Дислексия — бұл жиі-жиі дисграфиямен бірге жүретін мәтіндерді оқу дағдыларын игеруге қауқарсыздық. Оның бірнеше түрі бар. Алайда бұл кеселдің адамның интелектуалдық әлеуетіне әсері жоқ. В. А. Моцарт, Пабло Пикассо, Ричард Брэнсон, Стив Джобс және басқалар ең әйгілі дислектиктер. Ауру оларға өмірде жетістікке кенелуге кедергі бола алмады. Бірақ оқытудағы және тәрбиелеудегі дұрыс қолданылмаған амалдар қаншама ғұламаның түбіне жетті?
Бойында бұндай кемістік бар балалар үшін арнайы интернаттар құрылған. Бірақ, көп кешікпей, ондай интернат оқушылары кәдімгі мектептегі инклюзивті сыныптарға ауысады.
Әр мұғалімнің мансабында оқуға көмектескісі келген, бірақ ол қолынан келмеген оқушылары болады. Ол оқушылар дислексиямен ауырған және аурушаң балалар деген түсініктердің орны ауысып кеткендіктен, ол балалар ештеңеге үйрету мүмкін емес балалар санатына жатқызылды. Оқушылардың жұлдыздай жарқырап, дарынды екені көзге ұрып тұрған болуы мүмкін, бірақ ең қарапайым нәрсені — оқуды және жазуды үйрене алмайды.
Дислексия көпшілік ойлағаннан да көбірек таралған, өйткені ол туралы ресми статистика жоқ. Әр мұғалім оқушыға дұрыс ыңғай таба алуы үшін бұл кесел туралы білуі тиіс бес факт таптық.
Бұл оқуды немесе жазуды үйрену үдерісін қиындататын мыйдағы нейробиологиялық ауытқушылық. Оқу мен жазуға әркімнің шамасы келе бермейтінін ұмытпаңыз, мыйдың барлығы сәйкесті байланыстарды құра алмайды ғой. Мұғалім үшін бұл үйреншікті әдістер арқылы балаға оқуды үйрету мүмкін емес деген сөз. Әр баланың дислексиясы әрқалай болуы мүмкін: кей бала баяу оқиды, кей бала сөздің құрылымы мен әріптерді шатастырады, кейбірі оқып шыққан соң материалды айтып бере алмайды. Кеселдің бұлай көрініс беруін баланың оқығысы келмейтініне, зейінсіздігіне жаба салады.
Дислексияның филологиялық нышандары да бар. Гәп жолдағы сөздер мен әріптердің қалай орналасқанын түсінуде қиындықтарға тап болып, ақпаратты қабылдай алуда. Мысалы, визуалды түрде ұқсас әріптерді (н-и, в-б және т.б.) шатастырып, бұл ұғынуды одан әрі қиындатады. Алайда, сөздерді визуалды тұрғыда оңай ұғыну мүмкіндігіне (бейімделген шрифт, фон) ғана емес, сондай-ақ алынған ақпаратты дұрыс өңдеуге де зер салу қажет.
Ғалымдар туа біткен дислексиядан адам өмір бойы айыға алмайды деп пайымдайды. Бірақ, дер кезінде емдей бастаса (неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы) оның жағымсыз сипатын толықтай немесе ішінара жоқ қылып жіберуге септігі тиеді. Дислексияны бала үш жасқа келген кездің өзінде-ақ анықтап алуға болады. Баланы маманға апаруды кешіктірудің қажеті жоқ.
Бала оқуға, түсінуге, аударуға барынша тырысып, бірақ ол қолынан келмесе, бұл оның ақылының кемістігі барын білдірмейді. Бұған қарама-қарсы тұжырымдар әдетте төмен болып келетін IQ тестілері негізінде түзіледі. Себеп пен салдарды шатастыруға болмайды. Төмен IQ білім беру жүйесі оқшаулап тастаған балаларда көп кездеседі, ал педагогтар болса, өкінішке орай, оларды қалай оқыту керек екенін білмейді. Дислексиямен ауыратын баланың әлеуеті басқа балалардың әлеуетіндей.
Расымен де оқуға көмектескіңіз келе ме? Сабақты аудио немесе видеоформатта жазып қойыңыз. Есіңізге салайық, дислексия — интеллектуалдық проблема емес. Барлық оқушының жақсы оқитын әлеуеті бар, оқытудың дұрыс әдісі қолданылса болды. Дислектик балаларға ең оңтайлысы — ақпаратты есту арқылы қабылдау. Кітаптарды оқыту емес, олардың аудионұсқаларын тыңдату керек. Оқушы ауызша шығармаларды керемет қылып айтып беруі мүмкін, бірақ жазып бере алмайды. Осы есіңізде болсын.
Оқуға кеңес береміз: Джон Коркоран: оқу білмеген мұғалім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі