Өлең, жыр, ақындар

Тәлім-тәрбие

Тәрбие тал бесіктен бастау алады. Ал тәрбиені беретін ата ана алатын жастыр. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиенің  білімнің танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері.

Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді. Себебі қызды да ұлды да нағыз азамат немесе азаматша етіп тәрбиелеуге өзіндік бағыты болған десек артық айтқандық болмас. Неге десеңіз ұл баланың бойына намыс пен батырлықты ,жанкештік пен батылдықты бойына дарыта алғанын бұрынғы тарих сахнасынан да аңғарсақ болады . Ал қыз баланы тәрбиелеуде бұрыннан келе жатқан қызға қырық уйден тыю деп әртүрлі тиымдарды қыз тәрбиесі үшін жинақтаған . Ерте заманнан ата-бабаларымыз сұ­лулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Гүлге тән нәзіктік пен батырға тән батылдық бір бойына жа­расқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушылар оларды шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген.

«Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға ай­рықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды.

Қызға 40 үйден тыйым:

1. Жарыса сөйлеуге

2. Жалғыз қыдыруға

3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

4. Орынсыз ұрынуға

5. Басқаларға қол тигізуге

6. Өтірік, өсекке

7. Суық жүріс, сумаң қылыққа

8. Кісіге қарай керіліп есінеуге

9. Талтайып отыруға

10. Шалқайып жатуға

11. Тамақты обырлана асауға

12. Ұрлық-қарлыққа

13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге

14. Бұраңдап қылымсуға

15. Қызыл іңірде жатуға

16. Түске дейін ұйықтауға

17. Кісі алдында киім ауыстыруға

18. Салт-дәстүрден аттауға

19. Елді ғайбаттауға

20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21Ішімдік пен шегімдікке

22. Ұрыс-керіске

23. Беттен алып, бет жыртысуға

24. Қараулыққа, ысырапқа

25. Рахымсыздық пен қатыгездікке

26. Түнде суға жалғыз баруға

27. Өзге жыныстылармен араласып жатуға

28. Күйеуге қашып тиюге

29. Әдепсіз сөзге

30. Тарс-тұрс етуге

31. Адам мен жануарларды тебуге

32. Кісіні қорлап жәбірлеуге

33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға

34. Айғай сүреңге

35. Шектен тыс сыланып жасануға

36. Қызғаншақтық пен күншілдікке

37. Менмендік пен өзімшілдікке

38. Алдап-арбауға

39. Көрсеқызарлыққа

40. Нәпсіқұмарлыққа тыйым.

Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:«Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің тағдыры мен талаптарын обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» деп айтылған.

Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т. б мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десекте болады.

Себебі арыға кетпей жақын арадағы болған пандемияның өзі көптеген жас отбасының екіге кетуіне себеп болды,бірін бірі толықтай танып білмей өз отбасын ойран етер жастарға тәлім берер ата ана оларға тосқауыл бола алмайтыны қарын ашытады. Бұрынғы мен кәзіргіні салыстыру тәрбие бойынша қазіргі заман бұрынғыдан осал десем артық айтпағандығым . қәзіргі таңда тәрбие құралы ата ана емес смартфон болған заман бұрынғының салт дәстүрін тыйымын бәрін бірдей жоқ еткендей көрінеді. Дегенмен смартфонга үңілмей бгрынғының көзін көрген жолын устанган ата әжелеріміз ата анамыздың салған сара жолы бізді тәрбиелі болашақ  ата ананы өнегелі етері сөзсіз

Көпірбай Шолпан Аралқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз