Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Философия және саясаттану” факультеті “Дінтану және мәдениеттану” кафедрасы Дінтану мамандығы 3-курс Қадырәлі Рахима
Жетекші: ҚазҰУ аға оқытушысы Кудерина Айжан Нурхамитовна
Ағымдағы жылдың 14-15 Қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII сьезі өткен болатын. Бұл жолғы съезд басқалардан ерекше форматта басталды себебі, бұл жолы күллі әлемде әртүрлі дерттен қаза болған жандардың рухтарына дұға жасау үшін бір минуттық үнсіздік сақталды. Сонымен қатар съезде Рим папасының ерекше сөз бастауы болды. Ол қазақ халқына деген құрметі мен ілтипатын білдіргісі келіп өз сөзін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің қара сөздерін мысалға келтіріп кеткен еді.«Адамның негізгі сипаты – оның әлсіздігі. Сондықтан билік пен мессиялардың құрбаны болмай, алға ұмтылуға тиіспіз. Біз қаржы табу жолында құрбан болмауымыз керек,» - деді Ватикан және католик шіркеуінің басшысы,күллі әлемді тізерлеткен Рим папасы. Ол коронавирус пандемиясынан кейін,адам өмірінде діннің рөлі қандай деген сұраққа көп ойланатынын айтты. Жалпы кездесу барысында Рим папасы өзін еркін ұстап, нақты жауап қайтарып отырды.
Осы тұрғыда ол Қазақстанның зайырлы және тәуелсіз екенін де еске сала кетті. Жалпы Қазақстанның алғашқы Елбасымыз Н.Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» деп атап көрсеткен еді. Сонымен қатарЗайырлы мемлекеттің маңызды сипаттарының бірі – діни сенімдері мен көзқарастары әр түрлі азаматтардың бейбіт қатар өмір сүруі. Яғни зайырлы мемлекет рухани саладағы көптүрлі қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен ИЫҰ-ның Бас хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары жөнінде пікір алмасты. Бұл жолғы съезге әлемнің 51 елінен 100-ден астам делегация қатысты. Олардың басы Рим папасы Франциск, әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб, Израильдің бас ашкенази раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиыф, Иерусалим православие шіркеуінің патриархы Феофил III және басқа да көрнекті діни жетекшілер қатысып олар да өзінің негізгі тақырыптарын айшықтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі