«Алатау» дәстүрлі өнер театрында 8 маусым күні М.Әуезовтың 125 жылдығына орай «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясының премьерасы өтті. Қойылым «Айман-Шолпанның» 1934 жылы жазылған түснұсқа жырына негізделген. Спекталь режиссері Жұлдызбек Жұманбай.
Қазіргі таңда ұлттық санамыздың қайта өркендеу кезеңінде халықтың салт-дәстүрімен көркемдеп, қойылым өзінің жанрына сай астарлы әрі жеңіл әзілмен жеткізе білді. Қойылым махаббат үшін арпалысты, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын көркемдеп жеткізіп, қойылымның байланысын жанды дауыстағы музыкалық әуендермен көрсете алды. Режиссер қойылымды қазақ халқының салт-дәстүрлері, айтысы, ұлттық ойындары, халық әні мен ұлттық биі арқылы жандандыра түсі.
Сахна қазақ халқының ескіден келе жатқан бұйымдарымен безендіріліп, ұлттық киім киген әртістер халықтың ерекше ықласына ие болды. Қойылым сонымен қатар тамаша алтыбақан ойынымен, шат-шадыман көңілмен қарсы алуы тұтастай өнер мерекесі іспеттес көрсетті.
Актерлер тек драмалық қабілеттерімен ғана емес, керемет әншілік өнерімен көрермен қошеметіне бөленді.
Спектальдегі басты кейіпкерлер Айман мен Шолпанның бейнелерін режиссер аша білген. Айманның образы байыпты, байсалды, барлық нәрсені ақылмен шешетін болса, ал Шолпан еркетотай, тентек, тапқыр, өткір тілді қыздың бейнесінде болды. Қойылымдағы ерекше кейіпкерлердің бірі, жан-жақты образын аша білген Арыстанның бейнесі болды. Оның тек қана ақын емес, сонымен қатар балуан сері екенін көрсетті. Ал Әлібектің бейнесі тапқырлығымен, ширақтығымен ашыла түсті. Арыстан мен Әлібектің де образдары бір-бірін толықтырып тұр.
Сол себепті Әлібектің Айманды, Арыстанның Шолпанды алуында кездейсоқтық емес.
Қойылымның барысы негізінен қыз көруге келген жігіттер қақтығысымен өрбиді. Қойылым ары қарай Әлібек пен Маман байдың Көтібармен тартысын бейнелейді. Екеуі Көтібар батырды адам қатырна қоспай, намысына әбден тиеді. Сонымен бірге, Жарастың образы да пьессаның қызығын келтіріп тұр. Жарастың бейнесі негізінен жырда жоқ, ол драматургтың қиялынан туындаған. Жарас бейнесі бүкіл қызықты әрі күлкілі оқиғалардың арасында жүреді.
«Айман-Шолпан» қойылымының комедиялық жанырын аша білген Өзбек жігіттің образы болды. Осы тұста С.К.Станиславскийдің «Кішкентай роль жоқ, кішкентай артист бар» деген қанатты сөзін еске түседі.
Жантық пен Балпық ақындардың айтысы да қойылымды ерекшелендіріп, көркейтіп тұр. Ақындардың тартысына Әлібек пен Арыстанның әр түрлі сөз қосу да қос ақынға сүйемелдеу болды.
Қойылымның соңы Айман мен Шолпанның қазақтың дәстүріне сай ұзатылумен, ұлан-асыр тоймен аяқталды. «Айман-Шолпан» музыкалық комедиялық қойылымы қазақ театрының сахнасынан түспейтін классикалық шығармалардың бірі болып қалары сөзсіз. Оны актер Бекжан Тұрыстың қойылым туралы жазған ойнынан аңғарсақ болады. Актер «Айман-Шолпанды» көріп отырғанда ерекше әсер алып, қазақтың төлтума өнерінің - әні, биі, жыры, күйінің бәрі бір арнаға тоғысып, қан тамырыңды бойлаған күйі жаныңды тебірентетінін, бойыңды балқытып рухани ләззат сыйлай алатынын айтты.
Орын Ақбала Алиқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдениеттану мамандығының 3 курс студенті
Өндірістік тәжірбие жетекшісі: Есболова Мөлдір Ауелтаевна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі