Жайшылықта дарынды ерді білмейсіз,
Кейде көзге ілеміз де, ілмейміз.
Өмір өтіп, ел ескеріп жатса егер,
Сонда ғана қасымызда жүр дейміз.
Жүрегінде симфония ойнаған,
Ал миында мың мәселе қайнаған –
Саған бүгін келіп отыр қаумалап,
Өнер деген руласың – айналаң!
Елге тарап жатыр қанша жазғаның,
Ән де болып, әнші де боп маздадың.
Сазгер де бір – кенші, тауды қопарған!
Қазына боп елге жетсін қазғаның!
* * *
Мен бұрын сырттай ғана танушы едім,
Ғибрат мінезіңнен алушы едім.
Қолдаған Қызыр ата Азамат деп,
Соңыңнан ұзақ қарап қалушы едім.
Сыйластық кейінірек өзіңізбен,
Ақылды нұр төгілді көзіңізден!
Тағдыр бірте-бірте тарта берді,
Сөйлемі бір қаралық сөзіңізбен!
Сөзіңмен таныстым да құлай бердім,
Төрт жағы түгел бейне Құдай көрдім:
Бойында бар екен деп жан-жақтылық,
Шимайлап жер-жаһанды сұрай бердім-
Мен Сізге ................. құлай бердім!
Құлатқан құдай шығар кім біледі,
Қаласа жылатады, күлдіреді...
Алатау мен Қаратау қосылғандай,
Арада ару-сенім үлбіреді.
* * *
Білем сенде бір киенің барлығын,
Көрдім өмір кеңдігі мен тарлығын.
Қазығұрттың тауларынан дарыған,
Болмысыңа сақы мінез, арлы ұғым.
Өткен күндер көзді арбаған, қарыған,
Келешегін армандайды әр ұлан.
Сағым белде қозы бағып жүргенде,
Сары адырдан сабырлылық дарыған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі