«Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйыңды.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай».
(Жәкеңнің 1946 жылға дайындалған жинағынан).
Міне, Жәкең Сүйінбайды осылай құрметтеп, өзімнің пірім деп келеді. Жәкең қай ақынмен айтыссын, қай мәжілісті бастасын, алдымен Сүйінбайды аузына алады. Біз осы еңбегіміздің ішінде Жамбылдың Албан Қалабай ақынмен кездескенде «Сүйінбайды аузына алған соң, қарсыласпай тоқтап, жолды саған бердім», — деп, өз айтқанын келтіріп едік. Жәкеңнің өз айтуынша, Жамбыл өлеңге батаны шүу дегенде Сүйінбайдан алған. Және сен ақынсың, өлеңің уытты, тек қайпаңдатпай, осылай айт деген де, өзінің қасына ертіп үлгі көрсеткен де — Сүйінбай.
Жамбылдың жүз жасаған өмірбаянын, оның ішінде қырғыз, қазаққа алпыс жылдай жырымен қызмет еткен ұзақ еңбегін айтқанда, оның ұстазы бір Жамбыл емес, бүкіл Ұлы жүз елінің ақындарына аға болып аруағын аузынан түсірмейтін Сүйінбайға, оның ақындық ортасына аз тоқтап өтпекпіз.
Сүйінбай — тек қана өлеңмен ел кезген, жел сөздің иесі, кезбе ақын емес, өз тұсының, өз ортасының ақылгөй, ел бастаған ақыны.
«Апыр-ау, мынау жатқан Сарыбай ма? Жолдасы Сүйінбайды танымай ма? Қырғызды қазақпенен айдап жеген Басында шуылдаған малы қайда?» — депті Сүйінбай Сарыбай өлгеннен кейін, бір жақтан келе жатып Сарыбайдың басына құран оқып отырып, Сарыбай Шапыраштының, оның ішінде Екейдің ел болуына, бас қосып, ірге тебуіне қанша еңбек еткенін жоғарыда аз шолып өттік. Сол Сарыбайдың терезесі тең, қатар жүрген үзеңгілес жолдасы болған кісі Сүйінбай:
«Алпыстың алтауында Андас өлді,
Сарыбайды Екей шулап жерге көмді.
Өзімнің тұстасымның бәрі кетті,
Байқасам, енді нәубет маған келді», —
деген өлеңі — Сүйінбайдың кіммен терезесі тең екеніне дәлел. Мынау айтып отырған Андас Ақымбек баласы — Саурықтың інісі, өзі датқа әрі ақын, әрі ел тірегі сияқты. Шешен Сүйінбай Жамбылды өткір, терең сөзге, ұзақ әдемі жырға баулыған.
Сүйінбай 1817-18 жылдар шамасында туған адам. 83 жасында, 1898 жылы қайтыс болған. Сүйінбайдың туысы — Екей ішінде Әлти. Сүйінбайдың руы — үш тоқал, Жамбыл атасы бәйбіше атанады. Жамбылмен 8-9 атадан келіп қосылады. Сүйінбайдың өз әкесі Арон деген кісі өте момын адам болыпты. Аранның әкесі Күсеп деген кісі ақын екен. Ел аузында Өтеген батырды ерте күнде осы Күсеп жырлаған екен деген аңыз бар. Бірақ ұмытылып кеткен екен. Ел аузында сақталған жұрнағын Жәкең естіп, әсіресе елдің қонысы тарылған кезде жаңғыртып қайтадан Жамбыл жырлапты. Жамбыл Өтегенді 1920 жылы Алматы қаласына келіп толықтандырып жаздырған, бұл жөнінде толық дәлел бар.
Екей руының «ерге қонды» болып бытырауын біз жоғарыда айттық. Сол Екей бытырағанда, Әлти руы алысқа көшпей, Мырзабек, Кәшке тұқымдарының маңында, Есқожа ішінде қалады.
Сүйінбайдың өз әкесі Арон Сұраншы батырдың қасында қоңсы болып отырады. Сүйінбай жасынан-ақ аузы орамды, өлеңші сері, сауыққой екен, өте пысық жігіт болады.
Сүйінбай туралы ел аузында мынадай аңыз бар.
Аранның он шақты ғана қойы бар екен. Қозысын қасқырдан қорқып үйіне көгендейді екен. Сүйінбай бала жігіт, үйінде ұйықтап жатса, түсінде бір кісі келіп: «Балам, көген аласың ба, өлең аласың ба?» — депті. Бала өлең аламын депті. Орнынан бастырлығып, тілі күрмеліп оянып, ұшып түре келіпті. Әкесі мен шешесі шошып, бір тоқтысын басына әкеліп бауыздап, қанымен ұшықтап құрмалдық етіпті. Сонан барып тілі шығып, құлағын бұрап өлең айтқан екен. Сүйінбайдың кейіннен өлең айтқанда құлағын ұстап айтатыны осыдан қалған әдеті екен дейді.
Сүйінбай содан былай өлең қуып, жиын тойды, қынаменде, шілдехананы құр өткізбей, ауыл арасынан қыз - келіншегімен айтысып, ақындық өріске талпынады. Бұл кез Кенесарының Ұлы жүз жаққа келіп, Ілені басып, Қараталды өтіп, Аягөзге қарай қол алып жүрген кезі. Өйткені ел аузындағы дәлелде Сүйінбай 25 жасында Тезек төреге барып өлең айтты депті. Ал Сүйінбай 1842-1943 жылдарда 25 жасқа келеді. Ал Кенесары 1846 жылы көп қолмен Іле Қараталды өтіп, Аягөзге дейін орыстың қолына қарсы барды», — деп жазады Кедзевецкий деген кісі Ұзынағаш соғысы туралы жазған кітапшасында.
Тағы сол кітаптың ішінде генерал Вишневский Лепсі өзенінің бойына келіп Жетісу елінің Албан, Дулат, Шапырашты, Матай, Садыр, Жалайыр елдерінің барлық атқамінер төре қарасын шақырып, Кенесарыға қарсы тұруға ант алды. Кенесарыға өте-мөте еш болған Жалайырдың төресі Әли Әділов еді, әсіресе елді Кенесарыға қарсы шығуға сол бастады», — дейді сол кітапта. Бұ да 1846 жылда болған.
Ал Сүйінбай өз өлеңінде:
«Отызда орда бұзған дүлдүл едім,
Тезектің Әлименен бұлбұлы едім.
Бір түнде үш тоғызын алсам дағы,
Тоймаған еш нәрсеге құзғын едім», —
дейді. Бұған қарағанда, Әли, Тезек, Әділ балаларына Сүйінбай ерте барғаны, олардың қолында болып өлең айтқаны анық.
Тезек пен Әлиге жақындасуында, Сүйінбай Сұраншы арқылы жақындасқан. Өйткені Сұраншы жөнінде «Түркістан уалаяты» деген Азияны патша үкіметі жаулап алуы жөнінде үлкен жинақтар бар. Сол жинақтың 1864 жылға арналған 17-томының 76-бетінде Сұраншы туралы мынадай мәліметтер бар. 1864 жылы 23 қаңтарда прапорщик Сұраншы Хакимбектің аулына қырғыздың манаптары (Солты руынан Жанқарат пен Бәйтектің жақындары Қоқым, Шайбектер) келіп 5 мыңдай жылқыларын алған. Сұраншы қырық кісімен қуып, өзін де қырғыздар қолға түсіріп әкеткен.
Қырғыздар Сұраншыны байлап әкеткен соң, Есқожаның кісілері шауып келіп генерал Дюгамелге білдірген.
Сол қырғыздар ақпанның бірі кезінде Қасқарау руының Қыбырай деген атасының 50 ауылын шауып, кеп малын алған. Осы хабармен генерал Дюгамел қырғыздарға кісі жіберіп, Сұраншы мен Андасты босаттырып, Қыбырайдан алған мал, шапқан елді Ешкім, Ырғайлы тауларында барып айырып алған.
Бұл уақиға 1861 жылы болған, Ұзынағаш соғысынан 3 жыл кейін, Ұзынағаш соғысына Қоқан қолын бастап келген Қанағат та жеңіліп қайтады. Ал сол соғыста Сұраншыны Колпаковский қырғыз ішіне және Бішкекке тыңшылыққа жіберген. Сұраншы барған жерден барып қырғыздар мен Қоқан қолына қосылып, келмей қалады. Осыған батырдың Сүйінбай жырлаған соғысы, бұл екі соғысқа да қатынасы жоқ. Және ел аузындағы әңгіме де толық дәлелмен басқа қылып айтады.
Өмірзақтың айтуында, Қоқанның қолымен қосылған қырғыздың қолы Аңырақай, Үштөбедегі Қасқарау Қыбырай елін шапты. Сонан хабар келіп, Сұраншы соны айыруға барып соғысып, қоқандықтарды қашырды дейді.
Және сол «Ұзынағаш уақиғасы» деген кітаптағы дәлелге қарағанда, 1861 жылдан кейін Қоқан ханның қолы Шудан бері аяқ баса алмаған. 1863 жылы Әулие ата, Шымкентті, Сырдария жағынан Черняев, Алматыдан Колпаковский шығып, Сырдария мен Алматы арасын қосады. 1865 жылы Тәшкентті алады. Сұраншы Тәшкентке жетпей, Сайрамдағы қорғанға орыс қолы кіріп, сонда бір үйдегі үпке кірген жерде, тығылып отырған қоқандықтар атып өлтірген. Бұған қарағанда, Сұраншы 1865жылдар шамасында өледі.
Сұраншыны алғаш бастап жырлаған — Сүйінбай. Оған дәлел, біз жоғарыда айттық, Сүйінбайдың Тезек төремен қалай жақындасқанын, ал Сұраншы бірде қосылып, бірде бөлініп жүріп, орыс қолында Тезекпенен қатарлас жүрген адам. Сүйінбай өзі қасына көп еріп әрі әкесі қоңсы болған Сұраншыны Тезектің үйінде отырып батыр еді деп мақтаған.
Бұл жөнінде «Өмірзақ Қарғабай баласы халық ақыны (қазірде 82 жаста) Сүйінбайдың өзін көрген. Соның айтуынша, Сүйінбай алғаш Тезекке барғанда, рұқсатсыз үйіне кіріп барыпты. Сонда Тезек өзі ақын адам төсегінде шалқасынан жатып өлең айтып жатыр екен. Үстіне рұқсатсыз кірген Сүйінбайды ақ таяқшысына «Апарып қамап байла, не деген бассыз», — деп ақырады.
Сонда Сүйінбай құлағын бұрап өлең айтып қоя беріп, екеуі ары-бері сөзбен қағысып, Сүйінбайдың сөзі ұнаған соң, тимей, қасына алып өлең айтқызады. Сүйінбайға ат беріп, сый береді. Бірақ ендігі жылы тағы кел деп шақырады. Екінші жолы барғанында, Тезек: «Сен Шапырашты шетінен батыр дейсің, Сұраншы, Саурықты мақтайсың, оларың не ерлік істеп еді?» — дегенде, Сүйінбай Сұраншының Жамбыл өңдеп, кейіннен айтқан жырын жырлайды. Сонда жырын аяқтатып келген жерде.
Өтірік айтсам, мені ұрсын,
Сенбесең, төрем, сені ұрсын», —
дегенде Тезек: «Сүйінбайым, өтірікті шындай қылуға берген-ау саған тілді тәңірім. Мен Сұраншыны білмеймін бе, тым асырып жібердің-ау!» — деген екен.
Тезек Сұраншыны ете жақсы білген. Сұраншының бұл ұрысқа қалай барғанын, оның неден болғанын да білген, өйткені бұл соғыс — бүкіл Ұлы жүзге белгілі әңгіме. «Жамбыл» колхозының мүшесі Ыбырайым Бейсембекұлы шежіре қарт осы Сұраншы әңгімесін өте анықтап айтады. Өйткені Ыбырайым үлкен әкесі Райымбек деген кісі көп жасап, 83 жасында 1914 жылы өлген. Ол кісі Сұраншының соғысына өзі қатынасқан. Райымбек: «Артынан ерер кісісінің аздығы, елінің екейлігі болмағанда, белгілі батырдың бірі еді», — дейді. Екей ақсақалдары Сұраншының бұл соғысын Райымбек бастан аяқ өте қызық етіп айтады екен. «Сұраншыға хабар келгенде, мен де қасында едім.
Қарғалының беткейінде, ауылдың сыртында тоғыз құмалақ ойнап отыр еді, Сұраншы. Екі торы аты терден бурыл кеткен Тілеуқабыл елінің шапқыншысы келді. Қос атпен кісі келе жатқанда - ақ, Сұраншы құмалақты жайып күтіп отырды.
— Тойшыбек бастаған Қоқанның қолы Беркедердегі Тілеуқабылды шапты, елдің ақсақалы сізге жіберді, — деді шапқыншыл. Сұраншы көп сөйлемейтін кісі еді. Аз ойланып отырды да:
— Тігіңдер туды! — деді. Кәшке туын көтерген соң-ақ сол жердегі Есқожа, Екейдің барлық ер азаматы атқа мінді. Небәрі 800-дей ғана кісі болды. Қол жөңкіле төмен түсті. Сұраншы аулының барлық жарамды ат-айғырын мінгізіп, қара көбейтіңдер деп, малшыларына дейін қалдырмады.
Шапқыншы Саркемерге ел жаңа ғана қонып жатқанда шауып жетеді. Өзінің қолы сол жерден кейін серпілді. «Тауға кеуделеп келіп қалған шығар», — деген соң, біздің қол біресе жөңкіліп Қопаға шауып, біресе Құтырғанға қарай шауып, атта барлықты. Бір мезгілде Сұраншы: «Қоқанның қолы Қопаға қоныпты. Енді ол бүгін көшпейді, түнде тиеміз, атты біраз тынықтырып алалық», — деп қолға аралап жүріп айтты да, өзі Жанжігіт, Төбет деген жерге әкеліп қолды түсірді. Елдің бәріне отын шаптырды. Бір кісіге үш жерден отын үйдіріп, күн бата барлық үйген отынға от қойғызды. Ел жата 300 кісіні үшке бөліп, үш жақтан тұтатқан бұтаны аттың құйрығына байлатып, ел жата жатқан қолға келіп тиіп жіберді.
Сұраншы қолдың алдымен Қоқан қолының ортасына өзі кіріп, алдымен туды шаншып түсірген. Қаптаған от, көтерілген шаң өзінен өзі дүрлікпен, жай жатқан алаңсыз қол есі шығып, басқарылып соғыса алмай қашқан. Қашқан жауды жетіп түсіре бердік. Мен өзім сол түнде 17 аттың құлағын кескен екенмін, 6 ат қазақтікі екен, өзі танып алды, қалған 11 атты Жауқашар екеуміз алдық, (соғыста жаудан кісі түсіріп атын алғанда, түсірген кісі аттың құлағын ойып алады екен. Артынан кімде кімнің кісесінде құлақтың ойығы қай атқа дәл келсе, сол атты алады екен)
Қоқанның қолы сол қашқаннан жаман қашты. Көбі қазақ пен қырғыз екен. Қоқан қолының алып кеткен мал - мүлкін қайырып әкеліп, шабылып қалған Тілеуқабыл елінің өзіне бергенде, Тілеуқабыл елінің Тілен деген кісінің бәйбішесі семіз кісі екен, аяңдап келіп: «Сұраншы батыр қайсысың? Көрейін», — деп келіп, алдына бір шығып, артына бір шығып: «Балам-ай, батыр болар тұлғаң жоқ екен, сүмелеңдеген сүйегің сүйек емес екен. Бірақ атаңның аруағы баса қонған екен», — деді, соны өз құлағыммен естідім, бұл шабындының болуы. Тойшыбектің қолды бастап барып жүрген себебі, Қасқарау Кәрім деген мен Тілеуқабылдының ішінен шыққан Тойшыбек батыр құда жақын екен. Тойшыбек Кәрімдікіне келіп қонса, мал сойып құрметтеп қонақ асысын береді. Тәшкеннің жаңа бөзінен сулық және қоңырқай майлық орамалды әкеліп қояды. Ет жеп болғаннан кейін Тойшыбек қолын майлыққа сүртпей, сулыққа сүртеді. Сөйтсе, Кәрім Тойшыбектің қолынан орамалды жұлып алады: «Адам деп құрметтеп сулық қойса, қолыңның майын майлыққа сүртпей, әкеліп сулыққа сүртесің. Ол қай асқандығың. Сен кімді басынасың?!» — деп екеуі жатып ерегіседі.
«Қап, бәлем, саған қылмасам ба?!» — деп Тойшыбек аттанады. Сол бетімен Пішпектегі Қоқанның бегіне барып: «Орысқа қарап көмек бергелі жатқан бай бар, соны шауып алып қайтамын», — деп кезек сұрайды. Сонан қырғызы, қазағы бар, қоқандығы бар, тегін олжаға көп кісі аттанады.
Тойшыбек хабарын естіп Кәрім үдере ауып, Іле қуалап кетіп, Кәрім аулын іздеп жүріп Саркемерде қонып жатқан Тойшыбектің өз ағайындары Тілеуқабыл елінің үстінен түсіп, Тойшыбекке бой бермей шауып жібереді.
«Мырза аға, бүйтіп жегенше, әйеліңнің астын жесең етті», — деп Тойшыбекке Қармыс дегеннің қатыны Ақбике деген әйел айтыпты деген ел аузында әңгіме бар. Қырғыз, Қоқан қолдары қызыл қырғын етіп шауып, баланы, әйелді зарлатып найзаға шаншып, дүние мүлікті тілгілеп расуасын шығарып жүргенде, Тойшыбектің тоқтатуға шамасы келмей, іздеп шыққан елі табылмай, өзі жағынды болып тұрғанда айтыпты дейді анау әйел әлгі сөзді.
Мінеки, Сұраншы соғысының барлық мазмұны және шыны. Мұның шын болуы, жоғарыда айтылған 1861 жылы болған Мұсылманқұл және Қанағашта бастап келген екі соғыста да Сұраншы орыс жағында болмағанын документтерден дәлел келтірдік. Басқа соғыс болған жоқ. Ал жырдың өзінде де осы айтылған түрде сипатталады. Ол жырдағы бір орынсыз қоспа — Сұраншыны кедей деу. Сұраншы Ақымбет баласы — хан Кәшкенің немересі, өте бай болған, батыр атанған ақсүйек тұқымы. Ол кездегі Жетісу алабындағы орыс пен Қоқан ханының арасындағы жағдайды, қазақтың қай батырының қанша қызмет көрсеткенін Тезек өте жақсы білген. Сонау 1846 жылы Лепсі бойында генерал Вишневскийге бүкіл Жетісу елінің адамдары барып ант бергеннен бастап, Тезек орыс қолының қандай қимылы болсын көбіне өзі араласып отырған. Онымен қоса орыс қолын бастап кейде елшілікке де жүрген. Мысалы, 1856-57 жылғы қыста Семенов Тезекті қасына алып, Тоқпақты басып қырғыз еліне барады.
Бұл кезде қырғыз елінің Бұғы, Сарбағыс деген рулары қатты араз екен, өйткені Кенесарыны қолға түсіріп өлтірткеннен Сарбағыс руынан шыққан Орман ханды Бұғы руының аталы манабы Борамбайдың жиені Қылыш деген батыр жігіт 1855 жылы өлтіреді.
Орманның құнын жоқтап Орманның баласы Үмбетәлі Сарбағыс елін бастап, 1856 жылы Бұғы руын тас-талқан қылып шапқан. Міне, осы шабындыдан босқан Бұғы руы Алматы, Қапалдағы орыс Ұлықтарына келіп арыз айтып, содан Семенов Тезекті екі жағын бітімдестіруге Ыстықкөлге алып барған. Семенов Хан тәңірін көріп, зерттеп қайтамын деп отрядымен сонда кеткенде, Тезекті Сарбағыс руың жатқан жерінен ұстап, байлап алып кеткен. Семеновке артынан хабар барып, Тезекті босатып алған.
1861 жылы Колпаковский маусым айының ішінде Алматыдан шығып Қаракәстекке барып, ондағы бекіністен асып Қоқан қолының алдынан жер шала жүрмек болғанда, Қоқан қолы келіп қалғанынан хабар алып, тоқталған. 8 шілде күні Жиренайғырда соғыс болып, Қоқанның қолын бастап келген Рүстембек жеңіліп, қайта қашқан.
Тамыздың 28-і күні қасында 150 жігіті бар Тезек Колпаковскийге қосылған. Сонан Пішпекті алғанда да бірге барған. Сол жылы қазан айының басында Сұраншы Пішпекке тыңшылыққа жіберіліп, сол барғаннан келмей, Қоқанның қолына қосылады. Қазанның 15-і күні Колпаковский Тезекке және Сөктің баласы Жанғазыға, Әділет төреге хат жазып, Қанағатшаның қолының келіп қалғанын айтып, көмек сұрайды. Міне, Тезек орыс қолына өте көрнекті басшы болған. Ұзынағаш соғысының алдында Тезекке капитан атағы берілген.
Ұзынағаш соғысында Колпаковскийге көп жәрдем көрсеткен Қожақұл Байсерке баласына орден берілген.
Әбіл Әділевке алтын медаль берілген.
Жауды шалып қалуда, тіл алуда ете сенімді болған Шапырашты руынан Абдан Сарқыт баласы болған.
Осы уақиғалардың бәрін қолынан таратқан Тезекке Сүйінбай айтқан Сұраншы уақиғасының жаңалығы жоқ. Оны жырлатып отырған — өзі. Онысы Сүйінбайдың ақындығын байқап, өріс көрсетуінің бір қыры.
Сүйінбайдың өте-мөте аты шығып, аруағы қырғыз, қазаққа тегіс жайылғаны — Тезекпен қырғыздың белгілі манабының бірі Алибай асына барғанда Қатаған ақынмен айтысы. Бұл айтысты Өмірзақ жырлағанда ұзақ айтып әдемі айтады.
«Бірақ мен бәрін айта алмаймын, жаңылған жерім бар сияқты, мұны Жамбыл жақсы айтушы еді», — дейді.
— Мені қырғыз еліне таныстырған — Сүйінбайдың осы айтысы ғой, — дейді екен Жамбыл.
Сүйінбай осы айтыстан қайтқанда, 60 ат айдап қайтқан екен дейді Өмірзақ та, Үмбетәлі де. Өйткені Сүйінбай бұл барып айтысқаны қырғыздың орыс патшалығының қол астына жете бағынып онша түсінбеген, өзара ала кезі болады. Ал Тезек орыс ұлықтарының ете сенімді султаны. Сол Тезек еркелеткен Сүйінбайды сыйлап, Тезекке ерекше құрмет етуінің бір саласы болған көрінеді.
Бұл жиынға Сүйінбайдың қалай барғанын Өмірзақ жақсы айтады.
Тезектің Сүйінбайды өте еркелетіп, оның ақындығын аса құрметтегенін мынадай дәлелден де көруге болады. Сүйінбай мен Сарыбай Екей елін жаңа жинап басын қосып жүрген кезде, аса қатты жұт болады. Ел қатты ашығады. Сол кездегі Екейдің әрі ақсақалы, әрі сөзге ие кісісі Кенжебай деген кісі екен. Кенжебай бір күні Сарыбай мен Сүйінбайды шақырып алып:
— Екеуің мынау елді қырасың ба, мал табыңдар. Жаңа бас қосқан аз ғана Екей тағы бытырап кетеді. Мына қыстан алып шығу керек. Кеп болса, қыстан шықса, малын төлерміз, — дейді.
Сарыбай, Сүйінбай, Лаубай деген ұрыны басшы етіп, мал іздеп ұрлыққа аттанады. Бұлар Іле бойына барып көп жылқыға кездесіп, бір айғыр үйірлі қысырақты айдап алып елдеріне әкеліп, үй басы бөліп алады. 12 қара кек байталы бар, көмірдей қара айғыры бар әдемі қысырақты қырып алғаннан кейін, бұлар кімдікі болды екен деп құлақ түрсе, бұл Тезектің еркелеткен бір қызына арнап матаған қысырағы екен, жер-көкті арылтып сұрау салмағын жер қоймайды. Бірақ қысырақ шықпайды. Жаз шығып, жер аяғы кеңиді. Ел де жұттан құтылып, аштықтан арылып, есін жияды. Осы кезде Жетісу елінің басы қосылып ақылдасатын жиналыс шақырылады. Бұл жиналысты шақыртуға басшылық етушінің бірі Тезек болады. Осы хабарды есіткен соң Сарыбай мен Сүйінбайға үлкен ой түседі. Ел құлағы — елу, қысырақтың дыбысы білініп қалса, Тезек оңдырмайды. 12 байталға он екі тоғыз, айғырға бес тоғыз, таңбасына бір тоғыз, Әділдің босағасына үш тоғыз. Бұрынғы төре малының кесігі осы. Бірақ істеген қателігін өзі айтып мойнына алса, айыпсыз бітім алады.
Сарыбай мен Сүйінбай: бұл қысырақ түбі шықпай кетпейді. Ел аузына елек қоя алмаймыз, жағымпаз ел жанасқысы келіп айтып қойса, масқара боламыз, одан да өзіміз барып айталық, айыбына кешірім сұралық дейді. Бұған Кенжебай көнбейді. «Не де болса мойынға алмай танып қоямыз, сіңіп кетеді», — дейді.
Екеуі шыдай алмай Тезектің аулына келіп ордасына кіріп сәлем бергеннен бастап, Сүйінбай өлеңді тоғытып жүндей сабайды. Әсіресе өткен қыстағы жұтты, елдің ашығып қысылғанын айтып, сөзінің аяқ жерінде:
«Сорлы екей, қара айғырдың үйірін берсеңші енді,
Хан ием, құнан тайдан келсеңші енді!» —
дейді.
Бағанадан өлең тыңдап жайраңдап отырған Тезек қара айғырдың үйірі деген жерде жұлып алғандай:
— Қара айғырдың үйірін сендер алып па едіңдер? Бұл не сұмдық, өзге Ұлы жүз тұрсын, Екей де басынды ма Әділдің шаңырағын? — депті. Сүйінбай қайта жырлап:
— Басынған емес, қарны ашқан қаралы үйге шабады. Қарашы өлсе, жақсы ат па екен, ол еркелігі, бұл кешірім өзіңнен, — дегенде:
— Қап, қап, өздерің келіп айтқан соң, амал жоқ. Әйтпесе қара айғырдың үйірі үшін қара орманыңды алмай, тынбас едім. 12 байталына 12 дөнежін, бие айғырына бір түйе әкеліп қосыңдар, — дегенде, Сарыбай:
— Алдияр, әділдігіңе бас! — деп, Тезектің аяғын құшақтай алғанда, Сүйінбай үндемей отырып қалыпты.
Жауды шалып қалуда, тіл алуда өте сенімді болған Шапырашты руынан Абдан Сарқыт баласы болған.
Осы уақиғалардың бәрін қолынан таратқан Тезекке Сүйінбай айтқан Сұраншы уақиғасының жаңалығы жоқ. Оны жырлатып отырған — өзі. Онысы Сүйінбайдың ақындығын байқап, өpic көрсетуінің бір қыры.
Сүйінбайдың өте-мөте аты шығып, аруағы қырғыз, қазаққа тегіс жайылғаны — Тезекпен қырғыздың белгілі манабының бірі Алибай асына барғанда Қатаған ақынмен айтысы. Бұл айтысты Өмірзақ жырлағанда ұзақ айтып әдемі айтады.
«Бірақ мен бәрін айта алмаймын, жаңылған жерім бар сияқты, мұны Жамбыл жақсы айтушы еді», — дейді.
— Мені қырғыз еліне таныстырған — Сүйінбайдың осы айтысы ғой, — дейді екен Жамбыл.
Сүйінбай осы айтыстан қайтқанда, 60 ат айдап қайтқан екен дейді Өмірзақ та, Үмбетәлі де. Өйткені Сүйінбай бұл барып айтысқаны қырғыздың орыс патшалығының қол астына жете бағынып онша түсінбеген, өзара ала кезі болады. Ал Тезек орыс Ұлықтарының өте сенімді султаны. Сол Тезек еркелеткен Сүйінбайды сыйлап, Тезекке ерекше құрмет етуінің бір саласы болған көрінеді.
Бұл жиынға Сүйінбайдың қалай барғанын Өмірзақ жақсы айтады.
Тезектің Сүйінбайды өте еркелетіп, оның ақындығын аса құрметтегенін мынадай дәлелден де көруге болады. Сүйінбай мен Сарыбай Екей елін жаңа жинап басын қосып жүрген кезде, аса қатты жұт болады. Ел қатты ашығады. Сол кездегі Екейдің әрі ақсақалы, әрі сөзге ие кісісі Кенжебай деген кісі екен. Кенжебай бір күні Сарыбай мен Сүйінбайды шақырып алып:
— Екеуің мынау елді қырасың ба, мал табыңдар. Жаңа бас қосқан аз ғана Екей тағы бытырап кетеді. Мына қыстан алып шығу керек. Көп болса, қыстан шықса, малын телерміз, — дейді.
Сарыбай, Сүйінбай, Лаубай деген ұрыны басшы етіп, мал іздеп ұрлыққа аттанады. Бұлар Іле бойына барып кеп жылқыға кездесіп, бір айғыр үйірлі қысырақты айдап алып елдеріне әкеліп, үй басы бөліп алады. 12 қара көк байталы бар, көмірдей қара айғыры бар әдемі қысырақты қырып алғаннан кейін, бұлар кімдікі болды екен деп құлақ түрсе, бұл Тезектің еркелеткен бір қызына арнап матаған қысырағы екен, жер-көкті арылтып сұрау салмағын жер қоймайды. Бірақ қысырақ шықпайды. Жаз шығып, жер аяғы кеңиді. Ел де жұттан құтылып, аштықтан арылса, есін жияды. Осы кезде Жетісу елінің басы қосылып ақылдасатын жиналыс шақырылады. Бұл жиналысты шақыртуға басшылық етушінің бірі Тезек болады. Осы хабарды есіткен соң Сарыбай мен Сүйінбайға үлкен ой түседі. Ел құлағы — елу, қысырақтың дыбысы білініп қалса, Тезек оңдырмайды. 12 байталға он екі тоғыз, айғырға бес тоғыз, таңбасына бір тоғыз, Әділдің босағасына үш тоғыз. Бұрынғы төре малының кесігі осы. Бірақ істеген қателігін өзі айтып мойнына алса, айыпсыз бітім алады.
Сарыбай мен Сүйінбай: бұл қысырақ түбі шықпай кетпейді. Ел аузына елек қоя алмаймыз, жағымпаз ел жанасқысы келіп айтып қойса, масқара боламыз, одан да өзіміз барып айталық, айыбына кешірім сұралық дейді. Бұған Кенжебай көнбейді. «Не де болса мойынға алмай танып қоямыз, сіңіп кетеді», — дейді.
Екеуі шыдай алмай Тезектің аулына келіп ордасына кіріп сәлем бергеннен бастап, Сүйінбай өлеңді тоғытып жүндей сабайды. Әсіресе өткен қыстағы жұтты, елдің ашығып қысылғанын айтып, сөзінің аяқ жерінде:
«Сорлы екей, қара айғырдың үйірін берсеңші енді,
Хан ием, құнан тайдан келсеңші енді!» —
дейді.
Бағанадан өлең тыңдап жайраңдап отырған Тезек қара айғырдың үйірі деген жерде жұлып алғандай:
— Қара айғырдың үйірін сендер алып па едіңдер? Бұл не сұмдық, әзге Ұлы жүз тұрсын, Екей де басынды ма Әділдің шаңырағын? — депті. Сүйінбай қайта жырлап:
— Басынған емес, қарны ашқан қаралы үйге шабады. Қарашы өлсе, жақсы ат па екен, ол еркелігі, бұл кешірім өзіңнен, — дегенде:
— Қап, қап, өздерің келіп айтқан соң, амал жоқ. Әйтпесе қара айғырдың үйірі үшін қара орманыңды алмай, тынбас едім. 12 байталына 12 дөнежін, бие айғырына бір түйе әкеліп қосыңдар, — дегенде, Сарыбай:
— Алдияр, әділдігіңе бас! — деп, Тезектің аяғын құшақтай алғанда, Сүйінбай үндемей отырып қалыпты.
— Сен қужақ, неге үндемей қалдың? — депті Тезек Сүйінбайға қарап.
— Тақсыр төрем, менің алдияр дегенім — атаңның жолынан асып билік айттың, соныңа наразы болып үндемей қалдым. Атаң Әділдің иесі күрең деген атын арғын Кішібай қарақшы бір жұртшылықта сойып жеп, Әділ бір жақтан қайтып келе жатқанда, алдынан қатынына табақ көтертіп, жолын тосып тұрыпты. Төре тұстарына келгенде, қол қусырып сәлем беріп, дәм татыңыз деп табақтағы етті ұсыныпты. Төре: «Мен далада тамақ жемеймін, дәміңе рақмет», — дегенде Кішібай:
— Тақсыр терем, сіздің мес күреңді балаларым ашыққан соң, мен әкеліп сойып едім. Мынау соның жаясының еті мен бір кішкене қазысы еді. Бұйырған малға тас тиеді деген. Көп мінген атыңыз еді, етінен ауыз тисін деп едім», — дегенде, төре аттан түсіп еттен ауыз тиіп, Кішібайдан:
— Осы күнде жылқы нешеу, адамың нешеу? — деген екен. Сонда Кішібайдың жаны алтау, жылқысы төрттей екен.
— Адамыңнан жылқың асқанда бір дөнен қосарсың, — деп жүріп кеткен екен. Сіз атаңның жолынан адасып, өзіңе тарттың, — дегенде:
— Ой, қужақ, мұны қайдан естіп қойып едің. Ендеше, 12 құнажын байтал, бір дөнен төлеңдер, бірақ көп жиналғанша әкеліп қосыңдар! — депті.
Сарыбай мен Сүйінбай елге келе салып қысырақты жеген елден малын жинайды, Төлеуді алып жүрерде, Сүйінбайдың өзі туысқанымен қысырақтың етінен көбірек жеген екен, бұларға артығырақ түсіп, дөненді төлейтін болыпты. Маңқа болып ауырып жүрген бурыл биесі бар екен, соны төлеу малына қосып Тезекке алып барыпты. Тезек өте малқорда кісі екен, апарған төлеуді өзі көріп алып, Сүйінбайдың бурыл биесін көріп: «Мынаның жүнінің түрі жаман екен, аурудан сау ма? » — деп сұраған екен, Сүйінбай сау деп бет бақтырмапты.
— Құдай ұрған қужақ, анадағы биең маңқа екен ғой. Ауру биеңді әкеліп, ұрлағаныңмен қоймай, малымды бүлдірейін дедің бе? — депті. Сонда Сүйінбай жұлып алғандай қаймықпастан:
— Сөк ағаның мұрнын жегенде, біздің Екейдің асыранды құрты ғой деймісің. Әкеліп бергенде бием сау-ды, осында әкелген соң өзіңнің ұрлықтан келген бір малыңнан жұқты да, — деп шап ете түсіпті.
— Қужақ, тіліңе шоқ түссін. Ендігәрі айта көрме. Биең де к,ұрысын, өзің де құры, әкет, — деп бөлек байлатып қойған екен, биесін өзіне әкеліп бергізіпті.
Сүйінбайдың жұлып алғандай тауып айтатындығы бір бұл ғана емес, сан жерде сыналып, ел аузына ілінген шешен болған. Сүйінбай бірде қырғыз Шабдан манаптың ;жесі Жантаймен әңгімелесіп отырғанда: «Сүйінбай ботам, құданың бергеніне шүкіршілік, атамнан туып, ат жалын тартып мінгелі жағама жаттың қолы тиіп керген жоқ», — депті Жантай. Сүйінбай жұлып алғандай: «Әлгі Тайторы Шымырбай алып соғып, арт жағыңнан екі теуіп жібергенде, Ноғайдың шатырына басыңыз кіріп кеткені ат жалын тартып мінбей тұрған кезіңіз бе еді, Шоң аға?» — депті.
Жантай үндемей отырып қалыпты да: «Шырағым Сүйінбай, енді ешкімге айта көрме», — деп, үлкен сыйлық беріп аттандырыпты. Шапырашты руының ішінде Тайторы деген атасының атқа мінген әрі шешен, әрі батыр жігіті Шымырбай деген кісінің бір айғыр үйірлі қысырағы жоғалып, соны іздеп шығып қырғыз асады. Көкайрақ өзенінің бойында жатқан Жантайдың жылқысын араласа, қысырағы сол жылқыда жүр екен. Шымырбай ойлайды: «Бұл ауа жайылып келген ғой, аман табылғаны жақсы болды. Енді Жантайға сәлем беріп, амандаса кетейін», — деп келсе, Жантай аулына саудамен келіп шатыр тігіп жатқан ногайдың үйінде қонақта отыр екен, Шымырбай сонда келеді. Жөн сұрасып, ел жайын әңгіме етіп отырғанда, өзінің қысырағының Жантайдың жылқысында жүргенін керіп, аман табылғанына қуанғанын айтқанда, Жантай ашуланып: «Атаң көрі маңқа қазақ. Менің тапа - тал түсте жылқымды аралап, неден құтырдың?» — деп тұра ұмтылғанда, Шымырбай Жантайды көтеріп жерге бір қойып, арт жағынан екі теуіп жібергенде, басы шатырдың астына кіріп кетеді. Ел іргесі Жантайды сабатып қоя ма, Шымырбайды байлап алады. Шымырбайдың қасындағы жолдасы босанып Саурыққа келіп хабар береді. Саурық барып Шымырбайдың өзін де, қысырақты да — бәрін алып қайтады. Міне, жоғарыдағы Сүйінбайдың айтқаны осы екен.
Андас Ыстамбек баласы бұл Саурықтың інісі. Сұраншымен немере. Колпаковскийдің кезінде Шапыраштыға болыс болған датқа атанған кісі. Ботбай Сыпатай батырдың асына Сұраншы барды деген қате екенін жоғарыда айттық, ол асқа Ақым барған. Осы Андас датқа, бұл Сұраншы Саурықтай батыр болмаған, бірақ өте қырсықты пай, зорлықшыл, кесел болған адам. Осы Андастан үлгі көрген Саурықтың Сыпатай деген баласы да өте зорлықшыл болыпты. Сарыбайдың баласы Қисыбайдың жасөспірім жігіт кезінде осы Саурық баласы Сыпатайға бір жерде кездесіп әңгімелесіп келе жатып, Қисыбай: «Осы, Датқа аға, сіздерді түрікпен дейтіні несі?» — деп сұрапты. Сыпатай: «Мен түрікпен деген сөзді есіткенім жоқ. Оны айтқан кім, маған соны тауып бер. Мен атамды білмей жүр екенмін, онда болса, анықтап беріңдер», — деп ашуланған соң, Қисыбай қысылып, не айтарын білмей ұялады: «Мұны маған Құдіке деген кісі айтып еді» депті. «Ендеше, сол Құдікені ертіп кел, менің атамды тауып берсін» деп зілденген соң, Қисыбай Құдікені әкелуге уәде беріп босаныпты. Қисыбай, шынында да, Құдікеден келіп сұраса, ол анықтап айтып шыға алмапты.
Сыпатай, шынында, атасын түрікпен дегенге намыстанады екен, басқалар да басынып, түрікпен деп кетеді. Осыны айтқызбау үшін, Екейдің ең ауызға ілінер жерінен айып алып, қыр көрсетейін деген оймен, Қисыбайға уәделі күнінде кісі жіберіпті. «Сарыбайдың баласы атамды тапты ма екен, жоқ аузын тазалай ма екен?» — деп. Қисыбай қысылып, Құдікені ертіп Сыпатайдың үйіне келсе, сол үйде Сүйінбай келіп отыр екен, сәлемдескеннен кейін, Сүйінбай Қисыбайдан қайдан жүрсіңдер деп сұраса, Қисыбай не айтарын білмей қысылып отырғанда:
— Кәне, мына ағаң да отыр, менің атамды таптыңдар ма, Құдіке айтты деп едің ғой, ал, Құдіке, таратшы! — депті Сыпатай. Бұлар жауап бере алмай бөгеліп қалғанда, Сүйінбай жұлып алғандай:
— Әй, үйің күйгір, Есқожа-ай, құтырып өлерсіңдер - ау. Баяғыда Әзірәлі Серғазыға менің түбім түрікпен екен, мына Екей Сарыбай Емілдің басқа баласын қосып алып, менің артыма түседі деп арыз айтып жүр дегенді Құдіке естиді де. Өзің айтпасаң, атаңның қайдан келгенін бұл қайдан білсін? — депті.
Ойда жоқта айтқан дәлелді сөз Сыпатай мойнына су құйып үндетпей тастаған екен де, оның айыпқа ашылған қорқау аранына ащы сөз зәрін құя салып тоқтатқан екен.
Есқожадан Алтынай, одан кәдуілгі бүкіл Шапыраштыға ұран болған Қарасай батыр туыпты.
Қарасай батырдан үш бала туады, үлкені — Өтеп, ортаншысы — Көшек, кенжесі — Түрікпен. Қарасай тұқымының ен, өскен жері осы Түрікпен болады. Кәдуілгі Саурық Сұраншының атасы Мырзабек, Кәшке осы Түрікпеннің тұқымы 4-5-ак, ата. Міне, түрікпен деген сөз — осы. Ал, Есқожаның тұқымы, әрі бай әрі батыр көп шыққан кісілікті болады да, содан Емілдің аты жүре-жүре жоғалып, Емілдің тұқымының өзі Есқожа атанып кетеді. Осы күнде Шапыраштының тұқымы Екей, Есқожа болып екі үлкен атаға бөлінеді.
Сүйінбайдың өте қадірлес болған құрбысы Қалқаман ішінде Данияр деген кісі екен. Данияр да сөзге шебер, Қалқаман да жөн білетін тәуір адамның бірі болыпты. Сүйінбай бірде Алматыға келсе, Данияр Алматыда жүр екен.
Данияр Сүйінбайдан бірнеше күн бұрын келген болса керек. «Ел жайлауға көшіп, Қарғалыдан асып па екен?» — деп сұрапты Данияр Сүйінбайдан. «Ел көшкен көрінеді, сенің ауылың да көшіпті» депті. «Е, оны қайдан білдің?» — десе керек Данияр. «Қарғалының жағасында екі-үш баланың, екі-үш тананың ізі жатыр, сол сенің көшің емей, менің ізім деймісің?» — деп, аузын ашырмаған екен.
Тағы сол жолы Даниярмен екеуі Даниярдың ұзатқан апасы бар екен, соның үйіне қоныпты. Сөйтсе, өте кедей екен. Сойып берер бойдақ малы болмай, жалғыз лақты ешкісін әкеліп, бата тілепті. Сүйінбай ешкіге бата істемей, ықыласына разы болып қоя беріпті де, жай етсіз қонақасы жеп, ертеңіне аттаныпты. Данияр екеуі былай шыққан соң:
— Сенің артыңда жүрген кедейшілік өз басыңда ғана екен десем, тұқым қуалаған кедейшілік екен той. Ең аяғы ұзатқан қызға дейін оңбаған екен, — деп қалжыңдапты.
Сүйінбайдың қасына көп ергенде Жамбыл осы сияқты тапқыр, өткір сөздерін көп үйреніп, өзі бертінде айтып отырады екен. Осы айтылған сөздердің көбін Жамбылдан ұтып алып, айтқанынан үйреніп едік дейді бізге айтқан Ыбырайым, Омар ақсақалдар.
Қырғыздың Орман ханына ас бергенде Сүйінбай Андаспен еріп барыпты. (Андас Ыстамбек баласы Саурықтың інісі, Датқа атанған адам) Орманның балалары Үмбетәлі, Шарғынға Сүйінбай барып көңіл айтып жырлап жіберіпті.
Бұл жыр Орман балаларына, оны жанаған қырғыз манаптарына өте ұнап, Сүйінбайды қаралы үйге отырғызып, Орманды жоқтатқан. Бұл жөніндегі жырды Өмірзақ жақсы біледі.
Үмбетәлі, Шарғын екеуі үй көтеріп, қыз бермекші болады. Қырғыздар намыс етіпті. Сүйінбайдың өлеңіне қыз берме, есік көрген қатын бер деп, қатынды алып келгенде:
Хан Орманның баласы Үмбетәлі, Үмбетәлі дейді ғой жанның бәрі, Бұл қатынды көрсетіп Сүйінбайды, Қылмағын, батыр Үмбет, әрі-сәрі. Мұны қайтып қазаққа көрсетермін, Өзі де болып қапты базар кәрі. Әкемді былтыр алдың, ойбай құдай, Екі шешем бар еді жесір қалды-ай, Алатұғын әмеңгер өліп қалған Үш кемпірді қай жаққа ұстармын-ай! — деп отырып алған. Бір қыз беріп, басына үш қанат үй көтеріп, үш түйе артқызып, астына ат мінгізіп берген.
Сүйінбайдың бұл асқа барып үй көтеріп, қыз алып қайтқаны 1857-58 жылдардың шамасы болуға тиіс. Өйткені Орманды Бұғы руы өлтіргені 1855-56 жылдардың шамасында. Асты аса кешіктірмей берген болса керек.
Алыбай асында Қатағанды мүдіртіп 60 ат алған, Орман асында қырғыз, қазақ ақынынан асып Орманды жоқтап, үй тіктіріп, қыз алғаны Сүйінбайдың атағын қырғыз, қазаққа тегіс жайып, абыройын арттырып жіберді. Оның үстіне Тезектің еркіндетіп қоюы да жұрт алдында Сүйінбайдың беделін қатты көтереді.
Бұдан кейін қанша жыл өткен соң екені анықталмады, бірақ көп ұзамай Дулаттың Ботпай руынан шыққан Сыпатай батырға ас беріледі. Бұл асқа дулат, Шапырашты, Жетісу елі күтуші ретінде қатынасады. Ас Меркеде берілген. Сыпатайдың Ноғай деген баласы Сүйінбайды өз қасына ертіп, сый қонақтарды қарсы алады.
Асқа Сиқым Батырбек датқа келеді. Ал өте алыс жерден келген қасында Қоңырат Қоныс датқа және Майлықожа ақын бар екен. Батырбектердің алдынан даяшы тез шыға қоймай, біраз ат үстінде тұрып қалыпты. Бұл хабарды ести сала, Ноғай, қасында Сүйінбай бар, келіп қарсы алғанда:
— Ботпай деген туғаным,
Мүбарак болсын думаның,
Асыл атам өтті деп,
Барлық елді жиғаның,
Рақмет демей, не дейміз,
Жақсы думан қылғаның.
Сексен беске келгенде
Сапар қыпты хан атаң,
Сыпатайдай батырдың
Жолдас қылсын иманын,
Алыстан аңсап келгенде
Ылайықпа, Ноғайжан,
Аттан түспей тұрғаным,
— дегенде, Ноғайбай айыбым деп алтындатқан асыл тас шапқан ер-тоқымы мен қызыл жорға атын Майлықожаға көлденең тартып, өзі басқа атқа мініп, сол атты Майлықожа әкетеді.
Майлықожаның өзінен өзі жүлде алғанын ауырлағандай Сүйінбай айтысқысы келгендей болған екен, бірақ оған ас берген Ботпай елі Сүйінбайды тоқтатыпты деген аңыз бар.
Батырбек датқа:
— Сүйінбай шырағым,
Жұпардай иісің шығады,
Тұлпардай дүбірің шығады,
Бес-алты ауыз сөзіңді естірт! —
депті Сүйінбайға.
Aт құйрығын бұлаған,
Қол жеткен жерін сұраған,
Егескен жауы жылаған,
Қызыл тілін безеген,
Найзасын тасқа тежеген,
Тұлпар мініп, тy алған,
Мен Қарасай ұлымын, —
деп ұзақ жыр айтыпты, бірақ Майлықожамен айтыспапты.
Ac сегіз күнге созылып, тігілген үйлердің арасынан атпен жүріп, керектерін беріп, ең аяғы насыбайға дейін бірнеше кісі уқалап дайындап, үлестіріп отырыпты.
«Менің атым Дыңғылбай,
Атсаң, міне, насыбай,
Шекенеден күлі бар,
Қалампырдан дымы бар», —
деп жырлап, насыбай үлестірген екен, Дулат ішінде Ақша деген елден шыққан Дыңғылбай деген ақын.
Астың ат шабысына Батырбек датқа әкеліп қосқан Көкмойын арғымақ алдынан келіп, бас бәйгені алады. Бас бәйге біреуінің өркеші қисық емес 100 атан түйе, 6 қанат ақ үй барлық мүлкімен, 9 құндыз, 9 бесік жамбы екен; екінші бәйгі 100 жылқы ерткен, Сұраншының Ақтұяқ аты алады. Ақтұяқ атты Андас пен Кедейбай апарып қосқан (Андас немере інісі). Кедейбай — Сұраншының баласы. Сұраншы бұл аста болмаған. Болуға қисыны да жоқ. Өйткені Сұраншы 1865 жылы Тәшкеннің бер жағында Сайрамда өлген. Сыпатай ол кезде тірі кісі.
Жамбылдың 1940 жылғы шыққан жинағындағы қысқаша өмірбаянында Сыпатай асында Жамбыл Сұраншының өзінде, Ақтұяқ тұлпарында көрді деп жазған, ол — қате. Сыпатай асына Жамбыл бармаған. Және Сұраншы ол аста жоқ.
Ақтұяқ қырғыздың Сарағыс руынан шыққан, Орман ханмен бір туысқан манап Қайду батырдың аты екен. Оны Сұраншының алуын Өмірзақ айтуында, Албанда болған бір үлкен аста Ақтұяқты дөнен күйінде Қайду өзі апарып бәйгеге қосып, алдынан келеді. Бұл аста Сұраншы да болады, атқа қызығады, бірақ сұрауға қисын таппайды.
Сол жылы Қайду бір жақтан келе жатып, Мырзабек ішіндегі Қожамқұл деген кісінің үйіне келіп қонады. Бұл — Сұраншының жақын ағасы. Сұраншы осы қонып отырғанда, Ақтұяқ атты алайын деп қызығады. Оны Қожамқұл сезіп қойып, қонағымда жұмысы болмасын деп тигізбейді.
Қайду Қожамқұлдан аттанып шыққаннан кейін, Жаманқара деген жерде қуып жетіп тоқтатып, Қайдудан Ақтұяқты алады. Артынан кеп қолқа беріпті. Ақтұяқ тұлпардың қысқаша әңгімесін, астың жайын Өмірзақ дәлді әңгіме етіп айтады.
Сүйінбайдың осы сияқты белес-белес көзге түскен аты шыққан өлеңдерін Ұлы жүз ақындарының бәрі біледі. Бірақ Сүйінбайдың үлгілі, есті сөз айтып, жол салған жырын ешкім айтпайды. Көбінесе алу жағынан ақындық қайратын кеп жұмсағанын айта береді.
Сүйінбайдың екі түйесі жайлаудың сарсойқағында таудан жығылып өледі. Өзі бір жерден келсе, әйелі: «Түйе өліп қалды, шаңырағымыз жұртта қалғаны ғой», — деп ренжіпті. Сонда Сүйінбай әйеліне:
«Түйең өлсе, бәйбіше, ол түйені Дулат берер,
Берсе де бірі қалмай шулап берер.
Берейін деп бермейді маған Дулат,
Сүйінбайдың сөзіне құлап берер», —
деп атқа мініп, Жайнақ батырға келген екен. Жайнақ батыр көп олжа бермейтін кісі екен. Алдымен соны алсам, өзге Дулат түйесін өзі жетектеп келеді деп, әдейі соны алайын деп арнап шығып, үйіне кіре:
«Ассалаумағалейкүм, Жайнақ батыр,
Шапырашты, Дулатты жеп едің
жас күніңнен айдап, батыр,
Бар түйем Сарсойқақтан құлап өліп,
Бір түйе сұрап алайын деп келем ойлап, батыр.
Хан Жайнақ он бесінде белің будың,
Қоқиланған қырғыздан жылқы қудық.
Тік шыққан қараша үйден түтіндей боп,
Хан Жайнақ, Қараталдан не ғып тудың?» —
дегенде, Сүйінбайым, жарайсың, енді мені жамандашы депті, сонда:
«Қаратал — сенің әкең, жалшы маған,
Қара өгізін мініп aп қамшылаған,
Жайнақ қазы болғанда, Сәке старшын,
Құдай берген уақытта берші маған!» —
деп, екі өркеші баладай сары атанын алдым. Мен сары атанды жетектеп жөнелгенде, әйелі өте малжанды екен, көзінің жасын іркіп алды. Бермейтін кісі болмайды, сұрауы жетпейді, — дейді екен Сүйінбай (Үмбетәлі айтуынан).
Сүйінбайдың жасы жетпістің ішіне келіп қалған кезде, қоян деген жұт болып, малы көп өліп, кедей тартады. Ол жұтта өрдегі Албан аман қалып, Сүйінбай өлең айтып Албанға барады:
«Алпысқа жазбай келді текірегім,
Жасымда жүйрік аттай екілендім,
Өкпе болған тоқтыдай күркілдейді,
Болмайды бұрынғыдай көкірегім.
Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым,
Өтіп кетті қадірлес елі-жұртым,
Алаштың алты ұлына мәлім болған
Балқытқан хан, қараны қайран тілім,
Жетпістің үшеуіне келгенінде,
Тарғыл тартып кетті ме қайран үнім.
Құдайдың құдіретіне қайран қалдым,
Жанымды қу мал үшін отқа салдым,
Қоян келіп малымды шайқаған соң,
Салбырап қартайғанда албан бардым.
Баласы Қожамқұлдың Мақсұтбегім,
Қара үзген хан, қарадан қара көгім,
Біздерге артық қызмет қылмақ болсаң,
Бөрте атын бала қараш алып бергін», -
деп, ұзақ айтқан өлеңі бар, бұл өлеңді бізге айтқан «Қызыл әскер» колхозындағы бір қарт Бейсембай Сейітұлы деген кісі.
1944 жылы тамыздың 12-сі күні Жамбылдың өз үйіне келіп отырғанда сөзден сөз шығып, сонда Жамбыл өзі:
«Бесмойнақ түбінде,
Қалабай ақынға
Дулат ие болып, маған
Шапырашты ие болып айтыстырмақ болды.
Мен айтысайын деп ыңғайланып барғанымда:
«Сүйінбай — сенің де ағаң, менің де ағам,
Ол қисайса, жыртылар сенің жағаң.
Сүйінбай жүген ұстап, жаяу қаңғырып барғанында,
Алпыс жылқы айдатқан менің ағам», —
дегенде, мен Қалабаймен айтыспаймын, жолын беріңдер. Сүйекемді аузына ала, алдына сала сөйледі. Және жұтап қалғанда Сүйінбайдың Албанға барғаны да рас еді. Мына кәпір өткел бермес, бетіме салық қылар деп тоқтадым», — деп өзі айтты. «Қалабай ондай ірі ақын емес еді. Бірақ Сүйекемді аузына алған соң, мен қоя қойдым» деп тағы қайталады.
«Саркемер тобы үлкен болуы керек, Баран деген Ұлық келіп, Сұраншының ауылында шатыр тігіп жатты. Мен де сол шатырда едім.
Бір уақытта: «Сүйінбайды алып жүр, екі өлеңші келді», - деді.
Байқасам, Жалайыр Жантай ақын екен. Екі ұртына екі қамысты тығып, қобыз тартып, осы үшеуіне үнін қосып айтады екен өлеңді. Үшеуінің үні бір жерден шығады және өзінің де даусы тіпті зор кісі екен, үнінен шошып кеттім. Шатырда қашып жатып алып едім, Сұраншы ақырған соң, амалсыз бардым.
«Көзімізді қарасаң, көрер емес,
Көздің құнын мына көп берер емес,
Өлеңіңді қосып айт бірдемеге,
Бақырғаның, Сүйінбай, өлең емес», —
деп үнімен тұншықтырып әкетті. Қарасайлап құлағымды бұрап айтысып, Жантайды әрең тоқтаттым. Мен Жантайдай өнерлі ақын көргенім жоқ, — дер еді Сүйекем», — деп Жамбыл осыны аузынан айтты 1944 жылы 12 тамыз күні.
Міне, Жамбыл ақынның аса сыйлаған, өзіне ұстаз еткен ақыны Сүйінбай ақын. Сүйінбайдың біздің қолымызға түскен азды-көпті өлеңі де және өмірбаяны да осы. Жамбыл Сүйінбай қасына кеп ерген. Және аталы жырларын өз аузынан жаттап, өзіне үлгі еткен.
Біз жоғарыда айтып өттік, ел аузынан жинаған Сүйінбайдың өлең, жырында айтысу бар, онан соң алу үшін мақтау, қорқытып та айту бар. Өзіне бір тұтып ұнаған ұстаз, үнемі өлеңді алу үшін жырлаған Сүйінбай болған соң, және Ұлы жүздің, оның ішінде Жетісудің қай ақынын алса да, Құлмамбет, Майкөт, Майлықожалар — бәрі де өлең айтып алудан басқаны жырламаған. Міне, осы үлкен ақындардың үлгісімен алғашқыда Жамбыл да жарапазан, жар-жар және алу үшін айтысудан бастаған.
Жамбылдың Сүйінбайды алғашқы көруі әрі түрлі айтылады. Мысалы, 1937 жылы шыққан жинағында Жамбыл Сүйінбайдың үйіне келіп жарапазан айтып бір лақ алыпты. Сонда Сүйінбай: «Өлеңді тәуір айтады екен деп, өзіне батасын беріпті» деп жазады. 1940 жылы шыққан жинақтағы қысқаша өмір тарихында Сүйінбайға он бес жасында кездесті, содан былай Сүйінбай тәрбиесінде болды деп жазады (Есмағамбет).
Сүйінбай мен Жамбылдың аталары Екейдің баласы Жарымбеттен тарайды. Жарымбет — Екей баласы.
Жарымбет төрт қатын алыпты. Үлкен қатыннан — Ақтөбет, Бертіс; екінші қатыннан — Қоси; үшінші қатыннан — Әлти, төртінші қатыннан — Баянай.
Ақтөбет, Бертіс кейіннен бәйбіше баласы атанған. Жамбыл Бертіс тұқымынан, Жарымбеттің ең ескен қалың тұқымы — осы бәйбіше баласы. Ал ана үш қатынның балалары аса өсімді болмай, аз болып, бұлар бірін бірі жан тартып бірыңғай болыпты. Сонан олар «үш тоқал» атанады деп жоғарыда айттық.
«Үш тоқал болыс болды айтпай, шашпай,
Қисыбай, іс істедің ебін таппай,
Кертібай үш тоқалға еріп кетті,
Адасқан ай жарықта ақ боз аттай», —
деген Жамбылдың өлеңі бар. Жамбылдың осы өлеңіндегі осы үш тоқалдың Әлти руынан шығады Сүйінбай.
Жоғарыда айтылған Екей бытырауының өзін де Әлтидің Бәйлі деген жігітінің кісі өлтіруінен болғанын айттық. Ал Екей қайта жиналғанда, Әлти тұқымының шеттегі ағайындарына хабарлап шақыруға, барып көшіріп әкелуге Сарыбай көп күш жұмсайды. Шудан бергі Жетісу атырабы анықтап орысқа бағынып, ел орнығып қоныс тепкен кезде, Сарыбай Екейді тегіс шақырады. Әрқайсысына кісі жібереді. Бұл кезде Жамбылдың әкесі Жапасына кісі жібереді. Бұл кезде Жамбылдың әкесі Жапа ағайындарымен Жаныс елінің қадірлі адамы Әшкей ханның аулының қасында болғанын айтқамыз және Жапа оның інісі Жадыра екеуі де жортарман батыр, мықты жігіттер болғанын біз осы әңгіменің ішінде айтқамыз. Сол батырлығының арқасында Әшкейге ете қадірлі болып, оларды Әшкей жібермейді.
Әшкейдің қасынан Ыстыбай ауылын яки Жамбылдың әкелерін қадірлеп Жапа, Жадыраларды барып көшіріп қайтуға Сүйінбай барады. Бұл кезде Сүйінбайдың ақындық аты шығып, қадірлі кісінің қатарына қосылып, Екейдің бас көтерер адамы Сарыбаймен тізе қосқан кезі болады.
Жамбыл Сүйінбайды осы барғанда көреді. Бірақ онда жас, аса еш нәрсе пайымдамайды. Сөйткенмен, өз үйінде айтқан өлеңін өз аузынан тыңдайды. Екей алғашқы бас қосқанда Қарарша, Бесмойнақ деген жерге жиналады. Ол осы күнгі Жамбыл аулынан алыс, жетпіс километрдей жер.
Қазірде онда «Жангелді» колхозы бар. Оның себебі Екейдің сол кездегі аса бір дәулетті байлары Тағаш, Дүйсен деген кісілер Саурық қасында сол Бесмойнақта екен. Тозғындап, кедейленіп келген ел сол байды ортаға алып ұйытқы еткен.
Жамбылдың әкесі Жапа, Жадыра да басында осы жерге келіп, сонан Қарғалы бойына Майбұлаққа кеп қонады.
Жамбылдың Сүйінбай үйіне қалай кездесіп, жарапазан айтып танысқанын айрықша айтқандықтан, бұл жерде оған тоқталмаймыз. Жоғарыда жазылған Сүйінбай жайын бұрын анықталмаған, бірде олай, бірде айтылып жүрген таластау нәрсе болғандықтан, Жамбылдың пір тұтқан ақынын қолға түскен дәлелдермен қысқаша таныстырып отырамыз.
Сүйінбай алғашқы кезде кедей болғанмен, үйірлеп айдап алып, ақындықпен қатты байыпты. Байлығының бір дәлелі Сүйінбайдың өзі тірі күнінде Малыбай деген баласы болыстыққа таласып, көп мал шашқан. Жамбылдың Қисыбаймен өкпелесіп бүлінетіні осы сайлау. Сүйінбай сол сайлаудың кезінде Мырзабек Кәшкенің ең жуан аталы жері, Саурық батырдың баласы Сыпатаймен құда болған. Сүйінбай басқа ақындардай қара қазан сараң емес, өте мырза болыпты. Бұл жөнінде Сүйінбайға бала есебінде болып, өзін көріп, үйінде болған Ыбырайым Байсімбет баласы өте жақсы айтады. Сүйінбай Ыбырайымның 12 жасар күнінде 1899 жылы өлген.
Міне, Жамбылдың ұстазы Сүйінбай жөніндегі қысқаша мәліметтер.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі