«Қайран менің өз үйім — кең сарайдай боз үйім!» деп Жиренше шешен босқа айтпаған екен ғой. «Кішкене ғана жер үй қандай кең, қандай салқын қандай таза!» — деп дөңгелек үстелдердің біреуінің үстіне отыра кеттім.
«Сірә, менің сүйенер тірегім де, барар жерім де, басар тауым да сен боларсың, Кішіқұмның кішкене ғана жер үйшігі! Талай ұзақ таңдарды сенің қабырғаңда атқызып, мәдениеттің шамшырағын жарық етіп жағармын әлі!» деп ойлап отырып, манағы болыстың тізімі есіме түсті. Жан қалтамнан алып қарасам, тізімде жиырма бес бала жазылған екен.
Балалардың тең жартысы өзімнен көп үлкең жиырма бес-отыз жастағы жігіттер болып шықты. Атақты адамдардың балалары екен төртеуі болыстың өз баласы — біреуі отызда, екіншісі жиырма төрт жаста.. Осы тізімдегі «балалардың» он жастан асқандарын өшіргенімде, болашақ оқушылардан жеті-сегіз-ақ бала қалды.
Мен енді отыра қалып, жаңадан тізім жасадым. Өз шамамша он бес, он алты кедейдің балалары қамтылған сияқты.
Оқытудың әдісің сүйенер тіректі ойлап, әралуан ойға шомып, кеп отырып қалыппын. Бір мезгілде болыстар келді. Болыс есіктен кіре бере:
— Қазақтың қазақшылығы қала ма, шырағым... Байдың «қолға су құй» дегені сені шетсіреткені емес, кеміткені де емес, өзімсінгені ғой. Қазақ дәстүрінде үлкен адам үй ішіндегі өзінен кіші адамды жұмсай береді. Байдың ол сөзін көңіліңе ауыр алмасаң да болатын еді, — деді.
— Құдай біледі, ойымда түк болсайшы... — деп бай да езінің кінәсын жуып-шәйіп жатыр.
— Сонымен оқуды қашан бастайсыз? — деп сұрады болыс.
— Бүгін елді хабарлап, ертең бастаймыз ба деп отырмыз, — дедім мен.
— Манағы тізім бойынша ғой? — деді болыс.
— Жоқ, ол тізім бойынша емес.
— Неге?
— Біріншіден оқуға баланы алатын оқытушы, екіншіден он жастан асқан баланы
бастауыш мектептің бірінші класына алуға реті келмейді. Сіздің қалай есептейтініңізді білмеймін бірақ мына тізіміңіздің ішінде, менің ойлауымша, бала жасынан асып кеткен жігіттер де бар екен. Әрине, ондай «балаларды» мен оқуға ала алмаймын — дедім.
Болыстың түсі бұзылып кетті. Терісіне сыймай, жарылып кеткелі тұр. Старшын мұны байқап, әлденені айтып күбірлеп теріс айналып кетті. Бай да темен қарап қалды. Бір мезетте болыс қасындағыларға «мынаның мұнысы қалай?» деген пішінмен бір қарап етіп, маған:
— Осы мектептің билігі кімде болады? — деді.
— Үкімет кімді бастық етіп белгілесе, сол кісіде болады.
— Бастығы кім бұл мектептің?
— Мен.
— Мектептің түп қожайыны кім?
— Мектептің түп қожайыны — Оқу министрлігі, яғни министр, — дедім мең әбден күдерін үзсін деп.
— Онда сіз болысқа бағынбайсыз екен ғой?
— Мектеп жұмысы жөнінде, яғни балаларды оқуға алу, оларды оқыту жөнінде болысқа бағынбаймын.
— Енді кімге бағынасыз?
— Инспекторға.
— Инспектор дегенің кім тағы?
— Хохлов.
— Онда біз босқа келген екенбіз ғой, — деді болыс старшынға қарап.
— Неге? — дедім мен. Босқа келген жоқсыз. Мектепті кердіңіз. Енді шабармандарыңызды жіберіп, елді хабарлатуыңыз керек. Сіз текке келмепсіз, қонақ болдыңыз, мал жедіңіз. Сөйтіп, біраз жұмыс бітірдіңіз...
— Тым көкірек екенсіз, тек ақыры қайырлы болсын... — деді болыс.
— Әңгіме көкіректікте емес, әңгіме әр нәрсенің атын өз атымен атауда, әр мәселе жөнінде ешбір ірікпестен ойға келген пікірді тура айтып шыға білуде. Сонымен болыс, сіз бүгін мына жаңа жасалған тізім бойынша елді хабарлатарсыз, — дедім мен.
— Өзіңіз-ақ хабарлайсыз да... — деді болыс теріс қарап.
— Неге, сіз хабарлауыңыз керек ол сіздің міндетіңіз.
— Қожайынмын деп тұрсыз ғой, өзіңіз-ақ хабарларсыз... Біздің басқа да жұмысымыз бар, — деді болыс.
— Өзіңіз біліңіз. Ел хабарсыз қалып, оқу кешігіп басталатын болса, ең алдымен сіз жауапты боласыз... Жуық арада ояз да, инспектор да келеді, сонда ұялып қалмайтын болайық, — дедім мен.
Болыста үн жоқ. Оның ынғайсыз жағдайда қалғанын. сезген бай:
— Елді хабарландыру қиын жұмыс емес қой, болыстардың міндеті болса, мен-ақ хабарландырайын — деді.
— Маған бәрібір, — дедім мен.
Болыс енді қайтып тіл де қатқан жоқ, қоштасқан да жоқ, шығып кетті. Оған ілесе басқалары да шықты. Мен жалғыз қалдым.
Шонжарлармен алғашқы арбасуым жеңіспен біткен сияқты. Аз сөзден көп мағына шығарғыш және аз отырып, кеп сынайтын сөзуарлар бұл күнгі арбасуды өздерінше топшылап, оған талай көкіген өсектер қосып, қорытындылары . «сымсыз телеграф» арқылы ел арасына лезде тарап кететіні езіме аян еді.
«Мықты бол, жас оқытушы, еңсең түспесін», деп қойдым өзіме өзім.
Болыстар аттанып кеткеннен кейін кешке қарай бір құмның үстіне шығып тұр едім, Оспан келді. Біраз сөйлесіп тұрған соң ол маған:
— Спандияр шырағым, біздің үйге жүр. Шай ішіп, дәм татып шық, — деді.
Мен қарсы болған жоқпын ілесіп үйіне бардым. Сол күннен бастап, Кішіқұмнан кеткенімше, мен осы бір тамаша ізгі адамның үйінде болдым.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі