздады отағасы.
— Қай туған боласың?
— Ұлы жүз, Албан.
— Жөн, жөн. Ата қоныстарың осы іле алқабы мен жер жәннаті Жетісу ғой! Ұнатсаң, біздің ауылға көшіп кел. Ұжымымыз әлі тарамаған. Ұжымға жұмыс істеп, жан бағасың. Диқаншылық пен мал шаруашылығы тең өркендеген ауыл.
— Көрші ауылдардың тиімділігі қалай, — деп сөз суыртпақтады.
— Келесі ауыл Көкдала ауылы. Бізге қарағанда құмның ыстық лебі жоқ, тек мал бағатын ауыл. Оған тиіп тұрған ауыл Ақсеңгір, малға тиімсіз болса да, диханға өте тиімді жер. Ауыл әкімшілігі де сонда. Ал өзің іздеп келген ауылың арғы жағында. Малға да, диханға да аса ыңғайлы,- деп арық сары шал сөзін тәмамдады. Азанымен көшеге шығып, ауылды ала көлеңкеде қайталай шолды. Жым-жылас өлі тыныштық. Кеше кешке таласып жүрген иттер де көрінбейді. Иығын кере салалы саусағымен шашын салалаған Құзыр түнде көрген шытырман түсінен бір жақсылықтың боларын сезді. Таңғы алакеуімде қораздың шақырған дауысы бүкіл ауылдағы мүлгіген тыныштықты бұзды. Әтеш дауысынан шошына оянғандай бір жарық, көшенің көз ұшында осылай қарата құйғып келеді. Біз адамдар әтештің үнімен әр күні дүниеге қайта келіп, құдды уанбай жылаған бөпедей табиғат анамызды мезі етеміз. Біз сонда не үшін ғұмыр сүріп, не үшін күн кешеміз? Шешем Рәйлә ұрпақтың қамы деп мені арқалап Қытайға кетсе, мен, міне, баламның қамы деп осында келдім. Лезде әлгі жарық жанына келіп тоқтай қалды.
— Аға қайда барасыз?
— Жайсаңға.
— Кеттік, — деп саңқ етті.
Тыным таппай, ауылды безектеп бес айналған такси үш адамды зорға тауып ауылдан шықты. Жайсаңға келді, ауыл сыртындағы өзен өз арнасында баяу жылжиды. Өзен жиегі лықсыған мал. Ертегіде айтылатын қызыл көзді шал да қыраттан асты, енді, міне, жоқ іздегендей малды бірден түстеді. Маңғаздана сүйек шайнаған Зеңгі баба түлегі сүйсіне қарайды оған.
Ауылға кіре көшенің бірінші бұрылысында сылқым бойжеткен сылаң қағып, алдынан шыға келді. Қартайып қалғанын ұмытыңқырағын Құрекең.
— Сссс... са.. ламатсыз ба, қызым, — деп сасқалақтай, — Фадеев көшесінде Монтай деген кісі тұра ма? — деп белгісіз біреуді сұрады. Бойжеткен Фадеева көшесі анау деп өз бағытымен кейпін бұзбастан кете барды. Ендігі кездескені сиыр айдап бара жатқан сары жігіт Әбдімұрат болды. Сиырын табынға тезден қосқан ол ауыл қонағын үйіне ертіп келді. Дастархан кішкене ас үйде жайылды. Терезеден түскен күн сәулесі төңірекке сүйіншілеп жар салып тұрғандай бір жылылық шашады. Ысылдата жыландай шәй сораптаған отағасы.
— Біз келгенде, орыс өкіметі шекарадан қарсы алып, алдымызға екі сиыр, бес қойдан салып баспанамен қамдаған. Алайда айтқанын істетіп айдағанына жүргізді. Келгенде тоғыз жасар бала едім. Ауылдағы орыстар үдере көшіп еді қалаға қарай. Қолындағы ауыр жүгін біз алғаннан ба әлде баяғы ғасырлық қылмысымыз ашылып қалады деді ме, кім білсін? Қазақ ауылына содан бастап айналдық. Жайсаң десе жайсаң, жанға жайлы, малға суатты жер. Сол кеткен орыстың бірнешеуінің үйі бос тұр, оған ие болып жүрген осында Балық көлдің жағасында отырған бір орыс бар, соны шақырып үйін көрелік. Ары қарай қолайыңызға жағып жатса, көшіп келерсіз, болмаса сатарсыз, — деп жеделдетті отағасы. Өздеріне құпия серт беріп, бет сипап далаға шыққан бұлар, үй иесін іздеп Балық көлге тартты. «Қала тұрмақ даланы да осылар ұстап тұр екен-ау», — деп ойлады Құзыр. Өкінішке орай орыс үйінде жоқ болып шықты. Қатынына шегелеп айтты Әбдімұрат. Түс ауа алқына жеткен ақ құлақ сары орыс үйін көрсетті, иесіз қалған қаңыраған бос үйдің қаңқасын қайта-қайта айналдырды. Сыры көшкен бозаң қақпа, кеңдігі үш метрдей цемент жолдың сорабы ғана жатыр. Олақ шубаланған аласа доғал үй, төрт қырындағы қызыл бес жұлдыз әліге дейін қызыл өкіметтің көзіндей боп жанып тұр. Тозған шифр, тозған есік, сынған әйнек, деседе аяқ шешер жері сыр бермей өзінше паңданады. Бұрышта сұлап жатқан бөтелке. Төбесі жарықшақтанып айрылған көне тоз төрт кереге там. «Бұл ауылда ең жері кең менің үйім, — деп жеміс ағаштарын көрсетіп, — біз бес ағайындымыз, осы бес түп ағашты сәби кезімізде отырғызғанбыз, қазір бәріміз де өсіп өндік. Бұл ағаштарды мүмкін болса, қия көрме!», — деп өтінді орыс. Құзыр да ырымдап үйді сатып алуға келісті. Дастарханды дүкенге жайып, арақ пен ескі үйді аластап, ақ қағазға қол қойысып, ақшасының жартысын берді. Қалған ақшасын он бес күннен кешіктірсең, бұл ақшаң қайтарылмайды, үй өзімдікі болып қала береді деп ескертті сары қожайын, әлі де қазақ жерінде мықтылығын көрсетіп. Тезден үйге оралып, Алматының батысына көшетінін айтып, тіркеуден шыққанша 12 күн кетті. Жайсаңға 14 күн дегенде түнделетіп көшіп келді. «Жер аударғанның жеті жыл есі кетеді» деген рас. Енді міне, құжат қуып, аудан орталығына азанымен келді. Зулап өтіп жатқан машина, қолын аспандатып көтеріп тұрған Құрекеңе О, қызық, бос кетіп бара жатқан жүргізушілер де қол көтеріп өтіп жатыр. Қолын төмен түсіргені сол, тоқтаған көлік, қайда баратынын сұрады.
— Ұзынағашқа ма? — деп қайталап сұраған жүргізуші «мініңіз» дегендей бас ишарат жасады. Аспан да шөкімдей бұлт жоқ, көк қағазға сызылған сызықтай сәулесіз ай орақтанып бір жалынышпен қарайды. Ұзынағашқа да келді. Кішкене мүйіс көшелер, топырлаған көлік кептелісі, ұжымдасқан шарбы бұлттар ойқастап төбеде күннің көзін жабудың қамында жүргендей жанталасады. Бой бермей күнде жерге тымырсық ыстық шашады. Қолында қара пакеті бар ол бұралаң көшелерді бойлап, аудандық паспорт үстелін іздеп келеді. Қоңыр ғимараттың алды топырлаған қара нөпір адам, жұмыс істемесе де, қағаз жинауға жаралған жандар. Ішке кіре берістегі ақ жағалардың адам күшіктері аяғыңа оралып кіргізбейді. Азаннан қазық боп қағылған Құзыр қара кешке дейін тұрды, түскі асты амалсыз ұмытты, жұмыс бітпей, тамаққа да тәбеті тартпады. Қас қарая бітірген түгі жоқ, үйге тау қопарғандай шаршап қайтты. Ауылға жүрер жалғыз автобус адамдарды престеп, алып ышқынып келеді. Күні бойы тізе бүкпей тұрғаны аздай, аяғын қояр жер зорға тапты. Сазырайып отырған жап-жас қыз жігіттер орын берейін демейді. Қараңғы түнек, әлі қанша тұңғиығына батырары белгісіз. Түнделетіп көліктен түсіп, жарым түнде құр сүлдерін сүйреп үйге жетті Құзыр, есіктен кіре шалқасынан құлады. Алғаш рет көшіп келгеніне өкінді. Кешкі тамаққа қарауға шамасы келмей, талықсып барып ұйқыға кетті. Жанында әкесі Отарбай мен шешесі Рәзия бар үшеуі көк шалғында қинала басып өрге шығып келеді. «Балам тез жүрсеңші!», — деп әкесі алға қарай тартады. Құзыр осылай шым-шытырық түс көріп таң аттырды. Басы мең-зең, азанғы шайын апыл-ғұпыл ішіп, алқына тас жолға қарай жүгірді. Зорға дегенде автобусқа үлгеріп, Ұзынағашқа жетті. Кешегі тұрған жеріне кезекте тағы тұрды. Бүгін тағы да алдын да жетпістей адам. Шаңқиған от шар шыжғыра бастады. Айналада үп еткен жел жоқ. Тымырсық ыстық тынысыңды тарылтады. Құзыр кешегі әдетінше салмағын екі аяғына кезек-кезек салып тұр. Бүгін де сол, ең соңғы көлікпен түкте бітірмей, үйіне келді. «Әй, бұған қарағанда кетпен шауып шаршасам шеті», — деп өзінен-өзі күбір-күбір етіп ұйқыға кетті. Терең шұңқырдан биік дуалға кетпенмен топырақ лақтырып жатқан атасын көріп таң атырды. Міне, дәл осындай беймаза түстері бір жетіге созылды. Біткен құжатта жоқ. Келесі аптаның бірінші күні «ынтыққан асылына» кездесті. Бар әңгімесін тыжырына тыңдаған ол әуелі «Ауылдан құжат жинап кел», — деп шығарып салды. Он күн кезекте тұрғанда естіген сөзіне тістене дірілдеп, өзін-өзі жек көре түнделетіп үйіне жетті. Не болғаны белгісіз, түнімен қалтырап өне бойы мұздап, жан жылуы қашты. Көзін жұмса болды, өскен елі, балалық шағы келеді. Бірінші сыныпқа барған кезі, әкпесі жетектеп, мектеп табалдырығынан аттағаны сол сынып тәлімгері Нұрлан балаларға Талғатты жылан шағып алыпты, ауруханада жатыр дегені құлағында жаңғырып, сол жылан енді өзін шағатындай мазасы кете берді, қара терге шомылып тағы бір таң атырды.
Тісін тісіне басып, жаны қанша қйналып тұрса да, құр сүлдерін сүйреп, келесі ауылдағы әкімшілікке барды. Құжат десе зіл батпан жүк сүйреп, арбадан қайтқан аттай өне бойы дірілдейтін болды. Бір өмір осылай шаршамаған Құзыр, осында келіп өлеусіреп жүр. Бүгін үлкен атасы мен апасы түсіне тағы келді, «жүр ұлым, біз өр еліне жолаушы кетіп барамыз, бізбен жүр», — деп қолқа салды. Ештеңеге зауқы жоқ Құрекең асығыс тас жолда көлік тосып, ауыл әкімшілігіне тағы барды. Екінші күн әкім тағы жоқ, тұмсығы тасқа тиді, оны кеш батқанша күтті. Осы тірлікте не тындырдым, жәй бір қағазды да бітіре алмай тұрған тұрысым мынау, шынымен де бұл қағаздар балам Алашқа мұра болып осылай қала ма? Түнімен мазалаған осы ойдан қан қысымы көтеріліп, атау кересіз жүрегі соғудан тоқтады, жанында жатқан кемпірі де білмеді.
Құлан иектеп таң атты, алқызыл сәуле шашқан от шапақ бүгін тағы да ыстық болады дегендей жотадан мойнын соза жоғарылап келеді. Өлі тыныштық үзіліп, ауыл халқының сиыры мөңіреп, жылқысы кісінеп азан-қазан басталды. Алла Тағала күн шыққаннан кейін оянған адамды өліге санайды деуші еді. Баяғыда апамыз, — деп Бақытгүл шалын оятқаны сол мұздай денесіне қолы тиіп, бақыра орнынан атып тұрды. Азанғы қарбалас тірлікті одан сайын жиілетіп, озандай көрші-қолаңын шақырды. Шыр-пырды тыңдар жұрт азайғалы қашан бұл өңірде, батыс құндылықтармен мықтап суарылған басқаша жұрт, өскен ел, туған жұрттың қадірі енді сезілді, Алаш та әкесі жан тапсырған соң, екінші күні жетті, тіркелмеді деген сылтаумен қазақтың кең даласынан әкесін жерлер қарыс сүйем жер табылмағанына жаны түршігіп, бұл фәниден безіп кеткісі келді Алаш. Әке сүйегін арқалап, Қытайға кетпекші болды. Зар жылап елім, жерім деп еңіреп жеткен елінен бір шұңқырдың табылмағанын айтқан Бақытгүлдің мұңына әкімнің қабырғасы жібіп, бар тіркеуін бітіртіп, үшінші күн әкесін қара жердің қойнына берді. Ертесі азанымен екі орыс дәрігер: «Шетелден келген адам, сойып көреміз, жұқпалы ауыруы бар-жоғын тексереміз», — деп жаралы отырған ана мен Алашты әбден әуре-сарсаңға салды, қатты қарсылық көрсетудің арқасында өздерін бір жеті тексеріп, ештеңе таба алмады. Қаралы күн деп отыруға да шамасы қалмаған Алаштың оқуы да жайында қалды. Бар шаруаны мойнына алып, тірлік қамытын киді. Ахмет Байтұрсынның төте жазуымен сауат ашқан Алаш бұнда сауатсыз болды. Ана тілі де керекке жарамай тұр, орыс тілін үйреніп отырса, алып келген ақшасын тауысып, аштан өліп қалмасына кім кепіл? Кедейдің ақылы быт-шыт деген осы, басы қатып отырғанда сау етіп кіріп келген төрт жігіт:«Мына үйді біз сатқанбыз, сату келісімінен бас тартамыз, үйден шығыңдар», — деп қоқанлоқы көрсетті. Қайта, әкесінің барлық ақшасын беріп болғаны жөнінде қол хаттары бар екен. Сары орыстың сөзін сөйлеген өз қаракөзі өрекпіп бой берер емес, қорқақты қуа берсе батыр болады дегендейін. Әкесінен қалған айбалтаны көтере тұра ұмтылған Алаштан шошыған олар машинасына зорға мініп қашып құтылды. «Қайта көшіп кетем!» — дегенде, шешесі: «Арттан келетін елге тосқауыл боласың! Қанша қазақ келмей қалады, қазақ елінің келешегі қалай болады?» — деді.
Алаш енді, квота алып азаматыққа құжат жолдаудың қамына кірісті. Талдықорғанға көші-қон басқармасына барды, жинайтын қағаздарының тізімін берді. Оны жинаса, шашына ақ кіретінін білген Алаш жан таппай жалаңдаған делдалға көп ақша беріп квота алып беруге келісті. Бар құжаттарын берген Алаш қолында қалған аз ақшамен орыстың тағы салар қиғылығынан құтылу үшін үйді бұрын келген жерлесі Монтайдың басына аударудың қарекетіне көшті. Монтайды ертіп аудандық жер комитетіне барып, жарым күн кезек күтіп, жөн-жосық сұрап қайтты. Азанмен әкесінің жолын жалғап, БТИ-ға келді. Бір күнге жарамды қағазды ала алмай, жыртық көз делдалға ақша беріп алды.
Оны нотариусқа апарып, зорға бітіріп шықты. БТИ-дың таусылмас кезегіне қайта келді, бұл жолы ақша жоқ амалсыз күтті. Екі жақтап жүріп, 2-күні кешке қарай кезегі келді. Құжаттарын өткізді: «Енді 20 күнен кейін келесіздер, бұл үй басқа адамға сатылған ба қарызға қойылған ба? Соны тексереміз», — деп қайтарды бұларды. Жиырма күн болса да, құжаттан құтылса да, тағы біреуге сатып жіберді ме, әлде, осында келіп басына аударып кете ме деп жаны жай таппай мазасы кетті Алаштың.
Не тірлік істеп, қалай жан бағудың қамы Алаштың ұйқысын одан сайын қашырды. Қазірге ойлағаны құжатты бітіріп, аз ақшамен күн көрер, тірлік жүгі жеңіл жерге көшіп, жан сақтау болды. Әкелген аз ақшасын кеміріп, таусып барады. Аш жүріп, театр көруге болмайтыны сияқты, ештеңеге зауқы жоқ. Келіскен күні алқына жетіп, кезегін зорға алғанда, айтқаны: «Тағы бес күн күт, дайын болған жоқ», — деген сөз. Сарпалдаңға түскен Алаш уағдалы күн тағы аптаға жетті, кеш бата кезегі келіп, қағаздарын зорға алды. «Басқа адамға сатылмапты, енді бұны жер комитетіне апарасыздар», — деп тағы бір ұзын әңгімеге салды. Мемлекет меншігі етіп, құжат жасауға ертесі азанымен кіргізді, «Қырық күннен кейін келесіз», — деп қайтарды. Ілініп-салынып қырық күнді өткізіп құжатты алды, «Енді болдым ба? — деген де: — БТИ-ға тіркетесің», — деді, жанын жабырқатып жүріп, әзерге құжаттарын өткізді. Екі аптадан соң алады. «Енді үй кітабын алып, үйдегі адамдарды тіркетесің», — деп жұмысын тағы көбейтті. Әбден шаршаған Алаш жалғыз шешесіне де салқын сөйледі.
Қызыл кеңірдектескен қырғын талас. Түнімен көз ілмей, кезек күткен адамдар бір-бірден кіріп жатыр. «Сайлаубек! — деп айқайлады, — ол жоқ», ойына қулық оралған Алаш: «Құрманбек!», — деп айқайлағанда, «мен — Құрманбек!» деп кіре бергені сол Алашты бір қол шап етіп ұстай алды, Құрманбектің өзі бар болып масқарасы шықты. «Менің де атым Құрманбек», — деп зорға құтылды. Екінші бұлай істемеуге ар алдында ант берді. Кеш бата кезегі келген оны «Банкке ақша төлеп кел», — деп қайтарды. Ертесі азанымен банкке кезекке тұрды, түске тарта оны да бітірді. Тағы сол кешегі кірген жеріне кезек, есікте тұрған күзетшіні шетке тарта кіргізуін өтініш етіп еді, ол оңбаған ақша сұрады, кезек күтіп соры қайнап тұрғанда, қияқ мұртты қара жігітпен тезден әңгімесі жарасты, сол жігіттің айтуы бойынша әлемнің екінші Меккесі атанған атақты Түркістан шаһарына барып, бас сауғалады іштей ойлады. Құжаттарын әзірге бітірді. Енді шешесін арқалаған Алаш, Алаш орданың астанасы — Түркістанға отбасын сақтау үшін көшті.
Автобусқа мінген оларды: «Келіңіз, мінеки мініңіз», — деп қарсы алды екі жігіт, бұндай жылы сөзді бұл арадан естігені бірінші рет. Шешелі бала арқан қиғаннан қалған азын-аулақ жүгін артып болғанда келіскен бағадан бір есеге көтерді, «Қарағым қымбат қой, түсірелік жүкті дегенде келісті бастапқы ақшаға, орта жолға барғанда тағы қиқаңдады қу өзбек шопыр. Өз еліміз, өз жеріміз деп елеуреп жеткен босқын жесір кемпір мен жас жігіт тағдырдың жүгін арқалап бозаң тартқан боз далағадағы Түркістан шаһарына келді. Вокзалдай емес тым-тыныш, бабалар үні құлаққа естіледі. Қала ортасында зәулім Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көкпен бой таласады. Үй жалдап жан ұшырта тірлікке араласқысы келген Алаштың алдын «тіркеу» тағы тосты. Әкесін өлтірген тіркеу, енді, міне, аз болмаған ақшасын алды. Базарда алма сатып тірлік бастамақшы болып еді, орын ала алмай, азанда топ алып кеш батқанша көтеріп жүріп, сатып жан сақтады, табысының біразын базар басқарушылар алады, алып-сатар тірлік табиғатында жоқ Алаштың әбден мазасы кетті. Республика бойынша ең арзан, байырғы қалада да тапқаны тамағынан артылмай жас жігіттің жаны ауырды. Күні бойы алма сатып, үйге қайтқан Алаш көлік күтіп, Тәуке хан даңғылындағы, базар аялдамасында тұр. Түркістан тұңғиық тарихты ішіне бүгіп, сырбаз тартады. Қарсы алдындағы, ескі Мәди базарларын да о дүние мен бұл дүниенің адамдары араласып жүргендей күй кешті. Күн екінті тартып, қызыл шапақ өз көкжиегіне жартыкештене батып барады. Кеңістікте саяқ жылжып бара жатқан ақ ұлпа бұлттар адам өмірінің соңғы сәтін еске салады. «Біз адамдар өз көкжиегімізге (ақыр заманға) бар пәрменімізбен жақындаудамыз», — деп ойлады Алаш.
Жұмыстан қайтқан адамдар шоғыры, ығы-жығы жүргінші көлік, сапырылысқан жолаушыларға сумақы көздермен, жалаңдаған тілдерін қадап «Юр фак», «Мед колледж», «Тельман», «Жуковский», — деп қазақтың ежелгі астанасы, бүгінгі рухани бас қаласында «сүйікті» атауларымен безектейді. Бұл қаланы көршілес өз ағаларымыз мықтап жайлағаны сол, «Түркістанда не көп? №2 рафик көп оны айдайтын өз ағаң көп» дейтін тәмсілде қалыптасқан. Өз қандастарымыз өз топырағында басқаларға базар төрінен орын беріп, өздері қинала басып арба сүйрейді. Қазақи аңғалдығымызбен дархан даланың сыйлаған мейірімділігі бізді оларға бей-жай қаратты, ал олар бұны керісінше түсініп тамаша пайдаланды. Тумысынан қабағы қалың, жанарының астынан ұрлана қарайтын ол томпиған қарынға көзі түсті. Ондай дүниені көрсе қызығатыны сол, өз жауларымызға батыл тойтарыс беретін жаңа ұрпақтың өмірге келетініне үмітін үзбейді. Қыртысты қабағын көтергені сол, қоңқақ мұрынды, боқ қарын еркек... Мәс саған!!!
Міне, күткен №1 автобуста келді!
Көңілі күпті, ойы қордалы, ақшасы аз Алаш сияқтылар мен, қолын сығып, сөлін жалайтын, жылаңқы саудагерлер лап қойды, құтқарушысы келгендей. Лықсып, қыстығып жатқан жұрт бірінің үстіне бірі мінердей. Көлік ыңыранып, ышқына баяу қозғалды. Сол сәтте қос өкпесін қолына алып алқына жеткен үш ұйғыр бойжеткені мен бір бозбаласы мінді. Есік әзер жабылды. Өз тілдерінде дамбырлай сөйлеген олар тек өздері ғана тұрғандай даңғазалана күледі. Қырықтың қырқасынан асқан ананың «Жәй қыздар», — деген болымсыз ескертуіне, «иесінен ұрысы күшті» дегендей қабағын шыта: «Не жұмысыңыз бар?» — деп өрекпіді. Әзіреті Сұлтан бабаның кесенесіне жетті, лаулаған өрттей мектеп оқушылары лап қойды көлікке. Өйтетінде жөні бар. Олар үшін бүгінгі үйіне жеткізер ең соңғы көлік. У-да, шу! «Білім орталығы» ғимараты жол бойында мойнын созып, бізге қараса, арт жағындағы «Түрік қалашығы» түнгі жұлдыздардай жымыңдайды. Түрік дүниесі грантымен емтихансыз оқуға келетін ұйғыр студенттері тек алатын тұрмыс қаражаты мен ұсақ сауда істеуге келетін сияқты. Барлығымызға үнсіз ой салған балалар егемен еліміздің ертеңі, тіршілігіміздің жалғасы. Әлгінде ғана тамағын кернеп тұрғандарда үнсіз. «Дастарқан» аялдамасында, сөмкелерін арқалап, түсіп бара жатқан ұйғырлардың ту сыртынан жылауық жырлар оқып жаны ашыды. Олар Алашқа егемен елдігін аңсап үнсіз жылап бара жатқандай сезілді. Сүйіншісін арқалап, арттарынан Жалғыз жиеншары Жарас Қытайдан келді, шешесі мен Алаш елі көшіп келгендей қуанды. Ел жайын сұрап, жетісіп қалды, қазір өр еліндегі қолы жеткендер ата-жұртқа көшіп келіп жатыр. Жақында Досан шал тоғыз баласын тастап, кемпірі екеуі көшіп келіпті, балалардан ерлік шықпағасын жасындағы жалыны атқа міндірсе керек, тіпті отбасы мен өкімет қызметінде жүрген Алмас ағалар да көшіп келді. Басқа аймақтарда байлар құйысқанын көтеріп жатыр дейді. Оқуға келіп жатқан жастарда сан жоқ, қандық ұқсастық жат жерде тыныш жатуға байыз таптырмады. Үш жарым жылғы оқуы текке кетпесін деп Әбдірақын ағасы институт дипломын жиеншары Жарастан беріп жіберіпті, қуанышында шек жоқ Алаш, енді міне өр елінде әкем қалам ұстап еді, ал мен өз елімде неге қалам ұстамасқа деп шешесі мен жиеншарына қарады. Алаш азанымен қалалық білім бөлімінің меңгерушісіне жолықты, ол сөз тыңдай білетін кісі екенін көрсетіп біраз үнсіз отырды да:
— Бізде қытай дипломы мойындалмайды, алайда университет басшыларымен жақсылап сөйлессе амалы табылады, шет тілі бойынша оқытушы жетіспейді, бірақ... — деп сөзінің артын жұтты.
— Аға, барымды берейін, — дегенде сыздап отырған толық қара жігіт креслодан бұрыла қарады.
— Танысым да жоқ, қарызға ала тұратын, — деді Алаш.
— Мен беріп тұрайын, сен айлық жалақыңнан қайтарарсың. Келіссең осылай істейік, сен жат жерден оралған бауырым болғасын, өз көмегімді көрсетіп жатырмын, — деді. Бар ақшасын және құжаттарын алып қалды да: «Бір жетіден соң кел», — деді. Уағдалы күнінде шет тілі кафедра меңгерушісіне барып жолықты. Қалың қабақты, қасқа бас еркек аса жылы қарсы алды: «Сіздің білім деңгейіңіз бен дипломыңызды өз жерлестерің тексеріп көрсін, болса жұмысқа аламыз, — деді, — бүгін олар сабақта, ертең азанда кел», — деді. Ертесіне таңазанмен барды, оның жерлестері дипломын көріп, білімін тексеру үшін жерден қазып алған қытайдың бес мың жыл алдындағы тарихынан аударма берді, Алаш екі бетін шамасының келісінше аударды, олардың тырнағын ішке иілгені сол, «Дипломы ішкі қытайдікі емес, жұмысқа алуға болмайды», — деді. Төбесінен жәй түскендей болған Алаштың салыны суға кетті, қайтадан зорлана басып, білім басқармасындағы ағайына барды, кірісіне: «Не болды, қабағың түсіңкі ғой», — деп телефон тұтқасын көтерді, ол қарсы жақты үнсіз тыңдады да: «Қамықпа, мектепке мұғалімдіке орналастырам», — деп, тағы телефон тұтқасын көтерді, ертесі бір мектепке жіберді, содан бастап қазақ елінде қаламға қолы жетті, алайда Алаштың бұл бақыты ұзаққа созылмады. Үш айлық декіретке кеткен әйелдің орнына жұмысқа уақытша орналасқаны белгілі болды, әлгі ағайының жұмысы ауысып, басқа қалаға кетіпті. Нағыз жұмыссыздық енді басталды. Әйттеу сатылмаған ауылда болса да, үйі бар, соны дәтке қуат етіп, Алматыға қайта көшуге бекіді. Жүгін зорға тиеп болып автобуста Алмас ағасы мен Досан шал қайтып көшіп өр еліне кетіпті деген сөздің шын-өтірігіне сенбей Алаш ұйқылы-ояу отыр. Есіне жан досы Маратың жағдайы түсті...
Ғаламат таңдары әке-шешесінің жанында өтіп жатқан Марат қазақ елінің орыс уысынан шығып, бөлек ел болғынын естігелі жас жүрегі жастыққа тимей белгісіз бір нәрсені сағынатынды шығарды. Өзінің бала екенін ұмытып, әке-шеше ақылын тыңдауға мойын бұрмай, сардаланы аңсаған елікке ұқсады, шөлін басу үшін жартас жазбаларынан сақ, ғұн, үйсін және түркілерге қатысты тарихтың астын сызып, ен сала оқыды. Өзінің екінші тілі қытай тілін оқығысы келмей, оған бала жүрегі жиіркене қарады. Өз әлінше қазақша деп орыс алфавитін жазып алып, оны славян жазуы деп қайта-қайта машықты. Өстіп жүріп жас жігіт те болды, мектептің соңғы жылына да таяды, жас жігіттің сағыныш лебіне тағы бір леп қосылды, ол сыныптасы Күланға деген ынтық жүрегі еді. Қызға сөз салып көрді, бір үйдің жалғыз қызы Күланды ата-анасы жібермейтін болды. Екі оттың ортасында қалған Марат әр таңды асыға атырып жүрді, бір күні таң ата түс көрді, түсінде кең далада өзі оқыған бабаларының бас сүйегін басқалардың доп қып теуіп бара жатқанын көріп шошып оянды. Енді міне, қабағы түксиіп, жаны жабырқау кеш батырды. Көз алдына Күланы күлміңдей келді, оның ботадай көзі, ашық маңдайы, үйрек ауызы, бүйрек беті ұйқысын қашырып жүрді. Ақыры қараңғыны жарықтың жеңетіні сияқты Марат әке-шешесіне жалынып, паспорт жасатты, нағашы ағасының директорлығын пайдаланып, толық бітірмей мектептен диплом алып, қазақ еліне бір-ақ күнде ат басын тіреді. Шығыстық сарыны жоқ Европаша жұрт қабақтарын түксите қарсы алғандай сезілді бала жігітке. Аңсап жеткен Ата-мекені баланың рухани сұранысына жауап бермеді. Бәрі оны қытай деп қабылдады. Қазақ екенін айқайлап айтайын десе, тілі жоқ, өз тілі туған жерінде қалыпты, бұндағының бәрі орыс көрінді оған. Бала жігіттің басы қатты, не істейді? Өзге елде жүріп үйренбеген өзге тілді өз елінде үйренуге мәжбүр болды. Өстіп жүріп ақшасы таусылды. Көше бойында тұрып жанын жалдап, ақша табатын жігітердің қатарын толтырды, жас жігітті күшті машина мінген әйелдер жұмысқа шақырды, жұмыс ауыр болса да, ақшасы мол осы тірлікпен жүріп, сарыала жапырақтар түскен сары таңда тапсырған оқуы текке кетпей, ауыл-шаруашылық мамандығы бойынша оқуға түсті. Студенттік өмір оны алғашында шындап қызықтырды, баяғы өзі оқыған тарихты іздеп оқыды. Ол қанша жақсы оқыса да, орысшаның кедергісі ме алатыны төмен баға. Өзінен бұрын бітірген жерлестері жұмыс істемей базар жағалап жүргенін ойлады, ары қарай оқи ма, оқымай ма белгісіз?...
Адамдар сан армандармен ғұмыр кешіп жатады. Біреулер баласы, ата-анасы, ғашығы үшін тірі жүретін болса, біреулер өз мамандығы, атақ, мәртебе, билік, бедел, құрметке ие болу үшін күн өткізеді. Көп жандар материалдық қажет үшін арпалысса, енді біреулер рухани ләззатқа қол жеткізу үшін жан таласады және біреулер адамзат дамуы үшін ұшқыр қиялымен барын салып тапқырлық жасайды. Ал біреулер қолындағы барын көмекке мұқтаждарға беріп, қамқоршы болып жүрсе, тағы біреулер дәл солардың керісі болып, дамуға кедергі келтіріп, қан-құйлы қаракетпен шұғылданып, кісі өлтіріп, жұртты тонаумен айналысады. Ал біреулер бәрінен де бейтарап күн өткізе береді. Тағы біреулер қажет болса, барлық жаққа жантая алатын майдансыздар, міне, соңғы үш топ қоғам үшін ерекше қауіпті болмақ. Өзім жайлы бір сәтке ойлансам деген Алаш: «Ай осы тірлік мені мезі етті ме әлде тірлікті өз ездігіммен жалықтырдым ба? Енді қалай өмір сүремін?», — деп өзін-өзі жеп қоя жаздап, жанын қоярға жер таппай, мазасы кетті, тағы бірдемелерді айтып қалғып кетті. Түсінде ақ сақалды шал: «Балам Алланың ақ жолына кел, жан тыныштығын содан табасың, сосын бәрі жақсы болады», — деп ескертіп жатты. Бірақ автобус түк болмағандай, қою қараңғыда жан ұшыра құйғып келеді...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі