Өлең, жыр, ақындар

Үш тұғырлы тіл

Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Бүгінгі күні біз «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген халық даналығын ойымыздан шығармағанымыз жөн. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі», - десе елбасымыз, соның ішінде «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп атап айтқан еді. Солай болуы заңды да.

Ана тіліміз – қазақ халқының жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі - әр адамға ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отырған мирас, ұлы күш.

Ал, үш тілді білу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Әлемнің алпауып мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан да біз де өз халқымыздың, еліміздің қарыштап дамып, өркениетті, дамыған елдер қатарынан қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, жаза білетін маман ғана бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған еді. Онда мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік» - деген болатын.

Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, бүгінгі күні бұл саясатты қолдамайтындар да бар. «Үш тұғырлы тілдің» шын мәнінде, мемлекеттік тілімізге еш зияны жоқ. Бұлай дейтін себебіміз қазақ халық барда, Нұрсұлтандай дана көшбасшымыз барда мемлекеттік тіліміз мәңгі жасамақ.  «Үш тұғырлы тілді» білу – еркіндіктің, бүгіл әлем бойынша жүрып тұрудың кепілі. Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында «үштілділікті мемлекеттік дейгейде ынталандыру керек» дейді. Сонымен қатар, ол: «Орыс тіліне және кирилицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеіейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіппіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліп жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы әлингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» дейді. Шынымен де, ағылшын тілін білген адам шексіз мүмкіншіліктерге ие болады.

Ағылшын тілі әлемдегі ең кең тарған тіл болып табылады. Шет тілдердің арасында ағылшын тілі ешкімге шаң жұқтырмай, алғашқы орынды бермей келеді. Туризм, бизнес, ғылым, білім беру жүйесі т.б. әлемнің түрлі саласында дәл осы ағылшын тілі алғашқы орында.

«Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының басты мақсаты – қазақ тілін орыс жіне ағылшын тіл дірежесіне дейін көтеру. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген жастарымыз шет елдерде білімін дамытып, тәжірибе молайтуда. Осы жастарымыздан еліміз, елбасымыз үлкен үміт күтеді. Ел болашағы жастардың қолында.

ШҚО, Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
«Шетел тілі мұғалімі» мамандығының 2-курс студенті
Қажыбаева Жанар Кенжеханқызы
Жетекшісі: Жексембинова Жұбаныш Сарсембаевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Ersultan

Өте күшті жазылған .Рахмет сендерге .

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар