Мен әлденеше ылау алмастырып сапар шеккелі жеті күндей болған. Ұшы-қиыры жоқ, құлазып жатқан меңіреу даламен жүріп келемін. Осы дала елсіз жерінде «құс ұшпас, құлан жортпас» шел сахараға айналып кетеді. Сол сахараны суыт жүріп, аралары шалғай жатқан бір ауылға түстеніп, бір ауылға қонып. келемін. Елсіз жерлердегі шашау-шашау көрінген ескі обалар маңында кекте жалғыз-жалғыз қалықтаған қарақұстар ғана көрінеді, жол бойында қазықтай шаншылып шиқ-шиқ еткен саршұнақ дауыстары ғана естіледі.
Біз Толағай болысының шетіне ілігіп, тағы да бір тәулік жүргенімізде Кішіқұм әлі де жеткізер сияқты емес еді.
Бары екі атты ғана жолаушы едік. Күн ұзын ат шалдырмай жүріп, шаршап, тіліміз аузымызға сыймай шөлдеп келе жатып, кешке қарай ел қарасына ілестік. Шеткірек қонған бір ауылдың ортасындағы үш-төрт ақ боз үйдің сыртына келіп тоқтадық.
Ауылға жақындап келе бергенімізде атшы маған қарады да:
— Сіз бұл ауылдың мән-жайың әдет-ғұрпын білмейсіз ғой... көп үндеуші болмаңыз, сіз үшін мен-ақ сөйлесейін... — деген болатын. Оның неге олай дегенін түсінбеген мен:
— Мақұл! — дей салған едім.
Ортадағы үлкен үйден ұзын бойлы, қапсағайлау келген ақсақалды кісі шығып жөн сұрады.
Атшы мені дәріптеп таныстыра бастады:
— Бұл кісі, — деді атшы мені нұсқап. — Петерборда оқыпты, содан Орынборға келіп, одан шығып Қостанайға барыпты. Қостанайдан шығып, Торғай арқылы Ырғызға барып, одан шығып енді елді аралап келеді. Елдің тұрмысымен халықтың хал-ахуалымен танысып келе жатқан адам, — деп тынысын бір-ақ алды.
— Қош келдіңіз, түсіңіз, — деді ақсақал.
Түстік. Үйге кірдік. Беті-қолымызды жуып, жайласып отырғаннан кейін қымыз келді. Ақсақал мал әкелуге бұйырды. Бәйбішесінің қызметшісі болса керек жұпыны киінген бір әйел сыртқа самауыр көтеріп шығып кетті.
— Бұл кісінің лауазымы қандай ? — деп сұрады бай, біз таңдайымызды жібіткен соң.
— Лауазымы, — деді атшы, — өшетін. Былайша айтқанда ұлық. Демек осы елдегі ұлықтардың үстінен қарайтын ең әйдік ұлық.
Мен жаратпаған пішінмен атшыға қарап едім, ол «тек отыр» дегендей, басын шайқап, ернін тістеп қойды.
— Баратын жерінің бағдары қайсы жақ? — деді тағы да бай.
— Кішіқұм. Сол жердегі бір шаруалардан патша ағзамға арыз түскен екен. Соны патша ағзам тексеріп кел деп, осы кісіге міндет етіпті ғой...
Мен байдың көзін ала беріп:
— Жетер енді, доғар, — дедім атшыға күбір етіп.
— Құлдық тақсыр, — деді атшы, — қойдым. Мұнымыз құпия ма еді? Құпия деп айтып қойсаңыз еді.
— Нені?
— Әлгіні...
— Әй, қойшы әрі, — дедім мен.
— Қойдым дедім ғой, шырағым, қойдым...
Күн кеш болды. Біз сыртқа шықтық. Мал да сойылып, қазан да асылыпты. Біз түскен үйдің маңында бір топ адам жиылып қалыпты. Олар біздің келген хабарымызды естіп: «Үлкен бір ұлық келіпті, өзі орысша кеп оқыған қазақ дейді... Соны көреміз» деп келген адамдар екен.
Мен атшыны оңаша шығарып алып, қатты ұрыстым. Сескендірейін деп:
— Басқа-басқа, өтірік айтқаның қалай? Мені «осы елдегі ұлықтардың үстінен қарап жүрген үлкен ұлық» деуің қалай? Осы өтірігіңді әйгілеп, ел алдында масқаралайын ба? — дедім.
— Ойбай-ау, — деді атшы таңданып, — бала екенсің ғой... Өзің кімнің үйіне түсіп отырғаныңды білесің бе? Әлгі шал осы ауылдың құдайы емес пе? «Үлкен ұлықпын» демесең, үйіне жан түсірмейтін нағыз Қарынбайдың өзі. Байды аясаң, езің біл... әйтпесе мұндай сасық байды қорқытып жеген асың да сұраусыз, қорқытып мінген атыңның тері де адал, — деп атшы ойындағысын айтты.
— Мұның дұрыс. Тек өзіңдей жігітке өтірік айтқан жараспайтын сияқты, — дедім.
— Мен саған айтсам, әлгі қу шалдың төрт әйелі бар болатын. Ең соңғы әйелін биыл алған-ды. Кішіқұмдағы момын шаруаның қызы болатын. Өзі жас қыз еді, он жетіде ме, он сегізде ме?.. Бишараның хәлі не болды екен? Соның халін білмей осы ауылдан аттанбаспын — деп атшы ауыр күрсініп ойланып қалды.
— Бірақ енді, қисынсыз өтірік соға берме! — дедім.
— Қисынын келтіремін ғой!.. Қисынын келтіре алмайтын болсам, өтірік айтып нем
бар? — деп күлді атшы.
— Жоқ, батыр, әлгі айтқандарың да жетер, енді доғар...
— Мақұл, — деді атшы, бірақ реті келіп қалып,... лажсыздан айтуға тура келмесе, айтпай-ақ қояйын.
— Сені біреу зорлар деймісің, лажсыздан айтқандай? — дедім мен күліп.
— Кейде реті келіп қалады, құрымағырдың...
— Реті келіп қалса да айтпа.
— Бауырым, енді оған қолқа салма, реті келіп қалса, айтпасқа болмайды... — деп атшы күмілжіп қалды.
Біз үй жаққа қайта оралғанда, бір-екі ақсақал адам бізді қарсы алды. Сәлемдесіп, аман-сау сұрасқаннан кейін бәріміз үйге кірдік.
Дастарқан жайылып, самауыр кіргізілді. Шай үстінде әлдеқандай бір аурудың жайынан әңгіме басталды. Үй иесі ырғалып, тамағын кенеп:
— Ол кісіден айырылдық... — деп бөгеліңкіреп қалды. — Қайда кеткенің кім әкеткенін біле алмай дал болып отырмыз, — деді.
— Айтпақшы, Қара бақсыға қаратып жатыр деп еді ғой, — деді ақсақалдардың, біреуі. Шетірек ауылдың адамдары екенін аңғардым.
— Қаратуын қаратқан едің бірақ Қара бақсының қолынан келмеді... тіпті ол кісінің езі масқара болып қалды... Ол кісі қазір тоқалдың үйінде жатыр. Бақсы аурудың иелері келіп әйелді көтеріп әкетті дейді, — деп бай әлгідегіден гөрі сөйлей бастады.
— Екеуі оңаша үйде ме еді? — деді менің атшым.
— Иә, оңаша үйде болатын. Ауылдан оқшаулау, Апандыкөл басына өз алдарына үй тігіп бергенбіз, — деді бай.
— Онда, әрине, аурудың иелері болды ғой. «Аурудың иелері» мықты болса, бір бақсыға күш бере ме? Өлтіріп кетпеген қайта!.. Біздің елде де осындай бір уақиға болған... — деп атшы маған бір қарап қойды.
— Әбүйір бергенде тірі қалдырыпты... Құдайдың кереметі десеңдерші! Бұрын ес-түсі дұрыс әйел, бақсымен екеуі үйде қонған түні-ақ жынданып, бақсымен алысып шығыпты. Келесі күні жылап шығып, үшінші күні түн ортасы ауа берген кезде үйге үш әйел кіріпті, — деп бай мүдіріп қалды. Екі қонақ ақсақал жағаларын ұстап «астапыралла» десті.
— Үшеуінің де қолдарында әйдік қамшылары бар дейді, — деп бай атшыға бір қарап қойды. — Екеуі бақсының кеудесіне мініп алып, дыбысын шығартпай қойыпты. Біреуі ә дегенше сыртқа алып шығып кетіпті. Қалған екі ми л бақсының сақалын жұрдай етіп күзеп тастапты. Ол аз киімін сыпырып алыпты да, үндей алмастай қып тығыпты. Көйлегін басына түріп, әйдік қамшымен сойыпты... Ұрып-ұрып есін тандырады да, теріс қаратып, аяқ қолдарын керегеге керіп таңып тастапты... Сөйтіп, өздері ғайып болыпты...
— Астапыралла, жын-шайтан болғаны ма? — деді бір шал
— Енді кім болсын?.. Қазір бақсы ауру... Әйел содан бері жоқ. Бақсыға бал ашып көр десең: «бал аша алмаймын келмейді» дейді.
— Аурудың иелері болды ғой... Дию перісі екен... — деді екі ақсақалдың бірі.
— Адам перісі болу керек... — деді атшы.
— Адам перісі де бола ма екен? — деп қалды бай.
— Болады, — деді іркілместен атшы, — болғанда қандай... Қаптауының арғы бетінде тұратын бір тайпа адам перілері бар деседі...
— Мен әйел кім еді? — деп сұрадым. Ақсақал сәл бөгеліңкіреп отырып:
— Менің кіші әйелім еді, биыл алғанмын. Жасы он тоғыз-жиырмада болатын. Қыздай «қырық жеті» беріп, ел жұртының, ризалығымен алып едім... Соның аяғы осылай болып шықты, — деді бай.
— Перзент үшін алған ғой баяғы, — деп қойды бір ақсақал.
Бір даяршы жігіт үйге кіріп, қолымызға су құйды. Дастарқан жайылып, табақ тартылды. Атшы екеуміздің төсегіміз сыртқа салынған екен. Атшы етігін шешіп жатып мырс-мырс күлді.
— Неге күлесің? — дедім таңданып.
— Әбден оңдырмаған екен! — деді атшы күлкісін жимай.
— Кім?
— Жігіттерді айтам.
— Қайдағы жігіттер?
— Бақсыны сабап, әйелін алып кеткен жігіттерді айтам.
— Сен қайдан білесің?
— Неге білмеймін? Осы сияқты уақиға біздің елде де болған... Тек біздің елде мұндағы сияқты әйелді алып кетпей, бақсының өзін матап құдыққа салып кеткен еді... «Адам перілері» дегенім сол еді. Түбінде естірміз: әйел болып келіп жүргендердің біреуі қыздың ғашық жігіті болу керек те, қалған екеуі ертіп келген жолдастары болу керек. Ертең осы ауылдың бір адамы сіз мінген ылау атын алып қайтуға еріп шығар... Сол атшыдан сұрай қалсаңыз, әлгі қожаның хикаясына әбден қанасыз... Ат соғып шаршап келдіңіз ғой. Таң болса қысқа. Әлі де екі-үш күн жол жүресіз. Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, деп атшы өз елінде болған уақиғаны айтқысы келмеді.
— Сендей жігіт кез келсе, жақсы... — дедім мен ұйқым келе қоймаған соң, атшыдан тағы да сөз тартайын деп.
— Ауыл арасындағы уақиғалар шын болса, ақыры жұртқа аян болмай жатпайды ғой, — деді атшы ұйқылы-ояу дауыспен...
Таңертең шай, шайдан кейін қымыз ішіп, жүру қамына кірістім. Кішіқұмға дейін байдан ылау ат мініп, сәске түсте әрі жүріп кеттім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі