(Мемуарлық шығарма)
1951
БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Туған ауыл
Бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі (ол кезде Қостанай Николаевский деп аталатын), Обаған болысы, қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Қызыл Ту ауыл Советіне қарайтын Алакөл алқабын қоныс еткен Шақа деген бір рулы ел болды. Бұл ел алты атаға бөлінетін де, соғыстың бір — Бәшең (Байәділ) аулы деп аталынатын. Бұл — біздің ауыл еді.
Бәшең аулы Шақаның ішіндегі ең кедей ауыл болатын. Біздің ауыл сияқты Шақадан тарайтын алты атаның ішіндегі Маңғыбай, Таңыбай деген ауылдар да кедей ауылдар еді. Шақа руының ішіндегі ең мықты жуан ата — Қоңырша болатын, бұған таяу ауыл Есенбай деген ауыл еді.
Біздің Бәшең аулындағы бас көтерген адам — Байтөлі Аманов, Байжан Иманов, менің әкем Жансүгіров Көбей, Маңғыбай аулында бас көтерген адам — Нұрғали Бошанов еткендер еді. Ал Қоңырша аулы озбыр бай ауыл аталатын аулында үстемдік еткендер Тілеміс деген атақты балалары Сауытбай, Сандыбай, Дәндібай деген байлар еді. Бұлар, арғы ата-бабаларынан бастап ездерінің байларына дейін осы Обаған болысындағы би, болыс болған еді.
Сондықтан да Сауытбай, Сандыбайлар Алакөл шұрайлы мал өрісін де, жақсы шабындық жерлерді де, ақыры, балықты көлдерді де өздеріне қаратып алып, кедей шаруаларды жерсіз қалдырған. Шақадан тараған алты ауылдың арасында қиян-кескі талас-тартыс болып келді. Ауыл адамдары, мен ес білген кезде, Сауытбай, Сандыбай, Дәндібайлардың озбырлығын көбірек әңгіме етіп отыратын.
— Бұл залымдар кең өрісті қызғанып, Қисықты өлтірген қаніпезерлер ғой, — десетін.
Мен бұл уақиға жайын кейінірек білдім. Қисық деген адам Бәшеңнің ішіндегі бір момын кедей шаруа екен. Менің екі-үш жастағы шағымда болса керек, біздің ауылдың адамдары Сауытбай, Сандыбай, Дәндібайлар иеленіп жүрген мал өрісі туралы дау шығарып, малдарын сол өріске бағатын болыпты. Қисық деген шаруа, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, осы өрістердегі малдың басында болды. Біздің ауылдың мұндай «басынуына» ыза болған Сауытбай, Сандыбайлар «бұл ауылдың әбден бетін қайырып, тауын шағып, енді қайтып беттей алмайтын ету үшін» Олжабай деген бір есерсоқ, ұрдажық адамын жіберіп, мал бағып жүрген Қисықты қапыда соққыға жыққызып өлтіріпті.
Сол кезден бастап шақалықтар өзара қырқысып, ақырында, 1899 жылы Алакөл үшін екі жақ болып төбелескенін, тағы да бас жарылып, қол сынып, қызыл қан болғанын өз көзіммен көргенім бар.
Біздің ауылымызда осындай шиеленіскен үлкен тартыс бар еді. Мұның өзі ауылдағы билеп-төстеуші бай-болыстар мен жоқ-жұқа кедей шаруалардың арасындағы тартыс еді. Осы тартыс сол кезден бастап, мен есейген шаққа дейін, революцияға дейін, барған сайын өрши түспесе, бәсеңсіген жоқ. Бұл жағдай кейін менің ой-пікірім мен дүниеге көзқарасымның қалыптасуына, әрине, әсер етпеді деуге болмайды. Сондықтан да өз ауылымдағы әлеуметтік құбылыстарды, өзім ес білген шақтағы жалпы жағдайды, ауылдағы таптық қайшылықты, қоғамдық болмысты, қысқаша болса да, баяндап кеткім келді.
Енді әңгімені туған үй ішінен бастайық. Өйткені, үй іші (семья) өскен орта кімнің де болса мінез-құлқына, оның көзқарасының және жалпы ой-санасының қалыптасуына үлкен әсер етеді ғой.
Ата-ана және туысқандар
Менің әкем, Көбей, Жансүгір деген кедей шаруаның баласы екен. Көбей үш ағайынды болыпты. Үлкені Көбей, оған төтесі Төбей, одан кішісі Сәрсен деген адамдар екен.
Менің, әкем орта бойлы, ат жақтылау, сирек шоқша сақалды, қыр мұрынды, қияқ мұртты, ажарлы адам еді. Әкемнің қайда оқығанын, қалай оқығанын білмеймін, әйтеуір, ол мұсылманша оқи білетін.
Әкем сөзге сараң, ел әңгімесіне көп араласпайтын, дарашылдау, сабырлы, оның есесіне шыншыл, турашыл, бір алған бетінен қайтпайтын, өжет адам еді. Оның бір ерекшелігі, біреулер сияқты, түтін шыққан үй аңдуды, қыдырып қымыз ішуді, не сөз тасып, не біреуге жағынып, бірді-бірге солай тамақ асырап, күн көруді жек көретін адам еді.
Мен ес білген кезде әкемнің бір апы бар еді де, біреуден алған жалғыз тарғыл сиыры болатын, бірақ мал ие болғанымен жаны кеп еді — жеті ұлы, бір қызы бар еді.
Осындай бір топ жанды асырау оған оңай тимесе де, ол кісі ішінде жүрмей кеткен адам. Өз үйінде етік тігіп, кезі келгенде балташылық кәсібімен де шұғылданып, күн көрге болды. Әкем ауылдағы бай атаулыға мейлінше жаны кісі еді. Байлар да оны жақсы кермейтін. Сондықтан да Сауытбайдың Шаяхмет деген баласы, Сандыбайдың Ерден баласы менің әкемді мазақ еткен өлеңдер шығарып, ауылдан ауылға таратып, оны мысқылдап мінеп жүретін. Бұл менің бала кезімдегі әкем туралы шығарылған өлеңдердің бір шумағы әлі есімде. Ол мынадай еді:
«Көбей ағам келеді, Көк күшікпен желеді, Біздің астан құр қалса, Іші күйіп өледі».
Бірақ әкем байлардың осы сияқты улы мазақтарына көңіл аудармайтын, оны ілтипатқа да алмайтын. «Ит үреді, көшеді мейлі, үре берсін» дейтін әкемді байлардың жек көретін тағы бір себебі — ол баланы оқытпақшы болып, көбірек әрекеттенген адам еді. Болыс елде алты-жеті сауатты адам болса соның ағаларым — Әбжан мен Мұқаш еді. Екеуі өздері аздығына, қарамастан ауылда бала оқытып жүрді. Әкем кейінірек мені де оқуға берді, оным, «қылығын» ауылдың «жақсылары», «адам қара, сақалдары, шонжарлары ете ерсі көріп, кейде өзара:
«Ая тіліңді біл, құмырсқа жолыңды біл демекші, әлін білмеген білек болады деп, осы қу кедей Көбейдікі не екен жарбаңдай деп шенеп отырады екен.
Менің анам — Айтбоз деген адам еді. Ол бұрынғы Торғай уезінде Тосын болысына қарайтын Қарсақбасы Қаракөл деген жердегі арқылы Қарабас руынан шыққан Қуандық деген шаруаның қызы. Мен ес білген кезде сегіз баланың анасы болған, едәуір жастағы тоқтасқан кісі еді.
Анамыз өз ауылымызда өте қадірлі адам болды. Өзі өте қайратты және есті кісі еді. Анам, оқымаған қарапайым қазақ әйелі, бүкіл бір ауылға ортақ ана сияқты болатын. Ол өзі балаларына да, басқаларға да ұдайы: жамандыққа баспаңдар, шыншыл болыңдар, адал еңбек етіп күнелтіңдер, деп ақыл айтып отыратын.
Жеті ұл, бір қыз бала тәрбиелеп есірген олардың шексіз мехнат-бейнетін тартқан, үй шаруасындағы бір әйел болған анамыз не қабағын шытқан, не балаларын ұрсып-соғып, жаман сөз айтқан адам емес еді. Балалары, біздер де, оның сөзін екі етпейтінбіз, тыңдайтынбыз. Әкемізбен екеуі тату тұратын, бірін-бірі сыйлайтын. Мен ес біле, әке-шешемнің ренжіскенін немесе бір-біріне қатты сөз айтқанын естіген емеспін. Анамыз шыншыл адам болды. Қиянат атаулыны, өсек-аяң айтушыны қатты шенеп, мінеп отырушы еді. Анамыздың осы мінезі балалары біздерге де үлкен әсер етіп, өшпес із қалдырды. Көп жасаған ұзақ өмірінде өз балаларына да, өзгелерге де не сөзі, не қолы тиіп кермеген ардақты анамыз 1936 жылы, 96 жасында, қайтыс болды.
Әкемнің інілері Төбей де, Сәрсен де ертеректе қайтыс болған. Сәрсеннің қазір екі немересі бар: бірі колхоз мүшесі де, екіншісі — университет бітіріп, Қазақ ССР ғылым академиясының аспирантурасында оқып жүр. Төбейден төрт бала қалып еді. Олардың біреуі ертеректе қайтыс болды. Мұстақи деген баласы Отан соғысында қаза болды. Біләлі
— Отан соғысында болып, майданда көрсеткен ерлік ісі үшін ордендер және медальдармен наградталып, елге аман қайтты. Қазір ол Ақсуат мектебінде мұғалім болып істейді. Қасені — қазір колхозшы.
Менің өзіммен бірге туған іні-ағаларымнан қазір Тайкенше деген інім ғана тірі, ол колхозда ұста болып істейді.
Қысқасы, Көбейдің аға-інілерімен езінің балаларынан өрбіген ұрпақ осы күнде бір топ ауыл болды, бұлардың көпшілігі жоғарыда аталған Қызыл Ту ауыл советіне қарайтын «Ақсуат» колхозының мүшелері.
Қазіргі уақытта Көбейдің немере-шөберелерінен тараған бір неше мұғалім, агроном, темір жол маманы, комбайншы, тракторшы, шофер т. б. мамандықтың иелері бар, сол сияқты білім беретін орта мектеп көлемінде ондаған бала оқу орындарында бірнеше студенттер оқиды.
Бір мақтан етерлік нәрсе — Жансүгірден өрбіген ұрпақта кісі еңбегін жеген не халқына қиянат, қылмыс істеген бірде-бір адам болған емес.
Әрі суықта, әрі мұқтаж кезде
Мен 1878 жылы 1 октябрьде Құрманбай өткелі деп аталатын күзекте туыппын. Менен бұрын бес баласы, бір қызы бар ата-ана, мен дүниеге келгенде, сірә, қуана қоймаған болу керек. Ес біліп, етек жапқан кезімде анамыз: «сен әрі суық, бірі қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің» деуші еді. Күзекте, күзгі қара суықта, азық жағы тапшы кедейдің, қараша киіз үйінде босану анаға қиын соқса, не жағатын отын, не әйеліне қалжаға асар ет тауып бере алмай қиналған әкеме де оңай тимеген секілді. Сөйтіп, мал дегенде жалғыз тұғыры ғана бар кедей атаның қолына қарап отырған 6 баланың үстіне мен жетінші бала болып қосылыппын. Алайда, түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеп өсірген сол мейірбан ата-ананың арқасында сәбилік кезден өтіп, балалық шаққа да жетіппін.
Сегіз жасқа келген кезімде Әбжан мен Мұқат дейтін ағаларымның еншілері басқа еді де, Кәмел, Мизам, Оспан деген ағаларым кісі есігінде жүретін, ал Тайкенже болса, әлі сәби болатын. Әкем мен шешем екі сезінін, бірінде менің болашағымды айта беруші еді.
— Осы Спанжанды оқытсам деп едім... — деп ойға шомып кететін әкем.
— Соны айтам, осы баланы оқытып, адам қатарына қоссақ, жақсы болар еді, — деуші еді анам.
— Көресің бе, бүкіл ауылда тым құрымаса молда ұстаған біреу жоқ, — деп әкем қынжылатын.
Бір күні Сауытбай той жасап, бүкіл Шақа руынан өрбіген азаматтарды тегіс шақырыпты, соның ішінде ежелден қырқысып келе жатқан біздің ауылдың да адамдары шақырылыпты.
— Баралық, — деді әкем ауыл адамдарына, — абақты тегі оны түзеген болу керек, ағайын, ел-жұрттың керек екенін бұрын білмесе, енді білген шығар.
Оқушымда азуы алты қарыс Сауытбай сияқты байлар неліктен қалайша абақтыға қамалып жүр деген шүбә қалдырмас үшін, әуелі тойдан бұрын Сауытбайдың неге абақтыға қамалғандығын түсіндіре кетейін.
Сауытбай бұл жолы да өзінің қомағайлығынан тартса керек. Әңгіме мынадай екен: осы маңдағы Шодыр (Федор) деген орыс байы дүние-мүлікпен жәрмеңкеге аттанады. Бұл кезде Сауытбай көршілес Арақарағай елінің болысы Мінайдар деген баймен бәсекелес, наразы боп жүреді. Шодыр жәрмеңкеге баратын жолда осы Мінайдардың, аулына қонады. Ертеңіне Шодыр ол ауылдан аттанып кеткеннен кейін, бай орыстың дүние-мүлкіне қызыққан Мінайдар болыс, өзінің бір топ ұрылары мен жігіт-желеңін жинап, өзінің інісі Қаз деген кісіні бас етіп Шодырды өлтіруге жібереді. Бұл топтың ішінде ақын Нұржан Наушабаев та болады. Сонымен Мінайдардың жігіттері келесі түнде жол тосып жатып, саудагер орысты өлтіреді де, дүние-мүлкін, ат-арбасын тонап алады. Бірақ төбелес үстінде Қаздың аяғына оқ тиіп, жараланып қалады да, Шодырдың атқосшысы қашып құтылып кетеді.
Енді Мінайдар болыс қылмыстың ізін жасыру үшін, Қазды жұртқа дабыра қылмай, үйге жасырып қояды да, Сауытбайдан көк алмақ боп, саудагер орыстың, жегіп келген доғасы мен мойнына тағып жүрген өресін алып барып Сауытбай аулының іргесіндегі келдің жағасына, шіліктің ішіне тастатқызады. Ертеңіне доғаны жылқы қайырып жүріп Сауытбай аулының жылқышылары тауып алып, ауылға әкеледі. Дүниеқор Сауытбай, сырлы әдемі доғаға қызығып, доғаны зорлықпен өзі алып қояды. Шодырдың қашып құтылған атқосшысы барысымен іздеуші отряд шығартады да, қолма-қол тінту жүргіздіртеді. Сөйтіп, баяғы тауып алынған доға Сауытбайды айыпты етіп, ұстап береді де, ол абақтыға алынады. Абақтыда 6 айдан аса отырып, Сауытбай уезд начальнигіне парадан-пара беріп, дүние, мүлкін судай шашып жүріп, доғаны тауып алынған дегізіп, қағаз жасатып, босанып шығып, елге қайтады. Сауытбайдың, тойы — өзінің «ақталып» елге қайтуына байланысты той екен. Әкем осы тойға мені де ала барды.
Тойда естіген әңгіме
Сауытбайдың тойына көп адам жиналыпты. Бәшең аулындағы, кедей де болса, бас көтерген адамдардың бірі — менің әкем болғандықтан оны да ортадағы үлкен ақ 1-е түсірді. Біз үйге кірсек, жұрт лық толып, қымыз ішіп екен. Ақсақал, қарасақалдың алуан-алуан түрі осы үйде. Төрде мес қарын, доп-домалақ қара бұжыр біреу отыр. Бұл — Тыржық деген бай екен сәлде киген біреу отыр — ол молда болып шықты.
Бірақ жиын бір ғана адамның аузына қарап отырған сипаты. Ол — орысша киінген ақ құба, шоқша қара сақалы бар, орта бойлы адам. Бұл — Ыбырай Алтынсарин екен.
Біз келіп отырғанда, балаларды орысша оқыту, мектеп салу туралы әңгіме болып жатты. Әңгімені қозғап, осы ауылдың «адам қараларына» ауыр-ауыр сөз тастап отырған Ыбырай еді. Ыбырайдың сөзінен кейін жұрт біраз тым-тырыс отырып қалды. Тыныштықты есік жақта отырған бір жұпыны киімді адам бұзып, Сауытбайға қарап сөйлеп кетті. Артынан естісем, бұл сол ауылдағы Абұйыр деген бір өткір, еті тірі, кедей шаруа екен.
— Сауытбай, тойыңның үстіне келіппіз. Енді осы жақсылықтың ақырын баянды етуді көздеуіміз керек. Бұл сенің өз қолыңда сияқты. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, аулыңа еліміздің бірегей ардагері Ыбырай келіпті. Бұл кісінің бұйымтайын естідік. Өзі үшін емес, ел үшін қолқа сап отыр. Обаған болысынын, әлді, бай-мырзалары бірігіп, бір мектеп салатын болсын. Сөйтіп, ауыл ортасынан екі жылдық мектеп ашып, балалар орысша оқытылатын болсын, дейді бұл кісі. Кәне, не айтасыңдар?
Жұрт тағы да біраз үнсіз отырып қалды.
— Ей, Сауытбай, ей Сандыбай! Неге үндемейсіңдер? — деді әлгі жігіт. Арғы ата-бабаларыңнан бері қарай уызыңнан арылмаған ұрпақ едің, болыс та, би де сен едің. Бірақ сол байлықтан тапқаның не? Қай атаң қандай мұра қалдырды? Тілемістен туған Сауытбай, Сандыбай, Дәндібай, әрқайсың мыңнан-мыңнан жылқы айдап отырсың. Сол қыруар малды ақыретке айдап кете алмассыңдар. Мына жұрт Ыбекеңнің сөзін мақұлдайтын сияқты. Ендеше сол халықтың қаражатын жина, мектеп салғызуға бас бол, үлес қос дегелі отырмын, — деп сөзін аяқтады.
— Дұрыс сөз.
— Хақ сөз, — деді төменнен орын алып отырысқан бір-екі ақсақал
Басы молда, Тыржық болып төрде отырғандар тосырқап қалды. Олар жағынан ешкім тіс жарып, тіл қатпады.
— Иә, алла тағалы уәтәбәрәкә, — деп тек молда ғана есінеп қойды.
Қымыздан кейін жұрт сыртқа шықты. Ауыл сыртында тойға келген жұрт тегіс бас қосқан жиылыс болды. Ыбырай Алтынсарин сөз сөйледі. Ол езінің сөзінде ғылым да, өнер-білім де орыс жұртында. Біз ғана сол ғылым, сол өнер-білімнен құралақан қалып келеміз. Бұған ең алдымен өзіміз кінәлі. Өйткені өзіміз талпынып, өзіміз әрекеттенбесек, бізді ескеріп, қамқор болар әкім жоқ. Заман өнерлі, білімді болуды талап етеді. Сауатсыз қараңғы ел озық ел деп саналмайды. Өткенге өкінуіміз пайдасыз. Өнер жастан шығады деген екен үлкендер, ендігі жерде сол жас өренді оқыту керек, оқытқанда орысша оқыту керек. Біз бүгінгі таңда әуелі екі жылдық ауыл мектебін ашуды ғана көздеп отырмыз. Өйтпеске амалымыз жоқ. Төрт жылдық мектепке сабақ беретін оқытушыларымыз жетіспейді, қазір оған оқушыларымыз да жоқ. Сондықтан төрт жылдық мектеп таяудағы келешектің мәселесі. Екі-үш жылдан кейін болыс-болыс ел орталарынан төрт жылдық мектеп ашпақшымыз. Мұның үшін ең алдымен мектеп үйлерін салып алуымыз керек. Ауылдық мектеп — мектеп үйі салынған ауылда ғана ашылады. Мектеп ашуға бүкіл ел болып ат салысуымыз керек.
Ыбырайдың сөзінен соң, жұрт азды-көпті пікір алысты да, екі жылдық ауылдық мектеп үшін үй салынсын деген тоқтамға келді. Халықтан мал, қаржы жинайтын, мектеп үйін салғызатын Сауытбай болды. Бірақ бір қатар байлар, ең алдымен молда, балаларды мұсылманша оқыту керек десті. Бұған Ыбырай: «Балаларың алдымен білім беретін пәндерді оқиды, орыс тілін үйренеді, сонымен бірге, мұсылман дінін де оқитын болады», — деп жауап қайырды. Жиын тарауға айналды. Бір топ адам жиылыстан бөлініп, ездерінің отырған үйлеріне қарай кетті.
Ас жеп болғаннан кейін, жұрт тарай бастады. Ауыл ақсақалдары адамдарын жинап аттанысты. Сонымен той тарқатар күрес те, бәйгі де болмады. Дегенмен бірқатар ел мектеп ашылатын болды, деп қуана аттанды.
Молда алдында
Сауытбай елден жинап алған қаржы, малды шығарып, мектеп үшін үй салдыруды кешіктіре берді. Сөйтіп жүргенде оның, туысы — Сандыбай молда жалдап, ауыл балаларын мұсылманша оқытуға кірісті. Әрине, байлар үшін мұсылманша оқу пайдалы еді. Екі жылдық мектеп салынбай МАЛЫ, оқытқысы келіп жүрген әкем, мені сол оқуға берді. Сабақ бастарына жиырма тиын күміс беріп отырып:
Молдеке, балам оқуға ынталы. Бірақ титтей нәрседен көңілі қалып, өкпелеп қалды мінезі бар, соны ескерерсіз, яғни ұрып-соғушы болма, — деді әкем. Сабақ бастар үшін елден ерекше жиырма тыйын берген ризалық білдіріп:
Сонымен мен тоғыз жасымда молда алдын көрдім. Бірақ молда екеуміздің жұлдызымыз қарсы болды. Тағы молданың тіліне түсіне алмай, не айтса, соны қайталап айтатын болдым. Мәселең ол маған:
— Аңла, хайван! — дейді.
— Аңла, хайван! — деймін мен де оған.
Алғашқы күн-ақ қайыңның қабығына «әліп», «би», «си» деген «сабақтарды» жазып беріп жаттауға бұларды. Осы төрт әріпті танып, айыра білетіндей жаттап білудің өзі бір аптаға жуық созылды.
Бір күні сәске түс кезінде қалғып кеткен екем, солқылдақ шыбық шып етіп жонымды осып етті. Арқам удай ашып, бақырып, жылап ұшып тұрдым. Молда жылама деп ұрысты.
— Жазығым не? — дедім өксіп тұрып.
— Шаярма, доңғыз баласы, — деді. Мен де оған:
— Шаярма, доңғыз баласы, — дедім.
Молда тағы да шыбықпен осып-осып қалды. Қолынан шыбығын жұлып ала қаштым. Молда тұра ұмтылды. Ол кісін кием дегенше әу дейтін жерге зытып кеттім. Ол сыртқа жүгіріп шықты. Маған жете алмайтындығына көзі жетсе керек:
— Тұт хайваны, — деп үйдегі балаларға айқайлап бұйрық берді. Балалар шыға-шыға жүгірді. Сауытбайдың иттер қосылды. Екі екпемді қолыма алып, қояндай тырқыратып жүгіріп отырып, бес шақырымдай жердегі үйінің лезде жетіп келдім. Еңірей кіре, көйлегімді шешіп арқасын көрсеттім, әкем мен шешем айналып, толғанып әрең ұқты.
Көрмегенім молда болсын! — дедім.
— Молдадан оқысаң, оқымай-ақ қой, шырағым. — Бүйтіп сабай беретін болса, әбден кеще болып кетерсің, — деді әкем. Анам да осыны мақұл көрді. Менің мұсылманша оқуымның басы да, аяғы да осы болды.
Оқуым керек деген ой маған жансерік болды. Бірақ қайда оқимын? Осы ой әкем мен шешеме де арман болын қала берді.
«Соры қайнап, оқи алмай қалмаса игі еді» десіп қынжылды. Мен де қынжылдым. Бірақ амал қайсы, ауылда басқа мектеп жоқ еді. Не істеу керек? Бұл жұмбақ еді.
Зорлық
Жанжалмен тынған «оқудан» кейін, мен шаруашылықпен айналысуға тиіс болдым. Сол жылы біздің ауыл көктемнен бастап Әйімтай жарық шабындығын меншіктеп алған еді. Ол бір кезде біздің ауылдардың шабындық жері болады екен. Бірақ оны да Сауытбай, Сандыбайлар өздеріне қаратып алыпты.
Сауытбай сол шабындықты бір орыстың байына сатпақшы болып жүреді екен. Мұны естіген біздің ауыл мен Маңғыбай аулының адамдары ендігі жерде шабындықты өздері пайдаланбақшы болып, Сауытбайға сөз салады. Сауытбай екі ұшты жауап қайырып:
«Ағайын, қарындас едік... Маған осы бір үй орындай шабындықты қимаймын деп тағы да атысып-шабысып жатамыз десеңдер, мейілдерің...» — депті.
Шөп шабу мерзімі жеткеннен кейін, екі ауылдың адамдары қос-қос болып шабындық басына барып қонды. Ағаларым мені де бірге ала барды. Менен басқа да балалар барыпты. Дүйсек, Дүйсенбек деген менімен дос балалар келген екен (қазір «Ақсуат» колхозының мүшелері).
Июль айының іші еді. Жазғы шілденің тамаша жайлы күндері болатын; шабындық басы маған ұнады. Шалғын шөп маңыз, масатыдай құлпырған кезі. Таңертең, қалың шық түсіп қалады. Шабындық ортасының суы әлі тартылмаған екен. Іңірде, таң алаңда сусылдап үйрек ұшып, кешке қарай, салқын түсе, қоңыр самал желпіп ескенде, жасыл шөптер жайқалып, әлдеқандай жан сергітер хош иіс аңқиды. Таң серігі боз торғай шырылдап, көл табанында құс шулап, жылқы пысқырып, кісінеп, төңірек әдемі үнге толады. Күн шықпастан пішеншілер шалғыларын иықтарына салып, басына барады. Шалғыларын шақыр-шұқыр жаны алып, сілтей бастайды. Ұзын жасыл бидайық жығыла береді. Қажырлы жігіттердің, қатар тұра қалып, баппен кең толғап, бірыңғай сермеген өткір дыбыстары әралуан үн қосып, шабындық басын еңбек күйіне бөлегендей болады.
Менің міндетім шөп жинау, атқа мініп, шөмеле тарту болатын. Бірақ мен бұған місе тұтпадым. Есіл-дертім пішен шабу еді.
— Мен енді пішен шабайын, маған да пішен шабуды үйретіңдер, — деп ағаларыма маза бермедім.
— Сен әлі жассын,, пішен шабу қиын болады, — деді.
Ақырында, қыңқылдап қоймаған соң, ағаларым тілегімді орындап, мені пішен шабуға үйретуге мәжбүр болды. Екі-үш күннің ішінде мен шалғыны қалай ұстап, қалай сілтеу әдіс-тәсілін үйреніп алдым. Бірақ ағаларым күніне екі-ақ рет: таңертеңгі және кешкі салқында ғана пішен шабуға рұқсат етті. Баласының пішен шабуға жарап қалғанына мәз боп әкем бір марқаны несиеге алғызып сойып, пішеншілерді жинап той жасады.
Жел тымық, ай жарық, жаздың тамаша жайлы бір кеші еді. Пішеншілер біздің қос сыртында түгел жиналған болатын. Сол кеште болған әңгімелер ішінде Ыбырай Алтынсарин туралы айтылған аңыз әлі есімде.
— Ыбырай жеті жыл оқып, жеті жұрттың тілін біліпті. Жер жиһанда ол жетік білмеген оқу болмаса керек қой! — деді біреу отырып.
— Әйтпесе, оны губернатор қонақ етер ме?! — деді тағы да біреу.
— Ой, тәйірі, губернатор дейді... Орынбордағы бас ұлық — жандаралдың өзі де кешеде көргенде Ыбырайға басынан бөркін алып, иіліп сәлем беріп өтетін көрінеді! — деді біреу.
— Патшалық езін де тілдепті деген сөз рас па екен? — деді тағы да біреу.
— Бірақ, — деді бір жігіт, — анау бір күні молда біздікінде болып еді. «Ыбырай балаларды орысша оқытамын деген болып, шоқындырғалы жүрген адам» деген сөздер айтты.
— Осы сөздің жаны бар сөз емес пе екен?.. — деді тағы біреу.
— Молданың сөзі бос сөз, — деді менің әкем — Сауыт-Сарайдың тойындағы жиында Ыбырай сөйлеп, молда-қожалардың, бай-мырзалардың осы сияқты өсектерін әшкерелеп, беттерін әбден тілгенін есіткен болатынбыз. Мектептерде орыс тілімен қатар мұсылман дінінен де сабақ беріледі деп айтқан жоқ па еді ол? Молдалардың сөзіне еруге болмайды. Әкем сөзін аяқтай кеп:
— Біздің Жамалетдиндер: Ыбырай қазақтың адал туған оқымысты, бірегей азаматы, халық қамын ойлайды. Қазақтың көзін ашып, адам болып ел қатарына қосылуын көздеп жүрген адам дейді, — деді.
Арада бір айдай уақыт өтті. Шөп шауып бола берген кез еді. Сауытбай пішеншілерге бір кісі жіберіпті. «Ағайын адаспасын, жөнге бассын! Шабындық басынан кешсін, қашаннан иеленіп келе жатқан шабындығымды кім көрінгенге шаптырып, малымды пішенсіз қалдыратын жайым жоқ. Сол шабындықтан бір уыс пішен аламын деп ойлайтын болмасын» депті.
Сауытбайдың мұнысына жұрт көнбеді.
— Байға айтып бар: түптеп келсек, бұл жер Бәшең аулынікі. Маса-шыбынға жем болып, терімізді төгіп шапқан шөбіміздің бір талын да ешкімге бермейміз, — деп қайырды Сауытбайдың адамын.
Осы әңгімеден кейін пішеншілер шептерін жинап, мая салып болып, енді ертең ауылға қайтамыз деп отырған кеште сойылдарын сүйреткен бір топ атты адам келіп, шабындық басындағы қостарды қоршап алды.
Сауытбай жіберген адамдар екен. Сөздері келте, білектерін білей сөйледі.
— Жығыңдар қостарыңды! Қызыл жоса қан болғыларың келмесе, дереу көшіңдер! Жер де, пішен де байдікі! Бұл неткен басынғандық! — деді біреуі үзенгісін шіреніп тұрып.
— Сауытбайға айта бар: жер құдайдікі, одан қалса біздің ауылдікі, басынған біз емес, Сауытбай. Ендігі жерде сөз ұстасар төресін айтсын, — деді менің әкем мен басқа пішеншілер.
Сауытбай адамдары қайта сөзге келген жоқ, пішеншілерді сойылдай бастады, бірсыпырасы қостарды сабалап қиратты. Пішеншілер де біреуі шалғы, біреуі тырма алып айқасты...
Көп кешікпей шабындық басындағы мая-мая шөп өртеніп кетті. Пішенді Сауытбай өртеткені анық еді. Біздің ауыл мен Сауытбай ауылының арасында тағы да шиеленіскен тартыс басталды.
Сауытбайдың аулында мектеп ашылады деген лақап тараған еді. Мені сол мектепке беріп оқытамын деп жүрген әкем, енді одан да мүлде күдерін үзді.
— Әй, сірә, оқудың сәті түспейтін болды ғой. Сауытбай, Сандыбайлар енді менің баламды мектепке алғызбақ түгіл, аулының маңынан да жүргізбес, — деп қынжылды әкем.
Үміт сәулесі
Сентябрьдің бас кезі. Қоңыр күз. Әкем екеуіміз үй сыртында тұрмыз. Күн кешке айналып қалған мезгіл еді. Сауытбай аулы жағынан келе жатқан үш аттылы көрінді. Маңдайы — біздің үй. Әкем оларды алыстан-ақ шырамытып таныды.
— Анау Нұрғали... Ортадағысы Нұртаза. Ал енді мына жақ шеттегі кім? Ә, Таңатар болды ғой ол, — деді.
Аттылар біздің үйге келіп түсті. Әкем Әбжан ағамның үйінен бір мал алдырып сойып, қазан асылды. Нұрғали шай ішіп отырып:
— Сауытбайдың аулында екі жылдық ауылдық мектеп ашылатын болыпты. Ел үстіне жақын арада ояз Караулов пен Қаржасов, Ыбырай Алтынсарин келетін көрінеді деген сөз бар, — деді.
— Рас, болса игі, — деді әкем. — Мектеп саламын деп елден жинаған мал-қаржыны Сауытбай жеп қойыпты деп жүр ғой жұрт.
— Өзінің бір үйін бермекші. Жұрттан жинаған мал мен қаржыны үй ақысы деп сіңіріп кетпекші.
— Иә, онда, Спандиярды да сол мектепке түсіруге болады екен ғой, — деді Нұртаза.
— Әбден болады, — деді Таңатар, — келетін мұғалім Досжанның інісі ғой. Ал, Досжан болса, осы елдің күйеуі емес пе ?
— Өзіміздің Бейсеннің құдасы ғой, — деді Нұрғали.
— Жамалетдиннің өзі-ақ алғызады, — деді тағы да Нұртаза.
Жамалетдин Бейсеннің баласы еді. Орынборда оқытушылар даярлайтын мектепті бітіріп шыққан жас оқытушы болатын.
— Бұл бір сәті түскен іс болды, — деді Нұрғали, — балаларды орысша оқытады, жататын орын да, тамақ та қазынадан деседі. Тек мектеп ашылсын десеңізші.
— Қайдан білейін, — деді анам қынжылып. — Балаларымызды оқуға алса игі-ау. Кедейдің баласын алмайды екен десіп жүр ғой.
— Солай деседі, — деді әкем. — Сауытбайлар менің баламды оңайлықпен алғыза қоймас. «Әйімтай жарықтағы» әңгімені есіне түсіріп бағады әлі олар.
Менің жүрегім лүпілдеп, аузыма тығылған сияқты болады, әлдеқандай бір үміт сәулесі елестеп қуанғандай боламын, біресе кедейдің баласы алынбайтын болса, мені де алмайды ғой деп налып ренжимін. Не керек, осы кештен бастап, мен сол мектептің ашылуын аңсап күткен балалардың бірі болдым.
Құлақ естігенді көз көреді
Бір күні балалармен ауыл сыртында доп ойнап жүр едім, әкем дауыстап шақырып алды.
— Үйге жүр, балам! Құлақ естігенді көз көреді деген рас екен! Мектеп ашылатын болыпты. Бағымызға қарай Жамалетдин де, тіпті Ыбырайдың өзі де келіпті. Баралық, құдай сәтін салса, ілігіп кетерсің, қарашығым, — деді.
Анам да айналып-толғанып, бар білетін тілегін айтып, мені киіндіре бастады. Әкем менен бұрын киініп алған екен.
— Тезірек болсайшы, бәйбіше, кеш қалып жүрерміз, — деп қояды.
Біз аттан түсіп, мектеп үйіне қарай жүріп келе жатқанда, Жамалетдин қарсы шықты.
Әкеммен сәлемдескеннен кейін:
— Немене, ақсақал, Спандиярды оқуға әкелдің бе? — деп сұрады.
— Иә, шырағым, оқысын деп әкелдім. Өзің айтып кіргізіп көр, — деді әкем.
— Мақұл, Көбеке, жүріңіз, — деп Жамалетдин бізді мектепке ертіп жүрді. Біз таялып келгенде сыпайы киінгең қолында қара папкасы бар, орта бойлы бір жас жігіт мектептен шықты. Бұл осы ашылғалы отырған мектептің меңгерушісі екен. Жамалетдин онымен бір-екі ауыз орысша сөйлескеннен кейін, ол бізді ертіп кеп мектепке кіргізді. Менің аты-жөнімді сұрастырып жазып алды да, әкеме қарап:
— Енді болды, — деді.
Әкем түсінбей қалса керек, біресе маған, біресе меңгерушіге алақтап қарап тұрды да:
— Шырағым, алынды ма? — деп сұрады.
— Алынды, алынды! — деді ол. — Оқу декабрьдің 10 күні басталады, балаңызды сол күні әкелерсіз.
— Өркенің өссін, қарағым! — деді әкем.
— Рақмет, ақсақал, қош болыңыз! — деп меңгеруші бізді шығарып салды.
Біз мектептен шыға келсек, сыртта Сауытбай ақсақал тұр екен. Әкем сәлем берді. Бірақ ол сәлем алудың орнына:
— Мынауың не? — деді маған басын изеп, бейне мені жансыз затқа теңегендей.
— Менің, балам ғой.
— Не дейді? Әй, осы сенің қанша балаң бар?
— Жеті ұл, бір қызым бар.
— Құдайым аямай-ақ бере берген екен. Мынауың, нешеде?
— Тоғызда.
— Ойбай-ау малға сабақ болып қалыпты ғой.
— Жас қой әлі.
— Жас деген несі, малға сабақ болып қалған баланы? Әй, осыныңды маған берші.
— Оны қайтесің? — деді әкем.
— Бұзау бақтырайын деп едім.
— Оқытайын деп едім, байеке.
— Мынаны ма? — деді тағы да мені нұсқап.
— Иә, осыны.
— Әй, Көбей, сірә, сенің денің дұрыс емес шығар, — деді бай күле сөйлеп. — Дені дұрыс кісі мал бағатын баланы оқыта ма екен? Өзге жұрт бала оқытам десе бірсәрі екен ал сенікі не? Бала оқыту сенің не теңің. Сорлы-ау, одан да біреудің бұзауын баққызсаң, мал таппай ма? Айтпақшы, сенің бір балан, жаздыгүні молдамен төбелесіп, оқымай қашып кеткен жоқ па еді? Сол қайсысы?
— Осы бала еді, — деді әкем күліп.
— Енді қайда оқытпақ болып жүрсің?
— Осында жаңадан ашылғалы жатқан мектепте.
— Орысша оқытпақшы боласың ба?
— Иә, орысша оқытпақшымын.
— Әй, Көбей, айттым ғой, сірә, сенің денің дұрыс емес, — деп Сауытбай қылғынғандай шық-шық етіп күлді.
Ызам әбден теріме сыймай тұрған мен:
— Сенің ше? — дедім.
— Әй, мына мұндар не дейді, ә? — деп бай маған тұра ұмтылды. Бірақ әкем қолынан ұстай алды.
— Қап, сен мұндарды ма... саған осы мектептің есігін аттатсам, кәпір қауымында өтейін, — деді де Сауытбай жүре берді.
Үлкен той болды. Тойда манағы мектеп меңгерушісі жиналған жұртқа қысқаша құттықтау сөз сөйледі де, Ыбырайға сөз берді. Ыбырай оқу жайында ұзақ сөз сөйледі. Ыбырай сөйлеп болған соң, меңгеруші мектепке алынған балалардың әкелеріне мектепке кіріп шығуларыңызды сұраймыз, деді.
Әкем екеуміз мектепке келсек, есік алдында біраз адам жиылып тұр екен. Олардың арасында ұзын қара шинель киген жұп-жуан, екі беті торсықтай, ала көз, бұжыр қара адам сөйлеп тұр. Ол уезный начальниктің орнына келген әрі письмоводитель, әрі переводчик Хамза Қаржасов деген екен. Сөзі бізге ұнамады. Оның айтуынша, бұл мектепке ен; алдымен патша үкіметіне сенімді, патшаға шын берілген адамдардың балалары алынуға тиіс, онан кейін қазақ аулындағы беделді адамдардың, демек, билердің, байлардың балалары алынуға тиіс. Солардың балаларынан орын ауысып қалса ғана жай шаруалардың балалары мектепке түсе алатын тәрізді.
Сол жерде тұрған Нұрғали Бошанов, Нұржан Жетібаев тағы басқалары: «Бүкіл халыққа ортақ мектеп емес пе, қара шаруалардың балалары неге кейінге қалдырылады?» деп айтып көріп еді, Хамза қолын бір-ақ сілтеді.
Осы арада мектептен Салмұғамбет болыс шықты. Біздің деңгейімізден өтіп бара жатып, менің әкеме бұрылып қарап:
— Сен не күтіп тұрсың? — деді.
— Мына баланы жазып алып еді, мана... Тағы да мектепке кіріп шығыңдар деген соң, келіп тұрғаным ғой, — деді әкем.
— Сенің балаңның орнына Олжабайдың баласы алынатын болды... Жолыңнан қалмай-ақ қойсақ да болады, — деді болыс.
— Оның мәнісі қалай?
— Мәнісін естіген жоқсың ба, ана кісі не айтты? — деп Қаржасовты нұсқап қойды.
— Жарлы-жақыбайдың баласы оқуға алынбасын деген заң бар ма? — деді әкем.
— Бар екен — деді болыс, — бұл мектептің өзі әлді адамдардың балалары үшін ғана ашылған көрінеді ғой.
— О не, о не? — деді біреу.
Жалт қарасақ, Алтынсарин екен.
— Мына кісі, — деді болыс күмілжи сөйлеп, — Көбей деген кедей адам. Мына бір баласын мектепке кіргіземін деп алып келген екен бірақ орын жетпей қап...
— Шырағым Ыбырайжан, — деді әкем, — баламды мана жазып алған еді. Декабрьдің 10-да оқу басталады, сол күні әкеліп салыңыз, балаңыз оқуға алынды деген. «Ең алдымен өлілердің балалары алынады» деп менің баламды тізімнен шығартып тастаған ұлықтар болу керек.
— Дұрыс емес. Бұл жалғыз байлардың балалары оқысын деп ашылған мектеп емес, жалпы қазақ балаларына ортақ мектеп. Шынында, мектепке ең алдымен нашарлардың балалары алынуы керек, — деді Ыбырай.
Осы арада меңгеруші мектептен шығып біздің қасымызға келді. Түсі ашулы сияқты көрінді.
— Ыбырай-аға, — деді меңгеруші, — мынау уездік ұлықтар, болыстар, кедей балаларын шығарып, тек бай балаларын алыңдар деп жатыр. Мен ондай нұсқау жоқ деп көріп едім, «бұрын болмаса, енді болғаны. Мектепке алынатын балалардың тізімін қарап шығып, біз бекітуіміз керек» дейді. Олай болатын болса, менің бұл мектепте меңгеруші болып істеуімнің қажеті қанша? Өзіңіз барда осы мәселені үзілді-кесілді шешіп қалуымыз керек шығар деймін. Әйтпесе, әкімдердің мына сез саптауларына қарағанда, менің қажетім жоқ сияқты.
Ыбырай қабағын түйіп, жүзі сұп-сұр болып кетті. Екі көзі шатынап, сазарған күйінде ойға шомып әлдеқайда алысқа қарап біраз үндемей тұрып қалды.
Салмұғамбет болыс біресе меңгерушіге, біресе Ыбырайға жалтақ-жалтақ қарап, тілі күрмелгендей кекештеніп:
— Е-е... екі-ақ бала ғой... Екі-ақ бала тізімнен шығарылған... Е-е-е... біреуі біздің өз ағайынымыз мына Көбейдің баласы да, біреуі... біреуі осындағы бір нашар адамның баласы. Бүгін оқуға кіргенімен ертең шығып қалатын балалар. Ояз, болыс қиянат етіп жатыр деп, түңдік желпілдетіп жатудың қажеті қанша? — деді қипақтап.
Ыбырай оның сезін мүлдем естімеді ме, немесе елемеді ме, білмеймін, меңгерушіге қарап:
— Мектептің жалпы қазақ балаларына арнап ашылып отырғанын білесіз. Бай балаларына арнап ашылған мектеп емес. Уездік ұлықтардың да, болыстардың да мектепке алынған балаларды тізімнен шығарып тастауға хақы жоқ.
Менің рұқсатымсыз бірде-бір баланы тізімнен өшіруші болмаңыз. Мектеп ашуға жиналған қаржы, осы кедей шаруалардікі, халықтікі екені есіңізде болсын. Болыс пен байлардың қанша қаражаты шығыпты бұған?» — деді өктем дауыспен.
Меңгеруші менің әкеме қарап:
— Сіз неге оқытпайтын болдыңыз балаңызды ? — деді.
— Оны айтып жүрген кім?
— Болысың айтты ғой.
— Өтірік айтады, — деді әкем, — баламды оқудан шығарып тастады деп мына кісіге арыз айтып тұрған жоқпын ба?
— Неткен опасыз, не деген жауыз адамдар еді! — деді меңгеруші.
Ыбырай менің, маңдайымнан сипап, бетіме үңіліп қарап:
— Оқисың ба, балам? — деді.
— Оқимын.
— Оқы, балам. Жақсы оқы! — деді де, меңгерушіге қарап:
— Тізімнен өшірілген болса, қайта жаз. Кедей балалары да оқу керек. Мына балаға көзіңнің қырын сала жүргейсің. Сірә, әкесі осы елдің мықтыларына жақпай, зәбір көрген адам болу керек, — деді. Мен бұл сөзге қатты қуандым. Қуанғандығым сонша, алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды дембелше келген адамды құшақтап сүйіп алуға сол минутта әзір едім. Бірақ балалық, ұялшақтық жеңген мен іркіліп қалдым.
Мен оқуға алындым. Сонымен 1887 жылы 10 декабрьде оқу басталды.
Бөлтіріктер
Мектепке, он бес, жиырма бала интернатта жатып оқыды да, Сауытбай, Сандыбай, Дәндібай сияқты бай балалары өз үйлерінде, алыстағы ауылдардан келген бай балалары ауыл үйлерінде жатып оқыды. Олар интернатта жатып оқитын киімдері жұпыны балалардың жауы болып алды. Күнде бір-екеуімізді жылатып кетеді. Шетінен тентек, деген «бөрінің бөлтіріктері» еді. Олардың басшысы он екі жасар Нұрпейіс деген бала. Өзі мейлінше ұрыншақ, сотқар, тентек бала еді. Ол езін «болыспын деп, ал Сауытбайдың баласы Шаяхмет пен тағы бір бай баласын старшын» деп атайтын. Байдың балаларының ішінде он бес, он алтыға келіп қалған ересек балалар да бар еді.
Бұлар алғашқы күндерде шынында да «би, болыстардың» рольдерін атқарып жүрді. Интернаттағы балаларға тіпті күн көрсетпейтін болды. Сабақта отырғанда да тыныштық бермейді. Не шымшып алады, не қағаз-қарындашыңды лақтырып тастайды, ал сыртқа шықсаң, не сабайды, не бөркіңді лақтырып, ит айтақтап, маза бермейді .
Бір күні сыртқа шығып, екі бала ойнап жүр едік, Нұрпейіс жүгіріп келді де менің бөркімді жұлып алып, лақтырып жіберді. Бөркіме қарай жүгіре бергенімде ол аяғымнан шалып, етпетімнен құлатты. Мен тұрып жалт қарасам, мәз болып күліп тұр екен. Қаным қайнап кетті де, бар пәрменіммен жүгіріп барып, басыммен ішінен түйіп келіп қалдым. Нұрпейіс шалқасынан түсті. Дереу үстіне мініп алып, екі құлағынан ұстап, басын жерге ұр келіп... Осы арада интернат балалары да жиналып қалды.
— Бұдан былай тиісемісің? — дедім мен.
— Жібер! — деді ол.
— Жоқ, жібермеймін. Айт, бұдан былайғы жерде тиісесің бе, жоқ па?
— Жоқ!
— Ит болайын тиіссем де!
— Тиіссем, ит болайын...
— Доңыз болайын де!
— Тиіссем, доңыз болайын...
Босатып жібердім. Тұра сала тағы да жармаса кетеді ғой деп ойлап едім, жоқ, жармаспады. Орнынан тұрды да тіл қатпастан жатқан үйіне қарай тартты.
Интернат балаларының ішіндегі менің достарым — Бірке мен Тұрман, біреуі бөркімді әкеліп кигізіп, біреуі үстімнің шаңын қағып жатып, бұл «шайқастан» өздерінше қортынды шығарысып:
— Ендігәрі бұлармен тек төбелесу керек екен! — десті.
— Олар тағы да жиналып келеді, — дедім мен.
— Келсе келсін! — деді Тұрман. — Төбелесеміз!
Сол күні кешке қарай сыртта ойнап жүр едік. Айтқанымыздай, Нұрпейіс бастаған бес-алты бөлтірік жетіп келді. Олардың ішінде жүген үзген Мырзахмет, Шаяхмет те бар еді. Біз он шақты бала едік, бұрынғыдай қашпай, тобымызды жазбастан тұрып алдық. Бөлтіріктер тиісе алмады. Іңір түскенше, интернатты торып жүріп, қайтып кетті. Сол күннен бастап, олар аяқтарын аңдап басатын болды. Ақырында, екі-үш айдан кейін Нұрпейіс пен бірнеше бай балалары оқуды тастап, ауылдарына қайтып кетті.
" Мең бір рет ауырып қалғаным болмаса, үзбей оқып бұл мектепті 1892 жылы бітіріп шықтым.
* * *
Біздің ең алғашқы оқытушымыз Орынбор қаласындағы (қазір Чкалов қаласы) оқытушылар даярлайтын мектепті бітіріп шыққан жас жігіт еді. Ол өзі оқытатын дәрісіне жетік, өз ісіне тап-тұйнақтай, аса ұқыпты, мейлінше мәдениетті адам еді.
Ол Алакөлдегі екі жылдық ауылдық мектепте де, кейін Қарағайлы көлдегі (Боровой) төрт жылдық мектепте де орыс тілінен сабақ берген еді. Өзі орта бойлы, мұрты жаң,а ғана тебіндеп шығып келе жатқан, қара торы жігіт болатын. Кішіпейіл, мейрімді, сабырлы кісі еді. Әлі есімде, сабақ басталған күні орысша оқудың мән-маңызын айта келіп, орыстың ғылымын үйрену үшін ең алдымен тілін жетік білу керек екендігін айтты. Орыс тілін неғұрлым жақсы білсең,, солғұрлым орысша жақсы түсініп, жақсы оқитын боласын,. Орысша жақсы оқысаң, өнер-білімге кенелесің, зейінің артады, ақылын, молығады. Ыбырай ағай осылай дейді. Ол кісі өздерің сияқты қазақтың балаларын ғылымға кенелдіру үшін орысша оқытып жүр. Біздің де оқуымызға себепкер болған сол кісі. Ол келіп оқуды тексерген уақытта, ұялып қалып жүрмелік. Жақсы оқылық деп, қайткенде жақсы оқуға болатындығы туралы көптеген мысалдар келтірді.
Бұдан кейін бірнеше орыс сөздерін өзі айтып шығып, оның қазақшасын түсіндірді. Ең алдыңғы қатарда отырған Шаяхметке қарап:
— Кәні, сен тұр! — деді.
Шаяхмет тұрды.
— «Карандаш» деп айтып көрші, — деді оқытушы.
— Қарындаш, — деді Шаяхмет.
— Жоқ қарындаш емес, орысша «карандаш». Дұрыстап айт.
— Қарындаш, — деді Шаяхмет.
— Жоқ, қарындаш емес, «карандаш», — деп қайта айтқызды. Үшінші айтқанда Шаяхмет дұрыс айтып шықты. Осыдан кейін «парта», «стол», «стул», «чернила» деген сияқты сөздерді әлгі ретпен барлық балаларға кезек-кезек орысша айтқызып шықты да, олардың қазақша не деген сөздер екенін түсіндірді. Алғашқы күнгі сабақта да, келесі күнгі сабақта да осындай болды. Мұның өзі Ыбырай Алтынсарин мектебінің дәстүрі еді. Орысша үйреткенде, балаларға өзінің төңірегіндегі нәрселерден үй ішіндегі заттардың атынан бастап үйрету керек екендігі, орысша бірден жақсы сөйлетіп үйрету керек екендігі Алтынсариннің қағидалары болатын. Осы қағидаларды мен білетін сол кездегі және онан кейінгі оқытушылар да қолданушы еді. Олар қандай сөз болса да, жалпы алғанда, қандай сабақ болса да, оны балалардың көкейіне қондырып алмай тұрып, екінші сөзге не сабаққа көшпейтін еді.
Екінші бір есімде қалған нәрсе: біздің мұғалім бір күні осы ауылдағы балалардың туысқандарын шақырып алып, жиылыс өткізді. Жиылысқа, біз, балалар да қатыстық. Ол жиылыста балаларды оқуға ұмтылдыру жөніндегі ата-ананың міндеттерін айтты. Ұмытпасам, ешкімнің атын атаған жоқ, бірақ сөзін қорыта келіп, жиынға мынадай бір мысал келтірді:
— Кейбір ата-аналар, — деді ол, — өздерінің балаларына: «Жақсы оқы, шырағым. Жақсы оқып, орысша жақсы білсең, тілмаш боласың, песір боласың, ұлық боласың, жұрт сенен қорқатын болады, бай боласың» деседі. Мен мұны жиі-жиі естіп жүрмін. Бұл — баланы жақсы әдетке, өнерге, білімге ынталандыру емес, қайта теріс тәрбие беретін жаман жолға қарай бүру деген сөз болып шығады. Балаларды өзімшілдікке, баққұмарлыққа ынталандыру болып шығады. Халайық, балаларын, жақсы оқысын, адам болсын десеңдер, Ыбырай ағаң сияқты тілсізге тіл бітіретін өнерпаз, ел қамқоры боласыңдар. Жер астында жатқан не бір асыл кендерді, алтын мен күмісті, қорғасын мен мысты, болат пен темірді, мұнай мен көмірді іздеп табатын ғалым, инженер боласыңдар. Сол сияқты мал маманы зоотехник, мал дәрігері, ауру-сырқауды) емдеп жазатын адам дәрігері, өздерің сықылды балаларды оқытатын оқытушы болып шығасыңдар, сөйтіп халыққа қызмет ететін болсаңдар, балаларыңды жақсылыққа бастап ілгері қарай сүйреулерін, керек, — деп насихат айтты.
Осы сөздің езі оқушы бізге де үлкен әсер етті. Мең шынында, не үшін оқитынымды, қандай мақсатпен оқитынымды тұңғыш рет осы жиылыста ғана аңғардым. Мұғалімнің, әлгі сөздері көкейіме қонып, өзі сияқты оқытушы болсам екен деп арман етіп отырдым. Кейін төрт жылдық болыстық, мектепте, одан соң Қостанайдағы екі класты орысша-қазақша мектепте оқыған жылдарда болашағыма жол сілтеген шамшырағым, мені ілгері жетектеген осы арманым еді.
Өзіміздің тұңғыш оқытушымыз туралы менің ерекше есімде қалған оның адамгершілік сипаттарының кейбірін көрсететін жайлар осылар еді. Бірақ не керек, ол көп өмір сүре алмады. 1893 жылдың жазында қайтыс болды.
Ауыр қаза
Арада бір жылдай уақыт етті. 1889 жыл болу керек. Август айының бас кезі еді. Біздің жазғы демалыста жүрген кезіміз еді. Оқытушымыз да еліне қайтып кеткен болатын, кенеттен мектепке қайтып келді. Бір-екі күн өткен соң, көп адам қатысқан жиылыс өткізді. Бұл жиылысқа Обаған болысының адамдары түгел жиылды.
Түске таман ауыл сыртындағы кең көгалда жұрт алқа-қотан отырып, молда құран оқыды.
Жұрт қолдарын жайып бет сипасты, осыдан кейін біздің мұғалім сөз сөйледі:
— Ей, халайық! — деп бастады ол сөзін. — Орасан ауыр қазаға ұшырадың, байтақ далаңдағы жалғыз жарық жұлдызың сөнді, қараңғылық басқан шел сахараңда қолға ұстаған шамшырағың өшті. Бүкіл саналы өмірін халық ағарту ісіне бағыш еткен жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзінің туған елін, өзінің қаны бір, тілі бір туған халқын ағартуға бүкіл өмірін сарп еткен тамаша адам, ардақты азаматымыз Ыбырай Алтынсарин қайтыс болды...
«...Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша
Жылдам хабар алғызды...»
деп өзінің туған халқын сол өнерді үйренуге, — ең алдымен сол енерді, сол білімді орыс халқынан үйренуге шақырған ардақты ұлын, араңнан етті!.. Сол ізгі ұлыңның жолын ұстаған, ат төбеліндей аз ғана болса да, бірақ өздерінін, ұстазына мақсаттас оқытушылар жұртшылығы, жаңа ғана шешек ата бастаған балғын гүл сияқты жас талапкер оқушылар жетім қалды! Өздерінін, ұлы қамқорынан айрылды... — деп іркіліп қалды. Ол жылап тұр екен.
Өтелмес қаза қайғысы сол сәтте санасына жетіп әр жерде ауыр күрсініп отырған адамдар, азалы хабардың аяғын күтуге тақағы жетпей:
— Қайран Ыбырай!
— Арысым!
— Қамқорым! — деп күңіреніп кетті.
Ыбырай менің көз алдыма келіп елестеп, тағы да сол өткен жылғы сияқты, маңдайымнан сипап: «Оқып жүрмісің, балам, жақсы оқы!» деп тұрған тәрізді болды. Мен әкеме қарадым, қарсы алдына телміре қарап қалған әкемнің жүзінде үлкен көздерінен бұршақ-бұршақ жас сорғалап отыр екен. Мен де еңіреп қоя бердім. Осы арада мұғалім өксігін сәл басып:
— Ел-жұртым! — деп жиынға ишара етті. — Ыбырай ағайдың арманы — жас ұрпақты оқытып, ғылыммен өнер-білімді өз халқының игілігіне айналдыру еді. Құр жыламайық, халқым. Ыбырай арманын орындап, жас өспірім ұрпақты оқыталық. Кемеңгер ұлыңа орнатқан мәңгі ескерткішіміз осы болсын! Ыбырай ағай көзінің тірісінде Қарағайлы көлінің басынан төрт жылдық мектеп ашпақ еді. Енді ел болып, жұрт болып ат салысып осы мектепті ашалық, — деп ол сөзін аяқтады.
Жұрт бір ауыздан бұл ұсынысты қабыл алды. Осы мәселені іске асыру Жамалетдинге тапсырылды. Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта ниетімді енді біржолата баянды етіп бекітті...
1892 жылы Қарағайлы көлде төрт жылдық мектеп ашылды. 1892 жылдың жазында біз ауылдық мектепті он төрт бала бітіріп шықтық. Бізден бір жыл бұрын он екі бала бітіріп шыққан еді (мен науқастанып оқи алмай қалғам). Сол жылы күзде бәріміз Қарағайлы көлдегі төрт жылдық мектепке барып орналастық.
Болыстық мектеп
Оқу басталды. Бізді мектепке Жамалетдин орналастырды. Бірақ Жамалетдин де көп кешікпей басқа мектептерге ауыстырылды.
Мұнда да мектепке арнап салған үй жоқ еді. Мектеп үйі сол поселкедегі Поспелов дегеннен жалдап алған үй екен. Бірақ Алакөлдегі Сауытбайдың үйіне қарағанда, бұл кәдімгі мектеп сияқты еді. Кейін осы үй 1500 сом ел қаржысына сатып алынып мектепке басымен берілді. Мектепте елу бес, алпыс бала оқыдық. Оның жартысынан көбі үйлерінен қатынап оқитын орыс балалары еді. Қазақ балалары интернатта жатып оқыды.
Алғашқы кезде орыс, қазақ балалары болып жікке бөлініп, бір-бірімізді жатсынып, тосырқап жүрсек те (кейде тіпті төбелесіп те қалатынбыз) кейін түсінісіп, тату дос болып кеттік.
Біздің орыс балаларымен бірге оқуымыз, олармен күнбе-күн орысша сөйлесіп, бірге жүріп-тұрғаныңыз — қазақ балаларына орысша тілді жақсы үйренуге зор себеп те болды. Оқытушыларымыздың. нұсқауы бойынша болса керек, осы поселкедегі саналы, парасатты, көзі ашық орыс шаруаларының естияр оқушы балалары қазақ балаларын үйлеріне шақырып, бірге сабақ даярласып, өздері де интернатқа келіп жүрді.
Сондай оқушылардың бірі Василий Вахмяков деген бала еді. Екеуміз қатты дос болдық. Кейін Вахмяков та оқытушы болды. Қазақ балаларынан менімен бірге оқығандар: кейін белгілі ақын болған Бекет Өтетілеуов, Әбубәкір Бәйтішев, Шынтасов Тұрман деген балалар еді. Бәйтішев әлі оқытушы. Бекет Өтетілеуов 1949 жылы қайтыс болды, ол да оқытушы болатын. Шынтасов Тұрман кейін ветфельдшерлік мамандығын алып шықты. Ол кісі 1922 жылы қайтыс болды.
Біркенің өлімі
Ауылдық мектептегі сияқты, болыстық мектепте де Тұрман, Бірке үшеуміз дос болдық. Бірке сабаққа зерек, мінезі момын, діншіл жақсы бала болатын. Ол Арақарағай болысындағы Сертай деген орта шаруаның баласы еді.
Болыстық мектепте оқу басталғалы бірнеше ай еткен болатын. Интернатта жатып оқитын балалардың ішіндегі ең озық балалар да үшеуміз едік. Біздің мінез-құлқымыз да, дағдылы әдеттеріміз де бір-бірімізге ұсаңқырайтын. Сондықтан ба, әлде сабақтас болғандықтан ба әйтеуір, Тұрман, Бірке, үшеуіміздің жұбымыз жазылмайтын.
Бір күні орыстың масленица дейтін мейрамы болды. Біз мұндай мейрамды бұрын ешуақытта кермеген болатынбыз. Бұл мейрамда әдетте адамдар боянып, әралуан маскалар киіп, киімдерін әлем-жәлем теріс айналдырып киіп, думан құрып жүреді екен. Мейрам қатарынан бірнеше күнге созылды. Бұрын мұндай мейрамды кермеген қазақ балалары жатақ үйден шықпастан отырып алды. Олар сыртқа немесе көшеге шығуға сескенді.
Бірақ бір күпі кешке қарай Бірке болса керек, ешкімге айтпастан шығып кетіп, көшедегі бір топ мас бай саудагерлердің арасына барып кіреді. Мастар оны қызық көріп, орталарына алып, әралуан түрге еніп қорқытады. Поселкенің шетіне алып шықса, Бірке қорқып, есінен танып қалады. Ессіз жатқан баланың үстінен шыққан мектеп күзетшілері оны жатақханаға алып келді.
Бірке ес-тұсын білместен үш күн жатты. Оның аулына хабар айтылды. Біркені шошытып, азапқа салған адамдар табылмай қойды. Хал үстінде жатқан Біркені үрейленген әкесі келіп алып кетті. Біркенің, мектептен кетуі Тұрман екеумізге қатты батты. Біз оны кеп жерге дейін шығарып салдық.
Бірке бір айдан кейін қайтыс болыпты. Біркенің өкінішті өлімі бізге қатты батты. Сонымен бірге бір қатар балалардың оқуды тастап кетіп қалуына да себеп болды. Өйткені Біркенің хабарын естіген ауыл адамдары, біздің де балаларымыз сондай халге ұшырауы мүмкін деп, балаларын алып кетісті.
Сол жылы қыс ортасында мен қатты ауырып қалдым. Камел ағам келіп, мені ауылға алып қайтты. Менің ауруым — шешек болып шықты. Науқасымнан тез айығып кете алмай, сол жылы оқудан да қалып қойдым. 1893-1894 оқу жылында ғана қайта келіп оқуға түстім.
Мектепте Оразбаев дейтін оқытушы тұрыпты. Оразбаев та көп кешікпей басқа жаққа ауысып, оның орнына Зефиров деген оқытушы қалыпты. Менімен бірге оқыған балалардың бірқатары Тұрман, Василий Вахмяков Қостанайдағы екі класты орысша-қазақша мектепке оқуға түсіпті. Мен достардан жұрдай болып, жалғыз қалыппын. Амал жоқ. Оларды сағынып жүргенімде кешікпей Михаил Денисов деген баламен дос болдым. Екеуміздің де үшінші класта оқып жүрген кезіміз еді.
Миша екеуміз бір партада отыратын едік. Ол үздік оқушы болатын, мен де одан қалысқаным жоқ. Біздің достығымызға бір партада отыру және екеуміздің де оқуды жақсы меңгеретін алғырлығымыз дәнекер болды.
Біз осы мектепті екі жыл оқып, 1894-1895 жылдың жазында бітіріп шықтық. Мұнан әрі оқу үшін Қостанайға бару керек еді. Бұл менің өмір-мақсат сапарында екі айыр жолдың арасында тұрған шағым еді. Оның бірі — уезде іс басында тұрып шен іздеу немесе ауылда қалып ел билеу мәселесіне араласу еді. Екінші жол — Ыбырай аға өсиет еткен ғылымның ұзақ сүрелі сара жолы еді. Мен сияқты болыстық төрт жылдық орысша мектеп бітірген қазақ баласына бірінші жолға түсем деп шырмалу ол кезде аса қиын емес-ті. Бірақ әкем мен шешем үшеуміз отырып ақылдасып, Ыбырай ағаның жолына түсуді ұйғардық. Бұл үшеуіміздің де ежелгі арманымыз болатын.
Келешегім айқындалып әрі оқи беруге бел будым. Ендігі жерде Қостанайдағы екі класты орысша-қазақша мектепті бітіргеннен кейін, бізге Орынбордағы оқытушылар даярлайтын мектепке барып түсуге болатын еді. Оқытушылар мектебі сол кездегі бір елеулі білім, мамандық беретін оқу орны болатын. Мен енді Қостанайға жетуді аңсадым.
Қостанай
Ол кезде Қостанай үлкен қала емес еді. Өйткені Қостанайдың қала болып салына бастағанына 14-15 жыл ғана болған. Осы жерде Қостанай қаласының салыну тарихы туралы бір-екі ауыз сөз айтқым келеді.
Бұрынғы Торғай облысының кейіннен Қостанай уезі болған бір уезі — ол кезде Николаевский уезі деп аталынады екен. Бірақ ол уездің аты болмаса, орталық қаласы жоқ екен. Ал мұның өзі уездің орталығынан әкімшілік басқару орындарын құруға мүмкіншілік бермеген. Сондықтан Орынбордың генерал-губернаторы 1879 жылы декабрь айында қазіргі Қостанай қаласы тұрған жерден уездік орталық болатын поселка салу мақсатымен 1000 орыс шаруаларын қоныстандыру үшін оларға 13 мың 300 десятин жер кесіп беруге рұқсат етеді.
Бірақ көпке дейін бұл жердің межесі белгіленбейді де, Тобыл өзенінің жағалауындағы қазақ жерінен орыс шаруаларына тегін жер беріледі екен деген хабар бойынша, жерсіз отырған орыс шаруалары осы жерге лек-легімен көшіп келе бастайды. Келесі жылы 13 мың 300 десятин жердің орнына, орыс шаруалары 40 мың десятин жерді мекендейді. Сөйтіп осы күнгі Қостанай қаласының негізі қаланады, екі-үш жылдың ішінде-ақ 10 мың жаны бар поселка пайда болады.
Жер жағынан алып қарағанда, патша өкіметінің қазақ шаруаларына қолданған отаршыл саясатына негізделген зорлығы бола тұрғанымен Қостанай қаласының салынуының зор тарихтық пайдалы жағы да болды. Қазақ халқына базар жақындады, орыс халқымен қарым-қатынас күшейді. Мұнда екі класты орысша-қазақша мектеп ашылды, кейін екі класты педагогикалық курс ұйымдастырылды. Демек, Қостанай қаласы сол өңірдегі бір мәдениет ошағына айнала бастады.
Біздің болыстан бірнеше бала боп келіп, біз Қостанай қаласындағы ашылған екі класты орысша-қазақша мектепке кірдік. Басқа болыстық мектептерден де қазақ балалары келіп кіріп жатты. Қазақ балалары мұнда да интернатта жатып оқыды да, орыс балалары өз үйлерінен қатынап оқитын болды.
Екі класты мектеп
Мұндағы екі класты мектептің үйі Боровойдағы мектептің үйінен сәулеттірек еді. Қаланың ортасында күйдірген қызыл кірпіштен салынған бір қабат үлкен үй болатын. Осы мектепті салдыруда да Ыбырай Алтынсариннің үлкен еңбегі сіңген. Бұл үйдің едені де, қабырғалары да сырланған еді. Парталары жаңа, кластары кең, жарық, кәдімгі, үлгілі мектеп сияқты еді.
Біз тұрған жатақ үй де кең, жайлы болатын; әрбір баланың жеке кереуеті, төсек-орны бар еді. Мектепке алынған күні-ақ бізді моншаға түсіріп, өз киімдерімізді сақтатқызып қойып, жаңа киімдер берді.
Мектептің меңгерушісі Ларин деген кісі еді. Оқытушыларымыздың ішінен есімде қалғандар Жамалетдин Байсенов пен А. Попов деген оқытушылар.
Мектептің тәртібі қатаң болатын. Бір кезде мұнда Греховодов деген оқытушы меңгеруші болып, ол өзінше тәртіп орнатқан екен. Оқытушылар кезектесіп күзетте отырады. Олардың міндеті — балаларды жатақ үйден ешқайда жібермеу, сырттан ешкімді келтірмеу, тәртіпсіздік істетпеу болатын.
Сәл ғана тәртіп бұзған не сабағын үлгіре алмаған балаларды бұрышқа қаратып тұрғызып немесе еденге жүгіндіріп отырғызып қоятын. Аса тентектік жасаған балаларды тәулік бойына қараңғы карцерге отырғызып қамайтын.
Әрине, оқитын, демалысқа шығатын, жататын, тұратын, тамақтанатын, ойнайтын уақыттардың бәрі де күні бұрын белгіленіп қойылған еді. Оны ешкімнің бұзуға правосы жоқ. Жерде бір бала жазатайым осы белгіленген тәртіпті бұзса, оның жазасы карцер болатын. Осы тәртіпті ерекше құлшына қолданған Тенянакин деген бір оқытушы болды.
Жамалетдин мен А. Попов сияқты оқытушылар Греховодовтың осы педанттық тәртібіне мейлінше қарсы еді. Олар қолдарынан келген хал-қадерінше балаларға дұрыс педагогикалық тәрбие беріп, тек сол арқылы балаларды тәртіпке баулуға тырысатын.
Осындай қатал жағдайда оқып, білім алуға тура келді. Бірақ сондай қатыгез тәртібі бар оқудың өзіне ол кезде жүзден бірдің ғана қолы жететін. Бізді оқуға ынталандырған жағдай да, бір есептен осы болды. Мектептегі озбырлыққа, жалпы ауыр жағдайға шыдап, біз ойлаған мақсатымызға — ұлы орыс мәдениетінің асыл нәрімен қоректенуге жету үшін жұмылдық.
Бекет Өтетілеуов, Әбубәкір Байтішев, Ермантай Алдашов, Василий Вахмяков, Тұрман Шынтасов, Иван Ширяев — бәріміз сабақта да, үйде де, ойында Да тобымыз жазылмайтын, «кіндігі бір» достар болдық. Әрқайсымыздың әртүрлі өнеріміз бар-ды. Бекет пен екеуміз өлең жазамыз, Тұрман ән шырқайды, Василий Вахмяков скрипка ойнайды. Бірақ сол кездің өзінде-ақ бәріміздің мақсатымыз бір еді. Біз оқытушы болуды арман еттік. Кейін, айтқанымдай, Тұрманнан басқамыздың бәрі де оқытушы болып шықтық.
Оқушылардың ішінде ұлық, әкім боламын немесе тілмаш боламын деген мақсат көздеп оқып жүрген балалар да болды. Олар бай балалары еді. Олардың арасында жастары жиырма бестен асқан, әлдеқашан бала-шағалы болған оқушылар да бар еді. Солардың арасындағы Сайым деген бір оқушы жайында айта кеткім келеді.
Медетов және Сайым
Біз алтыншы класта оқып жүргенде, Медетов деген оқы тушы келді. Ұзын бойлы, сопақшалау жүзді, көздері үлкең өткір, отыздар шамасындағы жігіт еді. Медетов қатаң оқытушы боп шықты. Ұдайы кекеп сөйлеп, сабақ білмеген балаларды мысқылдап, мұқатып, кейде тілдеп отыратын. Бірақ сабақты жақсы беретін еді. Оның берген сабағында түсініксіз еш нәрсе болмайтын. Кластағы әрбір бала сабақты әбден түсініп болғанша ол қайта-қайта сұраулар қойып, балаларға айтқызып, кейде өзі де қайталап айтып беріп отыратын. Оқушыны әрі қадағалап, әрі жетектеп отырып, дәрісті оқушының көкейіне әбден қондыратын. Сол себепті оны оқушылар жақсы көретін, қадірлейтін.
Бірақ оны қадірлемеген онымен жұлдызы қарсы болып кеткен бір оқушы болды. Ол Мұсабай болыстың баласы Самым деген оқушы еді.
Сайымның бұрын қайда оқығанын білмеймін, бірақ Қостанай мектебіне ә дегеннен алтыншы класқа келіп түсті. Самым жиырма төрт, жиырма бестер шамасындағы, мұрт шығып қалған жігіт еді. Быртиған денесі партаға шаққа дегенде сыйып, ырыс-ырыс етіп демігіп отыратын, сабақты да жақсы білмейтін. Медетов осы Сайыммен бірден-ақ келісе алмады. Сабақ сайын оны кекеп, ылғи шенеп, мінеп сөйлейтін.
— Саған оқу не керек? Болыс болу үшің бе? Әкең, оқымай-ақ болыс болып жүр ғой, сен де соның жолын қусайшы... Оқып қайтесің, әуре болып? — деді Медетов.
Бір күні таңертеңгі сабақты бастар-бастамаста Медетов ызғарлы пішінмен балаларға бір қарап етіп, грамматика пәнінен сұрауға кірісті. Бір-екі баладан сұрап өтіп, Сайым отырған партаға жақын барды да:
— Ал, сен ше? — деді.
— Немене? — деді Сайым басын партадан әрең көтеріп.
— «Немене» ...Әдепті оқушы тұрып жауап берер болар.
Сайым орнынан қозғалған жоқ.
— Мен сенен не туралы сұрап тұрмын? Ана балалардың айтқаны дұрыс па, деп тұрмын мен саған.
Сайым үндемеді.
— Неге үндемейсің? — деді оқытушы.
Сайымда үн жоқ.
— Әлде дайындалған жоқсын, ба?
— Дайындалған жоқ едім.
— Неге?
Сайым тағы да үндемеді.
— Қонақта болдың ба әлде?
— Болып едім.
— Тұр! — деді оқытушы. Сайым тұрды.
— Бар, ана бұрышқа барып тұр!
— Неге? — деді Сайым қызарақтап.
— Бар, тұр бұрышқа қарап! — деді оқытушы ызғарлы дауыспен.
— Ақырма, — деді Сайым, — мен бала емеспін, ақырғаныңды қой, атып жіберсең де!
— Солай ма? Онда шық кластан! — деді оқытушы, енді шынымен ақырып.
— Шықса қайтеді екен? Шықсам шығамын да кетемін, — деді Сайым орнынан ырғалып-жырғалып әрең тұрын жатып.
Сайым оқытушыға айналып бір қарады да, есікті сарт еткізіп жауып шыға жөнелді. Мен енді оқытушы кімге тиісер екен деп сескеніп отыр едім. Бірақ оқытушы ашуын тез басып, сабағын күндегі әдетінше сабырлылықпен оқытуға кірісті. Біраздан кейін Медетов:
— Қандай сұраққа жауап бере алмай тайды әлгі «болыс»? — деді күліп. Балалар да ду күліп жіберді. Біреуіміз тұрып сұрағын есіне салдық. Сөйтіп, үзіліп кеткен сабақ қайта жалғанды.
Сайым сол кеткенінен біржолата кетті. Еліне барғаннан кейін көп кешікпей-ақ болыс болыпты. Ол болыс болып тұрған кезінде Медетовке қарсы қолынан келген зияндық. әрекетін аянбады, бірақ онысынан ештеме шығара алмады.
Әңгіме, мүмкін, бітпес те еді, бірақ Сайымның тепкісінен қорлық-зорлықтың бәрін көрген ызалы халық 1916 жылғы көтерілісте оны кескілеп өлтірді.
Енді бір арман
1897 жылдың, жазында екі класты мектепті бітіріп шықтық. 6-класта оқитын алты қазақ, алты орыс баласы едік. Сегізіміз ғана бітірдік. Сөйтіп, біз алты жылдық мектептің көлемінде біліміміз бар, орысша едәуір жақсы білетін жасөспірім жігіт болып шықтық. Мен елге қайттым. Ауыл мені зор қуанышпен қарсы алды. Әкем мен шешем өз әлінше той жасады. Ауыл адамдары менің алып келген кітаптарыма таңырқанды. Мен көркем әдебиет классиктерінің томдарын көбірек алып келген едім. Оларды оқып білмесе де, қолдарына ұстап, мұқабаларын сипалап кәріп жатып ауыл адамдары:
— Мына қалың кітаптардың бәрін оқыған болсаң, Спандияржан, сенің білмейтін законың мен ғылымың қалмаған шығар, қарағым! — десті.
— Болысқа песір де бола алатын шығар, — деді біреу.
— Не айтып отырсын, өзің? Ояз өзіме тілмаш болып қал депті ғой, — деді тағы біреу.
— Тілмаштықты неғылсын! Соларыңның талайынан алық білімді өшетіл болатын правоға ие боп кепті ғой Спанжан, — десті. Той үстінде осындай деп өздерінше қорып, ауыл адамдары маған өздерінше «лайықтап тон тарқасты. Менің бір қуанған нәрсем: ауыл халқы өткен кездегідей емес, қазір ұлықтан тілмаштан гөрі оқытушыға, оқуға мән бере бастаған дәрежеге қарай бет бұрған екен.
Менің мақсатымды ел кейін білді. Бұдан бір жыл бұрын Семиозердегі болыстық-мектепте меңгеруші болып істейтін Камалетдин қыс бойы маған хат жазумен болған. Ол хатында Орынборда оқытушылар даярлайтын мектеп бар, екі класты мектепті бітірген балаларды алады, соған оқуға түс, деп жазған. Менің арманым енді сол Мектепке түсіп оқу болды.
Жоғарыдағы ел адамдарының сөздерінде де шындық бар еді. Қостанайда екі кластық оқуды бітіргеннен кейін, бір күні көшеге Хамза Қаржасов кездесіп:
— Біз мектеп басшыларынан оқуды бітірген қазақ балалары жөнінде мінездеме алып едім, сонда сені мақтапты. Сондықтан бастық сені бір болысқа песір етіп жіберелік немесе тілмаш етіп алып қалайық дегенді айтып жүр. Сен бұған қалай қарайсың? — деді.
Мен бұл ұсыныстан ат-тонымды ала қаштым.
— Ағай, мен әлі жаспын ғой. Әлі де оқығым келеді. Мені әурелемей-ақ қойыңыз, — дедім.
— Шырағым-ау, осыдан артық тағы қандай оқу керек? Тамақ асырауға осы оқудың өзі жетпей ме? Сөздің шынына келсек, менің оқуым саған жетпейді. Сонда да әйтеуір осы елдің, маңдай алды адам қараларының бірі болып жүрмін ғой. Балалық етпе... Басыңа қонғалы тұрған бақыттан бас тартпас болар. Жас екенің рас, бірақ алғашқы кезде өзім көмектесіп, қамқорын, боламын ғой. Бес-алты айдың ішінде әйдік тілмаш болып шыға келесің, — деді Қаржасов.
Осы шыныменен айтып тұр ма, деп бетіне қарасам, ешбір қалтқысыз шыраймен айтып тұр екен.
— Рақмет, ағай, ондай жұмыс менің қолымнан келмес, мені әурелемей-ақ қойыңыз, — дедім мен тағы да.
— Онда, өзің біл... Қоян көлеңкесінен қорқады деген сен боп жүрмесең игі... Ендеше, бетіңнен жарылқасын... — деді Қаржасов ренжіген пішінмен.
Қаржасовпен екеуміздің арамызда болған осы әңгімені Кәмел ағама айтқанмын. Ол мені ауылға алып қайту үшін Қостанайға ат-көлік әкелген болатын. Ауыл адамдарының аңызы осыдан шыққан еді.
Менің әрі оқимын дегенімді естіген ауылдың «бетке шығарлары» әке-шешеммен ағаларымды біраз азғырып көреді. Тіпті олар менің әкеме құпия сырларын да айтады.
— Жұрт баласын оқытса, әкім-ұлық болады, ел билейді, мал табады деп оқытып жатыр... Спандиярыңмен қатар оқыған пәленшенің баласы болыс, түгеншенікі тілмаш, песір боп жүр. Ал сенің Спаның ояздың тілмаш бол деген ұсынысына көнбей, басына қонайын деп тұрған бақ құсынан қашыпты... Әрі оқимын, әлі оқимын деп әуре болмасын. Осыдан артық оқыса «жандарал» болады деймісің? Сен мұны ойладың ба, қабырғаңмен кеңестің бе? Балаңды айтып көндір; Бәшең өренінен де бір әкім шығатын кезі жетті де. Іс басына тұрып, әке-шешеңді асырайтын көзің болды ғой. демейсің бе? — деп үгіттейді. Әкем ауыл адамдарына: «көрерміз»... деп екі ұшты жауап қайырыпты. Үй іші тегіс жиылып отырып, мән-жайды түсініскен соң, әкем мен шешем әрі оқуыма ризашылығын берді.
Сонымен июльдің аяқ кезінде Орынборға, оқытушылар даярлайтын мектепке оқуға түсемін деп арыз жібердім, бірақ арызым кешігіп барыпты. Екі айдан кейін: «Биылғы оқу жылына үлгіре алмадыңыз, келесі 1898 — 1899 оқу жылының қарсаңында, августың жиырмаларына келіп экзамен беруіңізге болады» деген жауап алдым.
Бұл өкінішті де, қуанышты да хабар еді. Өкінген себебім — биылғы оқу жылына үлгіре алмағаным еді де, қуанған себебім — келесі жылы Орынборда оқитын болғаным еді. Мен емтихан бере алмаймын деп сескенгем жоқ, өйткені екі класты мектепті жақсы бітіріп шыққаныма қарамастан ауылға қайтысымен-ақ өз бетіммен үзбей даярланған едім. Енді оның үстіне тағы да бір жыл бойы өз тұсымнан оқып жақсы даярлануға мүмкіншілік алдым.
Сөйтіп, мен енді ауылда жатып әрі өткен сабақтарымды пысықтап, әрі орыс классиктерінің еңбектерін оқумен болдым. Сол жылы Крылов шығармаларының толық жинағын, Пушкиннің, Лермонтовтың, тағы басқалардың жеке шығармаларын оқып шықтым. Сол кезден бастап, маған жазушы болсам деген де ой келді. Бірақ құр тілектен басқа жазушы болуға әлі ешбір жағдай елесі де тумаған кезім еді.
Қиянат
Көшпелі ауылда оқуды аңсап, зарығып күткен бір жыл өтті. Август айы туды. Енді жол жүруім керек. Ең алдымен Қостанайдағы инспектордан тиісті қағаздарымды түзетіп алып, одан кейін Орынборға баруым керек еді.
Менің мехнатымды өз мойнына көтеріп алғандай, Кәмел ағам осындай сапарларға шығарымда күні бұрын қамдана бастайтын, о да даярланып болды. Біз Қостанайға келіп, пәтер үйге түстік. Жуынып, таза киімдерімізді киіп алып, екеуміз мектеп бастығы. А. Ларинге барып жолықтық.
— Инспекторға жолықтыңыз ба? — деп сұрады Ларин.
— Жоқ, жолыққаным жоқ.
— Онда, сол кісіге жолығуыңыз керек. Сірә, Көбеев, сіз, Орынборға бара алмайтын шығарсыз. Өйткені осында көптен бері Өтетілеуов деген бір мырза сенің орныңа өзінің осы мектепті бітіре алмай шыққан баласын жібермекші болып әрекеттеніп жүр. Уезд бастықтары да соны қолдайтын көрінеді. Инспектор да қарсы емес сияқты, — деді Ларин.
Орынбордағы оқытушылар мектебіне барамын деп жылдан аса уақыт үміт жетегінде болып келген сол оқуды аңсап жүрген маған бұл сез жай оғындай тиді. Бірден-ақ тауым шағылып, еңсем түсіп кетті. Менің, қатты налып, түсім бұзылып кеткен болса керек, Ларин біраз ойланып отырып қалды да, орнынан тұрып:
— Бірақ уақасы жоқ... Осында екі жылдық педагогикалық курс ашылатын болды, соған түсіп оқырсың, — деп арқамнан қақты.
Амал қайсы, ағамды ертіп алып, инспектордың үйіне бардым. Біз, байқамай, есігін қақпастан кіргенімізге инспектор қатты ренжіп қалса керек. Инспектор зілді-зілді сездер айтып қарсы алды.
Ол өзі денесі жұп-жұмыр, шүйдесі мен мойны тұтасып кеткен қасқа бас, тар маңдайлы, қоңқақ мұрын, бадырақ көз, ұзыны мен көлденеңі бірдей, аласа адам еді. Осы адам есікті ашар ашпастан-ақ көзін бажырайтып бір қарады да, табалдырықтан аттай бергенімізде-ақ:
— Рұқсатсыз неге кіресіңдер? — деді зекіп.
Біз не дерімізді білмей, үнсіз ғана шегіншектей бердік.
— Не керек? Не жұмыспен келдіңдер? — деді инспектор.
Мен жүрексіндім бе, білмеймін, айтайын деп келген сөзім де сол сәтте аузыма түспей қалды. Мүдіріп сөйлей алмай, келген жұмысымды әрең дегенде айттым. Орынбордан алған қағазымды ұсынып едім, инспектор алып көрді де:
— Білемін... Осы қағаздың көшірмесі бізде де бар. Бірақ менің ойымша, сен осындағы педагогикалық курста оқуың керек. Өйткені Орынбор алыс. Онда әлділердің балалары ғана оқымаса, нашар адамдардың балалары оқуы қиын. Ал сен кедей адамның баласысың, қаржың болса кем. Демек, оқуға шамаң келмейді. Сондықтан осында қалуың керек, — деді.
— Менің шамам келер еді, — дедім.
— Бос сөз, мүмкін емес. Сенің шамаң келмейді. Орынбор ойыншық емес. Ондай алыс жерде оқу үшін күш-қаржы керек болады. Оған мына Өтетілеу мырзаның баласы барады, — деді инспектор сезін үзілді-кесілді тұжырып.
«Мына» деп нұсқаған жағына қарасам, он, жақ қабырға түбінде тұрған бір жұмсақ диванның үстінде Өтетілеу бай мен оның қасында Үмітбай деген баласы отыр екен. Үмітбайы бір кезде бізбен бірге оқып, емтихан бере алмай оқудан шығып қалған еді. Мен күйіп кеттім.
— Иә... Үмітбай, сен баратын болдың ба? Бір кезде сені мұндағы мектептен де нашар оқығаның үшін шығарып жіберген еді. Енді емтиханды қалай бермекшісің! — дедім.
Үмітбай, беті қып-қызыл болып төмен қарап, үндей алмай қалды.
— Әңгіме емтиханда емес қой, балам... — деді Өтетілеу. — Әңгіме, қарағым, қалтада. Қалтаң қалың болса, емтихан-семтихан деген бөгет бола алмайды, — деді Өтетілеу диван арқалығына шалқая түсіп.
— Онда балаңды оқытып азапқа салып қойғанша, оқуды қап-қабымен сатып ала берсеңші... — деді Кәмел. Жылан шағып алғандай атып түрегеліп, Өтетілеу:
— Оны сізден сұрамаспыз... — деді.
Біз үндегеніміз жоқ.
— Барыңыз, Греховодовқа жолығыңыз... Педагогикалық курстың бастығы сол кісі. Ендігі мәселеңді сол кісі шешеді, — деді инспектор.
Амал қайсы, біз шығып кеттік. Шыға бере Кәмел ағам:
— Бұл неткен қиянат? — деп жерге түкірді.
Пәтер үйге қайтып келіп, әрі ойлап, бері ойлап, ақырында педагогикалық курста оқитын болдым. Осы қалада екі класты мектепте бірге оқыған Алексей Климов деген баланың үйі бар еді, мен оқу басталғанша соның үйінде қалып қойдым да, Кәмел ағам қайтып кетті. Сонымен Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық, курста оқуға мәжбүр болдым. Арада екі айдай уақыт еткенде, бір күні Өтетілеудің баласын жетектеп педагогикалық курсқа келіп тұрғанын көрдім. Баласы Орынборда емтихан бере алмапты, байлығы медет бола алмапты. Сонымен баласын педагогикалық курста оқытпақшы болып келген екен. Бірақ курстың бастығы:
— Оқу басталып қалды және орын жоқ, — деп баласын оқуға алмады.
1901 жылы педагогикалық курсты бітірдім. Сол жылы июнь айында емтихан тапсырып, куәлік қағаз алдым. Бастауыш мектепке оқытушы болуға право алдым да, қай мектепке тағайындалғаным туралы бұйрықты елімде күтейін деп еліме қайттым.
Жаздың, бір ашық күні таңертең ертемен Қостанайдан елге қарай жүріп кеттік. Үйлерінің түтіні желсіз тынық ауада, аспанға найзадай тік көтеріліп жатқан қала мұнартып арт жағымда ұзап қала берді. Ұзаған сайын Қостанай көзіме ыстық керінді. Менің бір кезде ауылдық, болыстық мектептерде талаптанып оқып көзімді ашқаннан кейінгі жердегі қызықты жастық шағымның бес-алты жылы Қостанайда өтіп еді. Осы жылдар ішінде мен едәуір қиялап білім биігіне шығып қалған едім. Қиялға қанат бітіп, ойға ой қосылған шағым еді ол бір кез.
Қуанышы да, қиыншылығы да мол болған оқуда еткен сол жастық шағым Қостанаймен бірге артымда қала берді. Бұл сапарда елге қайтқанда мен өмірдің жаңа белдеріне шыққалы талаптанып келе жатыр едім.
Алдымда туып өскен ауылым. Мәдениеттен кенже қалған қараңғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші. Сол ауылда қолымнан келгенімше мәдениет шамшырағын жақпақшымын. Бір кездегі өзім сияқты, кіршіксіз, таза, уыз тілекті жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолына, мәдениет соқпағына түсіремін деп асығып келемін.
Төрт күн жүрген ұзақ жолда, үнсіз келе жатып ойлаған сыйымның ұзын-ырғасы алдымда тұрған осы қасиетті міндеттердің жайы болатын.
Мұз үстіндегі айқас
Мен оқу бітірерден бір жыл бұрын, мынадай бір қызық оқиға болды. Қысқы демалыс кезінде елге келген кезім еді. Ауыл Алакөлдің жағасында болатын. Декабрьдің бір аязды күні. Көл басында бір қауырт жиын бар сияқты көрінді, — шоғыр-шоғыр атты адамдар толып кетіпті.
Таңертеңнен бері үйден шықпай, жұмыс істеп отырған Кәмел ағам, сыртқа шығып келді де, ас әзірлеп жүрген шешеме қарап:
— Көл басындағы не жиын? — деді.
— Ойбай, сұрама, қарағым; тағы да қырылысқалы жатыр. Сауытбайдың озбырлығы жұрттың шыдамын тауысып болмады ма? Нұрғали жұрт жиып, Сандыбайға қарсы шығыпты. Әкең де сонда жүрген шығар. Сен екеуің бара көрмеңдер, қарақтарым, — деді шешем мені нұсқап.
Біз шешеміздің сезін тыңдамай, ол кісі шаруаға айналып жүргенде, ептеп басып сыртқа шығып кеттік.
Кәмел екеуміз әлгі көл басындағы жиынға келсек, сойылдарын сүйреткен жүз қаралы адам бір бөлек топ, үш жүзге таяу адам бір бөлек топ болып тұр екен. Екі топтың ортасында, біз келе жатқан соқпақ үстінде бес-алты кісі сөйлесіп тұр. Орталарында Нұрғали Бошанов пен Сандыбай көрінді. Біз келіп сәлем беріп едік, ешкім көңіл бөлмеді. Астындағы оқтаудай боп жараған, сом тұлғалы семіз торы аты ауыздығын шайнап, қар теуіп тұрған, Нұрғали тізгінін тежеп:
— Әй, Сандыбай, құдайдан қорық! Ағайынды, елді тағы да арандатпа. Мынау елдің балық аулап күн көріп отырған көлін өзіне қайтар. Елдің талабы осы, — деді.
Сандыбай, жалы алабұға балықтай күжірейген қара ала айғырға мінген. Айғырын үйірден жаңа ұстап мінсе керек, ішін тартпаған екен. Үстіндегі иесінің ауыр денесіне белі қайысса да қайта-қайта азынап тыпыршып тұр. Сандыбай, дойыр қамшысымен айғырын басқа бір тартып жіберді де:
— Әй, Нұрғали, — деп тамағын керней сөйледі, — осы елді құтыртып, бүліншілікке салып жүрген сенсің. Басыңа пәле тілегің келмесе, қазір ана жұртты таратып жібер! Әйтпесе, қан төгіледі! — деді де үзенгісін шірене түсіп, дойыр қамшысын біледі.
— Тілеміс балалары, есіңде болсын, жазықсыз момын Қисықты өлтірдің. Ол да Шақаның бір шаңырағы еді. Өз бауырыңның қанын іштің. Ана жылы Бәшең, Маңғыбай ауылдарының ата қонысы шабындығынан шапқан шөбіне шейін өртеп жібердің. Енді келіп, алты ата Шақаның шабақ аулап, күнелтіп отырған көлін орыс байына сатып отырсың. Бұл қай зорлығың? Ар қайда, ұят қайда? Көл кептік! Көпшілік көлді саған сатқызып қоймайды, өзі пайдаланғысы келеді, озбырлық жасама, қан төгем деп үркітпе. Ел барып отырғың келсе, көпшілік талабын орында, Апанас байға келдің бір бау қамысын да, бір шабағын да алғызбаймыз. Одан алған ақшаны ел көнбеді деп өзіне қайырып бер! — деді тағы Нұрғали.
Бұл кезде Нұрғалидың күн көрерліктей ғана дәулеті барды. Еті тірі, пысық жігіт еді. Ел ішінде беделсіз де емес-ті. Қазір оның соңында үш атаның баласы бар екен. Олар Нұрғалидың өз аулы Маңғыбай, біздің ауыл және Таңыбай аулының адамдары еді. Үш ауылдың үшеуі де кедей ауыл болатын. Нұрғалидың соңынан еріп, атқа мініп шыққан адамдардың жүз қаралы ғана болуының себебі де осы еді. (Оқушыларыма сөз арасында ескерте кетуім керек, Нұрғали кейін мал бітіп байыды да, кедей ауылдардан іргесін аулақ салып, Сауытбайлармен ауыз жаласып, халық мүддесін сатып кетті.)
Ал Қоңырша атаның ауылдары бай ауылдар. Олардың мықтылары Тілеміс балалары Сауытбай, Сандыбай, Дәндібай, солардың атқа мінер балалары Шаяхмет, Салмұғамбет, Мырзахмет. Осы уақиға болған кезде бұлар үш болыстың болыстары еді. Біздің ел үстінде үш жүз қаралы қол жинап келгендер де осылар екен.
Көл басындағы осы жанжал, өткен жаз басында басталады. Тілеміс баласы Сауытбай, Михаил Семенович Афанасьев дейтін байға Алакөлді сегіз жүз сомға сатыпты. Содан кейін Афанасьев: «балығын үркітесің» деп қазақтарды кел маңына жуытпай қойыпты.
Сандыбай Нұрғалидың сөзін бөліп:
— Қысқарт мұндар! Бұл келде ешкімнің қосқаны жоқ. Мұны Сауытбайға жандаралдың өзі сыйлыққа берген. Тату-тәтті ағайынның арасына өрт салма! Өшір қараңды! — деп ақырды.
— Қазақтың жер-суында губернатордың не ақысы бар? Көлі кеп болса, сол өз көлінен берсін! — деді Нұрғали.
Сол арада Сандыбай өзінің арт жағында тұрған топқа:
— Ат мына жауызды! — деп айқайлап бұйрық берді.
Мылтық атылды. Оқ суылдап төбемізден асып кетті.
Ұрысқа даяр тұрған екі жақ ұран шақырысып, ат қойысты, сойылдасып шайқаса бастады. Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды.
— Сандыкем сойылға жығылды! — деген кенет ойбай естілді.
— Сандыкемді өлтіріп кетті! — деген дауыстар шықты.
— Болды, енді тарт! — деп Нұрғали өз адамдарын бастап, дүрліге жөнелді.
— Сандыкемді өлтіріп кетіп! — деп шулаған Қоңырша ауылдарының адамдары, мұз үстінде жосадай қан болып деңкиіп жатқан Сандыбайды опыр-топыр жабылып кеп қоршап алды. Бес-алты адам оны әрең көтеріп шанаға салып, аулына қарай шаба жөнелді. Оның соңынан «нөкерлері» де жөнелді.
Мұздың, үстінде тағы бір адам жараланды. Ол Нұрғалиға ерген жігіттердің бірі Құттықожа деген екен. Сандыбай «нөкерлерінің» соққысына жығылыпты. Содан кейін көп аттың аяқ астында талып қалыпты. Осы соққыдан кейін Сандыбай екі-үш ай ауырып жатып жазылды да, Құттықожа қыс бойы ауырып шықты.
Бұл уақиға кедей шаруалар мен байлар арасындағы ежелден болып келе жатқан таптық тартыстың баяғы 1880 жылы Қисықтың өлімінен кейін шиеленісе түскен кезеңдерін сипаттайтын бір бейнесі еді. Осы таптық тартыс бірте-бірте шиеленісе түсіп, 1916 жылғы көтеріліске келіп ұштасты.
Осы ұрыстан кейін Алакөл көпшіліктің өзіне қайтарылды. Бірақ Нұрғали қудалауға, қуғынға салынды. Ол өз аулында тұра алмай, басқа ауылға барып паналап жүрді.
Мен оқуды бітіріп келген жылы ауылда осындай бір үлкен уақиға болған еді. Бала кезден бастап, жоқшылық зардабын көп тартқан, қорлық-зорлықты кеп көрген мең кедей ауылдардың өз праволары үшін бас көтергенін заңды, деректі уақиға деп аңғардым. Мен өз ауылымның адамдарына ұдайы осылай ету керек деген пікірлерді де айттым. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» дегендей, жуас болсаң, шонжарлар басына береді, деп ескертіп жүрдім.
Ұлы есім аз өтті. Оқу басталғанына да екі айдан асқан еді.
Ұлы социалистік революция таялып келе жатқан сияқты. Қай газеттің бетін ашып қарасаң да, большевик, совет деген сөздер, Ленин деген есім аталады.
Ел ішінде әралуан хабар бар. Көршілес орыс селоларына барып қайтқан қазақ шаруалары өз аулына қап-қап хабар алып қайтады. Үкімет еңбекші халықтың, қолына көшетін болыпты, кедей шаруаларға байлардың жерін алып беретін көрінеді. Фабрика-заводтар жұмысшылардың, қолына көшетін сияқты деген хабарлар ауыл еңбекшілерінің, арасында кең тарай бастады.
«Большевиктердің басшылары — Ленин деген данышпан адам — үкімет басында отырған байларды қуып, олардың, орнына жұмысшылар мен кедей шаруалардың уәкілдерін қою үшін күш жинап жатыр дейді. Большевиктер үлкен қалаларда бел алып күшейіпті, байларды қуа бастапты дейді», — деген хабар халық арасында ел сүйсініп тыңдайтын, аңсап күткен хабарлар болып алды.
Ол уақыттағы газет жаздырып алып оқитын адамдар, большевиктер партиясының, газеттерінен таяу арада бір үлкен уақиғаның, болатындығын аңғарған еді. Сөйтіп, жұрт осы уақиғаны күтуде болатын. Сол күткен уақиға да болды. Бұл — социалистік революция, Ұлы Октябрь революциясы еді.
Ұлы Октябрь социалист та революциясының күшті толқыны қазақ ауылдарының, бірінен соң бірінде орыс алып, қалың бұқараны революцияшыл күреске көтере бастады. Бұл
революция қазақ даласына азаттық туы, теңдік туы, күрес туы, бақыт туы болып келді.
Талай ұрпақтың сан жүз жылдар аңсап күткен ұлы заманы туды. Еңбекші халықтың, ураны — Ленин болып алды. Осы ұлы есім қазақ халқын болашақ, бақытты өмірге бастады. Бұл талайлардың,, миллиондаған езілген еңбекші халықтың, орындалған арманы еді.
Бірақ осы ұлы революцияның жаулары да бар еді. Олар да қарап қалмады, революцияның дамуына қолдарынан келген қадерінше кедергі жасап бақты. Өліспей беріспейтін таптық күрес күшейе түсті.
Ауылға большевиктер келді, олар қазақтың еңбекші бұқарасына большевиктік шындықты айта келді. Олар Лениннің, ұлы идеяларының қазақ аулындағы әрі жаршысы, әрі ұйымдастырушысы болып келді.
Большевиктер жергілікті советтерді ұйымдастыруға кірісті. Қазақтың, кедей шаруалары бірден-ақ большевиктердің, соңына ерді. Олар большевиктердің басшылығымен Совет өкіметін нығайтуға белсене қатынасты.
Совет үкіметінің, жаулары, олардың ішінде «алашорда», советке қарсы шығып, өздерінің жергілікті өкімет орындарын нығайтуға, советке қарсы қарулы күрес ашуға кірісті. Бірақ, бұлардың соңынан аз ғана байлар болмаса, қалың еңбекші бұқара ере қойған жоқ.
Әлі есімде, 1918 жылдың көктемі ғой деймін, мен ауылда жиылыс өткізіп «Совет үкіметі — ол нені көздейді» деген тақырыпта баяндама жасадым. Бұл жиылыста Серке, Есенғазы, Хасең Дүйсенбек, Жүніс, Ғалым, Меңдібек тағы басқа осылар сияқты кедейлер совет өкіметін жақтап сөз сөйлеп, совет өкіметін қолға қару алып қорғауға қазақ кедейлерінің дайын екендігін білдірді.
Осы жиылыста, совет үкіметін, оның, саясатын құттықтап қаулы алумен қатар, кедейлер байлардың, әсіресе Сауытбай, Сандыбай, Дәндібай сияқты шонжарлардың жерін бөліске салу туралы қаулы алды. Мен бұл фактіні қазақ кедейлерінің совет өкіметіне қалай қарағандығын, оның, белсенділігі қандай дәрежеде болғандығын көрсету үшін келтіріп отырмын, әйтпесе, мұндай жиылыстар, кейде жақ-жақ болып төбелеске дейін барып тараған жиылыстар, ол кезде аз болған жоқ. Бұл жұрттың, барлығына белгілі жай болғандықтан мен оларды тіркеп жатқым келмеді.
1918 жылдың аяқ кезінен бастап, оқытушылар Қостанайдың, большевиктері Иванов, Летунов, Ужгин, тағы басқаларымен танысып, тығыз байланыс жасадық. Большевиктерге тілектес және көмекші болған оқытушылардың ішінде Бекет те, Әбубәкір де тағы басқалары да бар еді. Біз оқытушы бола тұра Қостанайдағы большевиктердің қазақ ауылдарындағы үгітшісі, большевиктік шындықты, лениндік-сталиндік арман-мақсатты, ұлы идеялды іске асырушы, таратушы болдық. Біз халық, ағарту ісімен мектеп жұмысымен қатар, осы сияқты большевиктік үгіт жұмысын жүргіздік. Революцияның алғашқы жылдарында, азамат соғысы жылдарында, одан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында да біз ауылдағы большевиктік үгітшілер болдық. Бұл заңды еді. Өйткені, ол кезде ауылда партия ұйымы жаңа ғана ұйымдасып жатыр еді, сауатты адамдар да аз еді. Сондықтан большевиктердің ауылдағы тірегінің бірі — әрі үгітшілерінің, әрі ұйымдастырушыларының бірі — совет үкіметін жақтаушы, саналы оқытушылар болды.
Бұл жылдарда совет өкіметін насихаттау, оны нығайту жөнінде сіңірген азды-көпті еңбегімді бұл жерде түгел баяндап жатудың қажеті жоқ деп білемін. Өйткені, әрбір саналы, адал ниетті совет оқытушысы, совет өкіметінің, большевиктік партияның ұлы идеясының ауылдағы насихатшысы болғаны өзінен өзі айқын. Мұндай жұмысты бір мен ғана елден ерекше атқарғаным жоқ, оны басқа оқытушылар да атқарды. Сондықтан бұған тоқталғым келмеді. Екіншіден біздің жұмысымыз, көбінесе, мектеп төңірегінде болды. Бізге жүктелген негізгі міндет: жаңадан мектептер ашу, балаларды оқуға тарту, үлкендердің сауатын ашу, ауылдық жерде мәдени ағарту жұмысын жүргізу сияқты істер еді. Әрбір совет оқытушысы осы жұмыстарды атсалысып істеді.
Большевиктер бастаған совет адамдары шиеленіскен тап күресінің, қаһарлы азамат соғысының лапылдаған өртінің ішінде, кескілескен ұрыстар үстінде революцияның ұлы жеңістерін мәңгі баянды етіп сақтап қалды.
Совет үкіметі, тамырын терең жайған жас емен сияқты, нығая берді. Ежелгі арман орындалды, шын мәніндегі теңдік заманы туып, советтік дәуір орнады.
Кеңес қайтарған көк
Біздің елде Жүсіп дейтін кедей шаруа болған еді. Өздері көп уақытқа дейін Сауытбай, Сандыбай ауылдарын паналап, солармен көрші отырып, іргелес қонып жүрді. Балалары да, езі де бай ауылдың малын бағып, шаруасын істейтін; алатын ақысы аттың майын міну, бір сиыр немесе ешкі-лақ сияқты бірлі-жарым сауын ала тұру, тағы сондайлар болатын-ды.
Бір жылы Сауытбай өзінің болыс боп тұрған кезінде осы ?Кәсіптің азын-аулақ жеріне қызығып, оның ауыл іргесіндегі қыстауын зорлықпен алып қойды. Басында біраз уақыт қарсылық білдіргенімен Жүсіптің азуы алты қарыс Сауытбай, Сандыбайларға істейтіні болмады да, жуан ата бай ауыл ақыры, Жүсіптің, жерін сіңіріп кетті; Жүсіп өзінің, сол жылғы еңбекақысына да түк алмады.
Жерсіз қалған Жүсіп Сауытбай ауылынан көшіп, қол жағасында отыратын өзінің тамыр орысы Гришаның қасына қыстап шықты. Бір жыл отырғаннан кейін, сол орыс шаруасымен бірге балық аулап, егін салып күн көретін болып қалып қойды. Гришаның көмектесуімен үй, қора-сайман, монша салып алып, сол жерді мекендеп қалды. Беріректе біздікі Жүсіптердің моншасына түсіп келеміз деп, барып қайтып жүретін еді.
Бірте-бірте осы Жүсіп пен Гришалардың қасына орыс шаруалары көшіп кеп қоныстана берді де, ақыры, сол жерге орыс поселкесі орнады. Байлармен сиыса алмаған кейбір қазақ кедейлері де осы поселкеге кетіп, егін салып, балық аулап, сонда мекендеп қалып жүрді. Осы кітаптың бас кезінде оқушым білетін «Тойда естіген әңгіме» деген тарауда сөз болатын Абұйыр деген кедей шаруаның балалары да кейініректе сол поселкеге көшіп кеткен еді.
Бұлардың Сәлду, Бидабек, Байғазы, Қажыбол деген ұрпақтары қазір сол поселкенің жанынан ашылған «Красный партизан» атты промысловый артельде екпінді жұмысшылар. Осы кедейлер совет үкіметі тұсында, Ұлы Октябрь революциясынан кейін бас көтеріп, байларға кеткен есесі мен кектерін қуа бастады. Ауылда Совет үкіметін орнатуға барынша ат салысты. Қазақ еңбекшілерінің арасында туған революциялық ерлеудің бір мысалын оқушыма түсіндіре кетуді қажет деп таптым.
1918 жылы, август айының ішінде мен жазғы демалыста өзіміздің ауылға келіп жүрген едім. Бір күні кешірек тұрып, таңертең далаға шықсам, Совдеп үйінің жанынан екіден-үштен мал жетектеп я қосақтап айдап, жан-жаққа кетіп жатқан адамдар көрінеді.
Бұл не болды екен деп ойланып тұрғанда, жетегінде екі биесі бар. Сәлду келіп аттан түсті. Амандық-саулық, сұрасып болғаннан кейін мен:
— Е, мұның не? — дедім.
— Не болушы еді; көсегең көгергір кеңес байларға кеткен кегімді әперді ғой, — деді Сәлду.
— Иә.
— Өзің білесің, — деп бастады Сәлду сөзін — талай жылдар бойы менің әкем үрім-бұтағымен Сандыбай, Сауытбайларға ақысыз, пұлсыз қызмет етіп, қысы-жазы малын бағып келмеді ме.
Анада осы ауылдың кедей-кепшіктері кедейлер комитеттеріне бірігіпті дейді, мақсаты байларға кеткен кедейлердің ақысын әпереді екен артық жерлерін алып кедейлерге береді екен деген соң, соған әкем марқұмның, және өзімнің Сауытбай балаларына кеткен ақы-пұлымды, баяғыда тартып алған жерімді қайтарып беруді сұрап шағым етіп едім. Мынау екі бие соның, бодауы да, Саркөлдің қасындағы бидай егетін аңызды қоса алып қайтып барамын, — деді Сәлду.
— Бәрекелді, қайырлы болсын, — дедім мен. — Баяғыда төгілген көз жасым, табан ақы, маңдай терім десеңші мұны.
— Айналайын Советке мың, рахмет, — деді Сәлду тары да.
Сәлду үйге түсіп, шай ішті де, аттанып кетті. Алдында 1918 жылы 11 июньде декрет шыққанын, сол декреттің күші бойынша біздің ауылда да кедейлер бірлесіп, кедейлер комитеттерін ұйымдастырғанын мен білетінмін.
Біздің жақта, Қазақстанның солтүстік аймақтарында қазақ еңбекшілері Ұлы Октябрь социалистік революциясы әперген праволарын осылай пайдаланып, совет өкіметін осылайша қарсы алды.
Қазақ еңбекшілері 1928 — 1930 жылдарда кулактарды тап ретінде жою басталғанда байлардың мал-мүлкін, жерін конфискелеу жұмысына, ауыл шаруашылығын коллективтендіру, шаруаларды артельдерге біріктіру жұмысына т. б. сая¬си әлеуметтік науқандарға белсене араласты.
Өрлеу
Большевиктік партия, совет үкіметі совет оқытушыларының алдына тарихи зор міндет қойды. Біз енді ауылдағы оқу, мәдени ағарту жұмысының белсенді ұйымдастырушысы болдық. Бізге жүктелген міндеттер оңай емес еді. Осы жерде сол кездегі жалпы жағдай туралы бір-екі ауыз сөз айтып өту керек сияқты.
Бұрынғы ауылдық бастауыш мектептер екі-ақ класты. үш-ақ класты болатын, төрт класты бастауыш мектеп поселкелі жерлерде ғана бар-ды. Енді ауылдарда да тегісінен төрт класты бастауыш мектептер ұйымдастырылуы керек еді. Бұрын қазақ балалары бірінші кластан бастап орысша оқитын, ал мұның өзі, жоғарыда айтқандай, орысша бір ауыз сөз білмейтін балалар үшін өте қиын болатын. Сондықтан да баяғыда Алтынсарин арман еткен жүйені іске асырып, қазақ балаларының сауатын ең алдымен қазақша ашу, демек мүмкін болған жағдайда, бірінші, екінші кластарда қазақша оқыту, үшінші кластан бастап орысша-қазақша оқыту мәселесін шешу керек еді. Ол — ол ма, ең алдымен қазақ балаларын оқыту үшін өз ана тілінде бастауыш мектептер ашу керек еді. Міне, біз енді осы міндеттерді орындауға кірістік.
Қиыншылықтар көп болды. Ең алдымен қазақ тілінде оқу құралы жоқ, еді. Сондықтан оқу құралдарын жасау, жаңадан мектептер ашу революцияның, алғашқы жылдарында қазақтың ағарту майданында жұмыс істейтін кадрларының алдында тұрған үлкен бір міндет еді.
Мектеп үшін қолайлы үйлер де жоқ, оқу құралы да жоқ, оқытушылар да жеткіліксіз кезде, совет өкіметіне қырын қарайтын адамдар жоғары оқу орындарында отырып, ұдайы кедергі жасай берді. Бұл жағдай бізге «ә» дегеннен оқу жұмысын жолға қоюға қиындық туғызды. Бұл революцияның, алғашқы жылдарындағы жалпы жағдай еді.
Алайда қолды қусырып, қарап отырмадық. Большевиктік партияның, совет үкіметінің басшылығы және қамқорлығы арқасында ауылда жұртшылықтың пікірін ұйымдастырып, көпшілікті мектеп салу жұмысына жұмылдырдық; екіншіден жоғарыда аталған міндеттер туралы тиісті орындардың алдында мәселе қойып, оларға қозғау салып отырдық,; үшіншіден бар мектептердің жұмысын дұрыс жолға қою, үлкендердің сауатын ашу жұмысын қолға алдық. Революцияның, алғашқы жылдарындағы біздің, ауылдық жерлерде істеген жұмысымыздың, түрі осындай еді.
1919 жылы менің, ауруым бұрынғысынан дендеп, жиі-жиі жатып қалатын болдым. Сол науқасымның себебінен мен өз ауылыма қайтуға мәжбүр болдым. Алайда ауылға қайтып келгеннен кейін де өмірімнің ең қызықты шағын сарп еткен рухани серігім — мектепті тастай алмадым. Аурумен алыса жүріп, оқытушы болып істей бердім. Сол жылдарда Қарқын, Құмтөбе, Шолақсай, Қамыстыкөл, Ұйлысай деген көршілес ауылдарда және өз ауылым тұрған Ақсуатта мектеп үшін үй салғызып, бастауыш мектептердің ашылуына себепші болдым.
Сөйтіп, қазақ ауылдарында қазақ тілінде бастауыш мектептер совет үкіметінің, өмір сүре бастаған алғашқы он, он бес жылында-ақ пайда болды. Балаларды оқыту дағдылы, міндетті іске айнала берді. Оқытушылар да көбейіңкіреді. Осы кезде ауылда социализм құрылысын жүзеге асыру жолында сан алуан ұлы өзгерістер болды. Қазақ аулы еркін дем алып, жаңа бір тарихи белге шықты. Ол осы кезден бастап ұдайы өрлеуде болды. Мен партиямыз бен үкіметіміздің мектеп жұмысына ұдайы көңіл бөліп, қамқорлық етіп отырғанын көрсету үшін мектептер жөнінде және жалпы халық ағарту мәселесінде болған талас-тартыстар жөнінде бірнеше сөз айта кеткім келеді.
Тағы да тартыс
Ұмытпасам, 1934 жылдың, күзі болуы керек. Мен Боровойдағы бұрынғы екі класты училищенің, орнына ашылған шаруа жастары мектебінде қызмет істеп жүрдім. Мектеп меңгерушісі оқушым білетін Сауытбайдың, Шаяхметі еді. Шаяхмет әкімшілікті жақсы көретін, педагог боп, бала оқытудан гөрі мансапты тәуір көретін мейлінше жалқау еді. Оның, үстіне өзі сол кезде мектептерде етек алып тұрған жалған ілім — педалогияны мейлінше қолдайтын.
Әлде бір кезде менің, әкемнің, кедейлігін мысқылдап, «Көбей ағам келедіні» шығарып жүргендіктен бе, әлде алғашқы жылы бәріміз бірге оқуға түскенде интернатта жатып оқитын кедей балаларының, намысына тие бергендіктен бе, немесе менің, тұңғыш романым «Қалың мал» шыққан кезде, шығармамды жамандап, сықақ өлең шығарғандығынан ба, неліктен екенін білмеймін, әйтеуір мен келген күннен бастап-ақ Шаяхметті ұнатпадым.
Оның, үстіне дәл менің, осы ойымды ұғынғандай мектептің, жақсы оқитын кейбір оқушылары «меңгеруші сүйтеді», «меңгеруші бүйтеді», «меңгеруші бүгін ананы білмей қалды», «меңгеруші мынаны білмей қалды» деп, қыңқылдап айта беретін болды.
Сонда да шыдамдылық жасап, сыртқа тіс жарып іште айта қоймай біраз уақыт жүрдім. Алайда менің, шыдамымды мынадай бір уақиға бұзды.
Бір күні Салық дейтін мұғалім бір баланы мұғалімдер отырған бөлмеге жетектеп кірді де, бізге қарап: «Тіпті түк сабақ ұқпайды, не істерімді білмеймін, күн сайын «жаман» деген баға алады», — деді.
Бала босаға жақта, бөркін қолына алған бойы, жаутаңдап әркімнің, бетіне бір қарап қойып, төмен еңкейіп, бөркінің төбесіндегі тесігін шұқылап тұр.
— Сабақ сұрасаң, осылай нәсілі түсіп кетеді, — деді тағы да әлгі мұғалім.
— Жөн-ақ. Бүкіл ұрқына нәсіл бітіп көрген жоқ, бұл шірікке ол қайдан келуші еді, — деді Шаяхмет сөзге араласып, «шөп шыққан жерге шығады» деген жеті атасынан бері жетесіз еді. Бұл сабақты қайдан жақсы оқысын?
— Әңгіме онда емес қой, — дедім мен. — Бұл баланың үй ішіне, ата-анасына барып жолығып, үй тұрмысымен танысу керек; сөйтіп неліктен сабаққа үлгірмей жүргендігін анықтап алып, шара қолдану керек.
Менің, бұл айтқанымды Шаяхмет жақтырмай қалды. Ол балаға жақындап барып, ақырып-зекіп, тепсініп, ұрсып-ұрсып, жақсы оқымасаң, класқа келме, түзелмесең, мектептен шығарамын, бар деп, үйіне қайтарды.
Мен бала шығып кеткеннен кейін, әлгі әңгімеге қайта кештім:
— Баланың тұрмыс жағдайымен танысу керек, тәрбиелеу керек, баулу керек, — дедім мен.
— Жоқты айтады екенсің, Спандияр, ұрқына тартқан ынжық, деген сол, одан не шығушы еді? — деді Шаяхмет зілденіп. — Педалогия ғылымы бойынша баланың сабақ үлгірмеушілігінің, себебін оның, нәсілінен іздеу керек.
— Ендеше жоқты айтатын мен емес, сең — дедім мен де тіке келіп.'
— Иә; сеніңше, сонда ғылым қателесіп отыр ма? — деді Шаяхмет ілгешек іздеп.
— Дәл осы жерде қателесіп отыр.
— Немен дәлелдейсің,?
— Сенің әкең, Сауытбай бір болыс елді билеп еді. Өз әкеңді сөз жоқ, нәсілсіз деп санамайсың ғой. Ендеше «Нәсілді» өзің не қып баяғыда ең алғаш оқ,уға түскен жылы сабаққа үлгірмей шығып кетіп едің?
— Онда сенің жұмысың болмасын, — деді Шаяхмет айтар дауы болмай. — Ғылым өтірік айтады дегеніңді мен жоғары орынның, алдына қоямын, ғалымдығыңды сонда көрсетерсің.
— Мен мұны дәлел болады деп айтқаным жоқ, — дедім тағы да, — ал дәлелдеу керек болса, сол баланы маған бер, мен сол баланы қатарға қосуды міндетіме алайын; тастап жіберетін аспаның болса, оныңды істей жатасың, ғой, — дедім енді сөйлесуді қаламайтындығымды сезсін дегендей орнымнан тұрып жатып.
— Көрерміз соның, миын қайта жаратқаныңды, — деді Шаяхмет.
Сонымен мен айтқанымды дәлелдеуге кірістім. Баланың соңынан үзбей бақылап жүрдім. Бала ешқашан үндемейді, жолдастары да мазақтап, келемеждей береді екен. Мен баланың ата-анасына жолығу мақсатымен оның, үйіне бардым. Мен барғанда бала үйінде жоқ екен баланың шешесіне келген шаруамның жөнін айттым.
— Қайдан білейін, тамағы аш емес, киімі бүтін, жұмыс басты боп жүрген ол жоқ, — деді баланың шешесі.
Осы мезгілде үйге бала да келіп кірді. Мені көрді де «бір сұмдықты» күткендей, өңі қашып, басы салбырап кетті.
Баланың келуі-ақ, мұң, екен шешесі киіп әкетті.
— Әзір астың атасы, айтқанды ұқпайтын кеще, меңіреу. Осы сен-ақ, шашымды ағартатын болдың, ғой. Ынжық, неме, ана пәленшенің езіңдей баласын қарашы, сені сыртыңнан сатып кеткендей, — деп, жерлеп ала жөнелді.
Әрине, шешесінің, дұрыс істемей отырғандығын сезсем де, мен баланың көзінше, басу айта алмадым да, қош айтысып кетіп қалдым.
Сонымен мен өзімше баланың неге үлгірмейтіндігінің, себебінің ізіне түскен сияқтандым.
Біріншіден бала әуелгі кезде сабаққа үлгірмей жүрген. Ал мұғалім оған анау күнгі, Шаяхмет айтқандай, «нәсілсіз», «жетесіз», «жасық» деген сияқтыларды айтып, ұрсып, педагогияның, дертін еге берген. Екіншіден үйге барса, баланың еститіні тағы да осы сияқты «кеще», «меңіреу» дегендер болады екен. Сөйтіп, бала, шынында да жасып кеткен өз күшіне деген сенім жойылған екен. Үшіншіден осы жағдайлардан кейін, баланың бірге оқитын жолдастары да, оны әзіл, келемеждің объектісі етіп, басынып алған екен. Қысқасы баланың қатынас жасайтын ортасында оның, талабын жетектеп, сабаққа деген ынтасын арттырып, үміт сәулесін көз алдына елестетіп жігерлендіретін ешкім қалмаған. Осындай жағдайлар баланы әбден ықтатып алған да, балаға оқу да, оқымау да бәрібір боп алған, ұрыс-сөгіс сөздер мүлдем езінің әсер ету күшін жойған.
Енді шара қолдану керек деп қортындыладым. Бірақ, неден қалайша бастау керек екендігі маған әлі көмескі, күңгірт еді.
Алдымен жолдастарынан бастау мақұл деп таптым. Өйткені, қай адамның болсын, әсіресе оқушылардың тәрбие алуына, сабаққа үлгіруіне, жалпы оқушының мінез-құлқының, адамгершілік сыпаттарының қалыптасуына оның қоршауының, бірге жүрген жолдастарының әсері өте зор.
Бір күні, сабақтан кейін көшеде келе жатыр едім, мектептің ауласында үш-төрт бала әлгі сабаққа үлгірмейтін оқушыны алып, келемеждеп жүр екен. Мен барлығын бірдей мұғалімдер бөлмесіне алып келдім де:
— Неменеге жетісесіңдер; неге өз жолдастарыңды келемеждейсіңдер; одан ездеріңнің қай жерлерің артық?! — дедім түсімді суыққа салып.
Балалар үндемей төмен қарасты. Біраз үзілістен кейін балаларға, біреуді келемеждеу, ат қою мектеп тәртібіне жатпайтындығын, жақсы, үлгілі оқушы ешқашанда бұлай істемейтіндігін түсіндірдім де, екіншілей мұндай әдепсіздіктерін байқасам, шара қолданатындығымды ескерттім.
Мұндағы ойым, оқушы оны да қорғайтын, оның, да «сөзін сөйлейтін» адам бар екен ғой деген қорытындыға келсін дегенім еді.
Осы жағдайдан кейін балалар да әлгі оқушыны беталды мазақтай берулерін қойды. Оқушы үзіліс кезінде жұртпен бірге күліп-ойнайтын, көңіл көтеретін бола бастады. Әзілдей беретін жолдастарына еселі сөзін де жібермейтін болды. Бұл өзгерістің, бәрін де мен бақылап жүрдім. Бір күні оқушыны бір бос бөлмеге шақырып алып, бір тақпақты жаттап келуге тапсырдым да, « Жақсылап жаттап кел, келесі жетіде ата-аналарға көрсетілетін мектеп кешінде айтатын боласын », — дедім.
— Мен бе? — деді оқушы сенімсіздеу қарап. Класта екеуімізден басқа жан жоқ еді. Мен тақтаға бұрылдым да, «жақсылап жаттап кел, келесі жетіде ата-аналарға көрсетілетін мектеп кешінде айтатын боласың», — дедім. Оқушы менің, әзілдегенімді, өзінің қойған сұрауының орынсыз екендігін түсінді де, мырс етіп күліп жіберді.
— Жарайды, жақсы, жаттап келемін, — деді де, бетінде күлкі мен қуаныш ойнаған қалпы жүгіріп далаға шығып кетті.
Бір жетіден кейін мектеп балалары ата-аналарға арнап ойын қойып берді. Оқушы баяғы мен жаттауға берген тақпақты сол кеште мәнерлеп нақышымен айтып шықты. Жұрттың қол соғып, қошемет көрсетуі, менің, байқауымша оқушыға қатты әсер етті.
Мұғалімдерден сұрастырып білсем, оқушы сабақты да бұрынғыдай емес тәуір оқи бастапты.
Мен әлгі оқушының, бұлай түзеле бастауына қоғам жұмысына қатыстырудың да пайдасы тигендігін аңғардым.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін, мен тағы да оның үйіне барып, оқушының анасына өткен жолы дұрыс істемегендігің балаға үнемі ұрсып, зекіп, нәсілін түсіріп, жасыта беретін сөздер айтудың теріс екендігін айтып, баланы бір уақыт көтермелеп, кейде оның жақсылығын, жағымды мінездерін де айтып отырудың, пайдалылығын, мұның өзі баланың ынтасын арттырып, талаптандыратындығын түсіндірдім. Оқушының, анасы менің, сөзіме қарсы болмады.
Сонымен бала сабаққа жақсы үлгіретіндей дәрежеге ілініп қалды. Пәленше сабаққа үлгірмейді дейтін мұғалімдер де азая бастады, қайта, керісінше, пәленше түзеліп келеді, кеше менің, сабағымнан «жақсы» деген баға алды, кеше пәлендей сұрауға жақсы жауап берді деген сөздер жиі естілетін болды. Жыл аяғында емтиханда қойылған сұрауларға «менің оқушым» алдыңғы қатарлы балалардың, бірі боп жауап берді.
Мен бұл бір кішкене мысалды сол бір жылдарда Совет мектептеріне еніп, етек алып кеткен жалған ғылым — педагогияның «қағидасының,» қаншалықты зияны тигендігін көрсету үшін, мен сияқты мектепті сүйетін кейбір халық мұғалімдерінің педагогияның шатпақтарымен сыйыса алмағандығын көрсету үшін келтіріп отырмын.
Педагогияның, түсіндірмелері, шынында да кісі күлерлік еді. Педагогия бұл баяғы педантизмнен де зиянды болды. Педагогия тәрбиенің ролін жоққа шығаратын. Ол мектепте сабаққа үлгірмеушіліктің, себебі — оқушының тұқымына, нәсіліне байланысты болады деп идеолистшы тұрғыдан түсіндіретін. Оның, айтуынша, көбінесе, кедей балалары үлгірмеуге тиіс, өйткені оның нәсілі, тегі нашар деп оттайтын. Кейде тіпті, кейбір жеке оқушының, сабаққа үлгірмеушілігінің себебін не оқушының, өзінің, не оның, туған-туысқандарының; физиологиялық жетімсіздігінен биологиялық фактілерден іздеуге шейін баратын. Мектепке қабылдау үшін, алдымен баланың биологиялық, жағына көңіл аударатын да, кішкентай физиологиялық, кемістігі бар оқушыларды тіпті қабылдамай қоятын. Талай алтын асықтай қабілетті балалар, осы буржуазиялық, жалған ғылымның, кесірінен мектепке түсе алмай қалатын.
Міне, біздің ауылдық, мектепте де осындай жалған ғылымның, жақтаушылары табылмай қалмады. Мәселең сол кезде мектеп меңгерушісі боп жүрген Сауытбаев мектептегі оқу тәрбие-жұмысының қойылысы жөніндегі мұғалімнің, жауапкершілігін мүлде мойындамайтын, оқушының, нашар үлгіруін ол педагогияға сүйеніп, нәсілдік, әлеуметтік, биологиялық факторларға негіздемек болатын. Міне, осы жөніндегі біздің, арамызда болған тартыс жоғарыдағы уақиғадан кейін ұлғая берді. Баланы үлгірушілердің, қатарына қосқаныма көзі жете тұрса да, Шаяхмет оған қанағат қылмады. Менің педагогияның, «қағидасын» қуаттамайтындығымды аудандық оқу бөліміне де жеткізген екен. Мен ауданнан келген оқу инспекторларымен де әркезде таласып қалып жүрдім. Сонымен маған Шаяхметпен бірге қызмет істеу тіпті мүмкін емес болды. Сөйтіп жүргенде, 1935 жылы жазда аудандық оқу бөлімі маған қазіргі өз ауылыма — «Ақсуат» бастауыш мектебіне (Ол кезде бастауыш мектеп болатын) меңгеруші болып баруды ұсынды. Бұл іске Шаяхметтің қолы араласқандығын сезе тұрсам да, мен қарсылық білдірмедім.
Мен содан бастап өз ауылымда қызмет істеп келемін.
Мен Ақсуатқа келгеннің келесі жылында, 1936 жылы 4 июльде БК(б)П Орталық Комитетінің «Халық ағарту комиссариаты системасындағы педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы» тарихи қаулысы шықты. Партиямыздың, бұл қаулысы марксизмге жат идеалистік теорияны негізге алатын жалған ғылым педалогияның, тамырына балта шапты, оның, баланың тағдырын нәсілдік, биологиялық, әлеуметтік факторларға сүйеніп шешуді уағыздайтын зиянды «қағидасын» аяусыз әшкереледі.
Шаяхмет Сауытбаев халық ағарту ісіндегі менің, ғана емес, бүкіл совет халқының, социалистік құрылыстың жауы болып шықты; кейін ол әшкереленіп, совет заңы бойынша, жазасын тартты. Осынау бір алыс ауылдағы мектепте педагогтармен арамызда болған тартыс осылай аяқталды.
Ақсуат мектебінің тарихынан
Ақсуат — менің өз ауылым тұрған жердің, аты. Қазір бұл жерде «Ақсуат» ауыл шаруашылық артелі бар. Менің әкем Көбейден оның інілерінен өрбіген ұрпақ — тегіс осы колхозда. Қызыл Ту ауыл Советі де осы «Ақсуат» колхозының, қыстағында тұрады.
Революциядан бұрын бұл ауылда ана тілінде мектеп болмағандығы, қазақ балаларына екі жылдық ауылдық мектепке оқуға түсудің өзі үлкен бір арман болғандығы осы еңбектің, бас жағында айтылып өтті. Ауылда революцияның алғашқы жылдарында да ана тілінде мектеп жоқ еді. Қазір осы ауылда он жылдық мектеп бар. Мұнда қырық, бала жатып оқитын интернат бар, қазіргі уақытта бұл мектепте Пресногорковский, Меңдіқара,
Ұзынкөл, Урицкий ауылдарының да балалары оқиды.
Осы он жылдық мектеп бұдан жиырма жиырма бес жыл бұрын кішкене ғана екі бөлмелі үйдегі бастауыш мектеп еді. Оны мен салдырып, мен ашып едім. Алғашқы ашылған жылы он, он бес бала ғана оқыды. Екі-үш жылға дейін мұнда бір-екі класс ғана болды. Оқушылардың саны да он бес-жиырмадан асып кете алмады. Бірақ тағы да бір екі-үш жыл өткеннен кейін, жиырма бес, отыз бала оқитын толық төрт класты кәдуілгі бастауыш мектепке айналды.
Мең соңғы жиырма жыл ішінде осы мектепте істеп келемін. 1936 жылы осы мектептен он, он бес километр жерде төрт-бес бастауыш мектептер бар еді. Сол бастауыш мектептерді бітіріп шыққан балалар үшін, осы маңда орталау не орта мектеп керек болды. Маған осы «Ақсуат» мектебін орталау мектеп етіп қайта құрса қайтер еді деген ой келді. Егерде бұл орталау не орта мектеп болып қайта құрылса, онда осы төңіректегі бастауыш мектептерді бітірген балалар оқуды тастап кетпей, әрі қарай оқи беруге мүмкіндік алған болар еді. Өйтпеген күнде мойны қашық жерлерге барып оқуға шамасы келмейтін кейбір шаруалардың, балалары бастауыш мектепті бітіргеннен кейін оқи алмай қалуы даусыз еді.
Мен аудандық басшы ұйымдардың алдына осы жайында мәселе қойдым. Облыстық оқу бөлімінің, бастығымен сөйлестім, оған да өз пікірімді бірден айттым. Аудан және облыс басшылары менің пікірімді бірден қолдады. Сөйтіп, бір жылдан кейін, 1937 жылы Ақсуаттағы бастауыш мектеп жеті жылдық мектеп болып қайта құрылды.
Мен осы орталау мектептің директоры болып белгілендім. Бастауыш мектеп ұйытқысынан құрылған жеті жылдық, мектеп әлі де көп жұмыс істеуді керек етті. Жаңадан үйлер салу, оқытушылар үшін пәтер үйлер табу, мектептің, ішкі жабдықтарын жеткізу, тағы басқа осы сияқты көп жұмыстар жасалынуы керек еді. Егерде бұл жөнінде істелген жұмысты жаза бастасам, ол бір үлкен баяндама болып шығар еді. Өйткені темір жолдан жүз елу километрдей тұратын шалғай ауылда ол кезде бастауыш мектептің орнына жеті жылдық мектеп ұйымдастыру оңай емес еді. Алайда жұртшылықтың көмегі, партиямыз бен үкіметіміздің қамқорлығы арқасында жаңадан бірнеше үйлер салынып, жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 1937 жылы-ақ, жеті жылдық, мектеп жұмыс істей бастады.
Осы жеті жылдық мектеп бері келе тағы да жеткілікті қораш болып қалды. Өйткені жеті жылдық мектепті бітірген балалардың, бәрі бірдей аудан орталығына немесе Қостанайға барып оқи алмайтын болды. Тағы да аудан және облыс басшыларының, алдына мәселе қоюға тура келді. Облыс басшылары бұл мәселені Қазақ, ССР Халық ағарту комиссариатының, алдына қойды. Халық ағарту комиссариаты да бұл ұсынысты қарсы алды.
Сонымен Ұлы Отан соғысы жылдарында (1943-1945 жылы) Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты осы жеті жылдық мектепті он жылдық мектепке айналдырды. Сол жылдан бері ол толық орта мектеп болып жұмыс істеп келеді.
Бір кезде, бұдан жиырма жыл бұрын, екі бөлмелі кішкене ғана ағаш үйде он, он бес бала оқитын, бір-екі ғана мұғалімі бар мектеп, қазір төрт класты бір үйі, екі класты үш үйі, қырық балалық, интернаты бар, екі жүзден аса оқушысы, он бес оқытушысы бар үлгілі, үлкен орта мектеп болып отыр.
Баяғыда, 1887 жылы, осы Ақсуаттан үш-төрт километр жерде бүкіл Обаған облысына арналып екі жылдық ауылдық мектеп ашылып, сол мектепке кірудің, өзіне зар болған күндер еске түскенде, қазіргі осы жердегі орта мектепті, оның, төңірегіндегі бірнеше бастауыш мектептерді кергенде, оқу жасындағы балаларды жаппай міндетті түрде оқыту заңы жүзеге асырылып отырылғанын өзім көріп отырғанда, партиямызға, совет үкіметіне мың-мың, алғыс айтпасқа бола ма!
Москваның биігінен
1939 жыл. Шапшаң, поезд жұлдыздай ағып, жүйткіп келеді. Ол әлденеге асыққандай екілене жүйткиді. Алпыс жастан асқан қарт оқытушының, да кәрі жүрегі лүпіл қағып соғады. Оның, орны да бар. Өйткені қарт оқытушыны ССРО Жоғарғы Советінің Президиумы шақыртқан. Ол енді Москвада, Кремль сарайында, Михаил Иванович Калининмен кездеседі. Социалистік мемлекетіміздің басшысының қолынан наград алады. Бұл — ең жоғары наград — Ленин орденi. Қарт оқытушы осы наградты алып қайтуға шақырылған.
Алпыс жастан асқан өмірдің қырық жылы халық ағарту ісіне арналған болса, сол еңбектің құрметіне халық, атынан тартылып отырған зор наград — қарт оқытушыға сол халықтың, көрсетіп отырған үлкен құрметі мен сыйы еді.
1901 жылы сонау Кішіқұмдағы жер үйде, одан кейін күні кеше өткен 1929 жылы екі бөлмелі ағаш үйде он, он бес бала ғана оқытып жүрген кездерімде осындай халықтық мемлекеттік үлкен құрмет көрсетіледі деп ойлаған ба едім!
Ал осыны ескерген кім? Қартайған, қарапайым ғана қарт оқытушының, азды-көпті еңбегін бағалай білген кім? Ол қандай ізгі, қандай әділ, қандай көреген қандай кемеңгер! Ол — Коммунистік партия! Партиямыз шынайы данышпан ұлы қамқорымыз! — деп ойлап келеді қарт. Бұл Москваға, қадір төріне бара жатқан қарапайым оқытушы кім? Ол — мен едім. Бір кездегі байлардың, тепкісінде болған Көбей кедейдің, көп балаларының, бірі — Спандияр едім.
Елге сіңірген еңбек жақсы. Еңбекті елеген ел жақсы. Мұндай елде туып-өскен адам дүниедегі ең бақытты адам. Советтік ұлы дәуірге еңбек етіп, өмір сүрудің, өзі бақыттылықтың, бақыттылығы ғой!
Маған берілгелі отырған бұл наград қазақ халқының, қарапайым, кішіпейіл мұғалімдерінің өкіліне беріліп отырған наград емес пе! Бұл тек менің, ғана емес, мен сияқты мыңдаған қарапайым оқытушылардың мақтаны емес пе!
Мен Кремль сарайында Михаил Иванович Калининнің, қолынан Ленин орденін алып, оның, жылы сөзін естіп, қолын қыстым... Көзге жас іркілді... қырық жылдық еңбектің белгісіндей, Ленин ордені омырауымда!
Сол күні мен Москваның радиосынан қазақ мұғалімдері атынан сез сөйледім. Бұл — социалистік ұлы Отанымыздың, жүрегінен Москва төрінен — астана биігінен совет халқына, қала берді, бүкіл , елдердің тепкісіндегі езілген халықтарға «жақсылық мұндалаған», жар секілді еді.
Москвада болған бұл күндер — маған мәңгі зор әсер еткен иықтап алған кәрі ауруды серпілткен кәрілікті де кейін ығыстырған, жаңадан мол күш-қайрат бітіріп, еңсені көтерген аса бір күшті рух, жігер таңда қылған, өмірдегі ұмытылмас өзгеше бір ыстық, өзгеше қуанышты, шексіз бақытты, жарқын күндерім.
Мен коммунист
Мен елге қайттым. Күндер өтіп жатты. Жас алпыстан асқан. Социализмді қолмен құрдық та игілігін көрдік. Қанаушы жоқ, қаналушы жоқ, еркін еңбек, қуанышты еңбек қанат қақтырған халық үшін қажымай қызмет ететін-ақ заман.
Еңбекші адамға болашақ коммунист қоғамның ірге тасын қаласудан, коммунизмнің нұрлы шыңдарына қарай бара жатқан совет адамдарының қатарында болудан қуанышты не бар? Сол миллиондардың алдыңғы сапындағылардың, даңқты коммунистердің қатарында болудан артық аброй болар ма?
Қанау дүниесінің не бір қорлық-зорлығын бастан кешірген сол заманда әділетті заманды, жұрттың бәрі тең болатын заманды аңсаған, бар білімін өзінің барлық күш-жігерін халық ағарту ісіне арнаған мен сияқты адамға бұл айтылғандардан артық зор бақыт жоқ еді.
Мен партия қатарында жоқ едім. Әрине, бұл да жақсы, бірақ бұл мен үшін жеткіліксіз сияқты болып көрініп еді. Барлық өмірімді халық ісіне арнай отырып, сол халықтың алдыңғы саптағы ұл-қыздарының қатарында болмауым маған лайықсыз сияқты болып көрінді.
Лениннің ұлы идеяларын ту еткен Лениннің, ісіне, коммунизм ісіне адал берілген Коммунистік партияны өзінің туған партиясы деп білген адамға сол партияның қатарында болмау, өз ойымша, дұрыс емес сияқты еді.
Жасырақ шақта, революцияның алғашқы жылдарында, әрі ауылда етек басты, әрі аурулы, қорғаншақ болдық. Беріректе жас келіп қалды дедік. Партияның қатарында болмасақ та, сол партияның басшылығымен қызмет етсек, қартайған шақта сол да жетер деп ойладық.
Алайда жас ұлғайған сайын «осы мен неге партияда жоқпын?» деп ойлайтын болдым. Партияда жоқ большевик емес, партиядағы большевик болып істеуім керек емес пе? — дейді іштегі ой. «Кешірек қалдың, қарт оқытушы, алпыс үш жастасың, аурулы адамсың, ойлан» дегендей болады әлде кім.
Дәл осындай сәтте, менің көз алдымда данышпан Ленин елестей бастайды. Ол тіпті менің қасыма келіп:
— Қалай, қарт оқытушы, жүрексініп отырсың-ау деймін. Партия мүшесі деген атақ зор атақ. Бірақ бұл зор міндет те жүктейді. Ол оп-оңай орындала қалатын міндет емес. Ол өте қиын болады. Бірақ сіз совет адамысыз, совет адамына кедергі болатын ешбір қиыншылық болмасқа тиісті ғой. Жасы келіп қалған кісіге партиялық міндеттің қиын соғатыны рас. Бірақ қиындықты жеңе білу шарт. Ойлан, оқытушым, сіз әлі көп жұмыс істей аласыз, сіз өз халқыңызға, коммунизм ісіне әлі де көп қадірлі еңбек сіңіре аласыз. Сіздей адам партияға керек. Тартынбай, қайта партияға тезірек от, — деп тұрған сияқты болады.
Мен партия қатарына алындым. Бұл менің өмірімдегі көңілімді мақтан мен қуанышқа толтырған тарихи шат шағым. Сөйтіп мен Ленин партиясының мүшесі болдым! 1940 жыл еді. Бұған да оннан аса жыл болды. Осы оннан аса жылдың ішінде мен партия мүшесі деген атақты ақтау жолында қолдан келген жұмыстар істеп келемін.
Соғыс жылдарында
Революциядан кейінгі жылдарда, аурулы болған себепті, бұрынғы ойланып жүрген романдарды жазуға мүмкіншілік болмайтындығына көзім жеткендіктен мен басқа бір екі еңбек жазбақшы болып ойлап жүрдім. Мұның бірі — осы «Орындалған арман» еді де, екіншісі — педагогика мәселелері жөніндегі өз тәжрибем еді. Мен бұларды 1940 — 1941 жылдарда жазуға кірісе бастадым.
«Орындалған арманның» жоспарын жасап, керек мәліметтерді жинастырып бола келген шақта, гитлершіл Германия кенеттен елімізге тап беріп, Ұлы Отан соғысы басталды. Сондықтан бұл жұмысты тоқтата тұруға тура келді.
Әрине, соғыс жылдарында барлық жұмыс майдан мүддесіне, жауды талқандап, ұлы жеңіске жету мүддесіне бағындырылды. Көптеген оқытушылар, олардың ішінде Ақсуат орта мектебінің оқытушылары — Біләл Төбеев. Жақия Бермұхамбетов тағы басқа осылар сияқты мұғалімдер майданға аттанды. Олардың көбі елге оралғанда майданда ерлік күрестің үлгісін көрсетіп, омыраулары орден медальдарға толып қайтты.
Соғыс жылдарының ауыр жағдайына қарамастан оқу жасындағы балаларды тегіс оқуға тартып, жеті жылдық мектепті он жылдық мектепке айналдыруға байланысты сан алуан жұмыстармен оқудан бос уақыттарды оқытушыларды да, оқушыларды да колхоз шаруашылығына көмекке шақырып отыру сияқты істермен қарттықты да ұмытқан, ауруға да қол тимеген қаһарлы жылдар да өтті.
1943 жылдың күзінде, демек, Ұлы Отан соғысы қызу жүріп жатқан кезде, мен егіс басында болдым. Өйткені әрі бригадада үгітші боп, әрі балаларды масақ теруге бастап шыққан едім. Бригадада газет оқып беріп, енді масақ теріп жатқан балалардың қасына барып тұрғанымда, Қостанайдан келе жатқан жазушы Сәбит Мұқанов жолдас кездесті.
— Секе, не ғып жүрсіз? — деп сұрады ол.
— Бригада басында үгітші едім, содан қайтып келе жатып, мына өзімнің шәкірттерімнің жұмыстарын байқап тұрғаным ғой, — дедім мен.
Сәбитпен біраз әңгімелестік. Ол біздің үйге барды. Бір сөздің үстінде Сәбит маған:
— Енді мектеп жұмысын қоймайсыз ба, жасыңыз келіп қалды ғой? — деді.
— Жоқ, — дедім мен оған, — қырық жыл бойы мектепте өмірім өткен екен қалған өмірім де мектепте-ақ өтсін.
Бұл әңгіме соғыс жылында болып еді. Сондықтан менің әлгі сөздерді айтуым ол кезде заңды еді. Бірақ кейін маған әркім «енді қартайдыңыз, тынығыңыз», деп айта берген соң, бір айдай мектеп жұмысынан қалып, үйде жатып көрдім. Бірақ бұл маған жұмыстан ауыр болды. Сондықтан мен жұмысқа қайта кірдім. Күні бүгінге дейін Ақсуат орта мектебінде оқытушы болып істеп келемін.
Сонымен соғыс жылдарында да өзінің сүйікті Отанына деген зор махаббат оқытушыларды ешбір қиыншылықтан тайынбайтын ерлік күреске жұмылдырды. Оқытушылар майданда да, елде де алдыңғы сапта болды. Партия мен үкімет оқытушылардың бұл еңбегін әрдайым жоғары бағалап отырды.
1944 жылы маған «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген оқытушы» деген атақ және Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамотасы берілді. 1945 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы еңбегі үшін» медальмен наградталдым.
Сөйтіп, партия қатарындағы өмірімнің алғашқы жылдары соғыс жағдайында өтіп, тарих сынына түскендей болды. Бұл сыннан сүрінбей өттім. Қартайған шақта, коммунист деген даңқты атақты ақтап, мен де қатал сыннан өткен жауынгер коммунистердің бірі болдым.
Менің қазіргі ауылым
Менің балалық шағымдағы өз ауылымның бейнесі осы еңбектің бас жағында айтылған. Енді сол ауылға қайта бір оралайық. Оның бүгінгі бейнесімен де танысып көрелік. Өйткені мен оқытушымын. Осы ауылда туып, өстім. Соңғы жиырма жылдың ішінде осы ауылда оқытушы болып істеймін. Оқытушы ауылдың қоғамдық өміріне қатыспай отыра алмайды. Мен осы ауылда колхоздастыру дәуірінде де, кейінгі кездерде де өзім тұрған ауылдағы колхоздың өсуіне, өркендеуіне үлес қосып келе жатқан адаммын.
Өткен заманда біздің ауыл надан, қатыгез, топас бай, болыстар билеп-төстеген дүмше молдалар мен бақсы-балгерлер дәурен сүрген көшпелі кедей ауылдардың бірі еді. Халқы жаппай сауатсыз еді. Бұл ауылда мәдени мұра дегенде бұрын тек халық даналылығы туғызған өлең, жыр, дастан ертек, аңыз, әңгіме тағы басқа осылар сияқты ауыл әдебиеті ғана өмір сүретін. Сан жүз жылдар жасаған ата-бабамыздан қалған мәдени мұра осылар ғана болатын.
Революция жеңістері мен социалистік құрылыстар нәтижесінде сол ауылдың бейнесі мүлдем өзгерді, ол бүтіндей жаңа ауылға айналды. Оның ертеректегі сыйқын былай қойып, 1928-1929 жылдардағы өмірін алып қарасақ та қазіргі ауыл сол кездегісінен де мүлдем өзгерді.
1929 жылы мен осы ауылда бірлесіп егін салатын серіктік ұйымдастырдым. Бұл серіктік он екі, он үш үйден құралып еді. Олардың ішінде менің інім Тайкенже Көбеев, Ғaрым Оспанов, (қазіргі Қамыстыкөл колхозы басқармасының председателі), Қасен Төбеев, Дүйсенбек, Меңдібек, Дүйсек Таңатаров тағы басқалары бар еді. Бұлардың көбі қазірде де бар еді.
Күш қосып, бірлесіп жер айдап, бірлесіп егін суарудың арқасында мен ұйымдастырған алғашқы серіктік сол жылы егіннен едәуір жақсы енім алды. Өнімді серіктіктің мүшелеріне бөле келгенде өткен жазғытұрым серіктікке бірлескісі келмеген бірсыпыра кедей шаруалардың сондай жерден алған өнімдерінен анағұрлым артық болды.
Жеке-жеке шашылып, бытыра жүргеннен гөрі күш біріктіріп, жиналып, серіктік боп қимылдаудың пайдалысын өз көздерімен көрген бір топ кедейлер келесі жылы 1930 жылы) серіктікке алуды өтінді.
Сонымен бұрынғы он екі, он үш үйге 1930 жылы тағы да он үш, он төрт үй қосылып, не бәрі жиырма жеті үй болды. Сөйтіп, қазіргі «Ақсуат» колхозы осылайша ұйымдасқан еді. Сонда, сол кезде бұлардың ортасында бір-екі жылқы, үш-төрт сиыр, жүз жиырмалаған қой-ешкі, он шақты егіз бар еді. Ол кезде бұлар үш жүз гектардай егін салатын. Бұл ауылда жоғарыда айтылған он бес, жиырма ғана бала оқитын бір-ақ бастауыш мектеп болатын. Ауыл адамдарының көбі сауатсыз еді.
Ал қазір ше? Қазір осы Ақсуат колхозында жүз шамалы үй бар; бұл колхоз мың гектардай егін салады. Егіндерін комбайн орып бастырады, жерлерін трактор жыртады. Колхоздың үйір-үйір жылқысы, табын-табын сиыры, қора-қора қой-ешкісі бар.
Колхоздың орталығында он жылдық мектеп, кітапхана, радиоприемник аудан және облыс орталығымен сөйлесе алатын радио, телефон бар.
Адамдары жаппай сауатты ауыл. Балалары жаппай міндетті түрде оқитын ауыл. Қазіргі ауылдың бейнесі осындай. Бұл мүлдем жаңа ауыл, өмір-тірлігі мазмұнды ауыл.
Демек, біздің ауыл «осындай деп» мақтан етуге тұратын озық ауылдардың бірі. Осы ауылдың мұндай дәрежеге жетуіне ат салысқан адамдардың бірі өзім ғой деп сезінудің езі қандай зор қуаныш. Әрине, біздің ауылымыздың жетер жері, көтерілер шыңы бұл емес. Ол әлі де гүлденіп, сәулеттене түседі. Коммунистік ауылға айналады. Бұл алдағы тұрған міндеттердің бірі.
Үлкен абырой, зор ақтас
Бұдан жарты ғасырдан аса бұрын, 1901 жылы 15 августта оқытушы болып тағайындалып, сонау Кішіқұмдағы екі жылдық ауылдық мектепке сабақ бере бастаған екем. Сол күннен бастап күні бүгінге дейін менің оқытушылық жұмысымның жібі үзілген күні болмапты. Осы жарты ғасырдан аса уақыттың ішінде 55 мыңнан артық сағат уақыт балаларға сабақ берген екем. Есептеп қарасам, үш мыңдай бала алдымнан өтіпті, демек, осы уақыттың ішінде үш мыңдай бала оқытыппын. Бұлардың ішінде бірінші-екінші класта, үшін төртінші класта, бесінші-алтыншы класта оқытқан балаларым бар. Негізінен алғанда, мен балаларға ана тілі мен орыс тілінен сабақ берген оқытушымын. Сонда мен үш мыңдай баланың сауатын ашып, оларға бастауыш мектептің көлемінде орысша-қазақша білім берген екем.
Совет оқытушысы үшін бұл үлкен аброй, зор мақтан ғой. Мен өз еңбегімді әңгіме еткенде, осы өз алдымнан өткен алғаш өзім тәрбие берген үш мың жас достарымды әрдайым мақтан етем.
Олардың ішінен көрнекті қызметкерлер де шықты. Бір кезде сауатын менің класымда ашқан, алғашқы тәрбиені менен алған оқушылардың ішінде қазір жоғары дәрежелі білім алып, әртүрлі мекемелерде, заң орындарында, аудандық, облыстық партия ұйымдарында, жергілікті және аудандық, облыстық Совет мекемелерінде басшы қызметкер болып істеп жүргендері де, ғылым жолына түсіп ғалым болғандары да, әдебиет, мәдениет қайраткерлері болғандары да, әскери қызметкерлер болғандары да бар. Совет оқытушысы үшін бұдан артық мақтан болар ма!
1946 жылы қазақ халқы мені Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты етіп сайлады. Бұл менің қолдан келген хал-қадерімше халыққа еткен қызметім үшін, өз халқына әлде де адал қызмет етсін деп халқымның маған, қарапайым оқытушыға, көрсеткен зор сенімі еді. 1947 жылы Қазақ ССР Оқу министрлігі мені «Халық ағарту ісінің, озық қызметкері» значогімен наградтады. 1949 жылы халық ағарту майданында өмір бойы істеген адал еңбегім үшін ССРО Жоғарғы Советінің Президиумы мені екінші рет Ленин орденімен наградтады.
Міне, осы айтылғандардың өзі партиямыз бен үкіметіміздің қамқорлығының айқын көрінісі, совет оқытушысының еңбегін халқымыздың, партиямыз бен үкіметіміздің аса жоғары бағалайтындығының зор дәлелі бола алады.
Жас жетпістен асты. «Кәрі жолдас» науқасым да бар. Қызметтен босар, тынығар кездің келгеніне де біраз жылдардың жүзі болды. Дегенмен елу жылдан аса жолдас болған, талай-талай кезеңдерін бастан бірге кешірген тел жолдасым — мектепті тастап кету, жас достарыммен қош айтысу қиын екен. Сондықтан да мен әлі де орта мектептің 5-6 кластарында орыс тілінен сабақ беремін, бұдан былайғы жерде де бере бермекшімін. Басқалар сияқты, мен де өмірімнің, ақырғы минутына дейін ардақты халқыма қызмет ете беруді арман етем. Менің мақсатым да, мен үшін рақат та, ләззат та осы.
Менің қазіргі кездегі бір арманым, ден саулық көтеріп, өмір жетсе, педагогикалық мәселелер жөнінде бір еңбек жазу. Мұны жазғанда, көп жылдық оқытушылық тәжрибем мен білімімді қорытпақшымын. Бірақ бұл ой, бұл арман орындала ма, жоқ па, ол өз алдына. Дегенмен мен ол еңбекте педагогикалық мәселелер жөнінде өз тәжрибемнен өмірден туған ең маңызды деген мәселелерге қысқаша түрде тоқталып өтпекшімін, яғни оқытушының, мектептегі алатын орны, беделді, үлгілі болуы және балаларды тәрбиелеу жөніндегі кейбір мәселелер жөнінде жазбақшымын. Негізгі мамандығым да, қызметім де мұғалімдік болғандықтан менің совет өкіметі жылдарындағы мектепке, халық ағарту ісіне, педагогикаға байланысты біраз өмірім де азды-көпті сіңірген еңбегім де сонда сөз болады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі