Шешендiк сөзде оның адамға эстетикалық, этикалық жағынан әсер етуiмен бiрге, тәрбиелiк, тағылымдық мәнi де жоғары болуы қажет.
Шешендік сөздiң сапасы үш мәселеге айрықша назар аударуды талап етедi:
1) сөйлеу стилi;
2) сөзге қойылатын негiзгi талаптарды сақтауы;
3) сөз мәнерлiлiгiн арттыратын тілдік құралдардың қолданылуы.
Әрбiр шешеннiң жеке өзiне тән, оның сөйлеуiндегi өзiндiк ерекшелiктерiн айқындайтын, танытатын, сөйлеу дағдысын аңғартатын стилi болады. Ол үздiксiз iзденудiң, шешендiктiң үздiк үлгiлерiн оқып-үйренудiң нәтижесiнде қалыптасады.
Шешендік сөзге қойылатын талаптар:
— сөз мазмұнының тереңдiгi;
— ойдың жүйелi берiлуi;
— пiкiрдiң дәйектiлiгi, дәлелдiлiгi;
— сөз мағыналарының дұрыс қолданылуы;
— сөздiк қордың байлығы;
— мақал-мәтелдер мен тұрақты тiркестердiң орынды кіріктірілуі және т.б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі