Ең алдымен бұл кітаптың мазмұны туралы емес, жалпы кітап оқудың маңызы туралы айтайын.
''Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына'', -деп Әлішер Науаи дәл айтқандай-ақ. Шынында кітап біз үшін құнды қазына. Әрбір кітаптың адамға берер тәлім-тәрбиесі, өнегесі, өмірлік сабақтары үлкен рөл атқарады. Бұл әлемде қаншама кітап болса, сонша автор болады. Әр автор кітап жазар алдында сан қилы тағдырды көз алдына елестетіп, ертеңгі күні осы кітапты оқығанда бір ой түйсінші деген өміріндегі болып жатқан оқиғаны негіз етеді. Міне, дәл сондай авторлардың бірі - башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов.
«Тастамашы, ана» атты Саят Қамшыгердің аудармасымен жазылған бұл кітапты жақын уақытта ғана оқыған едім. Алғашқы беттерін оқыған сәтте әртүрлі эмоция қалыптасты, бірде қуандым, бірде жылап та алдым. Себебі, бұл кітаптың мазмұны өте жеңіл, әрі мағыналы жазылған. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашып көрсету арқылы бүгінгі күннің ащы шындығын көрсеткісі келді деп ойлаймын. Ата-анасынан асырылған жетім балалардың аянышты тағдыры, балалар үйіндегі әр баланың ішкі сезімдері барлығы оқырманға түсінікті тілде жазылған. Бұл кітап туралы неге жаздым деп ойларсыз… Себебі, кітапты оқыған әрбір бала ата-ананың қадірін түсініп, қолда бар бақытты жіберіп алмауды үйренеді. Үлкендер балаларға мейірім қажет екенін ұғынады.
Бұл кітапты 1 сағат уақыт аралығында оқып шықтым. Сюжеті өте қатты ұнады. Басты кейіпкердің ішкі жан дүниесін түсініп, Ілияс тап болған жағдайларда өзім тұрғандай сезімде болдым. Оқырманды қызықтыратын жағдайлар көп кездеседі. Дәл осы кітапты оқып болған соң анам мен әкемді құшақтап, тоқтаусыз жыладым. «Неге адамдар қатыгез?», «Балаға мейіріммен жылы сөйлеуге болмады ма?», «Осындай жағдайлар неге жиі болады?» деген сұрақтар мені мазалағаны жасырын емес. Дәл Ілиястың тағдыры қаншама балалардың басынан өтіп жатқаны бір сәтте көз алдымнан жел ескендей жүгіріп өтті десем де болады. Сондықтан да әрбір адам осы кітапты оқып шықса дер едім.
Кітапты оқып болған соң өз пікірлерімен бөліскен жандар көп екен. Соның бірі журналист Азамат Кеңесұлы: «Оқып болған соң оқиғалар желісі бойынша фильм түсіргім келеді. Бас кейіпкер Ілиястың тағдыры, қиындықтарды жеңуге деген талпынысы, алға, келешекке деген сенімі-нағыз мотивация», - деген болатын. Міне, «Тастамашы, ана» кітабын ұсынуыма себеп көп, жауап біреу. Ең бастысы - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас пен мейірім.
Айдар Жанерке Айдарқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айлин
Маған мақала ұнады. Өте жинақы айтылған. Осыдан соң бұл кітапты міндетті түрде оқитын боламын.