Осы пікірді негізге ала отырып, мен осы Бағдарламаны ұстана отырып және Бірінші "Бетпе-бетте" алған білімдеріме сүйене отырып мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізу үшін алдымен мектеп директорымен жүздестім. Жүздесу барысында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасының мазмұнымен таныстырдым. Бұл бағдарламаның негізінде әлемде кең тараған сындарлы (конструктивті) оқыту теориясы жатқандағын және де мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесіндегі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеуі (Barber and Mourshed, 2007) керек екендігін баяндадым. Менің жаңашыл идеяны алып келгеніме мектеп директоры оң көзбен қарап, өз тарапынан және мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау көрсететінін айтты. Осы сұхбаттасудан кейін мектеп мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырып, өзімнің алып келген жаңа тәсілдеріммен бөлісу үшін үшінші сабағымды "Ашық есік күні" етіп жариялап, мұғалімдерді қатысуға шақырдым. Үшінші сабағымның тақырыбы "Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалық принципі" болды. Осы сабақта жеті модульді толық ықпалдастырып және Блум таксономиясы бойынша жоспарлап өткіздім. Сабақты өткізгеннен кейін мұғалімдермен және мектеп әкімшілігінмен кездесу ұйымдастырдым. Кездесу барысында мұғалімдер тарапынан көптеген сұрақтар туындады, себебі, біздің мектепте үш айлық курстардан өткен мұғалімдер болмағандықтан. Көптеген мұғалімнің тарапынан "Оқушылардың жаңа білімді меңгеру кезеңі ұйымдастырылған жоқ қой" деген сұрақтар қойылды. Мен бұл сұраққа бұл бағдарламаның негізінде оқушылар мұғалімнің жанама әрекет ету барысында жаңа сабақтың тақырыбын өздері анықтап, мақсатын қойып, мақсатқа жету үшін қандай әрекет жасау керектерін және қандай стратегиялар қолдану арқылы жетуге болатындықтарын өздері таңдап, игерулері керек екендіктерін нұсқаулыққа сүйене отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жауап бердім. Тағы мұғалімдер тарапынан туындаған сұрақ: "Постер жұмысы деген қандай әдіс және қай кезеңде ұйымдастырылады?". Менің түсіндіру жұмыстарын жүргізу негізінде постер жұмысының топтық жұмысты ұйымдастырғанда, яғни топтарға қандай да бір тақырып бере отырып, олардың жүйеленген білімдерін көру, бағалау мақсатында жасалатын жұмыс екендігін түсіндірдім. Менің тарапымнан түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында бұл әдісте ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдерге, сондай-ақ тәжірибелі ұстаздардың көп жылғы тәжірибесіне де енгізе беруге болатындығын айттып өттім. Менің өткізген сабағым және түсіндіру жұмыстарымның негізінде көптеген мұғалімдер өздерінің тәжірибесіне енгізетіндіктерін қолға алатындықтарын және өздерінің де Кембридж университетінің ұсынған бағдарламасы негізінде Қазақстанда ұйымдастырылған үш айлық курстардан өтуді мақсат етуді көздегендіктерін айтты. Сонымен қатар мұғалімдер тарапынан ұсыныс ретінде екінші "Бетпе-беттен" келгеннен кейін де семинар өткізуімді сұрады. Өткізген ашық сабағымның әсерінен мұғалімдерден қолдау тапқандықтарына қуаныштымын. Менің бұл бастамам мектеп тәжірибесіне көптеген өзгерістер енгізетіне кәміл сенемін. Кембридж университеті ұсынған бағдарлама менің тәжірибемде жаңашылдық болғандықтан бұл менің сабағымды да түбегейлі өзгертті, сонымн қатар оқушыларыма әсер еткен ықпалы да көп болды. Жеті модульдің оқушыларға тигізген әсеріне тоқталып өтсем деймін.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
"Сана түбінде хабардар болу сатысы саналы хабардар болмау сатысына өтеді, ол өз кезегінде саналы хабардар болуға ауысады. Қоғамдық өмірде кейінгі болып жатқан өзгерістер жеке тұлғаның, оның ішінде баланың жеке тұлғалық құқықтарын және өзіне еркіндігін құрметтеудің өсуімен сипатталады. Білім беру жүйесінің артықшылықты құндылығы балаға еркін таңдауды және жеке өзін-өзі ашу мүмкіндігін беру болады".
Бірінші сабаққа жоспар құра отырып, оған жеті модульді кірістіру оңай болған жоқ. Сабақ жоспарын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясының үш сатылы кезеңі бойынша жоспарладым. Бірінші кезең − қызығушылықты ояту, екінші кезеңі − мағынаны тану, үшіншісі − ой-толғаныс кезеңі.
Оқушының ой-өрісін шектей отырып, «тыныш оқушы» формасында қалыптастырамыз. Менің ең үлкен қателігім осы екенін білдім. Балаға баға емес, білім керек. Баламыз мектептен келгенде: «Бүгін қандай баға алдың?» деп дүрсе қоя береміз. Керісінше «Бүгін сабақтан не түсіндің?» деген сипаттағы сұрақтарды қоя отырып, баламыздың сыни ойлауын қалыптастыруымыз керек деген тоқтамға келдім.
Күтілетін нәтижеге қол жеткізуіміз үшін не істеймін?
- Оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдану;
- Мұғалім бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек көрсетеді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды;
- Тақырыпты қысқа тұжырымдамалар арқылы оқулық материалдарын бекіте отырып, осындай нұсқалық бейнебаяндар арқылы меңгерту;
- Логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, солардың негізінде қорытынды жасай алу;
- Өзін-өзі дамыту дағдылары;
- Өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану.
Мектептегі практика кезінде тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құра отырып, нені қалай және қайтіп өзгертемін деген ой жетегінде болдым.
Кез келген сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек. Сабақ − өте күрделі, сан қырлы. Мен тәжірибемдегі әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатыным:
- тақырыпты нақты жоспарлауға;
- сабақтың типін, әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу;
- сабақты өмірмен байланыстыру;
- қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру.
Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Осындай әдістердің бірі- диалог. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді (Нұсқаулық, 12 -бет).Диалог менің әр сабағымда көрініс тапты. «Механикадағы күштер» тақырыбында өткізілген сабағымда оқушыларды диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатын көздеп жас ерекшеліктерін ескеріп үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға бір сұрақ дайындауға тапсырма бердім және ойлануларына уақыт бердім. Содан кейін дайындаған сұрақтарын өздерінің жұптарына қоюды ұсындым, ал ол өз кезегінде сұраққа жауап беріп қарсы сұрақ қояды. Осы тұста бірінші болып А.Бауыржан мен С.Бауыржан қол көтерді. Бірінші болып А.Бауыржан "Инерциялық құбылыс дегеніміз не?" деп сұрақ қойды. С.Бауыржан оған "Дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция құбылысы деп атаймыз" деп жауап беріп, өзі "Инерциялық емес санақ жүйесі" деген сұрақ қойды. Оған А.Бауыржан "Ньютонның заңы орындалмайтын санақ жүйесі" деп жауап қайырды. Екінші болып Айдана мен Тимур диалог құрды. Бірінші болып Тимур сұрағын қойды: "Денелердің өзара әрекеттесулерін зерттейтін механиканың бөлімін қалай атайды?". Тимурдың қойған сұрағына Айдана "Денелердің өзара әрекеттесулерін зерттейтін механика бөлімі динамика деп аталады" деп жауап беріп, Тимурға қарсы сұрағын "Сен маған динамикаға байланысты сұрақ қойғандықтан мен де саған динамикадан сұрақ қояйын. Динамиканы алғаш ашқан кім деп?" қойды. Өз кезегінде Тимур оған "Исаак Ньютон" деп жауап берді. Үшінші, яғни соңғы болып Әділет пен Арнай диалог құрды. Әділет "Инерциялық санақ жүйесі дегеніміз не?" сұрақ қоюдан бастады. Арнай "Ньютонның бірінші заңында орындалатын санақ жүйесін инарциялық санақ жүйесі деп атайды" деп жауап беріп, "Ньютонның бірінші қандай? деп өзінің сұрағын қойды. Әділет оған "Егер денеге сырттан күштер әрекет етпесе, ол сол тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалапты түзу сызықтық қозғалысын жалғастырады" деп жауап беруі оқушылардың сан түрлі түсініктерін көрсеткендей болды. С деңгейдегі оқушылардың өздері де намысқа тырысып қалған оқушылардан қалмай жауап беретіндіктеріне көзім жетті. Оқушы оқулықтағы дайын материалды, яғни дайын жауаппен қанағаттанады.Ойлау,іздену дағдысын қалыптастырмайды. Осы бағдарламаны меңгере отырып сұрақ қою жүйесін үйрендім.Қалың сұрақтың оқушылар ой-өрісін дамытуда, сыни ойлану, ой қорыту, ой түйіндеу мақсатында алар орны ерекше екендігін пайымдадым. Не үшін? не мақсатпен? неліктен?қалай? не себепті? деген сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың сыни ойлауға жетеледім. Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік оқыту оқушылардың қомақты білім алуына үлкен үлес қосады. Диалог барысында оқушылар, сонымен қатар олардың мұғалімдері де келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктес болып табылады. Сыныпты топқа бөлуде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында "Суретті жалғастыр", "Мазаика", сұрақтар қою негізінде топтастырып отырдым. Оқушылар топтық жұмыста өздерінің жауапкершіліктерін сезіне отырып, постер құруды үйренді.Топбасшысының белсенділігі артты және топбасшысының ұйымдастыру қабілеті арқылы топтық жұмыстың белсенділігін арттырды. Топтық әдіс − оқушылардың бәсекелестік қабілетін арттырып, оқушылардың ауызбіршілігін, сыйластығын, жауапкерщілігін сезінуге ықпал жасайды. Дәстүрлі сабақ жүйесіндегі «тыныш оқушының» сабаққа белсене қатысуына ықпал етеді.Менің бұл жерде байқағаным оқушылардың бұл өзгеріске оң көзбен қарағандығы. Оқушыларға үй тапсырмасын сұрақ − жауап әдісі арқылы диалог орната отырып, жаңа тақырыпты ашып отырдым. Постермен жұмыс барысында да сыни ойлауға арналған сұрақтар қойып отырдым.Топтық жұмыс барысында бейнебаян мазмұнына сүйене отырып, постер жұмысын қорғағанда түрткі болу сұрақтарын қойып жәнесоған ала отырып постер жұмыстарын толықтырып отырдым. Оқушылар тапсырманы түсінді. Әр сабақтың соңында рефлексия алып отырдым, сол рефлексия бойынша оқушылар қысқаша өзінің ойын жазып отырды… Мұнан түйгенім, жаңа бағдарлама стратегияларының оқушыларыма әсері болды. Әркім өз мүмкіндіктеріне қарай сөйлеуге, жауап беруге тырысты. Келесі сабақтағы өзгерісті айқындау үшін топты басқа тәсілмен бөлдім. Екінші сабақта мазаика арқылы бөлінсе, үшінші сабақта "суретті жалғастыр" әдісі арқылы бөлдім. Бұрын өз еріктеріне салғанда үлгерімі жоғары оқушылар бірыңғай отырып алып, үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоятын. Дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқыту арасында қандай айырмашылықтар бар? Мен дәстүрлі сабақ пен жаңаша оқытудың арасындағы айырмашылықты былай саралап көрсеткім келеді. Дәстүрлі оқытуда:
- Оқушы оқулықтағы дайын білімді жаттанды әдіс арқылы меңгереді;
- Сабақ барысында тек белсенді үш-төрт оқушы сабаққа жауап береді;
- Оқушы мұғалім көмегіне жүгінеді,өз бетінше ой түйе алмайды;
- Мұғалім өзі ғана баға қояды, оқушы пікірімен санаспайды..
Жаңаша оқыту үдерісінде:
- Оқушы қалай және қайтіп оқуды біледі;
- Мәтінге байланысты сыни көзқарасы қалыптасады, өзіндік пікірі дамиды, ой қорытуға дағдыланады;
- Өзін-өзі реттеу, өзгені сыйлауға бейімделеді;
- Өзін де, өзгені де бағалай алады.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік (Нұсқаулық, 49 бет).Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағыт алады.
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Бағалау – білімді тексерудегі күтілетін нәтиже. Бағалау екі түрлі: формативті, жиынтық. Оқыту үшін бағалау – формативті. Оқуды бағалау – жиынтық. Бағалаудың мақсаты оқушының қай деңгейде тұрғандығын білу, білімін тексеру, алдағы мақсатқа жетелеу. Бағалау үшін оқушының нені білетінін,қандай қиындық болуы мүмкін екенін бақылау керек.Бағалауды мұғалімнің өзі жүргізуі дұрыс емес. Бала бағалауға өз пікірін айтуға, достарының пікірі, мұғалімнің критерийлеріне сәйкес болуы шарт.Басқа тапсырмаларға қарағанда осы жауап алу үдерісін бағалау және жалпы бағалау туралы тақырыптарында ешқандай қиындық тумайды деп пайымдаған едім, алайда ең қиыны, ең таныс емесі бағалау болып шықты. Бұл біз білетін ескі жүйедегі бағалау емес. Біз бұрын жаңа тақырып беріп немесе сұрақ сұрағанда оны қайталап бізге жауап беретін, бізге оқушы тақырыпты айтып берді, толық бағалай аламын деп бағасын қойып жібере салатын едік. Менің үйренгенім бағалау − өте күрделі механизм, тіпті тапсырмалардың ішінде ең маңыздысы десем де болады. Өйткені бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға, оларды қорытындылауға, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ең шешуші фактор деп есептеймін.Бағалау тек қана баға қою емес. Бұл курс бойынша бағалау кезінде оқушылардың өз практикасында, өз өмірінде не түсінгенін білу және оны бағалау қажет. Бағалау жүйесінде топтық және жұптық бағалау, топ басшысының бағасы,өзін-өзі бағалау түрлерін қолдандым. Блоб ағашы, критерийлер негізінде бағалау және сабақтың соңында кері байланысты қамтамасыз етіп отырғаным оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін арттырды.
Білім беруде ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану.
Сабақта ақпараттық–коммуникациялық технологиялардықолдану баланың ой-өрісін, танымын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ қолдану арқылы біз сабағымыздың дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылығы бар екенін және техниканы меңгертеміз, әлемді танытамыз, пән аралық байланыс жасаймыз, жеңілдетеміз. Мен өз сабағымда ақпараттық −коммуникациялық модульді ықпалдастыру үшін сергіту сәтін ұйымдастыру үшін, инсерт кестесін электронды түрде толтыру, жаңа сабақты ашу мақсатында бейнебаяндарды ноутбукті пайдаландым.
Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Дәстүрлі сабақтарды көбінесе сыныптағы көшбасшы көп жағдайда мұғалім саналған. Білім беруде мұғалім көшбасшы, бірақ сыныптарға, іс әрекетте емес. Сыныптағы көшбасшы ол – оқушылар болуы тиіс. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беруде мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.Ғылыми зерттеу нәтижелері осы модульдің ішінде диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Диалогтық оқыту оқушыларға және сабақтағы оқу үрдісіне қатысты сыныпта шешуші позиция алатын аса маңызды тәсіл. Оқушыларға әлі де болса, өзі орындай алмайтын тапсырмаларды орындау үшін оларға мұғалімнің қабілетті оқушылардың, үлкендердің көмегі қажет.
Қолдау түрі арқылы қарым-қатынаста болғандағы «сөздер» оқудың аса маңызды құралы болып табылады. Сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесуі көп пайда әкеледі. Оқушылар тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтады. Әр оқушының өз пікірі сақталады. Сөйлеу, ойлау еркіндігі оқушының ақыл-ой қабілетін дамытады. Диалогтық оқытуды сыныпта жұптық, топтық және жеке тапсырмалар, сауалнамалар ретінде қарастырдым. Тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындаған кезде басқаның пікірін тыңдау, ауызекі сөз, сөйлеу, талқылау және дәйектер келтіру кезінде де оқушы білім алады.
Рефлексия немесе кері байланыс жүргізу,оқушылар үшін қызықты үдеріс болды.Өз пікірлерін білдіре отырып, алдағы уақытта сабақ жүйесін құрылымдауда ұстазға ұсынар талап пен тілекке негізделіп отырады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе [Нұсқаулық, 72бет]. Осы нұсқаулықтың айтылған ойды негізге ала отырып, мен оқушылардың дарындылық қабілеттерін дамыту анықтау мақсатымда өз сабақтарымда "деңгейлік тапсырмалар", "бес жолды өлең" әдістерін пайдаландым. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың қандай дарындылық қабілеттері бар екенін анықтап, болашақта осыны ескере отырып олардың осы қабілеттерін дамыту мақсатында тапсырмаларды лайықтап, дайындап, жұмысымды жүргіземін.
Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау керек.
Сілтемелер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Бағдарлама.
2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар
Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
Физика-математика пәні мұғалімі
Сагындыкова Асия Сериковна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі