Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең қымбат сағаттар

Сағат – бұл уақыт талғамайтын классикалық аксессуар. Бүгінде оны уақыттың нақты қанша болғанын білу үшін ғана емес, заманауи адамның бейнесін толықтырып тұру үшін де пайдаланады. Олардың кейбірі әдемілігімен ғана емес, механизмінің күрделілігімен таңғалдырады. Мұндай өнер туындылары да аз ақша тұрмайтыны сөзсіз.

Назарларыңызға құны 2 миллион доллардан асатын 15 қалта және қол сағаттарын ұсынамыз.

сағат

15-орын: Parmigiani Fleurier Fibonacci – ақ алтыннан жасалған, лотос гүлі сияқты инструкациямен безендірілген, Фибоначчи принципі бойынша тең екіге бөлінуін көрсететін қалта сағаты. Гүл гаухар, лағыл, зүбаржат, жақұт және жартылай қымбат тастармен, жалпы салмағы 49,5 каратқа тең тастармен көмкерілген. Сағат мәңгілік күнтізбемен, минуттық репетирмен және ай фазасының көрсеткішімен жабдықталған. Parmigiani Fleurier Fibonacci тек тапсырыс бойынша жасалады. Бұл салтанатты аксессуарды жасату 2,4 млн. долларды құрайды, ал оны жасауға шамамен 2 жыл қажет болады.

 

 

сағат

14-орын: Franck Muller Aeternitas Mega 4 – әлемдегі ең күрделі механикалық қол сағаты. Құны 2,7 млн. долларға жетеді. Сырты ақ алтыннан жасалатын бұл өнер туындысы 1483 бөлшектен тұрады. Олар 36 функциямен жабдықталған, оның 25-і циферблатта орын алған. Aeternitas Mega 4 үш сағаттық белдеудің уақытын көрсетеді, 999-күндізгі григориандық күнтізбеге, артқа жүру хронографына және Вестминстерлік дабылға ие. Бұл ерекше сағатты Нью-Йорк пен Женевада ғана сатып алуға болады.

 

 

Cartier Secret Watch with Phoenix

13-орын: Cartier Secret Watch with Phoenix – родийден жасалған және 18 дүркін ақ алтынмен қапталған феникс түріндегі қол сағаты. Мифтік құстың денесі жалпы салмағы 80,13 карат болатын 3010 гаухар тастан құрастырылған. Феникстің көзін алмұрт пішінді зүбәржат пен 3,53 карат гаухардан жасайды. Бұл туындының құны 2,755,000 шартты бірлікке тең.

 

 

Patek Philippe швейцариялық компанияның қол сағаты

12-орын: Сонау 1942 жылы жасалған, әйгілі Patek Philippe швейцариялық компанияның қол сағаты. 18 карат алтыннан жасалған аксессуар ай фазасының көрсеткішімен және мәңгілік күнтізбемен жабдықталған. Patek Philippe (1942) 2009 жылы Женевада өткен Christie’s аукционында 2,773,721 долларға сатылған.

 

 

Patek Philippe Model 2523 Heures Universelles

11-орын: Patek Philippe Model 2523 Heures Universelles (1953) – танымал сағат өндіруші компанияның тағы бір туындысы. Бұл сағат 2012 жылы Christie’s женевалық аукционда 2,990,154 долларға сатылып кеткен. Дизайны күрделі алтын қол сағаты 24 сағаттық аймақта көрсетеді. Сағаттың циферблаты Солтүстік Американың эмальдан жасалған картасымен безендірілген. 

 

 

Piaget Emperador Temple

10-орын: Piaget Emperador Temple – нағыз сән мен жарқыраудың салтанатын бейнелейтін қол сағаты. 18 карат алтыннан жасалған және көптеген гаухар тастармен көмкерілген аксессуар 2010 жылы жасап шығарылды. Сағаттың үстіңгі беті 481 домалақ гаухар таспен және 207 багетпен безендірілген. Циферблат 11 багет тас қырнаушы гаухар таспен және 162 домалақ тас қырнаушы гаухар таспен көмкерілген. Piaget Emperador Temple-нің екі данасы ғана шығарылған, бірақ біреуі сатылып үлгерген. Сағаттардың құны 3,3 млн. долларға тең.

 

 

Patek Philippe Single-Button Chronograph Watch

9-орын: Patek Philippe Single-Button Chronograph Watch (1928) – 1928 жылы белгісіз біреудің тапсырысымен жасалған жастық пішіндес бір батырмалы хронограф. Олар 18 каратты ақ алтыннан жасалған және 28 қымбат тастармен безендірілген. Сағаттар 2011 жылы Christie’s аукционында сатылады, оларға 3,637,408 доллар төленген.

 

 

JB Champion's platinum observatory chronometer

8-орын: JB Champion's platinum observatory chronometer – америкалық коллекционер J. B. Champion-ның тапсырысымен Patek Philippe компаниясының шеберлері жасаған, 1952 жылы шыққан платина сағаты. 2012 жылы Женевадағы Christie’s аукционында ол 3,992,858 долларға сатылды. Бұл ешқандай күрделі функциясыз әлемдегі ең қымабат сағат. 

 

 

Patek Philippe Platinum World Time

7-орын: Patek Philippe Platinum World Time (1939) – ұлы женевалық сағат шебері Louis Cottier 1939 жылы жасаған ең ірі швейцарлық компанияның ретро-сағаты. Оның тетігі автоматты түрде бұралатын болған, яғни жер шарының қай жерінде болмасаң да уақытты білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар механизмі сапалы және дизайны ерекше. Patek Philippe Platinum World Time сағаты 2002 жылы Antiquorum женевалық аукционда 4,026,524 шартты бірлікке сатылған.

 

 

Paris Precision Stopwatch by Breguet & Fils

6-орын: Paris Precision Stopwatch by Breguet & Fils. – секундомеры бар 18 карат алтын мен платинадан жасалған, қымбат тастармен безендірілген әдемі қалта сағаты. Ол тәжірибе жүзінде бірінші рет ұсынылған, рим және араб санды циферблаттармен жабыдақталған Breguet хронометрінен тұрды. Сағатты бірінші болып Гарсиа мырза 1814 жылы тамызда Лондон аукционында 5000 франкқа сатып алған. Сағатқа 2012 жылы Christie’s аукционында берілген құн 4,682,165 шартты бірлікті құрады.

 

 

Patek Philippe Caliber 89

5-орын: Patek Philippe Caliber 89 – 1989 жылы атақты швейцарлық компанияның 150 жылдығына орай шығарылған екі циферблатты қалта сағаты. Ол Patek Philippe шығарған ең күрделі сағат болды. Сағаттың жалпы төрт данасы шыққан, әрқайсының корпусы қымбат металлдардан жасалған: сары алтын, алқызыл алтын, ақ алтын және платинадан. Бұл тамаша аксессуарды жасауға сағат шеберлеріне 9 жыл еңбек ету қажет болды. Сағат 126 қымбат тастармен безендірілген, 1728 бөлшектен тұрады және 33 функцияға ие. Салмағы 1,1 кг-ға тең. Caliber 89-дің басты ерекшелігіне: күнтізбе, ай фазасының индикаторы, хронограф, термометр, қоңырау мен жұлдызды аспанның картасы кіреді. Бұл ерекше сағаттың құны 5 млн. долларға тең.

 

 

Patek Philippe Reference

4-орын: Patek Philippe Reference 1527 – 1943 жылы шығарылған, 23 қымбат тас және алтыннан жасалған классикалық қол сағаты. Бастапқыда Patek Philippe брендінің иегері Стерн отбасының сағаты болған. Сағат мәңгілік күнтізбе мен ай фазасының көрсеткішімен жабдықталған. 2010 жылы мамырда болған Christie’s аукционында Patek Philippe Reference 1527 5,63 млн. шартты бірлікке сатып алынған.

 

 

Patek Philippe Henry Graves Supercomplication

3-орын: Patek Philippe Henry Graves Supercomplication – 1932 жылы екі бай америкалық достың бәстесуі салдарынан дүниеге келген үлгісі ерекше сағат. Олар әлемдегі ең күрделі сағаттың иесі кім болар екен деп бәстескен. Нәтижесінде Patek Philippe-ке тапсырыс берген нью-йорктық банкир Генри Грэйвз жеңіске жетеді. Конструкциясы өте қиын бұл сағатты жасауға 5 жыл уақыт кеткен. 18 карат алтыннан және 900 бөлшектен тұратын сағат 24 функциямен жабдықталған. Patek Philippe Henry Graves Supercomplication-тың ең бір қызық ерекшелігі – циферблаттағы жұлдызды аспан Грэйвздың Нью-Йорктағы үйінің терезесінен қалай көрінсе, солай көрінеді. 1999 жылы Sotheby's аукционында сағат белгісіз біреумен 11,002,500 долларға сатып алынды және қазіргі таңда Женевадағы сағаттар музейінде тұр.

 

 

201-carat Chopard

2-орын: 201-carat Chopard – зергерлік және сағат өнерінің барлық жетістіктерін өз бойына топтастырған эксклюзивті білезік-сағат. Chopard компаниясы оны 2008 жылы шығарды. Сағаттың беті гаухар тастармен молынан көмкерілген, оның ортасынан кішкентай циферблатты көруге болады. Үш негізгі жүрек тәрізді гаухар тас – ақ, қызыл және көк – циферблаттың айналасында орналасқан. Олардың жалпы салмағы 38 каратқа тең, ал сағаттағы 874 қымбат тастардың салмағы 200 карат. Бұл өнер туындысы 25 миллион долларға бағаланады.

 

 

Jaeger-LeCoultre - Joaillene Manchette

Бұл тізімді Jaeger-LeCoultre - Joaillene Manchette швейцарлық брендтің сағаты тәмамдайды. Оның құны шамамен 26 миллион долларға тең. Ол тетігі қолмен бұралатын Joaillerie 101 сериясының соңғы үлгісі болып табылады. Бауы ақ алтыннан жасалған сағат 576 гаухар тас пен 11 оникс кристаллымен безендірілген, ал күміс циферблат Joaillene Manchette жақұт әйнекпен жабылған.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Fimka

Мұндай сағаттарды тағуға да қорқатын сияқтысын ғой :)

Нұрлан

Осындай қымбат сағаттың пайдасы қанша? Жалпы қол сағаттың пайдасы жоқ қой - телефон бар емес пе бәрімізде?

Қулыбай

4 ші сағат зың екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар