Халықтың демін басып, отаршылық езгі үшін 1870 жылдан бастау алған бұл газет қазақтар тарихында елеулі оқиға болды. Қазақтардыцң көкірегі оянып, көзі ашылып, халық бір тудың астындай бола бастады. Халықтың сана-сезімін оятқан газет. Газет редакторы ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан - Ибрагимов Шахмардан Мирасұлы.
Газеттің ресми және ресми емес деген екі бөлімі болды. Ресми бөлімінде нақты жарлықтар мен бұйрықтар басылып отырса, ресми емес бөлімінде егіншілік, мал шаруашылығы сынды тақырыптар қозғалып отырды. Газетте Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтар қызмет атқарды.
Тұңғыш газеттің беттерінде лиро-эпостық жырлар, Абай мен Ыбырайдың саралы жолы жазылды. Көбіне қоғамдық- саяси мәселелер де көп газет беттерінде жарық көріп отырды. Жалпы айтқанда, мен үшін өзге газеттерге қарағанда берері көп газет болды. Тарихының өзі жанды тебірентіп, патроиттық сезімді ұялатады. Әуелде басты мақсаттары елдегі болып жатқан езгіні жан ұшыра жариялау болса да, артынан халықтың сана-сезімін оятқан. Бұл газетте тек ғылыми мәселемен шектелмеген. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жастарды өнер мен білімге шақырған.
«Түркістан уалаятының газеті» халықтың сана - сезімін оятқан газет қана емес, елді туған жерін сүю мен білімге құштарлығын оятып, жастардың оқуына аса назар аударған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі