Өлең, жыр, ақындар

Қара нан

Қышқыл  дәмді  қара  нанды,

Жаратпаушы   ем   жасымнан,

Ауру   шалды  ағзамды,

Берекемді  қашырған.

Дәрігерлерге  амалсыздан  қарандым,

Көңілімді   сары  уайым   жайлады.

Дәрігер   маған    қара  нанды  қарағым, 

-Көп  жеу   керек   деді, бір   сәт   жайдары,

Сонда  білдім  қара  нанның  қуатын,

Дәру  екен   көп  ауруға   ол   деген,

Бірте-бірте  қалпына  кеп  саулығым,

Бірте-бірте  арта  берді  қуатым

Қара  нанды  жесін-дер   ем   сенбеген.   

Сүлеймен Баязитов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз