Өлең, жыр, ақындар

Ғабиден Мұстафин

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.


Туындылары Нақыл сөздері

Ешкімнің өлгісі келмейді. Өлмесе дүниеге сыймайды. Сонда да өлмеу — арман.

Ілмектер: арман, өлім, дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік, Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік.

Ілмектер: Өмір, ащы, тәтті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Көңіл шіркін тарылғанда кең дүниені алақандай етпей ме?

Ілмектер: көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пейіл Ғабиден Мұстафин

Тар лашықта кең пейіл, кең дүниеде тар пейіл бола береді.

Ілмектер: тар, пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Ғабиден Мұстафин

Тарықсаң дүние тарылады, кең көңілге тар дүние кең.

Ілмектер: дүние, тарығу, кең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сабыр, есеп керек, өмір әуеніне үйлесе білу керек.

Ілмектер: Сабыр, есеп, өмір, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өзіңнен күштіге өзің де соқтыға қоймассың. Өзіңнен әлсізге әлім жеттік істей көрме.

Ілмектер: күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіз Ғабиден Мұстафин

Өлімді ешкім сүймейді, өлтіруге неге тоймайды?

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өткеннің жақсысы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өмір ешкімді сыйламайды, тосып тұрмайды — толқып жатқан мылқау мұхит. Сол мұхитпен алыса, арбаса жүріп әркім өз әлінше керегін алады.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мұхит Ғабиден Мұстафин

Өмір сыры көп қой, терең ғой, білген сайын көбейе, тереңдей түседі.

Ілмектер: Өмір, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Құйқылжыған өмір шіркін ойлап тұрсаң, рахаттың да, азаптың да базары ғой.

Ілмектер: өмір, рахат, азап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Заманы туған — гүл, заманы кеткен — күл.

Ілмектер: заман, гүл, күл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Дүние деген — тұңғиық қара су ғой! Тәуекелі жеткен шешінеді де сүңгиді. Тәуекелі жетпеген жағада тұрып-ақ үрейленіп құриды.

Ілмектер: Тәуекел, дүние, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Халық жасаған бір өнерді жоғалту, сол халықтың денесінен бір мүшесін жоғалтумен бірдей емес пе?

Ілмектер: халық, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сұлу сөзге сүйсінбейтін, сұмпайы сөзден жиренбейтін жан жоқ.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сөз құдіретін еркін пайдаланған адам халқына өмірлік рухани азық, өзіне алтыннан ескерткіш қалдырып кетеді.

Ілмектер: сөз, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рухани азық, ескерткіш Ғабиден Мұстафин

Сауда тек қалта толтыруға, ғылым бас толтыруға жарайды.

Ілмектер: сауда, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Құдайдан шын қорыққан адам басқадан қорқа алмайды, басқадан қорыққан адам құдайдан шын қорқа алмайды.

Ілмектер: қорқу, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ел — теңіз, түбінде талай асыл жатыр.
Сүңгіп жүріп ердің ері табады.

Ілмектер: теңіз, ел, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қарап көріңіз

Пікірлер