Өлең, жыр, ақындар

Қазақ ұлттық университетінің жетістіктері

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1934 жылы салынған және білім беру сапа стандарттары бойынша халықаралық сертификаттаудан өткен еліміздегі барлық университеттердің ішінде біріншісі болып табылады. Тарихына кішігірім шолу жасар болсам, 1934 жылдың 15 қаңтары – КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Бүкілодақтық Қазақ өлкелік комитетінің қаулысымен педагогикалық институттың негізінде құрылған Қазақ мемлекеттік университетінің ресми ашылған күні саналады. Сол жылы 2-ші желтоқсанда Қазақ мемлекеттік университеті белгілі кеңестік партия және мемлекет қайраткері С.М. Кировтың атына ауысқан болатын. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған кезде университеттің ең маңызды міндеті жаңа бағытты таңдау болды. Дамудың жалпы векторы ретінде Қазақ мемлекеттік университеті әлемдік білім беру жүйесіне дәйекті ілгерілеуді, мамандар даярлаудың халықаралық стандарттарына көшуді белгіледі. Егемендіктің алғашқы жылында Шығыстың ұлы ойшылы «Аристотельден кейінгі екінші ұстаз» Әбу Наср ибн әл-Фарабидің есімімен аталған университетітіміздің мәртебесі айтарлықтай өзгерді. 1993 жылы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Қаулысымен Н.Ә. Назарбаевтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мәртебесі туралы» Жарлығымен университетке автономиялық мемлекеттік университет мәртебесі беріліп, ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті болып өзгертілді. 2000 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының автономиялық мемлекеттік жоғары оқу орны ретіндегі ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілді. Ал 2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен университет Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып ұлттық университет деген ерекше мәртебеге ие болды. 2006 жылы ҚазҰУ мемлекет тарихында сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алған алғашқы университет болды. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар қалыптасатын ірі ғылыми, білім беру және инновациялық орталық болып табылады. Еліміздің Тұңғыш Президентінің Жолдауында алға қойылған міндеттер университет үшін негізгі бағдар болып табылады: әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне ену, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу. Университет заманауи әлемдік деңгейдегі университет, Орталық Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың жетекші ғылыми, әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

 ҚазҰУ – бакалавр, магистр немесе докторантура дәрежесін алуға болатын көпсалалы оқу орны. Университет аумағы 100 гектардан асады. Осындай үлкен аумақта: бас әкімшілік ғимарат, 14 оқу корпусы, әл-Фараби атындағы кітапхана, 14 студенттер үйі (жатақхана), 4 мұражай, технопарк, студенттерге қызмет көрсету орталығы, жастар интернет орталығы, студенттік пікірталас алаңы орналасқан. Университет қалашығына Ә.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жас ғалымдар үйі (докторанттар, магистранттар және шетелдік профессорлар үшін), Д. Баландина атындағы жүзу бассейні, Smart Health UniverSity диагностикалық орталығы кіреді. Оқытушылар құрамы республикадағы және Орталық Азиядағы үздіктердің бірі болып табылады. Оның құрамында академиктер, Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік және жеке наградаларының лауреаттары, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, докторанттар бар.  ҚазҰУ-да 180 мамандық бойынша білім беретін 16 факультет бар. Ең танымал факультеттер заң, филология, медицина, биотехнология, физика және технология, IT, экономика және т.б. ҚазҰУ-да әртүрлі елдерден 26 мыңға жуық студент білім алуда. Университет дүние жүзіндегі 400 халықаралық университеттермен ынтымақтасады, студенттер алмасу, тағылымдама және бірлескен оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. ҚазҰУ беделді QS World University Rankings басылымының нұсқасы бойынша әлемнің 200 үздік университетінің тізіміне енді. 2018 жылы еліміздің университеттерінің біріншісі қамтамасыз ету деңгейі бойынша QS STARS - 4 STARS халықаралық үздік белгісімен марапатталды. Университет әлемдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін белсенді түрде күреседі және осы мәселе бойынша «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір» білім беру нысанындағы халықаралық серіктестермен ынтымақтасады. 2014 жылы ол тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның Жаһандық академиялық ықпал орталығын басқарды. ҚазҰУ-да колледж, Конфуций институты, Біліктілікті арттыру институты, Мемлекет және құқық институты, Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты, т.б бар. Университеттің рухани-адамгершілік платформасы негізінде жүзеге асырылып жатқан серпінді әлеуметтік жобалардың арқасында студенттік мемлекеттік органдардың жұмысына, клубтық және волонтерлік қызметке тартылған студенттердің үлесі екі есеге артты. ҚазҰУ жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми-білім беру кластері жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен мәдениетін қалыптастыру бойынша Қазақстанның талдау орталығына айналды. Спорт пен дене шынықтыруды белсенді дамытудың арқасында университет студенттік спорттың сөзсіз көшбасшысы болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп «Игі қоғам азаматтарын қалыптастыру» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі университеттердің миссиясы». ҚазҰУ жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, әлемнің 12 елінде қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениеті кеңінен зерттелетін Әл-Фараби орталықтарын құрып, олардың базасында университет филиалдарын құру жұмыстары жүргізілуде. Түркі және ислам әлемі университеттері арасында көшбасшы бола отырып, ҚазҰУ беделді еуропалық рейтингтің «Әлемдік университеттердің академиялық рейтингі еуропалық стандарты» зерттеулерінің нәтижелері бойынша «AA+» жоғары рейтингін алып, Еуропаның жетекші университеттерінің қатарына енді. ҚазҰУ әлемдік UI Green Metric Ranking of World Universities рейтингінде ең экологиялық таза 200 университеттің қатарында, әлемдегі ең технологиялық дамыған 50 университеттің қатарына кіреді. Халықаралық сарапшылар бүгінде ҚазҰУ-дың жетістіктерін жоғары бағалайды және оның әлемдік рейтингтердегі жылдам ілгерілеуін «феноменальды» деп атайды. Мен университетімнің осындай жеткен жетістіктерін саралай келе, келешекте ҚазҰУ әлемдік университеттердің алдыңғы қатарына шығып, үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдемін. Болашақ абитуриенттерге менің мақтанышым, менің университетім ҚазҰУ-ға түсуге кеңес беремін.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://web.archive.org/web/20160512181821/http://www.topuniversities.com/universities/al-farabi-kazakh-national-university#wur
  2. https://web.archive.org/web/20221229100523/https://www.kaznu.kz/ru/162/page
  3. https://www.kaznu.kz/ru/14948/page/
  4. https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2016

 

 

Мақала авторы - Шарапқызы Дамира. «Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», «Философия және Саясаттану факультеті», «Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы»,  «6B03102 -Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы, 4 курс студенті

Жетекшісі- Кудерина Айжан Нурхамитовна

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз