Өлең, жыр, ақындар

Цифрлық трансформацияның білім беру жүйесіне ықпалы: виртуалды оқу мен дәстүрлі білімінің арасындағы байланыс

Цифрлық трансформацияның білім беру жүйесіне ықпалы: виртуалды оқу мен дәстүрлі білімінің арасындағы байланыс

 

Жалпы, цифрлық технологияның қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл процесс тек жұмыс немесе білім беру жүйелеріменшектелмей, күнделікті өмірдің барлық аспектілерінқамтиды. Бұл мақалада білім беру жүйесіне енгенвиртуалды оқыту әдісі мен өзіміздің дәстүрлі білімәдісі туралы сөз қозғамақпын. Бүгінгі таңда цифрлық трансформация білім беру жүйесінде де байқалып отыр. Оның дамуы заманауи қызметтүріне көшу, адамдардың ой-өрісін кеңейту және де жаңа білім алу мүмкіндіктерін береді. Ал осы цифрлық трансформация қазіргі білім беру жүйесіне өзінің оң әсерін көрсетуде.

Цифрлық технологияның дамығаны соншалық , ақпарат іздеу бұрынғыдай қиын емес. Кітапханағабарып, ұзақ уақыт кітап ақтарудың орнына, бірнеше секунд ішінде виртуалды кітапханаларданемесе басқа іздеу жүйелері арқылы кез келгенсұраққа жауап табуға болады. Бұл әсіресеоқушылар мен студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Әртүрлі онлайн курстар мен бейнесабақтар білімалуды жеңілдетіп, оқуға деген қызығушылықтыарттырады.  Әсіресе шалғай аймақтарда тұратынадамдар үшін онлайн білім алу өте тиімді. Қазіргікезде бұрынғыдай күнделік пен журнал жоқ, технологияның арқасында олардың орнына “BilimClass”, “Online Mektep”, “Kundelik.kz” сияқты онлайн платформалар қалыптасқан.. Тіпті әр кабинетте компьютер, ғаламтор, интерактивті тақта орналасқан, яғни техналогияның дамуы мектепқабырғасының дамуына өз үлесін қосады. Білім беру жүйесінде виртуалды оқу мен дәстүрлі білімбірін-бірі толықтыра түседі. Екі әдістің жақсыбайланысуы оқыту сапасын арттырып, оқушыларғатиімді білім алу жолдарын қамтиды. Яғни екіәдістің де ортақ мақсаты білім сапасын арттыру. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен цифрлықтехнологиялардың бірігуі арқасында білім беру жүйесінің оң нәтежиелерге жетуге болады депсенемін.

Қорытындылай келе, цифрлық технологияныңдамуының өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Дегенмен білім жүйесінде оның тиімді жақтарын пайдалану маңыздырақ. Цифрлықтехнологияларды білім беру саласына тиімді енгізу– болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жасалғанмаңызды қадамы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер