Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі журналистің тіл мәдениеті, сауаттылық әдебі және тіл шеберлігі.

Қазақта «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқжоқ» деген тәмсіл бар. Ал бүгінгі көтерілетінмәселе –  тамаша болмай тұр. Олай деуімнің себебі– газет беттеріндегі һәм сайттардағыжурналистердің жіберген қателіктері жағаұстатарлық. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтудіжөн көрдім.

​Айтқанның аузы жаман, сөйлегеннің сөзіжаманның турасы болса, оған да көндік. Бірақ сын түзелмей мін түзелмейтінін де ұмытпағанымызабзал. Ақпарат айдынында жүріп, түрліжаңалықтарға куә боламыз. Оқимыз, талдаймызқолымыздан келіп жатса, кездескен адамменбөлісіп құлаққағыс етеміз. Сол жаңалықтарды оқыпотырып, көзге оттай басылатын қателіктерденқарнымыз ашады. «Бір терінің пұшпағын илепжүрген жандармыз» деп қара күйе жаққың келмеседе, көз жүгіртіп оқитын «қарапайым халықтыңназына ілінбесін» деген ниетте шет жағасыншығарайық. «А» дегеннен-ақ алты қате жіберген«Алматы ақшамы» газетінің қатесін айтпай кету – азаматтығыма сын болар. 2025 жылдың 20 наурызында «Қарапайым еңбек адамдарынабаспана алу жеңілдеді» деген мақаласында былайдеп жазылған: «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалықфилиалының директоры Данагүл Түсіпованыңайтуынша, өткен жылы «Наурыз» бен «Отау» бағдарламасы бағдарламалары аясында 10 мыңнанмыңға астам жуық азамат өз баспаналарына қолжеткізді». Бұл жердегі қатені соқыр адам да байқайтыны анық. «Бағдарламасы» дегеннен кейін«бағдарламалары» деген сөзді неге қолданды? Жауабын кім біледі? Журналистің өзінен сұраймызба?

​«10 мыңнан мыңға астам жуық» деген сөзді қайқырынан алып дұрыс екенін дәлелдеуге тырыссаңда, білімің жетпейді. Бәлкім «10 мыңнан астамазамат өз баспаналарына қол жеткізді» депайтқысы келген болар. Бірақ «мыңға» деген сөздіқайдан тауып алғаны белгісіз. Әлдематематикадағы жаңа өзгерістер ме, кім білсін?!

​Ұлт газеті саналатын «Ана тілі» басылымындағы қателерді көріп, көңілім көкжайлаудың етегінде қой бағып отырған, әріптанымайтын бала Ерболды есіме түсірді. Мақаланың тақырыбын айтсаңызшы «Тілдің жайы– елдің жайы» деген. Қазақ тілінің жайықателіктерден көз ашпаса, елдің жайын сөз етугеәлі ерте болар. Мұнда журналист былай дейді: «Нобель сыйлығын алған туындыларды – барлығы3 мыңға жық қамтиды». Қателіктің күре тамыры«туындыларды» деген жерден басталып, «3 мыңғажық» деп аяқталған. Көп сөкпей турасын айтқанда, «Нобель сыйлығын алған туындылар - 3 мыңғажуық» деп жазылғанда үйлесімі табылып, қателігінбетіне баспайтын едік. 

​Қазақта «әдемі» деген сөз қай кездеқолданылады? «Әдемі қыз», «әдемі киім» дегенсөздерді естігем. Қысқасын айтқанда, сәнді, жарасымды деген мағынада қолданып жүрміз. Ал «әдемі оқиға» дегенді естігенсіз бе? Мен естідім. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілерінен естідім. Сиясы кеппеген мақаласында «Наурызда әдеміоқиға орын алды» деп қайырыпты. Оқиға қашаннанәдемі болатын болған? «Елеулі оқиға», «тарихиоқиға» деп жазуға келмеді ме, әлде сөздік қоржетпеді ме? Мүмкін қатені түзеймін деп, өзімқателесіп тұрмын ба? 

   Бір санын да халық қалт жібермейтін қазақтыңбелді газеттерінің осындай өрескел қателердіжіберуі – өркендеуімізге салынған тұсау. Ай мен күннің аманында, алты ауыз сөзден алпыс қатежіберіп, ата-жұрттың алдында «журналист» дегенабыройымыздан айырылып қалмайық.

 

Медетбекұлы Ербол, Мизан Перизат, Құдайберген Дидар

Журналистика факультетінің 3-курс студенттері

Жетекші: ф.ғ.к., доцент Жақсылықбаева Римма


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар