Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтаулар

Шындығында, мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Осы егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, халық сайлаған Елбасы әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп барша қазақстандықтар сияқты оралдықтар да мақтанышпен айта алады. Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді жерлестер!

*** *** *** ***

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды өз тарихымызда алғаш рет тойланғалы отырған жаңа мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл — ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

Ардақты ағайын!

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі — Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

*** *** *** ***

Сіздерді 1 желтоқсан — Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы — татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы — жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.

*** *** *** ***

Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке — Қазақстанның алғашқы Президенті Күнімен құттықтаймын!
 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.

Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы — елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы — Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз. Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілеймін!

*** *** *** ***

2012 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтілді. Мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылды.  Біз — қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілейміз.

*** *** *** ***

Сіздерді 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл мемлекеттік мерекенің еліміз үшін орны бөлек. Себебі біздің егеменді Тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Жерінің тұтастығын сақтай отырып, ел тыныштығы мен ауыз біршілікті, татулық пен достықты ту етіп көтеріп, жасампаз Қазақстан құрды. Өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеп, әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Ел Президентіміздің орны ерекше. Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен қажымас қайрат тілеймін! Туған Қазақстанымызда бейбітшілік пен амандық болсын! Қазақстанның жұлдызы жарқырап, елімізде дәулетті де баянды өмір орнасын!

*** *** *** ***

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев — барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа — мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз