Өз заманында алып тұлға, қазақтың тұңғыш ғалымы, ғұламасы болған Шоқанды елестетсем, өз ісінің майталманы, өте сауатты, білімді азамат көзіме шоқтай жана жарқырай кетеді. Және менің салама байланысты да оның журналистика саласынан хабары бар екені, сол салада әртүрлі жазушы-журналисттермен жора-жолдас екені мені тәнті етті. Оның өмірлік рухани жолы да, еңбек етудегі сан салалы жолы да менің оқу-білімге деген құмарлығымды ашады.
Мен Шоқан Уәлихановты публицист ретінде көрсем, оған деген көзқарасым қандай болар еді? Жалпы Шоқанның шығармашылығына зер салатын болсақ, біршама зілді мәлселерді көтеретін тың мақалаларын байқай аламыз. Еңбектері халқына деген әділетсіздіктер және олардың мүддесін қорғау мақсатында жазылғанын көре алдым! Және менің сол мақалаларды қолыма бар түскенін саралап, қорытсам, мақаласының басым көпшілігі халықтың арасындағы қарым-қатынасымен байланысты екені, оның нағыз халқына жанашыр тұлға және публицист болғаны тамсандырды. Енді осы сөздеріме дәйек болуы үшін бірер мақаласын талдап, анықтап, түйінін шығара кетсем...
Патшалық ресей жалпы біздің тәуелсіздігіміздің алдыңғы ширегінде өзіндік озбырлығын қазақ халқына асқан жауыздықпен көрсеткенін бәріміз білеміз. ХІХ ғасырдың 68-69 жылдарындағы қайта құру реформасы қазақ халқының наразылығын тудырған бірден бір топалаң жылдардың сұмдығы еді.Халық неге наразы болды? Өйткені, билік қарапайым бұқараның пікірмен санаспай, өзіндік принциптерін қойып, осы жобаны бастап кетті. Бір ойландыратыны қазақтар билік басындағы билеушілерін тіпті білмеді де, өйткені ол адамдар ақсүйек, бай отбасынан шыққан тұлғалар болатын. Дәл осы кезеңде Шоқан өзіндік публицистік қасиетін іске жарата отырып, халықтың наразылығын, олардың ашуға булыққан көңілдерін дәл осы «Сот реформалары» туралы мақаласында жария еткен. Мен өзіндік пікірімді қосарболсам, Шоқан – нағыз халық қамын ойлаған ғұлама! Осы жерден біз оның тек ғалым, философ екенін аңғарғанмен, оның нағыз публицист екенін көрдік. Ол өте сауатты қадамдарын жасай білді. Даурықтырмай ғана, билер мен ақсүйектердің парақорлығын, еліне әділетсіздігін, оларды қанап жаншуын сауатты түрлде тоқтата білді, нақ осы материалы көңілге жылу ұялатады екен!
Енді бір «Сахарадағы мұсылманшылдық» туралы мақаласында тағылыққа салынған жөн-жосықсыз қазаққтардың әйелдерге көрсеткен істерінің бұрыс екенін тайсалмай жайып салған екен. Яғни дәл осы мақаласы қазіргі күнге дейін өзінің проблемалық жақтарын тауып, заман көшімен ілесіп жатқан жайы бар. Гуманист-публицист Шоқан, әйелді құл ретінде көру, жесірді әмеңгерлікпен күштеп, зорлап ағасына айттыру, кішкентай періштедей қызды жастайынан ағайынның баласымен атастырып қойып, зорлықпен үйлендіру сынды жайттарға өзінің қарсы екенін жайып салады. Және өзінің қандастарын ендігіден күшпен әйелдің бұл әйелдің бұл әлеммен тең емес екенін дәлелдемеуге насихаттады. Бұл гуманисттік тұрғыдан өзіндік даралығын бейнелейді. Расымен мен Шоқанды әлі толық зерттемесем де, одан тұлға ретінде де, публицист-жазушы, ғалым ретінде де алатын өнегем, үлгім көп екенін сеземін. Мен Шоқандай тұлғалардың жарқ етіп, қазақ тарихының, қазақ публицистикасының сахна төрінде жарқ еткенін, және олардың санының мол болғанын қалаймын! Осындай ел абыройын мойнына борышындай етіп сақтаған сыйлы тұлғамызға біз мәңгілік бас иіп өтеміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі