Фариза Оңғарсынова нақыл сөздері

Фариза Оңғарсынова нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Фариза Оңғарсынова дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Ғашықтық сезім — адамзат ғұмырын жалғайтын нәр. Ол сезім тек ер мен әйелдің арасында болады деп түсіну — қателік. Балаға, анаға, әке мен бауырға, дос пен жарға, туған жер, атамекенге, өнерге деген өлмей ажырамайтын қимастық — осының бәрі, сайып келгенде, ғашықтық.

Ілмектер: ғашықтық, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Қарға да қанат қомдап қарқылдайды,
Несi артық менен осы сұңқардың деп.

Ілмектер: қарға, артық, сұңқар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Күндi де бұлт қамайды мылқау бұл деп,
Жерде де асылдарды құртар күндеп.
Көп жабы көлденеңдеп көсiлгенмен,
Қадiрiн серiктестiң тұлпар бiлмек.

Ілмектер: қадір, бұлт, мылқау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Жалпылдап арттан ергенмен,
Аттының бәрi қол емес.

Ілмектер: жалпылдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Ақымақ қара қарғаны,
Түлкiге баулып салғалы,
Қыран деп баптау күлкiлi:
Өлiмтiгiн көксеп құлқыны
Қарқылдап қояр бiр күнi.

Ілмектер: ақымақ, қыран, қарға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Басшысыз үйде бала азар,
Тәртiп жоқ жерде жан азар,
Хан мисызда бәрi азар.
Iрiлiк кетiп жiгiттен,
Күн кешер бекер үмiтпен.

Ілмектер: бала, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, үміт Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Сұңқарды сұңқар деу керек.
Тұлпарды тұлпар деу керек.

Ілмектер: сұңқар, тұлпар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Өмiр — ылғи жұпарлы жемiс гүл ме?
Ой-жырасы болады тегiстiң де.
Адал, мөлдiр қалпыңда қалу деген,
Оңай емес құбылған жер үстiнде.

Ілмектер: өмір, адал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Өмiрге ендiң - ендеше жүгенделдiң,
(Мен де талай бұлқындым, жiгерлендiм),
Бiрақ әр кез тағдырың шешiледi
Қолыменен кездейсоқ бiреулердiң.

Ілмектер: өмір, тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

Ілмектер: өмір, сөз, нақыл, афоризм Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram