Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер — Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Жәндіктер, не бұнақденелер, немесе шыбын-шіркейлер, ескі атауы насекомдар (лат. Insecta) – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы.
- Әлемде аралардың 20 мыңға жуық түрі бар. 500 гр бал жинау үшін аралар 2 миллионнан аса гүлдерден нектар жинауы керек.
- Әлемде құмырсқаның 8800-ге жуық түрі бар, сондай-ақ құмырсқалар ешқашан ұйықтамайтын жәндіктер болып табылады.
- Таракан ұрғашысы жылына 2 миллион жұмыртқалайды, сонымен қатар таракан 9 күн бойы өзінің басынсыз өмір сүре алады.
- Әлемде өрмекшінің 35 мың түрі бар.
- Қоңыздардың 400 мың түрі бар.
- Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км-ді құрайды.
- Шегірткелер өз денесінен 40 есеге дейін ұзаққа секіре алады. Қара шегірткенің құлақтары алдыңғы аяқтарында орналасқан.
- Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.
- Бүргелер өз денесінен 100 есе ұзын жерге секіре алады.
- Дәуіт басын бұра алатын жалғыз жәндік. Аталық дәуіт аналық дәуітті 11-12 шақырымнан сезе алады.
- Құмырсқа 2 апта бойы су астында өмір сүре алады. Сондай-ақ өз денесінен 50 есе ауыр салмақты көтере алады.
- Шегірткенің қаны ақ болады.
- Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.
- Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.
Назар аудар:
Әлемдегі ең ерекше 10 құмырсқа
Көбелектер жайлы бірнеше дерек
Жұлдызқұрттардың сұлу көрінісі
Бұл бетте Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Қызықты әрі пайдалы деректер бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
Адам
Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер екен!