Қарақұл әрі жас, әрі тұлдыр жетім қалды. Ол әпкесі Қарашаштың тәрбиесінде өседі. Он төртке толып, етек-жеңін жинауға тырысқан Қарақұл бір күні әпкесінен:
— Әкемнен қалған қандай енші бар? — дейді.
— Әкеңнен бір ат, бір садақ қалды, малы ағайындыларда, — дейді әпкесі мұңайып.
— Онда мен Сарқұл атамнан әкемнен қалған еншілерімді аламын, — дейді Қарақұл.
Ол Сарқұлдың ауылына аттанады. Амандықтан соң жағдайын айтып, көп жылқының ішінен өзіне тиісті еншісін іздеуге кіріседі. Сарқұл балалары Қарақұлдың жолын бөгеуге әрекеттенеді.
Сонда Сарқұл:
— Тиіспеңдер оған, өзіне тиісті еншісін таңдап алсын, — деп тоқтау айтыпты.
Қарақұл Жарманнан тараған таманың Сейтқазы биіне көрші отырады екен. Сейтқазы би өз заманының ірі тұлғаларының бірі болған. Жер, жесір дауын талапқа сай дәрежеде шешіп отырған.
Қарақұлдың жақын туысы Сарқұл қартайып, ауру меңдеп, төсек тартып жатып қалады. Сейтқазы би Қарақұлды ертіп апарып, Сарқұл атасының көңілін сұратады. Сарқұл інісінің көңіл сұрап келгеніне өте риза болып:
— Қарағай бойы қар жауса, жұтамайды сауысқан, — деп сөзінің аяғын жұтып қояды...
— Бұл өлеңнің аяғын неге айтпайсың? — дейді Қарақұл елеңдеп.
— Сен де бір болашақтан үміт күткен баланың бірі едің, сөздің аяғын жалғастыруды өзіңе қалдырдым, — дейді Сарқұл. Қарақұл енші бөлісіне риза болмай ренжіп жүреді екен. Сол ренішті арқау еткен Қарақұл:
— Бұрынғыдай болмайды-ау, көңіл қалса туыстан, — дейді.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі