Лев Шестов нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Лев Шестов дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Кекірік адамның ең асқақ ойларын күрт үзеді. Бұдан қажет болса, белгілі бір қорытынды шығаруға болар еді, бірақ, қажет болса, ешқандай қорытынды шығармауға да болады.
Ілмектер: Кекірік, адам, ой, қорытынды Лев Шестов
Мазақ пен мадақтың арасы да – бір-ақ қадам.
Ілмектер: Мазақ, мадақ, қадам Лев Шестов
Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.
Ілмектер: Күдік, Өмір, шығармашылық, күш Лев Шестов
Адамды қалпын өзгертпеген жағдайда тыңдау керек.
Ілмектер: тыңдау, адам Лев Шестов
Қиындықтан да, жақсылықтан да жоғары тұрғанды іздеу керек: Құдайға жол табу керек.
Ілмектер: қиындық, жол, құдай, жақсылық Лев Шестов
Адамгершілігі зор адамдар – ең кекшіл адамдар.
Ілмектер: адамгершілік, кек, кекшілдік, адам Лев Шестов
Жаңа ойлар, тіпті өз ойларың болса да, бірден ұнамды бола кете қоймайды. Алдымен оларға үйренісу керек.
Ілмектер: ой Лев Шестов
Ешбір ғылым, ешбір өнер қараңғылық құшағындағыдай тылсым сыйлай алмайды.
Ілмектер: ғылым, өнер, қараңғылық, тылсым Лев Шестов
Не қажет екенін білмеу – ең ұятты жағдай болып саналады.
Ілмектер: қажеттілік, ұят Лев Шестов
Өшпенділікке – оң мен солдың бəрі бір: құрал таңдамайды.
Ілмектер: өшпенділік, құрал Лев Шестов
Байбалам салу арқылы адам жанының кез-келген қажетінің аузына уақытша құм құя тұруға болады.
Ілмектер: байбалам, үндемеу Лев Шестов
Адамға ойдағы бір ізділіктен гөрі, дауыс ырғағындағы бір ізділік көбірек əсер етеді.
Ілмектер: ізділік, ой, дауыс Лев Шестов
Іс жүзіңде жасампаз адамның көретіні – əдетте тек қорлық қана.
Ілмектер: қорлық, жасампаздық, адам Лев Шестов
Наполеон адам жанының білгірі саналған. Шекспир де – солай. Ал олардың білімдерінің арасында ешқандай байланыс жоқ.
Ілмектер: Наполеон, Шекспир, білгір Лев Шестов
Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.
Ілмектер: өмір, қиындық, сәт, ойлану, қалам, ерігу, жазу Лев Шестов
Біз күлкілі болғандықтан емес, өзіміз көңіл көтеріп, күлу үшін біреуді келемеждеп, қылжақ етеміз.
Ілмектер: күлкі, көңіл көтеру, келемеждеу, қылжақ Лев Шестов
Данышпандар ақымақтардан артық білмейді: олардың бойындағы ержүректік пен өзіне-өзі сенімділік қана артық.
Ілмектер: данышпан, ақымақ, ержүрек, сенімділік, артық Лев Шестов
Мүмкін, оқырмандардың көпшілігі мұны білгісі келмейтін де шығар, бірақ Достоевский мен Ницще шығармаларында жауап жоқ, сұрақ қана бар.
Ілмектер: сұрақ, жауап, оқырман, Достоевский, Ницще Лев Шестов
Шағын міндеттерді орындай алмасын сезген кезде кейбіреулер ұлы мақсаттарға ұмтыла бастайды. Бір ғажабы, олардың жолдары болатын кездері де аз емес.
Ілмектер: мақсат, міндет, жол, ғажап Лев Шестов
Адамдар аса ашқарақ һəм үнемшіл: олар барынша көп білгісі жəне сол білімді барынша арзанға алғысы келеді.
Ілмектер: ашқарақ, арзан Лев Шестов
Ғылымның маңызды екендігіне даусыз нəрсе, бірақ онда да шындық деген жоқ жəне болмайды да.
Ілмектер: ғылым, маңыз, дау, шындық Лев Шестов
Дəлелдеудің ең жақсы əрі ең сенімді əдісі – өз талдауыңды жұрттың бəрі мақұлдаған, ешкімге тиіп кетпейтін бейтарап пікірлермен бастау.
Ілмектер: дәлел, әдіс, жұрт, пікір Лев Шестов
Адам бойында ешбір əдіспен өзгерте алмайтын əлде бір кемшілік кездессе оны кемшілік емес, жетістік деп жариялаудан басқа жол қалмайды.
Ілмектер: адам, әдіс, жетістік, жол Лев Шестов
Нағыз қажеттілік туған кезде ақымақ адамның өзі ақылды болып кетеді.
Ілмектер: қажеттілік, ақымақ, ақыл Лев Шестов
Ең соңғы жетістігіңді қорғау кезінде құрал таңдамайсың.
Ілмектер: жетістік, құрал Лев Шестов
Өзіндік пікірсіз, өз сенімінсіз адам қалай өмір сүрмек?!
Ілмектер: пікір, сенім, адам, өмір Лев Шестов
Балалар үшін ересек адамның сөзі – құпия мағынаға толы көрінеді.
Ілмектер: бала, сөз, ересек, құпия Лев Шестов
Кейбір ұстаздар үшін дүниеде өздеріне құлай берілген жəне табанды ізбасарларынан асқан азап жоқ.
Ілмектер: ұстаз, табандылық, ізбасар Лев Шестов
Философияның міндеті – белгісіздіктен қорқатын жəне одан қашып кез-келген догматты барып паналауға əзір адамды белгісіздік жағдайында өмір сүруге үйрету.
Ілмектер: Философия, міндет Лев Шестов
Жазушының міндеті: алда жүру жəне өзінің жаңа əсерлерін оқырмандарымен бөлісіп отыру.
Ілмектер: жазушы, міндет, оқырман, әсер Лев Шестов
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі