Біздің планетада әлемнің алты құрлығы бар. Олар: Азия, Америка, Африка, Антарктида, Еуропа, Аустралия. Әлемнің бұл құрлықтары неге осылай аталғанын ойланып көрдіңіз бе? Бұл атаулар қайдан шыққан?
Бұл атау ежелгі гректердің Прометей туралы аңыздарынан шыққан. Геродот Азияны Прометейдің әйелі деп жиі атайды. Кей мәліметтер бойынша, Азия — оның анасы болған. Шамасы, әлемнің бұл бөлігі оның есімімен аталған.
Біз Американы ресми түрде 1492 жылы Христофор Колумб ашқанын білеміз. Оны Колумбия деп атаған дұрыс болар еді. Мәселе мынада: Колумб қайтыс болғанға дейін өзі ашқан жерлер жаңа континентке тиесілі екенін білмеген. Ол Үндістанға жаңа жол аштым деп ойлайды. Себебі ол дәл осы мақсатпен сапарға шыққан болатын. Сондықтан ол ашқан жерлердің тұрғындарын үнділер деп атады.
Америка тағы бір өнертапқыш Америго Веспуччидің есімімен аталады. Ол өзінің зерттеулері арқылы өзі ашқан жерлер жаңа континент екенін растады. Веспуччи өзінің атын жаңа құрлыққа мәңгі қалдыруға тырыспады, ол оған "Жаңа әлем" деген ат берді. Ал сол кездегі танымал картограф Мартин Валдземюллер жаңа жерді “Америка” деп атады.
Әлемнің осы континентіне атау беру туралы бірнеше гипотезалар бар. Бастысы Карфаген кезеңіне жатады. Ежелгі карфагендіктер жақын маңдағы тайпаларды "афри" деп атаған. Карфаген құлағаннан кейін бұл жерлер Рим провинциясының иелігіне өтті және "Африка" деген атпен танымал болды.
Шонаева Дәулетбике
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі