Көктегі – жұлдыз ұл мен қыз,
Ата-ана үміт жалғаған.
Бәрі де бабам жүрген із,
Жалғасып жатыр арман-ән.
Атадан қалған мұраны,
Жатады жампоз ұл жалғап.
Ұл-қияның қыраны,
Қыз-құлпырған қызғалдақ.
Өнегелі ұл өсір,
Тәлімі жақсы тектіден.
Тілеуін соның тілесе ел,
Ниеті қабыл деп білем.
Құс болып көкке самғайды,
Қыз іздеп бақыт бөгде үйден.
Ата-анасын сыйлайды,
Көргенді келін, жөн білген.
Еңсесі асқақ шыңдардай,
Туысы бөлек дүлдүлдей,
Көктегі құс сұңқардай,
Үйленген мына екі жас
Мәңгілікке бір жүргей!
*** *** *** ***
Құрметті ______________!
Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!
*** *** *** ***
Кұрметті жастар сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Басқан қадамдарың ақ болсын!! Шаңырақтарың биік, керегелері тең болсын! Бірің ай, бірің күн болып, арттарыңнан жұлдыздарың ере берсін! Бақытты болыңдар!
*** *** *** ***
Тілеймін арайлы таң шапағатын
Өмірде тек бақыт деп аталатын
Өмір деген махаббат емес пе еді
Тілеймін қос аққудың махаббатын
Ей, екі жас сапар алыс жол ұзақ,
Соғар бәлкім бетке боран аңызақ,
Соғар бәлкім бақыт желі мас етер,
Бір болыңдар "дәйім" тілек жалғыз-ақ!
*** *** *** ***
Балаларыңыз көп болсын, бақытты ұзақ өмір сүріңіздер!
*** *** *** ***
Келісе жүріп керегесін жайған, ұйымдаса жүріп уығын қадаған, шаттана жүріп шаңырағын көтерген Жас отауларыңыз құтты болсын!
Бақытты, ұзақ өмір тілейміз!
*** *** *** ***
Бүгінгі заңды некелерің, Үйлену тойларың құтты болсын.
Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын! Ал "махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар!
Үйлеріңде молшылык пен береке, бақыт пен шаттық, бірлік пен ынтымақ болсын! Араларыңда тек қана сыйластық пен түсіністік орналассын. Жолдарың ашық отбасыларың тату болсын. Өмірде қуаныштарда да, қиыншылықта да бірге болыңдар. Бірақ қуанышты сәттерің 100 есе артық болсын. Жұптарың жазылмасын, бірге қол ұстасып ұзақ өмір сүріңдер. Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Аспандарың ашық болып, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!
Екеуің осылай күлімдеп, жарқырап алдымызда жүре беріндер!
*** *** *** ***
Бірде ерлі-зайыптылар ұрысып қалыпты. Сонда әйелі күйеуіне:
— Мен саған өмірімдегі ең қымбат кезеңдерімді, жылдарымды сыйлап едім, ал сен...
Сонда күйеуі шошып кетіп:
— Ойбай, олай демеші, сенімен алдағы уақытта әлі де өмір сүретінім есіме түссе, кұдай-ау, мына өмірден безіп кеткім келеді, — деп зарлайтын көрінеді.
Бүгін жұбайлық өмірдің табалдырығын аттайын деп отырған жас жұбайлар, бұл әңгімені сіздерге келешекте сабақ болар деген оймен айтып отырмын.
Сендерге шын жүректен тілейтінім: әрбір өткізген күндерің, жылдарың қызыққа толы болсын. Жаңа көтерген отауларыңның ішінен ұрыс-керістің дыбысы емес, сәбидің пәк күлкісі естілсін! Бақытты болындар!
*** *** *** ***
Аса құрметті тойға келген ағайын-жұрт, ағаіні, әпке-қарындастар мен жеңгейлер, нағашылар мен кұда-жекжаттар!
Бүгін мына тойда қаншама жақсы тілектер айтылып жатыр. Халқымызда «батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деген жақсы сөз бар. Тағы да «Қырықтың бірі – Қыдыр, жүздің аузы – уәлі» деп жатады. Яғни бата – көптің тілегін алған дұрыс екен. Көптің көл тілегімен азамат бақытты болады екен-дағы.
Өздеріңіз көрдіңіздер, осынау тілек айтқандардың қатарында ақсақалды қария аталарымыз да, ақ жаулықты аяулы әжелеріміз де, елдің бетке ұстар азаматтары да бар екеніне куә болдыңыздар. Мен бүгінгі күні ұлан-асыр той жасап жатқан отбасыға, осы әулетке «жоғарыда талған адамдардың айтып жатқан жақсы сөз – жарым ырыстары лайым періштенің кұлағына шалынып, бақытты болсын!» дегім келеді. Сондай-ақ шаңырык көтеріп отырған екі жасқа «осында ұлағатты тілектер айтқан жақсылардың жолымен жүруді Жаратушы жазсын!» деген тілек арнаймын. Замандарыңыз тыныш, бейбіт болсын!
Өсіп-өніп, біріңіз асқар тау әке, екіншіңіз аяулы ана болыңыздар! Тамырларыңыз тереңдеп, бұтақтарыңыз жайылсын, жемістеріңіз көбейсін!
Әмин!
*** *** *** ***
Құрметті отау иелері, сіздерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан,мөлдір махаббат тілеймін! Осы ауылдың "ат байлар" беделді, сыйлы, үлгілі отбасы болуларыңызға шын жүректен тілектеспін! Сонымен қатар:
Аққудың ақтығын
Махаббаттың пәктігін,
Соған қоса өмірдің
Бақыты мен шаттығын тілеймін.
Махаббаттарыңыз баянды болсын!!!
*** *** *** ***
Қиын да емес, оңай да емес үйлену
Үйлену үйге қамқор жасап үйрену
Қабағын бағу, көңілін табу жарынның
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру
Болады онда ішкі де, сырқы саясат
Аяйық жарды, біреуді егер аясақ
Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая сап!
Аялы зат жоқ жарынның махаббатынан
Екеуіңдіде оны аялауға шақырам
Тілегім осы қабыл ғып тойда айтатын
Қабыл ал ..... атынан
*** *** *** ***
______________, сендердің ақ отауларыңның іргесі берік, шаңырағы биік болсын, түтіні түзу шалқысын! Тең-құрбыларыңның алды болыңдар! Үй ішің жанға, қораларың малға, қалталарың ақшаға толсын! Қол ұстасып өмірдің қиыны мен қызығын бірге кешіңдер. Бақытты болыңдар! Достарың да, ұрпақтарың да көп болсын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық қуаныштың басы болуға жазсын! Осы дастархан басында отырған достарыңның бәрі сол қуанышты бірге тойлай берейік!
*** *** *** ***
Өмірде үш бақытты құс бар: көгершін, қарлығаш, аққу. Көгершіннің мейірімділігін, қарлығаштың қайырымдылығын, аққудың ақ махаббатын тілеймін.
Өмір теңіз, жүзе біл
Махаббат келсе күте біл,
Өмір әдемі баспалдақ,
Сүрінбей одан өте біл!
*** *** *** ***
Бір ұлы дана "Біз өмірге шыр етіп келгенде емес, жүрегіміздегі махаббат сезімі оянған сәтте ғана өмірге келеді екенбіз. Өйткені махаббат адамға ұшатын қанат береді және де оны мейірімді етеді, сонымен қатар ол бүкіл әлемді өзінің жылыумен құшағына ала алады" деген екен. Қымбатты жас отаудың иелері, сендердің махаббаттарың Қозы мен Баянның махаббатынан кем болған жоқ. Барлық қиындыққа төтеп беріп, міне, бүгін екеуңнің шаңырақ көтергендеріңнің күәсі болып отырмыз. Сендерге тілеріміз: махаббаттарың баянды болып, бір-біріңе деген ыстық сезімдерің суымасың, жұптарың жазылмасын деп тілейміз! Бастарына бақ құсы қонсын!
*** *** *** ***
Құрметті жас жұбайлар! Заңды некелеріңіз құтты болсын. Сіздерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сіздерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!
*** *** *** ***
Төлегендей батыр болсын ұлдарың
Қыз Жібектей сұлу болсын қыздарың.
Біз сіздерге қонаққа кеп тұрғанда
Көрейікші, сәбилердің стройда тұрғанын.
*** *** *** ***
Бір бойдақ досына:
— Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады — деп мақтанады екен. Сөйтсе досы калжыңдап;
— Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? — деген екен.
Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен — таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады.
Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарын биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!
*** *** *** ***
Жаңа танып білсең оң мен солынды,
Жақсыларға соза бергін қолыңды.
Жақсы жүрген жерде Қыдыр болады,
Жақсылыққа оңғаратын жолынды.
Жақсы сөз айт, жаксыға ойың бұрылсын,
Жүрегіңнен көп ізгілік тірілсін.
Жақсы жерге жатқан жақсы түс көрер,
Жақсылардан жеткен сен де жұрынсың.
Жақсы сөз айт, жақсы тілек тілегін,
Жақсы сөз де — жарым ырыс, тірегің.
Жас-отауың — бас-отауға айналсын,
Өркен жайған жапырағым, жүрегім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нұлан
Барша ұйленіп жақтан жастар бақытты болыңдар