1888 жылдан бастап 1902 жылдың көктем мезгілінің ортасына дейін Омбы қаласында ресми түрде шығып тұрған газет ол – «Дала уәлаяты газеті». Бұл газеттің алдына қойған жалғыз мақсаты – қараша халықты үкімет тарапынан шығарылған заңдар, жаңалықтар және де бұйрықтардан хабардар етіп отыру және қазақ халқының сауатын ашу болды. Газет ауыз әдебиетінің көмегі арқылы әлеуметтік проблемаларды көтеріп отырған. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жанданып жарқырауына септігін тигізіп ғана қоймай, мәдениет, шаруашылық, ғылым жаңалықтары жайында да жазып отырған. Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ешмұхамед Абылайханов деген алыптар басшылық еткен бұл газет – халықтың сауатын ашуға тырысты, сонымен қатар, бұл кісілерден бөлек тума таланттардың талантының жемісін, еңбектерін жариялап отыра біраз адамның танылуына себепкер бола білген.
Газеттің басылымдарындағы ауыз әдебиеті шығармаларының бірі - Абай Құнанбаевтың шығармалары. Негізінде газетте Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» және «Болыс болдым, мінеки» деген екі өлеңін шығарғанымен, оның өзінде өлеңді өзгертіп жариялағанынды білеміз. Мұның себебі, әрине де, өлеңде бай мен кедей арасындағы байланыс, кедейдің байға жалыныштылығы, байдың үстемдігі, кедейдің шарасыздығы ашық суреттелгені үшін екені айдан анық нәрсе. Онымен қоса, дәл сол кезеңде орыстардың қыспағында болуымызбен қатар, бұлай ашық түрде қарсы шығу ешкімге тиімді болмас та еді. Цензураға көңіл ерекше бөлінді. Дәл сол үшін де, Абайдың басқа өлеңдерінің өзгертіліп, өзгертілмеуі екіталай. Осы сәтте Көкбай Жанатаев деген есім ойға келеді. Цензураның қатал болғаны соншалық, Абайдың шығармаларының осы атпен жарияланып тұрғаны да белгілі.
Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелер қозғалмады емес, қозғалды. «Дала уәлаяты» газеті ауыз әдебиет үлгілерін барынша қазақ ұлтының дамуына,ел мен жерді сақтап қалуға арнап жазған. Сол ауыз әдебиет үлгілерін халық арасындағы аңыз-әңгіме,әлем әдебиеттері арқылы хабарлап отырған. Газет беттерінде Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының аударуымен Лев Толстойдың «Ұзақ пен көгершін», «Бұғы мен қарақаттың с, «Бұғы», «Қоян», «Өтпес пышақ» секілді өлеңдері басылып шыққан деген ақпараттар да кездеседі. Алайда, осы күнге дейін бұған байланысты нақты деректер келтірілмеген.
«Дала уәлаяты газеті» Патша үкіметінің қол астына қарайтын ресми газет болғандықтан, орыс тіліндегі материалдар да жарық көріп отырды. Мәселен, қазақтар тұңғыш рет орыс шығармаларымен осы газеттің арқасында танысты. Олар: Александр Пушкин, Василий Жуковский, Михаил Лермонтов, Алексей Крылов, Лев Толстой, Глеб Успенский және Дмитрий Мамин-Сибиряктың өлеңдері. Газет тек орыс әдебиеті шығармаларымен шектеліп қалмады. Мәселен, қазақ халқын орыс әдебиетінен бөлек украин, литва, татар, башқұрт халықтары әдебиетімен таныстырды. Сонымен қатар, шығыс халықтарының «Мың бір түн», «Ләйлә-Мәжнүн» секілді туындыларынан үзінді келтірілген.
Басылымның барлық проблемаларды қамтығанын жоғарыда айтып өткен болатынмын. Осы тұста газет әдебиет саласын әйел теңдігін көтеруде тиімді пайдаланған. Оны біз сол кезеңдерде сүйгеніне жетемін деп боранда үсіп өлген қыз туралы айтылған «Бәти» әңгімесінен және қыздардың тағдыры сөз болатын «Махаббат күші» поэмасынан анық аңғара аламыз. Дәлірек айтқанда, «Дала уәлаяты газеті» халық ішіндегі мәселелерді көтеруде ауыз әдебиетін орынды қолдана білген.
Халық үшін басылым қандай маңызды болса, басылым үшін халыққа ұсынатын ақпарат та сондай құнды. Қазақ тарихындағы «Түркістан уәлаяты газетінен» кейінгі екінші газет «Дала уәлаяты газеті» мұндай ақпараттардың қайнар көзі. Себебі, 1888 жылы жарық көрген бұл газет тек Патша үкіметі енгізген өзгерістерді, білім-ғылым, мәдениет, шаруашылық туралы ғана жазып қойған жоқ, қазақтың халық ауыз әдебиетінің жандануына үлкен септігін тигізді. Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер басшылық еткен бұл басылым арқылы талай талантты жандар таныла бастады, шыңдала бастады, халықтың көзін ашуға тырысты.
Газет - құнды қағаз. Оны ата-бабамыздың орыс қыспағында, цензураның астында қалғанына қарамастан, осы күнге дейін біраз ақпаратқа қолымыз қолымыздың жеткені дәлел. Тіпті сол күндерде, қолын бір сілтеп қоя салмай, ауыз әдебиетін, әлем ауыз әдебиетін тиімді пайдалана білгендіктерінің жемісін осы күнде көріп отырғанымыз өтірік емес. Газеттің ғұмырының ұзын-қысқалығы енді өз қолымызда!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика Факультеті, 1 курс
Augambay Anel Kanatkyzy
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі