Баяғыда «Ауыз» деген үңгір болыпты. Оның ішінде «Тіл» деген аң өмір сүріпті. Тіл далаға шығайын десе, шыға алмапты. Өйткені оған «Көмей» деген қақпан қатты жабысып, жібермей ұстап тұрыпты.
Іші пысқан Тіл, үңгірдің қабырғаларын әктепті. (Тілмен бет терісін ішінен жоғары-төмен қозғап, сылап жатқандай боламыз.)
Қатар тізіліп тұрған «Тістердің» айналасын сыпырып, зыр жүгіріп айнала беріпті. (Тілмен тістердің асты-үстін айналдыра, қызыл иекті (десналарды) сүртіп шығамыз.)
«Қақпаннан босаймын ба?»- деп, ары-бері керіліпті. (Тілді таңдайға қайыра бүктеп, қайта жазамыз.)
Барлық әрекеті нәтижесіз болған тіл, ыңылдапты (бір минут «Ң» әріпін айтамыз), ырылдапты (бір минут «Р» әріпін айтамыз).
Болмаған соң «жздрио», «оирдзж» деп біреуді шақырыпты. Ол келмепті. Тіл шаршап ұйықтап қалыпты.
(Ертегінің жалғасын бұйыртса келесі сабақта айтамыз).
Гүлмекен Қасенбай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі