Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Оразбаева Мархаббат Балталиевна
Ойын-сауық сценарийі
Тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»
Балалар Б.Бейсенованың «Наурыз» әнімен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға жиналып отырмыз. Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ильяс:
Басталды міне тойымыз,
Ұнады әнмен ойымыз
Наурыз бақыт әкелсін,
Тойға ұлассын тойымыз.
Тамирис:
Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік ән салып.
Жылда келсін ұлы той,
Тұрайық есен қарсы алып
Камила:
Жылдың басы Наурыз,
Жырдың басы наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз.
Дияр:
Наурыз келді,
Кел, билейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Ән «Наурыз-жыл басы».
Жүргізуші: Қазақ халқында 22 Наурызда жаңа жыл тойланады. Бұл күні адамдардың барлығы жаңа, таза, әдемі киімдерін киіп, үй-үйге қыдырып, бір-біріне ақ тілектерін білдіреді. Бұл күні әжелер 7 түрлі ас салып Наурыз көже дайындайды. Біздің балалар да бүгінгі мерекеде өз ақ тілектерін айтады.
1. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
2. Наурыз бақыт әкелсін!
3. Бәріміз аман болайық!
4. Наурыз береке әкелсін!
5. Төрт түлік ақты болсын!
6. Аспанымыз ашық болсын!
7. Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші:
Басталды міне тойымыз,
Ұнады әнмен ойымыз.
Наурыз бақыт әкелсін,
Тойға ұлассын тойымыз.
Музыка әуенімен Алдар көсе келеді.
Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Алдар көсемін. Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Балалар, сендерді менімен бірге қонаққа баруға шақырамын. Мен бір Шықбермес Шығайбай деген сараң байды білемін. Оның сараңдығы сонша, мереке күні де қонақтарға дастархан жайып қарсы алмайды. Сендер маған сол сараң байды алдауға көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.
- Ей, баеке, саған қонақтар келе жатыр, қарсы ал!
Киіз үйден бай шығады. Артынша бәйбішесі де шығады.
Бай: Барлық тамақты тығып қой, қонақтар келе жатыр. Мен не айтсам соны орындап, сөйлемей отыра бер.
Алдар косе: Ассалаумағалейкум, баеке! Наурыз құтты болсын!
Бай: Уағалейкумассалау. Төрге шығып, қонақ болыңдар. Көрген-білгендеріңді айтыңдар.
Сұлтан:
Наурыз келді, жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Наурыз келді нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Айғаным:
Балалар, ау, балалар,
Шақырады далалар.
Наурыз келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
Алдияр:
Наурыз тойы әдмі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр етпен шұжығы,
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Жанерке:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Тойлайық Наурызды!
Бай: Ия, мен сендерді Наурыз мейрамын тойлауға шақырар едім. Бірақ дастархан жаюға үйімізде ештеңе жоқ. Өзіміз де аш отырмыз.
Алдар: Уайымдама, баеке. Менің сиқырлы қасғым бар. Ол ешқандай тағамсыз түрлі ас дайындай алады.
Бай: Қасығың қайда? Шынымен де сиқырлы ма? Наурыз көже де пісіре ала ма?
Алдар: Ия, Наурыз көже де пісіреді. Қазандағы қайнап тұрған суды осы қасықпен араластырып, сиқырлы сөз айтсаң болды, тәтті тағам дайын болады.
Бай: Мен саған сенбеймін. Сен алдап тұрған жоқсың ба?
Алдар: Сенбесеңіз, қазанды отқа қойғызыңыз.
Бай бәйбішесіне қазан мен су алдыртады. Алдар көсе қазандағы суды араластырып:
Сиқырлы қасығым айналып, айналып, наурыз көже пісір.
Жүргізуші: Қазандағы суымыз қайнағанша қыздарымыздың биін тамашалайық.
Қыздардың «Көктем» биі.
Жеке ән «Домбырасыз ән қайда»
Алдар қазандағы судың дәмін қөреді де, былай дейді:
Алдар: Наурыз көже дәмді болып келеді. Қазанға ет пен тұз, май болса одан да дәмді болар еді.
Бай: Әй, бәйбіше, ет, тұз, май алып кел.
Бәйбішесі айтқандарын алып келіп қазанға салады.
Алдар: Сиқырлы қасығым айналып, айналып, наурыз көже пісір.
Алдар: Ал, балалар, наурыз көже дайын болғанша мерекені тойлап, ойын ойнап, би билейік.
Ойын «Арқан тартыс».
Би «Қара жорға».
Бай: Алдар, тағамың дайын болды ма?
Алдар: Сәлден соң дайын болып қалады. Енді кішкене күріш, құрт, сүт болса тамаша болар еді.
Бай бәйбішесіне Алдардың айтқандарын алдыртады.
Алдар: Сиқырлы қасығым айналып, айналып, наурыз көже пісір.
Жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз – ендеше, қыз бен жігіт айтысын тамашалайық.
Айтыс
Ерасыл:
Айналайын халқым ай,
Болсын жүзің жарқын ай.
Ата салтын сақта деп,
Ұран етем жалықпай.
Інжу:
Құтты болсын айтамын,
Наурыз тойға халқым ай.
Шықтық біздер жырлауға,
Қазағымның салтын ай.
Ерасыл:
Тойға тарту етердей,
Не сыйың бар еркем ай.
Жұмбақ тақпақ жаңылтпаш,
Айтасын ба ертегі ай.
Інжу:
Айтсам егер жаңылтпаш,
Жаңыласын қалқам ай.
Жұмбағымды шеше алмай,
Қиналасын қалқам ай.
Ерасыл:
Қына тасқа бітеді,
Ақыл басқа бітеді.
Жұмбақтарды шешердей,
Білік бізде жетеді.
Інжу:
Түкті кілем біреуі,
Түксіз кілем біреуі.
Шешілмеген жұмбақты,
Мына халқым біледі.
Ойындар «Қыз қуу», «Асық ату»
Алдар: Міне, Наурыз көже де дайын болды. Ал сен баеке менің қасығымның сиқырлы екеніне сенбеп едің.
Бай: Алдар, сен маған мына қасығыңды сат. Не сұрасаң соны берейін.
Алдар: Онда маған жүйрік атыңды бер.
Алдар байдың жүйрік атын алып, кетеді.
Бәйбіше: Алдар сені алдап кетті емес пе. Мына наурыз көжені біздің тағамдардан дайындады. Ал сен оған сеніп қалдың.
Бай: Күні бойы неге айтпадың?
Бәйбіше: Өзің емес пе, үндемей айтқанымды орында деген.
Бай: Әй, жарайды. Есесіне мына балалардың өнерін тамашалап, мерекені көңілді қарсы алдық. Шығар тәттілеріңді, бәйбіше. Барша қонақтарды мерекелік дастарханға шақырайық.
Ән: «Наурыз келді алақай».
Жүргізуші:
Наурыз көже – тағамның ең үлкені,
Жадыратып, жаныңды семіртеді.
Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,
Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі. – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында баршаңызды дәм татуға шақырамыз.
Алдиярова Лəззат
мектеп алды даярлық сабақтары бармекен?