Күні кеше ғана аға буын өкілдері «Зенит», «ФЭД» немесе «Смена» маркалы кеңестік фотоаппараттардың түссіз пленкасын пайдаланып жүрді, оны тіпті өздері үлдерін шығарып, суретті айқындап, фотография шығарып жүрді. Алайда қазіргі жас ұрпақ мұның барлығын бейне бір «экзотика» деп есептейтіндей, себебі қазіргі таңда ұялы телефон мен смартфондардың өзінде сапалы сурет түсіруге болатын камералар орнатылған, ал кәсіби айналы цифрлық камералар жайлы сөз қозғаудың өзі артық секілді.
Ал фотоаппарат қашан пайда болды? Бұл айтулы оқиға кемінде 200 жыл бұрын болған, бірақ бұл өнертабыстың қажеттілігінің туындағаны соншалықты, оның даму мүмкіндігі өте кең еді.
XVII ғасырда белгілі астроном Йоганн Кеплер суретті тегіс беттің үстінде жобалау бойынша тәжірибелер жүргізе бастайды, бұл мақсатта ол оптикалық әсерде жарықтың сыну заңын қолданды. Дегенмен мұндай суретті шығару Жозеф Нисерфор Ньепстің қолынан келді. Бұл оқиға XIX ғасырдың 20-жылдары болды. Суретті басып шығару үшін Жозеф материал ретінде асфальт лагын қолданды. Дәл осы құрылым тарихтағы бірінші фотоаппарат саналады. Оның өте күрделі болуы және көшіруге мүмкіндігі жоқтығы ғалымдардың бұл өнертабысқа деген қызығушылығын сөндіре алмады. Мәселен, Уильям Тальбот оның негативін алып, суреттің сапасын айтарлықтай жақсартып, жетілдіре түседі.
Кейін тағы бір ғалым Т.Сэттон айналы линзалары бар объектив ойлап табады, бұл оқиға фотоаппараттың дамуына ерекше үлес қосты. Бұл оқиға 1865 жылы болды. Ол құрастырған фотоаппарат біздің көзіміз үйреніп қалған модельдерге ұқсады әрі сапалы сурет түсіруге мүмкіндік бере бастады.
Қазіргі уақытта «Кодак» маркалы фотоаппаратты білмейтін адам жоқ шығар. 90-жылдары және 2000 жылдың бірінші онжылдығында Кодак фотопленкасы өте кең тарады. Оның жолын цифрлық суреттер ғана баса алды. Ал Кодак пленкасы 1889 жылы ойлап табылып, қазіргі уақытқа дейін қолданыста.
Фотоаппараттар («Leica» сауда белгісімен) өткен ғасырдың 20-жылдары ғана көптеп шығарыла бастады. Бұл 35 миллиметрлік фотопленканың шығуымен байланысты болды. Мұндай пленкалар фотографтарға кішкентай көлемдегі негатив ала отырып, сапасы жақсы үлкен суреттерді алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Leica» фирмасының мамандары фокустау жүйесі мен түсірілім кезіндегі ұсталым механизмін ойлап табады.
1963 жылы «Polaroid» компаниясы фотография саласында алға қарай үлкен қадам басты – фотосуретті дереу басып шығару мүмкіндігі туды.
Фототарихтағы келесі елеулі оқиға цифрлық суретті алу болды. Бұл бірінші рет 1974 жылы мүмкін болды. Ал 80-жылдары цифрлық камералардың өндірісі қарыштады. Қазіргі уақытта цифрлық фото- және видеокамералар түрлі құрылғыларда орнатылатын болған, мәселен қарапайым ұялы телефоннан бастап теледидарға дейін немесе автомобильге дейін. Ғалымдар әрдайым ең кіші әрі ең сапалы құрылғыларды шығарудан жарысып келеді. Олардың мүмкіндігі жоғары, оптика сапасы жақсы, суретті өңдеу жылдамдығы және өзге де сипаттамалары жетілдіріліп жатыр. Қазіргі уақытта фотокамераны біз саяхатта, көкке шыққанда және тұрмыста қолданып, өмірдің қызықты сәттерін естелік ете аламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Темірлан
Фотоапарат жайлы көп нәрсе білдім......
Аружан
Жақсы екен көп мəлімет алдым
Нурсулу Ерханова
Кызык малымет екен
Myrza
Өте керемет
Елғазы
Кезінді кодак деген фотоаппараттар бодған еді ғой, пленкамен сурет шығарып жүретән едік