Өлең, жыр, ақындар

Дінтану мамандығы

Дін бұл адам өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі болып табылады бірақ осы дін мәселесін жақсартатын елімізде мамандықтар саны аз бірақ дегенмен қазіргі жаңа қарқындап дамып келе жатқан мамандықтардың бірі. Мен өзім әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша грант иегерімін, алдымен дінтану мамандығының тақырыбына келмес бұрын жалпы дінтану дегеніміз не  деген сұраққа жауап берейік.

Дінтану дегеніміз тек қана діндерді зерттеп қоймайтын сонымен қатар діннің жалпы тарихын, саясатын, философиясын, психологиясын, антропологиясын, мәдениетін және тағыда басқа қырларынан зерттейді бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді және адамның дінге қызығушылығын арттырып діни сауатылығын көбейте түседі. Ендігі кезек дінтану ғылымын мамандық жағынан қарасақ ол қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан мамандықтардың бірі жәнеде жыл сайын ұлғаюда осы мамандыққа сұраныс жоғары болып арта түсуде бұл мамандыққа түсу үшін «ҰБТ» да «шығармашылық емтихан» таңдайсыз. Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады, біріншісі кезеңі «Ұлтық біріңғай тестілеу» ал екінші кезеңі «мамандық бойынша» болады. Бұл мамандыққа Мемлекеттік грантқа түсу үшін «120» бал ауылдық квотамен «117» бал , ал ақылы оқуға түсу үшін «80» бал жинау қажет. Бұрын дінтану мамандығы десе халықтың құлағына үрей естіген секілді немесе түрпідей тиетін болған қазіргі кезде бұл мамандық ендігі кезде - кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді. Нақтылап айтатын болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану қазірге кеңінен тараған мамандықтардың бірі яғни зайырлы мамандықтардың бірі заңгер, мұғалім, экономист секілді мамандықтардан асып түспесе кем емес. Егер нақтылап толықтырып айтатын болсам дінтану мамандығы төменде көрсетілген универлерде оқуға болады олар: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қабырғасында «Дін және еркін ойлау» мамандығы ашылған 1992 жылдан бастау алады. Қазақстанда дінтану бакалавры мен магистранттарын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті,  Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дайындайды. Ал Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті әзірге бакалавр мамандар даярлаумен шектелуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеттерінде дінтанудың PhD докторын дайындау бағдарламасы іске қосылған. Бұл мамандықты бітіргеннен кейін сіз ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкері.

- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкері. 

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;

- Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т. б. ) қатыса алады;

- «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкері.

Сіз осы жоғарыда көрсетілген жұмыс орындарына т. б. жұмыс орындардарында қызмет ете аласыз. Дінді дұрыс түсінбеу қоғамда түрлі сенім негізінде адамдар арасындағы, конфессия арасындағы, халықтар арасындағы қайшылықтарға алып келеді. Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзектілігін жоғалтпайды. Жалпы қорытындылай өтетін болсам мен бұл мамандықта оқығаныма еш өкінбеймін өкінбеймінде себебі бұл мамандық адамды бір жағынан маман ретінде дайындаса ал екінші жағынан бұл рухани азық болып табылуға және діни сауаттылықты ой сананы дамытуға көмектеседі. Бұл мамандарға қоғамнан әрқашанда орын табылатыны сөзсіз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және Саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 1 – курс студенті
Қанжарбек Ернар Ерланұлы
Жетекші аға оқытушы: Тунгатова У. А.


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз